Эр-Риядта 2001 жылғы 22 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы "А. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жанынан Кapдиохирургия орталығын құру жобасын жүзеге асыруға Caуд Арабиясы Корольдігі Үкiметiнiң грантын тарту жөнiндегi Өзара түсiнiстiк туралы меморандум бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
"ӨЗАРА ТҮСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
(Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жауапты адамдарымен келiссөз жүргiзу, жобаның орналасқан жерімен танысу, қажеттілікті зерттеу және мүдделi адамдармен кездесу үшiн Хыжраның 1421 жылғы 15 қарашасына сәйкес келетiн 2001 жылғы 9 ақпанда болған Корольдiктiң Қаржы және ұлттық экономика министрлiгiнiң техникалық делегацияларының Қазақстанға сапарының қорытындысын ескере отырып, Қазақстанда аурухана салу үшiн бес миллион АҚШ долларын бөлуге арналған Жоғары келiсiмнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы ынтымақтастық принциптерiне сүйене отырып,
осы жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберін белгiлеу ниетiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Yкiметi мынаған келiстi:
1.а. Орталық өкiлдерiнiң алып жүруiмен делегация мүшелерi барып көрген мамандандырылған кардиохирургия жобасының (аурухана) орналасатын орны осы Меморандумға қоса берiлген жалпы жоспарға сәйкес Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық кешенде ғимарат салу үшiн бөлiп берiлген жер учаскесiнде болады.
б. Гранттық сомасы екi мақсатқа арналады:
Бiрiншi - қазақстан тарабы дайындаған есепке сәйкес алғашқы құны 3 200 000 (үш миллион екi жүз мың) американ доллары болатын жалпы ауданы 4495 шаршы метр болатын бiрнеше қабаттан тұратын аурухананың құрылысы. Екiншi - қалған сомаға медициналық аспаптар мен жабдықтар сатып алу.
в. Қазақстан тарабы (А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық орталық) сауд тарабына қажеттiлiк, жобаның бағдарлылығы мен мәнi туралы, толық жобалау және жобаны, макеттi, жобаның сызбаларын дайындау үшiн аурухананың жалпы бағдарламасын ұсынуы тиiс.
2. Жоба грантты пайдаланушы бөлiп берген жер учаскесiне арналған гранттың шеңберiнде жүзеге асырылады. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Қаржы және ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мынаны қолға алады:
- жобаның макетiн, өлшемдерiн, нобайларын, соңғы сызбалары мен құжаттарын дайындайды, жобаның алғашқы сызбаларына қазақстан тарабының келiсiмiнен кейiн Қазақстанға техникалық топтардың келуi барысында қазақстан тарабы ұсынған ұсыныстарға сәйкес сауд инженерлiк консультативтiк компанияларының бiрi арқылы жобаны iске асыру барысына техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
- сауд және қазақстандық фирмаларды қоса алғанда, мамандандырылған компаниялардың арасында жобаны тендерге қояды. Министрлiк тендерге қатысушыларды бiліктiліктен өткiзедi және ең үздiк ұсыныстардың негiзiнде жеңiмпазды анықтайды;
- жобаны қаржыландыруды консалтингтiк компания бекіткен мердігердің есебі негізінде жұмыс барысы бойынша Министрлік жүзеге асырады.
3. Корольдіктiң жобаны қажеттi деңгейде жүзеге асыру ниетiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мыналарды қолға алатындығы туралы уағдаластыққа қол жетті:
3.1. Ешқандай кедергiсiз жер учаскесiн ұсынады.
3.2. Қажетті материалдарды тасымалдау, сақтау, импорт баждарынан және материалдардың, жабдықтардың, аспаптар мен техниканың тура және жанама салықтарынан босату жөнiндегi барлық шараларды қолға алады, сондай-ақ кедендік тазартуды кiдiртпей жүргiзедi. Қандайда бір себептеp бойынша бұл шараларды орындау қиын болған жағдайда Қазақстан Yкiметi барлық салықтарды алымдар мен төлемдерді, сондай-ақ олар келіп жеткеннен кейiн бiрден материалдардың кедендiк тазартуын өзiне алады.
3.3. Жобаның мердiгері үшiн барлық жеңілдіктерді, құрылыс жүргiзуге арналған лицензияны және өзге де қажеттi рұқсаттарды ұсынады, мердігердi елдегi мердiгерлердiң, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң, жұмысшыларының қызметiне қолданылатын барлық салықтар мен баждардан босатады және осындай жеңiлдіктердi жобаны iске асыру жөнiндегi мердiгерлермен қатар жұмыс iстейтiн компанияларға да ұсынады.
3.4. Нобайлар мен жұмыс сызбаларын дайындауды жүзеге асыратын және жобаны iске асыру барысына қадағалау жүргізетiн консалтингтік компанияның жұмысшыларына көмек көрсетеді, сондай-ақ компанияның қызметi және оның қызметкерлерi, жабдықтары мен автокөліктері үшін қажеттi рұқсаттарды ұсынады, оларды барлық салықтар мен баждардан босатады.
3.5. Сауд тарабымен байланыс жасау үшiн Денсаулық сақтау комитетiнiң төрағасына өкілеттiк бередi.
3.6. Бұл жоба Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң гранты есебiнен жүзеге асырылғандығы туралы араб және қазақ тілдерiнде жазуы бар тиiстi көлемдегі ескерткіш тақта орнатады.
Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Эp-Рияд қаласында араб, қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi дана 1422 Хыжраға сәйкес келетiн 2001 жылғы 22 қазанында қол қойылды, бұл ретте оның барлық мәтiндерiнiң тең күшi бар. Талас туған жағдайда ағылшын мәтiнi негiзге алынады.
Сауд Арабиясы Корольдiгінiң Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қаржы және ұлттық Қазақстан Республикасының
экономика министрiнiң Төтенше және Өкілеттi Елшiсi
экономикалық мәселелер
жөнiндегi орынбасары
Араб тiлiнен аударылды
Сауд Арабиясы Корольдiгi
Сыртқы iстер министрлiгi
Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрлiгi Эр-Риядтағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiне және Елшiлiктiң "A.H. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанынан Кардиохирургия орталығын құру жобасын iске асыру туралы Меморандумның мәтiнiне техникалық өзгерiстер енгiзуге байланысты 2003 жылғы 19 мамырдағы N 538 нотасына жауапқа өзiнiң құрметiн бiлдiредi.
CAК CIM қазақстандықтар жағының осы құжатта еске салынғандай, ағылшынша мәтiнге сәйкес Меморандумның ережесiне әсер ететiн өзгерiстер енгiзiлмейдi деген шартпен "А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанынан Кардиохирургия орталығын құру жобасын iске асыру жөнiндегi Меморандумның қазақша мәтiнiне редакциялық өзгерiстер енгiзуге байланысты өтiнiшiне тиiстi CAК тарапынан келiсiм берiлгенiн және осы нота Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатынын хабарлау құрметiне ие.
Министрлiк өзiнiң ең жоғары құрметiн қайта қалпына келтiруiне сендiру үшiн осы жағдайды пайдаланып отырып.
N 56322/33/96 7.06.2003 ж.
ӨЗАРА ТYСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жауапты адамдарымен келiссөз жүргiзу, жобаның орналасқан жерiмен танысу, қажеттiлiктi зерттеу және мүдделi адамдармен кездесу үшiн Хыжраның 1421 жылғы 15 қарашасына сәйкес келетiн 2001 жылғы 9 ақпанда болған Корольдiктiң Қаржы және ұлттық экономика министрлiгiнiң техникалық делегацияларының Қазақстанға сапарының қорытындысын ескере отырып, Қазақстанда аурухана салу үшiн бес миллион АҚШ долларын бөлуге арналған Жоғары келiсiмнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы ынтымақтастық принциптерiне сүйене отырып,
осы жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн белгiлеу ниетiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Үкiметi мынаған келiстi:
1.а. Орталық өкiлдерiнiң алып жүруiмен делегация мүшелерi барып көрген мамандандырылған кардиохирургия жобасының (аурухана) орналасатын орны осы Меморандумға қоса берiлген жалпы жоспарға сәйкес Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық кешенде ғимарат салу үшiн бөлiп берiлген жер учаскесiнде болады;
б. Гранттың сомасы екi мақсатқа арналады: Бiрiншi - қазақстан тарабы дайындаған есепке сәйкес алғашқы құны 3 200 000 (үш миллион екi жүз мың) американ доллары болатын жалпы ауданы 4495 шаршы метр болатын бiрнеше қабаттан тұратын аурухананың құрылысы. Екiншi - қалған сомаға медициналық аспаптар мен жабдықтар сатып алу.
в. Қазақстан тарабы (А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық орталық) сауд тарабына қажеттiлiк, жобаның бағдарлылығы мен мәнi туралы, толық жобалау және жобаны, макеттi, жобаның сызбаларын дайындау үшiн аурухананың жалпы бағдарламасын ұсынуы тиiс.
2. Жоба грантты пайдаланушы бөлiп берген жер учаскесiне арналған гранттың шеңберiнде жүзеге асырылады. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Қаржы және ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мынаны қолға алады:
- жобаның макетiн, өлшемдерiн, нобайларын, соңғы сызбалары мен құжаттарын дайындайды, жобаның алғашқы сызбаларына қазақстан тарабының келiсiмiнен кейiн Қазақстанға техникалық топтардың келуi барысында қазақстан тарабы ұсынған ұсыныстарға сәйкес сауд инженерлiк консультативтiк компанияларының бiрi арқылы жобаны iске асыру барысына техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
- сауд және қазақстандық фирмаларды қоса алғанда, мамандандырылған компаниялардың арасында жобаны тендерге қояды. Министрлiк тендерге қатысушыларды бiлiктiлiктен өткiзедi және ең үздiк ұсыныстардың негiзiнде жеңiмпазды анықтайды;
- жобаны қаржыландыруды консалтингтiк компания бекiткен мердiгердiң есебi негiзiнде жұмыс барысы бойынша Министрлiк жүзеге асырады.
3. Корольдiктiң жобаны қажеттi деңгейде жүзеге асыру ниетiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қолға алатындығы туралы уағдаластыққа қол жеттi:
3.1. Ешқандай кедергiсiз жер учаскесiн ұсынады.
3.2. Қажеттi материалдарды тасымалдау, сақтау, импорт баждарынан және материалдардың, жабдықтардың, аспаптар мен техниканың тура және жанама салықтарынан босату жөнiндегi барлық шараларды қолға алады, сондай-ақ кедендiк тазартуды кiдiртпей жүргiзедi. Қандайда бiр себептер бойынша бұл шараларды орындау қиын болған жағдайда Қазақстан Үкiметi барлық салықтарды, алымдар мен төлемдердi, сондай-ақ олар келiп жеткеннен кейiн бiрден материалдардың кедендiк тазартуын өзiне алады.
3.3. Жобаның мердiгерi үшiн барлық жеңілдiктердi, құрылыс жүргiзуге арналған лицензияны және өзге де қажеттi рұқсаттарды ұсынады, мердiгердi елдегi мердiгерлердiң, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң, жұмысшыларының қызметiне қолданылатын барлық салықтар мен баждардан босатады және осындай жеңiлдiктердi жобаны iске асыру жөнiндегi мердiгерлермен қатар жұмыс iстейтiн компанияларға да ұсынады.
3.4. Нобайлар мен жұмыс сызбаларын дайындауды жүзеге асыратын және жобаны iске асыру барысына қадағалау жүргiзетiн консалтингтiк компанияның жұмысшыларына көмек көрсетедi, сондай-ақ компанияның қызметi және оның қызметкерлерi, жабдықтары мен автокөлiктерi үшiн қажеттi рұқсаттарды ұсынады, оларды барлық салықтар мен баждардан босатады.
3.5. Сауд тарабымен байланыс жасау үшiн Денсаулық сақтау комитетiнiң төрағасына өкiлеттiк бередi.
3.6. Бұл жоба Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң гранты есебiнен жүзеге асырылғандығы туралы араб және қазақ тiлдерiнде жазуы бар тиiстi көлемдегi ескерткiш тақта орнатады.
Меморандум қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Эр-Рияд қаласында араб, қазақ, ағылшын және орыс тілдерiнде екi дана 1422 Хыжраға сәйкес келетiн 2001 жылғы _______________ қол қойылды, бұл ретте оның барлық мәтiндерiнiң тең күшi бар. Талас туған жағдайда ағылшын мәтiнi негiзге алынады.
___________________________________________________________________
Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
___________________________________________________________________
Қаржы және ұлттық экономика Қазақстан Республикасының
министрiнiң экономикалық Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
мәселелер жөнiндегi орынбасары
___________________________________________________________________
ӨЗАРА ТҮСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы ынтымақтастық принципiн басшылыққа ала отырып,
Қазақстанда аурухана салуға бес миллион АҚШ доллары (5 000 000) көлемiндегi грант бөлу туралы Жоғары келiсiм негiзiнде бұдан бұрын Корольдiктің Қаржы және ұлттық экономика министрлігінің техникалық тобы 2001 жылдың 9-28.02-ге сәйкес келетiн Хыжраның 1421 жылының 11.15-де iс-сапарға шығып, Қазақстан Үкiметiнiң жауапты тұлғаларымен келiссөздер жүргiзген, жобаның орнын көрiп, қажеттiлiктердi зерттеп, осы жобаға қатысы бар жауапты тұлғалармен кездескенiн есепке ала отырып,
жобаны жүзеге асыру бойынша iс-шаралар ауқымын орнату мақсатында Сауд Арабиясы Корольдiгiнің Үкiметi және Қазақстан Республикасының Yкіметi төмендегiлерге келiстi:
1.А. Жүрек операцияларын жасауға арналған жобаның (аурухана) орны Алматы қаласында А.Сызғанов атындағы хирургиялық кешеннiң ішiнде, осы Meмopaндумға қоса тiркелген жалпы жоспарда көрсетiлген, Орталықтың өкілдерiмен арнайы делегацияның мүшелерi барып танысқан, ғимарат салынатын жерде болады.
Ә. Грант қаржысы екi мақсатқа бағышталады: Бiрiншiсi, бастапқы құны, қазақ тарапы дайындаған шығындар көлемi бойынша, үш миллион екi жүз мың АҚШ доллары болатын, жалпы көлемi 4495 шаршы метр бiрнеше қабаттан тұратын аурухана салу. Ал, екiншiсi, гранттың қалған бөлiгiне ауруханаға қажеттi медициналық аспаптар мен қондырғылармен қамтамасыз ету.
Б. Қазақ тарапы (А.Сызғанов атындағы хирургиялық орталық) егжей-тегжейлi жобалау, макет, чертеждар жасау үшiн грантқа салынатын жобаның қажеттiлiктерiн, мамандануын, аурухананың жалпы бағдарламасын дайындап, сауд тарапына жолдауы қажет.
2. Жоба бөлiнген грант шеңберiнде пайдаланушы арнаған жерде жүзеге асады. Сауд Арабиясы Корольдiгiнің Қаржы және ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк деп аталады) келесiнi жасайды:
- жобаға қатысты макет, көлемдерi, бастапқы және түпкiлiктi чертеждарды және құжаттарды дайындайды, делегацияның сапары кезiнде қазақ тарапы ұсынған техникалық ұсыныстарға сәйкес сауд инженерлiк консалтингтiк компаниясының көмегiмен, қазақ тарапының жобаның бастапқы жобасына келiсiмiн негiзге ала отырып, жобаны жүзеге асыруға техникалық бақылау жасайды.
- жоба мамандандырылған компаниялардың, оның iшiнде қазақ және сауд фирмаларының арасында тендерге ұсынылады. Министрлiк тендерге қатысушылардың талапқа сай екендiгiн салмақтап, жеңiмпазды ең үздiк ұсыныс негiзiнде анықтайды.
- Министрлiк жобаны қаржыландыруды мердiгердің консалтингтiк компания мақұлдаған сұрауларына сәйкес жобаның жұмыс барысына қарай жүзеге асырады.
3. Корольдiктің жобаны қажеттi деңгейде жүзеге асыру ниетiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкiметi келесiлердi жүзеге асырады деген уағдаластыққа қол жеттi:
3.1. Жобаны жүзеге асыруға қажеттi жердi ешбiр кедергiсiз қамтамасыз етедi.
3.2. Жобаны жүзеге асыруға қажет заттарды рұқсат алудан, порт, қойма, импорт алымдарынан және барлық қажеттi заттар, қондырғылар мен жабдықтарды, техниктердi және жобаны жүзеге асыруға қажеттi заттардың барлығын тiкелей және жанама салықтардың барлық түрлерiнен босатады, сонымен қатар осылардың кеден арқылы кешiгусiз өтуiн қамтамасыз етедi. Егер қандай-да бiр себептерге байланысты осы шараларды орындау қиыншылыққа ұшыраса Қазақстан Үкiметi келген заттарды кедендiк босатудан өткiзу үшiн қажеттi салық, алым және төлемдердi төлеудi өз мойнына алады.
3.3. Жобаны жүзеге асырушы мердiгерге барлық жеңілдiктер жасайды. Оған қажеттi құрылыс жүргiзу лицензиясын және басқа рұқсаттарды беру, грантты пайдаланушы елде оның барлық әрекеттерiн, оның қызметкерлерi мен жұмысшыларын және жобаны жүзеге асыру бойынша онымен келiсiмге келетiн жеке адамдар мен компанияларды барлық алымдар мен салықтардан босатады.
3.4. Жобаның жүзеге асуына бақылау жасайтын, жобаның эскизiн, жұмыс чертеждарын дайындайтын консалтингтiк компанияда iстейтiндерге септiк және көмек бередi. Оның және қызметкерлерiнің қызметiне, жобадағы қондырғылар мен көлiктерге қажеттi рұқсаттар бередi, сонымен қатар оларды алым мен салықтың барлық түрлерiнен босатуға көмек бередi.
3.5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау комитетi төрағасына сауд тарапымен байланыс жасауға өкiлеттiк бередi.
3.6. Жоба Сауд Арабиясы Корольдiгi бөлген гранттың есебiнен салынғандығы туралы араб және қазақ тiлдерiнде үйлесiмдi көлемдегi тақтайды көрнектi жерге орнатады.
Осы Меморандумға қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Меморандумға Эр-Рияд қаласында 2001 жылдың 22 қазанына сәйкес келетiн Хиджраның 1422 жылының ___ ____________ екі нұсқада араб, қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде қол қойылды. Барлық нұсқалардың құқықтық күштерi бiрдей. Талас туған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынады.
Сауд Арабиясы Корольдiгінiң Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қаржы және ұлттық Қазақстан Республикасының
экономика министрлігінiң Төтенше және Өкілеттi Елшiсi
экономикалық істер бойынша
орынбасары