Астанада 2003 жылғы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен Жаhандық экологиялық қордың Атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк қордың Гранттық келiсiмi (Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба) бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Бейресми аударма
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 11 қыркүйектегі
N 920 қаулысымен мақұлданған
ЖЭҚ Сенiмгерлiк қорының
гранты N TF052161-КZ
Қазақстан Республикасы мен Жаhандық Экологиялық
Қордың Атқарушы Агенттігі ретiнде әрекет ететiн
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
Сенімгерлік қордың
Гранттық келісімі
(Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба)
2003 ж., 26 қыркүйек
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының Гранты N TF052161 - КZ
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының Гранттық Келісімі
Қазақстан Республикасы (Алушы) мен Жаhандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы ЖЭҚ мүшелерi ретiнде Тораптар деп аталатын Банктiң кейбiр өкiлдерiнiң ЖЭҚ сенiмгерлiк қорына берген гранттық қаражатына қатысты 2003 жылғы 26 қыркүйектегi Келісімі.
(А) Банк Банктiң атқарушы директорларының 1991 жылғы l4 наурыздағы N 91-5 шешiмiне сәйкес жаhандық қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету және осылайша, экологиялық негiзделген және тұрақты экономикалық дамуды алға жылжыту жөнiнде Жаhандық Экологиялық Қор құрғандығын;
(В) қайта құрылымдалғаннан кейiн ЖЭҚ, Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы N 94-2 шешiмi негiзiнде Сенiмгерлiк Қор құрған және Банктi ЖЭҚ Сенiмгерлiк қорының қамқоршысы етiп тағайындаған (N 94-2 шешiм) шараларды анықтағандығы;
(С) ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының екiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 1998 жылғы 14 шiлдедегi N 98-2 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (N 98-2 шешiм);
(D) ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының үшiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы N 2002-0005 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (N 2002-0005 Шешiм);
(Е) Алушы осы Келiсiмнiң (Жоба) 2-қосымшасында сипатталған жобаның орындалатындығына және басымдылығына куәланғаннан кейiн, Жобаны ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының қаржы көздерiнен қаржыландыруға ықпал ету туралы өтiнiш бiлдiргенiн және берiлген өтiнiш N 94-2 шешiммен мақұлданған Қайта құрылымдалған Жаhандық Экологиялық Қор мекемесiнiң шарттарына сәйкес мақұлданғандығын, және N 94-2 шешiмге сәйкес ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының бастапқы толықтыру қаражатын қамтуы мүмкiн N 98-2 Шешiмге сәйкес ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорына салынатын салымдардан қаржыландырылуы тиiс екендігін назарға ала отырып;
Банк жоғарыда сипатталғандардың негiзiнде осы Келiсiмде тұжырымдалған шарттарды сақтаған кезде ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Грантын Алушыға берудi ұзартуға келiсетiндiктен;
Тараптар мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1.01 (а) бөлiм. Банктiк қарыздар мен 1985 жылғы 1 қаңтардағы кепiлдiк келiсiмдерге қолданылатын Жалпы Шарттардың мынадай ережелерi осы бөлiмнiң (жалпы шарттар) (b) параграфында тұжырымдалған өзгерiстерiмен бiрге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды:
i) 1-бап.
іі) 2.01 (1), (2), (3), (4), (6), (8), (9), (10), (11), (15), (18) және (20), 2.02 және 2.03 бөлiмдер
ііі) 3.01 - бөлiм
iv) 4.01-бөлiм және 4.09-бөлiмнiң бiрiншi сөйлемi
v) v Бап
vi) 6.01, 6.02 (а), (с), (d), (e), (f), (i) және (k), 6.03, 6.04 және 6.06 бөлiмдер
vii) 8.01 (b) бөлiмi
viii) 9.01 (а) және (с), 9.04, 9.05, 9.06, 9.07, 9.08 және 9.09-бөлiмдер
ix) 10.01, 10,03 және 10.04-бөлiмдер
х) XI бап; және
хi) 12.01 (с), 12.03 және 12.04-бөлiмдер.
(б) Жалпы шарттар былайша өзгертiлетiн болады:
i) 2.01 (8) және содан кейiн 6.02 (f) бөлiмдерiнен басқа
Жалпы Шарттарда қолданылатын "Банк" терминi және осы
терминнiң 5.01-бөлiмде соңғы рет қолданылуы
6.02-бөлiмдегi "Банк" терминiнiң өз құзiретiнде әрекет
ететiн Банктi бiлдiруi тиiстiгiн қоспағанда, ЖЭҚ-дың
атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Банктi
бiлдiредi;
іі) Жалпы Шарттарда қолданылатын "Қарыз алушы" терминi
Алушыны бiлдiредi;
ііi) Жалпы Шарттарда қолданылатын жердiң бәрiнде "Қарыз
бойынша Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi бiлдiредi;
iv) "Қарыз" және "қарыздар" терминдерi Жалпы Шарттардың қай
жерiнде қолданылмасын, ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Гранты
дегендi бiлдiредi;
v) "Қарыз шоты" терминi Жалпы Шарттардың қай жерiнде
қолданылмасын, ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының шотын бiлдiредi;
vi) 5.01-бөлiмнiң екiншi сөйлемi өзгертiлдi және былайша
оқылуға тиiс "Банк пен Алушы өзгеше келiспеген жағдайды
қоспағанда, шоттан: Банктiң мүшесi болып табылмайтын
кез-келген басқа елдiң аумағында жасалатын шығыстар
немесе осы аумақтарда шығарылған тауарларға немесе
ұсынылатын қызметтерге (а); немесе адамдарға немесе
ұйымдарға немесе кез-келген импортталатын тауарлар үшiн
ақы төлеу мақсатындағы шығыстарға, егер мұндай төлемақы
немесе импорт Банктiң пiкiрi бойынша Бiрiккен Ұлттар
Ұйымы Жарғысының VII тарауында қабылданған Бiрiккен
Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым
салынған болса (b), қаржы бөлiнбейдi; және
vii) Жалпы Шарттардың 6.02-бөлiмiнде (j) тармақшасынан кейiн
жаңа тармақша қосылды: "eгep ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының
Гранты бойынша кез келген кейiнгi шығыстар ЖЭҚ қаражатын
жұмсаудың қол жетiмдi ресурсынан асып кеткен жағдайда,
төтенше жағдай туындайды".
1.02-бөлiм. Жалпы Шарттардың кейбiр терминдерi олар осы Келiсiмнiң қай жерiнде қолданылса да, егер осы Келiсiмнiң мазмұнымен, сондай-ақ сипатталуында өзгеше көзделмесе, тиiстi белгiлi бiр мәнге ие болады және мынадай қосымша терминдер мынадай мәнге ие болады:
(а) "ҚОБЖ" 2002 жылғы 24 сәуiрдегi қабылданған Қоршаған
Ортаны Басқару Жоспарын бiлдiредi;
(b) "ҚМЕ" осы Келiсiмнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес дайындалған
Қаржы Мониторингi жөнiндегi Есептердiң кез келгенiн
бiлдiредi.
(с) "ҚОҚМ" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлігін бiлдiредi.
(d) "ЖБК" Осы Келiсiмнiң 5.01-бөлiмiне сәйкес құрылған Жобаны
басқару тобын бiлдiредi.
(е) "ЖБТ" Жобаның орындалуын қадағалау үшiн Қоршаған ортаны
қорғау министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң,
Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгiнiң,
жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерiнен, қоғам мен
жеке сектор өкiлдерiнен тұратын Жоба бойынша Басқару
Комитетiн бiлдiредi.
(f) "Iрiктелген аудан" Шет ауданын немесе Алушы (Қарыз алушы)
мен Ассоциация араға уақыт салып келiсе алатын
өзгерiстерге қарай Алушының (Қарыз алушының) кез келген
басқа ауданын бiлдiредi.
(g) "Арнайы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (b) бөлiмiнде айтылған
шотты бiлдiредi.
II-Бап
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының Гранты
2.01-бөлiм. Банк осы Келiсiмде анықталған шарттарда және ережелерде 5 270 000 АҚШ долларына (бес миллион екi жүз жетпiс мың АҚШ доллары) баламалы мөлшерде әр түрлi валюталарда ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Грантын беруге келiседi.
2.02-бөлiм. (А) ЖЭҚ Грантының қаражаты Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн қажеттi жүргiзiлген шығындарды төлеу үшiн (немесе, Банктiң келiсiмiмен жоспарланған шығыстарға ақы төлеу үшiн) осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының белгiлi бiр шарттарына сәйкес ЖЭҚ гранттық шотынан алынуы мүмкiн.
(В) Алушы Жобаның мүдделерiнде жоюдан, тәркiлеуден немесе жауып тастаудан тиiстi қорғауды қоса алғанда, Банктi қанағаттандыратын шарттарда және өкiлеттерде АҚШ долларында арнайы депозиттiк шотты (Арнайы шот) ашуы және ұстауы мүмкiн.
2.03-бөлiм. Соңғы мерзiмi - 2009 жылғы 31 наурыз немесе Банк белгiлейтiн кез келген неғұрлым кеш мерзiм. Банк Алушыны неғұрлым кеш мерзiм туралы дереу хабардар етуге тиiс.
3.01-бөлiм. (А) Алушы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында айтылғандай, Жобаға қатысты өзiнiң мiндеттемелерi туралы жариялайды және осы мақсатта Жобаны ЖБТ арқылы тиiстi ықыласпен және тиiмдiлiкпен iске асырады және тиiстi әкiмшiлiк және қаржылық тәсiлдерге сәйкес және қоршаған орта факторларына деген тиiстi қарым-қатынаспен және қажеттiлiгiне қарай құралдармен, үй-жаймен, қызметтермен және Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн басқа да ресурстармен қамтамасыз етедi.
(b) Банк пен Алушының басқа келiсiмге келетiндiгiн қоспағанда, Алушы осы Келiсiмiнiң 4-қосымшасында анықталған Iске асыру бағдарламасына сәйкес жобаны осы Бөлiмнiң (а) параграфының ережелерiн шектемей iске асыратын болады.
3.02-бөлiм. Банк басқа келiсiмге келетiн жағдайларды қоспағанда, Жоба үшiн талап етiлетiн және ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен консультанттар қызметiн алу осы Келiсiмнiң 3-қосымшасының шарттарына сәйкес реттелуге тиiс.
3.03-бөлiм. Жалпы ережелердiң 9.08-бөлiмiнiң мақсатында және сол сияқты олардың шектелуiнсiз Алушы:
(а) Банк қабылдаған Нұсқау негiзiнде мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi алты айдан немесе осы мақсатта Алушымен және Банкпен келiсiлген басқа да неғұрлым кешiрек күннен кешiктiрмей кейiнгі жобалау iс-қимылдарының жоспарын дайындауға және ұсынуға; және
(b) Банкке жоғарыда көрсетiлген жоспар бойынша Алушымен пiкiр алмасу үшiн негiзделген мүмкiндiк беруi тиiс.
3.04-бөлiм. Алушы: КОБЖ дер кезiнде iске асуы үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдайтынына (а) және Банктi қанағаттандыратын жұмыстардың орындалу барысы туралы есепте осы шаралардың iске асырылуы жөнiндегi барлық тиiстi ақпаратты енгiзетiнiне (б) кепiлдiк бередi.
3.05-бөлiм. Алушы 2003 жылдың қазанына дейiн Банк талаптарына сәйкес келетiн қаржы басқару жөнiндегi маманды тағайындайды.
4.01-бөлiм. (а) 5.1. а) Алушы Жобаны немесе оның бөлiмiн iске асыруға жауапты Алушы департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң қолданыстағы бухгалтерлiк тәжiрибесiне сәйкес жобалау операцияларды, ресурстарды ойдағыдай көрсететiн жазбалар мен шоттар жүргiзетiн болады және олардың жүйесiн жүргiзудi ұйымдастырады.
б) Алушы ЖБТ арқылы:
i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар орындайтын
аудиторлық стандарттарға сәйкес Арнайы шот бойынша қоса
алғанда, осы бөлiмнiң (а) параграфында айтылған жазбалар
мен шоттарды әрбiр қаржы жылы сайын аудит жүргiзетiн;
іі) Банкке мүмкiндiгiне қарай, тезiрек, бiрақ әр жыл
аяқталғаннан кейiн төрт айдан кешiктiрмей Банк негiздi
түрде сұратқан осындай көлем мен осындай детальдарда
аталған аудиторлардың осындай аудиттерi бойынша есеп
беретiн; және
ііі) Мезгiл-мезгiл Банкке оның негiздi сұрауы бойынша
жазбаларға, шоттар мен аудитке қатысты басқа ақпаратты
беретiн болады.
с) Шығыстар туралы растаулардың негiзiнде Гранттық шоттан қаражат алынған барлық шығыстар үшiн Алушы:
i) осы бөлiмнiң (а) параграфына сәйкес осындай шығыстарды
көрсететiн жазбалар мен есептер жүргiзетiн және олардың
жүргiзiлуiн ұйымдастыратын;
іі) Банк қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi алғаннан кейiн ең
болмағанда Гранттық шоттан соңғы қаражат алынған бiр жыл
бойына осындай шығыстарды растайтын барлық жазбаларды
(келiсiм-шарттар, бұйрықтар, чектер, инвойстар, есепшоттар мен басқа да құжаттар) сақтайтын;
іі) Банктiң өкiлдерiне осы жазбаларды тексеруге мүмкiндiк
беретiн; және
iv) Осы жазбалар мен есептерге осы бөлiмнiң (b) параграфында
айтылған жыл сайынғы аудит жүргiзiлетiнiне, және осындай
аудит туралы есеп аталған аудиторлардың әрбiр қаржы жылы
көрсетiлетiн, шығындарды растайтын шоттан қаражат
алулары, сондай-ақ олардың дайындығына қатысты рәсiмдер
мен iшкі тексерулердiң қаншалықты дұрыстығы туралы жеке
пiкiрлерiн қамтитынына кепiлдiк беретiн болады.
4.02. Алушы ЖБТ арқылы Банк талаптарына сәйкес келетiн нысанда Қаржылық Мониторинг жөнiндегi Есептi дайындауға және Банкке беруге мiндеттенедi. Осындай Есепте:
(а) (i) Жоба қаржысының көздерi мен пайдалану бағыттары жалпы түрде және есептi кезең үшiн белгiленедi, бұл ретте Гранттың есебiнен берiлген қаражат жеке жолмен көрсетiледi, сондай-ақ осындай қаражатты iс жүзiнде және жоспарланған пайдалану арасындағы айырмашылықтар түсiндірiледi;
(іі) Жобаны iске асыру жөнiндегi iс жүзiндегi прогресс жалпы түрде және есептi кезең үшiн жазылады, сондай-ақ Жобаны iс жүзiнде және жоспарланған iске асыру арасындағы айырмашылықтар түсiндiрiледi;
(ііі) Есеппен жабылатын (eceпті кезең) кезең соңындағы Жоба бойынша сатып алу процестерiнiң қай деңгейде (сатып алу мәртебесi) екендiгi анықталады.
(б) Қаржы мониторингi бойынша Бастапқы Есеп Күшiне ену күнiнен бастап бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күн iшiнде Банкке берiлуi тиiс және Жоба бойынша бiрiншi келтiрiлген шығыс күнiнен бастап бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғанға дейiнгi кезеңдi жабуы тиiс; тиiсiнше әрбiр келесi Қаржылық Мониторинг жөнiндегi Есеп келесi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешiктiрiлмей Банкке берiлуi тиiс және осындай Есеп тиiстi күнтiзбелiк тоқсанды (есептi кезең) қамтиды.
5.01-бөлiм. Осы Келiсiм жасалған күннен кейiнгi тоқсан (90) күн мерзiмде Жалпы Шарттардың 12.04-бөлiмi мақсатында анықталған.
5.02-бөлiм. Осы Келiсiм ЖЭҚ Грантының қаражаты толығымен жұмсалып болғанша және тараптар осы Келiсiм бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн орындағанша қолданылатын болады.
VI-Бап
Алушының өкiлдерi; Мекен-жайлары
6.01-бөлiм. Алушының ҚОҚМ Жалпы Шарттардың 11.03-бөлiмiн жүзеге асыру үшiн Алушының өкiлi ретiнде белгiленген.
6.02-бөлiм. Мына мекен-жайлар Жалпы Шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн анықталған.
Алушы үшiн:
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Жеңiс даңғылы, 31
тел: 7 (3172) 59-19-50, 59-19-65, 59-19-71
факс 7(3172) 59-19-73
Банк үшiн:
Халықаралық қайта құру және даму банкi
International Bank for
Reconstruction and Development
1818 H Street N W
Washington D С 20433
United States of America
Cable address Telex:
INTBAFRAD 248423 МСI
Washington D С 64145 МСI
Осыны куәландыру үшін Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi арқылы тиiстi түрде Қазақстан Республикасының Астана қаласында жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы осы Келiсiмге қол қойды.
Қазақстан Республикасы
Уәкілетті Өкіл
Қайта құру және Даму Банкі
(ЖЭҚ-ның атқарушы агенттiгi ретiнде)
Уәкiлеттi Өкiл
1-қосымша
ЖЭҚ Грантының қаражатын шоттан алу
1. Төмендегi кестеде ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге арналған шығыстардың санаттары мен баптары, ЖЭҚ Гранты қаражатының әрбiр санат бойынша бөлiнуi және әрбiр санаттың баптары бойынша шығыстар пайызы келтiрiлген:
ЖЭҚ Грантының Қаржыландырылатын
бөлiнетiн қаражаты шығыстардың %
Санаты AҚШ долларымен
(1) тауарлар 2 300 000 100% шетелдiк шығыс
100% жергiлiктi шығыс
(экс-фабрикалық құны)
және 84% жергiлiктi
жерлерде сатып алынатын
басқа пункттер бойынша
жергiлiктi шығыстар
(2) аудиттi 81% фирмалар үшiн
қоса алғанда 1 650 000 және 84% жеке адамдар
консультанттар. үшiн және 100% қолданған
дың қызметi әлеуметтiк шығындар
(3) Оқыту 320 000 100%
(4) Өсiп отыратын 1 000 000 2005 жылдың желтоқсанына
пайдаланушылық дейiн 80% және онан
шығындар кейiн 65%, қолданған
әлеуметтiк шығыстар 100%
Барлығы 5 270 000
2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн мынадай анықтаулар қолданылады:
(а) "шетелдiк шығыстар" терминi осы параграфта Алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң Алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасындағы шығыстарын бiлдiредi;
(b) "жергiлiктi шығыстар" терминi Алушының валютасындағы немесе Алушының аумағынан жеткiзiлетiн қызметтер мен тауарларға шығыстарды бiлдiредi;
(с) "оқыту" терминi барып оқыту мен семинарларды қоса алғанда, жобаға қатысы бар фермерлер мен қызметшiлердi оқыту дегендi бiлдiредi;
(d) "өсiп бара жатқан пайдаланушылық шығыстар" терминi коммуникацияны, басып шығару мен жариялауды, күнделiктi шығындарды, тасымалдауды және далаға сапарларға кететiн шығындарды және Ассоциациямен келiсiлген басқа да сондай шығыстарды қоса алғанда, жобаның iс-шараларын iске асыру үшiн ЖБТ жасайтын кезеңдi шығыстарды бiлдiредi.
(e) "қолайлы әлеуметтiк шығыстар" терминi ЖБТ жалдау шарты бойынша Қарыз алушы белгiлеген әлеуметтiк және медициналық шығыстарға жұмыс берушiнiң және жеке консультанттардың Қарыз алушы азаматтарымен қатысуын бiлдiредi.
3. Жоғарыда көрсетiлген 1-параграфтың шарттарына қарамастан, осы Келiсiм жасалған күнге дейiн жасалған шығыстарды төлеуге шоттан қаражат бөлiнбейдi.
4. Банк Гранттық шоттан қаражат алу:
Алушыны Банк арнайы хабардар етiп отыратын әрбiр жағдайдағы шарттар мен өкiлеттiктер негiзiнде, а) келiсiм-шарттар бойынша баламалы құны 100.000 АҚШ долларынан кем тауарларға; б) консультациялық фирмалардың көрсететiн қызметiне арналған баламалы құны 50.000 АҚШ долларынан кем келiсiм-шарттарға; в) жеке консультанттардың баламалы құны 25.000 АҚШ долларынан кем қызметiне; г) құны 25.000 АҚШ долларына дейiнгi келiсiм-шарттар бойынша оқытуға; және e) артатын пайдалану шығыстарына арналған есептер негiзiнде жүргізiлсiн деп сұрата алады.
5. Егер Банк қандай да бiр уақытта ЖЭҚ Грантының арнайы шотынан қандай да болмасын төлем осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес қолайлы емес деп табылатын шығыстарды төлеу үшiн жүргiзiлдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасынан кейiн төлем сомасына немесе оның Банк қолайлы деп тапқан бөлiгiнiң сомасына тең соманы Банктегi ЖЭҚ Грантының депозиттiк шотына дереу өтеуге тиiс.
Жобаның мақсаты тым қуаңшылық жағдайдағы экожүйеде жердi пайдаланудың тұрақты жүйелерiн көрсету және жылжыту болып табылады.
Жоба төмендегiдей мақсаттарға жету үшiн Алушымен және Банкпен келiскен кезде уақыт өте келе өзгеруi мүмкiн мынадай бөлiктерден тұрады:
А бөлiмi. Жердi пайдаланудың тұрақты жүйелерiн дамыту.
1. Деградацияға ұшыраған дәндi дақылдарды қалпына келтiру
үшiн таңдап алынған Шет ауданында тауарлар мен
көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну.
2. Өсiмдiк қабатын жақсарту және деградацияға ұшыраған
жайылымдар мен шабындықтарды басқару үшiн таңдап алынған
Шет ауданында тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну.
3. Тандап алынған Шет ауданында жем түрiнде неғұрлым көп кiрiс
әкелетiн ең төменгi баға бойынша көпжылдық және бiржылдық
шөп өсiруге мүмкiндiк беретiн әртүрлi тәсiлдердi енгiзу
үшiн консультациялық қызмет ұсыну.
В бөлiмi. Өндiрушi топтарға алғашқы сервистiк көмек көрсету.
Таңдап алынған ауданда фермелердi қолдау үшiн: (а) сүт жинау жөнiндегi орталықтарды және өңiрлiк ауыл шаруашылығы, рыногын ұйымдастыру мен басқару үшiн өндiрушiлердiң жергiлiктi қауымдастықтарын құру; және (b) мал шаруашылығы мен егiншiлiк жөнiндегi консультациялық қызметтер түрiнде тауарлар берiп, қызметтер көрсету.
С бөлiмi. Көмiртегiнiң сiңiрiлу мөлшерiн анықтау.
Куаң далалы экожүйелердегі көмiртегiнiң сiңiрiлу потенциалына баға беру, негiзгi зерттеулердi қамтамасыз ету және эмпирикалық деректердi ұсыну үшiн консультациялық қызметтер көрсету.
D) бөлiмi. Қоғамдық ағарту және репликация стратегиясы
Тым құрғақ жағдайдағы жерлердегi табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға қатысты саясат пен реттейтiн құрылымды күшейтудi қоса алғанда, қоғамдық ағарту стратегиясын дамыту мен әлеуеттi арттыру жөнiндегi іс-шараларды өткiзу үшiн консультациялық қызметтердi көрсету.
E бөлiмi. Жобаны басқару.
Жобалық iс-шаралардың тиiмдi iске асырылуына ықпал ету үшiн тауарлар мен консультациялық қызметтер беру.
***
Жоба 2008 жылғы 30 қыркүйекке қарай аяқталады деп күтiлуде.
1-бөлiм. Тауарларды сатып алу.
А бөлiмi. Жалпы ережелер
Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылдың қаңтары мен тамызында, 1997 жылдың қыркүйегiнде және 1998 жылдың қаңтарында қайта қаралған ХҚДБ қарыздары мен МАР кредиттерi бойынша сатып алу жөнiндегi нұсқаудың (Нұсқау) 1-бөлiмiнiң шарттарына сәйкес; және осы Қосымшаның 1-бөлiмiнiң мынадай шарттарына сәйкес сатып алынатын болады.
Б бөлiмi. Халықаралық бәсекелесуге қабiлеттi сауда-саттықтар.
1. Тауарлар осы қосымшаның В бөлiмiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, Нұсқаудың 2-бөлiмi мен осы Нұсқауға қосымшаның
5-параграфының шарттарына сәйкес, жасалған
келiсiм-шартттарға сәйкес сатып алынуға тиiс.
2. Келесi шарттар Б бөлiмнiң 1-параграфының шарттарына сәйкес
жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес тауарлар сатып алу үшiн
қолданылатын болады.
(а) Келiсiм-шарттарды топтау
Шынайылық дәрежесiне қарай, құны 100.000 АҚШ долларына баламалы немесе одан жоғары тауарларды сатып алуға келісім-шарттар үлкен лоттарға топталуға тиіс.
(б) Отандық өндiрiстiң тауарлары мен iшкi келiсiм-шарттарға артықшылықтар беру
Нұсқаудың 2.54 және 2.55-параграфтарының және 2-қосымшасының шарттары Алушының (Қарыз алушының) аумағында тауарлар сатып алу үшiн де қолданылатын болады.
(в) Шақыру және жарнама
Құны 10.000 000 АҚШ долларына баламалы және одан жоғары әрбiр келiсiм-шарт бойынша алдын ала бағалауға немесе тендерге қатысуға шақыру Нұсқаудың 2.8-параграфына сәйкес үлкен келiсiм-шарттар үшiн қолайлы рәсiмдерге сәйкес жариялануы тиiс.
В бөлiм. Сатып алу бойынша басқа да рәсiмдер
1. Халықаралық сатып алу.
Әрбiр келiсiм-шарт бойынша құны кемiнде 100.000 АҚШ долларына баламалы тауарлар Нұсқаудың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес халықаралық сатып алудың рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес алынуы тиiс.
2. Ұлттық сатып алу.
Әрбiр келiсiм-шарт бойынша құны кемiнде 50.000 AҚШ долларынан тауарлар Нұсқаудың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес ұлттық сатып алудың рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес алынуы тиiс.
3. Келiсiм-шарттарды тiкелей жасасу.
Түпкi жеткiзушiден алынуы тиiс, қолда бар жабдыққа дәл келетiн және жиынтық немесе баламалы құны 220 000 AҚШ долларынан кем тауарларды Нұсқаудың 3.7-параграфының шарттарына сәйкес Банкпен алдын ала келiскен кезде сатып алуға болады.
4. Тұлғалар (қоғамдар) топтарының қатысуы
Фермерлерге арнайы тұқым өндiруге қолдау көрсетудi, оларды басқа фермерлердiң сатып алуын немесе басқа фермерлерге берiлуiн қамтитын 1 800 000 AҚШ долларына бағаланған баламалы құн көлемiндегi дала жұмыстары Нұсқаудың 3.15-параграфының қосымшаларына сәйкес Жобаны әзiрлеу жөнiндегi топ әзiрлеген нұсқауға сәйкес сатып алынуға тиiс.
Г бөлiмi. Банктiң сатып алу туралы шешiмдi қарауы
1. Сатып алуды жоспарлау
Жоба бойынша сатып алудың ұсынылған жоспары келiсiм-шарт жасасуға арналған тендерге қатысу үшiн (немесе сауда-саттыққа қатысуды алдын-ала бағалау үшiн) шақыруларды жария еткенге дейiн Нұсқаудың 1-қосымшасы 1-параграфының шарттарына сәйкес алдын ала қарау және мақұлдау үшiн Банкке ұсынылуға тиiс. Барлық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу Банк мақұлдаған сатып алу жоспарына сәйкес және жоғарыда аталған 1-параграфының шарттарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
2. Алдын ала қарау.
(а) Нұсқауға қосымшаның 2 және 3-параграфтарында анықталған сатып алу рәсiмдерi Б бөлiмi бойынша әрбiр келiсiм-шартқа қатысты қолданылуы тиiс.
(б) В бөлiмi бойынша әрбiр бiрiншi келiсiм-шартқа қатысты мынадай рәсiмдер қолданылуы тиiс:
- сатып алу рәсiмдерi бойынша қандай да болмасын берушіні
iрiктеуге дейiн Алушы (Қарыз алушы) Банкке алынған
өтiнiмдер бойынша салыстырмалы және бағалау есептерiн
ұсынуы тиiс;
- сатып алу рәсiмдерiне сәйкес жасасқан келiсiм-шарттар
әрекет еткенге дейiн Алушы (Қарыз алушы) Банкке
спецификациялардың көшiрмесi мен келiсiм-шарт жобасын
ұсынуы тиiс; және
- Нұсқауға 1-қосымшаның 2 (e), 2 (ж) және 3-параграфтарында
анықталған рәсiмдерге сүйену қажет.
3. Кейiннен қарау.
Осы бөлiмнiң 2-параграфының ережелерiмен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Нұсқауға қосымшаның 4-параграфында айтылған рәсiмдер қолданылады.
2-бөлiм. Консультанттардың қызмет көрсетуi.
А-бөлiмi. Жалпы ережелер.
Консультанттар көрсететiн қызметтер 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылдың қыркүйегiнде, 1999 жылдың қаңтары мен 2002 жылдың мамырында қайта қаралған Дүниежүзiлiк Банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалдауы жөнiндегi нұсқаудың (Консультанттар жөнiндегi нұсқау) I және IV бөлiмдерiнiң, сондағы 1-қосымшаның 1-параграфының, сондағы 2-қосымшаның шарттарына сәйкес; және осы бөлiмiнiң 2-тармағының келесi шарттарына сәйкес сатып алынатын болады.
Б-бөлiмi. Сапа мен құнға негiзделген iрiктеу.
1. Осы бөлiктiң В бөлiмiнде көрсетiлген жағдайларын қоспағанда, консультанттардың қызмет көрсетулерi консультанттар жөнiндегi нұсқаудың II бөлiмiнiң шарттарына және сапа мен құнға негiзделген iрiктеуге қолданылатын 3.13 бастап 3.18 дейiнгi тармақтардың шарттарына сәйкес төленетiн келiсiм-шарт негiзiнде сатып алынатын болады.
2. Келесi шарттар алдыңғы параграфтың шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сай консультанттардың қызметiн сатып алу үшiн қолданылатын болады; әрбiр келiсiм-шарт бойынша құны 100.000 АҚШ долларына кем болатын қызмет көрсетуге арналған консультанттардың қысқа тiзiмi 2.7-параграфтың және консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 8-ескертуiнiң шарттарына сәйкес толығымен ұлттық консультанттардан тұра алады.
В бөлiмi: Консультанттарды iрiктеу жөнiндегi басқа да
рәсiмдер.
1. Белгiленген бюджетке сәйкес iрiктеу.
Қоғамдық ағарту жөнiндегi кампанияның мiндеттерiн орындауға арналған қызметтер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.1 және 3.5-параграфының шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес төленуi мүмкiн.
2. Консультантты бiлiктiлiгiне сәйкес iрiктеу.
Құны кемiнде 100.000 АҚШ долларына баламалы аудит бойынша қызмет көрсетулер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.1 және 3.7-параграфтарының шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес төленуi мүмкiн.
3. Қызмет көрсетудiң бiр ғана көзiн iрiктеу.
Банкпен алдын ала келiсу бойынша топырақ үлгiлерiн алу мен талдауды, модель жасауды қамтитын көмiр қышқыл газының сiңiрiлу деңгейiн бағалау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.8 және 3.11-параграфтарының шарттарына сәйкес төленуi мүмкiн.
4. Жеке консультанттар.
Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.1-тармағында жазылған талаптарға жауап беретiн мiндеттердi орындау үшiн жеке консультанттардың қызметi Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.1 және 5.3-тармақтарының шарттарына сәйкес жеке консультанттарға төленетiн келiсiм-шарттар негiзiнде сатып алынатын болады; және жобаның В және Г бөлiмдерi бойынша көрсетiлетiн қызметтер банк алдын ала мақұлдаған жағдайда Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.3 және 5.4-тармақтарының шарттарына сәйкес қызмет көрсетудiң бiр ғана көзi негiзiнде төленетiн болады.
Г-бөлiмi. Банктiң консультанттарды iрiктеудi қарауы
1. Ірiктеудi жоспарлау.
Консультанттардан Банктiң қарауы және мақұлдауы үшiн қызмет көрсетуге өтiнiмдер алғанға дейiн келiсiм-шарттардың құнын бағалаудан, келiсiмдер пакетiнен, iрiктеу өлшемдерi мен рәсiмдерден тұратын консультанттарды iрiктеу жоспары ұсынылуға тиiс. Консультанттар қызметiн iрiктеу (ара-арасында жаңарып отыратын) Банк мақұлдаған осы iрiктеу жоспарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
2. Алдын ала қарау.
(а) Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасының 2, 3 және 5-тармақтарында белгiленген рәсiмдер құны 50.000 АҚШ долларына баламалы және одан жоғары консультациялық фирманың жалдау туралы әрбiр келiсiм-шартқа қатысты қолданылуы тиiс.
(б) Қызмет көрсетудiң бiр ғана көзi негiзiндегi жеке консультанттарды жалдау туралы немесе құны 25.000 АҚШ долларына баламалы және одан жоғары әрбiр келiсiм-шартты Банктiң қарауы мен мақұлдауына қатысты кандидаттардың бiлiктiлiгi мен тәжiрибесiн салыстыру туралы есеп, консультанттардың бiлiктiлiгi, тәжiрибесi, техникалық тапсырмасы және жалдау шарттары туралы деректер берiлуге тиiс. Келiсiм-шарт осындай мақұлдауды алғаннан кейiн ғана жасалады. Сондай-ақ, мұндай келiсiм-шарттарды жасасу үшiн Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасы 3-тармағының шарттары қолданылатын болады.
3. Кейiннен қарау.
Осы бөлiмнiң 2-тармағымен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасының 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылатын болады.
1. Бұл Қосымшаның мақсаттары үшiн:
(а) "тиiстi санаттар" терминi осы Келiсiмге қосымшаның 1-параграфының кестесiнде берiлген (1)-ден (4)-ке дейiнгi санаттарды бiлдiредi.
б) "тиiстi шығыстар" терминi Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн, ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын, уақыт өте келе тиiстi санаттар үшiн осы Келiсiмге қосымшаның ережелерiне сәйкес бөлiнетiн, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң орынды құнына сәйкес шығыстарды бiлдiредi.
в) "рұқсат етiлген сома" терминi Грант шотынан алынған және осы Қосымшаның 3 (а) параграфына сәйкес арнайы шотта орналастырылған 400 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi, егер Банк өзге шешiм көздемеген жағдайда, ЖЭҚ Грантының шотынан алынған сома мен жалпы ережелердiң 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнайы мiндеттемелердiң қосындысы 1 500 000 АҚШ долларына тең болмайынша немесе одан аспайынша, рұқсат етiлген сома 200 000 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiн шектелетiн болады.
2. Осы арнайы шоттан төлемдер осы Қосымшаның шарттарына сәйкес тек тиiстi шығыстарға берiлетiн болады.
3. Банк Арнайы шоттың тиiстi деңгейде ашылатындығын растайтын мәлiмет алғаннан кейiн Арнайы шотты толықтыру үшiн орналасуы мен кейiннен алынуы рұқсат етiлген қаражатты алу мынадай тәртiппен жүргiзiлуге тиiс:
а) орналасуы рұқсат етiлген қаражатты алу үшiн Алушы Банкке Арнайы шотқа жалпы көлемi рұқсат етiлген мөлшерден аспайтын соманы немесе сомаларды орналастыруға өтiнiм немесе өтiнiмдер бередi. Мұндай өтiнiмнiң негiзiнде Банк Алушының атынан Гранттық шоттан Алушы сұратқан соманы немесе сомаларды алады да, Арнайы шотқа салады.
б) (i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банкке Банк белгiлеген мерзiммен арнайы шотқа қаражат салуға өтiнiм бередi.
іі) Әрбiр осындай өтiнiмге дейiн немесе онымен бiрге Алушы Банкке олардың нәтижесiнде толықтыруға қажеттiлiк туған төлем және төлемдердiң осы толықтырудың 4-тармағына сәйкес талап ететiн құжаттары немесе басқа да дәлелдерiн бередi. Осындай әрбiр өтiнiмнiң негiзiнде Банк Алушының мүддесi үшiн ЖЭҚ Грантының шотынан қаражат алып, Алушы сұратқан және тиiстi шығындарды жабу үшiн Арнайы шоттан қаражаттың төленуi үшiн тиiстi құжаттармен немесе басқа да дәлелдермен расталған соманы арнайы шотқа салады. Бұл салымдардың барлығын Банк Гранттық шоттан олардың аталған құжаттар немесе басқа да дәлелдермен расталуына қарай тиiстi баптар бойынша және тиiстi ақшалай балама түрiнде ала алады.
4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем бойынша Алушы алдағы уақытта Банктiң негiзделген өтiнiшi бойынша Банкке төлемнiң тек қана тиiстi шығыстарға жiберiлгендiгiн растайтын осындай құжаттарды немесе дәлелдердi бередi.
5. Осы қосымшаның 3-тармағының шарттарына қарамастан:
а) егер, кез келген уақытта Банк әрi қарай қаражат алу тiкелей жалпы ережелердiң 5-бабының шарттарына және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) параграфына сәйкес ЖЭҚ Грантының шотынан жүргiзiлетiн болады деп шешсе;
б) егер Алушы осы Келiсiмнiң 4.01. б)-бөлiмiнiң іі) тармағының б) тармақшасында көрсетiлген уақыт кезеңiнде осы бөлiмге сәйкес Банкке беру үшiн талап етiлетiн, арнайы шот бойынша жазбалар мен есептер аудитiне жататын аудиторлық есептердiң кез-келгенiн бермесе;
в) Егер Банк Жалпы ережелердiң 6.02-бөлiмiнiң шарттарына сәйкес ЖЭҚ Грантының шотынан қаражат алуға деген Алушының құқығын толықтай немесе iшiнара тоқтату туралы өзiнiң ойын кез келген уақытта Алушыға хабарласа немесе бiлдiрсе;
г) ЖЭҚ грантының қалған қаражатының жалпы сомасынан шегерiлген Жоба бойынша Жалпы ережелердiң 5.02 бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнайы мiндеттемелердiң барлық сомасы орналасуы рұқсат етiлген соманың екi есесiне балама болып шықса, арнайы шотқа әрi қарай қаржы салу туралы өтiнiш қанағаттандырмайтын болады.
Тиiстi санаттарға бөлiнген, ЖЭҚ Грантының қалған қаражатын Гранттық шоттан кейiннен алу ол жөнiнде Банк Алушыны арнайы хабардар ететiн рәсiмдерге сәйкес жүретiн болады. Осы кейiнгi алу егер Банк осы құлақтандыру сәтiнде Арнайы шотта қалған барлық қаражаттар тиiстi шығыстарды төлеуге жұмсалып болатынын растайтын хабар алған жағдайда ғана немесе кейiн жүзеге асырылатын болады.
6. а) Егер де Банк кез келген уақытта Арнайы шоттан қандай да болмасын төлем:
i) осы Қосымшаның 2-параграфына сәйкес емес шығындарға немесе
мөлшерде жүргiзiлгендiгiн; немесе
ii) Банкке берiлген дәлелмен расталмағанын анықтаса, Алушы
Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн бiрден: А) Банктiң
өтiнiшi бойынша мұндай қосымша дәлелдi тапсырады; немесе
Б) Арнайы шотқа (немесе Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке
өтейдi) сәйкес келмейтiн немесе расталмаған төлемнiң
немесе оның бөлiгiнiң сомасына тең соманы салады. Егер
Банк өзгеше көрсетпесе, Банк Алушы осындай дәлелдердi
бергенше немесе осындай салымды жүзеге асырмағанша немесе
жағдайға байланысты өтемегенше Арнайы шотқа одан әрi
салым салуды жүргiзбейтiн болады.
б) Егер Банк қандай да болмасын уақытта Арнайы шотта қалған сома тиісті шығыстарға одан әрi төлем төлеу үшiн талап етiлмейдi деп анықтаса, Алушы Банк хабарлама жасағаннан кейiн бiрден Банкке осы қалған соманы өтейдi.
в) Алушы Банктi осындай ниетi туралы хабардар етiп Арнайы Шоттағы депозиттегi қаражатты Банкке толық немесе iшiнара қайтаруға құқылы.
г) Осы Қосымшаның 6-параграфының (а), (б) және (в) тармақтарына сәйкес Банкке қайтарылған (өтелген) қаражат Жалпы Шарттардың ережелерiн қоса алғанда, осы Келiсiмнiң қолданылатын ережелерiне сәйкес кейiннен алу немесе бекерлеу үшiн ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Гранттық Шотына алынатын болады.
Берiлген мәтiннiң ағылшын тiлiнен казақ тiлiне аудармасы түп нұсқамен бiрдей екенiн куәландырамын.
Бірінші Вице-Министр
РҚАО-ның ескертуі: әрі қарай мәтін ағылшын тілінде (қағаз мәтінін қараңыз).