Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 529 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі  Қылмыстық кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат):

      49-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.";

      төртінші бөлік "орындалады." деген сөздің алдынан ", сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.".

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Қылмыстық іс жүргізу кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):

      1) 458-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін өлім жазасы туралы үкімді қайта қарау осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      2) 459-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Заңды күшіне енген өлім жазасы туралы үкімдер өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы да мүмкін.".

      3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Қылмыстық-атқару кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат):

      1) 69-баптың 8-тармағы ", сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады." деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 126-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі "өтейді." деген сөз ", сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 127-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар басқа сотталғандардан оқшау, жалғыз адамдық камераларда ұсталады.";

      4) 165-баптың 5-тармағы "бір жыл өткеннен ерте орындалмайды." деген сөздер "ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 166-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в Уголовный, Уголовно-процессуальный и Уголовно-исполнительный кодексы Республики Казахстан в связи с введением моратория на исполнение смертной казни

Закон Республики Казахстан от 10 марта 2004 года N 529

      Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

     

      1. В Уголовный кодекс  Республики Казахстан от 16 июля 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 15-16, ст. 211; 1998 г., N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 225; 1999 г., N 20, ст. 721; N 21, ст. 774; 2000 г., N 6, ст. 141; 2001 г., N 8, ст. 53, 54; 2002 г., N 4, ст. 32, 33; N 10, ст. 106; N 17, ст. 155; N 23-24, ст. 192; 2003 г., N 15, ст. 137; N 18, ст. 142):

      в статье 49:

      часть третью изложить в следующей редакции:
      "3. При введении Президентом Республики Казахстан моратория на исполнение смертной казни исполнение приговора о смертной казни приостанавливается на время действия моратория.";
      часть четвертую дополнить словами ", а также не ранее чем по истечении одного года после отмены моратория на исполнение смертной казни.";

      дополнить частью пятой следующего содержания:
      "5. Смертная казнь в порядке помилования может быть заменена пожизненным лишением свободы или лишением свободы на срок двадцать пять лет с отбыванием наказания в исправительной колонии особого режима. Лица, приговоренные к смертной казни, в случае отмены моратория на исполнение смертной казни имеют право ходатайствовать о помиловании независимо от того, ходатайствовали ли они об этом до введения моратория или нет.".

      2. В Уголовно-процессуальный кодекс  Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 23, ст. 335; 1998 г., N 23, ст. 416; 2000 г., N 3-4, ст. 66; N 6, ст. 141; 2001 г., N 8, ст. 53; N 15-16, ст. 239; N 17-18, ст. 245; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 32, 33; N 17, ст. 155; N 23-24, ст. 192; 2003 г., N 18, ст. 142):

      1) статью 458 дополнить частью четвертой следующего содержания:
      "4. Пересмотр приговора о смертной казни после отмены моратория на ее исполнение осуществляется в порядке и по основаниям, которые предусмотрены настоящим Кодексом.";

      2) статью 459 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "3. Вступившие в законную силу приговоры о смертной казни могут быть также пересмотрены после отмены моратория на исполнение смертной казни.".

      3. В Уголовно-исполнительный кодекс  Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 24, ст. 337; 2000 г., N 6, ст. 141; N 8, ст. 189; N 18, ст. 339; 2001 г., N 8, ст. 53; N 17-18, ст. 245; N 24, ст. 338; 2002 г., N 23-24, ст. 192):

      1) пункт 8 статьи 69 дополнить словами ", а также содержатся лица, в отношении которых приговор о смертной казни вступил в силу до введения моратория или во время действия моратория на исполнение смертной казни";

      2) пункт 1 статьи 126 после слова "режимов" дополнить словами ", а также лица, в отношении которых приговор о смертной казни вступил в силу до введения моратория или во время действия моратория на исполнение смертной казни";

      3) пункт 2 статьи 127 дополнить предложением вторым следующего содержания:
      "Лица, в отношении которых приговор о смертной казни вступил в силу до введения моратория или во время действия моратория на исполнение смертной казни, содержатся в одиночных камерах изолированно от других осужденных.";

      4) пункт 5 статьи 165 дополнить словами ", а также не ранее чем по истечении одного года после отмены моратория на исполнение смертной казни";

      5) пункт 1 статьи 166 дополнить предложением следующего содержания:

      "В случае введения Президентом Республики Казахстан моратория на исполнение смертной казни осужденный имеет также право в течение года после отмены моратория обратиться с ходатайством о помиловании независимо от того, ходатайствовал ли он об этом до введения моратория либо во время его действия или нет.".

      Президент
      Республики Казахстан