"Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571 Заңы

       1-бап.  "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; N 11, 56-құжат; 2003 ж., N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңмен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.";

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде, банктерді пруденциялық реттеу және резервтік талаптар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін заңдарын орындауын бақылауды жүзеге асырады.";

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Даму Банкінің операциялары

      Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай операцияларды жүзеге асырады:
      1) заемдық операциялар: осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      2) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
      3) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспай, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілгерлігі мен өзге де міндеттемелерді беру;
      4) аккредитивті ашу (қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      5) Даму Банкінің өтімділігін басқару мақсатында банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      6) Даму Банкі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкінің заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиіс;
      7) шартты салымдардың арнаулы шоттарын, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар жөніндегі шарттарға сәйкес резервтік шоттарды ашу және жүргізу;
      8) заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында қаражаттарды есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу;
      9) Даму Банкі заемшыларының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын корреспондент-банктердің, ұйымдардың тапсырмалары бойынша олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
      10) аударым операциялары: заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
      11) Даму Банкі заемшыларының пайдасына төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      12) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк депозиттерін қабылдау;
      13) Қазақстан Республикасының банк заңдарында, осы Заңда және Меморандумда белгіленген жағдайларда мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет;
      14) лизинг қызметі;
      15) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару;
      16) өз мүлкін жалға беру.";

      4) 15-баптың 2) тармақшасындағы "2), 3) және 5) тармақшаларында" деген сөздер "5) - 8) және 12) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Даму Банкі есеп жүргізуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.";

      6) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бақылаушы органы - ішкі аудит қызметі.".

       2-бап.  Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті      

О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О Банке Развития Казахстана"

Закон Республики Казахстан от 6 июля 2004 года N 571

       Статья 1.  Внести в  Закон  Республики Казахстан от 25 апреля 2001 г. "О Банке Развития Казахстана" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 9, ст. 85; N 11, ст. 56; 2003 г., N 12, ст. 83; N 15, ст. 139) следующие изменения:

      
      1) пункт 2 статьи 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Законодательство Республики Казахстан, регулирующее банковскую деятельность и иные лицензируемые виды деятельности, применяется к Банку Развития в части, не урегулированной настоящим Законом.";

      
      2) пункт 2 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "2. Уполномоченный государственный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций и Национальный Банк Республики Казахстан в пределах полномочий, определенных законодательными актами Республики Казахстан, осуществляют контроль за исполнением Банком Развития законодательства Республики Казахстан, регулирующего деятельность финансовых организаций, за исключением нормативных правовых актов по вопросам пруденциального регулирования банков и резервных требований.";

      
      3) статью 7 изложить в следующей редакции:
      "Статья 7. Операции Банка Развития

      
      Для выполнения своих функций Банк Развития осуществляет следующие операции в национальной и иностранной валюте без лицензии уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций:
      1) заемные операции: предоставление кредитов в денежной форме на условиях платности, срочности и возвратности юридическим лицам с учетом ограничений, предусмотренных подпунктом 1) статьи 15 настоящего Закона;
      2) выдачу банковских гарантий, предусматривающих исполнение в денежной форме, юридическим лицам с учетом ограничений, предусмотренных подпунктом 1) статьи 15 настоящего Закона;
      3) выдачу банковских поручительств и иных обязательств за юридических лиц, предусматривающих исполнение в денежной форме, исключая лиц, указанных в подпункте 1) статьи 15 настоящего Закона;
      4) открытие (выставление) и подтверждение аккредитива и исполнение обязательств по нему;
      5) открытие и ведение корреспондентских счетов банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, в целях управления ликвидностью Банка Развития;
      6) открытие и ведение банковских счетов для зачисления займов Банка Развития, других займов и средств республиканского и местных бюджетов в целях осуществления платежей и переводов денег, предусмотренных договорами, заключенными в соответствии с обслуживаемыми Банком Развития инвестиционными проектами и экспортными операциями. При этом сумма денег на банковских счетах должна быть не более суммы совершаемых по ним операций, предусмотренных настоящим подпунктом;
      7) открытие и ведение специальных счетов условного вклада, а также резервных счетов в соответствии с договорами по гарантированным государством займам;
      8) открытие и ведение банковских счетов для зачисления средств в целях обеспечения обязательств юридических лиц перед Банком Развития;
      9) осуществление расчетов по поручению заемщиков Банка Развития, банков-корреспондентов, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, по их банковским счетам;
      10) переводные операции: выполнение поручений юридических лиц по переводу денег;
      11) прием на инкассо платежных документов (за исключением векселей) в пользу заемщиков Банка Развития;
      12) прием депозитов банков в целях обеспечения ликвидности Банка Развития;
      13) дилерскую деятельность с государственными ценными бумагами, а также иными ценными бумагами в случаях, установленных банковским законодательством Республики Казахстан, настоящим Законом и Меморандумом;
      14) лизинговую деятельность;
      15) выпуск эмиссионных ценных бумаг;
      16) сдачу в аренду собственного имущества.";

      
      4) в подпункте 2) статьи 15 слова "в подпунктах 2), 3) и 5)" заменить словами "в подпунктах 5)-8) и 12)";

      
      5) пункт 2 статьи 19 изложить в следующей редакции:
      "2. Ведение учета Банком Развития осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      
      6) подпункт 4) пункта 1 статьи 23 изложить в следующей редакции:
      "4) контрольный орган - служба внутреннего аудита.".

      
       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2004 года.
      
 
       Президент
      Республики Казахстан