Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) ақпарат беру туралы шарт- осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;

      3) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;

      5) жазбаша нұсқама – уәкілетті органның кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке қолданатын ықпал ету шарасы;

      6) кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;

      7) кредиттік есеп - кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;

      8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;

      9) кредиттік есепті алушы - кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;

      10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;

      10-1) кредиттік скоринг – сапа мен сан сипаттамаларына негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығасыларды бағалау;

      11) кредиттік тарих - кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;

      12) кредиттік тарих субъектісі - өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;

      13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;

      13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) – кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарих субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;

      13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралынемесе кредиттік тарих субъектісінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;

      14) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;

      15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары - кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;

      16) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның электрондық ақпараттық ресурстары;

      16-1) нақты уақыт режимі – әрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;

      16-2) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;

      17) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      18) шартты және ықтимал міндеттемелер - өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөнiндегi қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерi қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.

      2-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кредиттік бюроларға және өзге заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шектерде қолданылады.

      2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері

      Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;

      2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;

      3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;

      4) ақпараттың құпиялылығы;

      5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;

      6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

      7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау

4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

      1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.

      Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы.

      Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

      1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

      2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру;

      3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;

      4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларға, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;

      5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;

      6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

      3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай:

      1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтердің тізбесі туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін);

      2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы;

      3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы;

      3-1) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібі туралы;

      4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы;

      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің және осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ақпаратты өзге берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

      Есептіліктің тізбесі, нысандары, кредиттік бюроның оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату

6-бап. Кредиттiк бюролар

      1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.

      Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 317 Заңымен.

      3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.

      Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.

      4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi

      1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.

      2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:

      1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

      2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткiзу;

      3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;

      4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      4-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде);

      5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;

      8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер жатады.

      2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

      2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады және міндетті болып табылады. Осы баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген қызметті мемлекет қатысатын кредиттік бюроның жүзеге асыруына жол берілмейді.

      3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

7-1-бап. Кредиттік скоринг

      1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өзі дербес есептейді.

      Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпарат беру тәртібін кредиттік бюро өзі дербес айқындайды.

      2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін және (немесе) өзі дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.

      Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне және өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тәуекелдерді бағалаудың өз әдістемелерін ашуға міндетті емес.

      3. Кредиттік тарих субъектілері – жеке тұлғалар кредиттік скорингті қарыздар, микрокредиттер алғанға дейін және кредиттік тәуекелі бар қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алғанға дейін өзінің кредит өтеу қабілетінің деңгейін айқындау мақсатында пайдаланады.

      4. Уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттік скоринг туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

      Ескерту. 3-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар

      Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:

      1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;

      2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;

      3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;

      4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі

      1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:

      1) рұқсат алудан;

      2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.

      2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:

      1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;

      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;

      3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.

      4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.

      5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.

      Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері

      1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      3. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.

      5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бaп Рұқсат беруден бас тарту

      Рұқсат беруден бас тарту:

      1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;

      2) осы Заңның 8-бабында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;

      3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған;

      4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар

      1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.

      Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      1-2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      1-3. Кредиттік бюро, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:

      1) әкiмшілік айыппұл салу;

      2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;

      3) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 317 Заңымен.

      3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақтан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған жағдайда, уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақтан Республикасының Заңына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру

      1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;

      2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;

      3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.

      3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

      Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13-бап. Рұқсаттан айыру

      Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;

      2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;

      3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;

      4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;

      5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау

      1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртiбiн кредиттiк бюро айқындайды.

      2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен кейін бес жыл бойы қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату

      Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.

      Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.

      Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде – кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде – сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.

      Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары

      Кредиттiк бюро:

      1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;

      2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның
25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпаратты талап етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;

      3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;

      3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері

      1. Кредиттік бюро:

      1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;

      2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;

      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;

      4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.

      Кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін ақпарат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;

      5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;

      6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті ұсынуға;

      8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;

      9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде және 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

      10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден және осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;

      12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.

      2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:

      1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды;

      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (01.08.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Ақпарат берушілер

      1. Мыналар:

      1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1) тармақшаның қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңымен.

      1-1) коллекторлық агенттіктер, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;

      2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

      3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;

      3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.

      2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөнiндегi қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 № 311, 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

      1. Ақпарат берушi:

      1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

      2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:

      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;

      2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;

      3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;

      4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;

      5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;

      6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

      7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

      8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға:

      осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін – осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;

      осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

      коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпарат беруге міндетті.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы мынадай:

      жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, банктік қарыздың, микрокредиттің сомасы мен мақсатын көрсете отырып, банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

      2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:

      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;

      2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.

      3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:

      1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;

      2) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.

      5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

20-бап. Кредиттік есептерді алушылар

      1. Мыналар:

      1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;

      2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар;

      4) кредиттік тарих субъектісі;

      4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;

      4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

      4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 4-4), 4-5) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.

      Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері

      1. Кредиттiк есептi алушы:

      1) кредиттiк есептi алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

      2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

      2-1. Кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға кредиттік бюро айқындайтын тәртіппен кредиттік бюродан өзінің кредиттік скорингі туралы ақпаратты өтеусіз алуға құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-2-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:

      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келiсiмiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;

      2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табыс етiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;

      3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;

      4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;

      5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;

      6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;

      7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары

      Кредиттiк тарих субъектiсi:

      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келiсiм беруге;

      2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келiсiм беруге;

      3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;

      4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;

      5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;

      6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;

      7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге жүгінуге;"

      8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы. Осы тармақшада көзделген құқық заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісіне қолданылмайды.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру

23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары

      1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.

      Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

      4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.

      5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.

      6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға келiсiмiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26 № 311, 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпаратта:

      1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;

      2) кредиттердi (өтеу көзін көрсете отырып), сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);

      3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;

      3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;

      3-2) банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпарат;

      3-3) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімді не жаңа банктік қарыз шартын және (немесе) микрокредит беру туралы шартты жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәліметтер;

      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер болуға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.

      1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде және сервистік компаниялар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:

      1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;

      2) борышты сатып алу күні;

      3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;

      4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;

      5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;

      5-1) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу не банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәліметтер;

      6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

      2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:

      1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;

      2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);

      3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;

      4) тараптардың келiсiмi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi болуға тиiс.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi болуға тиiс.

      5. Кредиттiк бюроларға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:

      1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;

      1-1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені не алып тастағаны туралы мәліметтер;

      2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюроларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты нақты уақыт режимінде береді.

      5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:

      1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;

      2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;

      3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;

      4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);

      5) көрсетілетін қызметтің түрі;

      6) кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);

      7) кредиттік тарих субъектісі – заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);

      8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.

      5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:

      1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;

      2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;

      3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;

      4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

      6. Осы баптың 2 және 5-тармақтарында көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2007.07.26 № 311, 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (01.08.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келiсiмiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.

      3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.

      4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің осы Заңның 24-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың осындай ақпаратты осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерге беруіне кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) және 3-2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.

      2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесiндегi ақпаратты:

      1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;

      1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;

      2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;

      3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;

      4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.

      3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.

      4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар

27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.

      2. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:

      1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелерi туралы ақпарат;

      2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;

      3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;

      4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, оларды беру мерзiмi (кезеңдiлiгi), тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары;

      5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;

      6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;

      7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;

      8) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 317 Заңымен;

      9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершiлiгi;

      10) ақпарат берушінің өзінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;

      11) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.

      3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:

      1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда, бұзу негіздері мен тәртібі сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;

      3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;

      4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;

      5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;

      6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;

      7) тараптардың жауапкершілігі;

      8) кредиттік есепті алушының өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.

      4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу

      Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:

      1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;

      2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);

      3) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

      3-1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      4) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      28-бапты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

29-бап. Кредиттік есептi беру

      1. Кредиттiк есептi беруге:

      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;

      2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;

      3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.

      Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.

      2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.

      3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.

      3-1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.

      Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.

      4. Кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісіне оның өзіне қатысты кредиттік есепті беруі кредиттік тарих субъектісінің жазбаша сұрау салуы не электрондық нысандағы сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.

      5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.

      6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.

      7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.

      8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

      Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртiбi шартқа сәйкес айқындалады.

      Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін, уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.

      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері

      Ескерту. Заң 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру

      1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.

      2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:

      1) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);

      4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);

      5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;

      6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;

      7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;

      8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);

      9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.

      Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.

      4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.

      5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.

      6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.

      Ескерту. 30-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру

      1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.

      2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.

30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі

      1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.

      2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi

      1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.

      2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.

      3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.

      4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.

      5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.

      Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртiбiмен қаралады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады