Брюссельде 1993 жылғы 2 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Қазақстан Республикасында Еуропалық қоғамдастықтар Комиссиясының Өкілдігін құру, оның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық
Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Қазақстан
Республикасында Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясының
Өкiлдiгiн құру, оның артықшылықтары мен
иммунитеттерi туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы,
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастықтар арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға және дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасының аумағында Комиссияның Өкiлдiгiн құру жағдайын анықтауға, сондай-ақ осы Өкiлдiкке артықшылықтар мен иммунитеттер беруге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi осымен Қазақстан Республикасының аумағында Комиссия Өкiлдiгiн құруға келiседi.
1. Еуропалық Қоғамдастықтардың әрқайсысы - Көмір мен болат Еуропалық бiрлестiгi, Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық - Қазақстан Республикасы аумағында құқық субъектілігiн пайдаланады.
2. Қоғамдастықтар келiсiм - шарттар жасасуға, жылжымайтын және жылжымалы мүлiк сатып алуға және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының рәсiмдiк және әкiмшiлiк талаптарына сәйкес өз функцияларын тиiмдi орындау үшiн қажеттiгiне қарай пайдалануға және процессуалдық iс-әрекеттер жасауға құқылы. Осы мақсаттарда Комиссия Қоғамдастықтар атынан өкiлдiк етедi.
1. Комиссия Өкiлдiгi, оның Басшысы және қызметкерлерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының аумағында 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында бекiтiлген құқықтарды, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады және мiндеттемелер алады, тиiсiнше осы айтылғандар Қазақстан Республикасында тiркелген, өздерiне мiндеттемелер алатын дипломатиялық өкiлдiктерге, осы өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiне, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де берiледi. Осы тармақта айтылып отырған артықшылықтар мен иммунитеттер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Өкiлдiк қызметкерлерiне қолданылмайды.
2. 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының қалған ережелерi mutatis mutandis (осындай жағдайда қолданылатын ерекше талаптарға сәйкес) қолданылады.
3. Осы құқықтар, артықшылықтар мен иммунитеттер 1965 жылғы 8 сәуiрде Брюссельде жасалған Еуропалық Қоғамдастықтардың Бiрыңғай Кеңесi мен Бiрыңғай Комиссиясын құру туралы Шартқа қоса тiркелген Еуропалық Қоғамдастықтардың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы хаттаманың 17-бабының ережелерiне сәйкес Еуропалық Қоғамдастықтарға мүше мемлекеттер тап сондай құқықтарды, артықшылықтар мен иммунитеттердi Қазақстан Республикасының Өкiлдiгiне, оның Басшысы мен қызметкерлерiне, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де берген жағдайда ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осымен Еуропалық Қоғамдастықтар өз мекемелерiнiң лауазымды адамдарына және басқа да қызметкерлерiне жарамды жол жүру құжаттары ретiнде берген қызметтiк паспорттарын таниды.
Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдануға қатысты кез келген дау - уағдаластыққа қол жеткiзу мақсатында екi Тараптың арасында консультациялар жүргiзу арқылы шешiледi.
Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмдi бекiту үшiн қажеттi тиiстi рәсiмдердi аяқтағаны туралы екiншi Тарапқа хабарлайды, осындай екiншi хабарлама алынған күннен бастап Келiсiм күшiне енедi.
Осыны куәландыру үшiн, бұған тиiстi түрде өкiлеттiк алған төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
Брюссельде 1993 жылғы 2 ақпанда қазақ және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды, екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Еуропалық Қоғамдастықтар
Сыртқы экономикалық Комиссиясының мүшесi
байланыстар министрi
Сыздық ӘБIШЕВ Ханс BAH ДЕН БРУК
"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Қазақстан Республикасында Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясының Өкiлдiгiн құру, оның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы келiсiмнiң" қазақ тiлiндегi мәтiнi осы Келiсiмнiң орыс тiлiндегi мәтiнiне сәйкес келедi.
ҚР Сыртқыісминiнiң Құжаттарды
мемлекеттiк тілде қалыптастыру
бөлiмiнiң бастығы
Ағылшын тiлiнен бейресми аударма
Еуропалық Қоғамдастықтардың
артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы
1965 жылғы 8 сәуiрдегi хаттама
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР,
Еуропалық Қоғамдастықтардың Ортақ Кеңесiн және Ортақ Комиссиясын құру туралы келiсiмнiң 28-бабына сәйкес, осы Қоғамдастықтар мен Еуропалық Инвестициялық Банк мүше елдердiң аумақтарында өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажетті артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатындықтарын назарға ала отырып,
Осы Келiсiмге тiркелетiн төмендегі шарттар туралы КЕЛIСТI:
I тарау - Еуропалық Қоғамдастықтардың меншiгi, қорлары, активтерi және қызметi
II тарау - Байланыс құралдары және шекарадан еркiн өту құқығын беретiн құжаттар (laissez-passer)
III тарау - Еуропалық Парламенттiң мүшелерi
IV тарау - Еуропалық Қоғамдастықтардың мекемелерi жұмысына қатысатын мүше мемлекеттердiң өкiлдерi
V тарау - Еуропалық Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары және басқа да қызметкерлерi
VI тарау - Еуропалық Қоғамдастықтар жанында тiркелген үшiншi елдер миссияларының артықшылықтары мен иммунитеттерi
VII тарау - Жалпы ережелер
Қоғамдастықтардың үй-жайлары мен ғимараттарына қол сұғылмауы тиiс. Олар тiнтiлмейдi, реквизицияланбайды, тәркiленбейдi немесе экспроприацияланбайды. Қоғамдастықтардың меншiгi мен активтерi Әдiлет сотының рұқсатынсыз қандай да бiр әкiмшiлiк немесе құқықтық шектеу шараларына ұшырамауы тиiс.
Қоғамдастықтар, олардың активтерi, кiрiстерi және басқа да меншiгi барлық тiкелей салықтардан босатылуы тиiс.
Қоғамдастықтар ресми түрде пайдалануы үшiн, бағасына төмендегi салықтардың түрлерi қосылатын, iрi сатып алулар жасаған жағдайларда, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктiң бағасына қосылған жанама немесе коммерциялық салықтарды төлеуден босату немесе олардың сомасының орнын толтыру үшiн мүше мемлекеттердiң үкiметтерi, мүмкiн болатын, барлық жерде тиiстi шаралар қолдануы тиiс. Алайда мұндай шарттардың Қоғамдастықтар шегіндегi бәсекелестiктi бұзатындай әсерi болса қолданылмайды.
Коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындар қызметтерiнің төлемдерiн құрайтын салықтар мен төлемдерге қатысты ешқандай жеңiлдiктер жасалмайды.
Қоғамдастықтардың ресми түрде пайдалануларына арналған тауарларының импорты мен экспорты барлық кедендiк баждардан, тыйым салулардан және шектеулерден босатылуы тиiс: осындай тәсiлмен әкелiнген тауарлар, олар үшiн төлем төленген жағдайда да олар импортталған елдiң аумағында, осы елдiң үкiметi мақұлдаған шарттардан басқа мақсаттарда пайдаланылмауы тиiс.
Қоғамдастықтар сондай-ақ өздерiнiң баспа басылымдарына қатысты импорт пен экспортқа арналған кез келген кедендiк баждардан және тыйым салулардан немесе шектеулерден босатылуы тиiс.
Көмiр және болат жөнiндегі еуропалық бiрлестiк кез келген түрдегi валютаға ие бола алады және кез келген валютамен ақшалай операциялар жүргізе алады.
Қоғамдастықтар институттары әрбiр мүше мемлекеттiң аумағында байланыс құралдары пайдаланылатын ресми қатынас пен өзiнiң құжаттарының бәрiн де жөнелту кезiнде осы ел дипломатиялық миссияларға беретiнi сияқты жеңілдiктердi пайдаланады.
Қоғамдастықтар институттарының ресми хат-хабарлары мен байланыс құралдары пайдаланылатын басқа да ресми қатынасы цензураға душар болмауы тиiс.
1. Кеңес ұйғарған нысанда болатын және мүше мемлекеттердiң өкiмет орындары жүрiп-тұру үшiн жарамды құжат ден танылуы тиiс, шекара арқылы еркiн өтуге құқық беретiн құжаттарды (laissez-passer) Қоғамдастықтар институттарының мүшелерiне және қызметкерлерiне осы институттардың Президенттерi беруi мүмкiн. Бұл құжаттар (laissez-passer) лауазымды тұлғаларға және Қоғамдастықтардың персоналды басқару жөнiндегi нұсқаулықтарында бекiтiлген шарттармен және басқа да қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуы шарттарымен тiзiм бойынша басқаларға да берiлуi тиiс.
Комиссия осы құжаттарды үшiнші елдер аумақтарында жүрiп-тұруға жарамды деп тануы үшiн осы құжаттар (laissez-passer) бойынша тиiстi келiсiмдердi жасасуы мүмкiн.
2. Көмiр мен болат жөнiндегі еуропалық бiрлестiктiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы хаттаманың 6-бабындағы талаптар осы Келiсiмнiң күшiне енуi кезiнде қолдарында аталған бапта көзделген құжаттары (laissez-passer) бар институттардың мүшелерi мен қызметшiлерiне қатысты осы Баптың 1-параграфындағы шарттар қолданысқа енгенге дейiн бұрынғысынша қолданылуы тиiс.
Еуропалық Парламенттiң кездесу орнына бет алған немесе сондай кездесуден қайтқан Еуропалық Парламент мүшелерiнiң еркiн жүрiп-тұруларына ешқандай әкiмшiлiк немесе басқа да шектеу қойылмауы тиiс.
Еуропалық Парламент мүшелерiне кедендiк және валюталық бақылауға қатысты төмендегiдей жағдайлар:
(а) олардың өз үкiметтерiнiң шетелге қысқа мерзiмдi iссапарға шығатын жоғары лауазымды тұлғаларына жасайтын жеңiлдiктерi қандай болса, сондай жағдайлар;
(б) басқа мүше мемлекеттердiң үкiметтерi қысқа мерзiмдi iссапарда болатын шетелдiк үкiметтердiң өкiлдерiне жасайтын жеңiлдiктерi қандай болса, сондай жағдайлар жасалады.
Еуропалық Парламент мүшелерi қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында өздерiнiң бiлдiрген пiкiрлерi немесе берген дауыстары үшiн жауап алуға, ұсталуға немесе заңдық рәсiмдердiң қандай да бiр нысанына ұшырамауы тиiс.
Еуропалық Парламент сессиясы кезеңiнде оның мүшелерi:
а) өз мемлекетiнiң аумағында: өз Парламентiнiң мүшелерiне берiлетiн иммунитеттердi;
б) кез-келген басқа мүше мемлекет аумағында: ұсталудың және заңдық рәсiмдердiң кез келген әрекетiнен иммунитеттi пайдаланады.
Иммунитет Еуропалық Парламенттiң кездесу орнына бара жатқан және одан қайтып келе жатқан оның мүшелерiне осы тақылеттес үлгiде қолданылуы тиiс.
Егер Парламент мүшесi қылмыс жасауға әрекеттенген кезiнде ұсталған болса, иммунитет пайдаланылмайды және Еуропалық Парламенттiң оның мүшелерiнiң бiрiн иммунитеттен айыру құқығын пайдалануына кедергі келтiрмейдi.
Қоғамдастықтар институттарының қызметiне қатысатын мүше мемлекеттердiң өкiлдерi, олардың кеңесшiлерi мен техникалық сарапшылары жұмыс бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде және кездесу орнына бара жатқан және одан қайтып келе жатқан уақытта жалпыға бiрдей қабылданған артықшылықтарды, иммунитеттердi және жағдайларды пайдаланатын болады.
Осы Бап сондай-ақ Қоғамдастықтардың консультативтiк органдарының мүшелеріне де қолданылады.
Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерi, өздерiнiң азаматтығына қарамастан, кез-келген мүше мемлекеттiң аумағында:
а) бiр жағынан, Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерiнiң жауапкершiлігі жөнiндегi қағидаларға қатысты, екiншi жағынан, Қоғамдастықтардың және олардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерi арасындағы даулар кезiндегі Сот юрисдикциясына қатысты Келісiмдердiң ережелерiне бой ұсына отырып, лауазымды тұлғалар мен басқа да қызметкерлердiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаған iс-әрекеттерi, оның iшiнде ауызша немесе жазбаша сөздерi үшiн заңдық рәсiмдерден қол сұғылмаушылықты пайдаланады. Олар осы қол сұғылмаушылықты қызметтiк жұмысы аяқталғаннан кейiн де сақтауды жалғастырады;
б) жұбайларымен және отбасы мүшелерiмен бiрге иммиграциялық шектеулерден немесе шетелдiктердi тiркеуге арналған шарттылықтардан босатылады;
в) валюта немесе оны айырбастау ережелерiне қатысты, әдетте, халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларына берiлетіні сияқты жеңiлдiктердi пайдаланады;
г) өкiлдiк орналасқан елге қызметке алғашқы тағайындалған кезде баж салығынсыз жиһазы мен мүлкiн әкелуге құқылы және сол елдегi қызмет мерзiмi аяқталғаннан соң жиһазы мен мүлкiн баж салығынсыз керi экспорттауға құқылы, ал бұл жағдайлардың әрқайсысының шарттарын өкiлдiк орналасқан елдiң үкiметi қарайды;
д) өздерi бұдан бұрын тұрған елде не өздерi азаматтары болып табылатын елде сол елдегi нарықтық шарттармен жеке пайдалануы үшiн сатып алған автомобилiн баж салығынсыз әкелуге және баж салығынсыз керi экспорттауға құқылы, ал бұл жағдайлардың әрқайсысының шарттарының қажеттiлiгiн өкiлдiк орналасқан елдiң үкiметi қарайды.
Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерi жалақыдан, сондай-ақ Комиссияның ұсынысы бойынша жұмыс iстейтiн Кеңес белгілеген шарттарға және рәсiмдерге сәйкес Қоғамдастықтар жүзеге асыратын төлемдердiң пайдасынан Қоғамдастықтарға салық төлеуi тиiс.
Олар Қоғамдастықтар жүзеге асыратын жалақыға, қаламақыға және төлемдерге ұлттық салық салулардан босатылуы тиiс.
Табыс салығын, пайдаға салынатын салықты және мұра салығын қолдануға, сондай-ақ Қоғамдастықтарға мүше мемлекеттер арасында жасалынған қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісiмдердi орындауға қатысты, Қоғамдастықтар үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындау себебi бойынша ғана Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерi тұрақты тұрғылықты орны болып табылатын елден өзге мүше мемлекеттiң аумағына тұруға келсе, олар Қоғамдастықтарға қызметке тұрған кезде салық салу тұрғысынан алғанда, өздерi нақты тұрып жатқан ел де, сондай-ақ өздерi тұрғылықты тұратын ел де тұрақты тұратын орны ретiнде қаралуы тиiс, бұл ретте соңғы ел Қоғамдастықтардың мүшесi болып табылуы қажет. Бұл шарт сондай-ақ жеке алғанда, кәсiпкерлікпен айналыспаған жағдайда, жұбайына, және осы Бапта аталған адамдардың асырауындағы балаларға да қолданылуы тиiс.
Жоғарыдағы параграфта айтылған тұлғаларға тиесiлi және өздерi тұрып жатқан елдiң аумағында орналасқан жылжымалы мүлкi ол елде мұра салығынан босатылуы тиiс; мұндай меншiк салық мақсаты үшiн баж салығын бағалау мақсатында тұрақты тұратын тұрғылықты елiнде орналасқаны сияқты қаралуы тиiс, бұл ретте үшiншi елдердiң құқықтарын бұзбау талабы және қосарланған салық салу жөнiндегі халықаралық келiсiмдердiң шарттарын қолдану мүмкiндiгi сақталады.
Қызметтегi мiндеттерiн орындау үшiн ғана басқа халықаралық ұйымдардан сатып алынған кез келген тұрғын үй-жай осы Баптың қағидаларын қолданған кезде назарға алынбауы тиiс.
Комиссияның ұсынысы бойынша ынтымақтасып жұмыс iстейтiн Кеңес, Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi төлемдер кестесiн белгiлеуi тиiс.
Комиссияның ұсынысы бойынша жұмыс iстейтiн Кеңес басқа да мүдделi ұйымдармен консультациялар жүргiзгеннен кейiн 12-баптың, 13-баптың 2-параграфының және 14-баптың қағидалары толық немесе iшiнара қолданылатын Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерiнiң санаттарын анықтайтын болады.
Осындай санаттарға жататын лауазымды тұлғалардың және басқа да қызметкерлердiң аты-жөнi, дәрежесi және мекен-жайы мүше мемлекеттердiң үкiметтерiне мезгiл-мезгiл хабарланып отыруы тиiс.
VI ТАРАУ
ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР ЖАНЫНАН ТIРКЕЛГЕН
ҮШІНШI ЕЛДЕР МИССИЯЛАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
МЕН ИММУНИТЕТТЕРI
Аумағында Қоғамдастықтардың өкiлдiгі бар мүше мемлекет Қоғамдастықтар жанынан тiркелген үшiншi елдердiң миссияларына жалпыға бiрдей қабылданған дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар беруге тиiстi.
Қоғамдастықтардың лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерiне артықшылықтар, иммунитеттер және жағдайлар Қоғамдастықтардың мүдделерi үшiн ғана жасалуы керек.
Қоғамдастықтардың әрбiр институтына, егер осы институт осындай иммунитеттен бас тарту Қоғамдастықтардың мүдделерiне қайшы келмейдi деп санаса, лауазымды тұлғаға немесе басқа да қызметкерге берiлетiн иммунитеттен бас тарту талабы қойылуы мүмкiн.
Қоғамдастықтардың институттары осы Хаттаманы қолдану мақсатында мүдделі мүше мемлекеттердiң тиiстi өкiмет орындарымен бiрлесiп жұмыс iстеуi тиiс.
12-15 баптар және 13-бап судьялар мен бас адвокаттардың заңдық рәсiмдерден иммунитеттерiне қатысты бөлігінде Әдiлет сотының мәртебесi туралы Хаттамалардың 3-бабының қағидаларына нұқсан келтiрместен Әдiлет сотының судьяларына, бас адвокаттарына, тiркеушiге және баяндамашының көмекшілерiне қолданылуы тиiс.
Осы Хаттама Банк мәртебесi туралы Хаттама қағидаларына нұқсан келтiрместен, сондай-ақ Еуропалық Инвестициялық Банкке, оның органдарының мүшелерiне, оның персоналына және оның қызметiне қатысатын мүше мемлекеттер өкiлдерiне қолданылуы тиiс.
Бұдан басқа Еуропалық Инвестициялық Банк өзiнiң өкiлдiгi бар елде салық салудың кез келген нысанынан немесе оның капиталының кез келген ұлғаюына байланысты осы сияқты төлемдерден, сондай-ақ, осыған байланысты болуы мүмкiн түрлi шарттылықтардан босатылуы тиiс. Дәл осы сияқты оның таратылуы немесе жойылуы қандай да бiр төлемдермен байланыстырылмауы тиiс. Сайып келгенде Банк пен оның органдарының Жарғыға сәйкес жүзеге асырылатын iс-әрекеттерi қаражат айналымына қатысты қандай да бiр салық салуға ұшыратылмауы тиiс.
Осы Хаттама Еуропалық орталық банктер жүйесiнiң және Еуропалық Орталық Банк мәртебесi туралы Хаттама қағидаларына нұқсан келтiрместен, Еуропалық Орталық Банкке, оның органдары мүшелерiне және оның персоналына қатысты қолданылуы тиiс.
Бұдан басқа Еуропалық Орталық Банк өзiнiң өкiлдігі бар елде салық салудың кез келген нысанынан немесе оның капиталының кез келген ұлғаюына байланысты осындай сипаттағы төлемдерден, сондай-ақ осыған байланысты болуы мүмкiн түрлi шарттылықтардан босатылуы тиiс. Банк пен оның органдарының Еуропалық Орталық Банктер жүйесiнiң және Еуропалық Орталық Банктiң Жарғысына сәйкес жүзеге асырылатын iс-әрекеттерi қаражат айналымына қатысты қандай да бiр салық салуға ұшыратылмайды.
Жоғарыда аталған қағидалар Еуропалық Валюта Институтына да қолданылуы тиiс. Оның таратылуы немесе жойылуы қандай да бiр төлемдермен байланыстырылмауы тиiс.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТIНДЕ, Өкiлеттi уәкiлдер осы Хаттамаға қол қойды.
Бiр мың тоғыз жүз алпыс бесiншi жылғы сегiзiншi сәуiрде Брюссельде жасалды.
Поль Анри СПААК
Kурт ШМЮКЕР
Морис КУВЕ ДЕ МЮРВИЛЬ
Аминторе ФАНФАНИ
Пьер BEPHEP
Я.М.А.Х. ЛУНС
"Еуропалық Қоғамдастықтардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1965 жылғы 8 сәуiрдегi хаттаманың" қазақ тiлiндегi осы мәтiнi осы Хаттаманың ағылшын тіліндегi мәтiнiне сәйкес келедi.
ҚР Сыртқыісминi
Министрлiк аппаратының
Мемлекеттiк тіл және құжат
айналымы басқармасының
бастығы
________________________
1
Бап Амстердам шартының 9(5)-Бабына сәйкес толықтырылады