Астанада 2005 жылғы 1 сәуiрде жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейінгі екiншi жобасы) бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI
арасындағы
Қарыз туралы келiсiм
(Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден
кейiнгi екiншi жобасы)
2005 жылғы 1 сәуiр
N ____ -KZ ҚАРЫЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 2005 жылғы 1 сәуірдегі КЕЛIСIМ.
Мыналар:
(А) Банк Қарыз алушыдан ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiн қолдауды көздейтiн бағдарлама (Бағдарлама) айтылған және Қарыз алушының оны орындауға ниет білдiретiндігi туралы мәлiмделген 1998 жылғы 4 мамырдағы хатты (1998 жылғы 7 мамырда тiркелген) алғаны;
(В) Бағдарламаны орындау үшiн Қарыз алушы пайдалануы тиiс он (10) жылға дейiнгi кезең iшiнде $85 000 000-ға дейiнгi мөлшерде қарыздар серияларын беру арқылы Бағдарламаны орындауға қолдау көрсетудi Қарыз алушы Банктен сұрағаны;
(С) 1998 жылғы 23 маусымдағы Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз туралы келісімге (4331 KZ) сәйкес он бес миллион долларға ($15,000,000) барабар сомада қарыз берiп Бағдарламаның бiрiншi кезеңiне Банктiң қолдау көрсеткені;
(D) Осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында сипатталған және Бағдарламаның екiншi кезеңi болып табылатын жобаның (Жоба) тиiмдiлiгi мен басымдығына Қарыз алушы көз жеткiзiп жобаны қаржыландыруға көмек көрсетудi Банктен сұрағаны;
(Е) Жобаның С.2-бөлiмi бойынша қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн Қарыз алушының қолдауымен қолайлылықтың белгілi бiр талаптарына жауап беретiн Қарыз алушының (Қатысушы қаржы мекемелерiнiң) банктерi мен лизингтiк компаниялары орындайтыны және осындай жәрдемдесудiң бөлiгiнде Қарыз алушы осы Келiсiмде айтылған шарттарға сәйкес Қатысушы қаржы мекемелерiне осы Келiсiмнiң II бабында көзделген қарыз қаражатын (Қарыз) беретiнi;
(Ғ) Жобаның D.2-бөлiмi бойынша қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн Қарыз алушының қолдауымен қолайлылықтың белгілi бiр талаптарына жауап беретiн (Қатысушы микроқаржыландыру мекемелерi) Қарыз алушының микроқаржыландыру мекемелерiнiң орындайтыны және осындай жәрдемдесудiң бөлiгiнде Қарыз алушы осы Келiсiмде айтылған шарттарға сәйкес Қатысушы микроқаржыландыру мекемелерiне қарыз қаражатын беретiнi НАЗАРҒА АЛЫНЫП; және
жоғарыда айтылғандардың негiзiнде өзгелерден басқалар НАЗАРҒА АЛЫНЫП, осы Келiсiмде көзделген шарттармен Банк Қарыз алушыға Қарыз беруге келiстi.
ОСЫМЕН тараптар мына төмендегілер туралы уағдаласты:
I БАП
Жалпы шарттар; Анықтамалар
1.01-бөлiм. Төменде айтылған өзгерiстердi (Жалпы шарттар) ескере отырып Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы (2004 жылғы 1 мамырдағы түзетулерiмен) "Қарыз туралы келісiмдерге және бiр валюталы қарыздар үшiн қолданылатын жалпы шарттар" осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігін құрайды:
Жалпы шарттардың 9.07-бөлiмiнiң (с) параграфы мынадай редакцияда өзгертiлдi: "(с) Қорытынды күнге немесе осы мақсаттар үшiн Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген мүмкiн бiршама одан кешiрек күнге дейiн айдан кешiктiрмей жобаның атқарылуы мен бастапқы пайдаланылуы, оның құны мен алынған немесе алынатын пайда туралы, Қарыз туралы келісiм бойынша тиiстi мiндеттемелердi Қарыз алушы мен Банктiң орындағаны туралы және Банк негіздеп сұраған көлемде және егжей-тегжейлi Қарыз мақсаттарына қол жеткiзiлгенi туралы есептілiктi Қарыз алушы даярлайды және Банкке ұсынады.
1.02-бөлiм. Егер түпнұсқадан өзгелер туындамаса, Жалпы шарттар мен осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде анықталған кейбiр терминдер бекiтiлген ұғымдарға сәйкес келедi, ал қосымша терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
(а) "Бенефициар" ҚҚМ немесе МҚҚМ орындау үшiн Қарыз алушының заңдарына сәйкес тиiсті түрде тiркелген қайта өңдеудi, маркетингті, бөлудi, сауданы, сервистiк және өндiрiстiк қызметтi қоса алғанда, ауылдық жерлерде экономикалық қызметпен не айналысатын, не айналысуды жоспарлап отырған кез келген жеке тұлғаны, жеке кәсiпорынды, фермердi немесе фермерлер бiрлестігін (мәтін бойынша төменде анықталғанындай нәтижесiнде суб-қарыз немесе лизингтік қаржыландыру немесе микро cуб-қарыз алуды) бiлдiредi, мәтiн бойынша төменде анықталғанындай нәтижесiнде суб-қарыз немесе лизингтiк қаржыландыру немесе микро суб-қарыз берудi ұсынады немесе бередi және "Бенефициарлар" құрамына көрсетiлген Бенефициар енетiн топты бiлдiредi;
(b) "БД" Жоба шеңберiнде бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк және қаржылық басқару үшiн жауап беретiн Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Бюджет департаментiн бiлдiредi;
(с) "СБИБ" Жобаны жалпы жүзеге асыру үшiн жауап беретiн Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Сыртқы байланыс және инвестициялар басқармасын бiлдiредi;
(d) "Қаржылық мониторинг туралы есеп" немесе "ҚМЕ" осы Келiсiмнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес даярланған әрбiр есептi бiлдiредi;
(е) "Қаржы секторы үшін ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық" Жобаның C.2-бөлімiн орындау үшiн операция жүргiзу және әкiмшiлiк тәртiп, оның iшiнде ҚҚМ жұмыстарын таңдау, қаржыландыру, мониторинг және бағалау, сондай-ақ Суб-қарыз немесе Лизингтiк қаржыландыру ұсыну үшiн iрiктеу талаптары айтылған осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 3-тармағында көрсетiлген нұсқаулықты бiлдiредi;
(f) "Босалқы лимитпен лизингтiк қаржыландыру" осы тармақтың ережелерiне сәйкес мұндай алдын ала тексеру болмаған кезде Қарыз алушының мақұлдауын талап етуi ретiнде қаралатын, мәтiн бойынша төмендегiдей анықталған суб-жоба үшiн осы Келiсiмнің 5-қосымшасының D-бөлiмінің 3 (b) (іі)-тармағына сәйкес Банктiң алдын ала тексеруiне жататын, тұтыну сомасынан аспайтын сомада беру ұсынылатын Лизингтiк қаржыландыруды бiлдiредi;
(g) "Босалқы лимитпен суб-қарыз" осы тармақтың ережелерiне сәйкес мұндай алдын ала тексеру болмаған кезде Қарыз алушының мақұлдауын талап етуi ретiнде қаралатын, суб-жоба үшiн осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының D-бөлiмiнiң 3 (b) (i)-тармағына сәйкес Банктiң алдын ала тексеруiне жататын, бастапқы сомасынан аспайтын сомада беру ұсынылатын суб-қарызды бiлдiредi;
(h) "Лизингтiк қаржыландыру" осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының D-бөлiмiнiң 2 (b) тармақшасында айтылған, iшiнара амортизациялық құрауыштардан тұратын, лизингтiк төлемдердi Лизингтік компаниялардың оқтын-оқтын төлеуiн қамтитын, Суб-жобаны орындау мақсаттары үшiн автокөлiктер, жабдықтар және/немесе машиналар лизингiн қаржыландыру мақсаттары үшiн (сатып алу мүмкiндiктерiмен) осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағындағы (1)-кестеде оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн Қарыз қаражатынан Бенефициар үшiн ҚҚМ берілген немесе берiлетiн қаржыландыруды бiлдiредi;
(і) "Лизингтiк компания" шаруашылық жүргiзушi субъектiлер туралы Қарыз алушының заңдарына сәйкес тiркелген заңды тұлға құқығы бар және Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы iрiктейтiн, Қарыз алушының аумағында күрделi қаржы активтердiң жалдау бойынша қызметтермен айналысатын шаруашылық жүргiзушiнi бiлдiредi;
(j) "Микрокредиттiк ұйымдар туралы заң" Қарыз алушының 2003 жылғы 6 наурыздағы Микрокредиттiк ұйымдар туралы
заңын
бiлдiредi;
(k) "Микро суб-қарыз" суб-жоба бойынша Бенефициар ұшыраған шығыстардың барлығын немесе бiр бөлігін қаржыландыру үшiн осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағындағы (2)-кестеде оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн Қарыз қаражатынан МҚҚМ берiлген немесе беру үшiн ұсынылған кредитті бiлдiредi;
(l) "АШМ" Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(m) "ҚМ" Қарыз алушының Қаржы министрлігін бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(n) "ЭБЖМ" Қарыз алушының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігін бiлдiредi және оның кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды;
(о) "Жаңа ҚҚМ" Жобаға қатысу олардың талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған тиiстi адалдық рәсiмдерiне сәйкес тексеруге жататын ҚҚМ бiлдiредi;
(р) "Қатысушы банк" Қарыз алушының заңнамаға сәйкес тiркелген және Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы таңдаған коммерциялық банктi білдiредi;
(q) "Қатысушы қаржы мекемесi" немесе "ҚҚМ" көрсетілген қаржы мекемелерi жиынтығының Қатысушы банктердiң немесе Лизингтiк компаниялардың және "Қатысушы қаржы мекемесiнiң" немесе "ҚҚМ" кез келгенiн бiлдiредi;
(r) "МҚҚМ" немесе "Микроқаржыландыруға қатысушы мекемелер" Қарыз алушының заңнамаға сәйкес тiркелген және Қаржы секторы үшiн Ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға сәйкес Қарыз алушы таңдаған мекеменi білдiредi, мәтiн бойынша төменде анықталғанындай "МҚҚМ" немесе "Микроқаржыландыруға қатысушы мекемелер" көрсетiлген қаржы мекемелерi жиынтығын бiлдiредi;
(s) "МҚҚМ үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық" МҚҚМ жұмыстарын таңдауды, қаржыландыруды, мониторингі мен бағалауды және Микро Cуб-қарызды iрiктеу талаптарын қоса алғанда Жобаның D.2-бөлiмiн орындау үшiн операция жүргізу және әкiмшiлiк рәсiмдер айтылған осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 4-тармағында көрсетiлген нұсқаулықты бiлдiредi;
(t) "ЖIН" Келiсiмнiң 5-қосымшасының А-бөлiмiнiң 2-тармағында сiлтеме берiлген, Банк пен Қарыз алушы арасындағы келiсiмдер бойынша оған оқтын-оқтын енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып Жобаны iске асыру тәртiбi айтылған жобаны iске асыру жөнiндегi нұсқаулықты білдiредi;
(u) "Сатып aлу жоспары" Жобаны iске асырудың соңғы 18 айлық кезеңiне (немесе одан ұзағырақ кезеңге) арналған есептемелер бойынша Келiсiмнiң 3.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес оны кезең-кезеңде жаңғыртуды ecкepe отырып Жобаны орындаудың алғашқы 18 айына (немесе одан ұзағырақ кезеңге) арналған есептемелер бойынша 2004 жылғы 28 мамырдағы Қарыз алушының сатып алу жоспарын бiлдiредi;
(v) "Арнайы шот" Келiсiмнiң 2.02(b)-бөлiмiнде көрсетiлген шотты білдiредi;
(w) "Cуб-қарыз" осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Лизингтiк қаржыландыру бойынша мәмiле, сондай-ақ суб-қарыз болып саналуы мүмкiн жағдайда суб-жобаға Бенефициар ұшыраған шығыстардың барлығын немесе бiр бөлігін қаржыландыру мақсаттары үшiн Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағында келтiрiлген (1)-кестенiң оқтын-оқтын Санаттарға бөлiнетiн, Қатысушы банкке беру үшiн Қарыз қаражатынан ұсынылған немесе ұсынылатын кредиттi бiлдiредi;
(х) "Iшкi қарыз" мәтiн бойынша төменде анықталғанындай Iшкi қарыз туралы келiсiмге немесе Микро iшкi қарыз туралы келiсiмге сәйкес Бенефициарды қайта кредиттеу мақсаттары үшiн Қарыз алушы ҚҚМ немесе МҚҚМ берген кез келген қарызды бiлдiредi;
(y) "Iшкi қарыз туралы келiсiм" оқтын-оқтын оған енгiзiлетiн өзгерiстердi ескере отырып Келiсiмнiң 5-қосымшасының В-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес Қарыз алушы мен ҚҚМ арасындағы жасасқан немесе жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және бұл термин Iшкi қарыз туралы келiсiмнiң барлық қосымша қосымшаларын қамтиды және "Iшкi қарыз туралы келiсiм" көрсетiлген келiсiмнiң жиынтығын бiлдiредi;
(z) "Микро iшкi қарыз туралы келiсiм" оқтын-оқтын оған енгізiлетiн өзгерiстердi ескере отырып Келiсiмнiң 5-қосымшасының С-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес Қарыз алушы мен МҚҚМ арасындағы жасасқан немесе жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және бұл термин Микро iшкi қарыз туралы келiсiмнiң барлық қосымша қосымшаларын қамтиды және "Микро iшкi қарыз туралы келiсiм" көрсетiлген келiсiмнiң жиынтығын бiлдiредi;
(аа) "Суб-жоба" Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта немесе МҚҚМ үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған талаптарға жауап беретiн өнiмдi қызметтерге арналған нақтылы инвестициялық жобаны бiлдiредi; және
(bb) "Теңге" Қарыз алушының заңды ақша бiрлiгін бiлдiредi.
2.01-бөлім. Осы Келiсiмде айтылған немесе санамалап көрсетiлген шарттармен Банк Қарыз алушыға отыз бес миллион долларға ($35,000,000) барабар сомада қарыз беруге келiседi.
2.02-бөлiм. (а) Мыналарды: (i) осыған байланысты Қарыз шотынан қаражат алуға өтiнiм берiп, Суб-жоба үшiн қажеттi тауарлар мен жұмыстарға арнап негiзделген шығыстарға төлем жасау үшiн суб-қарыз бойынша Бенефициар алған қаражат шотына ҚҚМ төлеген (немесе оны төлеуге Банк келiскен кезде) соманы; және (іі) осыған байланысты Қарыз шотынан қаражат алуға өтiнiм берiп, Суб-жоба үшiн қажеттi тауарлар мен жұмыстарға арнап негiзделген шығыстарға төлем жасау үшiн Микро суб-қарыз бойынша Бенефициар алған қаражат шотына МҚҚМ төлеген (немесе оны төлеуге Банк келiскен кезде) соманы қаржыландыру үшiн Келiсiмнiң 1-қосымшасының ережелерiне сәйкес Қарыз шотынан қарыз сомасы алынуы мүмкiн.
(b) Жобаның мақсаттары үшiн Қарыз алушы оны сот тәртiбiмен есепке алудан, тәркiлеуден және тыйым салудан жете қорғауды қоса алғанда Банк үшiн қолайлы шарттармен коммерциялық банктердiң бiрінде доллармен арнайы депозиттік шот ашуы және жүргiзуi мүмкiн. Арнайы шотқа салынатын депозиттер мен одан жасалатын төлемдер осы Келісімнің 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
2.03-бөлiм. Қарыздың соңғы күнi 2009 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банк белгiлеген бiршама кешiрек осындай күн болып табылады. Бiршама кешiрек осындай күн туралы Банк тез арада Қарыз алушыға хабарлауға мiндетті.
2.04-бөлiм. Қарыз алушы қарыз сомасынан Банкке бiр пайыз (1%) мөлшерiнде бiржолғы комиссиялық алым төлеуге мiндеттi, бұл peттe, Банк өзiнiң шешiмi бойынша белгілі бiр сәтте бiржолғы комиссиялық алымның бөлiгiнен бас тартуы мүмкiн. Осы алым Қарыз күшіне енген күннен кейiн алпыс (60) күннен кешiктiрiлмей төленуi тиiс.
2.05-бөлiм. Қарыз алушы қарыздың алынбаған негізгі сомасынан Банкке жылына оқтын-оқтын бiр пайыздың төрттен үш (1%-дың 3/4) мөлшерiнде кредиттiк желiнi резервтеу үшiн комиссиялық төлем жасап отыруға мiндеттi.
2.06-бөлiм. (а) Қарыз алушы пайыз есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн ЛИБОР жиынтық спрэдiн қосқанда ЛИБОР Базалық ставкасына тең ставка бойынша Қарыздың таңдалған және өтелмеген негізгі сомасы үшiн кезең-кезеңде қарыз ақша пайызын төлеуге мiндеттi.
(b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшін:
(i) "Пайыздарды есептеу кезеңi" қоса алғанда осы Келiсiмнiң күнiнен бастап, бiрақ Пайыздар төленетін осы күннен кейiнгі бiрiншi басталатын күндi есепке алмай және қоса алғанда Пайыздарды төлеу күнінен бастап, бiрақ Пайыздарды төлеу күнінен кейiнгi күндi есепке алмай әрбiр кезеңнiң бастапқы кезеңiнен кейiнгi бастапқы кезеңдi бiлдiредi.
(іі) "Пайыздарды төлеу күнi" осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күндi бiлдiредi.
(ііi) "ЛИБОР Базалық ставкасы" Банк негiздеп анықтайтын және жылдық пайыз ретiнде көрсетілетiн пайыздарды есептеу кезеңiнiң бiрiнші күнiне құны бойынша алты айлық бiр валюталы депозиттерінің Лондон банкаралық рыногына жасалатын ұсыныстар ставкасы бойынша әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудi (немесе пайыздар төленетiн күнi құны бойынша пайыздарды есептеудiң бастапқы кезең жағдайын не пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң күнiн не пайыздар есептелетiн бiрiншi күннен кейiнгi келесi күндi) бiлдiредi.
(іv) "ЛИБОР жиынтық спрэдi" мыналардың: (А) бiр пайыздың төрттен үшiн (0,75%); (В) әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудiң алу (немесе қосу) жасалған орта есептiк маржасының, жылдық пайыз ретiнде Банк негiздеп анықтайтын және көрсететiн, бiр валюталы қарыздарды немесе олардың бөліктерiн қаржыландыру үшiн Банк бөлген өтелмеген Банк қарыз қаражатына немесе қарыз қаражатының бөлiгiне қатысты алты айлық депозиттер бойынша Лондон банкаралық ставкасынан немесе басқа да бағдарлық ставкалардан төмен (немесе жоғары) ұсыныстардың әрбiр Кезең үшiн пайыздарды есептеудi бiлдiредi.
(с) Пайыздарды есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн анықталатын ЛИБОР базалық ставкасы және ЛИБОР жиынтық спрэдi туралы Банк Қарыз алушыға тез арада хабарлайды.
(d) Егер, рыноктық конъюнктураның өзгеруiне байланысты 2.06-бөлiмде көрсетiлген пайыздық ставкаларды анықтауға әсер ететiн болса, Банк Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшiн 2.06-бөлiмде көрсетiлгеннен басқа өзгеше қабылдауға қажеттi жалпы оның қарыз алушыларының және ішінара Банктің мүддесi үшін базис белгілейдi, оны Банк осындай жаңа базис туралы алты (6) айдан кешіктiрмей Қарыз алушыға хабарлай отырып Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды анықтау үшiн базистi өзгерте алады. Қарыз алушы өзiнiң қарсылығы туралы көрсетiлген кезең iшiнде Банкке хабарлайтын жағдайды қоспағанда, хабарлау кезеңi аяқталғаннан кейiн Жаңа базис қолданысқа енедi және бұл ретте көрсетiлген өзгерiстер Қарызға қолданылмауы тиiс.
2.07-бөлім. Әр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында әрбiр жарты жылда төлем жасалмаған сома бойынша пайыздар мен өзге де алымдар төлем жасауға жатады.
2.08-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 3-қосымшасында келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес Қарыз алушы Қарыздың негiзгi сомасын өтейдi.
3.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жоба мiндеттерiн өзiнiң мақұлдайтындығын мәлімдейді және осы мақсатта AШM арқылы Жобаны адал және тиiмдi және тиiстi әкiмшiлiк, экологиялық және қаржылық практикаға сәйкес орындауға мiндеттенедi және қажет болған жағдайда Жобаны жүзеге асыру талап етiлетiн қорларды, үй-жайларды, қызметтер және басқа ресурстарды дереу беруге мiндеттенедi.
(b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағының ережелерiн шектемей, және Қарыз алушы мен Банк арасындағы өзге келiсушілік болған жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған Iске асыру бағдарламасына сәйкес АШМ арқылы Жобаны орындауға мiндеттi.
(с) осы Бөлiмнiң (а) және (b) тармақтарының ережелерiн шектемей, Жобаның С.2 және D.2 бөлiгінiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылған шарттармен пайдалану үшiн ($31,100,000) отыз бiр миллион жүз мың долларға балама соманы беруге мiндеттi.
3.02-бөлiм. (а) Банкпен Жоба үшін қажеттi қызмет көрсету үшiн өзге де келiсушiлiк, қажеттi тауарларды сатып алу және консультанттарды iрiктеу және жалдау болған жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiне сәйкес және Сатып алу жоспарында осы ережелердi одан әрi әзiрлей отырып жүзеге асырылады.
(b) Қарыз алушы нұсқаулыққа сәйкес Банк үшiн қолайлы Сатып алу жоспарын жаңартуға және Банкке алдағы Сатып алу жоспары күнiнен бастап 12 айдан кешiктiрмей жаңартылған жоспарды мақұлдауға беруге мiндеттi.
3.03-бөлiм. Жалпы шарттар 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектемей Қарыз алушы:
(а) Банк үшiн қолайлы базада нұсқаулық дайындауға және Банкке Қорытынды күнге дейiн алты (6) айдан кешіктiрмей немесе Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлген ықтимал неғұрлым кеш күнде Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудi жалғастыруды көздейтін жоспарды беруге; және
(b) Банкке көрсетiлген жоспар бойынша Қарыз алушымен пiкiр алмасуға негiзделген мүмкiндiк беруге мiндеттi.
4.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы есепке aлу құжаттары мен шоттарды қоса алғанда қаржылық басқару жүйесiн жүргізуге және Жобамен байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды тиiсiнше көрсететiн, Банк үшiн қолайлы дәйектілікпен қолданылатын бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептiлiкті дайындауға міндетті.
(b) Қарыз алушы:
(i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар жүргізетiн аудиторлық тексерудi, Банк үшін қолайлы дәйектiлiкпен қолданылатын аудиттің стандарттарына сәйкес әрбiр қаржы жылы үшiн (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiм) үшін осы Бөлiмнiң (а) тармағында аталған қаржылық есептілікті қамтамасыз етедi;
(іі) Банкке дайын болғанда, бiрақ кез-келген жағдайда қаржы жылы аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiмде), (А) аудиттің тиiстi жылы (немесе Банкпен келiсiлген өзге де мерзiм) үшiн осы бөлімнің (а) тармағында көрсетілген қаржылық есептіліктің расталған көшірмелерін және (B) аталған аудиторлар Банк үшін қолайлы көлемде және егжей-тегжейлі дайындаған осындай есептілік туралы қорытындыны бередi; және
(iii) оқтын-оқтын Банк негіздеп сұрайтын есепке алу құжаттарына және шоттарға, қаржылық есептiлiк аудитiне және аталған аудиторларға қатысты Банкке кез келген басқа ақпаратты береді.
(с) Шығыс ведомостерінiң негізiнде Қарыз шотынан қаражат алынған барлық шығыстар бойынша, Қарыз алушы:
(i) кемiнде бiр жылдың iшiнде Банк қаржы жылы үшiн аудиторлық есеп алғаннан, Қарыз алу шотынан қаражат соңғы рет алынғаннан кейiн осындай шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттамасын (келiсiмшарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактураларды, төлеуге берiлетiн шоттар, түбiртектер мен басқа да құжаттарды) сақтайды;
(іі) Банк өкілдерiне осындай құжаттаманы тексеруге мүмкiндiк бередi; және
(iіі) осындай шығыс ведомостерiнің әрбiр қаржы жылының (немесе басқа Банкпен келiсілген мерзiмнің) аудитiне енгiзiлуiн қамтамасыз етедi, оған сiлтеме осы Бөлiмнiң (b) тармағында берiледi.
4.02-бөлiм (а) осы Келiсiмге 5-қосымшаның А бөлiгiнiң 5 (b) тармағында көрсетiлген жобаны iске асыру барысы туралы есептiлiкке қатысты Қарыз алушының міндеттемелерiн шектемей, Қарыз алушы Банк үшiн қолайлы нысан және мазмұны бойынша қаржылық мониторинг туралы есептi дайындауға және Банкке беруге мiндетті, онда:
(i) қаражаттың iс-жүзiндегi көздерi мен Жоба үшiн оларды пайдалану жалпы қорытындымен де есептi кезең үшiн де сипатталады, Қарыздан берiлген қорлар жеке-жеке көрсетiліп, осындай қорлардың iс-жүзiндегi және жоспарлы пайдаланылуы арасындағы алшақтық түсiндiрiледi;
(іі) Жобаны iске асыру барысы жалпы қорытынды жасалып әрі, есептi кезең үшін де сипатталады, Жобаны iске асырудың iс-жүзiндегi және жоспарланған барысы арасында алшақтық түсiндiріледi; және
(iii) Есептi кезеңнiң соңында Жоба бойынша сатып алудың жағдайы сипатталады.
(b) Алғашқы ҚМЕ Күшiне енген күннен кейiн бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешіктірiлмей Банкке берiлуi және бiрiншi күнтізбелiк тоқсанның соңына дейiн Жоба бойынша қаражатты алғашқы жұмсауды бастаған кезеңдi қамтуы тиiс; бұдан кейін әрбір ҚМЕ әрбiр келесі күнтiзбелiк тоқсаннан кейiн 45 күннен кешiктiрілмей Банкке берiлуi және сол тоқсанды қамтуы тиiс.
5.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 6.02 (р) бөлiміне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар анықталады:
(а) Бағдарламаның немесе оның едәуiр бөлiгінiң орындалуын мүмкiн етпейтiн жағдай туындады; және
(b) Микро кредиттік ұйымдар туралы заң өзгерген, тоқтатылған, жойылған, күші жойылған немесе оны орындауға қойылатын талаптардың күші жойылған, бұл шағын iшкi қарыздар туралы Келiсiмдер бойынша микро кредиттік ұйымдардың қандай да бiр мiндеттемелерiн орындау қабiлетiне елеулi және зиянды салқынын тигiзедi;
5.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 7.01 (k) бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша оқиға, атап айтқанда, Келiсiмнiң 5.01-бөлiмiнiң (b) тармағында айтылған оқиғаның орын алуы ескертіледі.
VІ-БАП
Күшіне енгізу күнi; Қолданылуын тоқтату
6.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 12.01 (c) бөлiмiнiң контексiнде мынадай оқиғалар Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қосымша жағдай ретiнде ескертіледі:
(а) Қаржылық сектор үшiн банк қолайлы Ауыл инвестициялары бойынша нұсқаулық дайындалды;
(b) МҚММ үшін банк үшiн қолайлы Ауыл инвестициялары бойынша нұсқаулық дайындалды; және
(с) Дайындалған ЖIН Банктiң талаптарын қанағаттандырады.
6.02-бөлiм. Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн осы Келiсiмдi жасаған күннен кейiн жүз жиырма күн мерзiмде (120) анықталады.
VІІ-БАП
Қарыз алушының өкілi; мекен-жайы
7.01-бөлім. Жалпы шарттардың 11.03-бөлiмінiң мақсаттары үшiн Қаржы министрi Қарыз алушының өкiлі ретiнде тағайындалады.
7.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар анықталады:
Қарыз алушы үшiн:
Қаржы министрлiгi
Жеңiс даңғылы, 33
Астана
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
264126 (FILIN) (7) (3172) 717762
Банк үшiн:
International Ваnk for
Reconstruction and Development
1818 Н Street, N.W.
Washington D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423 (MCI)
Washington, D.C. 64145 (МСI) (202) 477-6391
ОСЫНЫҢ АЙҒАҒЫ РЕТIНДЕ Тараптар тиiстi түрде уәкілеттік берілген өздерiнiң өкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, жоғарыда көрсетiлген күнде және жылы [Колумбия округiнде, Америка Құрама Штаттары] осы Келiсiмге қол қойды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YШIН
Уәкiлеттi орган
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКI YШIH
Уәкiлетті өкiл
1. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген шығыстар санаты; шығыстар санаты бойынша Қарыз қаражатын бөлу және осындай санаттардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру үшiн көзделген шығыстардың пайыздық үлесi келтірілген:
қаржыландыру
шығыстарының үлесi %
Қарыздың бөлiнген сомасы
Шығыстардың санаты
(доллармен)
(1) Жобаның С.2 Бөлiгi 30,000,000 2006 жылғы 30 маусымға
бойынша суб-қарыздар дейiн ҚҚМ игерiлген
және лизингiлiк қаражаттың 100%;
қаржыландыру 2007 жылғы 30 маусымға
дейiн ҚҚМ игерілген
қаражаттың 100% және
кейіннен 75%
(2) Жобаның D.2 Бөлiгі 3,650,000 игерiлген соманың 100%
бойынша
микро суб қарыздар
(3) Бөлiнбеген сома 1,350,000
БАРЛЫҒЫ 35,000,000
2. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қарыз қаражаты шотқа алуға жатпайды: (а) Осы келiсiм күшiне енгізілген күнге дейінгі шығыстар бойынша төлемдер; (b) Егер Суб-қарыз немесе Лизингiлiк қаржыландыру немесе Микро суб-қарыз қаржылық сектор үшiн Ауылдық инвестициялар бойынша нұсқаулықта айтылған өлшемдер мен тәртiпке және МҚҚМ үшiн ауылдық инвестициялар бойынша нұсқаулыққа сәйкес берiлмесе, (1) немесе (2) Санаттары; және (с) егер Банк осы Келiсiмнiң 2.04-Бөлiмiне сiлтеме жасалатын бiр жолғы комиссиялық алымның толық төлемін алмаса, жоғарыдағы 1 параграф кестесiнiң кез келген Санатына енетiн барлық шығыстар.
3. Банк Қарыз қаражаты мыналар үшiн: (а) Жобаның С.2 Бөлiгi бойынша 1 000 000 АҚШ долл. дейiн Суб-қарыздар мен лизингілiк қаржыландыруға; және (b) Жобаның D.2 Бөлiгi бойынша микро суб-қарыздарға арналған келiсiмшарттар бойынша шығыстар үшiн шығыс ведомостерінiң негізiнде Қарыз шотынан алынуын талап ете алады;
қаражатты алудың барлығы да Банктiң Қарыз алушыны ол туралы хабардар етуi шарттарымен жүзеге асырылатын болады.
Жоба Бенефициарлар үшін: (а) ауылдық қаржылық консультациялық қызметтердi нығайту және кеңейту; (b) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тәуекелiн басқару жөнiндегi бастамаларды қолдау; (с) ауыл халқын қаржылық қызметтермен қамтуды тереңдету мақсатында коммерциялық банктер мен лизингілiк компаниялардың жаңа қаржылық құралдарды әзiрлеуi және енгiзуi; және (d) шағын бизнеспен айналысатын ауыл кәсiпкерлері үшiн микро қаржыландырудың тұрақты бағдарламасын қолдау арқылы коммерциялық қаржылық қызметтерге қол жеткiзудi жақсарту мақсатын қояды.
Қарыз алушы мен Банк арасында келiсілген ықтимал және қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған өзгерiстердi ескере отырып, Жоба мынадай бөлiктердi қамтиды:
А Бөлiгi: Ауылдық қаржылық консультациялық қызметтер
1. Қаржыландырудың әртүрлi мүмкiндiктерiн түсiнудi жақсарту мақсатында қолдағы қаржылық құралдар мәселелерi бойынша Бенефициарлар үшін ақпараттық-түсіндiру компанияларының серияларын жүргізу, сондай-ақ бизнес жоспарларын әзiрлеу кезiнде және қаржылық ресурстарды iздестiруге көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
2. Ауылды жерлерде жеке консультанттардың ұлттық желiсiн құру, ол Бенефициарларға мынадай мәселелер бойынша көмек көрсетедi, мысалы: i) бизнес жоспарларын дайындау және бағалау, шаруашылықты басқару, шығындар мен қаржылық жағдайды талдау, тәуекелдi басқару; (ii) дәстүрлi кредиттердi, лизинг пен құрылымдық қаржыландыруды, кепiлдi бағалау әдiсiн қоса алғанда әртүрлi қаржылық мүмкiндіктердi салыстырмалы талдау, сондай-ақ кредит емес қаржылық өнiмдер, мысалы, өндiрiстiк және баға тәуекелін басқару құралдары; және (iii) лизинг және құрылымдық қаржыландыру бойынша үлгілiк шарттарды қоса алғанда нормативтiк-құқықтық базаны талдау және өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыру бойынша құқықтық талаптар.
В Бөлiгi: Ауыл шаруашылығы тәуекелiн басқару
1. Өндiрiстік тәуекелдi басқару саласында техникалық жәрдемдесудi мыналар арқылы: (а) метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғыртуды; (b) аймақтар және нақты дақылдар бойынша ауа-райы факторларының мәселелерi жөнiнде агрометеорологтарды дайындауды, және өсiмдiк шаруашылығын сақтандыру бағдарламасын жүргізу тетiктерi бойынша Бенефициарлар үшiн семинарлар жүргізудi; және (с) өсiмдiк шаруашылығында сақтандыру бағдарламасын жүргiзудi бағалауды және оның фискалдық салдарын, қаржыландыру және нормативтiк-құқықтық базаны ұйымдастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру тәуекелiн талдауды орындау арқылы қамтамасыз ету.
2. (а) Қазiргі заманғы тауарлық биржаларды дамыту үшiн мыналар арқылы: (i) тауарлық биржаның ағымдағы жағдайының техникалық, қаржылық және ұйымдастыру аспектiлерiнің құқықтық базасын қарау; (ii) келiсiмшарттық жағдайларды қоса алғанда үлгілiк бизнес жоспарларын әзiрлеу; (iii) әртүрлi рыноктық құралдар арасында келiсiмшарттарды әзiрлеу және синергияны құру әлеуетiн бағалау; және (b) тауар биржасының иелерiн, менеджерлердi және мемлекеттік реттеу мәселелерiмен айналысатын лауазымды тұлғаларды тиiмдi қоғамдық-ақпараттық науқандарды әзiрлеу, сенiмге ие болу, ойдағыдай келiсiмшарттарды әзiрлеу және клиентураны қамту жөніндегі озық практикаға үйрету арқылы тұғырнама құру.
С Бөлiгi:
Ауыл халқын қаржылық сектор мекемелерiнiң
қызметтерiмен қамтуды кеңейту
1. Мынадай: (а) ұзақ мерзiмдi инвестициялық ұсыныстардың қаржылық және операциялық тұрақтылығын бағалауды, iлеспе тәуекелдердi бағалауды және маржаны анықтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығына кредит беру мәселелерi бойынша банктер мен лизингілiк компаниялардың мамандарын; және (b) тауар өнiмiнiң сапасын қамтамасыз етудiң, бизнес жоспарларын дайындаудың және тәуекелді басқарудың қойма қолхаттарын, келiсiмшарттау және залалды өтеу процестерiн қоса алғанда басқа да қаржылық құралдармен байланыстық озық iс-тәжiрибесiн қоса алғанда жеткiзудiң тиiмдi тiзбектерiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша құрылымдық қаржыландыруға қатысатын немесе қатысуды жоспарлайтын Бенефициарлар үшiн оқытуды қамтамасыз ету.
2. Кредит беру көздерiн жасау және қосалқы жобалар үшiн қосалқы қарызбен және лизингiлiк қаржыландырумен қамтамасыз ету мақсатында ҚҚМ iрiктелген кредит желiсi бойынша операцияларды ұйымдастыру.
D Бөлiгi: Ауылдық микро қаржыландыруды дамыту
1. Бастапқы жоба деңгейiн анықтау үшiн базалық зерттеу жүргізу және микро кредит беру өнiмдерiн әртараптандыру және интеграциялық байланыстарды дамыту саласында және техникалық жәрдемдесудi қамтамасыз ету арқылы жекелеген МҚҚМ институционалдық мүмкiндiктерiн нығайту.
2. Кредит беру көздерiн жасау және суб-жобаларды қаржыландыру үшiн микро суб-қарызбен қамтамасыз ету мақсатында жекелеген МҚҚМ микро кредит желiсi бойынша операцияларды ұйымдастыру.
E Бөлiгi: Жобаны басқару
Техникалық жәрдемдесудi, оқытуды, зерттеулердi, аудиторлық қызметтердi, жабдықты, автокөлiк құралдарын және жобаны iске асыру үшiн қосымша операциялық шығыстарды қамтамасыз ету, басқару және мониторинг арқылы Ауыл шаруашылығының СБИБ және БД институционалдық мүмкiндiктерiн нығайту.
Жоба 2009 жылдың 30 маусымында аяқталады деп болжамданады.
3-ҚОСЫМША
Мәулет алып өтеу кестесi
Қарыздың негізгі
сомасын өтеу
Төлем күнi
(доллармен)
Әрбір 15 мамыр және 15 қараша күндері
2010 жылғы 15 мамырдан бастап 1,460,000.000
2021 жылғы 15 мамырға дейiн
2021 жылғы 15 қараша 1,420,000.000
I-Бөлiм. Жалпы ереже
А. Барлық тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу (консультациялық қызметті қоспағанда) 2004 жылғы (мамырдағы) "ХКДБ қарыздары және MAP кредиттерi бойынша сатып алу жөнiнде нұсқаулықтың" (Сатып алу жөнiндегі нұсқаулық) I бөлiмнiң ережелерiне және осы бөлiмнiң ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
В. Консультанттардың барлық қызметтерi ережелерiне және 2004 жылғы (мамырдағы) "Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының консультанттарын iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулық" І және IV бөлімдерінің (Консультанттар туралы нұсқаулық) және осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
С. Осы Бөлiмде бас әрiптермен басылған және сатып алудың өзiне тән әдiстерiн сипаттау немесе келiсiмшарттарды Банктiк тексеру үшiн пайдаланылатын атаулар Сатып алу жөнiндегі нұсқаулықта немесе Консультанттар туралы нұсқаулықта оларға бекітіліп берілген мәнде болады.
II-Бөлiм.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып
алудың өзiне тән әдiстерi (консультациялық
қызметтердi қоспағанда)
А. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер осы Бөлiмнiң В Бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, онда келiсiмшарттар Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың нәтижесiнде берiледi. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау кезiнде отандық берушiлер мен мердiгерлер үшiн жеңiлдiктердi көздейтiн Сатып алу жөнiндегі нұсқаулықтың 2.55 және 2.56-тармақтарының ережесi Қарыз алушының аумағында дайындалған тауарларға қолданылады.
В. Сатып алудың басқа да әдiстерi
1.
Шоппинг (бөлшек caудадағы сатып aлулар)
. Келiсiмшарт үшiн құны $100,000 дейiн барабар бағаланған тауарлар "шоппинг" әдiсi бойынша берiлген келiсiмшарт бойынша сатып алынуы мүмкiн.
2.
Коммерциялық практика
. Келiсiмшарт үшiн құны $1,000,000 дейiн барабар бағаланған және Жобаның С.2 және D.2 Бөлiктерi бойынша суб жобаларға бөлiнген суб-қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген тауарлар Банк үшiн қолайлы коммерциялық iс-тәжiрибелерге сәйкес сатып алына алады.
А. Сапа мен құнның негiзiнде іріктеу. Егер осы Бөлiмнiң В Бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, онда консультанттардың қызметтерi сапа мен құнды бағалауға негiзделген iрiктеу әдiсi бойынша тапсырылған келісiмшарттар бойынша сатып алынады. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 2.7-тармағының мақсаттары үшiн келiсiмшарт үшiн құны $200,000 дейiн барабар бағаланған қызметтер үшiн консультанттардың қысқаша тiзiмi толығымен ұлттық консультанттардан тұрады.
В. Басқа да рәсiмдер
1.
Ең аз баға бойынша iрiктеу.
Банктiң келiсiмiмен Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.6-тармағының талаптарына жауап беретiн тапсырмаларды орындау үшiн қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1 және 3.6-тармағының ережелерiне сәйкес ең аз баға бойынша ipiктеу әдiсi бойынша тапсырылған келiсiм шарттар бойынша сатып алынады.
2.
Консультанттардың бiлiктiлігі негiзiнде iрiктеу
. Келiсiмшарт үшiн құны $200,000 дейiн барабар бағаланған қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 3.1, 3.7 және 3.8-тармақтарының ережелерiне сәйкес тапсырылған келiсiм шарттар бойынша сатып алынады.
3.
Жекелеген консультанттар
. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.1-тармағының бiрiншi сөйлемiнде айтылған талаптарға жауап беретiн тапсырмалар үшiн қызметтер Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.2-тен 5.3-тармақтарын қоса алғанда, ережеге сәйкес жекелеген консультанттарға тапсырылған келiсімшарттар бойынша сатып алынады. Консультанттар туралы нұсқаулықтың 5.4-тармағында сипатталған жағдайлар кезiнде, осындай келiсiмшарттар Банктің алдын-ала мақұлдау шарты кезiнде конкурстан тыс iрiктеу әдiсi бойынша (қызметтердiң жалғыз көзi болған кезде) жекелеген консультанттарға тапсырылады.
IV-Бөлiм. Банктiң сатып aлу жөнiндегi шешімдердi қарауы
Сатып алу жоспарында Банктiң алдын ала қарауына жататын келiсiмшарттар атап көрсетiледi. Барлық қалған келiсім-шарттар олар орындалғаннан кейiн Банктiң қарауына жатады (фактi бойынша тексеру).
5-ҚОСЫМША
Iске асыру бағдарламасы
А-бөлiгi: Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы:
(а) Жобаны Ауылшарминi арқылы орындайды;
(b) Ауылшарминi СБИУ арқылы Жобаны жүзеге асыру кезеңiнде сатып алуды, қаражаттарды төлеудi, жобаның орындалу барысы туралы тұрақты және жылдық жоспарларды және Жобаға байланысты ҚМЕ дайындауды қоса алғанда жобаны жалпы үйлестiру бойынша мiндеттемелердi орындай отырып, Сарапшылар тобы (СТ) Жобаны тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi штатпен және ресурстармен Сарапшылар тобының СТ жұмысын қамтамасыз етедi; және
(с) Ауылшарминi БД арқылы бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және Жобаны қаржылық басқаруға жалпы жауап бередi.
2. Қарыз алушы Ауылшарминi арқылы ЖІH сәйкес Жобаны iске асыру жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды және РРП үшiн жауапкершiлiк үшiншi тарапқа берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшін жою жүргiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
3. Қарыз берушi Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық мазмұны мен нысаны жағынан Банк үшiн қолайлы болуын қамтамасыз етедi, Нұсқаулық бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мiндеттi болады және Нұсқаулық үшiн жауапкершілік үшiншi тұлғаға берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшiн жою жүргiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
4. Қарыз берушi МҚҚМ үшiн Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулық бойынша мазмұны мен нысаны жағынан Банк үшiн қолайлы болуын қамтамасыз етедi, осы Нұсқаулық бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мiндеттi болады және Нұсқаулық үшiн жауапкершiлiк үшiншi тұлғаға берiлмеуiн және Банк алдын ала мақұлдамастан оның кез-келген ұсыныстарына өзгерту, түзету немесе күшiн жою жүргiзiлмеуiн қамтамасыз етедi.
5. Қарыз алушы:
(а) саясатты жүргiзедi және тұрақты негiзде және Банк үшiн қолайлы көрсеткiштерге сәйкес мониторинг пен бағалауды оған жүзеге асыруға, Жобаны орындауға және жоба мақсаттарына қол жеткiзуге мүмкіндiк беретiн тиiстi тәртiптi қамтамасыз етедi;
(b) техникалық тапсырмаларды Банк үшiн қолайлы негiзде дайындайды және Банкке шамамен 2007 жылғы 30 қыркүйекте есептi даярлау күнінен кейiнгi кезеңде Жобаның тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету және оның мақсаттарына қол жеткiзу бойынша ұсынылатын iс-шараларды баяндай отырып көрсетiлген есептiң алдындағы күн кезеңi ішінде осы Бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес орындалатын мониторинг пен бағалау бойынша қызмет нәтижелерi туралы есептi ұсынады; және
(с) Банктiң сұрауы бойынша осы Бөлiмнiң (b) тармағында көрсетiлген есепті Банкпен бiрлесе отырып 2007 жылғы 30 қазанға дейiн немесе одан кешiрек күнi қарайды және есепте көрсетiлген тұжырымдар мен нұсқаулар және осы мәселелер бойынша Банктiң пікірi базасында Жобаны тиiмдi аяқтауды және одан кейiн оның мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшін барлық қажеттi iс-шараларды қабылдайды.
В-бөлiгi: Iшкi қарыздар туралы келiсiм
1. Қарыз алушы Жобаға қатысу үшiн төмендегi 2-тармаққа сәйкес ҚҚМ арқылы iрiктейтiн Жобаның C.2-бөлімiн орындайды.
2. Қарыз алушы Банкпен консультация жүргiзу кезiнде Қатысушы банк пен Лизингтiк компанияларды Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегі нұсқаулықта айтылған қолайлылық талаптарына сәйкес Жобаның С.2-бөлiгiне қатысу үшiн ҚҚМ ретiнде iрiктейдi.
3. (а) Жобаның C.2-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы Банк мақұлдаған шарттармен Қарыз алушы мен әрбiр ҚҚМ арасында жасалған iшкi қарыз туралы келiсiм шеңберiнде осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағының кестесiндегi (1) Санатқа бөлiнген қарыз сомасын ҚҚМ-ға қайта кредиттейдi. Банкпен өзге уағдаластық жағдайларын қоспағанда осындай шарттар мыналарды қамтуы тиiс:
(i) Iшкi қарыз сомасы әрбiр ҚҚМ-ға доллармен не теңгемен берiледi;
(іі) Iшкi қарыздың негiзгi сомасын тиiстi ҚҚМ Қарыз алушының пайдасына жарты жылдық негiзде үш (3) жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда он бес (15) жылы ішінде доллармен не теңгемен өтейдi; және
(iii) Пайыздар Банк үшiн қолайлы өтелмеген iшкi қарыз қалдықтарына есептеледi, ол былайша анықталады: (а) доллармен деноминирленген iшкi қарыз үшiн пайыздық ставка мыналар: (1) Қарыз сомасын резервтеуге комиссиялық алымдарды төлеу; (2) iшкi қарызға байланысты әкiмшiлiк шығыстар үшiн пайдаланылатын Қарыз қаражатының өтемақысы үшiн оқтын-оқтын Қарыз алушы белгiлейтiн және Банкпен келiсiлетiн 1%-дан аз емес спрэд қосқанда осы Келiсiмнiң 2.06-бөлiмiне сәйкес анықталатын басым пайыздық ставканы бiлдiредi; және (b) теңгемен деноминирленген iшкi қарыз үшiн пайыздық ставка Банк үшiн қолайлы әдiс бойынша анықталады.
(b) Қарыз алушы өзiнiң құқығын Ішкi қарыз туралы келiсiм бойынша Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғайтындай түрде жүзеге асырады және Қарыз мақсаттарын орындайды және Банкпен келiсiлген жағдайларды қоспағанда Қарыз алушы өзiнiң өкiлдiгін бepмeуi, түзетулер енгізбеуi, Iшкi қарыз туралы келiсiмнен не оның кез келген ережесiнен бас тартпауы тиiс.
4. (а) Қарыз алушы ҚҚМ үшiн Қарыз қаражатын беретiн ең жоғары сома, уақыттың кез келген нақтылы кезеңiнде Iшкi қарыз туралы келiсiм шарттарында айтылған осындай кезеңде ҚҚМ жиынтық бiлiктi Субқарыз төлемдердiң нақтылы пайыздарына сәйкес сомамен лимиттелуi және Банк үшiн қолайлы Қарыз алушы саясатына сәйкес болуы тиiс; бұл ретте жиынтық бағаланған Субқарыз төлемдерiнiң нақтылы пайызы ешқандай жағдайда да 2006 жылдың 30 маусымына дейiн 100%-ға, 2007 жылдың 30 маусымына дейiн 80%-ға одан әрi уақыттары 75%-ға артпайтын жағдайдағы талаптар сақталуы тиiс.
(b) Осы тармақтың мақсаттары үшiн мыналарды:
(i) "бағаланған субқарыз төлемдерi" тиiстi Iшкi қарыз туралы келiсiмге сай кредиттiк желi ашылғаннан кейiн шоттан қаражат алуға (немесе қаражатты таңдауға) құқығы бар ҚҚМ-ның Бенефициарға заңды шығыстар үшiн субқарызды төлейтiн сомасын; және
(ii) "жиынтық бағаланған субқарыз төлемдердi" кез келген нақтылы уақыт кезеңiндегі нақтылы ҚҚМ-ға қатысты осындай уақыт кезеңiнде барлық Бенефициардың барлық субқарыз бойынша осындай ҚҚМ жасаған жиынтық бағаланған субқарыз төлемдерiн бiлдiредi.
С-бөлiгi: Шағын iшкi қарыздар туралы келiсiм
1. Қарыз алушы төмендегi 2-тармаққа сәйкес Жобаға қатысу үшiн МҚҚМ арқылы Жобаның D.2-бөлiгiн орындайды.
2. Қарыз алушы Банкпен консультация барысы кезiнде МҚҚМ үшiн Ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулықта айтылған қолайлылық талаптарына сәйкес Жобаның D.2-бөлiгiне қатысу үшін МҚҚМ iрiктейдi.
3. (а) Жобаның D.2-бөлiгiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушы мен МҚҚМ арасында Банк мақұлдаған шарттармен жасасатын Микро iшкi қарыздар туралы келiсiм шеңберiнде Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағының кестесiндегi (2) Санатқа бөлiнген қарыз сомасын ҚҚМ-ға қайта кредиттейдi. Банкпен өзге уағдаластық жағдайларын қоспағанда осындай шарттар мыналарды қамтуы тиiс:
(i) шағын iшкi қарыз сомасы әрбiр МҚҚМ үшiн теңгемен берiледi;
(іі) шағын iшкi қарыздың негізгi сомасын тиiстi ҚҚМ Қарыз алушының пайдасына жарты жылдық негізде бiр (1) жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда төрт (4) жыл iшiнде теңгемен өтейдi; және
(іii) Пайыздар Банк үшін қолайлы өтелмеген шағын iшкi қарыздың қалдықтарына есептеледi және Банк үшiн қолайлы әдiс бойынша анықталады.
(b) Қарыз алушы өзiнiң құқығын Шағын iшкi қарыздар туралы келiсiм бойынша Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерін қорғайтындай түрде жүзеге асырады және Қарыз мақсаттарын орындайды және Банкпен келiсiлген жағдайларды қоспағанда Қарыз алушы өзiнiң өкiлдiгiн бермеуi, түзетулер енгiзбеуi, Шағын iшкi қарыздар туралы келiсiмнен не оның кез келген ережесiнен бас тартпауы тиiс.
D-бөлiгi: Cуб-қарыздар және лизингтiк қаржыландыру
шарттары мен ережелерi
1. Шарттар мен ережелер:
(а) Суб-қарыз қаражаты әрбiр Бенефициар үшiн доллармен немесе теңгемен беріледi.
(b) пайыздар cуб-қарыз беруші ҚҚМ анықтайтын, нарықтық конъюктураны ескере отырып спрэдті қосқанда осы қосымшаның В бөлiгiнiң 3 (а) (iii)-тармағына сәйкес анықталатын Iшкi қарыз туралы келiсiмге сәйкес келуiне сай басым пайыздық ставка бойынша әрбiр суб-қарыздың негiзгi таңдалған және өтелмеген сомасына есептеледi.
2. (а) әрбiр суб-қарыз негізгi таңдалған және өтелмеген сомаға кезең-кезеңде есептелетiн пайыздық ставка борыштық мiндеттемелердiң мерзiмiн, шетел валютасында деноминирлеудi, пайыздық ставканы және негізгі таңдалған және өтелмеген сомасына кезең-кезеңде есептелетін пайыздық ставка әкiмшiлiк шығыстарды қосқанда осы Қосымшаның В-бөлiмінің 3 (а) (iii)-тармағының ережелерiне сәйкес iшкi қарызға кезең-кезеңде қолданылатын барабар пайыздық ставкадан төмен болмайтын тиiстi шартпен Қатысушы банктердiң инвестициялық-кредиттiк саясаты мен iс-тәжiрибесiне сәйкес анықталатын басқа да комиссиялық алымдар қоса алынған шарттармен берiледi.
(b) әрбiр Лизингтiк қаржыландыру әрбiр лизингтiк төлем, егер мыналар: (А) Лизингтiк қаржыландыру құрал-жабдықтар, автокөлiк құралдары және/немесе машиналар лизингiнiң құнын білдiретiн сомада қарыз болғанындай; (В) әрбiр лизингтiк төлем пайыздың төлемi және осындай қарыз бойынша негізгi сомасы болғанындай; және (С) әрбiр амортизациялық компонент пайыз бен негізгі сома бойынша енгізілген осындай төлемдердiң негізгi сомасын өзiмен бiрге бiлдiргенiндей есептелетiн амортизациялық компоненттiң бөлігін осындай кестеге қосқан шартпен Лизингтiк компаниялардың инвестициялық және қаржы-лизингтiк саясаты мен iс-тәжiрибесiне сәйкес анықталатын лизингтiк төлемдер мен басқа да алымдардың мерзімі мен кестесiн қоса алғандағы шарттармен берiледi. Лизингтік қаржыландырудың негізгі таңдалған және өтелмеген сомасына кезең-кезеңде есептелетiн пайыздық ставка әкiмшiлiк шығыстарды қосқанда осы Қосымшаның В-бөлiгiнiң 3 (а) (iii)-тармағының ережелерiне сәйкес iшкi қарызға кезең-кезеңде қолданылатын барабар пайыздық ставкадан төмен болмауы тиiстi.
3. Суб-жоба үшiн талап етілетiн тауарлар немесе қызметтер үшiн ешқандай шығыстар, егер мынадай талаптар шарттар орындалмаса Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жатпайды:
(а) (i) осындай суб-жоба үшiн жаңа ҚҚМ қамтамасыз етiлетiн алғашқы үш суб-жобаны немесе лизингтiк қаржыландыруды Банк мақұлдауы тиiс; және (іі) мұндай шығыстар суб-жобаға немесе лизингтiк қаржыландыруға қатысты осы Ереженiң D-бөлiгiнiң 4 (а)-тармағына сай талап етiлетiн өтiнiм мен ақпаратты Қарыз алушы алғанға дейiн кемiнде тоқсан (90) күн бұрын жасалуы тиiс; немесе
(b) осындай суб-жоба үшiн ҚҚМ суб-жоба немесе лизингтiк қаржыландыру ол үшiн Банк Қарыз шотынан қаражат алуға рұқсат еткен тиiсiнше бос лимитi бар суб-қарызды немесе бос лимитi бар Лизингтiк қаржыландыруды өзiмен бiрге бiлдiредi және мұндай шығыстар тиiсiнше бос лимитi бар суб-қарызға немесе бос лимитi бар лизингтiк қаржыландыруға қатысты осы Ереженiң D-бөлiгiнiң 4 (а)-тармағына сай талап етiлетiн өтінiм мен ақпаратты Қарыз алушы алғанға дейiн кемiнде тоқсан (90) күн бұрын жасалуы тиiс. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мыналар: (i) "Бос лимитi бар суб-қарыз" әрбiр жаңа ҚҚМ ұсынған үш алғашқы суб-қарыздан өзгеше суб-қарыз және Бенефициар үшiн $1,000,000 барабар сомадан асатын суб-қарыздан өзгеше болып табылады (бiр Бенефициар үшiн Қарыз қаражатынан қаржыландыруға арналып қаржыландырылатын немесе қаржыландыруға ұсынылатын бос лимитi бар барлық қалған суб-қарыздар жинақталғанда), бұл ретте көрсетiлген сома оқтын-оқтын Банк анықтағанындай өзгеруге жатады; және (іі) "Бос лимитi бар Лизингтік қаржыландыру" әрбiр жаңа ҚҚМ қамтамасыз еткен алғашқы үш лизингтiк қаржыландырудан өзгеше лизингтiк қаржыландыру және Бенефициар үшiн $1,000,000 барабар сомадан асатын Лизингтiк қаржыландырудан өзгеше болып табылады (сол Бенефициар үшiн Қарыз қаражатынан қаржыландыруға арналып қаржыландырылатын немесе қаржыландыруға ұсынылатын барлық қалған лизингтiк қаржыландыру қаражаты жинақталғанда), бұл ретте көрсетiлген сома оқтын-оқтын Банк анықтағанындай өзгеруге жатады.
4. (а) Мақұлдау үшін Банкке бос лимиті бар суб-қарыздан немесе бос лимитi бар лизингтiк қаржыландырудан өзгеше суб-қарыз немесе лизингтiк қаржыландыру берген кезде Қарыз алушы мыналармен: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн ұсынылатын шығыстардың сипаттамасын және Банк үшiн қолайлы экологиялық нұсқаулыққа сәйкес орындалған экологиялық бағалауды қоса алғанда Бенефициардың мiнездемесi мен суб-жобаның сараптамалық бағасымен; (іі) суб-қарыз амортизациясын немесе Лизингтiк қаржыландыру бойынша лизингтiк төлемдер кестесiн қоса алғанда ұсынылып отырған суб-қарыз бен Лизингтiк қаржыландыру шарттарымен; (iii) Банк негiздеп сұраған кез келген басқа ақпаратпен бiрге Банк үшiн қолайлы наряд нысанында өтiнiм беруi тиiс.
(b) Бос лимитi бар-субқарызға немесе лизингтiк қаржыландыруға қатысты Қарыз шотынан қаражат алу рұқсат беру үшiн Қарыз алушы беретiн әрбiр өтiнiм мыналардың: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн ұсынылатын шығыстардың сипаттамасын қоса алғанда қысқаша Бенефициардың мiнездемесi мен субжобаның сипаттамасының; және (іі) оны жеңілдiкпен өтеу кестесiн қоса алғанда суб-қарыз шарттарының нысанасын құрауы тиiс.
(с) Осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларындағы ережелерге сәйкес әзiрленген өтiнiмдер мен сұраулар Банкке 2009 жылдың 30 сәуiрiне дейiн ұсынылуы тиiс.
5. Суб-қарыздар мен лизингтік қаржыландыру Банк мойындайтын суб-жобалар үшiн қолайлы талаптарға жауап беру үшiн Қаржы секторы үшiн ауылдық инвестициялар жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргiзiлетiн суб-жобалар үшiн беріледi.
6. Субқарыздар мен лизингтiк қаржыландыру Бенефициармен жазбаша келiсiм-шартта немесе ол арқылы ҚҚМ Банк пен Қарыз алушының мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi құқыққа және мынадай:
(а) Бенефициардың ұтымды техникалық, қаржылық, басқарушылық экологиялық нормалары мен практикасына сәйкес барынша адал және тиiмдi орындауын және субжобаны пайдалануын және есептілiктi тиiстi түрде жүргiзуiн талап ету;
(b) мынадай: (i) Қарыз қаражатынан қаржыландыру көзделетiн тауарлар мен жұмыстардың осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының ережелерiне сәйкес сатып алынуын; және (іі) мұндай тауарлар мен жұмыстардың тек субжобаны орындау кезiнде ғана пайдаланылуын талап ету;
(с) егер Банк немесе Қарыз алушы субжобаға оларды пайдалану, сондай-ақ тиiстi есептілiк пен құжаттама енгiзілген мұндай тауарлар мен алаңдар, жұмыстар, өндiрiстiк үй-жайлар, құрылыстар және қондырғылар сұраса, Банк немесе Қарыз алушы дербес немесе өкілдерiмен бiрлесiп инспекциялау;
(d) (і) Бенефициар сенiмдi сақтандырушылардың мұндай қатерлерге қарсы сақтандыруды сатып алуын және оңтайлы iскерлiк практика принциптерi мұндай сомаға жауап беруiн; және (іі) жоғарыда айтылғандарды шектеместен, мұндай сақтандырудың Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алуға, тасымалдауға және жеткiзуге байланысты тәуекелдi жабуы қажеттiгiн; мұндай қатерлердiң бiрi болған кезде төленетiн өтемақыны ол мұндай тауарларға ауыстыра алатын немесе жөндей алатын еркiн пайдаланылатын валютада Бенефициарға төленуi қажеттiгiн талап ету;
(е) жоғарыда көрсетiлгендерге байланысты, сондай-ақ Бенефициардың әкiмшiлігі, операциялар және қаржылық мән-жайына қатысты, сондай-ақ субжобадан ықтимал пайдаға қатысты Банктiң немесе Қарыз алушының негiздемелi сұрауы бойынша кез-келген ақпаратты алу; және
(f) Қарыз алушымен шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған кезде Қарыз қаражаттарын пайдалануға Бенефициардың құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату құқықтарына ие болатын өзге де тиістi құжаттарда айтылған шарттармен берiледi.
E-бөлiгi:
Шағын суб-қарыздарға арналған шарттар мен
ережелер
1. Осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағында келтiрiлген (2) кестенiң Санатына оқтын-оқтын бөлiнетiн Қарыз қаражатынан берiлетiн әрбiр шағын суб-қарыздың негізгі сомасына теңгемен басымдық жасалады.
2. Әрбiр шағын суб-қарыз МҚҚШ анықтайтын және әкiмшілік шығыстарды, капитал құнын, қарыздар, инфляция бойынша және Қарыз алушының қаржылық рыногiнде басым түсетiн оң нақты пайыз ставкаларын ескерiп болжамдалған залалдарды қоса алғанда, кредит берудiң толық құнын жабу үшiн жеткiлiктi ставка бойынша алынған және өтелмеген негізгi сомаға есептелетiн пайыздармен берiледi.
3. Шағын суб-қарыздар Банкке қолайлы суб-жобаларға арналған өлшемдерге сәйкес келуiн растау үшiн МҚҚШ үшiн Ауылдық инвестициялар бойынша нұсқаулыққа сәйкес сараптамаға өткен суб-жобаларға берiледi.
4. Шағын субқарыздар мынадай құқықтарды қоса алғанда, МҚҚШ нәтижесінде өз мүдделерiн, сондай-ақ Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерін қорғау үшiн жеткілiктi құқық алатын жазбаша келiсiм-шарттарда немесе өзге құжатта айтылатын шарт негiзiнде берiледi:
(а) Бенефициардың Субжобаны тиiсiнше адалдықпен және тиiмдiлiкпен және техникалық, экономикалық, қаржылық және коммерциялық практикаға сәйкес орындауын, есептіліктi тиiстi түрде жүргiзуiн және қажет болған кезде қорларды, үй-жайларды және осы мақсаттарға қажеттi басқа да ресурстарды дереу беруiн талап ету;
(b) (i) Қарыз қаражаттарынан қаржыландыру көзделген тауарлар мен жұмыстар осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының ережелерiне сәйкес сатылып алынуын; және (іі) мұндай тауарлар мен жұмыстар Субжобаны орындау кезiнде айырықша пайдаланылуын талап ету;
(с) егер Банк немесе Қарыз алушы субжобаға оларды пайдалану, сондай-ақ тиiстi есептілiк пен құжаттама енгiзілген мұндай тауарлар мен қызметтер және алаңдар, өндiрiстiк үй-жайлар, құрылыстар сұраса, Банк немесе Қарыз алушы дербес немесе өкiлдерiмен бiрлесiп инспекциялау;
(d) Банкке немесе Қарыз алушыға қолайлы қауiпсiздiк, денсаулық қорғау және экологияның тиiстi нормаларына сәйкес Субжобаны орындау және пайдалану; және
(e) МҚҚШ-пен шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған кезде Қарыз қаражаттарын пайдалануға Бенефициардың құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату.
1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
(а) "заңды санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшадағы 1-кестенiң 1-тармағындағы (1) және (2) санаттарды бiлдiредi;
(b) "заңды шығыстар" терминi Суб-қарыздар және Лизингтiк қаржыландыру, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының шарттарына сәйкес құқыққа сай Санаттарға мерзiмдi түрде бөлiнетiн Қарыз қаражаттарынан қаржыландыру көзделген Шағын суб-қарыздар шеңберiнде Суб-жобалар үшiн қажеттi тауарлар мен жұмыстардың пайымды құны бойынша сатып алынған шығыстарды бiлдiредi; және
(с) "Бекiтiлген қаржы бөлу" терминi Қарыз шотынан алынатын және егер Банкпен басқа уағдаластық болмаса, Бекiтілген қаржы бөлу Қарыз шотынан алынған қаражаттардың жиынтық сомасы 2,000.000 $ сомамен шектелетiн болғанша қосылған Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердің жалпы сомасы 4,000.000 баламасына тең болмайтын немесе асып кететiн шарт негізiнде осы Қосымшаның 3(а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа есептелетiн 4,000.000$ соманы бiлдiредi.
2. Арнайы шоттан қаражаттардың төлемi осы Қосымшаның шарттарына сәйкес заңды шығыстарға жүргiзіледi.
3. Банк Арнайы шот белгiленген тәртiппен ашылғаны үшiн қолайлы айғақ алғаннан кейiн Бекiтiлген қаржы бөлудi алу мен Арнайы шотты толтыру мақсатында қаражаттарды кейiнгi алу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
(а) Бекiтiлген қаржы бөлу қаражаттарын алу үшiн Қарыз алушы Банкке Бекiтiлген қаржы бөлудiң жиынтық сомасынан немесе оның сомасынан асып кетпейтiн депозитке сұрау немесе сұраулар бередi. Осындай сұрау немесе сұраулар негізiнде Банк атынан Қарыз алушы қаражаттарды алады және Қарыз алушы сұраған соманы немесе сомаларды Арнайы шоттың депозитiне оларды есептейдi.
(b) (і) Арнайы шотты толтыру үшiн Банкке Қарыз алушы Банк анықтайтын сол кезеңділікпен Арнайы шотқа қаражаттарды аударуға сұрау бередi.
(iі) әрбiр айтылған сұрауды алғанға дейiн немесе осындай сұрауды алғанда, Қарыз алушы Банкке оған сәйкес Арнайы шотқа қаражатты толтыру сұралатын төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттаманы және өзге де куәлiктердi бередi. Әрбiр осындай сұрау негізiнде Банк атынан Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражаттарды алуды және негiздемесi Арнайы шоттан тиiстi шығыстарды төлеу үшiн айтылған құжаттармен және өзге де куәліктермен расталған мөлшерде Қарыз алушы сұраған Арнайы шотқа оларды есептеудi жүргізедi. Қарыз шотынан көрсетiлген депозиттердi Банктiң алуы берiлген құжаттармен және өзге де куәлiктермен расталған құқыққа сай санаттар мен тиiстi баламалы сома шегінде жүргізіледi.
4. Арнайы шоттан әрбiр төлем үшiн Қарыз алушы Банктiң сұрауында негiздемелi түрде көрсетiлген кезең iшiнде осындай төлем Банкке заңды шығыстарға жүзеге асырылғанына құжаттаманы және басқа да айғақтарды бередi.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағындағы ережелерге қарамастан, Банк Арнайы шотқа одан әрi депозиттерге қатысты сұрауларды қабылдамайды:
(а) егер қандай да бiр сәтке Банк бұл Жалпы шарттардың V-бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) тармағында көзделгендей Қарыз шотынан тiкелей Қарыз алушы қаражаттарды бүкiл одан әрi алуды жүзеге асыратынын анықтаса;
(b) егер Қарыз алушы Банкке осы Келiсiмнiң (іі) 4.01 (b)-бөлiмiнде айтылған кезең iшiнде Банкке көрсетiлген Бөлiмге сәйкес аудитке қатысты шоттар және Арнайы шот бойынша есептiлiк берiлуi қажет аудит туралы қандай-да бiр есептердi бермесе;
(с) егер Банк қандай да бiр сәтке Қарыз алушыға Жалпы шарттардың 6.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Қарыз шотынан қаражаттарды Қарыз алушының алу құқығын iшiнара немесе толықтай тоқтата тұру туралы өз ниетiн хабарласа; немесе
(d) Жоба үшiн Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Банктiң барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелерінiң жалпы сомасын шегере отырып, заңды Санаттарды қаржыландыруға арналған Қарыз қаражаттарының жалпы таңдалмаған сомасы Бекiтiлген қаржы бөлу сомасынан екi есе асқанда ғана.
Бұдан кейiн құқыққа сай санаттарды қаржыландыруға арналған Қapыз шотында алынбай қалған соманы алу Қарыз алушыға арнайы хабарламада Банк айтқан тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаражаттарды одан әрi алу айтылған хабарлама күнi Арнайы шоттағы депозитте қалған барлық сома құқыққа сай шығыстар бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынына Банк көз жеткiзгеннен кейiн ғана Банкке қолайлы көлемде жүргізіледi.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр сәтке (i) Арнайы шоттан кез-келген төлемдер осы Қосымшаның 2-тармағының шарттарына сәйкес келмейтін шығыстарды немесе соманы жабу үшiн жасалды немесе Банкке берiлген құжаттамамен негiзделмедi деп белгiлесе, Қарыз алушы Банк хабарлама алғаннан кейiн дереу (А) Банк сұрауы мүмкiн мұндай қосымша растаманы бередi; немесе (В) Арнайы шотқа (немесе Банктiң сұрауы бойынша оны өтейдi) жеткiлiктi түрде расталмаған немесе заңды төлемдер санатына кiрмейтiн осындай төлем сомасына немесе оның бөлiгiне тең соманы енгiзедi. Егер Банк өзгелей келiспесе, онда Қарыз алушы әрбiр нақты жағдайда, көрсетiлген растаманы бергенге немесе айтылған жарнаны Арнайы шотқа жүргiзгенге немесе қаражаттарды өтегенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қаражат орналастырылмайды.
(b) Егер Банк қандай да бiр сәтке Арнайы шоттағы кез келген өтелмеген сома құқыққа сай шығыстар бойынша одан әрi төлемдердi жабу үшiн талап етiлмейдi деп белгілесе, онда Қарыз алушы Банк хабарламаны алғаннан кейiн дереу Банкке осы өтелмеген соманы өтейдi.
(с) Қарыз алушы Банк хабарламаны алғаннан кейiн Банкке Арнайы шоттағы депозиттегі қаражаттарды толықтай немесе iшiнара өтей алады.
(d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармағына сәйкес Банкке өтелген қаражаттар Қарыз шотына алдағы алу немесе Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес есептен шығару үшiн есептеледi.