Ташкентте 2004 жылғы 17 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
ИММУНИТЕТТЕРI ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттерi (бұдан әрi Тараптар деп аталады),
жалпы көпшілік таныған принциптердi және халықаралық құқықтың нормаларын басшылыққа ала отырып,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының
19-бабының
ережелерін негiзге ала отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
1) "
Хартия
" - Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясы;
2) "
ШЫҰ
" немесе "
Ұйым
" - Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
3) "
мүше мемлекет
" - ШЫҰ-ның мүше мемлекетi;
4) "
өкiлдiк орналасқан мемлекет
" - аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн ШЫҰ органының штаб-пәтерi немесе оның бөлiмшесi орналасқан мүше мемлекет;
5) "
ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдары
" - ШЫҰ-ның Хатшылығы мен ШЫҰ-ның ААТҚ;
6) "
Хатшылық
" - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн әкiмшілiк органы болып табылатын ШЫҰ Хатшылығы;
7) "
ААТҚ
" - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органы болып табылатын ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымы;
8) "
ААТҚ кеңесі
" - ААТҚ органы;
9) "
Атқарушы комитет
" - ААТҚ органы;
10) "
Атқарушы хатшы
" - ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы;
11) "
Директор
" - ААТҚ-ның Атқару комитетiнің директоры;
12) "
лауазымды тұлғалар
" - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына жұмыс iстеу үшін Тараптар жіберетiн және тиiсті штаттық қызметке тағайындалған тұлғалар;
13) "
Тұрақты өкіл
" - мүше мемлекеттiң ШЫҰ Хатшылығы жанындағы тұрақты өкілі;
14) "
мүше мемлекеттердiң өкiлдері
" - Ұйымның шеңберінде өткiзiлетін мәжілістерге және іс-шараларға мүше мемлекеттер жiберетiн делегациялар басшылары, олардың орынбасарлары, делегаттар, кеңесшiлер, техникалық сарапшылар және делегациялардың хатшылары;
15) "
Ұйым істерi бойынша іссапардағы сарапшылар
" - ШЫҰ-ның тапсырмаларын орындайтын лауазымды тұлғалардан өзге сарапшылар;
16) "
отбасы мүшелері
" - жұбайы (зайыбы) және олармен бiрге тұратын 18 жасқа дейінгi балалары;
17) "
үй-жай
" - ШЫҰ-ның тұрақты түрде жұмыс істейтін органдарының ғимараты немесе ғимаратының бір бөлiгi, олар осы ғимаратқа немесе ғимараттың бір бөлігіне қызмет ететін жер учаскесiн қоса алғанда, ғимараттарға деген меншiк құқығының нысанына және тиесілігіне қарамастан ресми пайдалануға арналған.
1. ШЫҰ-ның халықаралық құқықтық қабілеті бар. Ол өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшін қажетті осындай құқықтық қабілетін әрбiр мүше мемлекеттің аумағында пайдаланады.
2. ШЫҰ заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады және атап айтқанда:
- шарттар жасаса алады;
- жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып ала алады, жалға алады, иеліктен алады және оларға билiк жүргiзе алады;
- банктік шоттар аша алады және кез келген валютада ақшалай қаражатпен операциялар жасай алады;
- соттарда талапкер немесе жауапкер ретінде өкілдік ете алады;
3. Осы бапта көзделген құқықтарды Хатшылықтың және Атқарушы комитеттің атынан тиісiнше Атқарушы хатшы және Директор жүзеге асырады.
1. ШЫҰ, оның мүлкi және активтерi, Ұйым өзi иммунитеттен бас тартатын жағдайларды есептемегенде, әкiмшілiк немесе соттық араласудың кез келген нысанынан иммунитеттi пайдаланады. Иммунитеттен қандай да бiр бас тарту соттық-атқарушылық шараларға қолданылмайды.
2. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органдарының үй-жайы және көлiк құралдары, сондай-ақ олардың мұрағаты мен құжаттары, оның iшiнде қызметтік хат-хабарлары, олардың орналасқан орындарына қарамастан, тінтуден, реквизициядан, тәркілеуден, тыйым салудан және басқа да атқарушылық iс-әрекеттерден иммунитеттi пайдаланады.
3. Өкілдік орналасқан мемлекеттің тиiсті билiк және басқару органдарының өкілдерi Атқарушы хатшының немесе Директордың не оларды алмастыратын лауазымды адамдардың келiсiмi болмаса және олар мақұлдаған шарттармен болмаса ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органдарының үй-жайларына кiре алмайды.
4. Өкілдiк орналасқан мемлекеттің тиiстi билiк және басқару органдарының шешімдерi бойынша ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органдарының үй-жайларында кез келген iс-әрекетті орындау Атқарушы хатшының немесе Директордың не оларды алмастыратын лауазымды адамдардың келiсімімен ғана орын алуы мүмкiн.
5. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдарының үй-жайлары және көлiк құралдары мүше мемлекеттердiң кез келгенінің заңдары бойынша қудалауда жүрген немесе мүше мемлекеттердiң кез келгенiне не үшінші мемлекетке тапсырылуға тиіс адамдар үшін пана қызметiн атқара алмайды.
6. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтiн органдарының үй-жайлары және көлік құралдары ШЫҰ-ның функциялары мен міндеттерiне сыйыспайтын немесе Тараптардың қауіпсiздігі мен мүдделерiне нұқсан келтiретiн мақсаттарда пайдаланылмайды.
7. Өкілдiк орналасқан мемлекет ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органдарының үй-жайларын кез келген басып кiруден немесе нұқсан келтiруден қорғау үшін тиiстi шаралар қабылдайды.
8. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесi Ұйымның атынан ШЫҰ берген артықшылықтар мен иммунитеттерден анық бiлдiрілген нысанда бас тартуы мүмкiн.
ШЫҰ, оның активтерi, кірістері мен басқа да меншiгi:
- қызмет көрсетудiң (көрсетілген қызметтің) нақты түрлерi үшiн төлем болып табылатындарды қоспағанда, мүше мемлекеттердің аумақтарында өндіріліп алынатын барлық тiкелей салықтар мен алымдардан, қосымша құн салығынан (оның iшiнде тиiстi мүше мемлекеттiң нормативтiк-құқықтық актілерiне сәйкес қайтарым нысаны түрiнен) босатылады;
- Ұйым қызмет бабында пайдалануға арналған заттарды әкелу және әкету кезiнде кедендiк алымдардан және басқа да төлемдерден, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. Жалпы ережелерден ерекшелігі бар сипатта әкелінетін заттар, осы мүше мемлекет Үкіметімен келісілген шарттармен болмаса, олар аумағына әкелінетін мүше мемлекетте сатылмайды;
- жеке басылымдарын әкелу және әкету кезiнде кедендiк алымдардан және басқа да төлемдерден, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады.
1. ШЫҰ өзінің ресми байланыс құралдары үшін әрбiр мүше мемлекеттiң аумағында осы мемлекет шетелдiк мемлекеттердiң дипломатиялық миссияларына жасайтынынан кем емес қолайлы жағдайларды пайдаланатын болады.
2. ШЫҰ ақпаратты берудiң құпиялылығын қамтамасыз ететiн шифрлық, курьерлiк және байланыстың басқа да түрлерін пайдалануға, дипломатиялық курьерлер мен вализдер сияқты тап сондай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын курьерлер немесе вализдер арқылы хат-хабарларды алуға және жөнелтуге құқылы.
3. Қызметтік хат-хабарлар сақталатын барлық орындар олардың сипатын көрсететін көзге түсетіндей сыртқы белгілерден, орнын ауыстыру құпиялылық режимiн сақтауды талап ететін, ресми пайдалануға ғана арналған қызметтік хат-хабарлар мен заттардан тұруы тиiс.
4. Курьер оның мәртебесi мен қызметтiк хат-хабарларды құрайтын орындар саны көрсетiлген ресми құжатпен жабдықталуы тиiс.
ШЫҰ ресми мақсаттарға пайдаланылатын өзi орналасқан үй-жайларда және көлiк құралдарында Ұйымның жалауын, эмблемасын және басқа да рәмiздерін орналастыруы мүмкiн.
Ұйым өзiнің мақсаттары мен функцияларына сәйкес баспасөз өнiмдерiн шығаруы және таратуы мүмкін.
Мүше мемлекеттер ШЫҰ-ға өзiнің функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi үй-жайларды алуда жәрдем көрсетедi.
ШЫҰ сот әдiлдiгінің тиiстi түрде атқарылуын және құқық қорғау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез келген терiс пайдаланушылықтың алдын алу мақсатында мүше мемлекеттердiң тиiстi билiк және басқару органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
1. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдарының лауазымды тұлғалары халықаралық қызметкерлер болып табылады.
2. Қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде олар қандай да болсын мүше мемлекеттен және/немесе үкiметтен, ұйымнан немесе жеке адамнан нұсқау сұратуға немесе алуға тиiсті емес.
3. Әрбiр Тарап лауазымды тұлғалар функцияларының халықаралық сипатын бұлжытпай құрметтеуге және олар қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал жасамауға мiндеттенедi.
Лауазымды тұлғалар мүше мемлекеттердiң аумақтарында:
1) - Ұйымға немесе лауазымды тұлғаға тиесілі не ол басқарған көлiк құралдарынан туындаған жол-көлік оқиғасына байланысты зиянның орнын толтыру туралы талап арызды;
- лауазымды тұлға тарапынан жасалған iс-әрекеттен туындаған кiсi өліміне немесе дене жарақатына байланысы зиянның орнын толтыру туралы талап арызды есептемегенде:
лауазымды тұлғалар ретінде айтқаны немесе жазғаны және барлық жасаған iс әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкімшілiк жауапкершілiкке тартылмайды;
2) жалақысына және Ұйым төлейтiн өзге де сыйақыларына байланысты салықтардан босатылады;
3) мемлекеттік мiндеттілiктен босатылады;
4) отбасы мүшелерімен бiрге шетелдiктер ретiнде иммиграция жөнiндегi шектеулерден және тіркеулерден босатылады;
5) валюталық операциялар саласында мүше мемлекеттер аумақтарында дипломатиялық агенттерге берiлетiнiндей тап сондай артықшылықтарды пайдаланады;
6) отбасы мүшелерiмен бiрге халықаралық дағдарыстар кезiнде репатриацияға қатысты дипломатиялық агенттер пайдаланатынындай тап сондай жеңiлдiктердi пайдаланады;
7) қызметке бастапқы тағайындалған кезiнде және өкілдік орналасқан мемлекеттен келiсiм-шарттың тоқтатылуына байланысты кеткен кезiнде, қызмет көрсетудің (көрсетiлген қызметтің) нақты түрлерiне төлем болып табылатындарды есептемегенде, өкiлдiк орналасқан мемлекеттiң нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды және алымдарды төлеместен жеке тұтынуына арналған автокөлiк құралын қоса алғанда, мүлiктi әкелуге/әкетуге құқылы.
Осы Конвенцияның 11-бабында бекiтiлген артықшылықтармен және иммунитеттермен қатар, Атқарушы хатшы, Директор және олардың орынбасарлары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық агенттерге және олардың отбасы мүшелерiне берiлетiн басқа да артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
Лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы немесе өзге адамдардың пайдасы мүдделерiнде коммерциялық немесе кез келген басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
1. Лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелерi тағайындалған орнына жол жүру кезiнде өкiлдiк орналасқан мемлекеттің аумағына келген кезден бастап, егер олар бұрын осы аумақта жүрген болса, лауазымды тұлғалар өзiнің мiндеттерін орындауға кiрiскен кезден бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
2. Лауазымды тұлға функциясын тоқтатқан кезде оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ өкiлдiк орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi осы тұлға өкiлдiк орналасқан мемлекеттен кеткен кезден бастап немесе мұны iстеу үшiн орынды мерзiм өтiсiмен тоқтатылады. Отбасы мүшелерінiң артықшылықтары мен иммунитеттерi олар осындай сипатта болуын тоқтатқан уақытта тоқтатылады, алайда егер мұндай адамдар орынды мерзiм ішінде өкiлдiк орналасқан мемлекеттен кетуге ниет бiлдiрсе, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi олар кеткен кезге дейін сақталады.
3. Лауазымды тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерi оларға берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi олар өкiлдiк орналасқан мемлекеттен кеткен кезге дейiн немесе өкілдiк орналасқан мемлекеттен кете алатындай орынды мерзім өткенге дейiн пайдалануын жалғастырады.
1. Лауазымды тұлғалap пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер олардың жеке бас пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделерi үшін өздерінің ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз атқару үшiн беріледi.
2. Атқарушы хатшыға қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң ұсынуы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшыларының кеңесіне тиесілi.
3. Директор мен оның орынбасарларына қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы ААТҚ кеңесінiң ұсынуы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшыларының кеңесiне тиесілi.
4. Атқарушы хатшының орынбасарларына қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы ШЫҰ-ға мүшe мемлекеттердiң Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің ұсынуы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесіне тиесілi.
5. Хатшылықтың басқа лауазымды тұлғаларына қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердiң Ұлттық үйлестірушілер кеңесiнiң келiсімі бойынша Атқарушы хатшыға, ал Атқару комитетiнiң лауазымды тұлғаларына қатысты ААТҚ кеңесiнің келiсiмi бойынша Директорға тиесілi.
6. Иммунитеттен бас тарту анық білдiрiлуi тиiс.
Лауазымды орналасу - лауазымды тұлғаларға визаларды ресiмдеу шақыру хат немесе iссапарлық нұсқама болған жағдайда, жеделдетілген тәртіппен және ақысыз негiзде жүргізіледi.
1. ШЫҰ-ның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (лауазымды тұлғалардан өзге адамдар) iссапарларға байланысты жол жүруге кеткен уақытты қоса алғанда, iссапар мерзiмi iшiнде өздерiнiң функцияларын тәуелсiз түрде орындауы үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады. Атап айтқанда оларға:
- жеке басын тұтқындаудан немесе ұстаудан және олардың жеке қол жүгiне тыйым салудан иммунитет берiледi;
- қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде олар барлық айтқандарына немесе жазғандарына және жасағандарына қатысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ұйым iстерi бойынша iссапары аяқталғаннан кейiн де иммунитетке қатысы бар адамдар ретiнде оларға аталған иммунитеттің берiлуi жалғасады;
- барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық;
- Ұйыммен қатынас жасау үшiн шифрларды пайдалану, қағаздарды немесе хат-хабарларды курьерлер немесе вализдер арқылы алу мен жөнелту құқығы;
- ақшаны немесе валютаны айырбастауды шектеуге қатысты уақытша қызметтiк iссапарларда жүрген шетелдiк үкiметтер өкілдерiне қандай жеңілдіктер берілсе, бұларға да сондай жеңiлдiктер;
- олардың жеке қол жүгіне қатысты дипломатиялық өкiлдерге берiлетін сияқты иммунитеттер мен жеңiлдiктер беріледі.
2. Сарапшыларға артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшылардың жеке бас пайдасы үшiн емес, ШЫҰ-ның мүдделерi үшін берiледi.
3. ШЫҰ-ның тапсырмаларын орындап жүрген сарапшыларға қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы Ұлттық үйлестiрушiлер кеңесiнің келiсiмi бойынша Атқарушы хатшыға және тиiсiнше ААТҚ Кеңесiнiң келiсімі бойынша Директорға тиесілi.
4. Иммунитеттен бас тарту анық бiлдiрiлуi тиiс.
1. Өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде және мүше мемлекеттерде ШЫҰ-ның ұйымдастыруымен өткiзілетiн iс-шаралар орнына жол жүру және керi қайту уақытысында мүше мемлекеттер өкiлдерiне мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледi:
1) жеке басын тұтқындаудан немесе ұстаудан және жеке қол жүгiне тыйым салудан иммунитет, сондай-ақ өкiлдер ретiнде олардың айтқандары немесе жазғандары және жасаған барлық iс-әрекеттерi үшін қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершілiктен босату;
2) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық;
3) шифрларды пайдалану, қағаздарды немесе хат-хабарларды курьерлер мен вализдер арқылы алу мен жөнелту құқығы;
4) өздерінің қызметтiк міндеттерін атқару үшiн олар уақытша болатын немесе жол жүрiп өтетін елде иммиграцияға қатысты шектеуден, шетелдiктердi тiркеуден немесе мемлекеттiк мiндеттілiктен олардың өздерiн және олардың жұбайларын босату;
5) ақшаны немесе валютаны айырбастауды шектеуге қатысты уақытша қызметтiк iссапарларда жүрген шетелдiк үкiметтер өкілдерiне берілетіні сияқты, бұларға да сондай жеңiлдiктер;
6) олардың жеке қол жүктеріне қатысты дипломатиялық өкiлдерге берiлетiнi сияқты иммунитеттер мен жеңiлдiктер;
7) әкелетiн тауарларына (олардың қол жүктерінің бiр бөлігін құрамайтын) қатысты кедендiк алымдардан немесе акциздiк алымдардан немесе сатуға қатысты алымдардан босатуды талап ету құқығын қоспағанда, дипломатиялық өкiлдер пайдаланатыны сияқты, жоғарыда баяндалғандарға қайшы келмейтiн басқа да артықшылықтар, иммунитеттер және жеңілдіктер.
2. Өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде толық сөз бостандығын және тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері олардың айтқандарына және жазғандарына қатысты, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олар жасаған барлық іс-әрекеттеріне қатысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілiктен босатылады. Мүше мемлекеттердiң өкілдерi болып табылмайтын кезден кейiн де, иммунитетке қатысы бар адамдар ретiнде, оларға аталған иммунитеттiң берiлуi жалғасады.
3. Салықтардың қандай да бiр нысанын салу тұрған уақытысына байланысты болса, мүше мемлекеттер өкілдерінің өздерiнiң мiндеттерiн атқару үшiн қандай да бiр мүше мемлекеттегі кеңесте болу кезеңi тұрған мерзiмiне есептелмейдi.
4. Артықшылықтар мен иммунитеттер Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдерiне жекелеген адамдардың бас пайдасы үшін емес, ШЫҰ жұмысына байланысты олардың өз функцияларын тәуелсiз орындауын қамтамасыз ету үшін берiледi. Ұйымға мүше мемлекет оның пікірi бойынша иммунитет әдiл сот атқаруға кедергi келтiредi деген әрбiр жағдайда өз өкiлінің иммунитетiнен бас тартуға құқылы ғана емес, сонымен бiрге міндетті де, бұл орайда бас тарту иммунитет берiлген мақсат үшін нұқсан келтiрiлместен жүргізiлуi мүмкiн.
5. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелерi өкілдiң және ол азаматтығында тұрған немесе өкiлi болып табылатын немесе бұрын өкiлi болған мемлекеттiң өкiмет орындары арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды.
Мүше мемлекеттер өздерінің iшкi ережелеріне және рәсiмдеріне сәйкес Хатшылық жанындағы өздерiнiң тұрақты өкiлдерін тағайындайды, олар Хатшылық орналасқан мемлекеттегi мүше мемлекеттер елшiлiктерiнiң дипломатиялық персоналының құрамына енетін болады. Тұрақты өкiлдер өкiлдiк орналасқан мемлекеттегi дипломатиялық агент үшін көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар өздерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне нұқсан келтiрместен мүше мемлекеттердiң заңнамаларын құрмет тұтуға және осы мемлекеттердің iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
Осы Конвенцияның ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулар мен келiспеушілiк туындаған жағдайда, мүдделi Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
Осы Конвенция осы Конвенцияның тақырыбы болып табылатын және оның мақсаттары мен объектiсіне қайшы келмейтін мәселелер бойынша басқа да халықаралық шарттар жасасуда Тараптардың құқықтарын шектемейдi, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
1. Осы Конвенция белгiленбеген мерзiмге жасалады.
2. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердiң бекiтуiне жатады және соңғы бекiту грамотасы депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап отызыншы күнi күшіне енедi.
3. Осы Конвенцияны Тараптар оған қол қойған күнiнен бастап уақытша қолданады.
1. Осы Конвенция Хартияның 13-бабына сәйкес ШЫҰ-ның мүшелiгіне кiргiсi келетiн кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық.
2. Қосылатын мемлекет үшін осы Конвенция қосылуы туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
Осы Конвенция әрбiр мүше мемлекетке қатысты осы мүше мемлекет ШЫҰ-ның мүшесi болып қала беретін уақытқа дейiн күшінде болады.
Осы Конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкін, олар осы Конвенцияның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi. Өзгерiстер мен толықтыруларды депозитарийге тиістi хабарлама жiберу арқылы кез келген Тарап ұсынуы мүмкiн, депозитарий ұсынылған өзгерiстер мен толықтыруларды басқа Тараптардың қарауына жолдайды.
Өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттамалар Тараптардың өзара келiсiмi бойынша уақытша қолданылуы мүмкін және олар осы Конвенция үшiн белгіленген тәртiппен күшіне енедi.
Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуi тиiс.
Ташкент қаласында 2004 жылғы 17 маусымда орыс және қытай тiлдерiнде бiр түпнұсқа дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Осы Конвенцияның депозитарийi Хатшылық болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Қазақстан Республикасы үшiн
Қытай Халық Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжiкстан Республикасы үшiн
Өзбекстан Республикасы үшін
Осымен 2004 жылғы 17 маусымда Ташкент қаласында жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның қазақ тіліндегі бұл аударма аталған Конвенцияның орыс тіліндегі мәтініне сәйкес екенін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Мемлекеттік тіл және құжат айналымы
Басқармасының Бастығы