1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 50-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармағындағы "iс-әрекетi жағдайында анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн." деген сөздер "iс-әрекетi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақтармен толықтырылсын:
"8) тиiстi сараптама жүргiзiлген;
9) осы Кодекстiң 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты iс жүргiзу әрекеттерi орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.";
2) 70-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды адвокатпен қатар күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және осы бiрлестiктер мүшелерiнiң iстерi бойынша басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.";
(Ескерту. 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының қолданысқа енгізілуі осы Заңның
2-бабынан
қараңыз)
3) 71-баптағы "сезiктi немесе айыпталушы", "айыпталушыға", "сезiктiлердiң немесе айыпталушылардың", "айыпталушы", "сезiктiнiң, айыпталушының" деген сөздер тиiсiнше "күдiктi, айыпталушы, сотталушы", "айыпталушыға, сотталушыға", "күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың", "айыпталушы, сотталушы", "күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 72-баптағы "сезiктi немесе айыпталушы,", "сезiктiнiң, айыпталушының", "Сезiктi немесе айыпталушы", "сезiктiге, айыпталушыға", "сезiктiге немесе айыпталушыға", "сезiктiнi, айыпталушыны", "сезiктiнiң немесе айыпталушының", "сезiктiмен немесе айыпталушымен" деген сөздер тиiсiнше "күдiктi, айыпталушы, сотталушы,", "күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының", "Күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы", "күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға", "күдiктi, айыпталушы, сотталушы", "күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға", "күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны", "күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының", "күдiктiмен, айыпталушымен, сотталушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 290-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жатқызылған iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер аудандық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жатады.";
6) 291-баптың төртiншi бөлiгiндегi "наразылықтары, ұсынымдары" деген сөздер "шағымдары, наразылықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 292-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"292-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттауына
жататын қылмыстық iстер
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретiнде әрекет жасайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы облыстық және оларға теңестiрiлген соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша iстердi, сондай-ақ осы соттардың заңды күшiне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртiппен қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) аудандық және оған теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi сатыда қарау кезiнде шығарған, заңды күшіне енген үкiмдерi мен қаулыларына;
4) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына;
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстiң 458-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиiстi сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қарайды.";
8) 299-бапта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Судья келiп түскен iс бойынша:
1) басты сот талқылауын тағайындау;
2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.";
бесiншi бөлiктегi "қылмыстық iстi соттауға жолдау туралы қаулыны қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
9) 301-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "осы Кодекстiң 299-бабы екiншi бөлiгiнiң 2)-6) тармақтарында көрсетiлген" деген сөздер "iстi қосымша тергеуге қайтару, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру, iстi соттылығы бойынша жiберу, iстi қысқарту, қылмыстық iстердi бiрiктiру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 302-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "осы Кодекстiң 299-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәселелердi шешудi қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
11) 396-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тараптар заңды күшiне енбеген сот үкiмдерiне осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық тәртiппен шағым жасауы және наразылық бiлдiруi мүмкiн.";
12) 399-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртiпте үкiм жарияланған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзiне үкiм көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сондай мерзiмде бере алады.";
14) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгiлеу
1. Бiрiншi сатыдағы сот апелляциялық шағымдар жасау мен наразылық бiлдiруге арналған мерзiм бiткен соң және осы Кодекстiң 401-бабының талаптары орындалғаннан кейiн iстi қараудың жоғары тұрған соттың келiсiмiмен белгiленетiн уақыты мен орнын көрсете отырып, iстi тиiстi апелляциялық сатыға жiбередi.
2. Бiрiншi сатыдағы сот iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы
тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселенi апелляциялық сатыдағы сот шешедi.
Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезiнде апелляциялық сатыға қатысу туралы өтiнiш түскен кезде, бiрiншi сатыдағы сот iстi сотталғанның тiкелей қатысуымен не ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшiн тиiстi органдарға жiбередi.
3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы мiндеттi.
Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбiрленушiнiң (азаматтық талапкердiң) апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша iс қаралып жатқан не iс бойынша сотқа дейiн iс жүргiзу және бiрiншi сатыда iстi қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы мiндеттi. Өзге жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыға қатысуы осы Кодекстiң 71-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстiң 396-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес үкiмге шағымдану құқығы берiлген адамдар, сондай-ақ үкiм шығарылғаннан кейiн тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң өкiлi соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жiберiледi. Оларға өздерiнiң өтiнiштерi бойынша жасалған шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негiздеп сөйлеу үшiн сөз берiледi.";
(Ескерту. 1-баптың 1-тармағы 14) тармақшасының қолданысқа енгізілуі осы Заңның
2-бабынан
қараңыз)
15) 409-бапта:
үшiншi бөлiк "мәлiмделсе," деген сөзден кейiн "олар бойынша процеске қатысушылардың пiкiрiн анықтайды, содан кейiн сот" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Iстi қарау iске қатысушылардың апелляциялық (жеке) шағымдарының, наразылықтарының себептерi мен дәлелдерiн бiлдiретiн пiкiрлерiн, оларға бiлдiрiлген қарсылықтарды ескере отырып олардың сөз сөйлеу ретiн анықтаудан басталады. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзi тыңдалғаннан кейiн сөйлейдi.";
16) 422-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"9. Апелляциялық сатының соты айқын қате жазуларды түзету және түсiнiксiз жағдайларды түсiндiру туралы мәселелердi қарау қажет
болған жағдайда, апелляциялық қаулының мәнiн өзгертпей, қосымша қаулы шығаруға құқылы.";
19) 448-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Апелляциялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап заңды күшiне енедi.";
20) 458 және 459-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"458-бап. Сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн сот
актiлерi
1. Заңды күшiне енгеннен кейiн:
1) бiрiншi сатыдағы соттардың үкiмдерi мен қаулылары;
2) апелляциялық және қадағалау қаулылары сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты соттардың осы Кодекстiң 109, 110, 111-баптарында көзделген мәселелер бойынша iстердi қосымша тергеу немесе жаңа сот қарауына жiберу туралы шығарған, заңды күшiне енген қаулылары сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында ауыр емес қылмыстар туралы заңды күшiне енген үкiмдерi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы адамдардың өмiрi, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн екенi туралы деректердiң анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкiн.
459-бап. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларын қайта
қарау негiздерi
1. Iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берiлуi не заңды дұрыс қолданбаудан:
1) кiнәсiздi соттауға;
2) орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкiмiн негiзсiз шығаруға немесе iстi негiзсiз қысқартуға;
3) жәбiрленушiнi сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуiне әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қайта қарауға негiз болып табылады.
2. Заңды күшiне енген сот актiлерi, егер:
1) сот актiсi мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi, мемлекет қауiпсiздiгiн қозғаса не адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн болса;
2) адам өлiм жазасына сотталған үкiм апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады.
3. Өлiм жазасы туралы заңды күшiне енген үкiмдер де өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн қайта қаралуы мүмкiн.";
21) 460-бапта:
екiншi бөлiкте:
1) тармақтағы "қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы мен" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақтағы "және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
3-1-бөлiк алып тасталсын;
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстiң 463-465-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады.
Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстiң 459-бабында көзделген қадағалау тәртiбiмен iстi қайта қарау негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде қадағалау алқасы iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.";
22) мынадай мазмұндағы 462-1-баппен толықтырылсын:
"462-1-бап. Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын
қайтару
Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негiздер бойынша:
1) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 462-бабының талаптарына сай келмесе;
2) заңды күшiне енген осы сот актiсiне қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын осы Кодекстiң 460-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;
3) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 461-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
4) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына осы Кодекстiң 291, 292-баптарында белгiленген соттылық тәртiбiн бұза отырып берiлсе;
6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 458-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиiс.
Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда оларды жалпы негiзде қайта беруге болады.";
23) 463, 464 және 465-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"463-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актiсiн қадағалау тәртiбiмен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиiстi қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенедi және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық iс сұратылуы мүмкiн.
2. Қадағалау шағымы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде, ал iс сұратылған жағдайда - iс келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралады.
3. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күнi туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуi iс бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен iс жүргiзудi қозғау негiзi бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi шешуге кедергi болмайды.
464-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын қаулылар
1. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша:
1) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс
жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;
3) дау туғызған сот актiсiн көрсете отырып қаулы шығарылған iс;
4) қадағалау шағымын берген адам;
5) қадағалау шағымында келтiрiлген дәлелдер;
6) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негiздерi;
7) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрi көрсетiлуге тиiс.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша шығарылған қаулының көшiрмесi қадағалау шағымын берген адамға жiберiледi.
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейiн тараптарға қадағалау шағымының көшiрмесiн, сот отырысын өткiзу күнiн, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жiбередi.
2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге iс қадағалау сатысына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.";
25) 467-баптың алтыншы бөлiгiнiң 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады;";
26) 471-баптың екiншi бөлiгiнiң 5) тармағындағы "бiлдiруi болып табылады." деген сөздер "бiлдiруi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығару кезiнде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.".
2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат):
2) 30-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "2)," деген цифр алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2 бөлiкпен толықтырылсын:
"1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiнiң, әскери жиындардан өтiп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы туралы азаматтық iстердi қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бiрi әскери қызметшi, әскери басқару органдары, әскери бөлiм болып табылса, басқа да азаматтық iстердi қарауға құқылы.";
3) 174-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "сотқа арыз түскен сәттен" деген сөздер "iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 344-бапта:
тақырыбы "ұйғарымына" деген сөзден кейiн "(қаулысына) деген сөзбен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "ұйғарымы", "ұйғарымына", "ұйғарым" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қаулысы)", "(қаулысына)", "(қаулы)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "қаулылары" деген сөз "ұйғарымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк "ұйғарымдарына", "ұйғарымдарға" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қаулыларына)", "(қаулыларға)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiк "ұйғарымға" деген сөзден кейiн "(қаулыға)" деген сөзбен толықтырылсын;
төртiншi бөлiктегi "қаулыларына", "қаулы", "он" деген сөздер тиiсiнше "ұйғарымдарына (қаулыларына)", "ұйғарым (қаулы)", "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы (қаулысы) шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi.";
алтыншы бөлiктегi "қаулыны", "қаулының", "қаулы" деген сөздер тиiсiнше "ұйғарымды (қаулыны)", "ұйғарымның (қаулының)", "ұйғарым (қаулы)" деген сөздермен ауыстырылсын;";
5) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"384-бап. Сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жататын сот
актiлерi
1. Заңды күшiне енгеннен кейiн:
1) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмдерi;
2) апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;
3) бiрiншi сатыдағы соттың iстiң одан әрi жылжуына кедергi келтiретiн ұйғарымдары;
4) iсте тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын сот актiлерi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетiлген ұйғарымдарды (қаулыларды) қоспағанда, бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайды.
3. Заңды күшiне енген, талап сомасы бес мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне байланысты шешiмдер, ұйғарымдар (қаулылар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өмiрiне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгiне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн екенi туралы деректердiң анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкiн.";
6) 385-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "және сот бұйрықтарына" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
1) тармақшада "азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада "және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
4-1-бөлiк алып тасталсын;
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстiң 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады. Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстiң 387-бабында көзделген iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарау негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде қадағалау алқасы iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.";
7) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"386-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы:
1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың азаматтық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, прокурор наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) бiрiншi сатыдағы соттардың шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың азаматтық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарылған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына;
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстiң 384-бабының төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi қарайды.";
8) 392-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"392-бап. Қадағалау шағымын (өтiнiмдi) немесе прокурор
наразылығын қайтару
1. Қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы мынадай негiздер бойынша:
1) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 390, 391-баптарының талаптарына сай келмесе;
2) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы заңды күшiне енген осы сот актiсiне осы Кодекстiң 385-бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық бiлдiруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берiлсе;
3) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 388-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiрудiң дәлелдi себептерi болмаса;
4) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесiн бұза отырып берiлсе;
6) қадағалау шағымы (өтiнiм) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстiң 384-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиiс.
2. Қадағалау шағымын (өтiнiмдi) немесе прокурор наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда оларды жалпы негiзде қайтадан беруге болады.";
9) 393, 394 және 395-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"393-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актiсiн сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиiстi қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенедi және қаралады. Қажет болған жағдайда азаматтық iс сұратылуы мүмкiн.
2. Қадағалау шағымы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде, ал iс сұратылған жағдайда - iс келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралады.
3. Қадағалау шағымы алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ шағым берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуi iс бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен iс жүргiзудi қозғауға негiз бар немесе жоқ екенi туралы мәселенi шешуге кедергi болмайды.
394-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын шешiмдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша сот:
1) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және қадағалау шағымын азаматтық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;
3) дау туғызған сот актiсiн көрсете отырып қаулы шығарылған iс;
4) қадағалау шағымының авторы;
5) қадағалау шағымында келтiрiлген дәлелдер;
6) қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негiздерi көрсетiлуге тиiс;
7) қаулының қарар бөлiгiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрi жазылады.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша шығарылған қаулының көшiрмесi қадағалау шағымын берген адамға жiберiледi.
395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым жасалған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы сот қаулысын алғаннан
кейiн тараптарға қадағалау шағымының көшiрмелерiн, сот отырысы өткiзiлетiн күндi, уақытын, орнын көрсете отырып iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жiбередi.
2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге қадағалау сатысына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.";
11) 398-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;";
13) 404-баптың 4) тармақшасындағы "күшiн жою негiздер болып табылады." деген сөздер "күшiн жою;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығаруы кезiнде қолданған заңын немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсiн конституциялық емес деп тануы негiздер болып табылады.".
2-бап. Осы Заң, қажеттi жағдайдың жасалуына қарай, бiрақ 2009 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын және 14) тармақшасының жетiншi абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi