1-бап. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 224-2-баппен толықтырылсын:
"224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушiге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектiлердi салу кезеңiнде қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, онда осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген, өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған
салық төлеушiлердiң тiзбесiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге тауарлардың тиелiп жiберiлгенiн растайтын, тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.
4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.";
2) 225-баптың 19) тармақшасы алып тасталып, 18) тармақшадағы "тауарларды;" деген сөз "тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 234-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердігерлері немесе қосалқы мердiгерлерi әкелген тауарлар импорты.
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердiгерлерi мен қосалқы мердiгерлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ аталған тiзбеге өзгерiстi концессионер уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiседi және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр инфрақұрылымдық жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тiзбесiн бекiтедi.";
4) 245-баптың 2-тармағындағы "222-224-1-баптарында" деген сөздер "222-224-1, 224-2-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-2) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;
2-3) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;";
6) 5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Параграф 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю
станциялары, базарлар мен казино орналасқан
жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары";
7) 337-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары,
базарлар мен казино орналасқан жер учаскелерiне
салынатын салық ставкалары";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерiне осы Кодекстiң
332-бабында
белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиiс.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендер жерлерi үшiн осы Кодекстiң
332-бабында
белгiленген, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиiс.
Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық ставкаларды жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң
332-бабында
белгiленгеннен кем болмауға тиiс.";
8) 393-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн:
ойын үстелi;
бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда);
тотализатор кассасы;
букмекерлiк кеңсе кассасы;
электрондық рулетка;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметiн көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын жеке компьютер;";
9) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"394-бап. Тiркелген жиынтық салық ставкалары
Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Бекiтiлген базалық ставкалар шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген жиынтық салық ставкаларын белгiлейдi.".