Варшавада 1997 жылғы 27 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы Консулдық конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы арасындағы
КОНСУЛДЫҚ КОНВЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы,
достықты нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ерік білдіре отырып,
екі мемлекет арасындағы консулдық қатынастарын реттеу және дамыту тілегін басшылыққа ала отырып,
1963 жылғы 24 сәуірдегі Венада қол қойылған Консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясының ережелері осы Конвенцияда толық көрініс таппаған мәселелерде қолданылатынын растай отырып,
осы Конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегілер жөнінде уағдаласты:
1. Осы Конвенцияда пайдаланылатын анықтамалардың төмендегiдей мағыналары бар:
а) "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты және консулдық агенттiктi бiлдiредi;
b) "консулдық округ" - консулдық қызметтi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнiп берiлген ауданды бiлдiредi;
с) "консулдық мекеме басшысы" - осы сапада iс-әрекет жасау тапсырылған адамды бiлдiредi;
d) "консулдық лауазымды адам" - консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда, осы сапада консулдық қызметтердi орындау тапсырылған кез келген адамды бiлдiредi;
е) "консулдық мекеме қызметкерi" - консулдық мекемеде әкiмшілік және техникалық мiндеттердi орындайтын кез келген адамды бiлдiредi;
f) "қызмет көрсетушi персонал қызметшiсi" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген адамды бiлдiредi;
g) "консулдық мекеменiң қызметкерi" - консулдық лауазымды адамды, консулдық мекеме қызметкерiн және қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiсiн бiлдiредi;
h) "жеке үй қызметшiсi" - консулдық мекеме қызметкерiнiң жеке үй қызметiнде ғана тұрған адамды бiлдiредi;
i) "отбасы мүшесi" - консулдық мекеме қызметкерiнiң жұбайын (зайыбын), балаларын және, егер олар онымен бiрге тұрып жатса және оның асырауында болса, оның ата-аналарын бiлдiредi;
j) "консулдық үй-жайлар" - консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын ғимаратты немесе ғимараттың бiр бөлiгiн және меншiк құқығы кiмге тиесiлi екенiне қарамастан осы ғимаратқа немесе ғимараттың бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн бiлдiредi;
k) "консулдық мұрағаттар" - барлық қағаздарды, құжаттарды, хат-хабарларды, кiтаптарды, фильмдердi, үн жазба таспаларын және шифрлар мен кодтарды, картотекаларды және олардың бұзылмауы мен сақталуын қамтамасыз етуге лайықталған жабдықтардың кез келгенiн қоса алғанда, консулдық мекеменiң тiзiлiмдерiн бiлдiредi;
l) "кеме" - өкiлдiгiн берген мемлекеттiң жалауын көтеруге құқығы бар және осы мемлекетте тiркелген кез келген азаматтық жүзу құралын бiлдiредi;
m) "әуе кемесi" - өкiлдiгiн берген мемлекетке тиесiлiлiгiн тану белгiлерiн пайдалану құқығы берiлген және осы мемлекетте тiркелген кез келген азаматтық ұшу аппаратын бiлдiредi.
2. Осы Конвенцияның өкiлдiгiн берген мемлекеттiң азаматтарына қатысты ережелерi, сондай-ақ заңды тұлғаларға және заңды тұлға болып табылмайтын, алайда өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес құрылған және осы мемлекетте тұрғылықты орны бар өзге де субъектiлерге қатысты тиiсiнше қолданылады.
1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында осы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ашылуы мүмкiн.
2. Консулдық мекеменiң орналасатын жерiн, оның класын және консулдық округiн өкiлдiгiн берген мемлекет анықтайды және мұны консулдық орналасқан мемлекет мақұлдауы тиiс.
3. Консулдық мекеменiң орналасқан жерiнiң, оның класының немесе консулдық округтiң одан әрi қарайғы өзгерiстерi консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
1. Консулдық мекеменiң басшысы консулдық патенттi тапсырғаннан кейiн және консулдық орналасқан мемлекеттiң экзекватурасын алғаннан кейiн өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi.
2. Өкiлдiгiн берген мемлекет өзiнiң дипломатиялық арналары арқылы немесе басқа жолмен консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне патенттi жолдайды. Консулдық патенттiң мазмұнында консулдық мекеме басшысының толық аты мен тегi, азаматтығы, оның дәрежесi, ол өз мiндеттерiн атқаратын консулдық округ, сондай-ақ консулдық мекеменiң орналасқан жерi жазылады.
3. Патенттi алған соң консулдық орналасқан мемлекет оған барынша қысқа мерзiм iшiнде және ақысыз экзекватура бередi.
4. Консулдық орналасқан мемлекет экзекватура бергенге дейiн консулдық мекеме басшысына оның өз мiндеттерiн уақытша орындауына келiсiмiн беруi мүмкiн.
5. Мiндеттердi уақытша болса да орындауға келiсiм берген сәттен бастап, консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары консулдық мекеме басшысының өз мiндеттерiн орындай алуы үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне жазбаша түрде:
а) консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тағайындалулары, тағайындалғаннан кейiн олардың консулдық мекемеге келулерi туралы, олардың түпкiлiктi кетулерi немесе олардың қызметiн тоқтатқаны туралы және олардың консулдық мекемедегi жұмысы кезiнде болуы мүмкiн, олардың мәртебесiне ықпал ететiн барлық басқа да өзгерiстер туралы;
b) консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшесiнiң келуi немесе түпкiлiктi кетуi туралы, сондай-ақ тиiстi жағдайларда, сол немесе өзге адам отбасының осындай мүшесi болатыны немесе болмайтыны туралы;
с) жеке үй қызметшiлерiнiң келуi және түпкiлiктi кетуi туралы және, тиiстi жағдайларда, олардың осы сападағы қызметiнiң тоқтатылуы туралы;
d) консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мекеме қызметкерлерi немесе жеке үй қызметшiлерi ретiнде тұратын адамдарды жалдау және жұмыстан босату туралы хабарланады.
2. Келу туралы немесе түпкiлiктi кету туралы хабарлама мүмкiндiгiнше алдын ала жасалуы тиiс.
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық лауазымды адамның әрқайсысына оның жеке басы туралы мәлiметтердi және қызметiн растайтын тиiстi құжатты ақысыз бередi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi консулдық мекеме қызметкерлерiне, қызмет көрсетушi персонал мүшелерiне және жеке үй қызметкерлерiне, бұл адамдар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын, сондай-ақ осы мемлекетте тұрғылықты мекен-жайы болмаған жағдайда, қолданылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi отбасы мүшелерiне тиiстi түрде қолданылады.
Консулдық орналасқан мемлекетте тұрғылықты тұратын орны жоқ және бұл мемлекетте өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнен басқа жалақы үшiн өзге қызметпен айналыспайтын өкiлдiгiн берген мемлекеттiң азаматы консулдық лауазымды адам бола алады.
Консулдық орналасқан мемлекет, өз шешiмiне дәлелдер келтiру мiндетiнсiз, кез келген уақытта өкiлдiгiн берген мемлекетке дипломатиялық арналар немесе өзге де тиiстi жолмен консулдық мекеме басшысына берiлген экзекватура немесе өзге рұқсат күшiн жойғаны немесе сол немесе өзге консулдық лауазымды адамның немесе консулдық мекеменiң басқа қызметкерiнiң қолайсыз болып табылатындығы туралы мәлiмдей алады. Мұндай жағдайда өкiлдiгiн берген мемлекет бұл адамды, егер ол өз мiндеттерiн атқаруға кiрiсiп кетсе, керi шақырып алуы тиiс. Егер өкiлдiгiн берген мемлекет ақылға қонымды мерзiм iшiнде осы мiндеттемелердi орындамаса, онда консулдық орналасқан мемлекет мұндай адамды консулдық мекеме қызметкерi деп танудан бас тарта алады.
Өкiлдiгiн берген мемлекет тиiстi мемлекеттерге мәлiмдегеннен кейiн, бiр мемлекетте ашылған консулдық мекемеге, екiнші мемлекетте, егер осы мемлекеттердiң қайсысының болса да тарапынан анық бiлдiрiлген қарсылық болмаса, консулдық мiндеттердi орындауды тапсыра алады.
Өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық мекемесi консулдық орналасқан мемлекетке тиiстi түрде мәлiмдегеннен соң, егер консулдық орналасқан мемлекет қарсы болмаса, үшiншi мемлекет атынан консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мiндеттердi орындай алады.
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екi жақты қатынастар шеңберiнде құрметтi консулдық лауазымды адамдарды, оларға қатысты Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 3-бөлiмi ережелерiн, сондай-ақ, бұл мүмкiн болса, осы Конвенцияның ережелерiн қолдана отырып, тағайындауы және қабылдауы мүмкiн. Құрметтi консулдық лауазымды адамдар - өкiлдiгiн берген мемлекеттiң, консулдық орналасқан мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң азаматтары болуы мүмкiн.
1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекемеге әртүрлi көмек көрсетедi және консулдық мекеме қызметкерлерi өздерiнiң ресми мiндеттерiн орындауы және осы Конвенцияда көзделген құқықтарды, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажеттi шараларды қабылдайды. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық лауазымды адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне тиісінше құрметпен қарайды және олардың жеке басына, бостандығы мен адамгершiлiк қадiр-қасиетiне қиянат iстеудiң кез келген нысанын болдырмау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды.
1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себеппен өзiнiң мiндеттерiн орындай алмаса немесе егер бұл қызмет орны уақытша бос болса, өкiлдiгiн берген мемлекет уақытша басшыны тағайындай алады.
2. Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн атқарушының толық аты мен тегін консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк көрсеткен органға өкiлдiгiн берген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе, егер өкiлдiгiн берген бұл мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте мұндай өкiлдiгi болмаса - консулдық мекеменiң басшысы немесе, егер оның мұны жасайтын мүмкiндiгi болмаса - өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кез келген құзыреттi органы хабарлайды. Әдетте, мұндай хабар алдын ала жасалады. Консулдық орналасқан мемлекет өз келiсiмiмен өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi не дипломатиялық өкiлi, не консулдық лауазымды адамы болып табылмайтын консулдық мекеменiң уақытша басшысына рұқсат беруi мүмкiн.
3. Өкiлдiгін берген мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық мекеменiң уақытша басшысына көмек көрсетедi және қорғайды. Консулдық мекеменi уақытша басқарушы адамға, тиiстi консулдық мекеме басшысына қолданылатындай негiзде осы Конвенцияның ережелерi қолданылады. Алайда, консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң уақытша басшысына, консулдық мекеменiң уақытша басшысы талапқа сай емес жағдайларға байланысты консулдық мекеме басшысы пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттердi беруге мiндеттi емес.
4. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес консулдық мекеменiң уақытша басшысы болып өкiлдiгiн берген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгінiң дипломатиялық персоналының мүшесi немесе Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерi тағайындалса, ол консулдық орналасқан мемлекет бұған қарсы болмаған жағдайда, дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана бередi.
1. Өкiлдiгін берген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес өзара сыйластық принциптерi негiзiнде:
а) ғимараттарды немесе ғимараттардың бiр бөлiгiн консулдық мекеменiң үй-жайы, консулдық мекеме басшысының резиденциясы және консулдық мекеменiң өзге де қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерi ретiнде пайдалану үшiн жеке меншiгiне сатып алуы немесе жалға алуы мүмкiн;
b) пайдалануға қайтарымды негiзде берiлетiн жер учаскелерiнде ғимараттың құрылысын салуы немесе осы мақсатта оны соған бейiмдеуi мүмкiн;
с) жеке меншiктi иелену құқығын үшiншi тарапқа беруi мүмкiн.
2. Консулдық орналасқан мемлекет, қажет болған жағдайда, консулдық мекемеге консулдық мекеме қызметкерлерi үшiн ыңғайлы тұрғын үйлердi алуға жәрдем көрсетедi.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн берген мемлекеттi жоғарыда аталған учаскелер, ғимараттар, не ғимараттың бөлiктерi орналасқан немесе орналасатын ауданда қолданылатын құрылыс және қалалық жобалау жөнiндегi, ескерткiштердi қорғау жөнiндегi заңдар мен ережелердi сақтау қажеттiгiнен босатпайды.
1. Өкiлдiгiн берген мемлекеттiң елтаңбасы бейнеленген және өкiлдiгiн берген мемлекет тiлi мен консулдық орналасқан мемлекет тiлiнде консулдық мекеменiң атауы жазылған консулдық тақта консулдық мекеме ғимаратына және консулдық мекеме басшысының резиденциясына бекiтiлiп қойылуы мүмкiн.
2. Консулдық мекеме ғимаратына және консулдық мекеме басшысының резиденциясына өкiлдiгiн берген мемлекеттiң мемлекеттiк жалауы iлiнiп қойылуы мүмкiн.
3. Консулдық мекеменiң басшысы көлiк құралдарына, оларды қызмет бабында пайдаланған кезде, өкiлдiгiн берген мемлекеттiң жалаушасын iлiп қоя алады.
1. Консулдық үй-жайларға қол сұғылмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң органдары өкiлдiгiн берген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, консулдық мекемесi басшысының, не олардың бipeуi тағайындаған адамның келiсiмiнсiз консулдық үй-жайларға кiре алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне де қолданылады.
Консулдық үй-жайлар, олардың жабдықтары, консулдық мекеменiң мүлкi мен оның көлiк құралдары ұлттық қорғаныс, қоғамдық зәрулiк не басқа да мақсаттарда қандай да бiр нысанмен алынбауы тиiс.
1. Өкiлдiгiн берген мемлекет немесе оның атынан iс-әрекет жасайтын кез келген адам иеленушiсi немесе жалға алушысы болып табылатын консулдық үй-жайларға және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне, нақты қызмет көрсетулер түрлерiне ақы төлеудi қоспағанда, қандай да бiр салықтар мен алымдар салынбайды немесе төленбейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасы бойынша салық салынатын, өкiлдiгiн берген мемлекетпен немесе оның атынан iс-әрекет жасайтын адаммен шарт жасасқан адамдар төлейтiн төлемдер мен салықтарға қолданылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн берген мемлекеттiң меншiгi болып табылатын және консулдық мiндеттердi атқаруға арналған көлiк құралдарына да қолданылады.
Консулдық мұрағаттарға қай уақытта болмасын және олардың қай жерде орналасқанына қарамастан қол сұғуға болмайды.
1. Консулдық орналасқан мемлекет қызметтiк мақсаттарда консулдық мекеме қарым-қатынастарының еркiндiгiне рұқсат беруi және оны қорғауы тиiс. Консулдық мекеме өкiлдiгiн берген мемлекеттiң үкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiктерiмен және басқа да консулдық мекемелерiмен, олардың қай жерде орналасқанына қарамастан, қарым-қатынас жасаған кезде, дипломатиялық және консулдық курьерлердi, дипломатиялық және консулдық визаларды, кодталған немесе шифрленген хабарламаларды қоса алғанда, барлық жарамды байланыс құралдарын пайдалана алады.
Консулдық мекеме қабылдау-тарату радиоаппаратурасын консулдық орналасқан мемлекеттiң рұқсатымен ғана орнатады және пайдалана алады.
2. Консулдық мекеменiң қызмет бабындағы хат алмасуларына қол сұғылмайды. "Қызмет бабындағы хат алмасулар" деген сөздер консулдық мекемеге және оның мiндеттерiне байланысты кез келген хат алмасуларды бiлдiредi.
3. Консулдық поштаның, оның сипатын бiлдiретiн нақты сыртқы белгiлерi болуға тиiс және оның iшiнде тек қана қызмет бабындағы пайдалануға арналған құжаттар мен заттар сияқты, қызмет бабындағы хат алмасулар болуы тиiс.
4. Консулдық поштаны ашып қарауға немесе алып қалуға болмайды. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының поштада осы баптың 3-тармағында көрсетiлген хат-хабар, құжаттар мен заттардан өзге заттар бар деп ойлауға орынды негiздерi болса, онда олар өздерiнiң қатысуымен өкiлдiгiн берген мемлекеттiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң бұл поштаны ашуын талап ете алады. Егер өкiлдiгiн берген мемлекеттiң органдары бұл өтiнiштi орындаудан бас тартса, онда бұл пошта жiберiлген орнына қайтарылады.
5. Өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық курьерлерi консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында дипломатиялық курьерлер пайдаланатыны сияқты тап сондай құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады. Консулдық курьер оның мәртебесiн растайтын және консулдық поштаны құрайтын орындар санын анықтайтын қызметтiк құжатпен қамтамасыз етiлуi тиiс. Өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын азаматы ғана консулдық курьер бола алады.
6. Консулдық пошта кеме капитанына немесе әуе кемесiнiң командирiне тапсырылуы мүмкiн. Аталған капитан немесе командир консулдық поштаны құрайтын орын санын анықтайтын қызметтiк құжатпен қамтамасыз етiледi, әйтсе де ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық лауазымды адам консулдық поштаны кедергiсiз кеме капитанынан немесе әуе кемесi командирiнен тiкелей ала алады және мұндай поштаны осындай жолмен бере алады.
1. Консулдық лауазымды адам консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқықтық өкiлеттiгiнен иммунитеттi пайдаланады. Ол жеке басына тиiспеушiлiктi пайдаланады және ұсталмайды, не қамауға алынбайды, не қандай да бiр өзге нысанда оның жеке басының бостандығы шектелмейдi.
2. Консулдық мекеменiң қызметкерi және қызмет көрсетушi персонал қызметкерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты iс-әрекеттерi үшiн ғана консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқықтық өкiлеттiгiнен иммунитеттi пайдаланады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi:
а) өкiлдiгiн берген мемлекеттiң өкiлi ретiнде өзiне тiкелей немесе жанама мiндеттердi қабылдамаған консулдық мекеме қызметкерiнiң жасаған шартынан туындайтын;
b) консулдық мекеме қызметкерiнiң консулдық орналасқан мемлекетте кез келген жол көлiк құралынан болған қайғылы оқиға салдарынан келтiрген залалы үшiн қозғалған;
с) егер консулдық мекеме қызметкерi консулдық мақсаттар үшiн тiркеушi мемлекеттiң атынан иелiк етпесе, консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында орналасқан жекеменшiк жылжымайтын мүлiкке қатысты, сондай-ақ консулдық мекеме қызметкерi жеке адам ретiнде мұрагер, өсиеттi орындаушы, мұрагерлiк iстердi басқарушы немесе жүргiзушi рөлiн атқарса, мұрагерлiк iстерге қатысты азаматтық талаптарға қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi тиiсiнше отбасы мүшелерiне де қатысты.
1. Өкiлдiгiн берген мемлекет осы Конвенцияның 20-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарта алады. Мұндай бас тарту жазбаша нысанда анық бiлдiрiлуi тиiс.
2. Консулдық мекеме қызметкерiнiң осы Конвенцияның 20-бабына сәйкес құқықтық өкiлеттiлiктен иммунитеттi пайдалана алатын жағдайда, сот iсiн қозғауы, оны негiзгi талапқа тiкелей байланысты қандай да бiр қарсы талапқа қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырады.
3. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iске қатысты құқықтық өкiлеттiлiк иммунитетiнен бас тapту, айрықша бас тарту талап етiлетiн атқарушылық iс-әрекеттерi иммунитетiнен бас тартуды бiлдiрмейдi.
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi сот немесе әкiмшiлiк iстер жүргiзу кезiнде куәгерлер ретiнде шақыртылуы мүмкiн. Консулдық мекеме қызметкерi және қызмет көрсетуін персонал мүшесi осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары немесе өзге құзыреттi органдары алдында куәгерлік жауап берулерден бас тарта алмайды. Егер консулдық лауазымды адам жауап беруден бас тартатын болса, онда оған ешқандай мәжбүрлеу немесе жазалау шаралары қолданыла алмайды.
2. Консулдық лауазымды адамның жауап беруi қажет болған орган бұл адамның өз мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiрмеуге тиiс. Ол бұлайша мүмкiн ету болған жағдайда, бұл адамның жауап берулерiн өз үйiнде немесе консулдық мекемеде тыңдай алады немесе одан жазбаша жауаптар қабылдай алады.
3. Консулдық мекеменiң қызметкерлерi, өздерiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты мәселелер жөнiнде жауап беруге немесе өздерiнiң мiндеттерiне қатысты ресми хат-хабар мен құжаттарды беруге мiндеттi емес. Бұл ереже консулдық мекеменiң қызметiне байланысты фактiлерге қатысты, консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерiне және жеке үй қызметшiлерiне де қолданылады.
4. Консулдық мекеменiң қызметкерлерi, сондай-ақ өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңнамасын түсiндiретiндей жауап беруге де мiндеттi емес.
Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн барлық еңбек және мемлекеттiк мiндеттiлiктен, олардың сипатына байланыссыз, сондай-ақ реквизиция, контрибуция және әскери мекен-жай сияқты әскери мiндеттiлiктерден босатуға мiндеттi.
Консулдық мекеменiң қызметкерi мен оның отбасы мүшелерi шетелдiктерден талап етiлетiн тiркеуге, тұруға және жұмысқа рұқсат алуға, сондай-ақ осыған ұқсас талаптарға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген барлық талаптарды орындаудан босатылады.
1. Консулдық мекеме қызметкерi және оның отбасы мүшелерi консулдық орналасқан мемлекетте жеке басына қатысты және мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципалдық барлық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады, бұған мыналар жатпайды:
а) әдетте тауар не қызмет көрсету бағасына қосылатын жанама салықтар;
b) осы Конвенцияның 17-бабының ережелерiн қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттегі жеке жылжымайтын мүлiкке салынатын салықтар мен алымдар;
с) консулдық орналасқан мемлекет алатын мұраға арналған салықтар мен алымдар және меншiк құқығын ауыстыруға арналған салықтар;
d) консулдық орналасқан мемлекетте өз табыс көзi бар капиталдан түсетiн кiрiстердi қоса алғанда, жекеменшiк кiрiстерге салынатын салықтар мен алымдар, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң коммерциялық және қаржылық кәсiпорындарына инвестицияланған капиталға салынатын салықтар;
е) қызмет көрсетулердiң нақты түрлерi үшiн алынатын алымдар;
f) осы Конвенцияның 17-бабының ережелерiн есептемегенде, тiркеу, соттық және тiзiлiмдiк баж салықтары, ипотекалық және елтаңбалық алымдар.
2. Қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi өз жұмыстары үшiн алатын еңбек жалақысына салынатын салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.
3. Консулдық орналасқан мемлекетте еңбек жалақысы немесе сыйақысы табыс салығынан босатылмаған адамдарды жалға алған консулдық мекеменiң қызметкерлерi табыс салығын алуға байланысты осы мемлекеттiң заңдары мен ережелерi жұмыс берушiлерге жүктейтiн мiндеттердi орындауға мiндеттi.
1. Консулдық орналасқан мемлекет өзiнде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес тиеуге, тасымалдауға, сақтауға және түсiруге не өзге қызмет көрсетуге төлемдi қоспағанда, мыналарды кеден баж салықтарынан және өзге төлемдерден босатады:
а) консулдық мекеменiң ресми пайдалануына арналған заттар;
b) консулдық мекеме қызметкерлерiнің не олардың отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануына арналған көлiк құралдарын қоса алғанда, олардың орналасуына арналған заттарды қоса алғандағы заттар.
2. Консулдық лауазымды адамның, сондай-ақ оның отбасы мүшелерiнiң жеке жүгi, егер оның iшiнде осы баптың 1-тармағының "b"-тармақшасында көрсетiлгеннен өзге заттар немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң карантин туралы заңнамасы мен ережелерiне сай әкелуi мен әкетiлуiне тыйым салынған заттар бар деп шамалауға орынды себептер болмаса, кедендiк бақылаудан босатылады. Мұндай тексерiс консулдық лауазымды адамның немесе оның өкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн.
Қауiпсiздiк ұғымына байланысты бару тыйым салынған не шектелген, аймақтарға қатысты өзiнiң заңдары мен ережелерiн қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiне, сонымен бiрге олардың отбасы мүшелерiне өз аумағы арқылы жүрiп-тұру еркiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл жағдайда консулдық орналасқан мемлекет консулдық лауазымды адамға оның өз мiндеттерiн атқаруына ешқандай қиындықтар келтiрмейдi.
1. Осы Конвенциядағы 22-баптың 3 және 4-тармақшаларынан өзге көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер, консулдық мекеменiң қызметкерлерi мен қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiлерiне, егер олар консулдық орналасқан Mемлекеттiң азаматтары болса немесе осы мемлекетте тұрақты түрде тұратын болса, оларға қолданылмайды.
2. Консулдық мекеменiң қызметкерлерi үшiн осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер отбасы мүшелерiне, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмаса немесе осы мемлекетте тұрақты тұрмайтын болса және онда пайда табатын қызметпен шұғылданбайтын болса, оларға қолданылады.
3. 22-баптың 3-тармағының ережелерiн қоспағанда, осы Конвенцияда белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi жеке үй қызметшiлерi пайдалана алмайды.
Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрместен көлiк қозғалысы мен автомобильдi сақтандыруды реттейтiн заңдар мен ережелердi қоса алғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге мiндеттi.
1. Консулдық лауазымды адам өзiнiң консулдық округiнiң шеңберiнде Конвенцияның осы бөлiмiнде аталған мiндеттерiн орындауға, сондай-ақ өзге ресми консулдық мiндеттердi, егер де олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына қайшы келмейтiн болса, немесе оған осы мемлекет қарсы болмаса, орындауға құқылы.
2. Консулдық лауазымды адам консулдық орналасқан мемлекетке хабарлағаннан кейiн кез келген халықаралық ұйымдар жанында өз мемлекетiнiң өкiлi ретiнде iс-қимыл жасайды.
3. Консулдық лауазымды адам өз мiндетiн орындауға байланысты өзiнiң консулдық округiнiң құзыреттi органдарына, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық өкiмет органдарының өкiлдерiне жазбаша немесе ауызша өтiнiш жасауға құқылы.
4. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңнамасына сәйкес консулдық алымдар мен төлемдердi өндiрiп алуға құқылы, осы алымдар мен төлемдердiң түсiмi консулдық орналасқан мемлекеттiң кез келген салықтарынан және алымдарынан босатылады.
Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң және өз азаматтарының мүдделерiн қорғауға құқылы.
Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң және консулдық орналасқан мемлекеттiң, олардың азаматтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға жәрдемдесуi тиiс, сондай-ақ экономикалық, сауда, мәдениет, ғылыми байланыстар мен туризмдi дамытуға жәрдемдесуi тиiс.
1. Консулдық лауазымды адам:
а) өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарын тiркеудi жүргiзуге;
b) өкiлдiгін берген мемлекет азаматтарының тууына немесе қайтыс болуына қатысты хабарлама мен құжаттарды қабылдауға;
с) азаматтық алу мәселелерi жөнiндегі өтiнiштер қабылдауға құқылы.
2. Консулдық лауазымды адам, егер де мұны консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасы талап етсе, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына осы баптың 1-тармағының а), b), с)-тармақшаларында аталған iс-қимылдардың орындалғаны туралы хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының а), b), с)-тармақшаларының ережелерi мүдделi адамдарды консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасы талап ететiн шарттылықтарды сақтау мiндеттерiнен босатпайды.
Консулдық лауазымды адам:
а) өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осы мемлекет азаматтарына паспорттар мен басқа жол құжаттарын беруге, қолданыс мерзiмiн қалпына келтiруге және олардың қолданыс мерзiмiн жоюға;
b) өкiлдiгiн берген мемлекетке келуге құқық беретiн құжаттар беруге және осы құжаттарға қажеттi өзгерiстер енгiзуге;
с) визалар беруге құқылы.
Консулдық лауазымды адам:
а) өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарының өтiнiштерiн қабылдауға, тiркеуге, жасауға және куәландыруға;
b) өкiлдiгін берген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жасауға, тiркеуге, куәландыруға және сақтауға;
с) егер де осы шарттар немесе мiндеттемелер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына қайшы келмесе, өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарының арасында жасалатын шарттарды жасасуға, тiркеуге, растауға және бiржақты мiндеттемелердi куәландыруға құқылы. Алайда консулдық лауазымды адам консулдық орналасқан мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiкке қатысты материалдық құқықты белгiлейтiн, аударатын немесе жоятын шарттар мен мiндеттемелердi жасамайды, тiркемейдi және куәландыра алмайды;
d) өкiлдiгiн берген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет азаматтарының немесе үшiншi мемлекет азаматтарының арасындағы шарттарды, егер де осы шарттар өкiлдiгiн берген мемлекетте ғана орындалуға жататын болса және осы мемлекетте құқықтық салдары болатын болса, сондай-ақ олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына қайшы келмейтiн болса, оларды жасауға, тiркеуге және куәландыруға;
е) өкiлдiгiн берген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет органдары берген құжаттарды жариялауға, сондай-ақ осы құжаттардың көшiрмесiн және төлқұжатын куәландыруға;
f) құжаттарды аударуға және аударманың түпнұсқаға сәйкестiгiн куәландыруға;
g) өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарының қолын растауға;
h) өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарының немесе осы азаматтар үшiн құжаттарды, ақшаларды және басқа да заттарды, егер де осылар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына қайшы келмейтiн болса, сақтау үшiн қабылдауға құқылы. Мұндай депозит консулдық орналасқан мемлекеттен осы мемлекеттiң заңдары мен өзге де ережелерiн сақтаған жағдайда ғана сыртқа шығарылуы мүмкiн;
i) тауарлардың шығу тегіне қатысты құжаттар беруге құқылы.
Осы Конвенцияның 35-бабының ережелерiне сәйкес консулдық лауазымды адам жасаған, куәландырған немесе аударған құжаттар консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары жасаған, куәландырған немесе аударған құжаттар сияқты, тап сондай заңдық маңызы және дәлелдiк күшi бар құжаттар ретiнде танылады.
Консулдық лауазымды адам сот және сотқа жатпайтын құжаттарды тапсыруға, сондай-ақ айғақтарды алып тастауға құқылы. Осы құқық тек қана өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарына қатысты және мәжбүрлемей қолданылуы мүмкiн.
Консулдық лауазымды адам консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасы мен өзге де ережелерiнiң шеңберiнде өкiлдiгiн берген мемлекеттiң азаматтары болып табылатын, толық құқықтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгi жоқ, кәмелетке толмаған және өзге де адамдардың, атап айтқанда осындай адамдарға қамқорлық немесе қорғаншылық орнату талап етiлсе, мүдделерiн қорғауға құқылы.
Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық лауазымды адамға өкiлдiгiн берген мемлекет азаматының қайтыс болғаны туралы тез арада хабарлайды және қайтыс болғаны туралы куәлiк көшiрмесiн оған тегiн бередi.
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары өкiлдiгiн берген мемлекет азаматына мұра ашылғаны туралы, сондай-ақ қайтыс болған немесе қаза болған адамның азаматтығына қарамастан, егер өкiлдiгiн берген мемлекет азаматы мұраға немесе оны алудан бас тарту құқығы бар мұрагер ретiнде анықталса, мұраның ашылғаны туралы консулдық лауазым адамына тез арада хабарлайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшiн осы мемлекеттiң заңдары мен өзге де ережелерiнде көзделген тиiстi шараларды қабылдайды және мұраға, мұраға құқығы бар адамдардың тұрғылықты орнына қатысты және әлеуметтiк сақтандырудан, айлық табысынан және өзге де сақтандыру полистерiнен туындайтын сомаларды қоса алғанда, әлгi мұраның құны мен құрамдас элементтерiне қатысты кез келген қолда бар ақпаратты консулдық лауазымды адамға бередi. Олар сондай-ақ өсиеттi қарау жұмыстарының басталу мерзiмi туралы не оның қаралу деңгейi туралы да хабарлайды.
3. Консулдық лауазымды адам өкiлеттiгiн қолданбай-ақ тiкелей немесе жанама түрде өзiнiң өкiлi арқылы консулдық орналасқан мемлекеттiң сот және өзге құзыреттi органдарында өкiлдiгiн берген мемлекет азаматының, ол консулдық орналасқан мемлекетте мұрагер немесе оны алудан бас тартқан адам болса, егер мұндай азаматтың өзi жоқ болса немесе өзiнiң өкiлiн тағайындамаса, оның атынан шығуға құқылы.
4. Консулдық лауазымды адам:
а) мұраны сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға, мөрдi басуға және оны алып тастауға, өзiнiң осы iс-шараларға тiкелей қатысатыны сияқты қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындауға;
b) мұраның құрамына кiретiн мүлiктi сатуға, оған қатысу үшiн оны сатудың мерзiмi туралы хабарлама алуға құқылы.
5. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мұрагерлiк немесе өзге қызметтiк iс-қимыл жөнiндегi жұмысын бiтiрер кезде бұл туралы консулдық лауазымды адамға кiдiрiссiз хабарлайды және қарыздарды, төлемдердi және салықтарды реттегеннен кейiн үш айдың iшiнде оған өкiлi ретiнде адамдардың мұрасын не мұраның үлесiн табыс етедi.
6. Консулдық лауазымды адам консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекенi жоқ, өкiлдiгiн берген мемлекет азаматына тиесiлi мұраның үлесiн және өсиетiн уәкiлеттi адамға тапсыру үшiн оларды алуға құқылы, сондай-ақ өтемақыны, зейнетақыны, мерзiмi өтiп кеткен еңбек жалақысын және сақтандыру полисiн алуға құқығы бар адамдарға тиесiлi сомаларды алуға құқылы.
7. Осы баптың 5 және 6 ережелерiне сәйкес өкiлдiгiн берген мемлекетке мүлiктi және ақша сомаларын тапсыру консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
1. Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын өкiлдiгiн берген мемлекеттiң азаматы консулдық орналасқан мемлекетте жүрген уақытында қайтыс болса, оған тиесiлi қалған мүлкiн консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары қорғайды, содан кейiн өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық лауазымды адамына арнайы сот iсiн жүргізусiз бередi. Консулдық лауазымды адам қайтыс болған азаматтың, оның консулдық орналасқан мемлекетте болған кезiндегi жасаған қарызын қалған мүлкiнiң құны шегiнде төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мүлiкке тиiстi түрде осы Конвенцияның 40-бабының 7-тармағының ережесi қолданылады.
Өкiлдiгiн берген мемлекет азаматтарының, егер де олардың болмауынан немесе басқа да себептi жағдайлармен өз құқықтары мен мүдделерiн уақытылы қорғауға мүмкiндiгi болмаса, онда консулдық лауазымды адам олардың атынан консулдық орналасқан мемлекеттiң сот және басқа құзыреттi өкiмет орындары алдында шығуға құқылы. Мұндай өкiлдiк атынан шыққан адамдар өздерiнiң уәкiлдерiн тағайындаған уақытқа дейiн немесе өз құқықтары мен мүдделерiн қорғауды өздерiне алғанға дейiн жалғасады.
1. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кез келген азаматымен кездесуге және қарым-қатынас жасауға, оған ақыл-кеңес беруге және құқықтық көмек көрсету үшiн шаралар қолдануды қоса алғанда, жан-жақты жәрдем көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекет ешқандай түрде өкiлдiгiн берген мемлекет азаматының консулдық лауазымды адаммен қарым-қатынас жасауына және оның консулдық мекемеге келуiне шек қоймайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық лауазымды адамға үш күннен кешiктiрместен өкiлдiгiн берген мемлекеттiң азаматын қамауға алу, ұстау немесе еркiндiгiнен өзге нысанда айыру туралы дереу хабарлайды.
3. Консулдық лауазымды адам хабарлама алысымен тез арада 4 күннен қалдырмай қамауға алынған немесе басқа нысанда ұсталған немесе түрмедегi мерзiмiн өтеп жатқан өкiлдiгiн берген мемлекет азаматымен кездесуге және қарым-қатынас жасауға құқылы. Осы тармақтағы аталған құқық, өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес, егер де осы заңдар мен ережелер осы бапқа сәйкес берiлетiн құқық мақсатын толық жүзеге асыруға көмектесуi тиiс болатындай жағдайда жүзеге асырылады.
4. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары өкiлдiгiн берген мемлекеттiң консулдық лауазымды адамына өкiлдiгiн берген мемлекет азаматының бақытсыз оқиғалардың және өзге төтенше жағдайлардың құрбаны болғандығы жайлы кiдiрiссiз хабарлайды.
1. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгін берген мемлекеттiң кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына консулдық орналасқан мемлекеттiң айлағында, аумағында немесе iшкi суларында жан-жақты қолдау және көмек көрсетуге құқылы.
2. Консулдық лауазымды адам кемеге жағамен еркiн қарым-қатынас жасауға рұқсат берiлген соң кеме бортына көтерiле алады, ал кеменiң капитаны, басқа да экипаж мүшелерi және жолаушылары консулдық лауазымды адаммен қарым-қатынас жасай алады.
3. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кемесi мен оның экипажына қатысты бақылау және инспекциялау құқығын пайдалануы мүмкiн. Осы мақсатпен ол кемеге келе алады, осы кеме капитанын және экипаждың басқа да мүшелерiн қабылдай алады.
4. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекет кемесіне, оның капитанына, экипаждың басқа да мүшелеріне және осы кеменiң жолаушыларына қатысты өзiнiң мiндеттерiн орындау үшiн кез келген мәселе жөнiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға құқылы.
1. Консулдық лауазымды адам өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кемесiне қатысты мыналарды жүзеге асыруға:
а) консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының құқығына зиян келтiрместен кеменiң жолда және айлақта тұрған кезiнде орын алған кез келген оқиғаларды тексеруге, осындай оқиғаға байланысты кеме капитанынан және экипаждың басқа да мүшелерiнен жауап алуға, кеме құжаттарын тексеруге, кеменiң жүзуiне, оның жүгi мен тағайындалған орнына қатысты өтiнiштер алуға, сондай-ақ кеменiң келуiне, кетуiне және оның айлақта болуына байланысты көмек көрсетуге;
b) жалдау мен еңбек ақысы туралы шартқа қатысты дауларды қоса алғанда, капитан мен экипаждың басқа да мүшелерi арасындағы кез келген дауларды шешуге;
с) кеме капитанының және экипаждың басқа да мүшелерiнiң ауруханада өңделуi және олардың өкiлдiгiн берген мемлекетке қайтуы жөнiнде шара қолдануға;
d) өкiлдiгін берген мемлекеттiң заңнамасында көзделген кемеге қатысты декларацияларды немесе өзге де құжаттарды жасауға, қабылдауға, тiркеуге немесе куәландыруға;
e) теңiз қатынасы мәселесi бойынша өкiлдiгiн берген мемлекеттiң заңнамасында көзделген кез келген өзге де iс-әрекеттердi, егер де олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен өзге ережелерiне қайшы келмейтiн болса, жасауға құқылы.
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары және өзге де құзыреттi органдары өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кемесiнiң бортында жасалған қылмысқа қатысты өздерiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүргiзе алмайды, бұған мыналар жатпайды:
а) қылмыс өкiлдiгін берген мемлекеттің азаматымен немесе азаматына қарсы немесе кеме экипажының мүшесi болып табылмайтын қандай да бiр өзге адаммен немесе өзге адамға қарсы жасалса;
b) қылмыс консулдық орналасқан мемлекеттiң қоғамдық тәртiбiн, айлақтың, аумақтық немесе iшкi сулардың қауiпсiздiгiн бұзатын болса;
с) қылмыс санитарлық талапқа, теңiздегi тiршiлiктiң қауiпсiздiгiне, иммиграцияға, кедендiк ережеге, теңiздiң ластануына немесе есiрткi мен қаруды жасырын тасымалдауға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен өзге де ережелерiн бұзатын болса;
d) қылмыс консулдық орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес бас бостандығын бес жылдан кем емес мерзiмге айырған немесе одан да ауырлау жазаға тартылған жағдайда.
2. Өзге жағдайларда жоғарыда аталған органдар консулдық лауазымды адамның өтiнiшi бойынша немесе рұқсатымен iс-қимыл жасауы мүмкiн.
1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары немесе басқа да құзыреттi органдары өкiлдiгін берген мемлекеттiң кемесiне қатысты мәжбүрлеудiң, мүлкiне тыйым салудың қандай да бiр шараларын қолдануға немесе оның бортында қандай да бiр тергеу жүргiзудi бастауға ниет бiлдiрсе, онда мұндай органдар бұл туралы консулдық лауазымды адамға, оның өзiнiң немесе оның өкiлiнiң осындай iс-қимылды жүзеге асыру кезiнде қатысуға мүмкiндiгi болу үшiн, алдын ала хабарлайды. Егер де консулдық лауазымды адамға алдын ала хабарлауға мүмкiндiк болмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мұны шұғыл түрде, бiрақ аталған iс-қимылды жүргiзу басталуы тиiс уақыттан кешiктiрместен жүзеге асырады. Егер консулдық лауазымды адам осындай iс-қимылға қандай да бiр себеппен қатыса алмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оның өтiнiшi бойынша оған орын алған жағдайға қатысты толық ақпарат бередi. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық лауазымды адамға ұсталған немесе қамауға алынған адаммен кездесуiн және онымен байланыс жасауын, сондай-ақ осы адамның мүддесiн қорғау мақсатында тиiстi шараларды қабылдауын жеңiлдетедi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi кеме капитанынан немесе экипаждың басқа да мүшелерiнен консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары жағалауда жауап алуы тиiстi болған жағдайда да қолданылады.
3. Осы баптың ережесi алайда, әдеттегi шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға, сондай-ақ кеме капитанының өтiнiшi немесе келiсiмi бойынша қолға алынған кез келген iс-қимылдарға қолданылмайды.
Егер де консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын экипаж мүшесi капитанның рұқсатынсыз өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кемесiн тастап кетсе, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық лауазымды адамның өтiнiшi бойынша осындай адамды iздестiруге көмек бередi.
1. Егер де өкiлдiгiн берген мемлекеттiң кемесi кеме апатына ұшыраса, қайраңға тұрып қалса немесе жағалауға шығып қалса немесе қандай да бiр басқа апатқа ұшыраса немесе апатқа ұшыраған кеме жүгiнiң бiр бөлiгiн құрайтын кез келген зат консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауға жақын жерден табылса немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары бұл туралы мүмкiндiгiнше жедел түрде консулдық лауазымды адамға хабарлайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары кеменi құтқаруды және күзетудi, кемедегi жолаушыларды, экипажды, кеме жабдықтарын, жүктi, кемедегi запастарды және өзге де заттарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған кемеден тыс қалған, бiрақ кеменiң бiр бөлiгі немесе оның жүгi болып табылатын заттар да жатады. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары кез келген қабылданған шаралар туралы қысқа мерзiмде консулдық лауазымды адамға хабарлайды.
3. Консулдық лауазымды адам апатқа ұшыраған кемеге, оның экипаж мүшелерiне және жолаушыларына жан-жақты көмек көрсете алады. Осы мақсатта ол консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына көмек туралы өтiнiш жасауы мүмкiн.
Консулдық лауазымды адам осы баптың 2-тармағында аталған шараларды, сондай-ақ кеменi жөндеу жөнiндегi шараларды қолдануы мүмкiн немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органына осындай шараларды қолдануға немесе қолданған шараларды жалғастыруға өтiнiш жасауы мүмкiн.
4. Егер де өкiлдiгін берген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесi немесе осы кемеге тиесiлi кез келген зат, консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауға жақын жерден табылса немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе және не кеме капитаны, не оның иесi, не оның агентi, не тиiстi сақтандырушы осы кеменi немесе затты сақтау немесе иелiк ету жөнiнде шара қолдануға мүмкiншiлiгi болмаса, онда консулдық лауазымды адам кеменiң иесi атынан осындай мақсатта кеме иесi қабылдауы мүмкiн шараларды қабылдауға уәкiлеттi.
Осы тармақтың ережесi осы кеме жүгiнiң бiр бөлiгiн құрайтын кез келген затқа тиiсiнше қолданылады.
5. Егер де өкiлдiгiн берген мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң апатқа ұшыраған кеме жүгiнiң бiр бөлiгiн құрайтын кез келген зат өкiлдiгiн берген мемлекет азаматының меншiгi болып табылса және консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауға жақын жерден табылса немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе және не капитан, не оның иесi, не оның агентi, не тиiстi сақтандырушы осы затты сақтау немесе иелiк ету жөнiнде шара қабылдауға мүмкiндiгi болмаса, онда консулдық лауазымды адам кеменiң иесi атынан осындай мақсатта кеме иесiнiң өзi қабылдауы мүмкiн шараларды қабылдауға уәкiлеттi.
Осы Конвенцияның 44-49-баптарының ережелерi, Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қолданыстағы азаматтық авиация саласындағы екi жақты немесе көп жақты келiсiмдердiң ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайда, тиiсiнше әуе кемелерiне де қолданылады.
1. Осы Конвенцияның ережелерi дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық мiндеттердi орындаған жағдайында да түпнұсқадан туындайтыны сияқты деңгейде қолданылады.
2. Консулдық бөлiмге тағайындалған немесе өзгеше түрде өкiлдiктiң консулдық мiндеттерiн орындау тапсырылған дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнің аты-жөнi консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк атаған органға хабарланады.
3. Дипломатиялық өкiлдiк консулдық мiндеттердi орындау кезiнде:
а) консулдық округтiң жергілiктi өкiмет орындарына;
b) консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық өкiмет орындарына өтiнiш жасай алады.
4. Дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң осы баптың 2-тармағында айтылған артықшылықтары мен иммунитеттерiн дипломатиялық қарым-қатынастарға қатысты халықаралық құқықтық нормалармен реттеу жалғастырылады.
1. Осы Конвенция бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi, бұл ______________________________________________ жасалды.
2. Осы Конвенция белгiленбеген мерзiмге жасалды және алдағы уақытта Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Конвенцияның қолданысын өзiнiң тоқтататын ниетi туралы жазбаша нысанда хабарлаған күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
Осыны куәландыру ретiнде Уағдаласушы Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi осы Конвенцияға қол қойды және оны мөрлерiмен бекiттi.
Варшава қаласында 1997 жылғы 27 қарашада әрқайсысы қазақ және поляк тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН ПОЛЯК
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ATЫHAH ATЫHAH
Осымен 2004 жылғы 14 маусымдағы NИ-13/8076 Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне арналған нотасының бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаменті
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы
Осымен 2005 жылғы 21 қаңтардағы N DPT-II-2264-21-2002/MJ/356 Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне арналған нотасының бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментi
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы
Бейресми аударма
N DРТ-II-2264-21-2002/MJ/356
Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Варшава қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiне өзiнiң iлтипатын бiлдiре отырып, 1997 жылы 27 қарашада қол қойылған Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияның қазақ тiлiндегi мәтiнiне техникалық түзетулер енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы NИ-13/8076 нотасына жауап ретiнде, ұсынылған түзетулердiң осындай тiзiмдемесi орыс тiлiнде берiлгеннен кейiн Поляк тарапының ұстанымы анықталатынын хабарлауды өзiне мәртебе санайды.
Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiнiң Варшава қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiне құрмет бiлдiретiндiгiне сендiредi.
Варшава қаласы, 2004 ж. 27 шiлде.
Қазақстан Республикасының
Елшiлiгi
Варшава қаласы
Осымен 2005 жылғы 21 қаңтардағы N DPT-II-2246-21-2002/BB/35 Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне арналған нотасының бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментi
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы
Бейресми аударма
N DPT-II-2246-21-2002/BB/35
Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Варшава қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiне өзiнiң iлтипатын бiлдiре отырып, 1997 жылы 27 қарашада қол қойылған Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияның қазақ тiлiндегi мәтiнiне техникалық түзетулердi енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы N 13-11656/10567 нотасына жауап ретiнде, ұсынылған түзетулердi енгiзуге поляк тарапы келiсiм беретiндiгiн хабарлауды өзiне мәртебе санайды.
Сонымен қатар, Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы N И-13/8076 нотасын аталған Конвенцияның ажырамас бөлiгі деп танитынын хабарлайды.
Польша Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiнiң Варшава қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiне құрмет бiлдiретiндiгiне сендiредi.
Варшава қаласы, 2005 ж. 21 қаңтар.
Қазақстан Республикасының
Елшілігі
Варшава қаласы