"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылығы 27 наурыздағы N 242 Заңы

       1-бап . "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетiндегi агрометеорологиялық желi арқылы байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөнiндегi ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесi және ауыл шаруашылығы мүддесiне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау;";

      "13-1) ғарыштық мониторинг - жердiң пайдаланылуына байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; Жердi қашықтықтан зондтау деректерi негiзiнде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнiң жай-күйi мен өнiмдiлiгiн бағалау және болжау үшiн өңдеу;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;";

      3) 11-баптың 2-тармағында:
      3) тармақшадағы ", өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының Үкiметi басым деп айқындаған дақылдар бойынша егiстiк жердiң бiр гектарына есептеп субсидия беру арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;";

      4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) агроөнеркәсiптiк кешендi агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерiмен қамтамасыз ету;".

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий"

Закон Республики Казахстан от 27 марта 2007 года N 242

       Статья 1.  Внести в  Закон  Республики Казахстан от 8 июля 2005 г. "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., N 13, ст. 52) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 1 дополнить подпунктами 1-1) и 13-1) следующего содержания:
      "1-1) агрометеорологический мониторинг - совокупность мероприятий, направленных на проведение наблюдений наземной агрометеорологической сетью; система сбора, передачи, анализа и обработки информации по планированию агротехнических работ и составление агрометеопрогнозов в интересах сельского хозяйства;";
      "13-1) космический мониторинг - совокупность мероприятий, направленных на проведение наблюдений за землепользованием; передача информации на основе данных дистанционного зондирования Земли из космоса, ее обработка для оценки и прогноза состояния и продуктивности посевов сельскохозяйственных культур;";
      2) пункт 2 статьи 7 дополнить подпунктом 12-1) следующего содержания:
      "12-1) обеспечение удешевления стоимости семян первой, второй и третьей репродукций, реализованных отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям;";
      3) в пункте 2 статьи 11:
      в подпункте 3) слова ", повышение урожайности и качества продукции растениеводства" исключить;
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования на один гектар пашни по определяемым Правительством Республики Казахстан приоритетным культурам;";
      4) пункт 1 статьи 15 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) обеспечения агропромышленного комплекса данными агрометеорологического и космического мониторинга;".

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

       Президент
Республики Казахстан