1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 292 Заңы

      Мәскеуде 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы  шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
ХАТТАМА

(2007 жылғы 3 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      төмендегілер туралы келісті:
      1. 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Полигон - жер учаскелерін және оларда орналасқан мүлікті қамтитын біртұтас кешен.
      Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігі үшін ставка, яғни Полигонның жалға берілген жер учаскелерінің, оның ішінде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің аудан (гектар) бірлігін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.";
      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шарттың 3-бабында белгіленген Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне ставканы негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 4,454 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетілген мөлшері осы Шартқа қол қойылған күні болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейін енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердің барлық түрін ескереді.
      Полигонның жалға берілетін жер учаскелерінің, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің құрамы өзгерген кезде, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне белгіленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерінің жалға берілетін ауданының өзгеруіне тепе-тең өзгереді.
      Полигонды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы өзгерген жағдайда осы Шартқа Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.";
      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шарттың 4-бабында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен алынады.
      Жалдау төлемдерін аудару жыл сайын әрқайсысы екі тең бөлікпен жылдың екінші және төртінші тоқсанының соңғы айының 5 күніне дейін жүзеге асырылады.
      Қазақстан Тарабының уәкілетті органы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне қаражатты аудару үшін төлем алушыны және қаржы деректемелерін көрсете отырып хабарлама жібереді және көрсетілген қаражатты алғаны туралы оны хабардар етеді.
      Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелері өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабының уәкілетті органы кезекті төлем мерзімі өткенге дейін бір айдан кешіктірмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігін бұл туралы хабардар етуге міндетті.".
      2. Осы Хаттама ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде
туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы
өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелері туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапқа келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
      3. Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті
мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша
хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап
күшіне енеді.
      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ     РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
            ҮКІМЕТІ ҮШІН                 ҮКІМЕТІ ҮШІН

      Осымен 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық-құқық департаменті
      Халықаралық шарттар басқармасының
      Бастығы

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі тиісінше Жалға беруші және Жалға алушы немесе Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілер мен жауынгерлік алаңдарды) пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келісімді (бұдан әрі - Келісім) негізге ала отырып,
      929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының (бұдан әрі - 929 МҰСО) эксперименттік-сынау және әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен инфрақұрылымын сақтау, пайдалану және дамытудағы өзара мүдделілікті ескере отырып,
      Тараптардың мүдделерін ескеріп, Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан 929 МҰСО-ның объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау және пайдалау кезіндегі Жалға беруші мен Жалға алушының құқықтары мен міндеттерін шарттық реттеулердің қажеттілігін негізге алып,
      төмендегілер туралы осы Шартты жасады:

  1-бап

      Осы Шарттың мәні Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының жер учаскелерін және жалға алу шартымен Ресей Федерациясына ұсынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкін пайдалануға байланысты қарым-қатынастар болып табылады.
      Тараптар осы Шартты жүзеге асыру мақсатында оған қол
қойылғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде өкілетті органдар
құрады.

  2-бап

      Қазақстан Республикасының Үкіметі өзі өкілеттендірген органдар атынан осы Шартқа қол қойылған күннен бастап екі айлық мерзімде Ресей Федерациясының Үкіметіне ол өкілеттендірген органдардың атына Полигонды жалға береді.
      Жер учаскелерін және жалға беру шарттарымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікті беруді келісілген ведомостарға сәйкес, Тараптардың өкілетті органдары жүзеге асырады.
      Жалдауға қабылданбайтын объектілер мен мүлікке, Жалға алушы Жалға берушіге олардың пайдалануы мен жөнделуін қамтамасыз ететін көлемде техникалық құжаттама жинақтарының көшірмелерін береді.

  3-бап

      Полигонды жалдауды Жалға алушы Келісімде, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша бекіткен Полигон туралы Ережеде көзделген мақсаттарда жүзеге асырады.

  4-бап

      1. Жыл сайынға жалға алу ақысы 1,814 млн. АҚШ долларына баламды сомасы құрайды. Оның үстіне жалдау ақысының көрсетілген мөлшері Шартқа қол қойылған күні болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында сол күннен кейін енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтық төлемдердің барлық түрін, комиссиялар мен жиындарды көздейді.
      2. Жалдау ақысына мыналар кіреді:
      жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін 1,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат;
      Полигонның жер учаскелерін пайдаланғаны үшін өтемақы бойынша 0,614 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат.
      Полигонның келісілген ведомостарда көрсетілген жалдау мүлкінің құрамы мен Келісіммен айқындалған жер учаскелерінің алаңдары өзгерген кезде жалдау ақысының сомасы Тараптардың Келісімі бойынша нақтылануға жатады.

  5-бап

      1997 жылдардан бастап жалдау ақысын Ресей Тарапы жүзеге асырады:
      өтемақылық негізде 1,2 млн. АҚШ долларына тең сомада қару-жарақ және әскери техникаларды беруге, оларға жөндеу жүргізу жөнінде, Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметкерлерді даярлау жөнінде қызмет көрсетуге Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Шартының 17-бабына сәйкес басқа да жеткізулер мен қызмет көрсетулерге. Өтемдердің түрлері жыл сайын келісілген мерзімдерде Тараптардың жеке Хаттамасымен айқындалады. Аталған Хаттама осы Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылады;
      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін өтемақы бойынша 0,614 млн. АҚШ долларына тең сомада - Қазақстан Тарапына еркін конверттелетін валютамен да, Ресей рублімен және теңгемен есепті жылдың 15 желтоқсанына дейін аудару арқылы.

  6-бап

      Полигонды 1992-1996 жылдары пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының мүліктік шығындары мен шығыстары үшін 9,07 млн. АҚШ долларына тең сомадағы өтемақы Тараптар 1997 жылдың ішінде жасалатын жеке келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

  7-бап

      Жалдау төлемі бойынша есеп айырысуларға байланысты барлық операцияларды комиссиялық және өзге де жинауларды өндірусіз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясының Орталық банкі орындайды.

  8-бап

      1991 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Полигонда тұрған бөлек жылжымалы мүлік Тараптардың өкілетті органдарының арасындағы келісім бойынша Ресей Федерациясынан Жалға берушіге қажетті өнімдерді қарсы жеткізілімдері (жұмыстар көрсетілетін қызметтер) кезінде оның жалпы құнынан шегеріле отырып, Жалға алушының меншігіне берілуі мүмкін.

  9-бап

      Жалға алушы мен Жалға беруші осы Шарт күшіне енгеннен кейін екі ай мерзімде 1992 жылдан бастап Полигонның мүмкін болатын экологиялық зардаптарының көлемін, ал олар болған жағдайда бұл зардаптарды Жалға алушы есебінен жоюдың әдістері мен мерзімдерін айқындау үшін Тараптардың өкілетті органдарының өкілдерінен бірлескен комиссия құрады.
      Жалға алушы орындаған жұмыс уақытында нысаналар, сынақ аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектері Полигон аумағынан тыс жерлерге құлаған жағдайда егер аталмыш уақиға Жалға алушының кінәсінен болса соңғысы толық жауапкершілікте болады және Жалға берушіге іс жүзінде келтірілген зиянды өтейді.

  10-бап

      Жалға беруші:
      Келісімдерде көзделген тәртіпте келісілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес Жалға алушының Полигонды мақсатты түрде пайдалануын:
      Жалға алушыға шарттық негізде электр энергиясын, азық-түлікті, Қазақстан өндірісіндегі басқа да материалдық құралдарды беруді, Қазақстан Республикасында өз Қарулы Күштері үшін қолданылатын бағалар мен тарифтер бойынша Полигон мен оның қызметшілерінің жұмыс істеуіне қажетті көлік, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру және өзге де қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

  11-бап

      Жалға алушы:
      Жалға берушіге жалдау мерзімі аяқталған бойда одан өзі пайдалануға жарамды жағдайдағы оның пайдаланылуын қамтамасыз ететін көлемдегі техникалық құжаттамаларымен бірге жалданған мүлікті, ал мұның мүмкіндігі болмаған жағдайда жалдау мерзімі аяқталған сәттегі мүліктің тозуын есепке ала отырып, оның құндық баламын қайтаруды;
      Жалға берушінің Полигон мен оның қызметшілерінің жұмыс істеуіне қажетті электр энергиясы, азық-түлік, Қазақстан өндірісінің басқа да материалдық құралдары үшін көрсетілген көлік, тұрғын үй-коммуналдық, оқу-ағарту және өзге де қызметтер үшін Қазақстан Республикасындағы өз Қарулы Күштеріне қолданылатын бағалар мен тарифтер бойынша уақтылы есеп айырысулар жүргізуді қамтамасыз етеді.

  12-бап

      Жалға алушының:
      Жалдау мақсаттарына сәйкес Полигонда жүргізілетін жұмыс процесінде алынған ғылыми-техникалық және өзге де нәтижелерге иелік етуге;
      жалданылатындардың және тиісінше жалдау ақысы азайтылатындардың ішінен Полигонның жекелеген мүлкі мен жер учаскелерін шығарып тастау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      жалданылған объектілер мен мүлікке бөлекше жақсартулар енгізуге;
      Ресей Федерациясының кәсіпорындары мен ұйымдарында жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын және жетілдірулер жүргізу үшін Ресей Федерациясы жалға алған Полигонның жылжымалы мүлкін Келісімнің 20-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша алып кетуге;
      жалға алушының жазбаша келісімімен;
      жалға алынған объектілер мен мүліктерге зиян келтірместен, бөлектеусіз жақсарту енгізуге;
      жалдау мақсаттарына сәйкес жаңа объектілердің құрылысын
салуды жүзеге асыруға;
      Полигондағы жұмыстарға, оның ішінде объектілердің құрылысын салуға (қайта жаңғыртуға) үшінші елдердің кәсіпорындары мен ұйымдарын тартуға құқы бар.

  13-бап

      Жалға алушы егер мынадай шарттар сақталса:
      Жалға беруші Полигонның жалдау мерзімі өзінің мұндай объектілерді олардың мақсаттық арналымы бойынша Жалға алушының пайдалануына кедергі келтірілмейтініне келіскен жаңа құрылысты жүргізуге ниеті туралы Жалға алушының мәлімдеуімен жазбаша түрде келіссе;
      Жалға алушы жаңа объектілердің құрылысы жүргізілетін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін келісілген мөлшерлерде жалға алу ақысын енгізу туралы Жалға берушінің алдында міндеттеме қабылдаса;
      Жалға беруші мен Жалға алушы сол объектілерді пайдаланатын қызметшілердің құқықтық мәртебесі мәселелерін қоса алғанда, осы Шарттың күшінің мерзімі бітісімен мұндай объектілерді пайдаланудың шарттары туралы келіскен қорытындыға келсе, оның ішінде жалдау уақыты өткен бойда Полигондағы жаңадан құрылған объектілерге меншік құқығын алады.

  14-бап

      Жалға алушының, егер мынадай шарттар сақталса:
      Жалға алушы Жалға берушімен Полигон аумағында жаңа объектілердің құрылысын салуды келіссе;
      Жалға беруші келісу кезінде жалға алу мерзімі бітісімен ол жаңадан салынған объектіні одан әрі пайдалануға өз қаражаттарының есебінен қабылдайтындығын көрсетсе;
      Жалға алушы Жалға берушіге қалдық құнды айқындау және Жалға берушінің бұл объектілерді одан әрі пайдалануы үшін қажетті, жаңадан салынған объектілерді пайдалану жөніндегі басшылықты қоса алғанда, бүкіл жобалау-сметалық және өзге техникалық құжаттаманы берсе, жаңадан салынған объектілердің қалдық құнына өтем алуға құқы бар.
      Аталған шарттардың біреуі орындалмаған кезде Жалға алушы Жалға берушіге жаңадан салынған объектілерді ақысыз береді.

  15-бап

      Жалға берушінің:
      Жалға алушының Келісім қағидалары мен осы Шарттың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасының мүддесі үшін оларды ұйғарылған пайдалануға байланысты жалдау төлемін тиісті түрде азайтуға сәйкес, полигонның жалданған мүлкінің құрамы мен Жалға алушы пайдаланатын жер учаскелерін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

  16-бап

      Полигонда Тараптардың үлестік қаржыландыруы есебінен салынған объектілер Тараптардың бірлескен меншік объектілері мәртебесіне ие болады, бұл жағдайда олардың әрқайсысының меншік үлесі олардың бұл объектілерді салған кездегі қаржыландыру үлесімен айқындалады.
      Бірлескен меншік объектілерін пайдалану шарттарын, оларды ұстаудағы үлестік жарналар мен олардың жұмыс істеуіндегі басқа да мәселелерді айқындауды Тараптар құрылыс басталғанға дейін келіседі.
      Бірлескен меншік объектілерін пайдалану процесінде алынған ғылыми-техникалық нәтижелер Тараптардың бірлескен меншігі болып табылады.
      Бірлескен меншік объектілерінің шаруашылық қызметінен түскен пайда, егер бұл объектілердің құрылысы келісілген кезде өзгеше көзделмесе, Тараптардың меншік үлестеріне пара-пар бөлінеді.

  17-бап

      Тараптар арасында осы Шартты орындау және түсіндіру кезінде пайда болуы мүмкін даулар келіссөздер жолымен шешілетін болады. Бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындағаны туралы бір Тарап келесісін келіссөздер басталғанға дейін 15 күн бұрын хабардар етеді.

  18-бап

      Осы шарт бекітуге жатады және бекіту грамоталары алмасылған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Шарт Келісімнің қолданылу кезеңіне жасалады және Келісімде көзделгеніндей онымен бірге ұзартылады.
      Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап уақытша толық көлемінде қолданылады.
      Осы шартқа өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі.
      1996 жылы 18 қазанда Мәскеу қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалады, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.

       Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының
          Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменений и дополнений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года

Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года N 292

      Ратифицировать Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменений и дополнений в  Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года, подписанный в Москве 25 ноября 2005 года.

       Президент
      Республики Казахстан

  ПРОТОКОЛ
между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Российской Федерации о внесении изменений и
дополнений в Договор между Правительством Республики Казахстан
и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и
боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра
Российской Федерации, расположенных на территории
Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года

(Официальный сайт МИД РК - Вступил в силу 3 августа 2007 г.)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, в дальнейшем именуемые Сторонами,
      согласились о нижеследующем:

      1. Внести в  Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года (далее - Договор) следующие изменения и дополнения:
      1)  статью 3 дополнить абзацами вторым и третьим следующего содержания:
      "Полигон - единый комплекс, включающий в себя земельные участки и находящееся на них имущество.
      Ставка за единицу объекта аренды Полигона, то есть арендная плата за использование единицы площади (гектар) переданных в аренду земельных участков Полигона, в том числе и земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества, устанавливается в размере 2,33 доллара США.";
      2)  статью 4 изложить в следующей редакции:
      "Ежегодная арендная плата за использование Полигона, рассчитанная исходя из установленной статьей 3 настоящего Договора ставки за единицу объекта аренды Полигона, начиная с 1 января 2005 года составляет сумму, эквивалентную 4,454 млн. долларов США. При этом указанный размер арендной платы учитывает все виды налогов, комиссий, сборов и иных платежей, существующих на дату подписания настоящего Договора или вводимых после этой даты на территории Республики Казахстан и относящихся к аренде Полигона.
      При изменении состава арендуемых земельных участков Полигона, а также земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества арендная плата изменяется пропорционально изменению арендуемой площади земельных участков исходя из установленной ставки за единицу объекта аренды Полигона.
      В случае изменения арендной платы за использование Полигона в настоящий Договор по взаимной договоренности Сторон могут быть внесены изменения, оформляемые отдельными протоколами.";
      3)  статью 5 изложить в следующей редакции:
      "Ежегодная арендная плата, установленная в статье 4 настоящего Договора, с 1 января 2005 года взимается в долларах США.
      Перечисление арендных платежей осуществляется ежегодно двумя равными долями, каждая до 5-го числа последнего месяца второго и четвертого кварталов года.
      Уполномоченный орган Казахстанской Стороны направляет Министерству обороны Российской Федерации уведомление с указанием получателя платежа и финансовых реквизитов для перечисления средств и уведомляет его о получении указанных средств.
      В случае изменения получателя платежа и (или) его финансовых реквизитов уполномоченный орган Казахстанской Стороны не позднее чем за один месяц до истечения срока очередного платежа обязан уведомить об этом Министерство обороны Российской Федерации.".

      2. Все споры и разногласия, возникающие при толковании и применении положений настоящего Протокола, будут решаться путем взаимных консультаций и переговоров между Сторонами.
      При возникновении вопросов у одной из Сторон, требующих совместного решения, данная Сторона письменно уведомляет об этом другую Сторону не позднее, чем за 30 дней до начала переговоров.

      3. Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в городе Москве 25 ноября 2005 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

      ЗА ПРАВИТЕЛЬСТВО                 ЗА ПРАВИТЕЛЬСТВО
      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН               РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ