Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 299 Заңы

       1-бап.   Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат):
      49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      "компаниясын" деген сөзден кейін ", мақта өңдеу ұйымын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және секьюритилендіру" деген сөздер ", секьюритилендіру және мақта саласын дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын.

         2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      1) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты
                 сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және
                 ветеринариялық қадағалау саласындағы әкімшілік
                 құқық бұзушылықтар";
 

      2) мынадай мазмұндағы 309-4-баппен толықтырылсын:
 
      "309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын
                  дамыту туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мақта талшығының тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу, -
      жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару, -
      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы, -
      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау, -
      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі, -
      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы, -
      жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

      3) 541-баптың бірінші бөлігі "309-2 (төртінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 560-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту
                  және астық нарығын реттеу саласындағы
                  уәкілетті орган

      "1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1, 309-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      5) мынадай мазмұндағы 576-4-баппен толықтырылсын:
 
      "576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыс әкімі және оның орынбасарлары құқылы.";

      6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органның 186, 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктері)-баптар;";
      мынадай мазмұндағы қырық жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "облыстың жергілікті атқарушы органының 309-4-бап (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктер), 357-2-бап (бірінші бөлік);".

         2-бап.   Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития хлопковой отрасли

Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года N 299

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В  Гражданский кодекс  Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 г. (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение); 1995 г., N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 2, ст. 187; N 14. ст. 274; N 19, ст. 370; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 5, ст. 55; N 12, ст. 183, 184; N 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., N 2-3, ст. 23; N 5-6, ст. 50; N 11-12, ст. 178; N 17-18, ст. 224, 225; N 23, ст. 429; 1999 г., N 20, ст. 727, 731; N 23, ст. 916; 2000 г., N 18, ст. 336; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 7; N 8. ст. 52; N 17-18, ст. 240; N 24, ст. 338; 2002 г., N 2, ст. 17: N 10. ст. 102; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 11, ст. 56, 57, 66; N 15, ст. 139; N 19-20, ст. 146; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 56; N 16, ст. 91; N 23, ст. 142; 2005 г., N 10, ст. 31: N 14, ст. 58; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 13, ст. 85; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 21; N 4, ст. 28; N 5-6, ст. 37; N 8, ст. 52; N 9, ст. 67):
      в части второй пункта 1 статьи 49:
      после слова "компании" дополнить словами ", хлопкоперерабатывающей организации";
      слова "и секьюритизации" заменить словами ", секьюритизации и развитии хлопковой отрасли".
      2. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1. ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст, 85, 86; N 15, ст. 92, 95; N 16, ст. 98, 102; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 18; N 3, ст. 20; N 4, ст. 28, 33; N 5-6, ст. 40; N 9, ст. 67; N 10, ст. 69):
      1) заголовок главы 20 изложить в следующей редакции:
      "Глава 20. Административные правонарушения в области карантинных правил, зернового рынка и хранения зерна, хлопковой отрасли, семеноводства и ветеринарного надзора";
      2) дополнить статьей 309-4 следующего содержания:
      "Статья 309-4. Нарушение законодательства Республики Казахстан о развитии хлопковой отрасли
      1. Нарушение хлопкоперерабатывающими организациями установленного порядка учета и хранения документов, отражающих произведенные операции с хлопком, -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, в размере от десяти до пятнадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от пятидесяти до семидесяти месячных расчетных показателей.
      2. Реализация хлопка-волокна без соответствующего паспорта качества хлопка-волокна -
      влечет штраф на физических лиц в размере пяти, на индивидуальных предпринимателей - в размере десяти, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере пятнадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере ста месячных расчетных показателей.
      3. Неисполнение либо ненадлежащее исполнение письменных предписаний уполномоченного органа о нарушении требований, установленных законодательством Республики Казахстан о развитии хлопковой отрасли, -
      влечет штраф на физических лиц от десяти до двадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от тридцати до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от ста до ста двадцати месячных расчетных показателей.
      4. Уклонение от участия в системе гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от тридцати до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от ста до ста двадцати месячных расчетных показателей с приостановлением действия лицензии.
      5. Осуществление хлопкоперерабатывающей организацией предпринимательской деятельности, запрещенной законом Республики Казахстан о развитии хлопковой отрасли, выдача гарантий и (или) предоставление своего имущества в залог по обязательствам третьих лиц в нарушение требований закона Республики Казахстан о развитии хлопковой отрасли, а также отчуждение хлопкоперерабатывающей организацией основных средств, без которых осуществление деятельности по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно становится полностью невозможным либо существенно ухудшается, -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от ста до ста двадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от двухсот пятидесяти до трехсот месячных расчетных показателей с приостановлением действия лицензии.
      6. Систематическое (два и более раза в течение шести последовательных календарных месяцев) искажение показателей количества и качества хлопка по заявлениям держателей хлопковых расписок при условии их документального подтверждения -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от пятидесяти до восьмидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от ста до ста пятидесяти месячных расчетных показателей с приостановлением действия лицензии.
      7. Предоставление лицензиатом заведомо ложной информации при получении лицензии -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от двадцати до тридцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от пятидесяти до семидесяти месячных расчетных показателей с приостановлением действия лицензии.
      8. Нарушение закона Республики Казахстан о развитии хлопковой отрасли членами комиссии по временному управлению или временной администрацией в период временного управления хлопкоперерабатывающей организацией -
      влечет штраф на физических и должностных лиц в размере от пятидесяти до восьмидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от восьмидесяти до ста, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от ста пятидесяти до двухсот месячных расчетных показателей.
      9. Неустранение нарушений, повлекших привлечение к административной ответственности, предусмотренной частями четвертой, пятой, шестой, седьмой настоящей статьи, по истечении срока приостановления действия лицензии, влечет лишение лицензии.";
      3) часть первую статьи 541 после слов "309-2 (частью четвертой)," дополнить словами "309-4 (частями восьмой, девятой),";
      4) заголовок и часть первую статьи 560-1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 560-1. Уполномоченный орган в области семеноводства, развития хлопковой отрасли и регулирования зернового рынка
      1. Уполномоченный орган в области семеноводства, развития хлопковой отрасли и регулирования зернового рынка и его территориальные органы рассматривают дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 186, 309-1, 309-2 (частями первой-третьей), 309-4 (частями первой, второй, третьей), 357-2 (частью первой) настоящего Кодекса.";
      5) дополнить статьей 576-4 следующего содержания:
      "Статья 576-4. Местные исполнительные органы
      1. Местный исполнительный орган области рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 309-4 (частями четвертой, пятой, шестой, седьмой), 357-2 (частью первой) настоящего Кодекса.
      2. Рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания вправе аким области и его заместители.";
      6) в подпункте 1) части первой статьи 636:
      дополнить абзацем семнадцатым следующего содержания:
      "уполномоченного органа в области развития хлопковой отрасли (статьи 186, 309-4 части первая, вторая, третья);";
      дополнить абзацем сорок седьмым следующего содержания:
      "местного исполнительного органа области (статьи 309-4 части четвертая, пятая, шестая, седьмая, 357-2 часть первая);".

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан