"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 63-IV Заңы

      1-бап . "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша "оқу орындары", "оқу орындарының", "оқу орындарынан", "оқу орындарына", "оқу орнын", "оқу орнына", "оқу орнында" деген сөздер тиісінше "білім беру ұйымдары", "білім беру ұйымдарының", "білім беру ұйымдарынан", "білім беру ұйымдарына", "білім беру ұйымын", "білім беру ұйымына", "білім беру ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-1-баптың бірінші бөлігі "қылмыстық жазаны" деген сөздерден кейін "атқарудан және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 5-1-бапта:
      1-тармақта:
      22) тармақшадағы "кадрларды даярлау мен оқытуды" деген сөздер "кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) тармақша "жасырынып" деген сөзден кейін ", қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 15) тармақшасы "жасырынып" деген сөзден кейін ", қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 1) тармақшасы "қылмыстық жазаны" деген сөздерден кейін "атқарудан және" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, аумақтық ішкі істер органдарының қызметтік үй-жайлары мен көлік құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметін көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қамтамасыз етеді;";

      5) 10-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы "әкімшілік жазаларын" деген сөздерден кейін "атқарудан және" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 11-баптың 1-тармағында:
      36) тармақшадағы "ғылыми-зерттеу, оқу," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "36-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыруға;
      36-2) ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға;";

      7) 15-бапта:
      4-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ішкі істер органдарына қызметке алғаш тұрушы адамдар міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияда куәландырудан, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы арнаулы оқудан және тағылымдамадан өтеді, олар үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бастапқы арнаулы оқуға қабылдау тәртібін Ішкі істер министрі айқындайды.";

      9-тармақтағы "мен жауапкершілігі" деген сөздер алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
      2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
      3) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарындағы қызметке жарамсыз деп танылған;
      4) олардың мәртебесі мен соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында заңда белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
      5) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
      6) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      7) ішкі істер органдарына қызметке тұрғанға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      9) бұрын сотталған және ақтауға болмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
      10) бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған адамдар ішкі істер органдарына қызметке қабылданбайды.
      Аталған мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.";

      8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау

      1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Бұл ретте ішкі істер органдарының қаражаты есебінен оқу ақысы төленіп, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына және басқа да білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен келісім шарттар жасалады, оларда оқудың және білім беру ұйымын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткерудің талаптары, мерзімдері көзделеді.
      3. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиісті түрдегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес Ішкі істер министрі айқындайды.";

      9) 17-бапта:
      3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;";

      8) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;";

      10) 22-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.";

      11) 24-1-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) төмен тұрған лауазымға ауыстыра отырып, атқарып жүрген қызметінен босату;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      12) 32-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) ішкі істер органдарының қызметкерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.";

      13) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:

      "32-1-бап. Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік
                 комиссиялары

      Ішкі істер органдарында бекітілген контингентті және қызметке тұрушы адамдарды медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өткізу үшін әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады. Куәландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об органах внутренних дел Республики Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 5 июля 2008 года N 63-IV

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 23, ст. 154; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 79; N 12, ст. 184; 1998 г., N 17-18, ст. 225; N 23, ст. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, ст. 233, 247; N 23, ст. 920; 2000 г., N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 13-14, ст. 174; N 17-18, ст. 245; N 20, ст. 257; N 23, ст. 309; 2002 г., N 17, ст. 155; 2003 г., N 12, ст. 82; 2004 г., N 23, ст. 142; N 24, ст. 154, 155; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20; N 9, ст. 67; N 10, ст. 69) следующие изменения и дополнения:

      1) по всему тексту слова "учебные заведения", "учебных заведений", "учебного заведения", "учебное заведение", "учебном заведении" заменить соответственно словами "организации образования", "организаций образования", "организацию образования";

      2) часть первую статьи 4-1 после слова "исполнения" дополнить словами "и отбытия";

      3) в статье 5-1 :

      в пункте 1:
      в подпункте 22) слова "и обучение" заменить словами ", повышение квалификации и переподготовку";
      подпункт 31) после слова "суда," дополнить словами "уклоняющихся от исполнения и отбытия уголовного наказания,";

      подпункт 15) пункта 2 после слова "суда," дополнить словами "уклоняющихся от исполнения и отбытия уголовного наказания,";

      подпункт 1) пункта 3 после слова "исполнения" дополнить словами "и отбытия";

      4) подпункт 4) статьи 6-1 изложить в следующей редакции:
      "4) обеспечивают содержание, обслуживание и ремонт служебных помещений и транспортных средств, включая приобретение горючесмазочных материалов, а также затраты по оплате коммунальных услуг, электроэнергии, отопления и услуг связи территориальных органов внутренних дел, за исключением затрат на услуги электронной почты аппаратов территориальных органов;";

      5) подпункт 9) пункта 1 статьи 10 после слова "исполнения" дополнить словами "и отбытия";

      6) в пункте 1 статьи 11 :
      в подпункте 36) слова "научно-исследовательскую, учебную," исключить;
      дополнить подпунктами 36-1) и 36-2) следующего содержания:
      "36-1) осуществлять подготовку, повышение квалификации и переподготовку кадров для органов внутренних дел в организациях образования по государственному образовательному заказу, утверждаемому Правительством Республики Казахстан, а также за рубежом на основе международных договоров;
      36-2) осуществлять в научных организациях органов внутренних дел фундаментальные и прикладные исследования в области охраны общественного порядка, обеспечения общественной безопасности, предупреждения и пресечения преступных и иных противоправных посягательств на права и свободы человека и гражданина, интересы общества и государства;";

      7) в статье 15 :

      пункт 4 исключить;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Лица, впервые поступающие на службу в органы внутренних дел, в обязательном порядке проходят освидетельствование на военно-врачебной комиссии, специальное первоначальное обучение в организациях образования Министерства внутренних дел и стажировку, для них устанавливается испытательный срок три месяца. Порядок и условия прохождения испытательного срока и стажировки, а также порядок приема на специальное первоначальное обучение определяются Министром внутренних дел.";

      в пункте 9 слова "и ответственность" исключить;

      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Не могут быть приняты на службу в органы внутренних дел лица:
      1) признанные в установленном законами Республики Казахстан порядке недееспособными или ограниченно дееспособными;
      2) лишенные судом права занимать государственные должности в течение определенного срока;
      3) признанные негодными к службе в органах внутренних дел в соответствии с заключением военно-врачебной комиссии;
      4) отказавшиеся принять на себя ограничения, установленные законом, в целях недопущения действий, которые могут привести к использованию их статуса и основанного на нем авторитета в личных, групповых и иных неслужебных интересах;
      5) которые в течение двух лет перед поступлением на службу в органы внутренних дел привлекались к дисциплинарной ответственности за совершение коррупционного правонарушения;
      6) на которых в течение года перед поступлением на службу в органы внутренних дел налагалось в судебном порядке административное взыскание за умышленное правонарушение;
      7) на которых в течение трех лет до поступления на службу в органы внутренних дел за совершение коррупционного правонарушения налагалось в судебном порядке административное взыскание;
      8) совершившие коррупционные преступления;
      9) ранее судимые и освобожденные от уголовной ответственности по нереабилитирующим основаниям;
      10) ранее уволенные по отрицательным мотивам с государственной, воинской службы, правоохранительных органов, судов и органов юстиции.
      Непредставление или искажение указанных сведений является основанием для отказа в приеме на службу в органы внутренних дел.";

      8) дополнить статьей 15-1 следующего содержания:
      "Статья 15-1. Подготовка кадров для органов внутренних дел
      1. Подготовку кадров для органов внутренних дел осуществляют организации образования Министерства внутренних дел, которые создаются, реорганизуются и ликвидируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также иные организации образования.
      2. На учебу в организации образования Министерства внутренних дел могут зачисляться лица, имеющие среднее образование, а также не достигшие восемнадцати лет. Время обучения на очных отделениях организаций образования Министерства внутренних дел приравнивается к прохождению срочной воинской службы. При этом с лицами, поступившими на учебу в организации образования Министерства внутренних дел и другие организации образования с оплатой обучения за счет средств органов внутренних дел, заключаются контракты, в которых предусматриваются условия, сроки обучения и дальнейшего прохождения службы в органах внутренних дел после окончания организации образования.
      3. Порядок приема в организации образования Министерства внутренних дел определяется Министром внутренних дел в соответствии с типовыми правилами приема в организации образования соответствующего вида.";

      9) в статье 17 :
      в подпункте 3) слова "о непригодности или ограниченной пригодности" заменить словами "о негодности или ограниченной годности";
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) в случае отказа от дальнейшего прохождения службы в связи с изменением условий труда;";
      в подпункте 8) слово "непригодности" заменить словом "негодности";
      дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:
      "11-1) в связи с совершением коррупционного правонарушения;";

      10) пункт 2-1 статьи 22 изложить в следующей редакции:
      "2-1. Руководитель структурного подразделения по обеспечению безопасности дорожного движения Министерства внутренних дел Республики Казахстан является по должности Главным государственным инспектором по обеспечению безопасности дорожного движения.";

      11) в статье 24-1 :

      подпункт 5) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "5) освобождение от занимаемой должности с переводом на нижестоящую должность;";

      пункт 2 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Дисциплинарные взыскания за коррупционные правонарушения налагаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан о борьбе с коррупцией.";

      12) статью 32 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Сотрудники органов внутренних дел, получившие увечья (ранения, травмы, контузии) при исполнении служебных обязанностей, направляются на санаторно-курортное лечение за счет бюджетных средств.";

      13) дополнить статьей 32-1 следующего содержания:
      "Статья 32-1. Военно-врачебные комиссии органов внутренних дел
      В органах внутренних дел создаются военно-врачебные комиссии для проведения медицинского и психофизиологического освидетельствования прикрепленного контингента и поступающих на службу лиц. Порядок освидетельствования определяется Правительством Республики Казахстан.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев