Астанада 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Технологияларды коммерцияландыру жобасы) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы)
2008 жылғы 2 ақпан
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2008 жылғы 2 ақпандағы КЕЛІСІМ. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналарға келіседі:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.1. Жалпы шарттар (осы Келісімге толықтыруда белгіленген) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.2. Егер мәтіннен өзгеше туындамаса, осы Келісімде қолданылатын бас әріптен басталатын терминдер осы Келісімге Жалпы шарттарда немесе Толықтыруда берілген мағынада алынады.
2.1. Осы Келісімге 1-қосымшадағы сипаттамасы келтірілген жобаның ("Жоба") қаржыландырылуына көмек көрсету мақсатымен Банк Қарыз алушыға он үш миллион төрт жүз мың АҚШ долларына (13 400 000 АҚШ долларына) тең сомада ("Қарыз") осы Келісімде айтылған немесе сілтеме жасалған мерзімде және шарттармен қарыз беруге келіседі.
2.2. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшадағы IV-бөлімге сәйкес алуға құқылы.
2.3. Қарыз алуды ашу үшін Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының бір процентінің төрттен біріне (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы Қарыздың күшіне енуі күнінен 60 күннен кешіктірмей Қарыз ашу комиссиясын төлейді.
2.4. Қарыз алушы Қарыз Валютасына арналған Базалық ЛИБОР ставкасы мен әрбір процент есептелетін кезеңге айнымалы спреді қосылған ставка бойынша сыйақы төлейді. Жоғарыда айтылғанға қарамай, егер алынған Қарыздың өтелмеген қалдығының кез келген бөлігі уақытылы төленбей қалған және отыз (30) күн ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін процент мөлшері 3.02 Жалпы шарттар (d)-бөлімінде келтірілгендей есептелуі тиіс.
2.5. Төлем өтеу мерзімдері - әрбір жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
2.6. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтелетін болады.
3.1. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын ұстанатынын мәлімдейді. Осы мақсатпен Қарыз алушы Жалпы шарттардағы V-тармақтың ережелеріне сәйкес БҒМ арқылы Жобаны іске асырады.
3.2. Егер осы Келісімнің 3.01-тарау ережелерімен өзгеше көзделмесе, және осы өзгеше Қарыз алушы мен Банк арасында келісілмесе, онда Қарыз алушы Жобаны осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес іске асырады.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН БҰЗУ
4.01. Осы Келісімнің түпкілікті күшіне ену күні осы Келісім қабылданған күннен бір жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі күн болып табылады.
V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ
5.01. Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекен-жайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (3172) 717785
5.03. Банктің мекен-жайы:
International Bank for Reconstruction and Development
1818 Н Street, N.W.
Washington, D.С. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INBAFRAD 248423 (МСІ) немесе 1-(202) 477-6391
Washington, D.С. 64145 (МСІ)
Жоғарыда көрсетілген күні мен жылы, Қазақстан Республикасы, Астана қаласында КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты ашық бәсекелестік іріктеуден өткен, әртүрлі пәндер мамандарының топтары жүргізетін ғылыми зерттеулердің едәуір жақсартылған ғылыми тиімділігі мен коммерциялық негізділігін көрсету болып табылады.
Жоба мынадай бөліктерден тұрады:
1-бөлік: Ғылыми негізін күшейту
Мыналар: (а) Халықаралық ғылым және коммерцияландыру кеңесін және халықаралық деңгейде пікір алынатын ғылыми журнал ашу; (b) аға ғылыми қызметкерлер тобына (АҒҚТ) арналған грант бағдарламасын және кіші ғылыми қызметкерлер тобына (КҒҚТ) арналған грант-бағдарламасын беру; (с) Халықаралық материалтану орталығын (ХМТО) құру арқылы халықаралық стандарттарға сай ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу үшін жетекші ғалымдар мен жас талантты зерттеушілерді анықтау және олардың дамуына көмек көрсету.
2-бөлік: Ғылымның нарықпен байланысын қамтамасыз ету
Мыналар:
(а) технологияларды коммерцияландыру бойынша қызмет көрсету үшін, оның ішінде технологиялық коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді және шет тілдерінде оқытудың нысаналы бағдарламаларын жасауды, бизнес-жоспарлау мен өзара іс-қимыл жасауды қоса алғанда, технологияларды коммерциализацияландыру жөніндегі бірқатар қызметтер көрсету үшін технологияларды коммерцияландыру офисін (ТКО) ашу; (b) стратегиялар әзірлеушілер мен ғалымдарды инновациялық активтер туралы хабардар ету және технологиялар маркетингіне арналған сарапшылық дерекқорын қалыптастыру үшін технологиялық аудит жүргізу; (с) технологияларды коммерцияландыруға, индустриялық инновацияларға, венчурлық капитал мен қаржыландыруға, зияткерлік меншікке қатысты құқықтық және нормативтік ережелерді, құрылымдар мен стимулдарды талдау; сондай-ақ (d) Қарыз алушы қаржыландыратын бірқатар гранттар бағдарламаларын әзірлеу әрі әкімшілік жүргізу үшін нарықты бағалауды жүргізу арқылы ғылымды ішкі және әлемдік нарықтарға неғұрлым тығыз байланыстыру үшін қажетті сараптаманы дамытуға техникалық көмек көрсету.
Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару мақсатымен Жобаны басқару тобын (ЖБТ) құруды қолдау.
Жобаны іске асыру
І-бөлім. Іске асыру тетіктері
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес Жобаны іске асыруы тиіс:
1. Қарыз алушы БҒМ арқылы
Жобаны іске асыру басшылығында
және
Қоршаған ортаны басқару жоспарында
(ҚОБЖ) көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастырушы тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруы тиіс және оған алдын ала Банк келісімін алмай, басқаларға беруіне, өзгерістер енгізуіне, тоқтатуына немесе
Жобаны іске асыру басшылығындағы
және
Қоршаған ортаны басқару жоспарындағы
(ҚОБЖ) қандай да бір ережелерден бас тартпауы тиіс.
2. ҒКХК Жобамен байланысты барлық ғылыми мәселелер бойынша, оның ішінде АҒҚТ мен КҒҚТ іріктеуді, ғылыми зерттеулер мен коммерцияландыру барысының мониторингін, халықаралық деңгейде пікір алынатын ғылыми журналды ашу әрі оның жұмыс істеуі және
Жобаны іске асыру басшылығында
және
Қоршаған ортаны басқару жоспарында
көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес ХМТО жұмыстарын қадағалау бойынша нұсқаулықтарды беруге тиіс.
3. Жобаны іске асырудың бүкіл мерзімінде Қарыз алушы ҒКХК құрамының, ресурстарының және техникалық тапсырмаларының Банк талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Келісім күшіне енген күннен бастап бір (1) айдан кешіктірмей, Қарыз алушы ЖБТ құрамына Банк қабылдаған техникалық тапсырмаға сәйкес, қаржыны басқару мәселелері бойынша маманды, сатып алулар бойынша маманды және директорды жұмысқа қабылдауы тиіс.
5. Келісім күшіне енген күннен бастап алты (6) аптадан кешіктірмей Қарыз алушы Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықты бекітуі тиіс.
6. Қарыз алушы: (а) 2010 жылғы 15 маусымнан кешіктірмей зерттеу әзірлеуі тиіс, оның барысында Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарының, зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құрылымдаудың және технологиялық коммерцияландырудың құқықтық, саяси және нормативтік базаларына талдау жасалады; және (б) зерттеулер нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасындағы ғылыми менеджмент, технологияларды коммерцияландыруды, зияткерлік меншік құқықтарын және зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құрылымдауды жақсарту үшін қажетті құқықтық, саяси және нормативтік шараларға қатысты Банкпен пікір алмасады.
7. Қарыз алушының Жобаға қатысуын қамтитын қаражаттың барабар мөлшерін қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы БҒМ-ға тиісті бір жылдық бюджеттік қаржыны береді.
1. Жобаның 1(b)-бөлімін орындау үшін Қарыз алушы Жобаны іске асыру басшылығында көрсетілген біліктілік өлшемдері мен рәсімдеріне сәйкес, АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын береді, мұнда мыналар қамтылады: гранттар туралы ұсыныстар (і) нарыққа бағытталуы және халықаралық деңгейде ғылыми бәсекеге қабілетті болуы тиіс; (іі) жергілікті және шетелдік компаниялармен зерттеушілік әріптестік құруға мүмкіндігін қоса алғанда, Қазақстанның қазіргі және болашақтағы ғылыми, экономикалық және индустриялық дамуы үшін зерттеушілік маңызы болуы тиіс; (ііі) өз жоспарларына ғалымдардың келесі буындарын даярлауға бағытталған магистранттар мен студенттерге менторлық қамқорлық жасауды және оқыту топтарын құруды қамтуы тиіс; (іv) көп функционалды зерттеуді жүргізуге әлеуеті әрі мүдделі болуы; (v) университеттер, орта мектептер және жұртшылық қызметін қамтуға қатысты ұсыныстарды қамтуы тиіс; және (vі) Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта, Сатып алу жөніндегі басшылықта және Қоршаған ортаны басқару жоспарында көрсетілген принциптер мен рәсімдерге сәйкес іріктелуі, бағалануы және іске асырылуы тиіс.
2. Қарыз алушы әрбір АҒҚТ Грантын АҒҚТ Гранты туралы келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Грантын КҒҚТ Гранты туралы келісімге сәйкес Банк бекіткен шарттармен береді, олар мыналарды қамтиды:
(а) АҒҚТ Гранттары және КҒҚТ Гранттары теңгемен көрсетілуі тиіс;
(b) Қарыз алушы өз мүдделерін және Банк мүдделерін қорғауға тиісті құқықтар алады, оның ішінде:
(і) жағдайларға қарай АҒҚТ Грантының немесе КҒҚТ Грантының қаражатын пайдалану, немесе АҒҚТ немесе КҒҚТ әрқайсысы АҒҚТ Гранты туралы келісімге сәйкес немесе КҒҚТ Гранты туралы келісімге сәйкес қандай да бір өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, АҒҚТ Грантының немесе КҒҚТ Грантының бүкіл сомасын немесе соманың қандайда бір бөлігін өтеуге АҒҚТ немесе КҒҚТ құқығын тиісінше тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; және
(іі) барлық АҒҚТ-дан және барлық КҒҚТ-дан: (А) өз міндеттемелерін АҒҚТ Гранты туралы Келісім бойынша немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімге бойынша, мән-жайларға қарай, тиісті ынтамен және тиімділікпен және объективті техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушы, экологиялық және әлеуметтік стандарттармен және тәжірибеге сәйкес, Банкке қолайлы түрде, сонымен бірге ҚОБЖ ережелеріне сай орындауды; (В) осы мақсаттарда талап етілетін ресурстарды дереу, қажеттілігіне қарай қамтамасыз етуді; (С) АҒҚТ Гранты туралы Келісімнің немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімнің негізінде қаржыландырылуға тиіс тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мән-жайларға қарай, осы Келісімнің және Сатып алу жөніндегі басшылықтың ережелеріне сәйкес сатып алуды; (D) Банкке қолайлы индикаторларға сәйкес мониторинг жүргізу мен бағалау мүмкіндігін беретін тиісті стратегиялар мен рәсімдерді, кіші жоба жөніндегі жұмыстар барысын және оның мақсаттарына қол жеткізуді қолдауды; (Е) (1) Банкке қолайлы, келісілген қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық басқару және қаржылық есептілікті дайындау жүйесін кіші жобаға қатысты жедел қызметті, ресурстар мен шығыстарды көрсетуге лайықты түрде қолдануды; және (2) Банктің өтініші бойынша немесе Қарыз алушының өтініші бойынша осы қаржылық есептіліктің аудитін Банкке қолайлы, келісілген қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес, Банк мақұлдаған тәуелсіз аудиторлардың жүргізуін және аудит жүргізілген есептілікті Қарыз алушы мен Банкке дереу беруді; (F) Қарыз алушы мен Банкке кіші жобаны, оның жедел қызметін және кез келген тиісті деректер мен құжаттарды инспекциялауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруді; және (G) егер бұл жоғарыда айтылғанға қатысты болса, Қарыз алушы мен Банк негізді түрде сұраған бүкіл ақпаратты дайындап, Қарыз алушы мен Банкке беруді талап ету.
3. Қарыз алушы өз құқықтарын әрбір АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес Қарыз алушы мен Банк мүддесін қорғауға, сондай-ақ Қарыз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретіндей түрде пайдалануға тиіс. Банк келісімін берген жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы қандай да болмасын АҒҚТ Гранты туралы Келісімді немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімді немесе олардың қандай да бір ережелерін басқаға бермейді, оған өзгерістер енгізбейді, оның күшін жоймайды немесе одан бас тартпайды.
II бөлім. Жобаның мониторингі, есептілік және бағалау
А. Жоба бойынша есеп беру
1. Қарыз алушы Жоба мониторингін жүзеге асырады және оны іске асыру барысын бағалайды, сондай-ақ Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есеп беруді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп беру бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуға тиіс және осы Есеп беруде қамтылған кезең аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
2. Жалпы шарттардың 5.08-бөлімін орындау үшін Жобаны іске асыру туралы есеп беру және осы Бөлім талап ететін тиісті жоспар жобаның жабылу күнінен кейін алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
3. 2010 жылдың 15 маусымында немесе шамамен осы мерзімде Қарыз алушы БҒМ арқылы Халықаралық банкпен бірлесіп, Жобаны іске асыруда ілгерілеудің орта мерзімді шолуын (бұдан әрі - Орта мерзімді шолу) жүргізеді. Орта мерзімді шолу басқалармен қатар:
(а) Жоба мақсатына жетуде ілгерілеуді; және
(b) Жобаны тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес жалпы орындауды қамтиды.
4. Кемінде Орта мерзімді шолуға дейін төрт (4) апта бұрын Қарыз алушы Банкке БҒМ арқылы Жобаның әрбір компонентінің енгізу статусын бейнелеп жеке есеп береді және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы қиюластырылған есебін береді.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
1. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.09-бөлімнің ережелеріне сәйкес қаржылық басқаруды жүргізуге міндетті немесе оны жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
2. Егер осы Бөлімнің А-бөлігінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, Қарыз алушы Банкке әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей Жоба бойынша аудитор тексермеген, Банкке нысаны мен мазмұны бойынша қолайлы, осы тоқсан үшін аралық қаржылық есебін дайындауға және тапсыруға міндетті.
3. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.09 (б)-бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті. Әрбір Қаржылық есептілік аудиті Қаржы алушының бір (1) қаржылық жыл кезеңін қамтуы тиіс. Аудитпен тексерілген әрбір осындай кезеңнің есептері Банкке әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
А. Жалпы ережелер
1.
Тауарлар мен жұмыстар
.
Жоба үшін қажетті бүкіл тауарлар мен жұмыстар
Сатып алу жөніндегі басшылықтың
І-бөлімінде қамтылған талаптар мен сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2.
Консультанттар қызметтері
.
Жоба үшін қажетті бүкіл консультанттар қызметтері
Консультанттар жөніндегі басшылықтың
I және ІV-бөлімінде қамтылған талаптар мен сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3.
Анықтамалар
. Бас әріппен жазылатын, төменде осы Бөлімде
белгілі бір сатып алу әдістерін немесе белгілі бір келісімшарттарды Банктің қарауы әдістерін сипаттау үшін қолданылатын терминдерде нақты жағдайға қарай,
Сатып алу жөніндегі басшылықта
немесе
Консультанттар жөніндегі басшылықта
сипатталатын тиісті әдіске сілтеме жасалады.
В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың белгілі бір әдістері
1.
Халықаралық конкурстық сауда-саттық
.
Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша,
Сатып алу жөніндегі басшылықтың
II бөлімінде белгіленген талаптар мен соларға жасалған сілтемелерге сәйкес жүргізіледі.
2.
Тауарлар мен қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері
.
Төмендегі кестеде тауарлар мен қызметтерге қатысты пайдаланылуы мүмкін Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспарында қандай да болмасын өзге әдісті пайдалану жағдайлары қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) Осы 2-қосымшаға толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге сәйкес ұлттық конкурстық сауда-саттық |
Сауда желісіндегі сатып алу |
С. Консультанттар қызметтерін сатып алудың белгілі бір әдістері
1.
Сапа мен құн негізінде іріктеу
. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу сапасы мен құны ескерілген Іріктеу негізінде тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүргізіледі.
2.
Консультанттар қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері
. Төмендегі кестеде консульта
нттар қызметтеріне қатысты пайдаланылуы мүмкін, сапа мен құн негізінде Іріктеуден басқа сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспарында осы әдістер пайдаланылуы мүмкін жағдайлар қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) Сапа негізінде іріктеу |
(b) Тіркелген бюджет негізінде іріктеу |
(с) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу |
(d) Бір көзден таңдап алу |
(е) Жекелеген консультанттарды іріктеу үшін Консультанттар жөніндегі басшылықтың 5.2 және 5.3-тармақтарында көрсетілген рәсімдер |
(f) Жекелеген консультанттарды іріктеу үшін бір көзден таңдап алу жөніндегі рәсімдер |
D. Банктің сатып алу бойынша шешімдерді қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауының нысанасы болып табылатын келісім-шарттарды ғана көрсетуі тиіс. Басқа бүкіл келісімшарттар Банктің Кейіннен қарау нысанасы болып табылады.
IV бөлім. Қарыз қаражатын есепшоттан алу
А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын төмендегі 2-тармақтың кестесінде көрсетілгендей Құқықтылық шығыстарды қаржыландыру үшін Жалпы шарттардың II Бабының, осы Бөлімнің және Банк Қарыз алушыға жіберген хабарламада көрсететін қосымша нұсқаулықтардың (Банк мезгіл-мезгіл қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қатысты қолданылатын 2006 жылғы мамырмен белгіленген "Дүниежүзілік банктің жобалар қаражатын игеру жөніндегі басшылығын" қоса алғанда) ережелеріне сәйкес алуы мүмкін.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы тиіс құқықтылық шығыстар санаттары ("Санат"), әрбір Санат бойынша бөлінген Қарыз сомалары және әрбір Санат бойынша құқықтылық шығыстар ретінде қаржыландырылуы тиіс шығыстардың проценттік бөлігі анықталады.
Санат |
Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламада) |
Қаржыландырылуы тиіс шығыстар бөлігі |
1. Жобаның 1(b)
|
10 500 000 |
50% |
2. Жобаның 2(а)
|
2 400 000 |
100% |
3. Жобаның 2(с)
|
500 000 |
100% |
ЖИЫНЫ |
13 400 000 |
|
1. Осы Бөлімнің А-бөлігіндегі ережелерге қарамастан қаражат мынадай жағдайларда:
(а) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша;
(b) Банк Қарызды ашқаны үшін Комиссияны толық төлегенге дейін Қарыз есепшотынан;
(с) егер Банкке қолайлы шарттармен ҒКХК құрылмаса, 1-санатқа сәйкес;
(d) егер Банкке қолайлы шарттармен ТКО ашылмаса, осы Келісімге 2-қосымшаның ІV-бөлімінің А.2-бөлігіндегі кестеде көрсетілген 3-санатқа сәйкес алынбайды.
2. Жабылу күні - 2012 жылғы 31 желтоқсан.
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттығының рәсімдері осы Жобаның шеңберінде жұмыстар сатып алу үшін мынадай ережелерді орындау шарттарымен пайдаланылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
Егер мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми дәлелдей алса, егер олар коммерциялық құқық негізінде жұмыс істейтін болса және тапсырыс беруші ретінде келісімшарт жасасушы ведомствоға тәуелді ұйым болмаса, мемлекеттік кәсіпорындар Қарыз алушының аумағындағы сауда-саттыққа қатысуға құқылы. Сонымен катар, оларға басқа ізденушілерге қойылған өтінімдерге және тиімділігінің сенімділігіне қатысты талаптар қойылады.
Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банкке қолайлы, тауарларды сатып алуға арналған конкурстық құжаттаманың стандартты топтамасын пайдалануға тиіс.
С. Өтінімдерді ашу және бағалау
(а) Өтінімдерді ашу өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін дереу, жария түрде жүргізіледі.
(b) Өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген, монетарлы есептелетін өлшемдерге қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
(с) Отандық жеткізушілерге артықшылық беру принципі қолданылмауы тиіс.
(d) Барлық талаптарға барынша сай келетін және ең аз бағалау құнымен өтінім берген білікті ізденушіге келісімшарттар беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.
Ұзақ кезеңге (мысалы, он сегіз (18) айдан артық) есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарда бағаларды түзету туралы ережелер қамтылуға тиіс.
Е. Сауда-саттық процесінің күшін жою
Тендер өткізілмеді деп тану және жаңа өтінімдер қабылдау туралы жариялау тек қана Банктің алдын ала келісімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
F. Жекелеген өтінімдерді қабылдамау
Әрбір жеке өтінім тек қана мынадай жағдайларда:
(а) егер ізденуші біліктілік талаптарына сай келмесе;
(b) сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы оның конкурстық өтінімінде анықтаған арифметикалық қатені түзетуді ізденуші қабылдамаса; және
(с) ізденуші тендерлік құжаттама талаптарына сай келмесе қабылданбауы мүмкін.
Негізгі қарыз бойынша төлем
Қарыздың негізгі сомасын өтеу
жасау күні
(
АҚШ долларымен
)
Әрбір 15 қаңтар мен 15 шілде
2013 жылғы 15 шілдеден бастап 670 000
2023 жылғы 15 қаңтарға дейін
І Бөлім Анықтамалар
1. "Санат" - осы Келісімге 2-Қосымшаның IV Бөлімі кестесінде белгіленген санат.
2. "Консультанттар жөніндегі басшылық" - "Басшылық: Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алуы және жалдауы", Банк 2004 жылғы мамырда жариялады.
3. "ҚОБЖ" - 2007 жылғы 5 қарашада Қарыз алушы қабылдаған, Банке қолайлы қоршаған ортаны басқару жоспары, онда қоршаған ортаға әсерді бағалау ережелері, нұсқаулықтары мен рәсімдері жазылып, қоршаған ортаға қолайсыз әсерді азайту, жұмсарту немесе оның орнын толтыру шаралары және Жоба шеңберінде сүйемелденетін шаралардың оң әсерін арттыру шаралары, сондай-ақ Жоба шеңберінде, оның ішінде Жобаның 1(b)-Бөлігіне сәйкес орындалатын инвестициялар айқындалады. Банктің келісімі бойынша ҚОБЖ-ға уақыт-уақтымен түзетулер енгізілуі мүмкін.
4. "Жалпы шарттар" - осы Қосымшаның II Бөлімінде берілген өзгерістері ескеріле отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі "Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алудың Жалпы шарттары".
5. "ХМО" - Халықаралық материалтану орталығы, оны Жобаның 1(с)-Бөлігіне сәйкес БҒМ Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетіктері мен операциондық рәсімдерге сай келетін дүниежүзілік деңгейдегі зертханалық кешен ретінде құруға тиіс.
6. "ҒКХК" - Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес, ол осы Келісімге 1-Қосымшаның 1(а)-Бөлігіне сәйкес БҒМ жанынан Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетіктері мен операциондық рәсімдерге сай құрылуға тиіс және оның құрамына жеті (7) адам, оның ішінде бес (5) белгілі ғалым және коммерцияландыру мәселелері жөніндегі екі (2) сарапшы Банке қолайлы түрде кіруге тиіс.
7. "Кіші ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "КҒҚТ" - КҒҚТ Гранты туралы Келісімнің бенефициарлары болып табылатын, Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген критерийлер мен рәсімдерге сәйкес іріктеп алынған жас ғалым-зерттеушілердің бірлескен тобы, мұнда "КҒҚТ" бірден көп КҒҚТ-ны білдіруі мүмкін.
8. "КҒҚТ Гранты" - Жобаның 1(b)-Бөлігіне сәйкес Қарыз алушының КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес КҒҚТ-ға беретін гранты, ал "КҒҚТ Гранттары" осындай біреуден көп гранты білдіреді.
9. "КҒҚТ Гранты туралы Келісім" - осы Келісімге 2-Қосымшаның І-Бөлімінің В.2-Бөлігінде сілтеме жасалған, Қарыз алушы мен КҒҚТ арасында Банк бекіткен шарттарда жасалған келісім.
10. "БҒМ" - Қарыз алушының Білім және ғылым министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін білдіреді.
11. "Іске асыру жөніндегі басшылық" - жобаны іске асыру бойынша Банк үшін қолайлы басшылық, оны Қарыз алушы осы Келісімге 2-Қосымшаның I Бөлімінің А.5-Бөлігіне сай қолданады, онда Жобаны іске асырудың осы Келісім ережелеріне, Қарыз алушының жергілікті заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін және
басқалармен бірге:
(і) әкімшіліктендіру, сатып алу, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық басқару, мониторинг пен бағалау механизмдерін басқару рәсімдерін; (іі) жылдық есептердің үлгілік нобайларын; және де (ііі) АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын іріктеудің, олардың сараптамасының, бағалануы мен іске асырылуының шарттарын қамтиды. Банктің келісімі бойынша осы Басшылыққа уақыт-уақтымен түзетулер енгізілуі мүмкін.
12. "ЖБТ" - БҒМ жанындағы, Жобаның іске асырылуына жауап беретін, Жобаны басқару тобы, оның құрамына біліктілігі мен техникалық міндеттері Банкті қанағаттандыратын мынадай қызметкерлер: (і) қаржыларды басқару мәселелері жөніндегі маман; (іі) сатып алу мәселелері жөніндегі маман кіреді; бұл ретте барлық мамандар (ііі) директорға есеп беретін болады.
13. "Сатып алу жөніндегі басшылық" - Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған "ХҚДБ қарыздары мен МАР кредиттері шеңберіндегі сатып алу" жөніндегі Басшылық.
14. "Сатып алу жоспары" - Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі басшылықтың 1.24-тармағында сілтеме жасалатын, сонымен бір мезгілде аталған тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартылып тұруға жататын, Қарыз алушының Жоба үшін 2007 жылғы 7 желтоқсандағы сатып алу жоспары.
15. "Аға ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "АҒҚТ" - АҒҚТ Гранты туралы Келісімнің бенефициарлары болып табылатын, Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген критерийлер мен рәсімдерге сәйкес іріктеп алынған аға ғылыми қызметкерлердің бірлескен тобы, мұнда "АҒҚТ" бірден көп АҒҚТ-ны білдіруі мүмкін.
16. "АҒҚТ Гранты" - Жобаның 1(b)-Бөлігіне сәйкес Қарыз алушының АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес АҒҚТ-ға беретін гранты, ал "АҒҚТ Гранттары" осындай біреуден көп гранты білдіреді.
17. "АҒҚТ Гранты туралы Келісім" - осы Келісімге 2-Қосымшаның I Бөлімінің В.2-Бөлігінде сілтеме жасалған, Қарыз алушы мен АҒҚТ арасында Банк бекіткен шарттарда жасалған келісім.
18. "Кіші жоба(-лар)" - Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта, Сатып алу жөніндегі басшылықта және ҚОБЖ-да көрсетілген принциптер мен рәсімдерге сәйкес іріктіп алынған, бағаланған және іске асырылған кіші жоба(-лар).
19. "ТКО" - БҒМ жанындағы Технологияларды коммерцияландыру офисі, ол басқалармен бірге, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын жасауға, технологияларға тексеру жүргізуге, Қарыз алушы қаржыландыратын грант-бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға және Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген критерийлер мен рәсімдерге сәйкес оқытуға жауап береді.
20. "Теңге" - Қарыз алушының заңды валютасы.
II Бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер
Жалпы шарттарға мынадай түзетулер енгізілді:
1.
3.01-Бөлім
мынадай түрде болады:
"3.01-Бөлім.
Қарыз қаражаттарын резервке қойғаны үшін комиссия.
Қарыз алушы Қарыз сомасын резервке қойғаны үшін Банкке Қарыз туралы Келісімде көрсетілген ("Қарыз қаражаттарын резервке қойғаны үшін комиссия") ставка бойынша комиссия төлеуге міндетті болады.
2. "Сыйақы" атты 3.02-Бөлімге мынадай түрдегі жаңа (d) тармағы енгізілді:
"(d) Егер Алынған қарыз қалдығының кез келген сомасы уақтылы төленбесе және төлемақы мерзімі отыз күннен артық мерзімге өткізіліп алынса, Қарыз алушы осы Бөлімнің (а) тармағының ережелеріне қарамастан мерзімі өткізіп алынған сома толық төленіп біткенге дейін Қарыз туралы Келісімде көрсетілген проценттік ставканың орнына мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін проценттік ставканы (немесе Айырбастау нәтижесінде IV Бапқа сәйкес басқа проценттік ставканы) төлеуге тиіс болады. Мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін ставка бойынша сыйақы мерзімі өткізіп алынған төлемақыға процент есептеудің әрбір кезеңінің бірінші күнінен бастап есептеледі және әрбір Төлем күніндегі берешектер бойынша жарты жылдық төленуге жатады.".
3. "
Анықтамалар
" қосымшасы мынадай түрде түзетілді:
(а) "
Міндеттеме үшін комиссия" атты 19-тармақ алып тасталды
және одан кейінгі параграфтар осыған сәйкес нөмірленетін болады.
(b)
Қосымшаға жаңа 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылды
:
27. "Мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеу кезеңі" алынған қарыз қалдығының әрбір мерзімі өткізіп алынған сомасына, осындай мерзімі өткізіп алынған сома төленбеген уақыттағы процент есептеудің әрбір кезеңіне есептелінеді; дегенмен, мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеудің бірінші кезеңі төлемақының мерзімі өткізіп алынған күннен кейінгі 31-ші жұлдызында басталуы және мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеудің соңғы кезеңі мерзімі өткізіп алынған сома толық төленген күні аяқталуы шарт.".
28. "Мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент ставка" мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеудің әрбір кезеңіне есептеледі:
(а) айнымалы спредпен Қарыз алған жағдайда: ЛИБОР айыппұл ставкасы плюс айнымалы спред плюс бір проценттің жартысы (0,5%);
(b) өзіне мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеу кезеңі жататын бекітілген спредпен Қарыз алған жағдайда Алынған қарыз қалдығының сомасына процент мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін проценттік ставка қолданғанға дейін дереу айнымалы процент ставкасы бойынша төленуге тиіс: айыппұлдық айнымалы ставка плюс бір проценттің жартысы (0,5%) және;
(с) өзіне мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеу кезеңі жататын бекітілген спредпен Қарыз алған жағдайда Қарыз қалдығының сомасына процент мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін проценттік ставка қолданғанға дейін дереу бекітілген процент ставкасы бойынша төленуге тиіс: ЛИБОР айыппұл ставкасы плюс бекітілген спред плюс бір проценттің жартысы (0,5 %)".
29. "ЛИБОР айыппұл ставкасы" проценттерді есептеудің тиісті кезеңіне арналған ЛИБОР-ды білдіреді; мұнда мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеудің бастапқы кезеңі үшін ЛИБОР айыппұл ставкасы 3.02-Бөлімнің (d)-тармағында көрсетілген соманың мерзімі бірінші рет өткізіп алынған процент есептеу кезеңі үшін ЛИБОР ставкасына тең болады деп көзделеді.
30. "Айыппұлдық айнымалы ставка" проценттерді есептеудің тиісті кезеңі үшін проценттің айнымалы ставкасын білдіреді; мұнда мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін процент есептеудің бастапқы кезеңі үшін проценттің айыппұлдық айнымалы ставкасы 3.02-Бөлімнің (d)-тармағында көрсетілген соманың мерзімі бірінші рет өткізіп алынған проценттің айнымалы ставкасына тең болады деп көзделеді.
(с)
43-тармақ "Бекітілген спред
" (өзгертілген нөмірленуге сәйкес) мынадай түрде өзгертілген:
"43. "
Бекітілген спред
" - Қарыз туралы Келісім жасасу күніне дейін күнтізбелік бір күн бұрын Колумбия округі, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан бастап қолданылатын, Қарыздың алғашқы валютасы үшін Банктің бекітілген спредін білдіреді; мұнда алынбаған Қарыз қалдығының бүкіл валютасын немесе кез келген бөлігінің валютасын ауыстырған кезде мұндай спред орындалу күніне қарай, Айырбастау жөніндегі басшылықта көрсетілген тәртіппен түзетілуі шарт; және жоғарыда айтылғанға қарамастан, проценті бекітілген ставка бойынша есептелетін алынған қарыз қалдығына қолданылатын, мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін проценттік ставканы анықтау мақсатында "Бекітілген спред" - Қарыз туралы Келісім жасасу күніне дейін күнтізбелік бір күн бұрын Колумбия округі, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан бастап қолданылатын, осындай сома валютасын деноминациялау үшін Банктің бекітілген спредін білдіреді".
(d)
56-тармақ "ЛИБОР ставкасын өзгерту күні"
(өзгертілген нөмірленуге сәйкес) мынадай түрде өзгертілген:
"56. "
ЛИБОР ставкасын өзгерту күні
": (а) Қарыздың Еуро-дан басқа кез келген валютасы үшін проценттерді есептеудің тиісті кезеңінің бірінші күніне дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күнді білдіреді (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша проценттер есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың алдындағы айдың он бесінші жұлдызына дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күнді білдіреді; мұнда егер Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күні айдың он бесінші жұлдызына тура келсе немесе Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың он бесінші жұлдызынан кейінгі күнге тура келсе, Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күн ЛИБОР ставкасын өзгерту Күні болып табылуы шарт; (іі) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша проценттер есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында Келісімге қол қойылатын күннің алдында тікелей қандай күн болатынына қарай Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді білдіреді; мұнда егер Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күні осы айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына тура келсе, Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күніне дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күн ЛИБОР ставкасын өзгерту Күні болып табылуы шарт; және (ііі) алынбаған Қарыз қалдығы мөлшеріндегі валютаны Еуро-дан басқа кез келген бекітілген валютаға айналдыру Күні Төлем күні болып табылмайтын күнге тура келсе, бекітілген валюта үшін ЛИБОР-дың бастапқы ставкасын өзгерту күні Айырбастау күнінің алдында тікелей қандай күн болатынына қарай Айырбастау күні тура келетін айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күн болып табылады; мұнда егер Айырбастау күні осы айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына тура келсе, бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту күні Айырбастау күніне дейін Лондондағы банктің екі жұмыс күнінен алдыңғы күн болып табылуы шарт); (b) Еуро үшін проценттерді есептеудің тиісті кезеңінің бірінші жұлдызына дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күнді білдіреді; (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша проценттер есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың алдындағы айдың он бесінші жұлдызына дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күнді білдіреді; мұнда егер Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күні айдың он бесінші жұлдызына тура келсе немесе Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың он бесінші жұлдызынан кейінгі күнге тура келсе, осы айдың он бесінші жұлдызына дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күн ЛИБОР ставкасын өзгерту Күні болып табылуы шарт; (іі) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша проценттер есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында Келісімге қол қойылатын күннің алдында тікелей қандай күн болатынына қарай Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылатын айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күнді білдіреді; мұнда егер Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күні осы айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына тура келсе, Қарыз алу туралы Келісімге қол қою күніне дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күн ЛИБОР ставкасын өзгерту Күні болып табылуы шарт; (ііі) алынбаған Қарыз қалдығы мөлшеріндегі валютаны Еуро-ға айырбастау Күні Төлем күні болып табылмайтын күнге тура келсе, бекітілген валюта үшін ЛИБОР-дың бастапқы ставкасын өзгерту күні Айырбастау күнінің алдында тікелей қандай күн болатынына қарай Айырбастау күні тура келетін айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күн болып табылады; мұнда егер Айырбастау күні осы айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына тура келсе, бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту күні Айырбастау күніне дейін төлемнің екі нысаналы күнінен алдыңғы күн болып табылуы шарт); және (с) осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларына қарамастан, егер Банк валютаны бекітілген валютаға Айырбастауға қатысты ЛИБОР ставкасын өзгерту күнін айқындау жөніндегі нарықтың тәжірибесіне сәйкес аталған тармақшаларда көрсетілген күнге тура келмейтін күнді белгілесе, Айырбастау жөніндегі басшылықта одан әрі көрсетілген басқа күн ЛИБОР ставкасын өзгерту күні болады".
(е)
66-тармақ "Қарызды төлеу"
(өзгертілген нөмірленуге сәйкес) мынадай түрде өзгертілген:
"66. "
Қарызды төлеу
" Қарыз туралы Келісім Тараптарының Банкке заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес төлеуге тиісті кез келген сомасын білдіреді, оған Алынған Қарыз қалдығының кез келген сомасы, проценттер, қаражатты резервке қойғаны үшін комиссия, мерзімі өткізіп алынған төлемақы үшін (ол болған жағдайда) ставка бойынша сыйақы, мерзімінен бұрын төлегені үшін кез келген сыйақы, валютаны ауыстырғаны немесе айырбастауды аяқтағаны үшін кез келген транзакциялық төлемдер, проценттік ставканың бекітілген ең жоғары шегін немесе проценттік ставканың бекітілген ең төменгі шегін белгілеу бойынша төленетін кез келген сыйақылар, сондай-ақ Қарыз алушы төлеуге тиіс кез келген мерзімі өткізіп алынған сомалар қосылады (бірақ онымен ғана шектелмейді)".
(f)
71-тармақ "Төлем күні"
(өзгерілген нөмірленуге сәйкес) мынадай түрде өзгертілді:
"71. "Төлем мерзімі" Қарыз туралы Келісімде Келісім күні немесе одан кейінгі күні көрсетілген кез келген күнді - сыйақы төленуге тиіс күнді білдіреді.".
Осы аударма Астана қаласында 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-Министрі Р. Даленов
РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Технологияларды коммерцияландыру жобасы) ағылшын тілдегі мәтіні берілген.