Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 111-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
       6-баптың 2-тармағындағы "ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның мөлшерін" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
       51-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.".

      3. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат; N 18, 145-құжат):
      1) 5-баптың 14) тармақшасындағы "айқындау кіреді." деген сөздер "айқындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін және оларды ұсыну тәртібін айқындау кіреді.";

      2) 7-бапта :
      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "тыңдау кіреді." деген сөздер "тыңдау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау кіреді.";
      4-тармақтың 7) тармақшасындағы "беру кіреді." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кіреді.";

      3) 18-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленеді.
      8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.".

      4. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат):
       26-баптың 3-тармағындағы "заңдарымен көзделген жеңілдіктер" деген сөздер "заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат):
       53-бапта :
      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
      2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.".

       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной поддержки и стимулирования работников социальной сферы сельских населенных пунктов

Закон Республики Казахстан от 24 декабря 2008 года № 111-IV

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 17; № 9, ст. 86; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 103; 2004 г., № 10, ст. 56; № 17, ст. 97; № 23, ст. 142; № 24, ст. 144; 2005 г., № 7-8, ст. 23; 2006 г., № 1, ст. 5; № 13, ст. 86, 87; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 99; № 18, ст. 113; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 14; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 17, ст. 139; № 20, ст. 152):
      в пункте 2 статьи 6 слова "медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность, а также порядок и размеры оказания социальной поддержки" заменить словами "отдельных категорий граждан, работающих и проживающих в сельских населенных пунктах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан".

      2. В Закон Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 11, ст. 70; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 3, ст. 22; № 15, ст. 92; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152):
       статью 51 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Медицинским и фармацевтическим работникам организаций государственного сектора здравоохранения, работающим в сельской местности, предоставляются дополнительные меры социальной поддержки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 13, ст. 52; 2007 г., № 5-6, ст. 42; № 18, ст. 145):
      1) статью 5 дополнить подпунктом 15) следующего содержания:
      "15) определение размера и порядка предоставления мер социальной поддержки, предусмотренных пунктом 8 статьи 18 настоящего Закона.";
      2) в статье 7 :
      пункт 3 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) определение мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающих и проживающих в сельских населенных пунктах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, а также иных мер социальной помощи работникам данных категорий.";
      пункт 4 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) организация работы по оказанию мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающих и проживающих в сельских населенных пунктах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.";
      3) статью 18 дополнить пунктами 7 и 8 следующего содержания:
      "7. Специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающим в учреждениях, финансируемых из республиканского бюджета и расположенных в сельских населенных пунктах, устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и тарифными ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.
      8. Специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, по решению местных представительных органов (маслихатов) предоставляются подъемное пособие и социальная поддержка для приобретения жилья.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., № 24, ст. 147):
      в пункте 3 статьи 26 слова "льготы, предусмотренные законами" заменить словами "меры социальной поддержки, предусмотренные законодательством".

      5. В Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 20, ст. 151):
      в статье 53 :
      подпункт 3) пункта 2 исключить;
      дополнить пунктами 2-1 и 2-2 следующего содержания:
      "2-1. Педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности, предоставляются дополнительные меры социальной поддержки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      2-2. Педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности, имеющим скот в личной собственности, предоставляются корма, земельные участки для пастьбы скота и сенокошения по решению местных представительных и исполнительных органов.".

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Президент
Республики Казахстан                             Н. Назарбаев