Ташкентте 2007 жылғы 2 қарашада қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі
ынтымақтастық және өзара көмек туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері,
тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға, оның ішінде кеден ісі саласындағы ынтымақтастық арқылы дамытуға ниет білдіре отырып,
кеден қызметтерінің ынтымақтастығы жолымен Тараптар мемлекеттері арасындағы жолаушы және жүк қатынастардың дамуына ықпал етуге ұмтыла отырып,
кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар Тараптар мемлекеттерінің экономикалық мүдделеріне залал келтіретінін назарға ала отырып,
кеден заңнамасын сақтау және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің ынтымақтастығы арқасында табысты жүзеге асырылуы мүмкін екендігіне сене отырып,
түрлі нысандарда өңірлік экономикалық ынтымақтастықты қолдау мен көтермелеуге, Тараптар мемлекеттерінде тауарлардың, капиталдың, қызметтердің және технологиялардың кедергісіз қозғалуын біртіндеп жүзеге асыру мақсатында сауда мен инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:
"кеден заңнамасы" - Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметіне тікелей солардың орындалуын қамтамасыз ету жүктелген тауарларды әкелу, әкету, өткізу тәртібін реттейтін Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;
"кеден қызметтері" - Тараптар мемлекеттерінің орталық кеден органдары;
"кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар" - Тараптар мемлекеттерінің кеден заңнамасын кез келген бұзушылық;
"тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлға;
"есірткі құралдары" - 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы
бірыңғай конвенцияның
I және II тізіміне қосылған кез келген табиғи немесе синтетикалық заттар;
"психотроптық заттар" - 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы
конвенцияның
I, II, IIІ және IV тізімдеріне қосылған кез келген синтетикалық немесе табиғи заттар;
"есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары (прекурсорлар)" - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына, оның ішінде 1988 жылғы Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы
конвенцияға
сәйкес бақылауға жататын Есірткі құралдардың, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының тізбесіне енгізілген есірткі құралдар мен психотроптық заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу кезінде жиі пайдаланылатын заттар;
"сұрау салушы қызмет" - кеден мәселелері бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салуды жіберетін кеден қызметі;
"сұрау салынушы қызмет" - кеден мәселелері бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салуды алған кеден қызметі;
"кедендік төлемдер" - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары алатын барлық кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және басқа да төлемдер;
"бақылай отырып жеткізу" - есірткі құралдарының, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды жасауға қатысатын тұлғаларды анықтау мақсатында заңсыз немесе есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының немесе оларды ауыстыратын заттардың күдік туғызатын партиясын Тараптар мемлекеттерінің біреуінің немесе бірнешеуінің аумағынан олардың құзыретті органдарының бақылауымен және білуімен әкетуге, алып жүруге, әкелуге жол берілетін әдіс.
1. Осы Келісімнің негізінде кеден қызметтері өз құзыреті шеңберінде
және өз мемлекеттерінің заңнамаларын сақтай отырып:
а) кедендік төлемдерді дұрыс есептеу, төлеу және алу, сондай-ақ кедендік
жеңілдіктерді қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету;
б) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, жолын кесу
және тергеу мақсатында ынтымақтасады.
2. Осы Келісім оның мемлекеті олар қатысушы болып табылатын басқа
халықаралық шарттардан туындайтын әр Тараптардың міндеттемелерін
қозғамайды.
Кеден қызметтері өз құзыреті шеңберінде:
а) кедендік ресімдеуді оңайлату жөнінде қажетті шараларды қабылдайды;
б) кедендік сәйкестендіру құралдарын (пломбылар, мөр бедерлері,
мөртабандар) және қолданылатын кедендік құжаттардың бланкілерін құптайды,
құжаттама, мөртаңбалар мен мөрлер үлгілерінің өзгертілгені туралы бір-біріне
хабарлайды, ал қажет болған кезде өздерінің кедендік сәйкестендіру
құралдарын өткізілетін тауарларға салады;
в) Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын транзиттік өткізу тәртібі мен шарттарын өзара оңайлату шараларын қабылдайды.
1. Кеден қызметтері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және
олардың прекурсорларының заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі әрекеттерді жандандыру мақсатында алдын ала сұрау салусыз және
мүмкіндігінше қысқа мерзімде бір-біріне мынадай:
а) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен айналысатыны немесе сол жөнінде күдікті тұлғалар туралы;
б) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымы үшін пайдаланылатыны белгілі болған немесе осындай пайдалануға күдікті контейнерлерді қоса алғандағы көлік құралдары мен почта жөнелтімдері туралы мәліметтерді хабарлайды.
2. Кеден қызметтері алдын ала сұрау салусыз есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымының қолданылатын әдістері туралы мәліметтерді, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістері туралы бір-біріне хабарлайды.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қандай да бір Тараптан алынған мәліметтер мен құжаттар оның есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын құқық қорғау органдарына тапсырылуы мүмкін.
4. Өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес және Тараптардың өзара келісімі бойынша кеден қызметтері қажет болған кезде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын бақылай отырып жеткізу әдісін пайдаланады.
1. Кеден қызметтері мүмкіндігінше қысқа мерзімде, оның ішінде алдын ала сұрау салусыз кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша сұрау салушы қызмет үшін басымды болып табылатын мәліметтерді бір-біріне хабарлайды.
2. Кеден қызметтері мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз бастамасы немесе сұрау салу бойынша мыналарды:
а) қоршаған табиғи ортаға немесе халықтың денсаулығына қауіп төндіруі
мүмкін тауарларды;
б) қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш және уландыратын заттарды,
жарылғыш қондырғылар мен ядролық материалдарды;
в) лаңкестік және/немесе экстремистік бағыттағы немесе ұлтаралық және/немесе конфессияаралық негізде өшпенділік пен алауыздықты қоздыру
белгілері бар әдебиеттерді, аудио және бейне материалдарды;
г) маңызды тарихи, көркем, мәдени немесе археологиялық құндылық
болып табылатын өнер заттарын;
д) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жоғары кедендік баждар немесе салықтар салынуға тиіс тауарларды;
е) аса маңызды мәні бар және Тараптар арасында келісілген тарифтік
емес шектеулер қолданылатын тауарлардың тізбелеріне енгізілген тауарларды;
ж) контрафактілік тауарлар болып табылады деп санауға негіз бар тауарларды;
з) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға немесе халықтың денсаулығына қауіп төндіретін құралдарды;
и) жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін олардың бөліктері мен дериваттарын өткізу кезінде Тараптардың бір мемлекетінде кеден заңнамасын дайындалып жатқан немесе жасалған бұзушылықтар туралы барлық қажетті ақпаратты хабарлайды.
1. Кеден қызметтері осы Келісім күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде кеден мәселелері бойынша өз мемлекеттерінің қолданыстағы заңнамалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін бір-біріне жібереді және одан әрі өз мемлекеттерінің кеден заңнамаларының барлық өзгерістері туралы бір-бірін уақтылы хабардар етіп отырады.
1. Кеден қызметтері:
а) өз қызметінің тәжірибесімен, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды жасаудың жаңа құралдары мен әдістері туралы және өзара мүддені білдіретін басқа да мәселелер бойынша ақпарат алмасады;
б) бір-біріне кеден қызметтерінің техникалық қосалқы құралдарды қолдануы туралы хабарлайды.
2. Кеден қызметтері кеден ісі саласында:
а) кеден қызметтері пайдаланатын техникалық құралдарды таныстыру мақсатында өзара мүддені білдіретін жағдайларда өз қызметкерлерімен алмасуды;
б) өз қызметкерлерінің арнайы дағдыларын жетілдіруде оқыту мен көмек
көрсетуді, сондай-ақ кеден мәселелері жөніндегі сарапшылармен алмасуды;
в) кеден мәселелеріне қатысты кәсіптік, ғылыми және техникалық мәліметтермен алмасуды қоса алғанда бір-біріне көмек көрсетеді.
1. Кеден қызметтері өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес және өз құзыреті шеңберінде сұрау салуларды орындауға бір-біріне мүмкіндігінше көмек көрсетеді.
2. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық мүдделеріне залал келтіретін не заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетін болса, оны орындаудан бас тартылуы мүмкін.
Сұрау салуды орындау мүмкін болмаса немесе оны орындаудан бас тартылған жағдайда сұрау салынушы қызмет бұл туралы сұрау салушы қызметке жазбаша түрде дереу хабар береді және сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін себептер туралы хабарлайды.
3. Егер бір Тараптың кеден қызметі көмек көрсету туралы сұрау сала
отырып, дәл осындай сұрау салуды басқа Тараптың кеден қызметі жасаған
жағдайда өзі оған көмек көрсете алмайтындай болса, өзінің сұрау салуында ол
жөнінде атап көрсетеді. Мұндай жағдайда сұрау салынушы қызмет сұрау салуды орындаудан бас тартуға құқылы, бұл туралы сұрау салушы қызметке
хабарлайды.
Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметінің сұрау салуы бойынша басқа Тарап мемлекетінің кеден қызметі осы Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіпке сәйкес:
а) кеден мақсаттары үшін ұсынылған және кеден декларациясына қоса
берілген мәліметтердің, ресми құжаттардың дұрыстығын растайтын ақпаратты
жазбаша түрде;
б) Тараптар мемлекеттерінің кеден шекарасы арқылы тасымалданатын
тауарлар мен көлік құралдары Тараптар мемлекеттерінің аумағына Тараптар
мемлекеттерінің кеден заңнамаларының талаптарына сәйкес әкелінетінін және
осы аумақтан соларға сәйкес әкетілетінін растайтын мәліметтерді береді.
1. Осы Келісімге сәйкес қандай да бір нысанда берілген кез келген ақпарат құпия сипатта болады.
2. Кеден қызметтері осы Келісімге сәйкес алған ақпараттар, құжаттар және басқа да мәліметтер осы Келісімде көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және оларды жіберген кеден қызметінің жазбаша келісімімен ғана өзге мақсаттар үшін берілуі немесе пайдаланылуы мүмкін.
Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған ақпараттарға, құжаттарға және басқа да мәліметтерге алушы Тарап өз мемлекетінің аумағында алынған осы сияқты ақпараттардың, құжаттардың және басқа да мәліметтердің жариялануын қорғаудың нақ сондай дәрежесін береді.
1. Сұрау салушы қызмет сұрау салуды тікелей сұрау салынушы қызметке
жібереді.
Сұрау салу жазбаша түрде жіберіледі. Сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқасы немесе ресми куәландырылған көшірмелері қоса берілуі тиіс.
Ерекше жағдайларда ауызша сұрау салу қабылдануы мүмкін, бұл ретте ол тез арада жазбаша түрде расталуға тиіс.
2. Сұрау салуда мынадай деректер:
а) сұрау салушы қызметтің атауы;
б) соларға қатысты сұрау салу жүзеге асырылатын адамдардың тегі,
мекен-жайы және басқа да деректер;
в) сұрау салудың мәні мен себебі;
г) істің мән-жайының қысқаша сипаттамасы және оның заңды айқындамасы болуға тиіс.
3. Сұрау салулар Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2007 жылғы 7 маусымдағы
хартиясына
сәйкес Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмыс істеу тілдері болып табылатын тілдерде жіберіледі.
Әрбір Тарап, егер Тараптар өзгедей келіспесе, осы Келісімнің шеңберіндегі міндеттемелерді орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді.
Кеден қызметінің өкілдері қажеттілігіне қарай осы Келісімді орындауға байланысты мәселелерді талқылау үшін консультациялар өткізеді.
Осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешеді.
1. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және депозитарий оған қол қойған әрбір Тарап оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Әрбір Тарап депозитарийге шығу күніне дейін кемінде 6 ай қалғанда жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады. Депозитарий осындай хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн ішінде басқа Тараптарға осы жөнінде хабар береді.
3. Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.
2007 жылғы 2 қарашада Ташкент қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте екі тілдегі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.
ҚАЗАҚШАСЫ ДҰРЫС
РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Келісімнің қытай тіліндегі мәтіні берілген.