"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 125-IV Заңы

       1-бап . "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 10-бап мынадай мазмұндағы бесінші-тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
      "Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келісімшарт мерзіміне байланысты мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді:
      3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
      5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
      10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерінде.
      Көрсетілген ақшалай сыйақыларды төлеу келісімшарт жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
      Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
      1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызметтен босатылған кезде;
      2) егер бұдан әрі әскери қызметті атқара алмайтындай жаралану, контузия, жарақат алу, мертігу немесе ауру әскери қызметшінің заңға қайшы іс-әрекет жасауынан немесе алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас болу немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын түсіру (денесіне зиян келтіру) себебінен болғаны немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтіргені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
      Төленген біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметші әскери қызметін өткерген мемлекеттік органға ол әскери қызметтен босатылған күнінен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
      Әскери қызметші әскери қызметін өткеру кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған), бұдан әрі әскери қызметті атқара алмайтындай жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргізілмейді.";

      2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Білім алу құқығы

      Әскери қызметшілердің әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.
      Әскери (арнаулы) оқу орындарын бітірген әскери қызметшілер қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқи алады.
      Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқаларға) өздері құрылымында әскери қызметтен өтетін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келісімімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшін демалыс беріле отырып, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында оқудың кешкі немесе сырттай түрінде оқуға рұқсат етіледі.
      Оқу кезеңінде әскери қызметке шақырылған адамдар әскери қызметтен босатылғаннан кейін өздері шақырылғанға дейін оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқылы.
      Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет атқарған әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқыған шығындарын оқу құнының елу проценті мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өндіріп алуға құқығы бар. Бұл жеңілдік бір рет қолданылады.
      Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді әскери қызметші әскери қызметін өткеріп жатқан мемлекеттік орган жүргізеді.
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеуге құқығы бар әскери қызметшілер қабылданған Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қаржыландыруды ашу үшін көрсетілген мемлекеттік органдарға әскери қызметшіні білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтың куәландырылған көшірмесін жолдайды.
      Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге жатады.
      Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде оны оқытуды қаржыландыру берілген академиялық демалыс кезеңінде тоқтатыла тұрып, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтету құқығы сақталады.
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар әскери қызметшіге ол оқыған (оқып жатқан) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, білім беру ұйымының жұмысы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында қаржыландырудың жалғастырылуына кепілдік беріледі.".

       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев    

О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей"

Закон Республики Казахстан от 9 февраля 2009 года № 125-IV

       Статья 1. Внести следующие изменение и дополнения в Закон Республики Казахстан от 20 января 1993 года "О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1993 г., № 2, ст. 32; № 18, ст. 429; 1995 г., № 20, ст. 120; № 22, ст. 133; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 7, ст. 79; 1999 г., № 8, ст. 247; № 23, ст. 920; 2001 г., № 20, ст. 257; 2003 г., № 15, ст. 135; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152):
      1) статью 10 дополнить частями пятой - девятой следующего содержания:
      "Гражданам, впервые поступившим на воинскую службу по контракту на должности солдат (матросов), сержантов (старшин), выплачивается единовременное денежное вознаграждение в зависимости от срока заключаемого контракта в следующих размерах:
      на 3 года - в размере 1 должностного оклада;
      на 5 лет - в размере 10 должностных окладов;
      на 10 лет - в размере 20 должностных окладов.
      Выплата указанных денежных вознаграждений производится не позднее трех месяцев со дня заключения контракта.
      Полученное единовременное денежное вознаграждение подлежит возврату:
      1) при увольнении с воинской службы до истечения срока контракта в случаях, предусмотренных подпунктами 4) , 5) , 7) пункта 1 и подпунктами 3) , 4) , 5) , 6) пункта 2 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О воинской обязанности и воинской службе";
      2) если в установленном законодательством Республики Казахстан порядке доказано, что ранение, контузия, травма, увечье или заболевание, несовместимые с дальнейшим прохождением воинской службы, наступили при совершении военнослужащим противоправных действий или по причине алкогольного, наркотического, токсического опьянения или причинения себе какого-либо телесного повреждения (членовредительства) или иного вреда своему здоровью с целью уклонения от воинской службы.
      Возврат выплаченного единовременного денежного вознаграждения производится в государственный орган, в котором военнослужащий проходил воинскую службу, в месячный срок со дня его увольнения с воинской службы.
      В случае гибели (смерти), получения ранения, контузии, травмы, увечья или заболевания, несовместимых с дальнейшим прохождением воинской службы, в период прохождения военнослужащим воинской службы возврат единовременного денежного вознаграждения не производится.";
      2) статью 15 изложить в следующей редакции:
      "Статья 15. Право на образование
      Военнослужащие имеют право обучаться в военных (специальных) учебных заведениях.
      Военнослужащие, окончившие военные (специальные) учебные заведения, могут обучаться на курсах переподготовки и повышения квалификации.
      Военнослужащим (кроме военнослужащих срочной службы и курсантов военных (специальных) учебных заведений) разрешается обучаться в организациях образования, дающих послесреднее, высшее, послевузовское и дополнительное образование в форме вечернего или заочного обучения, с согласия руководства Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, в структуре которых они проходят воинскую службу, с предоставлением отпусков для сдачи сессий и итоговых экзаменов в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      Лица, призванные на воинскую службу в период обучения, после увольнения с воинской службы вправе продолжить обучение в учебном заведении, в котором они обучались до призыва.
      Военнослужащие, проходящие воинскую службу по контракту на должностях солдат (матросов), сержантов (старшин) и прослужившие не менее восьми лет в календарном исчислении, имеют право на возмещение затрат на обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан на платной основе в размере пятидесяти процентов от стоимости обучения за счет бюджетных средств. Данная льгота применяется один раз.
      Возмещение указанных затрат военнослужащему производится государственным органом, в котором военнослужащий проходит воинскую службу.
      Организации образования Республики Казахстан, в которые зачислены военнослужащие, имеющие право на возмещение затрат на обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан, направляют в указанные государственные органы заверенную копию приказа о приеме военнослужащего в организацию образования для открытия финансирования.
      При переводе военнослужащего в другую организацию образования размер возмещения затрат на обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан подлежит корректировке.
      При предоставлении военнослужащему академического отпуска за ним сохраняется право на возмещение затрат на обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан с прерыванием финансирования его обучения на период предоставленного академического отпуска.
      Военнослужащему, имеющему право на возмещение затрат на обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан, гарантируется продолжение финансирования в других высших учебных заведениях в случаях ликвидации и реорганизации организации образования, приостановления действия, лишения лицензии организации образования, в которой он обучался (обучается).".
       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Президент
      Республики Казахстан                        Н. Назарбаев