1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 18, 111-құжат):
1)
12-баптың
бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) аудандық маңызы бар қалалардағы алаңдарға, көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпірлерге және басқа да құрамдас бөліктерге ат қою, олардың атын өзгерту туралы және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді;";
2) 14-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің
өкілеттіктері
Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі:";
3) 15-баптың 3) тармақшасындағы "селолар" деген сөз "ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
3-баптың
екінші бөлігіндегі "аумақтық" деген сөз алып тасталсын.
3. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23; 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., "N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
13-баптың
бесінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) Заңның тақырыбы, кіріспе, 2-баптың тақырыбы және 1-тармағы, 3-баптың тақырыбы және бірінші абзацы, 41-баптың 1-тармағы "жергілікті мемлекеттік басқару", "жергілікті мемлекеттік басқаруды", "Жергілікті мемлекеттік басқару", деген сөздерден кейін тиісінше "және өзін-өзі басқару", "және өзін-өзі басқаруды", "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
2) заңның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "әкімият" деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып "әкімдік" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.";
4) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы, 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы, 7-баптың 3, 4-тармақтарындағы, 8-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы, 20-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы, 21-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы, 27-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы, 29-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы, 4) тармақшасының төртінші абзацындағы, 11) тармақшасындағы, 31-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы, 33-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы, 13) тармақшасындағы, 35-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы, 9) тармақшасындағы, 37-баптың 7-тармағындағы "заңдар", "заңдарға", "заңдарда", "заңдардың", деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының заңнамасы", "Қазақстан Республикасының заңнамасына", "Қазақстан Республикасының заңнамасында", "Қазақстан Республикасы заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады,";
6) 5-баптың 1-тармағындағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
7)
6-бапта
:
1-тармақта:
4) тармақшадағы "және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
"12-2) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";
8) 7-баптың 4-тармағындағы "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
9)
16-баптың
1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмыс органы мәслихат аппаратының құрылымына кіретін, санын мәслихат осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында айқындалған шектен асырып белгілейтін, мәслихаттың тексеру комиссиясының аппараты болып табылады.";
10)
21-баптың
2-тармағының 2) тармақшасында:
"орындалуы туралы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұдайы" деген сөз ", жылына кемінде бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-1-баптың бірінші бөлігінде ", сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
12) 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
1. Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.
24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі
1. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
2. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.";
13) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты
депутатының өкілеттігін тоқтату
1. Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасау туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаты қабылдайды, бұл туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясына және Парламент Сенатының депутатына үш күн мерзімде хабарланады.
2. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы саны даусының кемінде жиырма бес проценті, бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар даусының кемінде жиырма бес проценті қолдауға тиіс.
Таңдаушыларды қолдау олардың қолдар жинауымен куәландырылады. Қолдар жинаудың басталуы туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасаған таңдаушылар ұйымдастырады.
3. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасау туралы мәслихаттың хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бастамашыларға шығарылған шешімді қолдауға қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын береді.
Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға, онда өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасалған Парламент Сенаты депутатының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар туралы мынадай мәліметтер:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) өзі депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күні, айы және жылы;
4) тұрғылықты мекенжайы;
5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.
Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
4. Қолдарды жинау облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясынан таңдаушылар қол қою парақтарын алған күннен бастап отыз күннің ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім аяқталған соң қол қою парақтары облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының қабылдауына жатпайды.
Толтырылған қол қою парақтары облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, бес күн мерзімде жиналған қолдардың дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.
5. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы қойылған қолдардың дұрыстығын тексергеннен кейін Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдайды.
6. Егер қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижесінде жиналған қолдардың бір проценттен астамының дұрыс еместігі не жиналған қолдардың саны осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса, тиісті сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартады.
Мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бір жылдың ішінде сол негіздер бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қайтадан қозғауға жол берілмейді.
7. Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың хатшысы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қозғалған депутатқа мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға тиіс.
Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы дауыс беру бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгілеу облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қою жөнінде шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізіледі.
Дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
8. Егер бірлескен отырысқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі қатысса, бірлескен отырыс заңды деп есептеледі.
Бірлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысып отырған таңдаушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп есептеледі.
Бірлескен отырыста төрағалық етуші облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың хатшысы болып табылады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысы өтетін үй-жайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
Тиісті мәслихаттың хатшысы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясына ұсынатын бірлескен отырыстың хаттамасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша таңдаушылардың бірлескен отырыс өткізуін куәландыратын құжат болып табылады.
Бірлескен отырыс облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
9. Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өтетін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын;
2) таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етілетін;
3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнінен бастап екі күн мерзімнен асырмай жіберілетін Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы жасалады.
10. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыс беру өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
Егер осы шешімге дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу проценттен астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкілеттігі тоқтатылды деп есептеледі.
Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгілеуге және жариялауға байланысты өзге де мәселелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
11. Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер аяқталған соң сайлау комиссиясының шешіміне және (немесе) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізіледі.";
14)
27-баптың
1-тармағында:
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;";
19) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін ", оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.";
15) 28-баптың 1-тармағындағы "Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша" деген сөздер "облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келісімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
16)
29-баптың
1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.";
17)
33-баптың
1-тармағында:
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;";
мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.";
18)
35-баптың
1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;";
19) 37-баптың 7-тармағындағы "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
20) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы
39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға
қатысуының негіздері
Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіруінің осы бапта көзделген негіздерден басқа, қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен
міндеттері
1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің:
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;
3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.
39-3-бап. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны)
1. Тікелей өз еркін білдіру жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткізілуі мүмкін.
2. Жиналыстар (жиындар) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаттар айқындайды.
3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.
39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.";
21) 40-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев