1-бап. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 9-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 22-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
3) 25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "ұсынғанда:" деген сөз "ұсынғанда жол беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев