Астанада 2009 жылғы 30 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ["Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
[Ағылшын тілінен аударма]
_________________________________________________________________
Қарыздың нөмірі 2503-KAZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
КҮНІ ___________
_________________________________________________________________
LAL:KAZ___
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ
(Жай операциялар)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталады) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталады) арасындағы __________ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
(А) Қарыз алушы мен АДБ арасында жасалған __________ қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес, АДБ Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көп траншты қаржыландыру тетігін төмендегі шарттарға сәйкес беруге міндеттеніп отыр;
(В) ____ қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс беру арқылы Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған Жобаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы АДБ-ға өтінді; сондай-ақ
(С) АДБ қарызды Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал қорларынан төменде белгіленген шарттар мен негіздерде беруге келісімін білдірді:
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегі туралы келісті:
1-БАП
Қарыз беру ережелері; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі Лондон банкаралық ставкасы бойынша АДБ Әдеттегі негізгі ресурстарынан бөлінетін қарыздарға қолданылатын әдеттегі операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және алайда төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған Жай операциялар үшін қарыз беру ережелері өзгерістермен бұдан әрі Қарыз беру ережелері деп аталады) сақтай отырып, осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде қолданылатын болып есептеледі:
(а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
Резервтегені үшін комиссия; Кредит.
(аа) Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша кредиттің талап етілмейтін сомасы бойынша резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
(bb) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімдегі ставкалар бойынша кредит беруге міндеттенеді, әрі мұндай кредит қарыз мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге жатпайды. АДБ Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерге қатысты осы кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
(b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред төмендетілетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызбен әр Қарыз алушыға өтеу беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген спред күшіне енген сәттен бастап, барлық проценттік кезеңдер ішінде проценттерді төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(bb) Кез келген жарты жылдықтағы қарыз валютасына (немесе бекітілген валюта) қатысты борышты шоғырландыруға арналған шығындардың есебі қаражатты үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтеу беруге міндеттенеді. Өтеу сомасы борышты шоғырландыруға арналған (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) шығындарды (і) борышты шоғырландыруға арналған шығындар есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы проценттерді төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ борышты шоғырландыруға арналған шығындар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерден өтеу сомасын шегеруге міндеттенеді.
(с) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын бекітілген спред өсетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін неғұрлым төмен бекітілген спред қолданылатын, талап етілмейтін қарызымен әр Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома талап етілмейтін қарызға қолданылатын бекітілген спредпен және жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған спред күшіне енген сәттен бастап, барлық проценттік кезеңдер ішінде проценттер төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмейтін қарызының негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(bb) Кез келген жарты жылдықта қарыз валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты борышты шоғырландыруға арналған оның шығындары қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома борышты шоғырландыруға арналған (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) өлшенген шығындарды (і) борышты шоғырландыруға арналған шығыстар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы проценттерді төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ қосымша төлем сомасын борышты шоғырландыруға арналған шығыстар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерге қосуға міндеттенеді.
1.02-бөлім. Егер контекст бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әр жағдайда Қарыз беру ережесінде айқындамасын алған мынадай терминдер тиісті мәнге ие, сондай-ақ бірнеше қосымша терминдердің мынадай анықтамалары бар:
(а) "ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі" - Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Хоргостан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен шығыс шекараға дейін Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің сегменті;
(b) "ҚОӘББ" Қарыз алушы жүзеге асырған және АДБ-мен келісілген Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған қоршаған ортаға әсер етуді бірыңғай бағалау;
(с) "Консалтингтік қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау" - Азия Даму Банкі және оның Қарыз алушылары консультанттар қызметтерін тарту жөніндегі АДБ нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
(d) "АЖК" - Қарыз алушының ККМ Автомобиль жолдары комитеті және оның құқықтық мирасқоры;
(е) "ҚОӘБН" Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген қоршаған ортаға әсер ету бағасының негізін білдіреді;
(f) "ҚОҚЖ" - Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасына (ҚОӘАБ) енгізілген Қоршаған ортаны қорғау жоспары;
(g) "ҚОӘАБ" - Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ мақұлдаған Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасы;
(h) КҚМ - Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға арналған АБД Қарыз алушыға берген көп траншты қаржыландыру тетігі;
(і) "ҚНК" - ҚҚМ-ге қатысты АДБ мен Қарыз алушы арасында жасалған қаржыландыру туралы негіздемелік келісім;
(j) "АҚТҚ/ЖҚТБ" - адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғыш жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі;
(k) "ХҚИ" - халықаралық қаржы институттары;
(l) "Инвестициялық Бағдарлама" - ҚНК 1-қосымшасына сәйкес Тараз - Қордай учаскесі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі үшін Қарыз алушының Инвестициялар бағдарламасы;
(m) "ЖСАҚАН" - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген Жерлерді сатып алу және қоныс аудару негіздері;
(n) ЖСАҚАЖ - Жоба шеңберінде Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспары;
(o) "Қарыз төлеу жөніндегі нұсқау" Қарыз төлеу жөніндегі АДБ-ның нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
(p) "Қаржымині" - Қарыз алушының Қаржы министрлігі және оның құқықтық мирасқорлары;
(q) "ККМ" - Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігі;
(r) "ҮЕҰ" - үкіметтік емес ұйымдар;
(s) "ҚМС" - КҚМ шеңберінде қарыз алу мақсатында Қарыз алушы беретін қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс және осы Қарыз туралы келісімнің қаражатын алу мақсатында қаржыландыру туралы мерзімді сұранысты білдіреді;
(t) "ЖБК-АДБ" - осы Келісімнің 5-қосымшасының 2-тармағына сәйкес жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобы;
(u) "ЖБК-ДБ" Дүниежүзілік Банк қарызының шеңберінде негізделген жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобы;
(v) "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
(w) "Сатып алу жоспары" - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да принциптерге сәйкес мерзімді жаңартулармен 2008 жылғы 10 қазандағы жоба үшін сатып алу жоспары;
(х) "Жоба" - жалпы анықтамасы Қарыз беру ережелерінде берілген жалпы айқындама және осы Қарыз туралы келісім үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі 1-жоба ретінде ескеріледі;
(y) "Жоба аумағы" - Қарыз алушының аумағындағы Жамбыл облысының "Тараз - Қордай" учаскесі;
(z) "Жоба жөніндегі атқарушы агенттік" немесе "АА" - қарыз беру мақсатында және Қарыз беру ережелерінің шеңберінде ККМ және оның құқықтық мирасқорын, жобаны орындауға жауапты ұйым ретінде білдіреді;
(аа) "Жоба объектілері" - салынатын не жоба шеңберінде ұсынылатын объектілер;
(bb) "Жоба жолы" - Жоба шеңберінде қайта жаңғыртуға жататын Тараз бен Қордай арасындағы 404 км-ден 483-км-ге дейінгі және 214 км-ден 260 км-ге дейінгі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің учаскелері;
(сс) "Облыс" - Қарыз алушының әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі;
(dd) "П және Ұ" - пайдалану және ұстау;
(ее) "Аудан" - облыс құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі;
(ff) "АЖДБ" - Қарыз алушының Автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы;
(gg) "ҚОӘСБ" - қысқаша ҚОӘАБ;
(hh) "ДБ қарызы" - Дүниежүзілік Банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамыту бағдарламасы үшін Қарыз алушыға берген қарыз;
(іі) "Жұмыстар" - қарыз есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызмет көрсетулерді, сондай-ақ жобаға қатысты және консалтингтік қызмет көрсетулерден басқа, бірыңғай міндеттемелер не "пайдалануға берілген" құрылысқа келісім-шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоса құрылыс жұмыстары.
2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ әдеттегі капитал қорынан үш жүз қырық милллион АҚШ доллары ($ 340,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезеңділігімен айырбастауға болады.
(b) Қарыз оның негізгі өтелу кезеңі 20 жыл, сондай-ақ жеңілдікті өтелу кезеңі осы Баптың (с) тармағына сәйкес ұйғарылғандығын білдіреді.
(с) Осы Баптың (b) тармағында қолданылған "жеңілдікті кезең" деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы өтеу кестесіне сәйкес қарызының негізгі сомасын өтеудің бірінші күнінен алдындағы кезеңді білдіреді.
2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілетін және талап етілмейтін қарызының негізгі сомасына, Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әр проценттік кезеңнің ставкасы бойынша кезеңмен және Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес 0.60% Қарыз беру ережесінің 3.03 бөліміне сәйкес 0.40% кредитті шегере отырып проценттер төлеуге міндеттенеді.
2.03-бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15% сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия, осы Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін алпыс (60) күн өткен соң талап етілмейтін қарыз сомасына есептеледі.
2.04-бөлім. Қарыз жөніндегі проценттер мен өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әр жылғы 15 сәуір және 15 қазан күні төленуге тиіс.
2.05-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Кредит шотынан талап етілетін қарызының негізгі сомасын Қарыз алушы төлеуге міндеттенеді.
2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы қарызды ұтымды реттеу мақсатында қарыздың төмендегі айырбастауын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
(і) Қарыз валютасының талап етілген немесе талап етілмеген, бекітілген валютадағы қарыздың толық немесе ішінара сомасының өзгеруі;
(іі) Қарыз сомасының толық немесе ішінара ставкасына қолданылатын проценттік ставканы, өзгермелі проценттік ставкадан бекітілген ставкаға және керісінше өзгерту, сондай-ақ
(ііі) Талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі проценттік ставкаға, проценттік "кэп" (проценттік ставканың бекітілген ең жоғары деңгейі) не проценттік ставканың бекітілген ең төменгі және ең жоғары деңгейін белгілеу жолымен лимитті бекіту.
(b) Осы Баптың (а) тармағымен байланысты, АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы сұрауды Қарыз беру ережелерінің V бөлімінің және Айырбастау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енетін Қарыз беру ережесінің 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша "Айырбастау" деп есептеу керек.
III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы жобаны қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануды міндеттенеді.
3.02-бөлім. Жұмыстар және консалтингтік қызмет көрсетулер, сондай-ақ қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстар және қарыз сомаларын жұмыстар, консалтингтік қызмет көрсетулер және өзге де шығыстар бойынша бөлу осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс, бұл ретте осы Қосымшаға Қарыз алушы мен АДБ келісімі бойынша мерзімді толықтырулар енгізуге болады.
3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетілмесе, Қарыз есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс. Ондағы жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдерге сәйкес жүргізілмесе, не келісім-шарттың мерзімдері мен талаптары АДБ талаптарын қанағаттандырмаса АДБ келісім-шартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетілмесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер жобаны орындау мақсатында ғана пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3.05-бөлім. Қарыз беру ережесінің 9.02-бөлімінде айтылған мақсаттар үшін қарыз есебінен қаражат алу үшін жабу күні 2013 жылғы 31 желтоқсан, не Қарыз алушы мен АДБ келіскен басқа күн есептеледі.
4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес орындауға міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не орындауға тапсыруға міндеттенеді.
4.02-бөлім. Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.03-бөлім. (а) Жобаны іске асыру процесінде Қарыз алушы АДБ-мен келісім бойынша, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретін мерзім мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы Жобаны АДБ мақұлдаған жоспарларға, жобалау стандарттарына, ерекшеліктеріне, жұмыс графиктеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен графиктерін, сондай-ақ АДБ негізді талап ететін толық дәрежеде жасалған кез келген материалдық өзгерістерді, әзірлеуге немесе әзірлемені тапсыруға міндеттенеді.
4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты оның министрліктері мен ұйымдарының барлық әрекеттері ұтымды әкімшілік саясаты мен рәсімдеріне сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуді не жүргізуді тапсыруды (і); осы шоттарға және тиісті қаржы есептеріне біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен өкілеттік ортасы АДБ талаптарына сәйкес келетін тәуелсіз аудиторларды тарта отырып тиісті аудит стандарттарына сәйкес жыл сайын аудит жүргізуге(іі); АДБ-ға алғанына қарай, бірақ әр тиісті фискальды жыл аяқталғаннан бастап алты (6) ай өткен соң, осы есептердің аудиттен өтпеген көшірмелерін және тиісті фискальды жыл аяқталғаннан кейін 6 айдан асырмай осы есептер мен қаржы есептерінің аудиттен өткен және расталған көшірмелері, сондай-ақ аудит есептері ағылшын тілінде АДБ-ға (ііі) ұсынуға; сондай-ақ АДБ-ның (іv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы есептер мен қаржы есептеріне және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша Қарыз алушының жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысты қаржы істерін 4.05 (а) Бөлімнің ережелеріне сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және АДБ-ның сұрауы бойынша бұл талқылауға қатысуға, егер Қарыз алушы өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана талқылау жүргізілетін жағдайда аудиторлардың кез келген өкіліне өкілеттік беруге және талап етуге міндеттенеді.
4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілері ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылғанын, күтіп ұсталғанын және жөнделгенін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
V БАП
Уақытша тоқтата тұру; Өтеу мерзімін қысқарту
5.01-бөлім. Бұдан әрі Қарыз алушының Қарыз беру ережесінің 9.01 (I) бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарыздың шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұру қосымша жағдайы жазылған: егер ДБ қарызы тоқтата тұруға немесе жоюға, не келісілген өтеу күніне дейін өтелуге тиісті болса.
5.02-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру ережесінің 9.07 (а) (іv) бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарызды өтеу күні қысқартылған қосымша жағдайлар берілген: егер осы Қарыз туралы келісімнің 5.01 бөлімінде жазылған оқиғалар болса.
6.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісім жасалғаннан кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күні Қарыз беру ережесінің 10.04 бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі.
7.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережесінің 12.02 бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
7.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережесінің 12.01 бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:
Қарыз алушы
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Факс +7(7172)71 77 85
АДБ
Asian Development Bank
Р.О. Вох 789
0980 Manila, Philippines
Факс (632) 636-2444
(632) 636-2448.
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУДА тараптар атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қол қоюды және оны АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізуді қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
______________________
Уәкілетті өкіл
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
______________________
1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
2. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі болып табыла отырып Жоба Жоба аумағында тиімді көлік жүйесін дамытуға бағытталды.
3. Жоба екі құрамдастан тұрады: (і) шамамен 125 км Жоба жолының құрылысы мен қайта жаңғыртуды қоса алғанда, жолдарды дамыту және (іі) КҚС толығырақ жазылған жолдарды пайдалану және күтіп ұстау құрамдасы.
4. Жобаны аяқтау 2012 жылғы 31 желтоқсанға қарай күтілуде.
2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысының учаскелері]
(Батыс Еуропа - Батыс қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын және Қарыздың негізгі сомасын төлеу күніндегі қарыздың жалпы негізгі сомасының проценті көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, Қарыз алушы өтеуге тиісті қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы анықтайды, өтеу сомасы Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.
Реттілігі |
Төлем күні |
Кезекті жарна |
1 |
15 сәуір 2014 |
2,500000 |
2 |
15 қазан 2014 |
2,500000 |
3 |
15 сәуір 2015 |
2,500000 |
4 |
15 қазан 2015 |
2,500000 |
5 |
15 сәуір 2016 |
2,500000 |
6 |
15 қазан 2016 |
2,500000 |
7 |
15 сәуір 2017 |
2,500000 |
8 |
15 қазан 2017 |
2,500000 |
9 |
15 сәуір 2018 |
2,500000 |
10 |
15 қазан 2018 |
2,500000 |
11 |
15 сәуір 2019 |
2,500000 |
12 |
15 қазан 2019 |
2,500000 |
13 |
15 сәуір 2020 |
2,500000 |
14 |
15 қазан 2020 |
2,500000 |
15 |
15 сәуір 2021 |
2,500000 |
16 |
15 қазан 2021 |
2,500000 |
17 |
15 сәуір 2022 |
2,500000 |
18 |
15 қазан 2022 |
2,500000 |
19 |
15 сәуір 2023 |
2,500000 |
20 |
15 қазан 2023 |
2,500000 |
21 |
15 сәуір 2024 |
2,500000 |
22 |
15 қазан 2024 |
2,500000 |
23 |
15 сәуір 2025 |
2,500000 |
24 |
15 қазан 2025 |
2,500000 |
25 |
15 сәуір 2026 |
2,500000 |
26 |
15 қазан 2026 |
2,500000 |
27 |
15 сәуір 2027 |
2,500000 |
28 |
15 қазан 2027 |
2,500000 |
29 |
15 сәуір 2028 |
2,500000 |
30 |
15 қазан 2028 |
2,500000 |
31 |
15 сәуір 2029 |
2,500000 |
32 |
15 қазан 2029 |
2,500000 |
33 |
15 сәуір 2030 |
2,500000 |
34 |
15 қазан 2030 |
2,500000 |
35 |
15 сәуір 2031 |
2,500000 |
36 |
15 қазан 2031 |
2,500000 |
37 |
15 сәуір 2032 |
2,500000 |
38 |
15 қазан 2032 |
2.500000 |
39 |
15 сәуір 2033 |
2.500000 |
40 |
15 қазан 2033 |
2.500000 |
Жиынтығы |
100.000000 |
2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күніне дейін толық көлемде талап етілсе, Қарыз алушы төлеуге тиісті негізгі сома, негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күніне былай айқындалады:
(а) Негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
(b) Негізгі қарызды (Бастапқы кезекті жарна) өтеуге төлемнің бірінші күнінен кейін қаражат алу әр алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарна алымы болып есептелетін және бөлгіші осы күннен кейін қалған барлық бастапқы кезекті жарналар сомасын құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындалған сомаларда осы алу сәтінен кейінгі негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күннен кейін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды. Бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
3. Негізгі өтеу күндері төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу үшін ғана негізгі қарыз өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін екі күнтүзбелік ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарыз өтеу төлемінің екінші күнінде талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап негізгі қарыз өтеуге төлемнің әр күнінде төленуге тиіс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында белгіленгенге қарамастан, валюталар толық көлемде немесе бекітілген валютаға ішінара талап етілген қарыз қаражаты Айырбасталған кезде Айырбастау кезеңінен кейінгі кез келген негізгі өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей Айырбастау алдында орын алған валютадағы бұл соманы не:(і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын соманы валюталар айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындалады.
5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы қарыздың кемінде бір валютасында кезең-кезеңімен нөмірленсе, осы Қосымшаның ережелері қарыздың әр нөмірленген валютасындағы сомаларға жеке, осы әр сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қолданылуға тиіс.
3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу
1. Осы қосымшадағы кесте (бұдан әрі Кесте деп аталады) Тауарлардың, жұмыстардың, консалтингтік қызмет көрсетулердің санаттарын және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстарды, сондай-ақ әр Санат үшін қарыз сомасын бөлуді көрсетеді. (Бұдан әрі "Санат" немесе "Санаттар" деген ұғымдар Кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).
АДБ қаржыландыруының проценттік мәндері
2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, кестеде санамаланған Санаттар шығыстары қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген проценттік мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.
3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және талап етілген қаражат процентін бөлуге байланыссыз,
(а) әр санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау шартымен, (і) басқа санат үшін бөлінген және АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығын орнына келтіру мақсатында осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу тапшылықты толтырмаса, бұл Санат үшін бұдан былайғы талаптар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты талап ету процентін азайтуға; сондай-ақ
(b) Қандай да бір Санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан артатын болса, АДБ, Қарыз алушыға хабарлай отырып, артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.
4. Егер АДБ басқаша келіспесе, Жұмыстарды, консалтингтік қызмет көрсетулерді және өзге шығыстарды қаржыландыру үшін қарыз қаражаты Қарыз төлеу жөніндегі нұсқауға сәйкес төленуге тиіс.
Қарыз шотынан қаражат алу шарты
5. Осы Қарыз туралы келісімнің бекітілген өзге ережелеріне қарамастан, қарыз шотынан қаражат алу, АДБ-ға Жоба директорын тағайындауды қоса алғанда, АДБ-ны қанағаттандыратын ауқымда және мазмұнда ЖБК-АДБ тобы тиісті түрде қалыптасқанын және АДБ талаптарына сәйкес Инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында өз жұмысын бастағанын Қарыз алушы растамағанша жүргізілмейді.
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ ТАЛАП ЕТУ |
||||
САНАТ |
АДБ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ |
|||
Нөмір |
Атауы |
АДБ қаржыландыру үшін жалпы сома $ Санат |
Несие шотынан АДБ қаржыландыру проценті |
|
1 |
Жұмыстар |
297,000,000 |
Сұралған жалпы сомадан 85 процент |
|
2 |
Консалтингтік қызмет көрсетулер |
14,000,000 |
Сұралған жалпы сомадан 100 процент* |
|
3 |
Бөлінбеген қаражат |
29,000,000 |
||
4 |
Жиыны |
340,000,000 |
||
* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда
4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулерді сатып алу
1. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық Жұмыстар мен Консалтингтік қызмет көрсетулер Сатып алу туралы нұсқауға және Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылануға жатады.
2. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу туралы жөніндегі нұсқауда және (немесе) Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауда айқындалады.
3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімінің негізінде сатып алынуға тиіс:
Халықаралық конкурстық сауда-саттық |
Өзге шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластық пен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
С. Келісім-шарт жасасу шарттары
4. Егер жобалау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Қарыз алушы жоба шеңберінде ЖСАҚАН-ны дайындамаса және осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасының 11-тармағына сәйкес АДБ тарапынан мақұлданбаса жоба шеңберінде жұмыстар орындауға арналған келісім-шарт жасаспайтынына Қарыз алушы көз жеткізуге міндеттенеді.
D. Консалтингтік қызмет көрсетулерді таңдау
5. Таңдау сапа бағасына және қызметтер бағасына негізделеді. Егер АДБ өзгеше көрсетілмесе, Қарыз алушы АА-ға сапа бағасын және қызметтер бағасын негізге ала отырып, консалтингтік қызмет көрсетулер таңдауды және жалдауды тапсыруға міндеттенеді. Жоба шеңберінде мынадай консультациялық қызмет көрсетулер тарту көзделіп отыр: (і) жобаны басқару, (іі) құрылысты қадағалау, (ііі) автомобиль жолдарын басқару жүйесін жетілдіру және (іv) Зияткерлік көлік жүйесін әзірлеу. Қарыз алушы консультанттар тарату әдісін немесе олардың жоба тапсырмасын АДБ-мен алдын ала келісіп өзгертуге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
Е. Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық
6. (а) Қарыз алушы АА-ға сатып алынатын жұмыстар (жеке, не өзге тауарлар мен қызмет көрсетулер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, компьютерлік жүйелермен шектелуді қоса алғанда) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбауды қамтамасыз етуді тапсыруға міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы АА-ға Жұмыстар сатып алу жөніндегі барлық келісім-шарттарда тиісті растаулардың, кепілдіктердің және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе өнім беруші тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерінің бар болуына көз жеткізуін тапсыруға міндеттенеді.
7. Қарыз алушы АА-ға консультанттармен барлық АДБ қаржыландыратын келісім-шарттарда тиісті растаулардың, кепілдіктердің және егер қажет болса, консультанттар тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерінің бар болуына көз жеткізуін тапсыруға міндеттенеді, бұл ретте ұсынылып отырған консалтингтік қызмет көрсетулер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбайтынына көз жеткізу қажет.
5-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру және жобалық объектілерді пайдалану;
Қаржы мәселелері
1. Қарыз алушы ККМ-ды жобаның жалпы орындалуына жауапты және АДБ-мен әрі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізін қайта жаңғыртуға тартылған өзге де ХҚИ-мен байланысты жүзеге асыратын АА ретінде тағайындауға міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-ге АЖК-ны жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде тағайындауды тапсыруға міндеттенеді. ККМ өз білікті персоналының құрамынан, АДБ қанағаттандыратын жоба басшысы ретінде Жоба директорын тағайындауға міндеттенеді. Жоба дайындауды, оның орындалуын, мониторингін және есептілігін қоса алғанда, жоба директоры жобаны және Инвестициялық бағдарламаларды күнделікті орындау жауапкершілігін өзіне алады.
2. Қарыз алушы ККМ-ге (а) ЖБК-АДБ тобы уақтылы құрылғанына және (b) жобаны орындау кезеңінің ішінде инженерлік, қаржы, заң және жабдықтау мәселелеріне жауапты ККМ персоналы тарапынан Жоба директоры тиісті қолдаумен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
3. Қарыз алушы ККМ-ге жобаны орындау кезінде Жоба директоры ЖБК-АДБ-дан қажетті қолдау көретініне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
4. Қарыз алушы ККМ-ге ЖБК-ДБ тобы ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізін қайта жаңғырту шеңберіндегі барлық іс-қимылдарды үйлестіру үшін уақтылы құрылғанына және жоба шеңберінде қауіпсіздік техникасына, заң және қаржы басқару сәйкестігі саласында қажетті қолдау көрсететініне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
5. Осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мәніне нұқсан келтірмей, Қарыз алушы жобаны және АЖДБ уақытында және тиімді орындау үшін қажетті барлық бірлесіп қаржыландыру қаражатын жыл сайын бюджет қаражаты түрінде ККМ үшін ұсынып отыруға міндеттенеді және барлық қажетті ресурстар уақытында беріліп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-ге жобаны және Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру қажеттігіне барлық өзгерістерді оның жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізуді тапсыруға міндеттенеді.
Автожолдарды дамыту мен күтіп ұстауды қаржыландыру
6. Қарыз алушы ККМ-ге (а) АЖДБ Жолдарды дамыту жоспарына сәйкес ағымдағы күтіп ұстау үшін бюджет бөлуді және (b) 2012 жылдан кейінгі әр фискальды жыл үшін бюджет кемінде жылдық инфляция деңгейіне, тұрақты фискальды теңгерім кез келген мән-жайда сақталу шартымен, арттырылуына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді. Қарыз алушы мұндай шығыстар аудитін жыл сайын жүргізуге және АДБ талабы бойынша аудиторлық есептер ұсынуға міндеттенеді.
7. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жоба қажетті техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалатынына және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілетінін; және (b) Жолдарды дамыту жоспарына жататын жолдың өзге учаскелері тиісті стандарттар мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес ұсталуына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
8. Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісім-шарттар мердігердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындау; және (b) жобалық жол пайдалана басталғаннан кейін апаттар мен қозғалыс қарқындылығы деңгейінің мониторингін жүзеге асыру міндеттемелерін қамтитынына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
9. Қарыз алушы (а) жоба шешімдері, Жоба объектілерінің құрылысы, оларды пайдалану және күтіп ұстау АДБ Экологиялық саясатына (2002), Қарыз алушының табиғатты қорғау заңнамасына, ҚОӘББ, ҚОӘБН және ҚОӘБН сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға әлеуетті зиянды әсері ҚОҚЖ сәйкес қоршаған ортаға әсерін азайту және мониторингі шараларын қабылдау есебінен төмендегеніне көз жеткізуге міндеттенеді.
10. Қарыз алушы (а) ҚОҚЖ құрылыс жұмыстарының басталуы туралы хабарлама берілгенге дейін жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының мониторингі мен есептілігін орындау үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (с) Жоба директоры жарты жылдық экологиялық есептерді, ол бойынша есеп жасалатын әр кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде дайындағанына және АДБ-ға ұсынғанына; (d) есептер, өзгеден басқа, ҚОҚЖ орындаудағы жетістіктер есебін, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен жоба шеңберіндегі құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары ҚОҚЖ-да берілген қажетті экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) құрылыс жұмыстарының мердігерлері ҚОӘБН және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауда екеніне көз жеткізуді міндеттенеді.
Жер учаскелерін сатып алу және қоныс аудару
11. Қарыз алушы, Жоба жер учаскелерін сатып алуды немесе тұрғындардың еріксіз қоныс аударуын барынша мүмкіндік дәрежесінде талап етпейтініне және барлық жұмыстар қолданыстағы жолдар салу құқықтары шеңберінде жүргізілетініне көз жеткізуді міндеттенеді. Алайда, егер Жобаның егжей-тегжейлі жоспары бойынша жер сатып алуға, тұрғындардың қоныс аударуына немесе активтерді жоғалтуға әкеліп соғатын қосымша жер учаскелері қажет болса, Қарыз алушы ККМ-ге Жоба Қарыз алушының қолданыстағы заңнамасына, АДБ-ның еріксіз қоныс аудару саясатына (1995) және ЖСАҚАН сәйкес, өзгеден басқа, мынадай ережелерді қоса орындалуына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді:
(а) ЖСАҚАЖ кеңес процесінде дайындалуға және ЖСАҚАН ережелеріне сәйкес қатысы бар тұрғындардың назарына жеткізілуге тиіс;
(b) ЖСАҚАЖ құрылыс жұмыстарына арналған қандайда да болмасын келісім-шарттар жасасқанға дейін АДБ-ға қарауға және бекітуге ұсынуы қажет;
(с) Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен жер бөлу актілері уақтылы сатып алынуға тиіс;
(d) Қоныс аударуға өтемақылар мен жәрдем, олар қоныс аудару сәтіне дейін қатысы бар адамдарға берілуі қажет;
(е) Мәселелер мен арыз-шағымдар туындаған кезде, оларды уақтылы шешу қатысы бар адамдарға көмектесу мақсатында ЖСАҚАЖ-ға сәйкес тиімді тетіктер жұмыс істеуге тиіс;
(f) ЖСАҚАЖ орындалуының тәуелсіз мониторингін жүзеге асыру және АДБ-ға жарты жылда бір рет нәтижелерді беру үшін ЖБК-ДБ құрамындағы тиісті персонал мен ресурстарды беру қажет. Жартыжылдық есептер, ол бойынша есеп жасалатын әр кезең аяқталғаннан кейінгі үш (3) ай ішінде ұсынылуға тиіс. Ішкі мониторингті аудан әкімшілігі орындауға тиіс;
(g) Егер ЖСАҚАЖ орындау кезеңінде жергілікті мекен өзгертіліп жатса, жолдар салынып не қоршаған ортаға қосымша әсер болса және қоныс аударылып жатса, онда ЖСАҚАЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСАҚАЖ кейіннен іске асыруға дейін АДБ мен тиісті үкімет органдарының мақұлдауын алу қажет.
Жұмыстарға арналған келісім-шарттарды орындау
12. Қарыз алушы келісім-шарттар жасасқаннан кейін, жоба жолының тиісті секциялары мен учаскелерінде жұмыстардың басталғаны туралы хабарлама, ЖСАҚАЖ (атап айтқанда, қатысы бар адамдарға өтемақыны уақтылы төлеуді қоса алғанда), ҚОАӘБ-ның және ҚОҚЖ-ның тиісті ережелері сақталғанға дейін мердігерге берілмейтіндігіне көз жеткізуді міндеттенеді.
Еңбекті, денсаулықты қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
13. Қарыз алушы, ККМ (а) құрылыс мердігерлерінің (і) Еңбек туралы кодекстің, еңбек заңнамасының қолданылатын негізгі стандарттарын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды, (іі) әйелдер мен еркектерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдар құрылысы және күтіп ұстау кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; және (іv) жұмысқа талаптарды тиімді және баламалы орындау шартымен жобаны іске асыру мақсатында жергілікті аз қамтамасыз етілген халық пен жұмыссыз адамдарды барынша жұмысқа орналастырудың ықтимал көлемінде; және (б) осы Жоба шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің арасында және осы Жобаның тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында ЖҚБТ/АҚТҚ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын аурулар қатері туралы ақпаратты тиісті ұйымдар, мысалы ҮЕҰ таратуды жүзеге асыратындығын үшін тендерлік құжаттамаға ерекше жағдайларды қоса қамтитындығына кепілдік береді.
14. Қарыз алушы (а) ҚНК 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес дамытуға бағытталған іс-қимылдарды (ұтымды басқару мен есептілікті, тұрақты қаржыландыруды, саясат және басқару жоспарын, басқару реформаларын және өндірістік мүмкіндіктерді, жол қауіпсіздігін, жол секторының тұрақтылығын және жол көлігін пайдалануды әрі оны басқаруды қоса алғанда) айқындайтын жол секторына қатысты саясат жоспары тиісті түрде орындалатынына; (b) жобаға, оны қаржыландыру жоспарына және оның орындалу барысына әсер ететін кез келген өзгерістер туралы АДБ уақтылы хабардар болатынына; және (с) бұл мәселелер бойынша диалог нысанында АДБ-мен қажетті кеңестер өткізілетініне көз жеткізуді міндеттенеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
15. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі саясатын (1998, қазіргі уақыттағы түзетулермен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтылық принциптерін қолдану міндеттемелеріне сәйкес (а) АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы жобаға қатысты барлық ықтимал сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге; тексеру жүргізу үшін қажет болуына қарай тиісті есептер мен жазбаларға рұқсатты қамтамасыз етуді қоса алғанда, қажетті қолдау көрсету жолымен толық қызмет етуге және мұндай тексеруге жәрдемдесуге құқылы екеніне келіседі. Сондай-ақ, Қарыз алушы (а) Қарыз қаражатын және олар бойынша төлемдерді орындауға қатысты мердігерлердің іс-қимылдарын мерзімді тексеруге; (b) жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісім-шарттар АДБ аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, өнім берушілер мен консультанттардың, сондай-ақ жоба шеңберінде қызметтер көрсететін өзге адамдардың барлық есептерін, жазбалар мен шоттарын тексеру жүргізу құқығымен байланысты ережелерді қамтитындығын қамтамасыз етуге; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттың мердігерлердің төлем сертификаттарының келісім-шарттың жұмыс схемалары мен ерекшеліктеріне сәйкестігін тексеруін қамтамасыз етуге; және (d) сыбайлас жемқорлыққа қарсы АДБ-мен келісілген жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Қаржылық басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары
16. Қарыз алушы ККМ-ге қаржылық басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарының, Жобаны қаржылық басқару функциялары күшіне енген күннен бастап алты (6) ай ішінде тиісті білікті персоналдан жинақталған ККМ Қаржы департаментінің құрамындағы тиісті бөлімшеге берілетіндей етіп, орындалуын; (b) Күшіне енген күнінен бастап тоғыз (9) ай ішінде қаржы рәсімдері жөніндегі нұсқауды қажеттілігіне орай әзірлеуді әрі бекітуді; жобаны қаржылық басқару жөнінде персоналдың дайындығын бастауды; жобаның барлық транзакцияларының жыл сайынғы негізінде есептілікті бекітуге әрі жасауға және аралық қаржы есептерін жасауға қабілетті автоматтандырылған бухгалтерия жүйесін орнатуды тапсыруға міндеттенеді.
Жобаның жұмыс істеу мониторингі жүйесі
17. Қарыз алушы ККМ-ге Күшіне енген күнінен бастап алты (6) ай ішінде ЖҚМЖ енгізуді және жұмыс істеуіне мониторинг үшін деректер жинауды тапсыруды міндеттенеді. Жоба жоспарындағы және мониторинг жоспарындағы әсер ету және нәтижелер деңгейінде санамаланған негізгі көрсеткіштер мен жорамалдар талдауға қажет негізгі ақпаратты құрайды.
18. Қарыз алушы ККМ-ге атынан Жоба директоры атынан АДБ-ға: (і) есептік тоқсан аяқталғаннан кейінгі екі (2) апта ішінде жоба мәртебесі туралы тоқсандық есептерді және (іі) жарты жылда бір рет жобаның жұмыс істеуі мен мониторингі туралы өзге есептерді беруді тапсыруға міндеттенеді. Күшіне енгеннен кейін екі жыл өткен соң жиынтық аралық шолу жүргізілуге тиіс. Аралық шолу жобаның инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларын, ҚНК-да жазылған қарыз шарттары мен міндеттемелеріне сәйкестікті қамтитын болуға тиіс. Шолу жоба және Инвестициялық бағдарлама шеңберінде қойылған мақсаттардың табысты орындалуын және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті кез келген аралық түзетулерді көздейді.
Осы Аударма Астана қаласында 2009 жылы 30 наурызда қол қойылған "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадрлық қамтамасыз ету және
құжат айналымы департаментінің
Басқарма бастығы Н. Шабанов
2009 жылғы 30 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі) [Жамбыл облысындағы учаскелер] ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) куәландырылған көшірмесінің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский