1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат, N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; N 17, 82, 83-құжаттар):
365-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң
көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне
кедергі жасау
1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе,-
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер, -
бес жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 15-16, 71, 73-құжаттар; N 17, 81, 83-құжаттар):
1) 38-баптың төртінші бөлігіндегі "жәбірленушіге хабарланады, ол" деген сөздер "жәбірленушіге және оның өкіліне хабарланады, олар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 68-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Күдікті:
1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы, егер күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;
5) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге;
6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының, ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға;
7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;
9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;
11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
12) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатығмен өзінің өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге;
14) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
15) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға құқылы.";
3) 69-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айыпталушы:
1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына;
2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін алуға;
3) қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне;
5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;
6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;
7) айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;
9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге;
11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
12) қорғаушысының болуына;
13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығуға;
14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;
19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;
21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
"2-1. Сотталушының:
1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға;
2) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ ақырғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар.
2-2. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағым жасауға және шағымдалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.";
4) 70-бапта:
екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады.";
үшінші бөлік "бастап" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 71-бап ", сотталушы", ", сотталушыға", ", сотталушылардың", ", сотталушының" деген сөздерден кейін тиісінше ", сотталған адам, ақталған адам", ", сотталған адамға, ақталған адамға", ", сотталған адамдардың, ақталған адамдардың", ", сотталған адамның, ақталған адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 72-бапта:
бірінші бөлікте:
"сотталушы,", ", сотталушының", ", сотталушы" деген сөздерден кейін тиісінше "сотталған адам, ақталған адам", ", сотталған адамның, ақталған адамның", ", сотталған адам, ақталған адам" деген сөздермен толықтырылсын;
"сотталушы" деген сөз "сотталушы, сотталған адам, ақталған адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік ", сотталушының" деген сөзден кейін ", сотталған адамның, ақталған адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "сотталушыға" деген сөзден кейін ", сотталған адамға, ақталған адамға" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік "сотталушы", "сотталушыға" деген сөздерден кейін тиісінше ", сотталған адам, ақталған адам", ", сотталған адамға, ақталған адамға" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік ", сотталушыны" деген сөзден кейін ", сотталған адамды, ақталған адамды" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөлік "сотталушының" деген сөзден кейін ", сотталған адамның, ақталған адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады.";
7) 73-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші сөйлеміндегі ", бұл оның өзін қорғауды өз бетінше жүзеге асыру ниетін білдіреді" деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі.";
8) 74-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:
1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;
2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;
3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;
4) қарсылықтар білдіруге;
5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін – істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;
7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;
8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;
9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;
10) қылмыстық процесті жүргізуші адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;
11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.";
үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болғаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.";
9) 75-бапта:
үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады.";
алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жәбірленушінің:
1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдер ұсынуға;
4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қудалау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға;
12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге;
13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмелерін алуға;
14) бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
17) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге;
19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;
20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;
21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;
22) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауына құқығы бар.
Осы Кодекстің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.
7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмыс үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал жүз елу есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.";
10) 80-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті қаулы шығару жолымен қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес.
Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";
11) 82-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы "өкілі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ куәнің адвокаты" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 84-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін.";
13) 97-бапта:
тақырыпта:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
"жәбірленушінің" деген сөзден кейін "(жеке айыптаушының)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлігіндегі "қылмыстық процесті жүргізуші орган шешеді" деген сөздер "сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде - прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 101-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төрағалық етуші:
1) бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға;
2) адвокатты қоспағанда, сот отырысы залынан сотталушыны, қорғау тарапының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.";
15) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"125-бап. Дәлелдемелер жинау
1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы процесінде жүргізіледі. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекітуді және алуды қамтиды.
2. Процеске қатысушылардың өтініштері немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен жауап алу немесе сарапшы ретінде қорытынды беру үшін кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге; коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етуді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерістер жүргізуді талап етуге құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іске қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:
1) ұйымдардан анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап ету.
Анықтамаларды, мінездемелерді және өзге де құжаттарды мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өзге де ұйымдардан қорғаушы, жәбірленушінің өкілі талап ете алады. Аталған заңды тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті;
2) осы Кодекстің 242-бабының төртінші – алтыншы бөліктеріне сәйкес шарт негізінде сот сараптамасы ісін жүргізуге бастамашылық жасау;
3) шарт негізінде маман тарту;
4) олардың келісімі бойынша болжамды түрде қылмыстық іске қатысты ақпаратты білетін адамдардан жауап алу жолымен алуға құқылы.
Жауап алу барысында алынған мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізілген қылмыстық процесті жүргізуші орган адамнан жауап алғаннан кейін дәлел ретінде пайдалануы мүмкін.
Бұрын жауап алынған адамнан жауап алу мүмкін болмаған кезде аталған мәліметтер тікелей мәлімет ретінде пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте бұрын жауап алынған адамның қолының түпнұсқасы заңда белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
4. Күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қосу үшін ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.
Заттар мен құжаттар осы Кодекстің 128-бабының ережелері бойынша оларды бағалағаннан кейін қылмыстық іске тігіледі, ол туралы осы Кодекстің 122-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес хаттама жасалады.
Қылмыстық процеске қатысушылар болып табылатын адамдардан заттар мен құжаттарды қабылдау өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";
16) 134-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұсталған адамнан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жауап алынуға тиіс. Жауап алыну басталғанға дейін ұсталған адамға қорғаушымен оңаша және құпия жолығу қамтамасыз етіледі.";
17) 153-баптың оныншы бөлігіндегі "шағымды, наразылықты" деген сөздер "өтінішті" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 172-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"172-бап. Заң көмегіне ақы төлеу";
бірінші бөлікте:
"Қорғаушының" деген сөзден кейін "және жәбірленушінің өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"айыпталушыны" деген сөзден кейін ", жәбірленушіні" деген сөзбен толықтырылсын;
"республикалық бюджет қаражатының" деген сөздер "бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-баптың екінші бөлігінде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен шарт жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда, адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражатының есебіне жатқызылуы тиіс.";
19) 174-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердің, олардың заңды өкілдерінің қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың немесе жәбірленушінің (жеке айыптаушының) өкілінің осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, куәнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебінен өтелуге жатады:";
20) 175-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
"5-1) жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) заң көмегін көрсеткені үшін төленетін сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда;";
21) 176-бапта:
екінші бөлігіндегі "сондай-ақ осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда қорғаушыға" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің (жеке айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты іс жүргізу шығындары бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.";
22) 216-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Кодекстің 73-бабының екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.";
23) 217-баптың төртінші бөлігіндегі "Осы" деген сөз "Осы Кодекстің 73-бабының екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 244-бапта:
тақырыбы "жәбірленушінің" деген сөзден кейін ", қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацы - "айыпталушының" деген сөзден кейін ", қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің" және 5) тармағы "айыпталушы" деген сөзден кейін ", қорғаушы және жәбірленушінің өкілі" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік "жарияланатын" деген сөзден кейін "дәлелді" деген сөзбен толықтырылсын;
25) 275-баптың бірінші бөлігінде:
"оның қорғаушысына" деген сөздерден кейін "айыптау тізімін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"және нөмірленген" деген сөздер ", нөмірленген, іс парақтарының тізімдемесіне енгізілген, тігілген және тергеу органының мөрімен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 284-баптың екінші бөлігінің алтыншы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Айыптау қорытындысының көшірмесі қорғаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне табыс етіледі.";
27) 309-бап "сотталушы адамға" деген сөздерден кейін ", оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 316-баптың бірінші бөлігіндегі "дәлелдерді зерттеуге қатысады" деген сөздер "осы Кодекстің 125-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет заттарды, құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді, басқа дәлелдерді зерттеуге қатысады" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 328-баптың үшінші бөлігі:
"айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны;" деген сөздерден кейін "сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады.";
30) 388-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Іске қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша қорғаушы не жәбірленушінің өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады.";
31) 415-баптың үшінші бөлігінде:
4) тармағында:
"қорғаушының" деген сөзден кейін "немесе жәбірленушінің өкілі" деген сөздермен толықтырылсын;
"оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармағында:
"сотталушының" деген сөзден кейін "немесе жәбірленушінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"өзі білетін" деген сөздер "өздері білетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 455-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Сотталған адамдарға адвокаттар заң көмегін соттың қаулысы негізінде көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүргізіледі.";
33) мынадай мазмұндағы 467-1-баппен толықтырылсын:
"467-1-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа міндетті
түрде қатысуының негіздері
Егер сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының) өтініші, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда, адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 72-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.".
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 15-16, 73-құжат):
1) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат беріледі.";
2) 166-баптың 2-тармағының үшінші абзацы "заң көмегін алуға және" деген сөздерден кейін "олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат, N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; N 17, 81-құжат):
1) 60-баптың екінші бөлігіндегі "Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"114-бап. Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету
1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босатуға және оларды бюджет қаражатының есебіне жатқызуға құқылы. Судья (сот) адамды оның өтініші бойынша заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босатуға және оларды заңда көзделген мынадай жағдайларда:
1) асыраушының өлімімен, мертігуімен немесе өзге де жұмыспен байланысты бүлінген денсаулықтан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы дауларды қарау кезінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қарау кезінде бюджет қаражатының есебіне жатқызуға міндетті.
2. Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
3. Азаматтың заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішіне заң көмегін тегін алуға құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша азаматты заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босату туралы не өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы судья немесе сот дәлелденген ұйғарым шығарады.
5. Азаматты заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті адвокаттардың кәсіби ұйымына дереу жіберіледі.";
3) 304-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегі тегін көрсетіледі.".
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар, N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 17, 79, 80, 82-құжаттар; N 18, 84, 86-құжаттар; N 19, 88-құжат):
1) 588-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі ", кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері" деген сөздер алып тасталсын;
2) 590-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 588-бабының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретінде олардың іске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, сондай-ақ осы Кодекстің 586-бабының үшінші бөлігінде және 587-бабының үшінші бөлігінде аталған құжаттарды) тапсырады.".
6. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; N 19, 88-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша "адвокат лицензиясы", "адвокаттар лицензияларын", "адвокатты лицензиясынан", "адвокат лицензиясын" деген сөздер тиісінше "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету," деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету," деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";
4) 4, 5, 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;
4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;
5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелікте (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;
2. Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
3. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
5-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және
қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
1. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
Шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі.
Мыналар:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;
2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырмалардың нысаны;
4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.
Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.
2. Заңнамада көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстары анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қаражатынан жүргізіледі.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6-бап. Заң көмегін тегін көрсету
1. Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокатқа адам жүгінгеннен кейін заң көмегі тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін беру мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және өзі мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәліметтер болуға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған;
қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.";
5) 9-баптың 4-тармағындағы "айналысу құқығына" деген сөздер "айналысуға" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған
лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін тұрақты немесе босатылған негізде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындаған;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген;
4) осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оның адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайларда лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған шешім туралы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған
лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп танылған;
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
4) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
6. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.";
7) 14-бапта:
2-тармақтағы "жазбаша келісім" деген сөздер "жазбаша шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы "сұратуға" деген сөзден кейін "және алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады.";
8) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Адвокат өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау жөніндегі кез келген, заңмен тыйым салынбаған іс-әрекеттерді орындауға міндетті.";
9) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады.";
4-тармақ "Адвокаттардан," деген сөзден кейін "олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.";
10) 18-баптың 2-тармағы "Адвокаттардың," деген сөзден кейін "олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 19-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.";
12) 23-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
13) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) есептік көрсеткішке еселенетін мөлшердегі мүшелік жарна ставкаларын белгілейді;";
"14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;";
14) 31-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшасындағы "айналысу құқығына" деген сөздер "айналысуға" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) адвокат өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметінің принциптерін, адвокаттардың кәсіби әдебі ережелерін өрескел не бірнеше рет бұзған;";
15) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.";
16) 4-тарау алып тасталсын.
7. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 15-16, 63-құжат):
17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "заң консультациясының осы іске адвокаттың қатысу құқығына берілген ордерін немесе маңызы бойынша онымен теңестірілген құжатты" деген сөздер "адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерінің екінші данасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев