Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 373-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):
      53-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;».

      2. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-3) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратудың қағидаларын бекіту;
      14-4) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін конкурстық комиссия өткізудің қорытындысы бойынша бекіту;»;

      2) 8-баптың 1-тармағының 19-4) тармақшасындағы «жүргізу функциялары;» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19-5) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-5) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын цифрлық жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таратуды қамтамасыз ету функциялары;».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам связи

Закон Республики Казахстан от 29 декабря 2010 года № 373-IV

      Статья 1. Внести дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 21, ст. 93; 2009 г., № 23, ст. 112; № 24, ст. 129; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 29, 32; № 15, ст. 71):
      подпункт 7) пункта 1 статьи 53 дополнить абзацем четырнадцатым следующего содержания:
      "распространение телевизионных и радиопрограмм телерадиовещательных организаций посредством спутниковых систем вещания;".

      2. В Закон Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., № 14, ст. 81; 2006 г., № 3, ст. 22; № 15, ст. 95; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20; № 19, ст. 148; 2008 г., № 20, ст. 89; № 24, ст. 129; 2009 г., № 15-16, ст. 74; № 18, ст. 84; № 24, ст. 121; 2010 г., № 5, ст. 23):
      1) статью 7 дополнить подпунктами 14-3) и 14-4) следующего содержания:
      "14-3) утверждение правил распространения отечественных телевизионных и радиопрограмм независимо от форм собственности телерадиовещательных организаций посредством спутниковых систем вещания;
      14-4) утверждение перечня отечественных телевизионных и радиопрограмм независимо от форм собственности телерадиовещательных организаций, распространяемых посредством спутниковых систем вещания, по итогам проведения конкурсной комиссии;";
      2) пункт 1 статьи 8 дополнить подпунктом 19-5) следующего содержания:
      "19-5) обеспечение организации распространения отечественных телевизионных и радиопрограмм независимо от форм собственности телерадиовещательных организаций посредством спутниковых систем вещания;".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев