Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 374-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 46-бапта:
      екінші бөлік «азаматтардың өздерін» деген сөздерден кейін «және прокурорды» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік «заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, прокурор» деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 55-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайтадан алу, жалақыны өндіріп алу, азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті.
      Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін процеске өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
      Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.
      3. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау туралы талап қойып, арыз беріп сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне және арызына қарамастан талап қоюы мүмкін.»;

      3) 256-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) осы Кодекстің 55-бабы негізінде іске қатысқан прокурордың қорытындысы;»;

      4) 276-баптың екінші бөлігі «Сот» деген сөзден кейін «прокурорға,» деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 281-баптың бірінші бөлігі «мерзім ішінде» деген сөздерден кейін «прокурордың,» деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 306-бапта:
      бірінші бөлік «оның өзінің,» деген сөздерден кейін «прокурордың және» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің бірінші сөйлемі «өкілінің» деген сөзден кейін «және прокурордың» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 387-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сұрау салулар байланыс арналары пайдаланыла отырып жіберілуі мүмкін.
      Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.».

      2. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат, 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағындағы «прокуратурасы –» деген сөз «прокуратурасы мемлекет атынан» деген сөздермен және «жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағы «және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi
              бағыттары мен мазмұны

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
      1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
      2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
      4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
      10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
      11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
      12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;

      4) 5-бапта:
      1-тармақтағы «тексерістер» деген сөз «тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйін талдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарына;»;

      5) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік органдардың, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi.»;

      6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      «8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
                күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру

      1. Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетілген қызметті Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
      2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

      7) 9-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкін.
      Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

      8) 10-баптың 1-тармағы бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      9) 11-бапта:
      2) тармақшадағы «оларды қабылдаған органдар мен лауазымды адамдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Республика Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ведомстволар басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      8) тармақша «прокуратура органдарының қызметi» деген сөздердің алдынан «елдегі заңдылықтың жай-күйі және» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша «, ведомстволық наградалармен наградтайды» деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 12-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде» деген сөздер алып тасталсын;

      11) 13-баптың 2) тармақшасы «қызметкерлерi» деген сөзден кейін «мен жұмыскерлері» деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де
               прокурорлар мен прокуратуралар

      1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
      2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
      1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
      3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлері және көмекшiлерi болады.
      4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.»;

      13) 17-бапта:
      1-тармақ «Бас прокуратурада,» деген сөздерден кейін «ведомстволарда,» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақ «Бас Прокурордың,» деген сөздерден кейін «ведомство басшысының,» деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «ұсыным,» деген сөз «ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту,» деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 19-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.
      3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс.
      Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс.
      Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
      Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.»;

      16) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Ұсыныс

      1. Прокурор өз құзыретi шегiнде:
      1) заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы;
      2) қылмыс жасауға және басқа да құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелерi бойынша;
      4) заңда белгiленген өзге жағдайларда ұсыныс енгiзедi.
      2. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, прокурор белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
      Прокурор ұсынысты қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыныс қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, ұсынысты қарау орны мен уақыты туралы прокурорға хабарлауға тиіс.
      Ұсынысты қараудың нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы ұсыныс қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде прокуратураға хабарланады.»;

      17) мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2 баптармен толықтырылсын:

      «25-1-бап. Алдын ала ескерту

      Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жазбаша нысанда жеке және заңды тұлғаларға заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жасайды және оларға заңда белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

      25-2-бап. Үндеу

      Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.
      Бұл ретте үндеу бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланыла отырып немесе өзге де жария ету тәсілімен таратылады.»;

      18) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «26-бап. Заңды түсiндiру

      1. Жеке не заңды тұлғалардың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңдардың не азаматтың немесе шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңның мазмұнын түсiндiредi.
      2. Құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда, прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсiндiредi.»;

      19) 29-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қадағалауды жүзеге асыру процесінде, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша прокурор:»;
      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) заң бұзушылыққа жол берілмейтіні туралы алдын ала ескертеді;
      9) осы Заңда көзделген өзге де прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.»;

      20) 30-баптың 1-тармағы «шағым» деген сөзден кейін «, кассация» деген сөзбен толықтырылсын;

      21) 6-тараудың тақырыбында:
      «қызметiне» деген сөз «қызметінің заңдылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 37-баптағы «заңға сәйкестiгiне» деген сөздер «заңдылығына» деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) 40-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «40-бап. Қадағалаудың мақсаты»;

      24) 43-баптың 4) тармақшасында:
      «және өзге iстер жөніндегі» деген сөздер «, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «шешімдерін» деген сөз «актілерін» деген сөзбен ауыстырылсын;

      25) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) тергеу тобын басқарады, қылмыстық істі жүргізуге қабылдайды және алдын ала тексеру жүргізеді;»;

      26) мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тараулармен толықтырылсын:

      «10-1-тарау. Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау

      47-1-бап. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру
                кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау

      1. Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарының қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен Республиканың Бас Прокуроры немесе ол уәкілеттік берген прокурорлар мемлекет атынан:
      адамдарды ұстап беру туралы;
      қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы;
      бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстыру туралы;
      қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен өтініштерді жіберу және орындау туралы шешім қабылдайды.
      3. Прокуратура органдары халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық
                бойынша өкілеттіктері

      Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;
      3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;
      5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;
      6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау жөніндегі тапсырмаларын, өтінімдерін, өтініштерін жіберуге;
      8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
      9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары

      47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке
                алу саласындағы заңдылықты қадағалау

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

      47-4-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерін кәсіптік
                даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
                арттыру

      Қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру мақсатында прокуратура органдарында даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді, оны прокуратура органдарының барлық деңгейлері жүргізеді.
      Прокуратура органдарының қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Республиканың Бас Прокуроры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;

      27) 57-баптың 2-тармағындағы «облыстардың прокурорлары» деген сөздер «комитет төрағасы, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар» деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):
      16-баптың 4-тармағы «тағайындалған не» деген сөздерден кейін «прокуратура органдары,» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования деятельности органов прокуратуры

Закон Республики Казахстан от 29 декабря 2010 года № 374-IV

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 июля 1999 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 18, ст. 644; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 10, ст. 244; 2001 г., № 8, ст. 52; № 15-16, ст. 239; № 21-22, ст. 281; № 24, ст. 338; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 10, ст. 49; № 14, ст. 109; № 15, ст. 138; 2004 г., № 5, ст. 25; № 17, ст. 97; № 23, ст. 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 13, ст. 53; № 24, ст. 123; 2006 г., № 2, ст. 19; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72; № 13, ст. 86; 2007 г., № 3, ст. 20; № 4, ст. 28; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 13, ст. 99; 2008 г., № 13-14, ст. 56; № 15-16, ст. 62; 2009 г., № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 81; № 24, ст. 127, 130; 2010 г., № 1-2, ст. 4; № 3-4, ст. 12; № 7, ст. 28, 32; № 17-18, ст. 111; Закон Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения защиты прав ребенка", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 27 ноября 2010 г.):
      1) в статье 46:
      часть вторую дополнить словами ", и прокурора";
      часть третью дополнить словом ", прокурором";
      2) части вторую и третью статьи 55 изложить в следующей редакции:
      "2. Участие прокурора в гражданском судопроизводстве обязательно в случаях, когда это предусмотрено законом, когда необходимость участия прокурора в данном деле признана судом, а также по делам, возбужденным по инициативе прокурора, затрагивающим интересы государства, о восстановлении на работе, взыскании заработной платы, выселении гражданина из жилища без предоставления другого жилого помещения, возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью.
      Прокурор вправе вступить в процесс по своей инициативе или по инициативе суда для дачи заключения по делу в целях осуществления возложенных на него обязанностей и для защиты прав, свобод и законных интересов граждан, прав и законных интересов организаций, общественных или государственных интересов.
      Указанные полномочия прокурора обеспечиваются путем своевременного извещения судом обо всех назначенных к рассмотрению делах.
      3. Прокурор вправе обратиться в суд с иском, заявлением о защите прав, свобод и законных интересов граждан, прав и законных интересов организаций, общественных или государственных интересов. Иск о защите трудовых, жилищных и иных прав и свобод неограниченного круга лиц в социальной сфере, а также в защиту интересов недееспособного гражданина может быть предъявлен прокурором независимо от просьбы и заявления заинтересованного лица.";
      3) часть вторую статьи 256 дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:
      "13-1) заключение прокурора, участвовавшего в деле на основании  статьи 55 настоящего Кодекса;";
      4) в части второй статьи 276 слова "Лицо, подавшее" заменить словами "Прокурор, лицо, подавшее";
      5) часть первую статьи 281 после слов "с участием" дополнить словом "прокурора,";
      6) в статье 306:
      часть первую после слова "здоровья," дополнить словом "прокурора";
      предложение первое части второй дополнить словами "и прокурора";
      7) статью 387 дополнить частью 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Запрос прокурора об истребовании дела исполняется судом не позднее семи календарных дней со дня поступления его в суд. Запросы могут направляться с использованием каналов связи.
      В случае истребования дела ходатайство о принесении надзорного протеста подлежит рассмотрению прокурором в течение тридцати календарных дней со дня поступления дела в прокуратуру.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "О Прокуратуре" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 156; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 12, ст. 184; 1998 г., № 15, ст. 208; 1999 г., № 8, ст. 247; № 21, ст. 774; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 142; 2001 г., № 20, ст. 257; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 15, ст. 139; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2008 г., № 15-16, ст. 63; № 23, ст. 114; 2009 г., № 18, ст. 84; № 24, ст. 121; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28):
      1) в пункте 1 статьи 1 слова "- подотчетный Президенту Республики Казахстан государственный орган, осуществляющий" заменить словами "от имени государства осуществляет";
      2) пункт 2 статьи 3 дополнить словами "и подотчетна лишь Президенту Республики Казахстан";
      3) статью 4 изложить в следующей редакции:
      "Статья 4. Основные направления и содержание деятельности
                 органов прокуратуры
      В целях обеспечения верховенства Конституции и законов Республики Казахстан, защиты прав и свобод человека и гражданина прокуратура от имени государства:
      1) осуществляет высший надзор за точным и единообразным применением Конституции, законов и указов Президента Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов;
      2) выявляет и принимает меры к устранению нарушений Конституции, законов, указов Президента Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов;
      3) опротестовывает законы и другие правовые акты, противоречащие Конституции и законам Республики Казахстан;
      4) осуществляет надзор за соблюдением прав и свобод человека и гражданина, законных интересов юридических лиц и государства;
      5) осуществляет надзор за законностью оперативно-розыскной деятельности;
      6) осуществляет надзор за законностью дознания и следствия;
      7) осуществляет надзор за законностью административного производства;
      8) осуществляет надзор за законностью исполнительного производства;
      9) участвует в нормотворческой деятельности государственных органов в пределах своей компетенции;
      10) представляет интересы государства в суде;
      11) в порядке и пределах, установленных законом, осуществляет уголовное преследование;
      12) формирует государственную правовую статистику с целью обеспечения целостности, объективности и достаточности статистических показателей, ведет специальные учеты, осуществляет надзор за применением законодательства в сфере правовой статистики и специальных учетов;
      13) координирует деятельность по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью;
      14) осуществляет надзор за применением законов в сфере международного правового сотрудничества;
      15) осуществляет иные функции, определенные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.";
      4) в статье 5:
      пункт 1 дополнить словами "и (или) анализа состояния законности";
      пункт 2 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) ежегодным сводным планом проведения плановых проверок;";
      5) пункт 3 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "3. Требования (запросы, поручения, указания) прокурора, данные им в пределах своей компетенции, обязательны для исполнения государственными органами, должностными, физическими и юридическими лицами.";
      6) дополнить статьей 8-1 следующего содержания:
      "Статья 8-1. Координация деятельности по обеспечению
                   законности, правопорядка и борьбы с преступностью
      1. Координация деятельности правоохранительных и иных государственных органов по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью осуществляется органами прокуратуры посредством достижения взаимодействия этих органов, взаимного обмена информацией и согласованности их действий для реализации общих задач и целей. Указанная деятельность осуществляется органами прокуратуры в рамках постоянно действующих координационных советов, которые создаются при Генеральной прокуратуре, прокуратурах областей и приравненных к ним прокуратурах.
      2. Координационные советы осуществляют свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами Республики Казахстан, Положением о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью.
      Положение о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью утверждается Президентом Республики Казахстан.";
      7) статью 9 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:
      "При прокуратуре Республики Казахстан могут быть образованы ведомства, учреждения.
      Органы прокуратуры имеют свои символы, описание которых утверждается Президентом Республики Казахстан.";
      8) в абзаце первом пункта 1 статьи 10 слова "Республики Казахстан" заменить словом "Республики";
      9) в статье 11:
      в подпункте 2) слова "в органы и должностным лицам, их принявшим" исключить;
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) является председателем Координационного совета Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью;";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) вносит Президенту Республики представление об образовании, реорганизации и упразднении ведомств при прокуратуре Республики Казахстан, назначении на должность и освобождении от должности их руководителей;";
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      "7) с согласия Президента Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров;";
      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      "7-1) назначает на должность и освобождает от должности заместителей руководителей ведомств, заместителей прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров, а также прокуроров районов, городов и приравненных к ним прокуроров;";
      подпункт 8) после слов "Президентом Республики о" дополнить словами "состоянии законности в стране и";
      подпункт 10) дополнить словами ", награждает ведомственными наградами";
      10) в подпункте 5) пункта 5 статьи 12 слова "в обеспечении законности и правопорядка" исключить;
      11) подпункт 2) статьи 13 после слова "подчиненных" дополнить словами "сотрудников и";
      12) статью 15 изложить в следующей редакции:
      "Статья 15. Городские, районные и иные приравненные к ним
                  прокуроры и прокуратуры
      1. Городские, районные и приравненные к ним прокуратуры возглавляются соответствующими прокурорами, назначаемыми Генеральным прокурором Республики сроком на пять лет.
      2. Городские, районные и приравненные к ним прокуроры:
      1) руководят деятельностью городских, районных и иных приравненных к ним прокуратур по обеспечению прокурорского надзора;
      2) издают приказы, распоряжения, указания, обязательные для всех подчиненных сотрудников и работников.
      3. Городские, районные и приравненные к ним прокуроры имеют заместителей, старших помощников и помощников.
      4. В городских, районных и приравненных к ним прокуратурах могут создаваться отделы.";
      13) в статье 17:
      пункт 1 после слов "в Генеральной прокуратуре," дополнить словом "ведомствах,";
      пункт 2 после слов "Генерального прокурора," дополнить словами "руководителя ведомства,";
      14) подпункт 1) пункта 1 статьи 18 после слова "представление," дополнить словами "обращение, предостережение,";
      15) пункты 2 и 3 статьи 19 изложить в следующей редакции:
      "2. Протест приносится в орган или должностному лицу, принявшим незаконные акт, решение, или в вышестоящий орган либо вышестоящему должностному лицу. В таком же порядке опротестовываются незаконные действия органа или должностного лица.
      3. Протест прокурора подлежит рассмотрению соответствующим органом или должностным лицом в течение десяти календарных дней.
      Прокурор вправе установить иной срок рассмотрения протеста, обусловленный необходимостью подготовки и принятия по нему решения, но не менее десяти календарных дней.
      Сроки рассмотрения протеста в суде определяются законами Республики Казахстан.
      Орган или должностное лицо обязаны известить прокурора о дате рассмотрения протеста.";
      16) статью 25 изложить в следующей редакции:
      "Статья 25. Представление
      1. Прокурор в пределах своей компетенции вносит представления:
      1) об устранении нарушений законности;
      2) об устранении причин и условий, способствующих совершению преступлений и других правонарушений;
      3) по вопросам лишения неприкосновенности лиц, обладающих этим правом в соответствии с Конституцией Республики Казахстан;
      4) в иных случаях, установленных законом.
      2. Представление подлежит рассмотрению должностным лицом или органом с обязательным принятием мер по устранению нарушений законности, а также причин и условий, способствующих им, в сроки, установленные прокурором, но не позднее тридцати календарных дней.
      Прокурор вправе участвовать при рассмотрении представления. О времени и месте рассмотрения представления прокурор должен быть уведомлен государственным органом или должностным лицом не позднее трех календарных дней до дня рассмотрения представления.
      О результатах рассмотрения представления и принятых мерах сообщается в прокуратуру в течение трех рабочих дней со дня рассмотрения представления.";
      17) дополнить статьями 25-1 и 25-2 следующего содержания:
      "Статья 25-1. Предостережение
      В целях предупреждения правонарушений, обеспечения общественной безопасности, защиты прав и свобод человека и гражданина или при наличии сведений о готовящихся противоправных деяниях прокурор объявляет в письменной форме физическим и юридическим лицам предостережение о недопустимости нарушения закона и предупреждает их об установленной законом ответственности.

      Статья 25-2. Обращение
      Органы прокуратуры вправе выступить с обращением к должностным лицам, государственным органам, юридическим и физическим лицам в целях обеспечения законности, предупреждения правонарушений, а также обеспечения общественной безопасности, защиты прав и свобод человека и гражданина.
      При этом обращение распространяется с использованием средств массовой информации или иным публичным способом.";
      18) статью 26 изложить в следующей редакции:
      "Статья 26. Разъяснение закона
      1. При наличии достаточных оснований полагать, что незнание или неправильное понимание законов физическими либо юридическими лицами может повлечь нарушения законов либо прав и свобод гражданина или неограниченного круга лиц, прокурор разъясняет содержание закона.
      2. В случаях несоответствия закону проекта правового акта прокурор разъясняет требование закона органу или должностному лицу, принимающему акт.";
      19) в пункте 2 статьи 29:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "2. В процессе осуществления надзора, в том числе по результатам проверки, прокурор:";
      дополнить подпунктами 8) и 9) следующего содержания:
      "8) предостерегает о недопустимости нарушений закона;
      9) вносит иные акты прокурорского надзора, предусмотренные настоящим Законом.";
      20) пункт 1 статьи 30 после слова "апелляционном" дополнить словом ", кассационном";
      21) в заголовке главы 6:
      после слов "Надзор за" дополнить словом "законностью";
      слово "деятельностью" заменить словом "деятельности";
      22) в статье 37 слово "деятельностью" заменить словом "деятельности";
      23) заголовок статьи 40 изложить в следующей редакции:
      "Статья 40. Цели надзора";
      24) в подпункте 4) статьи 43:
      слово "решений" заменить словом "актов";
      слова "и иным" заменить словами ", уголовным и административным";
      25) статью 46 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) руководит следственной группой, принимает к производству уголовное дело и проводит предварительное расследование;";
      26) дополнить главами 10-1 и 10-2 следующего содержания:
      "Глава 10-1. Взаимодействие с компетентными учреждениями иностранных государств
      Статья 47-1. Надзор за применением законов при осуществлении
                   международного правового сотрудничества
      1. Генеральный прокурор Республики и (или) уполномоченные им прокуроры осуществляют надзор за применением международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, Конституции и законов Республики Казахстан по вопросам оказания правовой помощи.
      2. В пределах и порядке, установленных международными договорами и законодательством Республики Казахстан, Генеральный прокурор Республики или уполномоченные им прокуроры от имени государства принимают решение:
      о выдаче лиц;
      об осуществлении уголовного преследования;
      о переводе лиц, осужденных к лишению свободы, для дальнейшего отбывания наказания;
      о направлении и исполнении поручений и ходатайств о производстве процессуальных действий по уголовным делам.
      3. Органы прокуратуры осуществляют и иные полномочия, предусмотренные международными договорами, законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.

      Статья 47-2. Полномочия прокуратуры по международному правовому
                   сотрудничеству
      Генеральный прокурор Республики и (или) уполномоченные им прокуроры в рамках международного правового сотрудничества вправе:
      1) участвовать в разработке проектов международных договоров Республики Казахстан, а также предложений по изменению и дополнению действующих договоров;
      2) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке заключать и подписывать договоры о правовой помощи, сотрудничестве и взаимодействии с органами прокуратуры иностранных государств;
      3) в пределах компетенции органов прокуратуры осуществлять сотрудничество с соответствующими учреждениями других государств и международными организациями;
      4) участвовать в деятельности международных организаций прокуроров;
      5) участвовать в разработке проектов межгосударственных программ совместных мер по борьбе с преступностью на территории сотрудничающих государств, их выполнении;
      6) по просьбе компетентных учреждений иностранных государств с участием других правоохранительных органов Республики Казахстан оказывать правовую помощь по вопросам выдачи, уголовного преследования, проведения следственных действий, перевода осужденных, выполнению иных действий, направленных на предупреждение, выявление и пресечение преступлений, розыску преступников, исполнению наказаний;
      7) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке направлять в компетентные учреждения иностранных государств поручения, ходатайства, просьбы правоохранительных органов Республики Казахстан по оказанию правовой помощи по вопросам выдачи, уголовного преследования, проведения следственных действий, перевода осужденных, выполнению иных действий, направленных на предупреждение, выявление и пресечение преступлений, розыск преступников, исполнение наказаний;
      8) представлять интересы Республики Казахстан в судах иностранных государств и международных судах при рассмотрении уголовных дел, затрагивающих интересы Республики Казахстан;
      9) осуществлять иные полномочия, предусмотренные международными договорами, законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.

      Глава 10-2. Иные направления деятельности органов прокуратуры
      Статья 47-3. Надзор за законностью в сфере государственной
                   правовой статистики и специальных учетов
      Надзор за законностью в сфере государственной правовой статистики и специальных учетов осуществляется уполномоченными прокурорами в соответствии с законодательством Республики Казахстан о правовой статистике и специальных учетах.

      Статья 47-4. Профессиональная подготовка, переподготовка и
                   повышение квалификации сотрудников органов
                   прокуратуры
      В целях эффективного осуществления надзорной деятельности в органах прокуратуры действует единая система подготовки, переподготовки и повышения квалификации, которая проводится всеми уровнями органов прокуратуры.
      Профессиональная подготовка, переподготовка и повышение квалификации сотрудников органов прокуратуры проводятся в порядке, установленном Генеральным прокурором Республики.";
      27) в пункте 2 статьи 57 слова "прокуроры областей" заменить словами "председатель комитета, прокуроры областей и приравненные к ним прокуроры".

      3. В Закон Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 60; 2007 г., № 9, ст. 67; № 20, ст. 152; 2008 г., № 6-7, ст. 27; 2010 г., № 10, ст. 48):
      пункт 4 статьи 16 после слов "в кадры" дополнить словами "органов прокуратуры,".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев