Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 маусымдағы № 295-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7,, 27-құжат; № 12, 48, 5-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 312-1-баппен толықтырылсын:
      «312-1-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі
                  саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз
                  бағалау жүргізу кезінде бұзу

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық, бөлімшесіне қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
      сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
      2 Объектінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы дұрыс емес ақпараты бар, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны табыс ету -
      сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытындыны табыс ету -
      сарапшы ұйымдарға аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «311-1 (жетінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздер «309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1,» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы «233,» деген цифрлардан кейін «312-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат, № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерінің, көңіл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көліктің барлық түрлерінің вокзалдары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
      2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
      3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
      4) ерікті өрт сөндіруші - өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын, ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат;
      5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық  және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;
      6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуге тиіс өзге де мүлік;
      7) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану;
      8) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
      9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;
      10) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі;
      11) өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар;
      12) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
      13) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
      14) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      15) өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекеттер;
      16) өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-әрекеттер;
      17) өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сендіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттердің алдын алудың және оларды сөндірудің өзге де құралдары;
      18) сарапшы ұйым - өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым;
      19) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі - пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына әкеп соғатын денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары.»;

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;
      - өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
      18) сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;

      4) 7-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      5) 8-бапта:
      тақырыбында:
      «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен,
      «аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацта:
      «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;

      6) 9-5-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың,» деген сөздер «Шахталардың,» деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар

      1. Дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.
      2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
      1) дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды жою;
      2) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
      3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жатады.
      Өртке қарсы ерікті құралымдар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегі іс-әрекеттерге даярлауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
      3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
      Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті негізде өзінің іскерлік және моральдық қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердің алдын алумен және (немесе) оларды сөндірумен байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар жеке тәртіппен қабылданады.
      Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізілуін ерікті өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және бастапқы даярлықтан өтеді.
      Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
      Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
      Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
      4. Өртке дер кезінде ден қою үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.
      5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді.
      6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.»;

      8) 15-1-бап алып тасталсын;

      9) 16-бапта:
      бірінші бөліктегі «жауынгерлік» деген сөз алып тасталсын;
      сегізінші бөліктегі «01» деген цифрлар «101» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 18-бап мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау;»

      11) 25-баптың үшінші бөлігінің тоғызыншы абзацындағы «жауынгерлік» деген сөз алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
      «5-1-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді
                 тәуелсіз бағалау

      25-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге
                тәуелсіз бағалау жүргізу

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.
      Сарапшы ұйым өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзіне меншік құқығымен тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды.
      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды:
      1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды;
      2) объектінің өрт қауіпсіздігі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің шығу және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізуді;
      4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе  сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.
      Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.
      Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтың бөлімшесіне табыс етеді.
      Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
      3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.
      Қатерлерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді катер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.

      25-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз
                бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін:
      1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;
      2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.
      Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс стажы, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) ұйымдарға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады.
      4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
      Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
      5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және З-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
      6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
      Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі.
      Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды табыс етеді.
      8. Аккредиттеу аттестатында:
      1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
      2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
      3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
      4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
      Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйым уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беруді жүргізеді.
      9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:
      1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;
      2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;
      3) заңды тұлғаның таратылуы;
      4) аккредиттеу аттестатынан айыру негіздері бойынша тоқтатылады.
      11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пожарной безопасности

Закон Республики Казахстан от 28 июня 2010 года № 295-IV

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст. 84, 86; № 19, ст. 88; № 23, ст. 97, 115, 117; № 24, ст. 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134; 2010 г., № 1-2, ст. 1, 4, 5; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 32; № 8, ст. 41; № 9, ст. 44):
      1) дополнить статьей 312-1 следующего содержания:
      "Статья 312-1. Нарушение законодательства Республики Казахстан
                     в области пожарной безопасности при проведении
                     независимой оценки рисков
      1. Непредставление либо несвоевременное представление в территориальное подразделение уполномоченного органа в области пожарной безопасности копии заключения по результатам проведения независимой оценки рисков -
      влечет штраф на экспертную организацию в размере от двадцати до тридцати месячных расчетных показателей.
      2. Представление заключения по результатам проведения независимой оценки рисков в области пожарной безопасности, содержащего недостоверную информацию о соответствии (несоответствии) объекта требованиям пожарной безопасности, -
      влечет штраф на экспертную организацию в размере от сорока до пятидесяти месячных расчетных показателей.
      3. Действия (бездействие), предусмотренные частями первой и второй настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, а также представление заведомо ложного заключения по результатам проведения независимой оценки рисков в области пожарной безопасности -
      влекут штраф на экспертные организации в размере от ста до ста пятидесяти месячных расчетных показателей с лишением аттестата аккредитации.";
      2) в части первой статьи 541 слова "311-1 (частью седьмой), 309-4 (частями восьмой, девятой)," заменить словами "309-4 (частями восьмой, девятой), 311-1 (частью седьмой), 312-1,";
      3) абзац двадцать первый подпункта 1) части первой статьи 636 после цифр "233," дополнить цифрами "312-1,".

      2. В Закон Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 18, ст. 368; 1998 г., № 23, ст. 416; 1999 г., № 20, ст. 728; № 23, ст. 931; 2000 г., № 6, ст. 142; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 14, ст. 112; № 24, ст. 177; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 3, ст. 22; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2008 г., № 6-7, ст. 27; 2009 г., № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 23):
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) объект с массовым пребыванием людей - здания, сооружения и помещения предприятий торговли, общественного питания, бытового обслуживания, физкультурно-оздоровительных, спортивных, культурно-просветительских и зрелищных организаций, культовых учреждений, развлекательных заведений, вокзалов всех видов транспорта, рассчитанные на одновременное пребывание ста и более человек, а также здания и сооружения организаций здравоохранения, образования, гостиниц, рассчитанные на одновременное пребывание двадцати пяти и более человек;
      2) аккредитация - официальное признание уполномоченным органом в области пожарной безопасности правомочий юридического лица выполнять работы по проведению независимой оценки рисков в области пожарной безопасности;
      3) аттестат аккредитации - документ, выдаваемый уполномоченным органом в области пожарной безопасности, удостоверяющий право юридического лица выполнять работы по проведению независимой оценки рисков в области пожарной безопасности;
      4) добровольный пожарный - гражданин, непосредственно участвующий на добровольной основе в деятельности по предупреждению и (или) тушению пожаров, зарегистрированный в реестре добровольных пожарных;
      5) селитебная территория - часть территории населенного пункта, которая предназначена для размещения жилищного фонда, общественных зданий и сооружений, а также отдельных коммунальных и промышленных объектов;
      6) объект - имущество физических или юридических лиц, государственное имущество, в том числе здания, сооружения, строения, технологические установки, оборудование, агрегаты и иное имущество, к которому установлены или должны быть установлены требования пожарной безопасности для предотвращения пожара и защиты людей при пожаре;
      7) пожар - неконтролируемое горение, причиняющее материальный ущерб, вред жизни и здоровью людей, интересам общества и государства;
      8) добровольные противопожарные формирования - общественные объединения, создаваемые для осуществления мероприятий по профилактике и тушению степных пожаров, а также пожаров в организациях, населенных пунктах, в которых не созданы органы государственной противопожарной службы;
      9) противопожарная служба - совокупность созданных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, органов управления, сил и средств органов государственной противопожарной службы в областях, городе республиканского значения, столице, городах областного значения, районах, а также негосударственных противопожарных служб, предназначенных для организации предупреждения пожаров и их тушения, проведения первоочередных аварийно-спасательных работ, связанных с тушением пожаров;
      10) пожарная безопасность - состояние защищенности людей, имущества, общества и государства от пожаров;
      11) требования пожарной безопасности - специальные условия технического и (или) социального характера, установленные в целях обеспечения пожарной безопасности законодательством Республики Казахстан;
      12) независимая оценка рисков в области пожарной безопасности - предпринимательская деятельность по установлению соответствия или несоответствия объектов требованиям пожарной безопасности;
      13) государственный контроль в области пожарной безопасности - деятельность уполномоченного органа в пределах его компетенции, направленная на обеспечение соблюдения физическими и юридическими лицами требований законов Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан в области пожарной безопасности;
      14) уполномоченный орган в области пожарной безопасности (далее - уполномоченный орган) - государственный орган, осуществляющий руководство в области пожарной безопасности;
      15) меры пожарной безопасности - действия по выполнению требований пожарной безопасности;
      16) первоочередные аварийно-спасательные работы, связанные с тушением пожаров, - действия по спасению и эвакуации людей, имущества, оказанию первой доврачебной помощи пострадавшим при пожарах;
      17) пожарно-техническая продукция - специальная техническая, научно-техническая и интеллектуальная продукция, предназначенная для обеспечения пожарной безопасности, в том числе пожарная техника и оборудование, пожарное снаряжение, огнетушащие и огнезащитные вещества, средства специальной связи и управления, программы для электронных вычислительных машин и базы данных, а также иные средства предупреждения и тушения пожаров;
      18) экспертная организация - организация, аккредитованная в установленном порядке на осуществление деятельности по независимой оценке рисков в области пожарной безопасности;
      19) объект жизнеобеспечения - организации здравоохранения, телекоммуникаций, связи, газо-, энерго-, тепло-, водоснабжения и водоотведения, прекращение (приостановка) эксплуатации которых влечет за собой нарушение деятельности социальной и инженерной инфраструктур населенных пунктов и территорий.";
      2) статью 5 дополнить абзацами восемнадцатым и девятнадцатым следующего содержания:
      "- утверждает порядок проведения независимой оценки рисков в области пожарной безопасности;
      - осуществляет иные полномочия, возложенные на него Конституцией, настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.";
      3) статью 6 дополнить подпунктами 17), 18) и 19) следующего содержания:
      "17) проводит аккредитацию организаций по независимой оценке рисков в области пожарной безопасности;
      18) ведет государственный реестр экспертных организаций;
      19) осуществляет иные функции, предусмотренные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.";
      4) статью 7 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) осуществляют иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.";
      5) в статье 8:
      в заголовке:
      слова "города республиканского значения, столицы" заменить словами "областей, городов республиканского значения и столицы";
      слова "районов (города областного значения)" заменить словами "районов (городов областного значения)";
      в абзаце первом:
      слова "города республиканского значения, столицы" заменить словами "областей, городов республиканского значения и столицы";
      слова "районов (города областного значения)" заменить словами "районов (городов областного значения)";
      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.";
      6) в части первой пункта 3 статьи 9-5 слова "на объектах органов национальной безопасности, обороны, уголовно-исполнительной системы," исключить;
      7) статью 13 изложить в следующей редакции:
      "Статья 13. Добровольные противопожарные формирования
      1. В целях осуществления мероприятий по профилактике и тушению степных пожаров, а также пожаров в организациях, населенных пунктах, в которых не созданы органы государственной противопожарной службы, могут создаваться добровольные противопожарные формирования.
      2. К основным задачам добровольных противопожарных формирований относятся:
      1) предупреждение и ликвидация степных пожаров, а также пожаров в организациях, населенных пунктах, в которых не созданы органы государственной противопожарной службы;
      2) проведение первоочередных аварийно-спасательных работ, связанных с тушением степных пожаров, а также пожаров в организациях, населенных пунктах, в которых не созданы органы государственной противопожарной службы;
      3) выполнение работ и оказание услуг в области пожарной безопасности.
      В соответствии с возложенными задачами добровольные противопожарные формирования проводят мероприятия по обучению населения мерам пожарной безопасности и осуществлению их подготовки к действиям при возникновении пожара.
      3. Добровольные противопожарные формирования комплектуются добровольными пожарными.
      В добровольные пожарные принимаются на добровольной основе в индивидуальном порядке граждане, способные по своим деловым и моральным качествам, а также по состоянию здоровья исполнять обязанности, связанные с предупреждением и (или) тушением пожаров.
      Граждане, принятые в добровольные пожарные, регистрируются в реестре добровольных пожарных, ведение которого осуществляется добровольным противопожарным формированием, и проходят первоначальную подготовку.
      Программа первоначальной подготовки добровольных пожарных утверждается уполномоченным органом.
      Последующая подготовка добровольных пожарных осуществляется в добровольном противопожарном формировании.
      Программа последующей подготовки добровольных пожарных разрабатывается руководителем добровольного противопожарного формирования и утверждается руководителем территориального подразделения уполномоченного органа.
      4. Для своевременного реагирования на пожары руководителем добровольного противопожарного формирования по согласованию с территориальным подразделением уполномоченного органа определяются порядок сбора добровольных пожарных и способ их доставки к месту пожара.
      5. Гарантии в случае гибели (смерти) или увечья добровольного пожарного в период выполнения им работ по предупреждению и тушению пожаров, обеспечению пожарной безопасности и проведению первоочередных аварийно-спасательных работ, связанных с тушением пожаров, устанавливаются уставом добровольного противопожарного формирования.
      6. Территориальное подразделение уполномоченного органа ведет реестр добровольных противопожарных формирований.";
      8) статью 15-1 исключить;
      9) в статье 16:
      в части первой слово "боевые" исключить;
      в части восьмой цифры "01" заменить цифрами "101";
      10) статью 18 дополнить абзацем двенадцатым следующего содержания:
      "- независимая оценка рисков в области пожарной безопасности;";
      11) в абзаце девятом части третьей статьи 25 слово "боевых" исключить;
      12) дополнить главой 5-1 следующего содержания:
      "Глава 5-1. Независимая оценка рисков в области пожарной
                  безопасности
      Статья 25-1. Проведение независимой оценки рисков в области
                   пожарной безопасности
      1. Независимая оценка рисков в области пожарной безопасности проводится на основании договора, заключаемого между собственником объекта и экспертной организацией.
      Экспертная организация не вправе осуществлять иную деятельность, выполнять другие работы и (или) оказывать услуги в области пожарной безопасности, а также не может проводить независимую оценку рисков в области пожарной безопасности на объекте, принадлежащем ей на праве собственности.
      2. Независимая оценка рисков в области пожарной безопасности включает следующие мероприятия:
      1) анализ документов, характеризующих пожарную опасность объекта, а также уровень подготовки персонала;
      2) обследование объекта для получения объективной информации о состоянии пожарной безопасности объекта, выявления возможности возникновения и развития пожара, воздействия на людей опасных факторов пожара, а также для определения соответствия объекта требованиям пожарной безопасности;
      3) проведение расчетов по оценке рисков в области пожарной безопасности в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан;
      4) подготовку вывода о соответствии или несоответствии объекта требованиям пожарной безопасности.
      Результаты проведения независимой оценки рисков в области пожарной безопасности оформляются в виде заключения.
      В течение пяти рабочих дней после составления заключения экспертная организация представляет копию заключения в территориальное подразделение уполномоченного органа.
      Срок действия заключения составляет три года.
      3. Независимая оценка рисков в области пожарной безопасности не проводится на объектах государственной собственности, объектах с массовым пребыванием людей и жизнеобеспечения.
      Результаты независимой оценки рисков являются основанием для распределения объектов по степени риска.

      Статья 25-2. Аккредитация организаций по независимой оценке
                   рисков в области пожарной безопасности
      1. Аккредитация организаций по независимой оценке рисков в области пожарной безопасности осуществляется уполномоченным органом.
      2. Экспертными организациями могут быть организации, имеющие в своем штате не менее трех специалистов, отвечающих одному из следующих условий:
      1) имеющих высшее образование в области пожарной безопасности;
      2) имеющих иное высшее образование и стаж работы в государственной и (или) негосударственной противопожарных службах не менее пяти лет, прошедших специальные курсы обучения.
      Специальные курсы обучения специалистов для экспертных организаций проводятся в специализированных учебных организациях, требования к ним, а также условия и порядок прохождения специальных курсов обучения определяются уполномоченным органом.
      3. Для аккредитации организация представляет следующие документы:
      1) заявление;
      2) нотариально засвидетельствованную копию устава организации;
      3) копию свидетельства о государственной регистрации организации в качестве юридического лица;
      4) нотариально засвидетельствованные копии документов специалистов организации об образовании, о стаже работы в государственной и (или) негосударственной противопожарных службах, а также прохождении ими специального курса обучения;
      5) сведения о помещении, об оборудовании, принадлежащим организации на праве собственности или ином законном основании.
      4. Для рассмотрения документов об аккредитации и принятия решения по ним создается постоянно действующая комиссия, состав и порядок деятельности которой определяются руководителем уполномоченного органа.
      Рассмотрение документов об аккредитации осуществляется комиссией в течение тридцати рабочих дней, исчисляемых с момента их поступления в уполномоченный орган.
      В случае принятия положительного решения уполномоченным органом вносится соответствующая запись в государственный реестр экспертных организаций и заявителю выдается аттестат аккредитации.
      5. Уполномоченный орган принимает решение об отказе в аккредитации в случаях несоответствия представленных документов требованиям пунктов 2 и 3 настоящей статьи.
      При отказе в аккредитации заявителю в течение пяти рабочих дней направляется мотивированный письменный ответ с указанием причин такого отказа.
      6. Заявители при возникновении споров по вопросам аккредитации вправе обратиться в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      7. Аттестаты аккредитации, выданные уполномоченным органом, действительны на всей территории Республики Казахстан и имеют срок действия пять лет.
      Срок действия аттестата аккредитации исчисляется с момента принятия решения об аккредитации.
      В связи с истечением срока действия аттестата аккредитации экспертной организацией для повторной аккредитации представляются документы, предусмотренные в настоящей статье.
      8. В аттестате аккредитации указываются:
      1) наименование (название и указание на организационно-правовую форму), местонахождение организации;
      2) регистрационный номер аттестата аккредитации;
      3) дата регистрации аттестата аккредитации в государственном реестре экспертных организаций;
      4) срок действия аттестата аккредитации.
      Бланки аттестата аккредитации являются документами строгой отчетности, имеют защиту и номер.
      Аттестат аккредитации выдается в единственном экземпляре, передача аттестата аккредитации другим юридическим лицам запрещена.
      Утерянные, испорченные аттестаты аккредитации считаются недействительными со дня подачи экспертной организацией письменного заявления (с приложением документов, подтверждающих факт утери, порчи аттестата аккредитации) уполномоченному органу.
      Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня подачи заявления производит выдачу дубликата аттестата аккредитации.
      9. Лишение аттестата аккредитации осуществляется в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      10. Действие аттестата аккредитации прекращается по следующим основаниям:
      1) представление экспертной организацией заявления с просьбой о прекращении действия аттестата аккредитации;
      2) истечение срока действия аттестата аккредитации;
      3) ликвидация юридического лица;
      4) лишение аттестата аккредитации.
      11. В случае прекращения действия аттестата аккредитации экспертная организация обязана в десятидневный срок возвратить аттестат аккредитации в уполномоченный орган.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шести месяцев после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев