2004 жылғы 5 қазанда Бухаресте жасалған Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына
Жетінші қосымша хаттама
(2011 жылғы 14 наурызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 3, 30-құжат)
Мазмұны
І бап. (өзгертілген кіріспе)
ІІ бап. (қосылған бап 1 бис) Анықтамалар
ІІІ бап. (өзгертілген 22-бап) Одақ Актілері
ІV бап. (өзгертілген 30-бап) Жарғыны өзгерту
V бап. (өзгертілген 31-бап) Жалпы регламентті, Конвенцияны және Келісімдерді өзгерту
VI бап. Қосымша хаттамаға және Одақтың басқа да акілеріне қосылу
VII бап. Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі және қолданыста болу мерзімі
Жарғы, Қосымша хаттама
Бухарестте Конгреске жиналған Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері 1964 жылғы 10 шілдеде Венада қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 30.2-бабы негізінде ратификациялау шартымен аталған Жарғыға мынадай өзгерістерді қабылдады.
I бап
(өзгертілген кіріспе)
Пошта байланыстарының тиімді жұмыс істеуі жолымен халықтар арасындағы байланыстарды дамыту және мәдени, әлеуметтік әрі экономикалық жоспардағы халықаралық ынтымақтастықтың жоғары мақсаттарына жәрдемдесу мақсатында уағдаласушы елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері ратификациялау шартымен осы Жарғыны қабылдады.
Одақ планета тұрғындары арасындағы байланысқа жәрдемдесу мақсатында:
- өзара байланысты желілерді құрайтын бірыңғай пошта аумағы бойынша пошта жөнелтілімдерінің еркін айналымына кепілдік бере отырып;
- әділ жалпы стандарттарды қабылдауға және технологияларды пайдалануға жәрдемдесе отырып;
- мүдделі тараптардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ете отырып;
- тиімді техникалық ынтымақтастыққа ықпал ете отырып;
- клиенттердің өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық жасай отырып, сапалы, тиімді және қолжетімді әмбебап пошта қызметтерін тұрақты дамытуды ынталандырады.
ІІ бап
(Қосылған бап 1 бис)
Анықтамалар
1. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде пайдаланылатын төменде тізбеленген терминдердің мынадай мәндері болуға тиіс:
1.1. Пошта қызметі: көлемі Одақтың органдары айқындайтын барлық пошта қызметтері. Бұл қызметтерге жататын негізгі міндеттемелер пошта жөнелтілімдерін қабылдаумен, сұрыптаумен, жіберумен және жеткізумен қамтамасыз етілетін мүше елдердің белгілі бір әлеуметтік және экономикалық міндеттерін орындаудан тұрады.
1.2. Мүше ел: Жарғының 2-бабының талаптарын орындайтын ел.
1.3. Бірыңғай пошта аумағы (бір ғана пошта аумағы): Одақ Актілеріне сәйкес уағдаласушы тараптарға жүктелетін транзит еркіндігін қоса алғанда, жазбаша хат-хабарламалар жөнелтілімдерінің өзара алмасуын қамтамасыз ету және өзінің пошта жөнелтілімдері сияқты кемсітушіліксіз басқа елдерден транзитпен жіберілетін пошта жөнелтілімдерін өңдеу міндеттемесі.
1.4. Транзит еркіндігі: аралық пошта әкімшілігінің осы жөнелтілімдерге ішкі қызмет жөнелтілімдеріне арналған сияқты осындай өңдеуді қамтамасыз ете отырып, басқа пошта әкімшілігі оларға транзитпен жіберетін пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды жүзеге асыру міндеттемесі.
1.5. Жазбаша хат-хабарларды жөнелту: Конвенцияда көрсетілген жөнелтілімдер.
1.6. Халықаралық пошта қызметі: Актілермен реттелетін пошта операциялары немесе қызметтері. Осындай операциялардың немесе қызметтердің жиынтығы.
III бап
(Өзгертілген 22-бап)
Одақ Актілері
1. Жарғы Одақтың негізгі Актісі болып табылады. Ол Одақтың негізгі ережелерін қамтиды және оған ескертпелер жасалмайды.
2. Жалпы регламент Жарғының қолданылуын және Одақтың қызметін қамтамасыз ететін ережелерден тұрады. Ол барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады және оған ескертпелер жасалмайды.
3. Дүниежүзілік пошта конвенциясы, Жазбаша хат-хабарлар регламенті және Пошта жөнелтімдері регламенті халықаралық пошта қызметіне қолданылатын жалпы қағидаларды, сондай-ақ жазбаша хат-хабарлар және пошта жөнелтімдері қызметтері туралы ережелерді қамтиды. Бұл Актілер барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады.
4. Одақ Келісімдері және олардың Регламенттері оларға қатысатын мүше елдер арасындағы жазбаша хат-хабарлар және пошта жөнелтімдері қызметтерінен басқа қызметтерді реттейді. Олар тек осы елдер үшін ғана міндетті болып табылады.
5. Конвенцияны және Келісімдерді орындау үшін қажетті қолдану ережесінен тұратын регламенттерді Конгрестің шешімдерін ескере отырып, Пошта пайдалануы кеңесі бекітеді.
6. § 3-5 айтылатын Одақ Актілеріне қоса беріліп отырған ықтимал Қорытынды хаттамаларда бұл Актілерге ескертпелер бар.
IV бап
(Өзгертілген 30-бап)
Жарғыны өзгерту
1. Конгреске ұсынылған және осы Жарғыға жататын ұсыныстардың қабылдануы үшін оларды дауыс беруге құқығы бар Одаққа мүше елдердің кем дегенде үштен екісі мақұлдауға тиіс.
2. Конгресс қабылдаған өзгерістер қосымша хаттаманы құрайды және егер Конгресс басқа шешім қабылдамаса, олар осы Конгресте жаңадан қабылданған Актілермен бірге күшіне енеді. Оларды мүше елдер мүмкіндігінше қысқа мерзімде ратификациялайды және ратификациялау грамоталары 26-бапта көрсетілген қағидаға сәйкес қаралады.
V бап
(Өзгертілген 31-бап)
Жалпы Регламентті, Конвенцияны және Келісімдерді өзгерту
1. Жалпы регламентте, Конвенцияда және Келісімдерде оларға жататын ұсыныстарды қабылдау талаптары айқындалады.
2. Конвенция мен Келісімдер бір уақытта және нақ бір мерзімге күшіне енеді. Осы Актілердің күшіне енуі үшін Конгресс белгілеген күннен бастап алдыңғы Конгрестің тиісті Актілері жойылады.
VІ бап
Одақтың Қосымша хаттамасына және басқа да Актілеріне қосылу
1. Осы Хаттамаға қол қоймаған мүше елдер кез келген уақытта оған қосыла алады.
2. Конгресте қайта қаралған Актілердің қатысушылары болып табылатын, бірақ оларға қол қоймаған мүше елдер оларға мүмкіндігінше қысқа мерзімде қосылуға міндетті.
3. 1 және 2 § олар жөнінде сөз болған жағдайларға жататын қосылу туралы құжаттар Халықаралық бюроның Бас директорына жіберілуге тиіс. Бас директор олар жөнінде мүше елдердің Үкіметтеріне хабарлайды.
VII бап
Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысына Қосымша хаттаманың
күшіне енуі және қолданылу мерзімі
Осы Қосымша хаттама 2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және белгісіз уақытта күшінде болады.
Осыны куәландыру үшін мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері осы Қосымша хаттаманы жасады, ол егер оның ережелері Жарғының мәтініне енгізілсе, нақ сол күшке және нақ сол мағынаға ие болады және ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін бір данада қол қойды. Бұл дананың көшірмелерін Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы әрбір тарапқа жіберетін болады.
2004 жылғы 5 қазанда Бухарестте жасалды.
Төменде көрсетілген қолдарды қараңыз
Pour Pour
L'ETAT ISLAMIQUE D'AFGHANISTAN: LA REPUBLIQUE ALGERIENNE
DEMOCRATIQUE ET POPULAIRE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE D'AFRIQUE DU SUD: LA REPUBLIQUE FEDERALE
D'ALLEMAGNE:
Pour Pour
LA RE PUBLIQUE D'ALBANIE: LES ETATS-UNIS D'AMERIQUE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE D'ANGOLA: LA REPUBLIQUE ARGENTINE:
Pour Pour
ANTIGUA-ET-BARBUDA: LA REPUBLIQUE D'ARMENIE:
Pour Pour
LE ROYAUME DE L'ARABIE SAOUDITE: L'AUSTRALIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE D'AUTRICHE: LE ROYAUME DE BAHRAIN:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE D'AZERBAIDJAN: LA REPUBLIQUE POPULAIRE
DU BANGLADESH:
Pour Pour
LE COMMONWEALTH DES BAHAMAS: LA BARBADE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DU BELARUS: LA REPUBLIQUE DU BENIN:
Pour Pour
LA BELGIQUE: LE ROYAUME DE BHOUTAN:
Pour Pour
BELIZE: LA REPUBLIQUE DE BOLIVIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE BRUNEI DARUSSALAM:
DE BOSNIE-HERZEGOVINE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DU BOTSWANA: LA REPUBLIQUE DE BULGARIE:
Pour Pour
LA RЙPUBLIQUE FEDERATIVE LE BURKINA FASO:
DU BRESIL:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DU BURUNDI: LE CANADA:
Pour Pour
LE ROYAUME DU CAMBODGE: LA REPUBLIQUE DU CAP-VERT:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DU CAMEROUN: LA REPUBLIQUE CENTRAFRICAINE:
Pour Pour
LE CHILI: LA REPUBLIQUE DE COLOMBIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE POPULAIRE DE CHINE: L'UNION DES COMORES:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE CHYPRE: LA REPUBLIQUE DU CONGO:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE COREE: LA REPUBLIQUE DE CROATIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE COSTA-RICA: LA REPUBLIQUE DE CUBA:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE COTE D'IVOIRE: LE ROYAUME DE DANEMARK:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE DJIBOUTI: LA REPUBLIQUE ARABE D'EGYPTE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DOMINICAINE: LA REPUBLIQUE DE EL SALVADOR:
Pour Pour
LE COMMONWEALTH LES EMIRATS ARABES UNIS:
DE LA DOMINIQUE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE L'EQUATEUR: LA REPUBLIQUE D'ESTONIE:
Pour Pour
L'ERYTHREE: LETHIОPIE:
Pour Pour
L'ESPAGNE: FIDJI:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE FINLANDE: LA GAMBIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE FRANCAISE: LA REPUBLIQUE DE GEORGIE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE GABONAISE: LA REPUBLIQUE DU GHANA:
Pour Pour
LE ROYAUME-UNI LA GRENADE:
DE GRANDE-BRETAGNE ET
D'IRLANDE DU NORD,
ILES DE LA MANCHE ET ILE DE MAN:
Pour Pour
LES TERRITOIRES D'OUTRE-MER LA REPUBLIQUE DU GUATEMALA:
DONT LES RELATIONS INTERNATIONALES
SONT ASSUREES PAR LE
GOUVERNEMENT DU ROYAUME-UNI
DE GRANDE-BRETAGNE
ET D'IRLANDE DU NORD:
Pour Pour
LA GRECE: LA REPUBLIQUE DE GUINEE:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE DE GUINEE-BISSAU: LA REPUBLIQUE D'HAETI:
Pour Pour
LA REPUBLIQUE LA REPUBLIQUE DU HONDURAS:
DE GUINEE EQUATORIALE:
Pour Pour
LA GUYANE: LA REPUBLIQUE DE HONGRIE:
Pour Pour
L'INDE: LA REPUBLIQUE D'IRAQ:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE D'INDONЕSIE: L'IRLANDE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE ISLAMIQUE D'IRAN: LA RЕPUBLIQUE D'ISLANDE:
Pour Pour
ISRAЕL: LA JAMAIQUE:
Pour Pour
L'ITALIE: LE JAPON:
Pour Pour
(AL) JAMAHIRIYA ARABE LIBYENNE LE ROYAUME HACHЕMITE
POPULAIRE SOCIALISTE: DE JORDANIE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU KAZAKHSTAN: LA RЕPUBLIQUE DE KIRIBATL:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE KENYA: LE KUWAIT:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU KIRGHIZISTAN: LA RЕPUBLIQUE DЕMOCRATIQUE
POPULAIRE LAO:
Pour Pour
LE ROYAUME DU LESOTHO: LA RЕPUBLIQUE LIBANAISE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE LETTONIE: LA RЕPUBLIQUE DE LIBЕRIA:
Pour Pour
L'EX-RЕPUBLIQUE YOUGOSLAVE LA PRINCIPAUTЕ DE LIECHTENSTEIN:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE LITUANIE: LA MALAISIE:
Pour Pour
LE LUXEMBOURG: LE MALAWI:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DEMOCRATIQUE LA RЕPUBLIQUE DESMALDIVES:
DE MADAGASCAR:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU MALI: MAURICE
Pour Pour
MALTE: LA RЕPUBLIQUE ISLAMIQUE
DE MAURITANIE:
Pour Pour
LE ROYAUME DU MAROC: LES ЕTATS-UNIS DU MEXIQUE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE MOLDOVA: LA RЕPUBLIQUE POPULAIRE
DU MOZAMBIQUE:
Pour Pour
LA PRINCIPAUTЕ DE MONACO: L'UNION DE MYANMAR:
Pour Pour
LA MONGOLIE: LA RЕPUBLIQUE DE NAMIBIE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE NAURU: LA RЕPUBLIQUE DU NIGER:
Pour Pour
LE NЕPAL: LA RЕPUBLIQUE FЕDЕRALE
DU NIGERIA:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU NICARAGUA: LA NORVEGE
Pour Pour
LA NOUVELLE-ZЕLANDE: LA RЕPUBLIQUE D'OUZBЕKISTAN:
Pour Pour
LE SULTANAT D'OMAN: LA RЕPUBLIQUE ISLAMIQUE
DU PAKISTAN:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE L'OUGANDA: LA RЕPUBLIQUE DE PANAMA:
Pour Pour
LA PAPOUASIE - NOUVELLE-GUINЕE: LES ANTILLES NЕERLANDAISES
ET ARUBA:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE PARAGUAY: LA RЕPUBLIQUE DU PЕROU:
Pour Pour
LES PAYS-BAS: LA RЕPUBLIQUE DES PHILIPPINES:
Pour Pour
LA POLOGNE: LA RЕPUBLIQUE DЕMOCRATIQUE
DU CONGO:
Pour Pour
LE PORTUGAL: LA RЕPUBLIQUE DЕMOCRATIQUE
DU TIMOR-LESTE:
Pour Pour
L'ЕTAT DE QATAR: LA RЕPUBLIQUE POPULAIRE
DЕMOCRATIQUE DE CORЕE:
Pour Pour
LA ROUMANIE: SAINT-CHRISTOPHE
(SAINT-KITTS)-ET-NEVIS:
Pour Pour
LA FЕDЕRATION DE RUSSIE: SAINTE-LUCIE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE RWANDAISE: LA RЕPUBLIQUE DE SAINT-MARIN:
Pour Pour
SAINT- VINCENT-ET-GRENADINES: LA RЕPUBLIQUE DЕMOCRATIQUE
DE SAO TOMЕ-ET-PRINCIPE:
Pour Pour
LES ILES SALOMON: LA REPUBLIQUE DU SENEGAL:
Pour Pour
L'ЕTAT INDЕPENDANT DE SAMOA: LA SERBIE ET-MONTЕNЕGRO:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DES SEYCHELLES: LA RЕPUBLIQUE SLOVAQUE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE SIERRA LEONE: LA RЕPUBLIQUE DE SLOVЕNIE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DE SINGAPOUR: LA RЕPUBLIQUE DЕMOCRATIQUE
DE SOMALIE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU SOUDAN: LA CONFЕDЕRATION SUISSE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE SOCIALISTE LA RЕPUBLIQUE DU SURINAME:
DЕMOCRATIQUE DE SRI LANKA:
Pour Pour
LA SUЕDE: LE ROYAUME DU SWAZILAND:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE ARABE SYRIENNE: LA RЕPUBLIQUE DU TCHAD:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU TADJIKISTAN: LA RЕPUBLIQUE TCHЕQUE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE UNIE DE TANZANIE: LA THAILANDE:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE TOGOLAISE: LA RЕPUBLIQUE TUNISIENNE:
Pour Pour
LE ROYAUME DES TONGA: LE TURKMЕNISTAN:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE LA RЕPUBLIQUE DE TURQUIE:
DE TRINITЕ-ET-TOBAGO:
Pour Pour
TUVALU: LA RЕPUBLIQUE DE VANUATU:
Pour Pour
L'UKRAINE: L'ЕTAT DE LA CITЕ DU VATICAN:
Pour Pou
LA RЕPUBLIQUE ORIENTALE LA RЕPUBLIQUE DE VENEZUELA:
DE L'URUGUAY:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE SOCIALISTE LA RЕPUBLIQUE DE ZAMBIE:
DU VIETNAM:
Pour Pour
LA RЕPUBLIQUE DU YЕMEN: LA RЕPUBLIQUE DE ZIMBABWE:
2004 жылғы 5 қазандағы Бухарест қаласында Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттама, Жалпы регламент, Пошта төлемдерінің қызметтері туралы келісім, Дүниежүзілік пошта конвенциясы, Қорытынды хаттамасының куәландырылған аудармасы көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Жиынтық талдау және
халықаралық байланыс
департаментінің директоры Е. Наурузбаева
Дүниежүзілік пошта одағының
Жалпы регламенті
Мазмұны
I тарау Одақ органдарының қызметі
101-бап. Конгрестер мен Төтенше конгрестерді ұйымдастыру және шақыру
102-бап. Әкімшілік кеңестің құрамы, қызметі және жиналысы
103-бап. Әкімшілік кеңестің қызметі туралы ақпарат
104-бап. Пошта пайдалану кеңесінің құрамы, қызметі және жиналысы
105-бап. Пошта пайдалану кеңесінің қызметі туралы ақпарат
106-бап. Консультативтік кеңестің құрамы, қызметі және жиналысы
107-бап. Консультативтік кеңестің қызметі туралы ақпарат
108-бап. Конгрестердің ішкі регламенті
109-бап. Халықаралық бюроның жұмыс тілдері
110-бап. Құжаттама, талқылаулар және қызметтік хат алмасу үшін пайдаланылатын тілдер
II тарау Халықаралық бюро
111-бап. Халықаралық бюроның Бас директорын және Бас директордың орынбасарын сайлау
112-бап. Бас директордың функциялары
113-бап. Бас директор орынбасарының функциялары
114-бап. Одақ органдарының хатшылығы
115-бап. Мүше елдердің тізімі
116-бап. Анықтамалар. Пікірлер. Актілерді түсіндіру және өзгерту туралы сұрау салулар. Сауалнамалар. Есептердегі делдалдық
117-бап. Техникалық ынтымақтастық
118-бап. Халықаралық бюро ұсынатын бланкілер
119-бап. Өңірлік одақтардың актілері және арнайы келісімдер
120-бап. Одақтың Журналы
121-бап. Екіжылдық кезең үшін Одақтың қызметі туралы есеп
III тарау Ұсыныстарды енгізу және қарау рәсімі
122-бап. Конгреске ұсыныстарды беру рәсімі
123-бап. Конгресс қабылдаған шешімдер тұрғысында жаңа Регламенттерді дайындауға қатысты ұсыныстарды Пошта пайдалану кеңесіне беруге арналған рәсім
124-бап. Екі Конгресс арасында ұсыныстарды беру рәсімі
125-бап. Екі Конгресс арасында ұсыныстарды қарау
126-бап. Екі Конгресс арасында қабылданған шешімдерді нотификациялау
127-бап. Екі Конгресс арасында қабылданған Регламенттердің және басқа да шешімдердің күшіне енуі
IV тарау Қаржы
128-бап. Одақ шығыстарының шегін белгілеу және оларды өтеу
129-бап. Автоматты санкциялар
130-бап. Жарналар кластары
131-бап. Халықаралық бюро жеткізетін материалдарға ақы төлеу
V тарау Төрелік
132-бап. Төрелік рәсімі
VI тарау Қорытынды ережелер
133-бап. Жалпы регламентке жататын ұсыныстарды қабылдау шарты
134-бап. Біріккен Ұлттар Ұйымымен Келісімдерге жататын ұсыныстар
135-бап. Жалпы регламенттің күшіне енуі және қолданылу мерзімі
Жалпы регламент
1964 жылғы 10 шілдеде Венада қол қойған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 22.2-бабының негізінде төменде қол қойған Одаққа мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері жалпы келісіммен және аталған Жарғының 25.4-бабында баяндалғанды ескере отырып, осы Жалпы регламентте Жарғыны қолдануды және Одақтың қызметін қамтамасыз ететін мынадай ережелерді әзірледі.
1-тарау
Одақ органдарының қызметі
101-бап
Конгрестер мен Төтенше конгрестерді ұйымдастыру және шақыру
(Жарғы, 14, 15-баптар)
1. Мүше елдердің өкілдері Конгресте алдыңғы Конгресті өткізген жыл аяқталған уақыттан бастап төрт жылдан кейіннен кешіктірмей жиналады.
2. Әрбір мүше ел осы елдің Үкіметі қажетті өкілеттіктерді ұсынған бір немесе бірнеше Өкілетті өкілдер Конгресте ұсынуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, оны басқа мүше елдің делегациясы ұсынуы мүмкін. Алайда, бір делегация өз елінен басқа, тек бір ғана елді ұсына алатынын өзінен өзі түсінікті.
3. Талқылау кезінде әрбір мүше ел егер, 129-бапта көзделген санкциялар қолданылатын болса ғана, бір дауысқа ие болады.
4. Жалпы, әрбір Конгресс келесі Конгресс өтетін елді айқындайды. Егер бұл шешім қолайсыз болатын болса, онда Әкімшілік кеңеске бұл мәселені онымен келіскеннен кейін Конгресс отырысы өтетін елді айқындауға құқық беріледі.
5. Халықаралық бюромен келісім бойынша шақырушы елдің Үкіметі Конгресті шақырудың түпкілікті күнін және дәл орнын белгілейді. Жалпы, шақырушы елдің Үкіметі осы күнге дейін әрбір мүше елдің Үкіметіне шақыру жібереді. Бұл шақыру тікелей немесе басқа Үкіметтің делдалдығы кезінде немесе Халықаралық бюроның Бас директоры арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Шақырушы Үкімет болмаған кезде Конгресті шақырған жағдайда Халықаралық бюро Әкімшілік кеңестің келісімімен және Швейцария Конфедерациясының Үкіметімен келісім бойынша Одақтың болуы орны елінде Конгресті шақыру және ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қабылдайды. Бұл жағдайда Халықаралық бюро шақырушы ел Үкіметінің функциясын орындайды.
7. Халықаралық бюромен келісім бойынша Төтенше конгресті шақыру орны осы Конгресті шақыру бастамасын білдірген мүше елдер айқындайды.
8. 2-6 § ережелері Төтенше конгреске ұқсас қолданылады.
102-бап
Әкімшілік кеңестің құрамы, қызметі және жиналысы
(Жарғы, 17-бап)
1. Әкімшілік кеңес екі жалғаспалы Конгресті бөлетін кезең ішінде өз функцияларын орындайтын қырық бір мүшеден тұрады.
2. Төрағалық құқық бойынша Конгресті ұйымдастырушы елге жүктеледі. Егер бұл ел өз кандидатурасын алатын болса, онда ол құқық бойынша мүше болады және осыған байланысты өзі жататын географиялық топ 3 § ережелері қолданылмайтын бір қосымша орынға ие болады. Бұл жағдайда, Әкімшілік кеңес ұйымдастырушы ел кіретін географиялық топқа жататын мүшелердің бірін Төраға етіп сайлайды.
3. Әкімшілік кеңестің қалған қырық мүшесін Конгресс әділ географиялық бөлу негізінде сайлайды. Кем дегенде, мүшелердің жартысы әрбір Конгресте жаңартылады; мүше елдің ешбірін үш жалғаспалы Конгресс сайлауы мүмкін емес.
4. Әкімшілік кеңестің әрбір мүшесі пошта саласында құзыретті болуы тиіс өз өкілін тағайындайды.
5. Әкімшілік кеңестің мүшелері өз функцияларын тегін орындайды. Бұл Кеңестің қызметі бойынша шығыстар Одақ есебіне жатады.
6. Әкімшілік кеңеске мынадай функциялар жүктеледі:
6.1. Конгрестің шешімдерін ескере отырып, пошта саласындағы Үкімет саясатына қатысты мәселелерді зерттей отырып және қызметтердің коммерциясына және бәсекелестікке қатысты халықаралық регламентарлық саясатты ескере отырып, Конгрестер арасындағы кезеңде Одақтың барлық қызметін бақылау;
6.2. өз құзыреті шеңберінде халықаралық пошта қызметінің сапасын сақтау мен арттыру және оны жаңғырту үшін қажетті кез келген шараларды қарау және бекіту;
6.3. халықаралық техникалық ынтымақтастық шеңберінде техникалық пошта көмегінің барлық нысандарын көтермелеу, үйлестіру және бақылау;
6.4. Одақтың жылдық бюджеті мен жылдық есебін қарау және бекіту;
6.5. қажет болған жағдайда 128.3-5-бапқа сәйкес шығыстар шегінің асуына рұқсат ету;
6.6. ДПО-ның Қаржылық регламентін белгілеу;
6.7. Резервтік қорға жататын қағидаларды белгілеу;
6.8. Арнайы қорды айқындайтын қағидаларды белгілеу;
6.9. Қызметтің арнайы түрлері қорын айқындайтын қағидаларды белгілеу;
6.10. Ерікті қорды айқындайтын қағидаларды белгілеу;
6.11. Халықаралық бюроның қызметін бақылауды қамтамасыз ету;
6.12. егер бұл туралы өтініш түссе, 130.6-бапта көзделген шарттарда жарналардың неғұрлым төмен класына көшуге рұқсат ету;
6.13. егер ел бұл туралы өтінішпен жүгінетін болса, мүдделі географиялық топтарға мүше елдердің пікірлерін ескере отырып, бір географиялық топтан екіншісіне көшуге рұқсат ету;
6.14. персоналдың Жарғысын және сайланатын қызметшілердің қызмет жағдайларын белгілеу;
6.15. шығыстардың белгіленген шегімен байланысты шектеулерді ескере отырып, Халықаралық бюроның жұмыс посттарын құру немесе тарату;
6.16. Әлеуметтік қордың Регламентін белгілеу;
6.17. Халықаралық бюро жасайтын Одақ қызметі және екі жылдық кезең үшін қаржылық қызмет туралы есептерді бекіту және қажет болған кезде осы мәселе бойынша өз түсіндірулерін беру;
6.18. өз функцияларын орындау үшін пошта әкімшіліктерімен байланыстар туралы мәселені шешу;
6.19. Пошта пайдалану кеңесімен консультациядан кейін де-юре бақылаушылары болып табылмайтын ұйымдармен байланыстарды орнатуға қатысты шешімдерді қабылдау, басқа халықаралық ұйымдармен ДПО-ның қатынастары туралы Халықаралық бюроның есептерін қарап, бекіту, осы байланыстарды жалғастырудың және оларды дамытудың орындылығына қатысты шешімдер қабылдау; Пошта пайдалану кеңесімен және Бас хатшымен консультациялардан кейін қандай халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға, кәсіпорындарға және білікті тұлғаларға, егер бұл Одақтың мүдделеріне сәйкес келетін немесе Конгресс жұмысына пайда әкелетін болса, Конгрестің және оның Комиссияларының белгілі бір отырыстарына өкілдерді жіберу ұсынылуы тиістігін уақтылы айқындау және Халықаралық бюроның Бас директорына тиісті шақырулар жіберуді тапсыру;
6.20. ол мұны орынды деп есептеген жағдайларда, Пошта пайдалану кеңесі елеулі қаржы салдарлары бар мәселелерді (тарифтер, түпкілікті шығыстар, транзиттік шығыстар, поштаны авиатасымалдау үшін негізгі тариф және шетелге жазбаша хат-хабарларды беру) зерттеу кезінде ескеруі тиіс қағидаттарды белгілеу, бұл мәселелерді зерделеу үшін мұқият қадағалау және жоғарыда аталған қағидаттарға олардың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сол мәселелерге қатысты Пошта пайдалану кеңесінің ұсыныстарын қарастыру және бекіту;
6.21. Конгрестің, Пошта пайдалану кеңесінің немесе пошта әкімшіліктерінің өтініші бойынша Одақ немесе халықаралық пошта қызметі үшін қызығушылық білдіретін әкімшілік, заңнама және заң тәртібі проблемаларын зерттеу. Әкімшілік кеңеске Конгрестер арасындағы аралықта пошта әкімшіліктері талап ететін зерттеулерді жүргізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы мәселені тиісті салаларда шешу қажет;
6.22. 124-бапқа сәйкес не Конгреске не пошта әкімшіліктеріне бекітуге ұсынылатын ұсыныстарды жасау;
6.23. қажет болған жағдайда өз құзыреті шеңберінде әзірге бұл мәселені Конгресс шешпейінше регламенттеуді немесе жаңа практиканы қабылдауға қатысты Пошта пайдалану кеңесінің ұсынымдарын бекіту;
6.24. Пошта пайдалану кеңесі жасаған жылдық есепті және оларға ұсынылған ұсыныстарды тиісті жағдайда қарастыру;
6.25. 104.9.16-бапқа сәйкес Пошта пайдалану кеңесінің қарауына зерттеу тақырыптарын ұсыну;
6.26. 101.4-бапқа көзделген жағдайда келесі Конгресті өткізу орны елін айқындау;
6.27. уақтылы және Пошта пайдасының Кеңесімен консультациядан кейін Конгрестің жұмысын табысты өткізу үшін қажетті Комиссиялардың санын айқындау және олардың функцияларын айқындау;
6.28. Пошта пайдалану кеңесімен консультациядан кейін, сондай-ақ Конгрестің мақұлдауы шартымен:
- мүше елдерді әділ географиялық бөлу бұл қаншалықты мүмкін екендігін ескере отырып, Конгресс төрағасы орынбасарының функциясын орындау;
- шектеулі құраммен Конгресс Комиссияларына қатысуға қабілетті мүше елдерді белгілеу.
6.29. Конгреске ұсынылатын және Халықаралық бюроның көмегімен Пошта пайдалану кеңесі жасайтын стратегиялық жоспардың жобасын қарау және бекіту; Пошта пайдалану кеңесінің ұсынымдары негізінде Конгресс қабылдаған жоспарды жыл сайынғы түзетуді қарап, бекіту және жоспарды әзірлеумен және жыл сайынғы түзетумен Пошта пайдалану кеңесімен бірге жұмыс істеу;
6.30. Консультативтік комитетті ұйымдастыру шеңберін айқындау және 106-баптың ережелеріне сәйкес оның жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
6.31. Консультативтік комитетке қосылу өлшемдерін айқындау және бұл өтініштер Әкімшілік кеңестің жиналыстары арасындағы жеделдетілген ресімге сәйкес қаралатындығына кепілдік бере отырып, осы өлшемдерге сәйкес қосылу туралы өтінішті мақұлдау немесе одан бас тарту;
6.32. Консультативтік комитеттің құрамына кіретін мүшелерді тағайындау;
6.33. Консультативтік комитеттің есептері мен ұсынымдарын алу және оларды талқылау, сондай-ақ оның ұсынымдарын Конгреске ұсыну үшін қарастыру.
7. Әкімшілік кеңесі Конгресс төрағасы шақыратын өзінің бірінші отырысында өз мүшелері ішінен төрағаның төрт орынбасарын сайлайды және өзінің Ішкі регламентін бекітеді.
8. Әкімшілік кеңесі өз төрағасының шақыруы бойынша жалпы алғанда, Одақтың болу орнында жылына бір рет жиналады.
9. Төраға, Төрағаның орынбасарлары, Әкімшілік кеңесі Комиссияларының Төрағалары, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау жөніндегі топтың Төрағасы Басқарушы комитетті құрады. Бұл Комитет Әкімшілік кеңестің әрбір сессиясын дайындайды және жұмысына басшылық жасайды. Ол Әкімшілік кеңестің атынан Одақтың қызметі туралы Халықаралық бюро жасайтын жылдық есепті мақұлдайды, сондай-ақ Әкімшілік кеңесі оған шешуді тапсыратын немесе қажеттілігі стратегиялық жоспарлау процесінде туындайтын барлық міндеттерді орындайды.
10. Конгресс уақытында өтетін жиналыстарды қоспағанда, осы орган сессияларының жұмысына қатысатын Әкімшілік кеңестің әрбір мүшесі өкілінің не сол жерге және кері қарай экономикалық класс бойынша авиабилеттің немесе 1-классты темір жол билетінің құнын не бұл құн авиабилеттің экономикалық класс бойынша сол жерге немесе кері қарай құнынан аспайды деген шартпен басқа кез келген көлік түрімен жол жүру құнын өтеуге құқығы бар. Оның Комиссияларының, оның Жұмыс топтарының немесе оның басқа органдарының әрбір мүшесінің өкіліне, егер олар жиналысты Конгрестен немесе Кеңес сессияларынан тыс өткізсе, осындай құқық беріледі.
11. Пошта пайдалану кеңесінің Төрағасы оны күн тәртібінде ол басшылық жасайтын органға қатысты мәселелер тұратын Әкімшілік кеңесінің отырыстарында білдіреді.
12. Консультативтік комитеттің Төрағасы оны күн тәртібінде Консультативтік комитет үшін қызығушылық білдіретін мәселелер енгізілген Әкімшілік кеңестің жиналыстарында білдіреді.
13. Пошта пайдалану кеңесі екі органның жұмысында тиімді байланысты қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде Әкімшілік кеңестің жиналыстарына қатысу үшін өкілдерін тағайындай алады.
14. Әкімшілік кеңестің жиналыстары өтетін елдің пошта әкімшілігі, егер бұл ел Әкімшілік кеңестің мүшесі болып табылмайтын болса, бақылаушы ретінде осы жиналыстарға қатысуға шақырылады.
15. Әкімшілік кеңесі өз жиналыстарында қатысуға дауыс беру құқығынсыз өз жұмысына қатысуға тартуды қалайтын кез келген халықаралық ұйымды, қауымдастықтардың немесе кәсіпорындардың кез келген өкілін немесе кез келген білікті тұлғаны шақыра алады. Ол осындай талаппен өзіндік құн тәртібінде көзделген мәселелерге мүдделі мүше елдердің бір немесе бірнеше өкілеттіктерін шақырады.
16. Төменде көрсетілген бақылаушылар олардың өтініші бойынша дауыс беру құқығынсыз Әкімшілік кеңесінің пленарлық жиналыстарында және Комиссиялардың жиналыстарында қатыса алады:
16.1. Пошта пайдалану кеңесінің мүшелері;
16.2. Консультативтік комитеттің мүшелері;
16.3. Әкімшілік кеңестің жұмысына қызығушылық білдіретін үкіметаралық ұйымдар;
16.4. Одақтың басқа да мүше елдері.
17. Материалдық-техникалық пайымдар бойынша Әкімшілік кеңес бақылаушылардың бір тұлғасының ғана қатысуын шектей алады. Ол талқылаулар уақытында олардың сөз сөйлеу құқығын да шектей алады.
18. Әкімшілік кеңесінің мүшелері оның қызметіне белсенді қатысады. Бақылаушыларға олардың өтініштері бойынша Кеңес оның жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін белгілеуі мүмкін жағдайларды сақтай отырып, жүргізілетін зерттеулерге қатысуға рұқсат берілуі мүмкін. Оларға олардың білімі немесе тәжірибесі мұны ақтайтын жағдайларда жұмыс және жобалау топтарында төрағалық та ұсынылуы мүмкін. Бақылаушылардың қатысуы Одақ үшін қосымша шығыстарды тудырмауы тиіс.
19. Айрықша жағдайларда бақылаушылар жиналыстарға немесе жиналыстардың бір бөлігіне жіберілмеуі мүмкін. Сондай-ақ, егер оны жиналыс тақырыбы немесе құжат құпиялылығы талап ететін болса, олардың кейбір құжаттарды алу құқығы шектелуі мүмкін; мұндай шектеу туралы шешімді әрбір жеке жағдайда кез келген мүдделі орган немесе оның төрағасы қабылдауы мүмкін; әрбір жеке жағдай егер, қаралатын мәселелер осы орган үшін қызығушылық білдіретін болса, Әкімшілік кеңесінің немесе Пошта пайдалану кеңесінің назарына жеткізілуі тиіс. Егер, Әкімшілік кеңесі қажет деп тапқан жағдайда, егер бұл орынды болып табылған жағдайда, ол Пошта пайдалану кеңесімен бірге кейіннен осы шектеулерді қайта қарауы мүмкін.
103-бап
Әкімшілік кеңестің қызметі туралы ақпарат
1. Әрбір сессиядан кейін Әкімшілік кеңес оларға, атап айтқанда, талдау есебін, сондай-ақ, өз қарарлары мен шешімдерін жібере отырып, өз қызметі туралы Одаққа мүше елдерге, Өңірлік одақтарға және Консультативтік кеңестің мүшелеріне хабарлайды.
2. Әкімшілік кеңес Конгреске өзінің барлық қызметі туралы есепті ұсынады және оны Конгресс басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей Одаққа мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне және Консультативтік комитеттің мүшелеріне жібереді.
104-бап
Пошта пайдалану кеңесінің құрамы, қызметі және оның жиналысы
(Жарғы, 18-бап)
1. Пошта пайдалану кеңесі өз функцияларын дәйекті екі Конгресті бөлетін кезең ішінде орындайтын қырық мүшеден тұрады.
2. Пошта пайдалану кеңесінің мүшелерін Конгресс ерекше географиялық бөлу негізінде сайлайды. Жиырма төрт орын дамушы елдерге және он алты орын - дамыған елдерге беріледі. Кем дегенде мүшелердің үштен бірі әрбір Конгресте жаңартылады.
3. Пошта пайдалану кеңесінің әрбір мүшесі қызметтер көрсету саласындағы Одақ Актілерінің ережелеріне сәйкес жауапты болатын өз өкілін тағайындайды.
4. Пошта пайдалану кеңесінің қызметіне байланысты шығыстарды Одақ жабады. Оның мүшелері ешқандай сыйақы алмайды. Пошта пайдалану кеңесінің жұмысына қатысатын пошта әкімшіліктері өкілдерінің жол жүрулері мен келуіне байланысты шығыстарды осы әкімшіліктер жабады. Алайда Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімдеріне сәйкес әрбір мүше елдің өкілі қолайсыз жағдайда деп қаралады, Конгресс уақытында өтетін жиналыстарды қоспағанда, не сол жерге және кері қарай экономикалық кластағы авиабилеттің немесе 1-классты темір жол билетінің құнын не бұл құн авиабилеттің экономикалық кластағы сол жерге немесе кері қарай құнынан аспайды деген шартпен басқа кез келген көлік түрімен жол жүру құнын өтеуге құқығы бар.
5. Конгресс төрағасы шақыратын және ашатын өзінің бірінші жиналысында Пошта пайдалану кеңесі өз мүшелерінің қатарынан төрағаны, төрағаның орынбасарын, Комиссия төрағаларын және Стратегиялық жоспарлау тобының төрағасын сайлайды.
6. Пошта пайдалану кеңесі өзінің Ішкі регламентін белгілейді.
7. Пошта пайдалану кеңесі, жалпы алғанда, Одақтың болуы орнында әр жылы жиналады. Жиналыстың күні мен орнын Әкімшілік кеңестің Төрағасымен және Халықаралық бюроның Бас директорымен келісім бойынша оның төрағасы белгілейді.
8. Төраға, төрағаның орынбасары, Пошта пайдалану кеңесі Комиссияларының төрағалары және Стратегиялық жоспарлау тобының төрағасы Басқарушы комитетті құрады. Бұл комитет Пошта пайдалану кеңесінің әрбір сессиясын дайындап, оның жұмысына басшылық жасайды және ол оған тапсыратын немесе қажеттілігі стратегиялық жоспарлау үдерісінде туындайтын барлық міндеттерді орындайды.
9. Пошта пайдалану кеңесіне мынадай функциялар жүктеледі:
9.1. Одақтың барлық мүше елдерінің пошта әкімшіліктері үшін қызығушылық туғызатын пайдалану, коммерциялық, техникалық, экономикалық тәртіппен техникалық ынтымақтастықтың аса маңызды мәселелеріне, атап айтқанда елеулі қаржылық салдарлары бар мәселелерге (тарифтер, түпкі шығыстар, транзиттік шығыстар, поштаның әуе тасымалына арналған негізгі тарифтер, пошта посылкалары үшін тарифтердің үлестері және жазбаша хат-хабарлардың жөнелтімдерін шетелге жіберу) зерделеу жүргізу, ақпаратты және олардың тақырыптары бойынша қорытындылар; және оларға қатысты қабылдануы тиіс шаралар ұсынымдарын әзірлеу;
9.2. егер, тек бұл Конгресс ғана өзге шешім қабылдамаса, Конгресс жабылғаннан кейін алты ай ішінде Одақ Регламенттерін қайта қарауды жүзеге асыру. Жедел қажет болған жағдайда Пошта пайдалану кеңесі басқа сессияларда аталған Регламенттерді де өзгерте алады. Екі жағдайда да Пошта пайдалану кеңесі саясат пен негізгі қағидаттарға қатысты Әкімшілік кеңестің директиваларына бағынады.
9.3. халықаралық пошта қызметтерін дамыту және жақсарту үшін практикалық шараларды үйлестіру;
9.4. Әкімшілік кеңес мақұлдаған жағдайда соңғысының құзыреті шеңберінде халықаралық пошта қызметінің сапасын сақтап, арттыру және оны жаңғырту үшін қажетті деп саналатын кез келген қызметті жүзеге асыру;
9.5. 125-бапқа сәйкес Конгреске немесе пошта әкімшіліктеріне мақұлдауға ұсынылатын ұсыныстарды дайындау; Әкімшілік кеңестің бұл ұсыныстар осы органның құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мақұлдауы талап етіледі;
9.6. осы пошта әкімшілігі 124-баптың негізінде Халықаралық бюроға жіберетін кез келген ұсынысты мүше елдің пошта әкімшілігінің өтініші бойынша қарастыру, ол бойынша ескертулерді дайындау және Бюроның мүше елдердің пошта әкімшіліктерінің мақұлдауына ұсыну алдында көрсетілген ұсынысқа оларды қоса ұсынуды тапсыру;
9.7. қажет болған жағдайда және Әкімшілік кеңесінің мақұлдауынан мүмкін әзірге Конгресс осы мәселе бойынша шешім қабылдамай регламентацияны немесе жаңа практиканы барлық пошта әкімшіліктерінің қабылдауын күтуді консультациядан кейін ұсынымдар;
9.8. практика стандарттауды талап ететін техникалық, пайдалану және басқа да салалардағы нормативтерді пошта әкімшіліктерінің ұсынымдары нысанында әзірлеу және ұсыну. Оның үстіне, қажет болған жағдайда ол оларға белгіленген нормативтерге өзгерістер енгізеді;
9.9. Әкімшілік кеңесімен консультациядан кейін және оны мақұлдау кезінде Конгреске ұсыну үшін Халықаралық бюро әзірлеген ДПБ стратегиялық жоспарының жобасын қарайды; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі топ, сондай-ақ Халықаралық бюро жәрдемдескен жағдайда және Әкімшілік кеңесі мақұлдаған жағдайда Конгресс мақұлдаған жоспарды жыл сайын қайта қарайды;
9.10. Пошта пайдалану кеңесінің жауапкершілігі мен функцияларына жататын бөлімдер бөлігінде Одақтың қызметі туралы Халықаралық бюроның жылдық есебін бекіту;
9.11. өзіне оған жүктелген функцияларды орындау үшін пошта әкімшіліктері орнатуы қажет байланыстарға қатысты шешімдерді қабылдау;
9.12. жас және дамушы елдерді қызықтыратын оқыту және кәсіби дайындық жөніндегі мәселелерді зерттеу;
9.13. пошта қызметтері үшін қызығушылық туғызатын техника, пайдалану, экономика және кәсіби дайындық саласындағы кейбір елдердің тәжірибесі мен жетістіктерін зерттеу және тарату мақсатында қажетті шараларды қабылдау;
9.14. жас және дамушы елдердегі пошта қызметтерінің қазіргі ережелері мен қажеттіліктерін зерттеу және осы елдердегі пошта қызметтерін жақсартудың жолдары мен құралдары туралы тиісті ұсынымдарды әзірлеу;
9.15. Әкімшілік кеңеспен келісім бойынша Одақтың барлық мүше елдерімен, әсіресе, жас және дамушы елдермен техникалық ынтымақтастық саласындағы тиісті шараларды қабылдау;
9.16. Пошта пайдалану кеңесінің қандай да бір мүшесі, Әкімшілік кеңесі немесе кез келген басқа мүше елдің пошта әкімшілігі өзіне ұсынған барлық басқа мәселелерді қарау;
9.17. Пошта пайдалану кеңесі үшін қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша Консультативтік комитеттің есептері мен ұсынымдарын алу және талқылау, Конгреске ұсыну үшін Консультативтік комитеттің ұсынымдары бойынша ескертулерді енгізу және қарастыру;
9.18. Консультативтік комитеттің құрамына кіретін мүшелерді тағайындау.
10. Конгресс бекіткен және атап айтқанда, Одақтың тұрақты органдарының стратегиясына қатысты бөлігінде стратегиялық жоспар негізінде Пошта пайдалану кеңесі Конгрестен кейін өзінің келесі сессиясында стратегияларды іске асыруға бағытталған бірқатар тактикаларды қамтитын негізгі жұмыс бағдарламасын жасайды. Көкейкесті тақырыптар және жалпы қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша жұмыс түрлерінің шектеулі санын қамтитын бұл негізгі бағдарлама жаңа жағдайлар мен басымдықтарға, сондай-ақ, стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістерге байланысты жыл сайын қайта қаралады.
11. Әкімшілік кеңесі екі органның жұмысында тиімді байланысты қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде Пошта пайдалану кеңесінің жиналыстарына қатысу үшін өкілдерін тағайындай алады.
12. Төменде көрсетілген бақылаушылар өздерінің өтініштері бойынша дауыс беру құқығынсыз Пошта пайдалану кеңесінің пленарлық жиналыстарына және Комиссиялардың жиналыстарына қатыса алады:
12.1 Әкімшілік кеңестің мүшелері;
12.2. Консультативтік комитеттің мүшелері;
12.3. Пошта пайдалануы кеңесінің жұмысына мүдделі үкіметаралық ұйымдар;
12.4. Одақтың басқа мүше елдері.
13. Материалдық-техникалық пайымдар бойынша Пошта пайдалану кеңесі бақылаушылардың қатысуын бір тұлғамен шектей алады. Ол талқылаулар кезінде олардың сөз алу құқығын да шектей алады.
14. Пошта пайдалану кеңесінің мүшелері оның қызметіне белсенді қатысады. Бақылаушыларға олардың өтініштері бойынша Кеңес оның жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасайтын жағдайды сақтай отырып, өткізілетін зерттеулерге қатысуға рұқсат берілуі мүмкін. Оларға олардың білімдері немесе тәжірибесі мұны ақтайтын кезде жұмыс және жобалау топтарында төрағалық ету де ұсынылуы мүмкін. Бақылаушылардың қатысуы Одақ үшін қосымша шығыстар тудырмауға тиіс.
15. Айрықша жағдайларда бақылаушылар жиналыстарға немесе жиналыстардың бір бөлігіне жіберілмеуі мүмкін. Сондай-ақ, егер оны жиналыстар тақырыбының немесе құжаттың құпиялығы талап ететін болса, олардың кейбір құжаттарды алу құқығы шектелуі мүмкін; мұндай шектеу туралы шешімді әрбір жеке жағдайда кез келген мүдделі орган немесе оның төрағасы қабылдауы мүмкін; әрбір жеке жағдай егер, қарастырылатын мәселелер осы орган үшін ерекше қызығушылық білдіретін болса, Әкімшілік кеңесінің және Пошта пайдалану кеңесінің назарына жеткізілуі тиіс. Егер Әкімшілік кеңесі қажет деп тапқан жағдайда, ол Пошта пайдалану кеңесімен бірге кейіннен осы шектеулерді қайта қарауы мүмкін.
16. Консультативтік кеңестің Төрағасы оны күн тәртібіне Консультативтік комитет үшін қызығушылық туғызатын мәселелер енгізілген Пошта пайдалану кеңесінің жиналыстарында білдіреді.
17. Пошта пайдалану кеңесі дауыс беру құқығынсыз өз жиналыстарына мыналарды қатысуға шақыра алады:
17.1. ол өз жұмысына тартқысы келетін кез келген халықаралық ұйым немесе кез келген білікті тұлға;
17.2. Пошта пайдалану кеңесінің құрамына кірмейтін мүше елдердің пошта әкімшіліктері;
17.3. өз қызметіне қатысты мәселелер бойынша консультация жүргізгісі келетін кез келген қауымдастық немесе кәсіпорын.
105-бап
Пошта пайдалану кеңесінің қызметі туралы ақпарат
1. Әрбір сессиядан кейін Пошта пайдалану кеңесі оларға, атап айтқанда талдау есебін, сондай-ақ өз қарарлары мен шешімдерін жібере отырып, өз қызметі туралы Одаққа мүше елдерге, өңірлік одақтарға және Консультативтік комитеттің мүшелеріне хабарлайды.
2. Пошта пайдалану кеңесі Әкімшілік кеңесі үшін өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті жасайды.
3. Пошта пайдалану кеңесі Конгреске өзінің барлық қызметі туралы жан-жақты есепті ұсынады және оны Конгресс басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей Одаққа мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне және Консультативтік комитеттің мүшелеріне жібереді.
106-бап
Консультативтік комитеттің құрамы, қызметі және жиналыстары
1. Консультативтік комитеттің мақсаты осы сөздің кең мағынасында пошта секторының мүдделерін білдіруден және мүдделі тараптар арасында тиімді диалогты қамтамасыз ету үшін орган ретінде қызмет етуден тұрады. Оған тұтынушылардың мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдар, поштаны жеткізу жөніндегі қызметтер провайдерлері, қызметкерлер ұйымдары, пошта секторы үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер, сондай-ақ халықаралық пошта қызметтерінің қызметіне мүдделі жеке тұлғаларды немесе компанияларды біріктіретін ұйымдар кіреді. Егер бұл ұйым тіркелген болса, онда олар Одаққа мүше елде де тіркелуге тиіс. Әкімшілік кеңесі мен Пошта пайдалану кеңесі Консультативтік комитеттің құрамына өзінің тиісті мүшелерін белгілейді. Әкімшілік кеңесі және Пошта пайдалану кеңесі белгілейтін мүшелерден басқа Консультативтік комитетіндегі мүшелік Әкімшілік кеңесі айқындайтын және 102.6.31-бапқа сәйкес жүзеге асырылатын өтінішті беру мен оны бекіту үдерісінің нәтижесінде айқындалады.
2. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі өзінің меншікті өкілін белгілейді.
3. Консультативтік комитеттің қызметіне байланысты шығыстар Әкімшілік кеңесі белгілеген нысандарға сәйкес Одақ пен Комитет мүшелері арасында бөлінеді.
4. Консультативтік комитеттің мүшелері ешқандай сыйақы немесе өтемақы алмайды.
5. Консультативтік комитет Әкімшілік кеңес айқындайтын жағдайларға сәйкес әрбір Конгрестен кейін қайта жасақталады. Әкімшілік кеңестің төрағасы Консультативтік комитеттің ұйымдастырушылық жиналысында Төраға болып табылады, ол осы жиналыста осы Комитеттің Төрағасын сайлайды.
6. Консультативтік комитет өзінің ішкі ұйымдастырылуын айқындайды және Пошта пайдалану кеңесімен консультациялардан кейін Әкімшілік кеңестің ішкі мақұлдауымен және Одақтың жалпы қағидаттарын ескере отырып, өзінің меншікті ішкі регламентін әзірлейді.
7. Консультативтік комитет жылына екі рет жиналыс өткізеді. Жиналыстар, жалпы алғанда, Әкімшілік кеңестің және Пошта пайдалану кеңесінің сессияларын өткізу кезеңінде Одақтың штаб-пәтерінде өтеді. Әрбір жиналыстың күні мен орнын Әкімшілік кеңесі мен Пошта пайдалануы кеңесі Төрағаларының және Халықаралық бюроның Бас директорының келісімімен Консультативтік комитеттің Төрағасы белгілейді.
8. Консультативтік комитет мынадай функцияларға сәйкес өзінің меншікті бағдарламасын әзірлейді:
8.1. Әкімшілік кеңесінің және Пошта пайдалану кеңесінің тиісті құжаттары мен есептерін қарастыру; ерекше жағдайларда егер, бұл жиналыс немесе құжат арналған тақырыптың құпиялығын сақтау үшін қажет болса, белгілі бір мәтіндер мен құжаттарды алу құқығы шектелуі мүмкін; мұндай шектеу туралы шешімді әрбір жеке жағдайда тиісті орган немесе оның Төрағасы қабылдауы мүмкін; әрбір белгілі бір жағдай туралы, егер бұл осы орган үшін қызығушылық туғызатын мәселелерге қатысты болатын болса, Әкімшілік кеңеске және Пошта пайдалану кеңесіне хабарланатын болады; шектеулерде, егер бұл қажет болатын болса, Пошта пайдалану кеңесімен консультациялардан кейін Әкімшілік кеңесі кейіннен қайта қарауы мүмкін;
8.2. зерделеу жүргізу және Консультативтік комитеттің мүшелері үшін маңызды мәселелерді талқылау;
8.3. пошта қызметінің секторына жататын мәселелерді зерделеу және осы мәселелер бойынша есептер ұсыну;
8.4. Әкімшілік кеңесінің және Пошта пайдалану кеңесінің, атап айтқанда екі Кеңестің өтініші бойынша есептер мен ұсынымдарды беріп және өз пікірін хабарлай отырып, жұмысына жәрдемдесу;
8.5. Әкімшілік кеңес мақұлдаған жағдайда Пошта пайдалану кеңесі қарап, түсіндірулерінен кейін соңғысы қызығушылық білдіретін мәселелер бойынша ұсынымдар беру.
9. Әкімшілік кеңестің Төрағасы және Пошта пайдалану кеңесінің Төрағасы бұл органдарды егер, осы жиналыстардың күн тәртібіне осы органдар үшін қызығушылық білдіретін мәселелер енгізілген Консультативтік комитеттің жиналыстарында білдіреді.
10. Одақ органдарымен тиімді байланысты қамтамасыз ету үшін Консультативтік комитет Конгрестің, Әкімшілік кеңестің және Пошта пайдалану кеңесінің жиналыстарында, сондай-ақ дауыс беру құқығынсыз бақылаушылар ретінде олардың тиісті Комиссияларының жиналыстарына қатысатын өкілдерін тағайындай алады.
11. Консультативтік комитеттің мүшелері 102.16 және 104.12-баптарға сәйкес Әкімшілік кеңестің және Пошта пайдалану кеңесінің пленарлық жиналыстары мен Комиссиялардың жиналыстарына олардың өтініші бойынша қатыса алады. Олар сондай-ақ 102.18 және 104.14-баптардың ережелеріне сәйкес жобалау және жұмыс топтарының жұмысына қатыса алады. Консультативтік комитеттің мүшелері дауыс беру құқығынсыз бақылаушы ретінде Конгреске қатыса алады.
12. Төменде көрсетілген бақылаушылар өздерінің өтініштері бойынша Консультативтік комитеттің жиналыстарына дауыс беру құқығынсыз қатыса алады:
12.1. Әкімшілік кеңестің және Пошта пайдалану кеңесінің мүшелері;
12.2. Консультативтік комитеттің жұмысына мүдделі үкіметаралық ұйымдар;
12.3. өңірлік одақтар;
12.4. Одақтың басқа мүшелері.
13. Материалдық-техникалық пайымдар бойынша Консультативтік комитет бақылаушылардың қатысуын бір тұлғамен шектей алады. Ол талқылаулар кезінде олардың сөз алу құқығын да шектей алады.
14. Айрықша жағдайларда бақылаушылар жиналыстарға немесе жиналыстардың бір бөлігіне жіберілмеуі мүмкін. Сондай-ақ, егер оны жиналыстар тақырыбы немесе құжат құпиялығы талап ететін болса, олардың кейбір құжаттарды алу құқығы шектелуі мүмкін; мұндай шектеу туралы шешімді әрбір жеке жағдайда кез келген мүдделі орган немесе оның төрағасы қабылдауы мүмкін; әрбір жеке жағдай егер, қаралатын мәселелер осы орган үшін ерекше қызығушылық білдіретін болса, Әкімшілік кеңесінің және Пошта пайдалану кеңесінің назарына жеткізілуі тиіс. Егер Әкімшілік кеңесі қажет деп тапқан жағдайда, егер бұл орынды болып табылған жағдайда, ол Пошта пайдалану кеңесімен бірге кейіннен осы шектеулерді қайта қарауы мүмкін.
15. Халықаралық бюро Бас директордың басшылығымен Консультативтік комитет хатшылығының функциясын орындайтын болады.
107-бап
Консультативтік комитеттің қызметі туралы ақпарат
1. Әрбір сессиядан кейін Консультативтік комитет осы органдардың Төрағаларына, атап айтқанда, өз жиналыстарының талдау есебін, сондай-ақ өз қарарлары мен шешімдерін жібере отырып, өз қызметі туралы Әкімшілік кеңеске және Пошта пайдалану кеңесіне хабарлайды.
2. Консультативтік комитет Әкімшілік кеңес үшін Пошта пайдалану кеңесіне бір данасын жібере отырып, өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті жасайды.
3. Консультативтік комитет Конгреске өзінің барлық қызметі туралы есепті ұсынады және оны Конгрестің ашылуына дейін кемінде екі ай бұрын Одаққа мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне жібереді.
108-бап
Конгрестердің ішкі регламенті
(Жарғы, 14-бап)
1. Конгресс өз жұмысын ұйымдастыру және талқылауларды өткізу үшін Конгрестердің Ішкі регламентін қолданады.
2. Әрбір Конгресс Ішкі регламенттің өзінде айқындалған жағдайларда осы Регламентті өзгерте алады.
109-бап
Халықаралық бюроның жұмыс тілдері
Француз және ағылшын тілдері Халықаралық бюроның жұмыс тілдері болып табылады.
110-бап
Құжаттама, талқылаулар және қызметтік хат-хабарлар
үшін пайдаланылатын тілдер
1. Одақтың құжаттамасы француз, ағылшын, араб және испан тілдерінде жасалады. Осы тілдерде басу негізгі, неғұрлым маңызды құжаттамамен шектеу шартымен неміс, қытай, португал және орыс тілдері де пайдаланылады. Сонымен қатар, талап ететін мүше елдер олар үшін барлық шығыстарды көтеру шартымен басқа тілдер пайдаланылуы мүмкін.
2. Ресми тілден басқа қандай да бір басқа тілді пайдалануға ниет білдірген мүше ел немесе мүше елдер лингвистикалық топты құрайды.
3. Құжаттаманы Халықаралық бюро ресми тілде және Халықаралық бюромен уағдаластыққа сәйкес бекітілген лингвистикалық топтардың тілдерінде тікелей немесе осы топтардың өңірлік бюроларының делдалдығы кезінде жариялайды. Әртүрлі тілдерде жариялау да осындай жолмен жүргізіледі.
4. Халықаралық бюро тікелей жариялайтын құжаттама мүмкіндігіне қарай бір мезгілде сұрау салынатын әртүрлі тілдерде жіберіледі.
5. Пошта әкімшіліктері мен Халықаралық бюро, сондай-ақ осы соңғы және үшінші тұлға арасындағы хат алмасу Халықаралық бюроның аударма қызметтерінде пайдаланылатын кез келген тілде жүргізілуі мүмкін.
6. § 5 қолдануға байланысты шығыстарды қоса алғанда, кез келген тілге аудару бойынша шығыстар мүшелері аталған тілде құжаттарды сұратқан сол лингвистикалық топтың есебіне жатады. Ресми тілді пайдаланатын мүше елдер жарна бірлігі бойынша сомасы Халықаралық бюроның басқа жұмыс тілін пайдаланатын мүше елдер төлейтін сомаға тең ресми емес құжаттардың аудармасы үшін алдын ала белгіленген жарнаны енгізеді. Құжаттарды жіберуге қатысты барлық қалған шығыстарды Одақ көтереді. Неміс, қытай, португал және орыс тілдерінде құжаттарды басу үшін Одақ көтеретін шығыстардың шегі Конгрестің қарарында белгіленеді.
7. Қандай да бір лингвистикалық топтың есебіне жатқызылатын шығыстар Одақтың шығыстарына олардың жарналарына тең етіп осы топтың мүшелері арасында бөлінеді. Бұл шығыстар топтың өкілі арқылы Халықаралық бюроға өз шешімін хабарландыру және өз арасында уағдаластықтардың болуы шартымен, басқа кез келген дара қатынастағы лингвистикалық топтың мүшелері арасында бөлінуі мүмкін.
8. Халықаралық бюро мүше ел сұрайтын тілді таңдаудағы кез келген өзгерісті екі жылдан аспауы тиіс мерзім ішінде назарға алады.
9. Одақтың органдарындағы жиналыстарда талқылау кезінде таңдау Халықаралық бюроның Бас директорымен және мүдделі мүше елдермен консультациялардан кейін жиналысты ұйымдастырушылардың қарауына берілетін электрондық жабдықты пайдалана отырып немесе онсыз аударма жүйесі арқылы француз, ағылшын, испан және орыс тілдерін пайдалануға рұқсат етіледі.
10. Басқа тілдерді де § 9 көрсетілген талқылаулар мен жиналыстарды өткізу уақытында пайдалануға рұқсат етіледі.
11. Басқа тілдерді пайдаланатын делегациялар § 9 аталған тілдердің біріне ілеспе аударманы немесе техникалық тәртіптегі қажет өзгерістерді осы жүйеге енгізу мүмкіндігі болған кезде, осы § көрсетілген жүйені қолдану жолымен не жеке аудармашыларды пайдалану жолымен қамтамасыз етеді.
12. Ілеспе аудармаға байланысты шығыстар бір тілді пайдаланатын мүше елдер арасында, Одақ шығыстарының жарналарына тең бөлінеді. Алайда, жабдықты орнату және техникалық ұстау бойынша шығыстар Одақ есебіне жатады.
13. Пошта әкімшіліктері өздері қызметтік хат-хабар алмасуда пайдаланатын тілге қатысты уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмаған кезде француз тілі қолданылады.
II ТАРАУ
Халықаралық бюро
111-бап
Халықаралық бюроның Бас директорын және
Бас директордың орынбасарын сайлау
1. Халықаралық бюроның Бас директоры мен Бас директордың орынбасары Конгресте дәйекті екі Конгресті бөлетін кезеңде Конгресте сайланады әрі олардың өкілеттіктерінің ең төменгі ұзақтығы төрт жылды құрайды. Өкілеттіктер тек қана бір рет жаңартылады. Егер Конгрестің өзге шешімі болмаса, онда олар өз лауазымына Конгрестен кейінгі жылдың 1 қаңтарында кіріседі.
2. Ең аз дегенде Конгресс ашылғанға дейін жеті ай бұрын Халықаралық бюроның Бас директоры мүше елдердің үкіметтеріне Бас директордың және Бас директордың орынбасарының орындарына кандидатуралар беруді ұсынып және бір мезгілде Бас директор мен Бас директордың орынбасары өздерінің өкілеттіктерін қайта жаңарту мүмкіндігіне қызығушылығының бар немесе жоқ екендігін көрсете отырып, нота жібереді. Кандидатуралар өмірбаянымен бірге Халықаралық бюроға ең аз дегенде Конгресс ашылғанға дейін екі ай бұрын келуге тиіс. Кандидаттар өздерін ұсынатын мүше елдердің азаматтары болуға тиіс. Бас директорды және Бас директордың орынбасарын сайлау құпия дауыс берумен жүргізіледі. Алғашқы болып Бас директордың лауазымына сайлау жүргізіледі.
3. Бас директордың лауазымына бос орын болған жағдайда Бас директордың орынбасары Бас директор үшін көзделген өкілеттіктер аяқталғанға дейін оның функцияларын орындайды; оның осы орынға сайлануға құқығы болады және қызметтік тәртіппен оның Бас директордың орынбасары ретіндегі өкілеттігі өткен Конгресте жаңартылған жағдайда, сондай-ақ ол Бас директордың орнына кандидат болуға ниет білдірсе, қызметтік тәртіппен кандидат болып табылады.
4. Бас директордың және Бас директордың орынбасарының лауазымына бір уақытта бос орын болған жағдайда Әкімшілік кеңес өткізілген конкурс нәтижесінде түскен кандидатуралардың ішінен келесі Конгреске дейінгі кезеңге Бас директордың орынбасарын сайлайды. Кандидатураларды ұсыну үшін ұқсастығы бойынша § 2 қолданылады.
5. Бас директордың орнына бос орын болған жағдайда Әкімшілік кеңес Бас директордың ұсынысы бойынша Халықаралық бюродағы D 2 дәрежелі директордың біріне болашақтағы Конгреске дейін Бас директордың орынбасары функцияларын орындауды тапсырады.
112-бап
Бас директордың функциялары
1. Бас директор өзі заңды өкілі болып табылатын Халықаралық бюроны ұйымдастырады, басқарады және басшылық етеді. Ол лауазымдарды G1-D2 дәрежелер бойынша бөле алады және осы дәрежелері бар қызметшілерді тағайындай және қызметі бойынша жоғарылата алады. Р1-D2 орындарына тағайындаған кезде олар жататын немесе онда өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын мүше елдер ұсынатын кандидаттардың кәсіптік біліктілігін әділ географиялық континентальды бөлу мен тілдерді назарға ала отырып, ескеруге тиіс. D2 орындарына мүмкіндігінше Бас директор мен Бас директордың орынбасары берілген өңірлерден өзгеше өңірлердің кандидаттары тағайындалуға тиіс, бұл ретте Халықаралық бюро жұмысының тиімділігі айқындаушы өлшем болуға тиіс. Алайда, орындар айрықша біліктілікті талап ететін Бас директор сыртқы мамандарға жүгінуі мүмкін. Жаңа маманды тағайындаған кезде ол сол сияқты, әдетте, D2, D1 және Р5 дәрежелері бар адамдар Одаққа мүше әртүрлі елдердің өкілдері болуға тиіс екендігін ескереді. Халықаралық бюро қызметшісіне D2, D1 және Р5 дәрежелерін берген кезде ол сол қағидатты қолдануға міндетті емес. Бұдан басқа, жалдау процесінде ең алдымен кандидаттардың еңбегі және содан кейін ғана әділ географиялық өкілдікке және тілдерді білуге қатысты талаптар ескеріледі. Жылына бір рет Әкімшілік кеңеске Р4-тен D2-ге дейін барлық қызметтік тағайындаулар мен ілгерілеулер туралы хабарлайды.
2. Бас директордың функциялары мыналарды білдіреді:
2.1. Одақ Актілерінің депозитарийі мен Одаққа кіру және оған қосылу кезінде, сондай-ақ одан шыққан кезде делдалдың функцияларын орындау;
2.2. Конгресс қабылдаған барлық мүше елдер үкіметтерінің шешімдері туралы хабарлау;
2.3. барлық мүше елдерге және олар тағайындаған операторларға Поштаны пайдалану кеңесінің Регламенттерді бекітуі немесе қайта қарауы туралы хабарлау;
2.4. Одақтың талаптарына сәйкес Одақтың жылдық бюджетінің жобасын ықтимал ең төменгі деңгейде дайындау және оны Кеңес әкімшілігінің қарауына уақтылы ұсыну; Одаққа мүше елдерге оны Әкімшілік кеңес бекіткеннен кейін бюджет туралы хабарлау және оны орындау;
2.5. Одақ органдарын талап ететін айрықша қызметті, сондай-ақ Актілерде талап ететін қызметті орындау;
2.6. белгіленген саясат және қолда бар қаражат шеңберінде Одақ органдары алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шараларды қабылдау;
2.7. пікірлер мен ұсыныстарды Әкімшілік кеңеске немесе Пошта пайдалану кеңесіне ұсыну;
2.8. Конгресс жабылғаннан кейін ППК Ішкі регламентіне сәйкес Пошта пайдалану кеңесіне Конгресс шешімдерінен туындайтын Регламенттерге өзгерістерге қатысты ұсыныстар беру;
2.9. Пошта пайдалану кеңесі үшін және оларға берілген директивалар негізінде Конгреске беру үшін стратегиялық жоспар жобасын және жыл сайынғы қайта қараудың жобасын дайындау;
2.10. Одақ өкілдігін қамтамасыз ету;
2.11. мыналардың арасында делдал болу:
- ДПО мен өңірлік одақтар;
- ДПО мен Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- ДПО мен қызметі Одақ үшін қызығушылық туғызатын халықаралық ұйымдар;
- ДПО мен Одақ органдары консультация алғысы немесе олардың жұмысына қосылғысы келетін халықаралық ұйымдар, қауымдастықтар немесе кәсіпорындар;
2.12 Одақ органдары Бас хатшысының функцияларын орындау және осы ретте осы Регламенттің арнайы ережелерін ескере отырып, атап айтқанда:
- Одақ органдарының жұмысын дайындауды және ұйымдастыруды;
- құжаттарды, есептер мен хаттамаларды әзірлеуді, басып шығаруды және таратуды;
- Одақ органдарының жиналыстары кезіндегі хатшылықтың қызметін бақылау;
2.13. Одақ органдарының отырыстарына қатысу және басқа адамды білдіру мүмкіндігіне ие бола отырып, дауыс беру құқығынсыз талқылауларға қатысуды бақылау.
113-бап
Бас директор орынбасарының функциялары
1. Бас директордың орынбасары Бас директорға көмектеседі және олардың алдында жауап береді.
2. Бас директор болмаған немесе ол өз міндеттерін орындай алмайтын жағдайда Бас директордың орынбасары оның міндеттерін орындайды. Бас директордың орынбасары Бас директордың және 111.3-бапта көзделген оның орны бос болған жағдайда міндеттерін орындайды.
114-бап
Одақ органдарының хатшылығы
(Жарғы, 14, 15, 17, 18-б.)
Одақ органдары хатшылығының функцияларын Бас директордың жауапкершілігімен Халықаралық бюро қамтамасыз етеді. Ол әрбір сессияға қатысты барлық құжаттарды органға мүше елдерге және органның мүшелері болмай-ақ жүргізілетін зерттеулерде, өңірлік одақтармен ынтымақтасатын елдердің пошта әкімшіліктеріне, сондай-ақ бұл туралы сұрайтын басқа да мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне жібереді.
115-бап
Мүше елдердің тізімі
(Жарғы, 2-б.)
Халықаралық бюро жарналар класын, географиялық тобын және Одақ Актілеріне қатысы бойынша ережелерді көрсете отырып, Одаққа мүше елдердің тізімін жасайды және нақтылайды.
116-бап
Анықтамалар. Пікірлер. Актілерді түсіндіру және өзгерту туралы
сұрау салулар. Сауалдар. Есеп айырысулар кезіндегі делдалдық
(Жарғы, 20-б., Жал. регл., 124, 125, 126-б.)
1. Халықаралық бюро әрқашан қызметтік мәселелерге жататын барлық пайдалы мәліметтерді хабарлау үшін Әкімшілік кеңестің, Пошта пайдалану кеңесінің және пошта әкімшіліктерінің билігінде болады.
2. Оған, атап айтқанда, халықаралық пошта қызметі үшін қызығушылық білдіретін барлық түрдегі мәліметтерді жинау, келісу, жариялау және тарату; мүдделі тараптардың өтініші бойынша даулы мәселелер бойынша пікірді хабарлау; Одақ Актілерін түсіндіруге және өзгертуге қатысты сұрау салуларды жылжыту және жалпы оған жоғарыда көрсетілген Актілермен жүктелген немесе оған Одақ мүдделерінде тапсырылатын құжаттаманы жасау немесе жинау жөніндегі жұмысты зерделеуді және орындауды жүргізу тапсырылады.
3. Ол қандай да белгілі бір мәселе бойынша басқа да пошта әкімшіліктерінің пікірлерін анықтау мақсатында пошта әкімшіліктерінің өтініші бойынша сауал жүргізеді. Сауал нәтижелерінің дауыс беру сипаты жоқ және ешқандай да ресми міндеттемелермен байланысты емес.
4. Ол халықаралық поштамен алмасуға қатысты кез келген шоттарды төлеген кезде өтеу органы ретінде делдал бола алады.
117-бап
Техникалық ынтымақтастық
(Жарғы, 1-б.)
Халықаралық техникалық ынтымақтастық шеңберінде Халықаралық бюроға оның барлық нысандарында пошта байланысы саласындағы техникалық көмекпен жәрдемдесу жүктеледі.
118-бап
Халықаралық бюро ұсынатын бланкілер
(Жарғы, 20-б.)
Халықаралық бюроға халықаралық жауап купондарын дайындау және олардың талабы бойынша онымен өзіндік құн бойынша жабдықтау жүктеледі.
119-бап
Өңірлік одақтың актілері мен арнайы келісімдер
(Жарғы, 8-б.)
1. Жарғының 8-бабына сәйкес жасалатын Өңірлік одақтың актілері мен арнайы келісімдердің екі данасы, осы одақтардың мекемелері Халықаралық бюроға немесе мұндайлар болмаған жағдайда уағдаласушы тараптардың біріне беруге тиіс.
2. Халықаралық бюроға Өңірлік одақтардың актілерінде және арнайы келісімдерде клиентура үшін Одақ Актілерінде көзделгеннен қолайлылығы кем шарттар көзделмеуі үшін байқау және жоғарыда аталған одақтардың және келісімдердің болуы туралы пошта әкімшіліктеріне хабарлау жүктеледі. Халықаралық бюро Әкімшілік кеңеске осы ереженің негізінде белгіленген кез келген бұзушылық туралы хабарлайды.
120-бап
Одақтың журналы
Халықаралық бюро өзінің иелігіне берілетін құжаттарды пайдалана отырып, неміс, ағылшын, араб, қытай, испан, француз және орыс тілдерінде журнал шығарады.
121-бап
Одақтың екі жылдық кезеңдегі қызметі туралы есеп
(Жарғы, 20-б., Жалп. регл., 102.3.17-б.)
Халықаралық бюро Одақтың екі жылдық кезеңдегі қызметі туралы есепті жасайды, оны Әкімшілік кеңес бекіткеннен кейін пошта әкімшіліктеріне, өңірлік одақтарға және Біріккен Ұлттар Ұйымына жібереді.
III ТАРАУ
Ұсыныстарды енгізу және қарау рәсімі
122-бап
Конгреске ұсыныстарды беру рәсімі
(Жарғы, 29-б.)
1. § 2 және 5 көзделген айрықша тәртіптер болған кезде Конгреске кез келген ұсыныс беруді мүше елдердің пошта әкімшіліктері мынадай рәсімге сәйкес жүргізіледі:
а) Халықаралық бюроға Конгресс басталғанға дейін кемінде алты ай бұрын келіп түсетін ұсыныстарға рұқсат етіледі;
b) редакциялық сипаттағы ешқандай ұсыныс Конгресс үшін белгіленген күннің алдындағы алты айлық кезең ішінде қабылданбайды;
с) Конгресстің белгіленген күніне дейін алты және төрт ай арасындағы аралықта, Халықаралық бюроға келіп түсетін мәні бойынша ұсыныстарға, егер оларды кемінде екі пошта әкімшілігі қолдаса рұқсат етіледі;
d) Конгресстің ашылуы үшін белгіленген күннің алдындағы төрттен екі айға дейінгі аралықта Халықаралық бюроға келіп түсетін мәні бойынша ұсыныстар, егер оларды кемінде сегіз пошта әкімшілігі қолдаса рұқсат етіледі;
е) қолдау көрсету туралы өтініш Халықаралық бюроға ұсыныстар олар тиесілі болатын мерзімде түсуі тиіс.
2. Жарғы немесе Жалпы регламент бойынша ұсыныстар Халықаралық бюроға ең аз дегенде Конгресс ашылғанға дейін алты ай бұрын түсуге тиіс; осы күннен кейін, бірақ Конгресс ашылғанға дейін түскен ұсыныстар, егер Конгресс осы мәселе бойынша шешімді Конгреске ұсынылған елдердің үштен екісінің көпшілігімен шешім қабылдаса және егер § 1 көзделген шарттар сақталса ғана қаралуы мүмкін.
3. Әрбір ұсыныс, негізінен, тек бір мақсатты ғана көздеуі және осы мақсатта расталған өзгерісті ғана қамтуға тиіс.
4. Өздерінің пошта әкімшіліктерін білдіретін редакциялық сипаттағы ұсыныстар тақырыбында «Proposition d`ordre redactionnel» («Редакциялық сипаттағы ұсыныс») деген белгі жасалады, ол Халықаралық бюро оларды «R» әрпі бар нөмірмен жариялайды. Мұндай белгісі жоқ, бірақ Халықаралық бюроның пікірі бойынша тек қана редакциялық сипаты бар ұсыныс тиісті белгімен жарияланады; Халықаралық бюро Конгресс үшін осы ұсыныстардың тізімін жасайды.
5. § 1 және 4 белгіленген тәртіп Конгрестердің Ішкі регламентіне жататын ұсыныстарға да, бұрын енгізілген ұсыныстарға түзетулерге де қолданылмайды.
123-бап
Пошта пайдалану кеңесіне Конгресс қабылдаған шешімдерге
орай жаңа Регламенттерді дайындауға қатысты ұсыныстар
беруге арналған рәсім
1. Дүниежүзілік пошта конвенциясының регламенттері мен Пошта төлемдері қызметтері туралы келісімді Конгресс қабылдаған шешімдерге орай ППК жасауы тиіс.
2. Конвенцияға немесе Пошта төлемдері қызметтері туралы келісімге ұсынылатын өзгерістердің нәтижесі болып табылатын ұсыныстар Халықаралық бюроға олар жататын Конгресс үшін ұсыныстармен бір мезгілде беріледі. Оларды бір мүше елдің басқа мүше елдердің пошта әкімшілігінің қолдауынсыз беруі мүмкін. Мұндай ұсыныстар барлық мүше елдерге Конгреске дейін бір ай бұрын жіберіледі.
3. Регламенттерге қатысты басқа ұсыныстар ППК қарау үшін олар жаңа Регламенттерді дайындаған кезде Конгрестен кейін 6 ай ішінде Халықаралық бюроға ең аз дегенде Конгреске дейін екі ай бұрын беріледі.
4. Регламенттерге өзгерістерге қатысты Конгресс шешімдерінің нәтижесінде мүше елдердің пошта әкімшіліктерінің қарауына берілетін ұсыныстар Халықаралық бюроға ППК ашылғанға дейін екі ай бұрын түсуге тиіс. Мұндай ұсыныстар барлық мүше елдерге ППК ашылғанға дейін бір ай бұрын жіберіледі.
124-бап
Екі Конгресс арасында ұсыныстар беру рәсімі
(Жарғы, 29-б., Жал. регл., 116-б.)
1. Конвенцияға немесе Келісімдерге қатысты, екі Конгресс арасындағы қандай да бір пошта әкімшілігі енгізетін әрбір ұсыныс қабылдануы үшін оны ең болмағанда екі басқа пошта әкімшілігі қолдауы тиіс. Егер ұсыныстармен бір мезгілде Халықаралық бюро осындайларды қолдау туралы өтініштердің қажетті санын алмаса, бұл ұсыныстар қозғалмайды.
2. Бұл ұсыныстар Халықаралық бюро арқылы басқа пошта әкімшіліктеріне жіберіледі.
3. Регламенттерге қатысты ұсыныстар қолдауға мұқтаж емес, бірақ Пошта пайдалану кеңесі, егер ол олардың шұғыл қажеттілігін растаса ғана назарға алады.
125-бап
Екі Конгресс арасындағы ұсыныстарды қарау
(Жарғы, 29-б., Жал. регл., 116, 124-б.)
1. Конвенцияға, Келісімдерге және олардың қорытынды хаттамаларына қатысты кез келген ұсынысқа мынадай тәртіп қолданылады: егер мүше елдің пошта әкімшілігі Халықаралық бюроға ұсыныс жіберсе, соңғысы оны зерделеу үшін барлық мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне жібереді. Ұсыныстарды зерделеуге және тиісті жағдайда Халықаралық бюроға ескертулер жіберуге оларға екі ай беріледі. Түзетулерге жол берілмейді. Осы екі ай өткен соң Халықаралық бюро мүше елдердің пошта әкімшіліктеріне алған барлық ескертулерді жібереді және әрбір мүше елдің пошта әкімшілігіне ұсыныстарды қолдап немесе қарсы дауыс беруді ұсынады. Өзінің пікірін екі ай ішінде хабарламаған мүше елдердің пошта әкімшіліктері қалыс қалған болып саналады. Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді бөлу Халықаралық бюро циркулярларының шыққан күнінен басталады.
2. Регламенттерді өзгерту жөніндегі ұсыныстарды Пошта пайдалану кеңесі қарайды.
3. Егер ұсыныс Келісімге немесе оның Қорытынды хаттамасына қатысты болса, онда § 1 көрсетілген іс-әрекеттерге осы Келісімге қатысатын мүше елдердің пошта әкімшіліктері ғана қатыса алады.
126-бап
Екі Конгресс арасында қабылданған шешімдерді нотификациялау
(Жарғы, 29-б., Жал. регл., 124, 125-б.)
1. Конвенцияға, Келісімге және осы Актілердің Қорытынды хаттамаларына енгізілетін өзгерістер мүше елдердің үкіметтеріне хабарланып, Халықаралық бюро Бас директорының нотификациясымен ресімделеді.
2. Пошта пайдалану кеңесі Регламенттерге және олардың Қорытынды қағидаларына енгізетін өзгерістерді Халықаралық бюро пошта әкімшіліктеріне хабарлайды. Конвенцияның 36.3.2-бабында көзделген ережелер және Келісімдердің тиісті ережелер де осыған жатады.
127-бап
Регламенттердің және екі Конгресс арасында қабылданған
басқа да шешімдердің күшіне енуі
1. Регламенттер Конгресте қабылданған Актілер сияқты уақытта және мерзімде күшіне енеді.
2. § 1 ережелерін орындаған жағдайда екі Конгресс арасындағы кезеңде қабылданған Одақтың Актілерін өзгерту туралы шешім осы өзгерістер туралы хабарламадан кейін тек үш ай өткен соң ғана орындалуға жатады.
IV тарау
Қаржы
128-бап
Одақ шығыстарының шегін белгілеу және оларды өтеу
(Жарғы, 21-б.)
1. § 2-6 жазылғандарды ескере отырып, Одақ органдарының қызметіне байланысты жылдық шығыстар 2005 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған мынадай сомалардан аспауы тиіс: 2005 және 2008 жылдарға арналған 37 000 000 швейцар франкі; 2008 жылға арналған негізгі шек 2008 жылы өткізу көзделіп отырған Конгресті келесі жылдарға ауыстырған жағдайда қолданылады.
2. Келесі Конгресті өткізуге байланысты шығыстар (Хатшылықтың көшуі, көлік шығыстары, ілеспе аударма үшін техникалық жабдықты орнатуға жұмсалатын шығыстар және Конгрестің жұмысы кезінде құжаттарды шығару жөніндегі шығыстар және т.б.) 2 900 000 швейцар франкі мөлшеріндегі шектен аспауға тиіс.
3. Әкімшілік кеңеске жалақы, зейнетақылар немесе жәрдемақылар ретінде жарналар, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Женевада жұмыс істейтін өзінің қызметшілері үшін қабылдаған лауазымдық жәрдемақылар шәкілінің артуын ескеру үшін § 1 және 2 белгіленген шектен асуына рұқсат етіледі.
4. Тұтыну бағасының швейцар көрсеткішіне байланысты Әкімшілік кеңес персоналға жататындардан басқа, шығыстар сомасын жыл сайын теңестіруге құқылы.
5. § 1 ауытқи отырып, Әкімшілік кеңес немесе өте қажет болған жағдайда Бас директор Халықаралық бюро ғимаратын жөндеу жөніндегі елеулі және күтпеген жұмыстарды орындау үшін белгіленген лимиттерді, бірақ сома жылына 125 000 швейцар франкінен аспайтындай ретте арттыруға рұқсат ете алады.
6. § 1 және 2 көзделген кредиттер Одақтың қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, бұл шектер Одаққа мүше елдердің көпшілігінің мақұлдауымен ғана арттырылуы мүмкін. Кез келген консультация мұндай өтінішті ақтайтын фактілердің толық тізбесін қамтуға тиіс.
7. Одаққа қосылған немесе Одақ мүшелері ретінде Одаққа қабылданған елдер, сондай-ақ Одақтан шығатын елдер өздерінің мүшелік жарналарын олардың кіруі немесе шығуы жүзеге асырылатын жыл бойына төлеуге тиіс.
8. Әкімшілік кеңес белгілеген бюджет негізінде мүше елдер Одаққа өзінің жылдық жарналарының бір бөлігін алдын ала төлейді. Бұл жарналар бюджет жататын қаржы жылының бірінші күнінен кешіктірмей төленуге тиіс. Осы мерзім аяқталғаннан кейін төлеуге тиесілі сомаға Одақтың пайдасына алғашқы алты ай ішінде жылдық 3% және жетінші айдан бастап жылдық 6% есебімен пайыздар есептеледі.
9. Мүше елдердің Одаққа тиесілі міндетті жарналар бойынша пайызсыз берешегі осы мүше елдің алдағы екі қаржы жылындағы жарналарының сомасына тең болса немесе одан асып кетсе, онда осы мүше ел Одаққа өзінің барлық берешегін немесе олардың бір бөлігін Әкімшілік кеңес белгілеген тәсілге сәйкес басқа мүше елдерге қайтарымсыз бере алады. Борыштық талаптарды беру шарттары мүше ел, оның дебиторлары/кредиторлары және Одақ арасында жасалған келісім негізінде айқындалады.
10. Заңды немесе қандай да бір басқа себептермен мұндай беруді жүзеге асыра алмайтын мүше елдер өздерінің берешектерін шоттар бойынша өтеу жоспарына қол қоюға міндеттенеді.
11. Ерекше жағдайларды қоспағанда, Одаққа тиесілі міндетті жарналар бойынша берешектерді өтеу 10 жылдан асатын кезең ішінде жүзеге асырылмайды.
12. Айрықша жағдайларда Әкімшілік кеңес мүше елді, егер ол өзінің берешегін толық көлемде төлесе, тиесілі пайыздардан толығымен немесе ішінара босата алады.
13. Әкімшілік кеңес бекіткен мүше елдің берешегін өтеу жоспары шеңберінде ол жинақталған немесе қалған пайыздардан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін; босатылу, алайда, ең көбі он жылға белгіленген мерзімде өтеу жоспарын толық немесе дәл сақтаған кезде мүмкін болады.
14. Одақ қазынасының жеткіліксіз ақша қаражатын жабу үшін Резервтік қор құрылды, оның сомасын Әкімшілік кеңес белгілейді. Бұл қорға бірінші кезекте бюджеттің артығы кіреді. Ол бюджеттің теңгерімі үшін немесе мүше елдер жарналарының сомасын азайту үшін қызмет етуі мүмкін.
15. Қазынаның уақытша жетпейтін ақшалай қаражатына келетін болсақ, онда Швейцария Конфедерациясының үкіметі ортақ келісіммен белгіленуге тиіс шарттарға сәйкес қажетті соманы қысқа мерзімге аванс береді. Бұл үкімет шығыс келтірместен, қаржы шоттарын жүргізуді де, сондай-ақ Халықаралық бюроның Конгресс белгілеген кредиттер шегіндегі есептілігін де бақылайды.
129-бап
Автоматты санкциялар
1. 128.9-бапта көзделген беруді жүзеге асыра алмайтын және 128.10-бапқа сәйкес Халықаралық бюро ұсынған өтеу жоспарына бағынуға келіспейтін немесе оны сақтамайтын кез келген мүше ел Конгрестегі және Әкімшілік кеңестің және Пошта пайдалану кеңесінің жиналыстарындағы өзінің дауыс беру құқығын автоматты түрде жоғалтады, сондай-ақ осы екі Кеңеске сайлана алмайды.
2. Автоматты санкциялар мүдделі мүше ел өзінің Одаққа тиесілі міндетті жарналар бойынша негізгі борыш сомасы бойынша және пайыздар бойынша берешегін толық жапқаннан кейін және егер ол өздерінің шоттар бойынша берешектерді өтеу жоспарына қол қоюға келіссе тез арада ресми түрде алынады.
130-бап
Жарналар класы
(Жарғы, 21-б., Жал. регл., 115, 128-б.)
1. Мүше елдер олар жататын жарналар класына сәйкес Одақ шығыстарын жабуға қатысады. Бұлар мынадай класстар:
50 бірліктегі класс;
45 бірліктегі класс;
40 бірліктегі класс;
35 бірліктегі класс;
30 бірліктегі класс;
25 бірліктегі класс;
20 бірліктегі класс;
15 бірліктегі класс;
10 бірліктегі класс;
5 бірліктегі класс;
3 бірліктегі класс;
1 бірліктегі класс;
0,5 бірліктегі класс Біріккен Ұлттар Ұйымы санамалаған мейлінше дамушы елдерге және Әкімшілік кеңес көрсеткен басқа елдерге арналған.
2. § 1 санамаланған жарна кластарынан басқа, кез келген мүше ел ақы төлеу үшін 50 бірліктен асатын жарна бірліктерінің санын таңдай алады.
3. Мүше елдер Жарғының 21.4-бабында көзделген рәсімге сәйкес оларды Одаққа қабылдау немесе қосылу сәтінде жарналардың жоғарыда аталған кластарының біріне қосылады.
4. Мүше елдер одан кейін Халықаралық бюроға ең аз дегенде Конгресс ашылғанға дейін екі ай бұрын алатын жағдайда жарна классын өзгерте алады. Конгресске хабарланған бұл хабарлама Конгресте қабылданған қаржы ережелері күшіне енген сәттен бастап қолданылады. Ұйғарылған мерзімде өзінің жарнаның класын өзгерту ниеті туралы хабарламаған мүше елдер бұрын жатқызылған жарна класында қалады.
5. Мүше елдер оларды бір уақытта бір кластан көп төмен разрядқа аударуды талап ете алмайды.
6. Алайда, халықаралық көмек талап етілетін дүлей апат сияқты айрықша жағдайларда Әкімшілік кеңес, егер осы мүше ел бастапқы таңдап алынған класқа сәйкес өзінің жарнасын сақтау мүмкіндігі жоқтығына дәлел келтірсе, екі Конгресс арасында бір рет бір класқа төмен уақытша көшуге рұқсат бере алады. Осы жағдайларда Әкімшілік кеңес мейлінше дамыған елдердің санатына жатпайтын және 1 бірліктегі класта тұрған мүше елдерге 0,5 бірлік класқа көшуге рұқсат бере алады.
7. Класты § 6 сәйкес уақытша төмендетуге Әкімшілік кеңес, егер Конгресс осы кезеңнің аяғына дейін өтетін болса, ең көп екі жыл кезеңге немесе келесі Конгреске дейін рұқсат етуі мүмкін. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін мүдделі тарап өзінің бастапқы класына автоматты түрде көшеді.
8. § 4 және 5 ережелерінен ауытқи отырып, ауысуға қатысты неғұрлым жоғары класқа ешқандай шектеу жоқ.
131-бап
Халықаралық бюро жеткізетін материалдарға ақы төлеу
(Жал. регл., 118-б.)
Халықаралық бюро өндіретін материалдарды пошта әкімшіліктеріне ақысына жеткізу неғұрлым қысқа мерзімде, бірақ жоғарыда аталған Бюро шот жіберген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептегенде алты айдан кешіктірмей төленуге тиіс. Осы мерзім аяқталған күннен бастап төлеуге жататын сомаға Одақтың пайдасына жылдық 5 % есептеледі.
V тарау
Төрелік
132-бап
Төрелік рәсімі
(Жарғы, 32-б.)
1. Төрелік шешуге тиіс келіспеушіліктер болған жағдайда дауға қатысатын әрбір пошта әкімшілігі дауға тікелей мүдделі емес мүше елдің пошта әкімшілігін таңдайды. Егер бірнеше пошта әкімшілігі ел бірлесіп әрекет ететін болса, олар осы ереже қолданылған кезде бір әкімшілік болып саналады.
2. Егер дауға қатысатын әкімшіліктің біреуі алты ай ішінде төрелік тағайындау туралы ұсынысқа жауап бермеген жағдайда Халықаралық бюро оған өз кезегінде төрелік тағайындаудан жалтаратын пошта әкімшілігін немесе қызметтік тәртіппен мұндай тағайындауды ұсынады.
3. Дауға қатысатын тараптар бір-бірімен Халықаралық бюро болуы мүмкін бір төрешіні тағайындау туралы уағдаласуы мүмкін.
4. Төрешілердің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
5. Дауыстар бөлінген жағдайда төрешілер келіспеушіліктерді шешу үшін, сондай-ақ дауға мүдделі емес пошта әкімшілігін таңдайды. Төрешіні таңдау туралы келісім болмаған кезде мұндай пошта әкімшілігін Халықаралық бюро төреші деп ұсынбаған пошта әкімшілігі ішінен тағайындайды.
6. Егер Келісімдердің біріне қатысты келіспеушіліктер туралы сөз болса, төрешілер осы Келісімге қатысатын пошта әкімшіліктері ішінен ғана тағайындалуы мүмкін.
VІ-тарау
Қорытынды ережелер
133-бап
Жалпы регламентке жататын ұсыныстарды қабылдау шарттары
Конгреске ұсынылған және Жалпы регламентке жататын ұсыныстарды қабылдау үшін оларды Конгреске ұсынылған және дауыс беруге құқығы бар мүше елдердің көпшілігі бекітуі қажет. Дауыс беру сәтіне дауыс беруге құқығы бар Одаққа мүше елдердің үштен екісі қатысуға тиіс.
134-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымымен Келісімдерге жататын ұсыныстар
(Жарғы, 9-бап)
133-бапта көзделген ұсыныстарды қабылдау шарттары сол сияқты Дүниежүзілік пошта одағы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында жасалған Келісімдерді өзгерту жөніндегі ұсыныстарға осы Келісімдер олардағы ережелердегі өзгерістердің шарттарын көздемейтін шамада қолданылады.
135-бап
Жалпы регламенттің күшіне енуі және қолданылу мерзімі
Осы Жалпы регламент 2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және белгіленбеген уақыт кезеңі ішінде қолданылады.
Осыны куәландыру үшін мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері бір данада осы Жалпы регламентке қол қойды, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға беріледі. Көшірмесін Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы әрбір тарапқа беретін болады.
Бухарестте 2004 жылғы 5 қазанда жасалды.
Қойылған қолдар: 33-64 беттердегідей
Пошта төлемдері қызметтері туралы келісім
Мазмұны
I тарау. Алдын ала ережелер
1-бап. Келісім мәні мен қызметтер
II тарау. Пошталық ақша аударымдары
2-бап. Қызметтер анықтамасы
3-бап. Төлем тапсырмаларын беру
4-бап. Тарифтер
5-бап. Пошта әкімшілігі - эмитенттің міндеттемелері
6-бап. Төлем тапсырмаларын жіберу
7-бап. Бару елінде өңдеу
8-бап. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің өтемақысы
9-бап. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің міндеттемелері
III тарау. Бір шоттан басқа шотқа аудару
10-бап. Қызметтер анықтамасы
11-бап. Төлем тапсырмаларын беру
12-бап. Тарифтер
13-бап. Пошта әкімшілігі - эмитенттің міндеттемелері
14-бап. Төлем тапсырмаларын табыстау
15-бап. Бару елінде өңдеу
16-бап. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің өтемақысы
17-бап. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің міндеттемелері
IV тарау. Өзара шоттар, ай сайынғы шоттар, рекламация, жауапкершілік
18-бап. Пошта әкімшіліктеріне қатысушылар арасындағы қаржылық қатынастар
19-бап. Рекламация
20-бап. Жауапкершілік
V тарау. Электрондық желілер
21-бап. Жалпы қағидалар
VI тарау. Әртүрлі ережелер
22-бап. Шетелде ағымдағы пошта шотын ашуға өтініш
VII тарау. Қорытынды ережелер
23-бап. Қорытынды ережелер
Пошта төлемдерінің қызметтері туралы келісім
Төменде қол қойған Одаққа мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері 1964 жылы 10 шілдеде Венада қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 22.4-бабының негізінде ортақ келісіммен және осы Жарғының 25.4-бабын сақтау шарты мен төмендегі Келісімді әзірледі.
I тарау.
Алдын ала ережелер
Бірінші бап
Келісім мәні мен қызметтер
1. Осы Келісім ақша қаражатын беруге арналған барлық пошта қызметтерін реттейді. Келісімге қатысушы елдер екі жақты қатынастарға енгізуге ниеттенген осы Келісімде көзделген өнімдер туралы өзара уағдаласады.
2. Пошталық емес ұйымдар пошта әкімшілігі, пошта чектері қызметі арқылы немесе пошталық ақша қаражатын жіберу желісін басқаратын қандай да бір мекеме арқылы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын алмасуға қатыса алады. Бұл ұйымдар өз елінің пошта әкімшілігімен Келісім ережелерін толық сақтауды қамтамасыз ету туралы және бұл уағдаластық шеңберінде осы Келісімде айқындалған пошта әкімшілігі ретінде өз құқықтарын жүзеге асыру және өз міндеттерін орындау туралы уағдаласуға тиіс болады. Пошта әкімшілігі олардың басқа да уағдаласушы тараптардың пошта әкімшіліктерімен және Халықаралық бюромен қатынастарында олар үшін делдал қызметін атқарады. Егер қандай да бір пошта әкімшілігі осы Келісімде көрсетілген қаржы қызметтерін ұсынбайтын болса немесе қызмет сапасы клиентура талаптарына сәйкес келмесе, пошта әкімшіліктері бұл елде пошталық емес ұйымдармен ынтымақтаса алады.
3. Конгресс жабылғаннан кейін алты ай ішінде мүше елдер Халықаралық бюроға пошталық қаржы қызметтеріне бақылауды жүзеге асыру тапсырылған үкіметтік ұйымның атауы мен мекенжайын, сондай-ақ пошталық қаржы қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету және Одақ актісінен туындайтын міндеттемелерді олардың аумағында орындау үшін ресми тағайындалған оператордың атауы мен мекенжайын хабарлауға тиіс.
3.1. Конгресс жабылғаннан кейін алты ай ішінде мүше елдер Халықаралық бюроға пошталық қаржы қызметтерін және рекламация қызметтерін пайдалануға жауапты тұлғалардың деректемелерін хабарлауға тиіс.
3.2. Екі Конгресс арасындағы кезеңде аса қысқа мерзімде Халықаралық бюроға үкіметтік органдарға, ресми тағайындалған операторлар мен жауапты тұлғаларға қатысты кез келген өзгерістер туралы хабарлау керек.
4. Осы Келісім пошта төлемдерінің төмендегі қызметтерін реттейді.
4.1. үстеме төлеммен пошталық ақша аударымдарын қоса алғанда, пошталық ақша аударымдары;
4.2. шоттан шотқа аудару.
5. Өзге де қызметтер мүдделі пошта әкімшіліктері арасындағы екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде ұсынылуы мүмкін.
II тарау
Пошталық ақша аударымдары
2-бап
Қызметтер анықтамасы
1. Жай ақша аударымы
1.1 Жіберуші пошта бөлімшесінің операциялық терезесіне ақша сомасын береді немесе оны өзінің дебет шотынан алу туралы нұсқау береді және алушыға барлық соманы қандай да бір шегерусіз қолма қол төлеу туралы өтінеді.
2. Шотқа ақша енгізе отырып, ақша аудару
2.1 Жіберуші пошта бөлімшесінің операциялық терезесіне ақша сомасын береді және оны алушының пошта әкімшілігі басқаратын шотына немесе басқа да қаржы ұйымдары басқаратын шотқа қандай да бір шегерусіз енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.
3. Үстеме төлеммен ақша аудару
3.1 «Үстеме төлем жөнелтілімін» алушы «үстеме төлеммен пошта жөнелтімін» жіберушіге қандай да бір шегерусіз төлейді немесе өз шотынан дебеттеу және төлеу туралы өкім береді.
3-бап
Төлем тапсырмаларын беру
1. Егер айрықша уағдаластық болмаса, онда пошталық ақша аударымының сомасы бару елдің ақша бірлігімен көрсетіледі.
2. Эмитент пошта әкімшілігі өзінің ақша бірлігін бару елінің ақша бірлігіне аудару коэффициентін белгілейді.
3. Пошталық ақша аударымдарының ең жоғары сомасы екі жақты негізде белгіленеді.
4. Эмитенттің пошта әкімшілігінің пошталық ақша аударымдарын беру құжаттары мен шарттарын айқындауға толық құқығы бар. Егер ақша аударымы пошта арқылы жіберілсе, онда Регламентте көзделген бланкілер ғана пайдаланылады.
4-бап
Тарифтер
1. Эмитент пошта әкімшілігі өз қалауы бойынша беру сәтінде төленуге тиіс тарифтерді айқындайды.
2. Келісімге қол қойған қандай да бір ел мен оған қол қоймаған ел арасында, осы Келісімге қол қойған қандай да бір ел арқылы алмасатын ақшалай пошта аударымдары үшін аралық әкімшілік жүргізілген пайдалану шығыстарына қарай өзі белгілеген қосымша тариф алуы мүмкін, оның сомасы мүдделі пошта әкімшіліктері арасында келісіледі және пошталық ақша аударымының сомасынан алынады; дегенмен, егер мүдделі пошта әкімшіліктері бұл туралы уағдаласса, бұл тариф жіберушіден аралық елдің пошта әкімшілігінің пайдасына өндіріліп алынуы мүмкін.
3. ҚР 110 және 111-баптарында көзделген жағдайларда пошта арналарын пайдаланатын отырып пошта әкімшіліктері арасындағы ақша қаражатын пошталық аударуға жататын құжаттар, бағалы қағаздар мен төлем тапсырмалары қандай да бір тарифтерді төлеуден босатылады.
5-бап
Эмитент пошта әкімшілігі міндеттемелері
1. Эмитент пошта әкімшілігінің клиенттерге қанағаттанарлық қызмет көрсету мақсатында Регламентте белгіленген қызметтер нормативтерін орындауға тиіс.
6-бап
Төлем тапсырмаларын жіберу
1. Ақша аударымдарымен алмасу ДПО Халықаралық бюросы немесе басқа ұйымдар ұсынатын электрондық деректерді беру желілері арқылы жүзеге асырылады.
2. Электрондық деректерді беру арналары арқылы алмасу төлем тапсырмасын тікелей төлем мекемесіне немесе қандай да бір алмасу мекемесіне жіберу жолымен жүргізіледі. Алмасуды қорғау және оның сапасы желілерде пайдаланылатын техникалық ерекшеліктермен немесе пошта әкімшіліктері арасындағы екі жақты келісімдермен кепілдік берілуге тиіс.
3. Пошта әкімшіліктері Регламентте көзделген және басымды поштамен жіберілетін қағаз бланкілерін пайдалана отырып, ақша аударымдарын айырбастау туралы уағдаласа алады.
4. Пошта әкімшіліктері алмасудың басқа да тәсілдерін пайдалану туралы уағдаласа алады.
7-бап
Бару елінде өңдеу
1. Пошталық ақша аударымдары бойынша соманы төлеу бару елінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Әдетте, алушыға пошталық ақша аударымының барлық сомасы төленеді; егер төлем алушы қосымша арнайы қызметтер ұсынуды сұраса факультативті тарифтер алынуы мүмкін.
3. Электрондық пошталық ақша аударымдарының қолдану мерзімі екі жақты келісімдер негізінде белгіленеді.
4. Қағаз бланкілерін пайдаланатын пошталық ақша аударымдарының қолдану мерзімі, әдетте ең кеші эмиссия күнінен кейінгі бірінші айдың соңында аяқталады.
5. Жоғарыда көрсетілген мерзім өткен соң төленбеген пошталық ақша аударымы дереу эмитент пошта әкімшілігіне жіберіледі.
8-бап
Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің өтемақысы
1. Әрбір төленетін пошталық ақша аударымы үшін эмитент пошта әкімшілігі төлем жүргізген пошта әкімшілігіне мөлшері Регламентте белгіленген өтемақы төлейді.
2. Регламентте белгіленген өтемақы сомасының орнына пошта әкімшіліктері өтемақының әртүрлі мөлшерлері туралы уағдаласуға құқығы бар.
3. Тарифтерді төлемей ақша қаражатын аудару өтемақыға құқық бермейді.
4. Егер мүдделі пошта әкімшіліктерінің арасында уағдаластық болса, онда эмитент пошта әкімшілігі алымдардан босататын қаржылай көмек қаражатын аудару өтемақы төлеуден босатылуы мүмкін.
9-бап
Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің міндеттемелері
1. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігі клиенттерге қанағаттанарлық қызмет көрсету мақсатында Регламентте белгіленген қызметтер нормативтерін орындауға тиіс.
III тарау
Бір шоттан басқа шотқа аудару
10-бап
Қызметтер анықтамасы
1. Пошта шотының иесі өзінің шотынан ақша сомасын есептен шығарып, оны пошта әкімшілігі басқаратын төлем алушының шотына немесе бару елінің пошта әкімшілігі арқылы қандай да бір басқа шотқа енгізуді сұрайды.
11-бап
Төлем тапсырмаларын беру
1. Аудару сомасы бару елінің валютасымен немесе шығаратын және алатын пошта әкімшіліктері арасындағы келісімге сәйкес кез келген басқа валютамен көрсетіледі.
2. Эмитент пошта әкімшілігі өз валютасын аударымда көрсеткен валютаға көшіру коэффициентін белгілейді.
3. Аударымдар мөлшері, егер тек мүдделі пошта әкімшіліктерінің шешімі болмаса шектеусіз.
4. Эмитент пошта әкімшілігі аударымдарды жүзеге асыру құжаттары мен шарттарын айқындауға толық құқығы бар.
12-бап
Тарифтер
1. Эмитент пошта әкімшілігі өз қалауы бойынша шығару кезінде төленуге тиіс тарифтерді айқындайды. Бұл негізгі тарифке ол тиісті жағдайда жіберушіге көрсетілетін арнайы қызметтерге арналған тарифтерді қосады.
2. Келісімге қол қойған қандай да бір ел мен келісімге қол қоймаған ел арасында осы келісімге қол қойған қандай да бір ел арқылы жүзеге асырылатын аударымдар үшін аралық әкімшілік қосымша тариф алуы мүмкін. Бұл тарифтің сомасы тиісті пошта әкімшіліктері арасында келісіледі және аударым сомасынан алынады. Дегенмен, егер мүдделі әкімшіліктер бұл туралы уағдаласса, бұл тариф жіберушіден аралық елдің пошта әкімшілігінің пайдасына өндіріліп алынуы мүмкін.
3. ҚР 110 және 111-баптарында көзделген жағдайларда пошта әкімшіліктері арасындағы пошта арналары бойынша жүзеге асырылатын бір шоттан екінші шотқа пошта аударымдарына қатысты құжаттар, бағалы қағаздар мен төлем тапсырмалары қандай да бір тарифтерді төлеуден босатылады.
13-бап
Эмитенттің пошта әкімшілігінің міндеттемелері
1. Эмитент пошта әкімшілігі клиенттерге қанағаттанарлық қызмет көрсету мақсатында Регламентте көзделген қызметтер нормативтерін сақтауға тиіс.
14-бап
Төлем тапсырмаларын беру
1. Шоттан шотқа аудару ДПО Халықаралық бюросы немесе мүдделі әкімшіліктер қабылдаған техникалық ерекшеліктер негізінде басқа да ұйымдар ұсынатын электрондық желілер арқылы жүзеге асырылады.
2. Алмасуды қорғау және оның сапасы желілерде пайдаланылатын техникалық ерекшеліктермен немесе шығарушы мен төлеуші пошта әкімшіліктері арасындағы екі жақты келісімдермен кепілдік берілуге тиіс.
3. Пошта әкімшіліктері Регламентте көзделген және басымды поштамен жіберілетін қағаз бланкілерін аудару үшін пайдалану туралы уағдаласа алады.
4. Пошта әкімшіліктері алмасудың басқа да құралдарын пайдалану туралы уағдаласа алады.
15-бап
Бару елінде өңдеу
1. Кіріс аударымдары бару елінің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өңделеді.
2. Әдетте, бару еліндегі алымдарды алушы төлейді; алайда екі жақты келісімге сәйкес бұл сома жіберушіден бару елінің пошта әкімшілігінің пайдасына өндіріліп алынуы мүмкін.
16-бап
Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің өтемақысы
1. Әрбір аударым үшін төлем жүргізетін пошта әкімшілігі кіріс тарифі төлемін талап ете алады. Бұл тариф не бенефициар шотынан дебеттелуі не оның өзара ағымдағы пошта шотынан дебетке жазу жолымен эмитент пошта әкімшілігі төлеуі мүмкін.
2. Тарифтерді төлемей бір шоттан басқа шотқа аудару өтемақыға құқық бермейді.
3. Егер мүдделі пошта әкімшіліктерінің арасында уағдаластық болса, онда эмитент пошта әкімшілігі алымдардан босататын, қаржылай көмекке берілетін қаражатын аудару өтемақы төлемінен босатылуы мүмкін.
17-бап
Төлем жүргізетін пошта әкімшілігінің міндеттемелері
1. Төлем жүргізетін пошта әкімшілігі клиенттерге қанағаттанарлық қызмет көрсету мақсатында Регламентте белгіленген қызметтер нормативтерін сақтауға тиіс.
IV тарау
Өзара шоттар, ай сайынғы шоттар, рекламация, жауапкершілік
18-бап
Пошта әкімшіліктеріне қатысушылар арасындағы қаржылық қатынастар
1. Пошта әкімшіліктері өз борыштарын жабу үшін пайдаланатын техникалық тәсілдер туралы өзара уағдаласады.
2. Өзара шоттар
2.1. Әдетте, егер пошта әкімшіліктерінде пошталық-чектік мекеме болса, онда олардың әрқайсысы тиісті әкімшілікте өз атына өзара шот ашады, ол арқылы аударымдармен және пошталық ақша аударымдарымен алмасудың және бұл құралдарды пайдалана отырып, пошта әкімшіліктері төлем туралы уағдаласатын кез келген басқа да операциялардың дәрежесі болып табылатын өзара берешектер мен тиісті соманы реттейді.
2.2. Егер бару елінің пошта әкімшілігінде пошталық чек жүйесі болмаса, онда өзара шот басқа әкімшілікте ашылуы мүмкін.
2.3. Пошта әкімшіліктері көп жақты келісімдерге сәйкес тағайындалған әкімшілік арқылы қаржылық алмасу төлемі туралы уағдаласуы мүмкін.
2.4. Кредит сальдосымен өзара шотқа жабылмаған қалдық қалған жағдайда тиісті сомаға мөлшері Регламентте айқындалған пайыз есептеледі.
2.5. Өзара шотта арқылы пайыздар есептелуі мүмкін.
3. Ай сайынғы шоттар
3.1. Өзара шот болмаған кезде төлем жүргізетін әрбір пошта әкімшілігі әрбір эмитент пошта әкімшілігі үшін пошта аударымдары үшін төленетін сома көрсетілген ай сайынғы шот жасақтайды. Ай сайынғы шоттар сальдоны айқындауға мүмкіндік беретін кезеңімен жалпы шотты қамтиды.
3.2. Шоттарды төлеу ай сайынғы шоттар негізінде өтемақысыз жүзеге асырылады.
4. Осы бап ережелерінің және одан туындайтын Регламент ережелерінің қолданысы төлемдерді уақытша тоқтату, ақша қаражаты аударымына тыйым салу т.б. сияқты ешқандай біржақты шаралармен шектеле алмайды.
19-бап
Рекламациялар
1. Рекламациялар пошталық ақша аударымы берілген күннен кейінгі немесе аударым орындалған күннен бастап алты ай ішінде қарауға қабылданады.
2. Пошта әкімшіліктері клиенттерден пошталық ақша аударымдарына немесе шоттан шотқа аударуға қатысты рекламация үшін тариф алуға құқығы бар.
20-бап
Жауапкершілік
1. Жауапкершілік қағидаты мен көлемі
1.1. Пошта әкімшілігі аударым сомасы тиісті түрде төленбейінше немесе ол алушының шотына кредитке енгізілмейінше операциялық терезеде төленетін немесе беруші шотының дебетіне есептелетін сома үшін жауапты болады.
1.2. Пошта әкімшілігі не төлемеуге әкелген қате ақпарат үшін не ақша қаражатын қайта жіберу кезіндегі қателік үшін жауапты болады. Жауапкершілік соманы айырбастау кезіндегі қателікке, сондай-ақ қайта жіберу кезіндегі қателікке қолданылады.
1.3. Пошта әкімшілігі:
1.3.1. бағалы қағаздар мен төлем тапсырмаларын беру, қайта жіберу немесе төлеу кезінде болуы мүмкін кідіру жағдайында;
1.3.2. егер оның жауапкершілігінің басқа дәлелі ұсынылмаса, егер форс-мажор жағдаяттарына байланысты қызметтік құжаттардың жойылу нәтижесінде ол ақша қаражатының аударылғаны туралы есеп бере алмаса;
1.3.3. егер жіберуші 19-бапта көзделген мерзімде ешқандай рекламация бермесе;
1.3.4. егер эмитент елде аударымдардың талап ету мерзімі өтіп кетсе кез келген жауапкершіліктен босатылады.
1.4. өтеуші жіберушіге өтем оның себебіне қарамастан төленген жағдайда сома ол аударған немесе оның шотынан дебеттелген сомадан аспауға тиіс.
1.5. Пошта әкімшіліктері өздерінің ішкі қызметтерінің қажеттілігіне қарай жауапкершілік көлемін ұлғайту туралы өзара уағдаласа алады.
1.6. Жауапкершілік қағидаттарын қолдану шарттары және әсіресе жауапкершілікті айқындау, тиісті сомаларды төлеу мәселелері, шағымдар төлем мерзімі мен шығынды өтеген әкімшілікке тиісті өтеу туралы ережелер Регламентте айқындалған.
V тарау
Электрондық желі
21-бап
Жалпы ережелер
1. Электрондық құралдарды пайдалана отырып, төлем тапсырмаларын жіберу үшін пошта әкімшіліктері ДПО желісін немесе ақша қаражатын тез, сенімді және кепілдікпен аударуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кез келген басқа желіні пайдалануға тиіс.
2. ДПО электрондық қаржы қызметтері екі жақты келісімдер негізінде пошта әкімшіліктері арасында реттелуге тиіс. ДПО электрондық қаржы қызметтеріне арналған жалпы ережелері пайдаланудың Одақ Актілерінің тиісті ережелерінің қолданысына жатуы тиіс.
VI тарау
Әртүрлі ережелер
22-бап
Шетелде ағымдағы пошта шотын ашуға арналған өтінім
1. Шетелде ағымдық пошта шотын немесе қандай да бір басқа шотты ашу кезінде немесе егер шетелде қаржы қызметтерін ұсыну туралы өтініш берілсе осы Келісімге қол қойған елдің пошта ұйымдары мұндай қызметтер ұсыну туралы уағдаласады.
2. Тараптар екі жақты негізде олар егжей-тегжейлі рәсім бойынша бір-біріне ұсынатын көмек туралы, сондай-ақ мұндай көмекті ұсыну төлемі туралы уағдаласа алады.
VII тарау
Қорытынды ережелер
23-бап
Қорытынды ережелер
1. Конвенция осы Келісімде арнайы айтылмаған барлық жағдайларда ұқсастығы бойынша қолданылады.
2. Жарғының 4-бабы бұл Келісімге қолданылмайды.
3. Осы Келісімге және оның Регламентіне қатысты ұсыныстарды бекіту шарттары.
3.1. Конгреске ұсынылған осы Келісімге жататын ұсыныстарды орындауға қабылдау үшін қатысушылардың және дауыс берушілердің әрі Келісімге қол қойған мүше елдердің дауыс беру құқығы бар көпшілігімен бекітілуі тиіс. Дауыс беру уақытында Конгреске ұсынылатын және дауыс беру құқығы бар бұл мүше елдердің кемінде жартысы қатысуға тиіс.
3.2. Осы Келісімнің Регламентіне жататын ұсыныстарды орындауға қабылдау үшін Келісімге қол қойған және дауыс беру құқығы бар Пошта пайдалану кеңесі мүшелерінің көпшілігі мақұлдауы тиіс.
3.3. Осы Келісім бойынша екі Конгресс арасындағы аралықта енгізілген ұсыныстарды орындауға қабылдау үшін:
3.3.1. әңгіме жаңа ережелерді қосу туралы болса, кемінде жартысы Келісімге қол қойған және дауыс беру құқығы бар, дауыс беруге қатысқан мүше елдерге тиесілі дауыстардың үштен екісі;
3.3.2. әңгіме осы Келісімнің ережелеріне өзгерістер енгізу туралы болса, аз дегенде жартысы Келісімге қол қойған және дауыс беру құқығы бар, дауыс беруге қатысқан мүше елдерге тиесілі дауыстардың көпшілігі;
3.3.3. егер әңгіме осы Келісімнің ережелерін түсіндіру туралы болса, дауыстардың көпшілігін алуға тиіс.
3.4. 3.3.1-тармақта көзделген ережелер қарамастан, мемлекеттік заңнамасы ұсынылған толықтырумен сыйыспайтын кез келген мүше елдің бұл толықтыру туралы нотификация күнінен бастап 90 күн ішінде Халықаралық бюроның Бас директорына өзінің бұл толықтырумен келісу мүмкіндігі жоқ екендігі туралы жазбаша мәлімдеме жасауға құқығы бар.
4. Осы Конвенция 2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және келесі Конгресс Актілері күшіне енгенге дейін қолданылатын болады.
Осыны куәландыру үшін уағдаласушы елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері бір данада осы Келісімге қол қойды, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілді. Келісімнің көшірмесін Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы әрбір тарапқа беретін болады.
2004 жылы 5 қазанда Бухарестте жасалды.
Қойылған қолдар: 33-64 беттердегілер
Дүниежүзілік пошта конвенциясы
Мазмұны
Бірінші бөлік. Халықаралық пошта қызметіне қолданылатын жалпы ережелер
Жалғыз тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Анықтамалар
2-бап. Конвенцияға қосылудан туындайтын міндеттемелерді орындауға жауапты субъектінің немесе субъектілердің мақсаты
3-бап. Әмбебап пошта қызметі
4-бап. Гранзит еркіндігі
5-бап. Пошта жөнелтімдерінің тиесілігі. Жөнелтімдерді поштадан кері қайтарып алу. Басқа мекенжайға жіберу. Жеткізуге келмейтін жөнелтімдерді жіберушіге қайтару
6-бап. Тарифтер
7-бап. Пошта тарифтерін төлеуден босату
8-бап. Пошта маркалары
9-бап. Пошта қауіпсіздігі
10-бап. Қоршаған орта
11-бап. Құқық бұзушылықтар
Екінші бөлік. Жазбаша хат-хабар мен пошта сәлемдемелеріне қолданылатын қағидалар
1-тарау. Қызметтер ұсыну
12-бап. Негізгі қызметтер
13-бап. Қосымша қызметтер
14-бап. Электрондық пошта, ЕМS, кешенді логистика және жаңа қызметтер
15-бап. Рұқсат берілмейтін жіберілімдер. Тыйым салу
16-бап. Рұқсат берілетін радиоактивті және биологиялық заттар
17-бап. Рекламация
18-бап. Кедендік бақылау. Кедендік баждар және басқа да алымдар
19-бап. Әскери бөлімдермен жабық хабарламалар алмасу
20-бап. Қызметтің сапа саласындағы нормативтер мен бақылау цифрлары
2-тарау. Жауапкершілік
21-бап. Пошта әкімшіліктерінің жауапкершілігі. Өтем
22-бап. Пошта әкімшіліктерін жауапкершіліктен босату
23-бап. Жіберушінің жауапкершілігі
24-бап. Өтемді төлеу
25-бап. Жіберушіден немесе адресаттан өтемді ықтимал өндіріп алу
26-бап. Жауапкершілікке қатысты ескертулерге қолданылатын өзаралық қағидат
3-тарау. Жазбаша хат-хабарға жататын айрықша ережелер
27-бап. Шетелде жазбаша хат-хабар жіберілімдерін беру
Үшінші бөлік. Төлем
1-тарау. Жазбаша хат-хабарға жататын айрықша ережелер
28-бап. Түпкілікті шығыстар. Жалпы ережелер
29-бап. Түпкілікті шығыстар. Елдер арасындағы аяқталған жүйе айырбасына қолданылатын ережелер
30-бап. Түпкілікті шығыстар. Өтпелі жүйеге қатысушы елдерге арналған, олардан және олардың арасындағы пошта ағынына қолданылатын ережелер
31-бап. Қызмет сапасын жақсарту қоры
32-бап. Транзиттік шығыстар
2-тарау. Басқа да ережелер
33-бап. Авиатасымалға арналған шығыстарға жататын негізгі тарифтер мен ережелер
34-бап. Пошта сәлемдемелері үшін тарифтің құрлық және теңіз үлестері
35-бап. ППК-нің шығыстар сомасы мен тарифтердің үлестерін белгілеу құқығы
Төртінші бөлік. Қорытынды ережелер
36-бап. Конвенция және Регламенттер бойынша ұсыныстарды бекіту шарттары
37-бап. Конгресс барысында ұсынылған ескертпелер
38-бап. Конвенцияның күшіне енуі және қолданылу мерзімі
Дүниежүзілік пошта конвенциясының
қорытынды хаттамасы
I-бап. Пошта жөнелтімдерінің тиесілігі. Жөнелтімдерді поштадан кері қайтарып алу. Мекенжайды өзгеру және түзету
ІІ-бап. Тарифтер
ІІІ-бап. Зағиптарға арналған жөнелтімдер (секограммалар) үшін пошта тарифтері төлемінен босатудағы ерекшелік
IV-бап. Негізгі қызметтер
V-бап. Ұсақ пакеттер
VI-бап. Алғаны туралы хабарлау
VII-бап. Жауабы бар халықаралық коммерциялық хат-хабар (ЖХКХ) қызметі
VIII-бап. Тыйым салулар (жазбаша хат-хабар)
ІХ-бап. Тыйым салулар (пошта сәлемдемелері)
Х-бап. Кедендік баждар салынуға жататын заттар
ХІ-бап. Рекламация
ХІІ-бап. Кеденде ұсыну тарифі
ХІІІ-бап. Шетелдің жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін беруі
XIV-бап. Тарифтің ерекше кіріс құрылықтық үлестері
XV-бап. Арнайы тарифтер
Конвенция
Дүниежүзілік пошта конвенциясы
Төменде қол қойған Одаққа мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері 1964 жылғы 10 шілдеде Венада қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 22.3-бабының негізінде, ортақ келісіммен және осы Жарғының 25.4-бабын сақтау шарты кезінде осы Конвенцияда халықаралық пошта қызметіне қойылатын ережені әзірледі.
Бірінші бөлік
Халықаралық пошта қызметіне қолданылатын жалпы ережелер
Жалғыз тарау
Жалпы ережелер
Бірінші бап
Анықтамалар
1. Дүниежүзілік пошта конвенциясында пайдаланылатын төменде аталған терминдердің төменде айқындалатын мәні болуға тиіс;
1.1. эмбебап пошта қызметі; мүше мемлекеттер аумағындағы барлық *пункттерде барлық клиенттер үшін қол жетімді бағамен тұрақты негізде сапалы негізгі пошта қызметтерімен қамтамасыз ету;
1.2. жабық хабарлама: заттаңбасы бар қап немесе бірнеше қап немесе пломбамен пломбаланған немесе онысыз, пошта жіберілімдері бар басқа да сыйымдылықтар;
1.3. ашық транзит: саны немесе салмағы жабық хабарламалардың жасақталуы баратын елдер үшін ақталмайтын жіберілімдерді аралық ел арқылы транзитпен жіберу;
1.4. пошта жөнелтімдері: пошта қызметтері жіберетін кез келген затқа (жазбаша хат-хабар, пошта сәлемдемесі, пошта аударымдары т.б.) жататын жалпы термин;
1.5. аяқталған шығыстар: беретін пошта әкімшілігінің баратын пошта әкімшілігіне баратын елдің жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін алумен байланысты шығыстарды өтеу үшін төлеуге тиіс өтемақысы;
1.6. транзиттік шығыстар: тасымалдаушының (пошта әкімшілігі, басқа да қызмет немесе екі қызмет бірлестігі) кесіп өту елінде жедел нұсқауды құрлық, теңіз және/немесе әуе транзитімен байланысты ұсынған қызметтері үшін өтемақысы;
1.7. тарифтің кіріс құрлық үлесі: беретін пошта әкімшілігінің баратын пошта әкімшілігіне баратын елде посылканы алумен байланысты шығыстарды өтеу үшін төлеуге тиіс өтемақысы;
1.8. тарифтің транзиттік құрлық үлесі: тасымалдаушының кесіп өтеу елінде сәлемдемені оның аумағы арқылы құрлық және/немесе әуе транзитімен байланысты ұсынған қызметтері үшін өтемақысы;
1.9. тарифтің теңіз үлесі: сәлемдемені теңіз жолымен тасымалдауға қатысатын тасымалдаушының (пошта әкімшілігі, басқа да қызмет немесе екі қызмет бірлестігі) көрсеткен қызметтері үшін тиесілі өтемақысы.
2-бап
Конвенцияға қосылудан туындайтын міндеттемелерді орындауға
жауапты субъектінің немесе субъектілердің мақсаты
1. Мүше елдер Конгресс аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Халықаралық бюроға пошта мәселелерін бақылаумен айналысатын мемлекеттік органның атауы мен мекенжайын хабарлауға тиіс. Мүше елдер Конгресс аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Халықаралық бюроға пошта қызметін пайдалану үшін ресми тағайындалған оператордың немесе операторлардың атауы мен мекенжайын және Одақ Актісін өз аумағында қолдануынан туындайтын міндеттемелердің орындалуын да хабарлауға тиіс. Конгрестер арасындағы кезеңде мемлекеттік органдарға немесе ресми тағайындалатын операторларға қатысты өзгерістер туралы ақпарат аса қысқа мерзімде Халықаралық бюроға жіберілуге тиіс.
3-бап
Әмбебап пошта қызметі
1. Одақтың бірыңғай пошта аумағы ұғымын нығайту мақсатында мүше мемлекеттер барлық пайдаланушылардың/клиенттердің олардың барлық аумағында қолайлы бағалар бойынша тұрақты ұсынылатын негізгі пошта қызметтерінің ұсыныстарына сәйкес болатын әмбебап пошта қызметтеріне қол жеткізуіне құқығы болуына үлкен назар аударады.
2. Бұл үшін мүше елдер өзінің ұлттық пошта заңнамасы шеңберінде немесе басқа да қарапайым заттармен тиісті пошта қызметтерінің мәнін, сондай-ақ бір мезгілде халықтың қажеттілігі ескере отырып, сапа мен қолайлы бағалар шарттары және өздерінің ұлттық шарттарын айқындайды.
3. Мүше елдер оларға әмбебап пошта қызметін ұсыну жүктелген операторлардың пошта қызметтерін ұсыну мен сапа стандарттарын сақтауына айрықша назар аударады.
4. Мүше елдер осындай түрде оның орнықты дамуына кепілдік бере отырып, әмбебап пошта қызметін ұсыну үшін сенімді негізді қамтамасыз етуге тиіс.
4-бап
Транзит еркіндігі
1. Транзит еркіндігінің қағидаты Жарғының бірінші бабында жазылған. Бұл қағидат бойынша әрбір пошта әкімшілігі әрқашан да барынша тез жолмен және өзінің меншікті жіберілімдері үшін қолданатын өзінің сенімді құралдарын пайдалана отырып, оған екінші пошта әкімшілігі беретін жабық жедел нұсқаулар мен ашық транзитпен жіберілетін жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін жіберуге міндетті. Бұл қағидат жөнелтілген жөнелтімдерге немесе жедел хабарламаларға да қатысты болады.
2. Құрамында биологиялық тез бұзылатын немесе радиоактивті заттар бар хаттармен алмасуға қатыспайтын мүше елдердің бұл жөнелтімдерді өз аумағы арқылы ашық транзитке рұқсат бермеуге құқығы бар. Бұл - хаттарды, пошта карточкалары мен секограммаларды қоспағанда, жазбаша хат-хабар жөнелтімдеріне де қатысты болады. Бұл - салымдары оларды басу немесе кесіп өтетін елдегі айналымы шарттарын регламенттейтін заңды ережелерге сәйкес емес баспа басылымдарына, мерзімдік басылымдар мен журналдарға, ұсақ пакеттер мен қапшықтарына да қолданылады.
3. Жер үсті және теңіз жолдарымен жіберілетін пошта сәлемдемелердің транзиті еркіндігі бұл қызметке қатынасатын елдер аумағында шектеледі.
4. Авиасәлемдемелері транзитінің еркіндігі Одақтың барлық аумағында кепілдік беріледі. Алайда, *пошта сәлемдемелері қызметіне қатыспайтын мүше елдер авиасәлемдемелерді жер үсті жолымен жіберуді қамтамасыз етуге міндетті болмайды.
5. Егер қандай да бір мүше ел транзит еркіндігіне қатысты ережелерді сақтамаса, басқа мүше елдердің бұл елмен пошта байланысын тоқтатуға құқығы болады.
5-бап.
Пошта жөнелтімдерінің тиесілігі. Жөнелтімдерді поштадан
кері қайтарып алу. Мекенжайды өзгерту немесе түзету. Басқа
мекенжайға жіберу. Жеткізуге келмейтін жөнелтімдерді
жіберушіге қайтару
1. Кез келген пошта жөнелтімі, егер ол беретін немесе баратын елдің заңнамасына сәйкес кідіртілмесе ол адресатқа берілмейінше және транзит елдің заңнамасына сәйкес 15.2.1.1 немесе 15.3-баптар қолданған жағдайда жіберушіге тиесілі болады.
2. Пошта жөнелтімін беруші оны поштадан кері шақыртып ала алады, оның мекенжайын өзгерте немесе түзете алады. Тарифтер мен басқа да шарттар Регламенттерде белгіленген.
3. Мүше елдер алушының мекенжайы өзгерген жағдайда пошта жөнелтімдерін басқа мекенжайға жіберуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ Регламентте жазылған шарттар мен тарифтерге сәйкес жеткізуге келмейтін жөнелтімдерді жіберушіге қайтаруды жүзеге асырады.
6-бап
Тарифтер
1. Әртүрлі халықаралық және арнайы пошта қызметтеріне жататын тарифтерді пошта әкімшіліктері Конвенциялар мен Регламенттерде жазылған қағидаттарға сәйкес белгілейді. Қағидат бойынша олар бұл қызметтер орындауы тиіс шығыстармен байланысты болуға тиіс.
2. Беретін пошта әкімшілігі жазбаша хат-хабарлар жөнелтімі мен пошта сәлемдемелерін жібергені үшін төлем тарифін белгілейді. Төлем тарифтері, егер тек баратын елдерде әңгіме болып отырған жөнелтімдерді жеткізу қызметтері ұйымдастырылған болса, жөнелтімдерді адресаттарға үйге апарып тапсыру құнын қамтиды.
3. Актілерде бағдар ретінде келтірілген тарифтерді қоса алғанда, қолданылатын тарифтер кемінде осындай сипаттамалары бар (санаты, саны, өңдеу мерзімі және т.б.) ішкі режим жөнелтімдеріне қолданылатын тарифтермен теңесуге тиіс.
4. Пошта әкімшіліктеріне Актілерде келтірілген барлық шамамен алынған тарифтерден асуға рұқсат беріледі.
5. § 3 белгіленген тарифтердің ең аз шегінен асып кеткен жағдайда пошта әкімшіліктерінің олардың елдеріне берілген жазбаша хат-хабар жіберілімдері мен пошта сәлемдемелері үшін олардың ішкі заңнамасына негізделген төмендетілген тарифтер ұсынуға құқығы бар. Олардың жекелей алғанда үлкен пошта алмасымы бар өз клиентурасына жеңілдетілген тариф ұсынуға құқығы болады.
6. Клиенттерден Актілерде көзделгендерден басқа әртүрлі пошта тарифтерін алуға тыйым салынады.
7. Актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір пошта әкімшілігі өзі алған тарифтерді өз пайдасына қалдырады.
7-бап.
Пошта тарифтерін төлеуден босату
1. Қағидат
1.1. Конвенцияда пошта төлемінен босату сияқты тегін жіберудің нақты жағдайлары көзделген. Дегенмен, Регламенттер пошта төлемінен босатуды да, транзиттік шығыстар төлемінен босату, аяқталған шығыстарды және пошта әкімшіліктері мен өңірлік одақтар жіберетін, пошта қызметіне жататын жазбаша хат-хабар жөнелтімдері мен пошта сәлемдемелері үшін тарифтердің кіріс үлесін де көздейтін ережелер айқындауы мүмкін. Бұдан өзге, ДПО-ның Халықаралық бюросы, өңірлік одақтар мен пошта әкімшіліктері бір бірімен алмасатын жазбаша хат-хабар жөнелтімдері және пошта сәлемдемелері пошта қызметіне жататын жөнелтімдер болып саналады және барлық пошта алымдарынан босатылады. Алайда, беру әкімшілігінің бұл жөнелтімдер үшін қосымша авиатарифтер алуға құқығы бар.
2. Әскери тұтқындар мен тұтқындалған азаматтық адамдар
2.1. Әскери тұтқындарға жіберілетін немесе олар тікелей немесе Конвенция Регламенттерінде және Пошта төлемдерінің қызметтері туралы келісімде көзделген мекемелердің делдалдығымен жіберілетін қосымша авиатарифтерді, жазбаша хат-хабарлар жөнелтімдері, пошта сәлемдемелері мен пошта қаржы қызметтерінің жөнелтімдері. Соғысып жатқан жаққа тиесілі, бейтарап елге қабылданған және тұтқындалған адамдар алдыңғы ережелерді қолдануға қатысты бұл сөздің тікелей мағынасында әскери тұтқындарға теңестіріледі.
2.2. § 2.1 көзделген ережелер 1949 жылғы 12 тамыздағы Соғыс уақытында азаматтық халықты қорғау туралы Женева конвенциясында көзделген азаматтық тұтқындалған адамдарға жіберілетін немесе олар не тікелей не Конвенция Регламенттерінде және Пошта төлемдерінің қызметтері туралы келісімде көзделген мекемелер арқылы жіберетін басқа елдерден жіберілетін жазбаша хат-хабар жөнелтімдеріне, пошта сәлемдемелері мен пошта қаржы қызметтері жөнелтімдеріне қолданылады.
2.3. Конвенция Регламенттерінде және Пошта төлемдерінің қызметтері туралы келісімде көзделген мекемелер де жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін, пошта сәлемдемелерін және олар тікелей немесе делдалдар ретінде жіберетін немесе алатын § 2.1 және 2.2 көрсетілген тұлғаларға жататын пошта қаржы қызметтері жөнелтімдерін тегін жіберу құқығын қолданады.
2.4. Салмағы 5 кг. дейінгі сәлемдемелерді поштамен тегін жіберуге рұқсат етіледі. Салымы бөлінбейтін және бір лагерге немесе тұтқындар арасында бөлу үшін оның сенімді адамдарына жіберілетін жөнелтімдер үшін шектік салмақ 10 кг. дейін ұлғайтылады. 2.5 Қызметтік сәлемдемелер мен әскери тұтқындар мен азаматтық тұтқындалған адамдардың сәлемдемелері үшін пошта әкімшіліктері арасындағы есептесулер кезінде авиасәлемдемелердің әуе тасымалына арналған шығыстарды қоспағанда, ешқандай тариф үлесі алынбайды.
3. Зағиптерге арналған жөнелтімдер (секограммалар)
3.1. Зағиптерге арналған жөнелтімдер қосымша авиатарифтерді қоспағанда, барлық пошта алымдарынан босатылады.
8-бап
Пошта маркалары
1. «Пошта маркасы» термині қолданыстағы Конвенциямен қорғалған және осы баптың және Регламенттердің шарттарына сәйкес келетін маркаларға қатысты ғана пайдалануға тиіс.
2. Пошта маркалары:
2.1. ДПО Актілеріне сәйкес шығару құқығы бар орган ғана шығарады; маркаларды шығару оларды айналымға шығаруды қамтиды.
2.2. егемендік көрінісі болып табылады және мыналарды:
2.2.1. Одақ Актісіне сәйкес олар пошта жөнелтімдеріне желімденсе олардың шынайы құнына сәйкес мөлшерде пошта алымының алдын ала төлемі жасалғанының айғағы екенін;
2.2.2. филателия объектілері ретінде пошта әкімшілігі үшін қосымша кіріс көзі екенін білдіреді;
2.3. пошта алымдарының алдын ала төлемі мен филателия үшін әкімшілік шығаратын аумақта айналымда болуға тиіс.
3. Егемендіктің белгісі ретінде пошта маркалары:
3.1. латын әріптерімен жазылған мемлекет немесе субъектісі шығарушы пошта әкімшілігі болып табылатын аумақ атауын;
3.1.1. факультативтік тәртіппен субъектісі шығарушы пошта әкімшілігі болып табылатын мемлекеттің ресми эмблемасын;
3.1.2. жалпы алғанда латын әріптерімен немесе араб цифрларымен белгіленген олардың атаулы құнын;
3.1.2. факультативтік тәртіппен латын немесе басқа да әріптермен жазылған «Роstes» («Пошта») деген сөзді қамтуға тиіс.
4. Пошта маркаларында бейнеленетін мемлекет эмблемасы, үкіметтік ұйымдардың ресми қызметтік жазбалары мен логотиптері Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының ережелері шеңберінде қорғалған.
5. Пошта маркаларының тақырыбы мен сюжеттері:
5.1. ДПО Жарғысына кіріспе мәніне және Одақ органдары қабылдаған шешімдерге сәйкес келуге тиіс;
5.2. елдің немесе субъектісі шығарушы пошта әкімшілігі болып табылатын аумақтың мәдени өзгешелігімен тығыз байланысты болуға немесе мәдениетті таратуға немесе бейбітшілікті қолдауға ықпал етуге тиіс;
5.3. көрнекі тұлғалардың немесе сол елдің немесе субъектісі шығарушы елдің пошта әкімшілігі болып табылатын аумақтың тарихына жататын қандай да бір оқиғаның құрметіне естелік маркалар шығарылған жағдайда олар осы елмен немесе аумақпен тығыз байланысты болуға тиіс;
5.4. саяси сипаты болмауға немесе қандай да бір тұлғаны немесе елді қорламауға тиіс;
5.5. сол ел немесе субъектісі шығарушы елдің пошта әкімшілігі болып табылатын аумақ үшін аса маңызды болуға тиіс.
6. Зияткерлік меншік құқықтарының субъектісі ретінде пошта маркалары мыналарды:
6.1. шығарушы пошта әкімшілігінің тиісті зияткерлік меншік құқығын, атап айтқанда:
6.1.1. шығарылған жылды көрсете отырып, авторлық құқықтарды көрсететін © белгісі салынған авторлық құқықты;
6.1.2. бұл белгіден кейін ® тіркелген сауда маркасы нышаны қойылған, субъектісі шығарушы пошта әкімшілігі болып табылатын мүше елдің аумағында тіркелген белгіні;
6.2. суретшінің тегін;
6.3. баспахана атауын пайдалану құқығына нұсқауды қамтуы мүмкін.
7. Пошта төлемінің белгілері, франкировальдық машиналар бедері мен ДПО Актісіне сәйкес келетін басудың штемпелдеудің басқа да тәсілдерімен алынатын бедерлер тек пошта әкімшілігінің рұқсатымен ғана қойылады.
9-бап
Пошта қауіпсіздігі
1. Мүше елдер барлық жұмыс істейтін қызметшілердің мүдделері үшін халықтың қалың жігінің пошта қызметтеріне қатысы бойынша сенімін сақтау және арттыру үшін барлық пайдалану деңгейіндегі қауіпсіздік саласында іс-қимыл стратегиясын бекітеді және іске асырады. Мұндай стратегия мүше елдер арасындағы тасымалдар мен хабарламалар транзитінің сенімділігі мен қауіпсіздігін сақтауға қатысты ақпаратпен алмасуды білдіруге тиіс.
10-бап
Қоршаған орта
1. Мүше елдер поштаны пайдаланудың барлық деңгейлерінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді стратегияны әзірлеуге және жүзеге асыруға әрі пошта қызметтері шеңберінде экологиялық мәселелерге назар аудартуға жәрдемдесуге тиіс.
11-бап
Құқық бұзушылық
1. Пошта жөнелтімдері
1.1. Мүше елдер:
1.1.1. пошта жіберілімдеріне есірткілер, психотроптық немесе жарылғыш қауіпті, жанатын немесе Конвенция анық рұқсат етпейтін басқа да түрлі қауіпті заттарды қосу;
1.1.2. пошта жіберілімдеріне педофилия немесе балалар порнографиясына қатысы бар заттарды қосу іс-қимылдарының алдын алу үшін, сондай-ақ кінәлілерді қуғындау және жазалау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
2. Жалпы пошта төлемі және пошта төлемі құралдары, атап айтқанда:
2.1. Мүше елдер осы Конвенцияда көзделген пошта төлемі құралдары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды басу және жазалау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттеме алады, атап айтқанда:
2.1.1. айналымдағы немесе айналымнан алынған пошта маркалары;
2.1.2. пошта төлемі белгілері;
2.1.3. франкировальдық машиналардың немесе басу станоктарының бедерлері;
2.1.4. халықаралық жауап купондары.
2.2. Бұл конвенцияда төлем тәсілі саласындағы құқық бұзушылық деп орындаушының немесе үшінші тұлғаның заңсыз баю ниетімен жасалған төмендегі іс-қимылдардың бірін білдіреді. Мыналар:
2.2.1. пошта төлемі құралдарын қолдан жасау, имитация немесе ұқсатып жасау немесе оларды тыйым салынған дайындаумен байланысты кез келген басқа да заңсыз немесе қылмыстық іс-қимылдар;
2.2.2. қолдан жасалған, имитацияланған немесе ұқсатып жасалған пошта төлемі құралдарын пайдалану, айналымға шығару, коммерциялизациялау, жеткізу, тарату, тасымалдау, әкелу, әкету, көрсету немесе экспонаттау (сондай-ақ жарнама мақсаттарында);
2.2.3. бұрын пайдаланған төлем құралдарын пошта үшін пайдалану және айналымға шығару;
2.2.4. жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың бірін жасауға әрекет ету жазаланады.
3. Өзаралық қағидаты
3.1. Санкцияларға келетін болсақ, әңгіме ұлттық немесе шетел төлем құралдары туралы болып отырғанына қарамастан 2-тармақта көзделген іс-қимылдар арасында ешқандай айырмашылықтар жасамау керек; бұл ережеге заңды негіздерде немесе шарт негізінде ешқандай өзара талаптар қатысты болмауға тиіс.
Екінші бөлік
Жазбаша хат-хабарға және пошта сәлемдемелеріне қолданылатын ережелер
1-тарау
Қызметтер ұсыну
12-бап
Негізгі қызметтер
1. Мүше елдер жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етеді.
2. Жазбаша хат-хабар жөнелтімдері:
2.1. салмағы 2 кг. дейінгі басым және басым емес жөнелтімдер;
2.2. хаттар, пошта карточкалары, баспа басылымдары мен салмағы 2 кг. дейінгі ұсақ пакеттер;
2.3. салмағы 7 кг. дейінгі секограммалар;
2.4. салмағы 30 кг. дейінгі «қаптар Қ» деп аталатын, сол мекенжай бойынша сол бір ғана алушының мекенжайына жіберілген газеттер, мерзімді басылымдар, кітаптар мен осындай баспа өнімдері бар арнайы қаптар.
3. Жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін жіберу оларды өңдеу жылдамдығы негізінде немесе Жазбаша хат-хабар регламентіне сәйкес олардың салымдары негізінде жіктеледі.
4. § 2 көрсетілген шектерден асатын салмақ шектері Жазбаша хат-хабар регламентінде көзделген шарттарға сәйкес жазбаша хат-хабар жөнелтімдерінің белгілі бір санаттары үшін факультативті түрде қолданылады.
5. Мүше елдер сондай-ақ олардың клиенттері үшін кез келген басқа да барынша тиімді құралдарды пайдалана отырып, не Конвенция ережелері негізінде не шығыс сәлемдемелері жағдайында және екі жақты келісім кезінде салмағы 20 кг. дейінгі пошта сәлемдемелерін қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етеді.
6. Салмағы 20 кг. асатын шегі пошта сәлемдемелерінің регламентінде көзделген шарттарға сәйкес пошта сәлемдемелерінің белгілі бір санаттары үшін факультативті түрде қолданылады.
7. Пошта әкімшілігі сәлемдемені тасымалдауды өзіне алған кез келген ел Конвенция ережелерін орындауды көлік кәсіпорнына тапсыра алады. Сонымен қатар ол бұл қызметті осы кәсіпорындар қызмет көрсететін шығыс немесе баратын тұрғылықты пункттеріне посылкаларды шектей алады.
8. 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін Пошта сәлемдемелері туралы келісімге қол қоймаған елдер § 5 көзделген ережелерден ауытқи отырып, пошта сәлемдемелері қызметін қамтамасыз етуге міндетті емес.
13-бап
Қосымша қызметтер
1. Мүше елдер мынадай қосымша міндетті қызметтерді қамтамасыз етеді:
1.1. жазбаша хат-хабардың шығыс басымды және авиажіберілімдері үшін тапсырыстық жөнелтімдер қызметі;
1.2. басым немесе авиақызметтер жоқ бару пунктіне жіберілетін жазбаша хат-хабардың шығыс басымды емес және жерүсті жөнелтімдері үшін тапсырыстық жөнелтімдер қызметі;
1.3. жазбаша хат-хабардың барлық кіріс жөнелтімдері үшін тапсырыстық жөнелтімдер қызметі.
2. Басым немесе авиақызметтері бар бару пункттеріне берілетін жазбаша хат-хабардың шығыс басымды емес және жер үсті жөнелтімдері үшін тапсырыстық жөнелтімдер қызметін ұсыну міндетті сипатта болуға тиіс.
3. Мүше елдер бұл қызметті ұсыну шешімін қабылдаған әкімшіліктер арасындағы қатынастарда мынадай қосымша факультативті қызметтер ұсынуы мүмкін:
3.1. жазбаша хат-хабар жөнелтімдері мен сәлемдемелер үшін құндылығы жарияланған жіберілімдер қызметі;
3.2. жазбаша хат-хабар жіберілімдері үшін жеткізуі бақыланатын жөнелтімдер қызметі;
3.3. жазбаша хат-хабар жіберілімдері мен сәлемдемелер үшін төлемі төленген жіберілімдер қызметі;
3.4. жазбаша хат-хабар жіберілімдері мен посылкалар үшін қолма қол берілетін жіберілімдер қызметі;
3.5. жазбаша хат-хабардың тапсырыстық жөнелтімдері, жеткізілуі бақыланатын жөнелтімдерді немесе құндылығы жарияланған жөнелтімдерді адресатқа жеке өзіне тапсыру қызметі;
3.6. жазбаша хат-хабар жөнелтімдері мен сәлемдемелер үшін тарифтер мен алымдар алмайтын жөнелтімдер қызметі;
3.7. нәзік және алып сәлемдемелер қызметі;
3.8. шетелге арналған бір жіберушіге топталған жөнелтімдер үшін топталған «Консигнация» жөнелтімдері қызметі.
4. Мына қосымша үш қызметтің міндетті және факультативті бөлігі болады:
4.1. негізінен факультативті болып табылатын, жауап берілетін халықаралық коммерциялық хат-хабар қызметі (ХКХҚ); алайда барлық әкімшіліктер ХКХҚ жөнелтімдерін қайтару қызметін қамтамасыз етуге тиіс;
4.2. халықаралық жауап купондары қызметі; бұл купондар кез келген мүше елде айырбасталуы мүмкін, бірақ олардың сатылуы факультативті болып табылады;
4.3. жазбаша хат-хабардың тапсырыстық жөнелтімдері немесе жеткізілуі бақыланатын жөнелтімдер, құндылығы жарияланған сәлемдемелер мен жөнелтімдер үшін алғаны туралы хабарлама; барлық пошта әкімшілігі кіріс жөнелтімдері үшін алғаны туралы хабарламаны қабылдайды; алайда шығыс жөнелтімдері үшін алғаны туралы хабарлама қызметтерін ұсыну факультативті болып табылады.
5. Бұл қызметтерді сипаттау және олар үшін алынатын тарифтер Регламенттерде келтіріледі.
6. Төменде аталған қызметтер үшін ішкі режимде арнайы тарифтер төлемі қажет болатын жағдайларда пошта әкімшіліктерінің Регламенттерде көрсетілген талаптарға сәйкес халықаралық жөнелтімдер үшін сол тарифтерді алу құқығы болады:
6.1. салмағы 500 г. асатын ұсақ пакеттерді жеткізу;
6.2. берудің шектік мерзімінен кейін берілген жазбаша хат-хабар жіберілімдері;
6.3. операциялық терезелердің жұмысы аяқталғаннан кейін берілген жіберілімдер;
6.4. жіберілімдерді жеткізушінің тұрғылықты орны бойынша қабылдау;
6.5. операциялық терезелердің жұмысы аяқталғаннан кейін жазбаша хат-хабар жіберілімдерін кері шақыртып алу;
6.6. талап етілгенге дейінгі жіберілімдер;
6.7. салмағы 500 г. астам жазбаша хат-хабар жөнелтімдері мен пошта сәлемдемелерін сақтау;
6.8. сәлемдемені келгені туралы хабарламаға жауап ретінде жеткізу;
6.9. форс-мажорлық жағдайлар әрекетімен байланысты тәуекелдерді жабу.
14-бап
Электронды пошта; ЕМS, кешенді логистика және жаңа қызметтер
1. Пошта әкімшіліктері Регламенттерде сипатталған мына қызметтерге қатысу туралы өзара уағдаласады:
1.1. хабарламаларды электрондық беру пайдаланылатын пошта қызметі болып табылатын электронды пошта;
1.2. құжаттар мен жүктерді жіберу үшін жедел пошта қызметі болып табылатын және физикалық құралдарды пайдалана отырып, мүмкіндігіне қарай пошта қызметтерінің ішіндегі ең жедел екенін білдіретін ЕМS; пошта әкімшіліктерінің ЕМS көпжақты үлгілік келісімдері немесе екі жақты келісімдер негізінде бұл қызметі ұсыну құқығы болады;
1.3. логистика саласында клиентура қажеттілігін толықтай қанағаттандыратын және тауарлар мен құжаттардың нақты тасымалы алдындағы және одан кейінгі кезеңдерді қамтитын кешенді логистика қызметі;
1.4. құжаттарды электронды түрде берудің мүлтіксіз растамасы болып табылатын және белгілі бір уақытта бір немесе бірнеше қатысушы жүргізген операциялардың шынайылығы нысанына сәйкес келетін электрондық пошта штемпелі.
2. Жалпы келісім арқылы пошта әкімшіліктері Одақ Актісінде нақты көзделмеген жаңа қызмет ұйымдастыра алады. Жаңа қызметке қатысты тарифтерді әрбір мүдделі әкімшілік қызметтің пайдалану шығыстарын ескере отырып, белгілейді.
15-бап
Рұқсат етілмейтін жіберілімдер. Тыйым салу
1. Жалпы ережелер
1.1. Конвенция және Регламенттер талап ететін шарттарға сай келмейтін жөнелтімдерге рұқсат етілмейді. Алаяқтық актісіне жәрдемдесу үшін жіберілетін немесе тиісті соманы толық төлеуден жалтару ниетімен жіберілетін жөнелтімдерге рұқсат етілмейді.
1.2. Осы бапта көрсетілген тыйым салуларға есептелмейтін жағдайлар Регламенттерде келтіріледі.
1.3. Барлық пошта әкімшіліктерінің олар тиісті анықтамаға енгізілгеннен кейін бірден қолданылуы мүмкін осы бапта аталған тыйым салулар тізімін толықтыру мүмкіндігі болды.
2. Жөнелтімдердің барлық санаттарына арналған тыйым салулар
2.1. Төменде аталған заттарды жөнелтімдердің барлық санаттарына енгізуге тыйым салынады:
2.1.1. есірткілер мен психотроптық заттар;
2.1.2. ерсі және адамгершілікке жатпайтын сипаттағы заттар;
2.1.3. бару елінде оларды әкелу немесе айналымға салу тыйым салынған заттар;
2.1.4. өзінің сипаты немесе орамасы бойынша пошта қызметкерлері немесе қарапайым халық үшін қауіп төндіретін, басқа жөнелтімдерді, пошта жабдығын немесе үшінші тарап меншігін ластайтын немесе бұзатын заттар;
2.1.5. ағымдық және жеке хат алысу сипаты бар құжаттар, сондай-ақ жіберуші немесе алушы немесе олармен бірге тұратын адамдар болып табылмайтын адамдар алмасатын әртүрлі хат-хабарлар.
3. Жарылғыш, тұтанатын немесе радиоактивті, сондай-ақ басқа да қауіпті заттар:
3.1. Жөнелтімдердің барлық санаттарына жарылғыш, тұтанатын немесе басқа да қауіпті заттарды, сондай-ақ радиоактивті заттарды салуға тыйым салынады.
3.2. Мына заттар мен материалдарды жіберуге айрықша тәртіппен рұқсат етіледі:
3.2.1. 16.1-бабында айтылған жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен және пошта сәлемдемелерімен жіберілетін радиоактивті заттар;
3.2.2. 16.2-бапта айтылған жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен жіберілетін биологиялық заттар.
4. Тірі жануарлар
4.1. Тірі жануарларды жөнелтімдердің барлық санаттарымен жіберуге тыйым салынады.
4.2. Құндылығы жарияланған жөнелтімдерді қоспағанда, жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен мыналарды жіберуге айрықша жағдайларда рұқсат етіледі:
4.2.1. аралар, сүліктер мен жібек құрттары;
4.2.2. бұл жәндіктерді зерттеу және ресми танылған мекемелер арасындағы айырбас үшін паразиттер мен зиянды жәндіктерді құртушылар;
4.2.3. ресми танылған мекемелердің медицина-биологиялық зерттеулері үшін дрозофил (Drosophilidae) тұқымдас мушкалары;
4.3. Айрықша тәртіпте мыналарды сәлемдемелермен жіберуге рұқсат етіледі:
4.3.1. пошта бойынша жіберілуі мүдделі елдердің пошта ережелерімен рұқсат етілген тірі жануарлар.
5. Сәлемдемеге хат-хабарлар салу
5.1. Пошта сәлемдемелеріне төменде көрсетілген заттарды салуға тыйым салынады:
5.1.1. ағымдық сипаттағы және жеке хат алысу құжаттары;
5.1.2. жіберуші мен алушыдан немесе олармен бірге тұратын адамдардан басқа адамдар арасында алмасатын кез келген сипаттағы хат-хабар.
6. Монеталар, банк билеттері мен басқа да қымбат бағалы заттар
6.1. Мыналарда монеталар, банк билеттері, кредиттік билеттер немесе ұсынушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, платина, бұйымдардағы немесе өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, қымбат бағалы тастар, зергерлік бұйымдар мен басқа да қымбат бағалы заттар салуға тыйым салынады:
6.1.1. құндылығы жарияланбайтын жазбаша хат-хабарларды жөнелтімдерінде;
6.1.1.1. алайда, егер беру және бару елінің ішкі заңнамасы бұған мүмкіндік берсе, онда бұл заттар жабық конвертте тапсырыстық жіберілім ретінде жіберілуі мүмкін;
6.1.2. егер беру және бару елінің ішкі заңнамасына сәйкес бұған рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, құндылығы жарияланбайтын посылкаларда;
6.1.3. құндылығын жариялау рұқсат етілетін екі ел арасында алмасатын құндылығы жарияланбаған посылкаларда;
6.1.3.1. оған қоса әрбір әкімшіліктің оның аумағынан шығатын және оған жіберілетін немесе оның аумағы арқылы транзитпен жіберілетін құндылығы жарияланған немесе жарияланбаған жөнелтімдерде құймалардағы алтынды салуға тыйым салуға құқығы бар; ол бұл жөнелтімдердің шынайы құнын шектей алады.
7. Зағиптарға арналған баспа басылымдары мен жөнелтімдер (секограммалар).
7.1. Зағиптарға арналған баспа басылымдары мен жөнелтімдерде:
7.1.1. ешқандай аннотация, ағымдық және жеке хат алысу сипаты бар ешқандай құжаттар болмайды;
7.1.2. жөнелту қайтарылуы алдын ала төленген беру елінде немесе бастапқы жіберушінің бару елінде хабарлама жіберушінің немесе оның агентінің мекенжайы басылған карточка, конверт немесе бандероль салымы ретінде болған жағдайларды қоспағанда, ақшалай құнын көрсететін ешқандай маркалар, төлем бланкалары, штемптелген немесе штемптелмеген ешқандай құжат болмауға тиіс.
8. Қате қабылданған жөнелтімдерді өңдеу
8.1. Қате қабылданған жөнелтімдерді өңдеу Регламенттерде айқындалады. Сонымен қатар, § 2.1.1, 2.1.2 және 3.1 аталған заттар салынған жөнелтімдер ешқандай жағдайда баратын жеріне жеткізілмеуі, адресатқа тапсырылмауы, беру орнына қайтарылмауы тиіс. Транзиттік жіберу кезінде § 2.1.1 және 3.1 көрсетілген заттар анықталған жағдайда мұндай заттармен транзит елінің ішкі заңнамасына сәйкес әрекет жасау керек.
16-бап
Рұқсат етілетін радиоактивті және биологиялық заттар
1. Радиоактивті заттарды төменде көрсетілген шарттарға сәйкес бұл жөнелтімдерді не олардың өзара байланыстарына не бір бағытқа енгізуге өз келісім туралы мәлімдеген пошта әкімшіліктері арасында жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен және сәлемдемелерімен жіберуге рұқсат етіледі:
1.1. радиоактивті заттар Регламенттердің тиісті ережелері негізінде бітеледі және оралады;
1.2. радиоактивті заттар жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен жіберілсе, олар үшін басым жіберілімдер тарифі немесе хат және тапсырыс тарифі алынады;
1.3. жазбаша хат-хабар жөнелтімдеріндегі немесе пошта сәлемдемелеріндегі радиоактивті заттар ең тез жолмен, әдетте тиісті қосымша авиатарифтер төленген жағдайда әуе жолымен жіберілуге тиіс;
1.4. радиоактивті заттарды тиісті рұқсаты бар жіберушілер ғана жібере алады.
2. Биологиялық заттарды төменде көрсетілген шарттарға сәйкес жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен жіберуге рұқсат етіледі:
2.1. егер олар инфекциялық заттарды салқындату үшін пайдаланса, тез бұзылатын биологиялық заттар, инфекциялық заттар және қатты көмір қышқыл газы (құрғақ мұз) ресми танылған құзыретті зертханалар арасында алмасу шеңберінде ғана пошта бойынша жіберілуі мүмкін. Бұл қауіпті тауарлар ұлттық заңнама, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті тауарларға қатысты қолданыстағы техникалық ережелері және ИАТА ережелері рұқсат ететін жағдайларда оларды авиажолмен жіберу үшін поштаға енгізілуі мүмкін.
2.2. Регламенттің тиісті ережелеріне сәйкес бітелген және оралған тез бұзылатын биологиялық заттар мен инфекциялық заттар үшін басым жөнелтімдер тарифі немесе тапсырыстық хат тарифі алынады. Қосымша тариф алынған кезде бұл жөнелтімдерге пошталық өңдеу жүргізуге рұқсат етіледі.
2.3. пошта әкімшіліктері бұл жіберілімдерді не өзара қатынаста не бір бағытта қабылдауға келіскен мүше елдер тез бұзылатын биологиялық заттар мен инфекциялық заттарды кіргізуді шектейді.
2.4. Бұл заттар ең тез жолмен, әдетте тиісті қосымша авиатарифтер төленген жағдайда әуе жолымен және жеткізу кезінде басымдық беріле отырып, жіберіледі.
17-бап
Рекламация
1. Әрбір пошта әкімшілігі, егер тек олар жөнелтім берілген күнінен кейін келесі күннен бастап алты ай ішінде ұсынылса, өзінің меншікті қызметіне немесе басқа пошта әкімшілігі қызметіне берілген кез келген жіберілім туралы рекламацияны қабылдауға міндетті. Алты ай кезеңі талап қоюшы тарап пен пошта әкімшіліктері арасындағы қатынастарға қатысты болады және пошта әкімшіліктері арасындағы рекламация мерзімін қамтымайды.
1.1. Алайда, жазбаша хат-хабардың қарапайым жөнелтімдерін алмауға қатысты рекламацияларды қабылдау міндетті болып табылмайды. Осылайша, жазбаша хат-хабардың қарапайым жөнелтімдерін алмауға қатысты рекламацияларды қабылдайтын пошта әкімшілігінің өз тергеулерін жеткізуге келмейтін жөнелтімдер қызметінде іздеумен шектелу мүмкіндігі болады.
2. Рекламация Регламенттерде көзделген шарттарға сәйкес қабылданады.
3. Рекламацияларды өңдеу тегін жүзеге асырылады. Дегенмен ЕМS бойынша жауап жіберу өтінішімен байланысты қосымша қызметтерді жалпы рекламация беруші есебінен төленеді.
18-бап
Кедендік бақылау. Кедендік баждар мен басқа да алымдар.
1. Беру елінің пошта әкімшілігі мен бару елінің пошта әкімшілігінің бұл елдердің заңнамасына сәйкес жөнелтімдерді кедендік тексеруге ұсынуға құқығы бар.
2. Кедендік бақылауға жататын жөнелтімдер үшін пошта пайдасына кеденге ұсынғаны үшін шамамен алынған мөлшері Регламенттерде белгіленген тариф алынуы мүмкін.
3. Клиенттер атынан кедендік тексеру жүргізуге рұқсат алған пошта әкімшілігі клиенттерден нақты шығыстарға негізделген тариф алуы мүмкін.
4. Пошта әкімшіліктеріне жағдайға қарай жөнелтімдерді жіберушіден немесе алушыдан кедендік баж және барлық басқа да ықтимал алымдарын алуға рұқсат етіледі.
19-бап
Әскери бөлімдермен жабық хабарламалар алмасу
1. Жазбаша хат-хабары бар жабық хабарламалармен алмасу басқа елдердің құрлықтағы, теңіз немесе әуе қызметтерінің көмегімен:
1.1. мүше елдердің бірінің пошта мекемелері мен Біріккен Ұлттық Ұйымының қарамағындағы әскери бөлімшелер қолбасшылығының арасында;
1.2. бұл әскери бөлімшелердің қолбасшылықтары арасында;
1.3. мүше елдердің бірінің пошта мекемелері мен теңіз, әуе қолбасшылығының немесе сол елдің шетелдегі әскери бөлімшелері, әскери кемелерінің немесе ұшақтарының арасында;
1.4. теңіз, әуе немесе сол елдің шетелдегі әскери бөлімшелері қолбасшылығының, әскери кемелерінің немесе ұшақтарының арасында жүргізіледі.
2. § 1 көрсетілген хабарламаға жабылған жазбаша хат-хабар жөнелтімдері хабарламаларды алатын немесе жіберетін әскери бөлімше мүшелері немесе штабтар мен кеме немесе ұшақ экипаждары жібереді немесе солардан шығады. Оларға қолданылатын жіберу тарифтері мен шарттары әскери бөлімшені қарамағына берген немесе кеме немесе ұшақтар тиесілі елдің пошта әкімшілігінің ережелеріне сәйкес айқындалады.
3. Айрықша уағдаластың жоқ болған кезде әскери бөлімшені қарамағына берген немесе кеме немесе ұшақтар тиесілі елдің пошта әкімшілігі тиісті әкімшілікке хабарлама транзиті бойынша шығыстарды, түпкілікті шығыстар мен әуе тасымалына арналған шығыстарды төлеуге міндетті.
20-бап
Қызметтің сапа саласындағы нормативтері мен бақылау цифрлары
1. Әкімшіліктер жазбаша кіріс хат-хабар жөнелтімдері мен сәлемдемелерді жеткізу саласында өз нормативтері мен бақылау цифрларын белгілеуге және жариялауға тиіс.
2. Бұл нормативтер мен бақылау цифрлары, әдетте кедендік бақылау үшін қажет болатын ұлғайтылған уақыт.
3. Беру әкімшілігі сондай-ақ басым жөнелтімдер мен жазбаша хат-хабар авиажөнелтімдері үшін, сондай-ақ пошта сәлемдемелері мен жер үсті/эконом-класс сәлемдемелері үшін бір жақтан екінші жаққа жіберудің нормативтерін белгілеуге және жариялауға тиіс.
4. Пошта әкімшілігі қызметтің сапа саласындағы нормативтерін қолдануды бағалауды жүргізеді.
2-тарау
Жауапкершілік
21-бап
Пошта әкімшіліктерінің жауапкершілігі. Өтем
1. Жалпы ережелер
1.1. 22-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, пошта әкімшілігі:
1.1.1. тапсырыстық жөнелтімдерінің, жай посылкалар мен құндылығы жарияланған жіберілімдердің жоғалғаны, ұрланғаны немесе бұзылғаны;
1.1.2. жеткізілуі бақыланатын жөнелтімдердің жоғалғаны;
1.1.3. сәлемдемені жеткізілмеу себебі хабарланбай қайтарғаны үшін жауапты болады.
2. Пошта әкімшіліктері § 1.1.1 және 1.1.2 аталғандарды қоспағанда, жөнелтімдер үшін жауапты болмайды.
3. Осы Конвенцияда көзделмеген барлық басқа жағдайларда пошта әкімшіліктері жауапты болмайды.
4. Егер тапсырыстық жөнелтілімнің, жай сәлемдеме мен құндылығы жарияланған жіберілімнің жоғалғаны немесе толықтай бұзылғаны өтемі қисынды болмайтын форс-мажорлық жағдайлар нәтижесі болып табылса, онда жіберушінің сақтандыру алымын қоспағанда, төленген тарифтер өтеміне құқығы болады.
5. Төленетін өтем сомасы Жазбаша хат-хабар және пошта сәлемдемелері регламенттерінде айтылған сомадан аспауға тиіс.
6. Өтем сомасын төлеу кезінде жанама шығындар немесе іске асырылмаған табыстар назарға алынбайды.
7. Пошта әкімшіліктерінің жауапкершілігіне қатысты барлық ережелер мүлтіксіз, міндетті және түпкілікті болып табылады. Пошта әкімшіліктері тіптен Конвенция мен Регламенттерде белгіленген шектерден тыс болған елеулі қателіктерге (маңызды ағаттықтарға) жауапты болмайды.
2. Тапсырыстық жөнелтімдер
2.1. Тапсырыстық жөнелтім жоғалған, толықтай ұрланған немесе толықтай бұзылған жағдайда жіберушінің Жазбаша хат-хабар регламентінде белгіленген өтемге құқығы болады. Егер жіберуші Жазбаша хат-хабар регламентінде белгіленген сомадан аз сома талап етсе, онда әкімшіліктің аз соманы төлеуге және осының негізінде бұған қатысты болуы мүмкін басқа әкімшіліктен өтем алуға құқығы болады.
2.2. Тапсырыстық жөнелтімдер ішінара ұрланған немесе ішінара бұзылған жағдайда жіберушінің жалпы келтірілген шығын немесе бұзылудың шынайы құнына сәйкес өтемге құқығы болады.
3. Жеткізілуі бақыланатын жөнелтім
3.1. Жеткізілуі бақыланатын жөнелтім жоғалған, толықтай ұрланған немесе толықтай бұзылған жағдайда жіберушінің тек төленген тарифтер өтеміне құқығы болады.
4. Жай сәлемдемелер
4.1. Жай сәлемдеме жоғалған, толықтай ұрланған немесе толықтай бұзылған жағдайда жіберушінің Пошта сәлемдемелері регламентінде белгіленген өтемге құқығы болады.
Егер, жіберуші Пошта сәлемдемелері регламентінде белгіленген сомадан аз сома талап етсе, онда әкімшіліктің аз соманы төлеуге және осының негізінде бұған қатысты болуы мүмкін басқа әкімшіліктен өтеу алуға құқығы болады.
4.2. Жай сәлемдемелер ішінара ұрланған немесе ішінара бұзылған жағдайда жіберушінің жалпы келтірілген шығын немесе бұзылудың шынайы құнына сәйкес өтемге құқығы болады.
4.3. Пошта әкімшіліктері посылка үшін оның салмағына қарамастан Пошта посылкалары регламентінде белгіленген соманы екі жақты қатысы бойынша қолдану туралы өзара уағдаласа алады.
5. Құндылығы жарияланған жөнелтім
5.1. Құндылығы жарияланған жөнелтім жоғалған, толықтай ұрланған немесе толықтай бұзылған жағдайда жіберушінің жалпы құндылығы жарияланған сомаға сәйкес АҚҚ-пен өтемге құқығы болады.
5.2. Құны жарияланған жөнелтімдер ішінара ұрланған немесе ішінара бұзылған жағдайда жіберушінің жалпы келтірілген шығын немесе бұзылудың шынайы құнына сәйкес өтемге құқығы болады. Алайда, бұл өтем еш жағдайда АҚҚ-мен көрсетілген жарияланған құны сомасынан аспайды.
6. § 4 және 5 қарастырылған жағдайларда өтем сомасы жіберуге арналған жөнелтімдердің орнына және қабылдау сәтіне сондай заттар мен тауарлардың прейскурант бағасымен АҚҚ-ге аудару бойынша есептеледі. Өтемнің прейскурант бағалары болмаған кезде заттар мен тауарлардың сол негіздерде есептелетін кәдімгі бағасы бойынша есептеледі.
7. Егер өтем тапсырыстық жөнелтілімнің, жай сәлемдеменің немесе құндылығы жарияланған жөнелтімнің жоғалғаны, толықтай ұрланғаны немесе толықтай бұзылғаны үшін тиесілі болса, жіберушінің немесе жағдайға қарай адресаттың тапсырыстық немесе сақтандыру алымын қоспағанда, одан басқа олар төлеген тарифтер мен алымдардың өтелуіне құқығы болады. Егер бұл бұзылым пошта қызметінде болса және оның жауапкершілігі шеңберіне кіретін болса, алушылар тапсырыстық жөнелтімдерден, жай сәлемдемелерден немесе құндылығы жарияланған жөнелтімдерден олардың нашар жағдайына байланысты бас тартса, бұларға да сол қатысты болады.
8. § 2, 4 және 5 ережелерінен ауытқи отырып, адресаттың ұрланған немесе бұзылған тапсырыстық жөнелтімді, жай сәлемдемені немесе құндылығы жарияланған жөнелтімді алғаннан кейін өтемге құқығы болады.
9. Пошта әкімшілігінің өз елінде, егер тек олар § 2.1 және 4.1 көрсетілгеннен аз болмаса, тапсырыстық жөнелтімдер және құндылығы жарияланған сәлемдемелер үшін жіберушіге оның ішкі заңнамасында көзделген өтем төлеуге құқығы болады. Өтем адресатқа төленетін баратын ел пошта әкімшілігіне де сол қатысты болады. § 2.1 және 4.1 белгіленген сома:
2.1. жауапты әкімшілік ұсынған талап-арыз жағдайында;
2.2. егер жіберуші өз құқығынан адресат пайдасына немесе керісінше бас тартса қолданылады.
10. Екі жақты уағдаластық жағдайларын қоспағанда, пошта әкімшіліктеріне өтем төлеуге қатысты ешқандай ескертпелер бұл бапқа қолданылмайды.
22-бап
Пошта әкімшіліктерін жауапкершіліктен босату
1. Пошта әкімшіліктері тапсыруын олар мұндай санаттағы жөнелтімдер үшін олардың ішкі ережелерінде белгіленген шарттарда жүргізген тапсырыстық жөнелтімдер, жеткізуі бақыланатын жөнелтімдер, сәлемдемелер мен құндылығы жарияланған жөнелтімдер үшін жауапты болуды тоқтатады. Дегенмен мына жағдайларда жауапкершілік сақталады:
1.1. егер ұрлану немесе бұзылу не жөнелтімді бергенге дейін не беру уақытында анықталса;
1.2. егер ішкі заңнама бұған мүмкіндік берсе, адресат немесе тиісті жағдайда жіберуші жөнелтімді қайтару кезінде беру орнында ұрланған немесе бұзылған жөнелтімді қабылдай отырып, ескертпе жасаса;
1.3. егер ішкі заңнама бұған мүмкіндік берсе және тапсырыстық жіберілім хаттарға арналған жәшікке жеткізіліп, бірақ алушы жөнелтімді алмағаны туралы мәлімдесе;
1.4. егер алушы немесе беру орнына қайтарылған жағдайда посылканы немесе құндылығы жарияланған жөнелтімді беруші дұрыс берілген қолхатқа қарамастан дереу оған жөнелтімді берген әкімшілікке оның бұзылғаны туралы мәлімдесе; ол ұрлану немесе бұзылу ол берілгеннен кейін болғанына дәлел ұсынуы тиіс; «дереу» термині ішкі заңнамаға сәйкес түсіндірілуге тиіс.
2. Пошта әкімшілігі мынадай жағдайларда жауапты болмайды:
2.1. 13.6.9-бапы сақталған жағдайда форс-мажорлық жағдаяттары әрекеті жағдайында;
2.2. егер олардың жауапкершілігі басқаша түрде дәлелденбесе, олар форс-мажорлық жағдаяттар әрекетінің нәтижесінде қызметтің құжаттардың жойылуы салдарынан жөнелтім тағдырын анықтай алмаған жағдайда;
2.3. егер шығын жіберушінің кінәсінен немесе салақтығынан немесе салынған заттардың қасиеті әсерінен болса;
2.4. жөнелтімдер 15-бапта көрсетілген тыйым салуға жататын болса;
2.5. бару елінің заңнамасына орай осы ел әкімшілігінің хабарламасына сәйкес тәркіленген жағдайда;
2.6. егер әңгіме оларға қатысты құндылықты салымдардың шынайы құнынан асырып қасақана жарияланған құндылығы жарияланған жөнелтімдер туралы болса;
2.7. егер жіберуші жөнелтімді берген күннен кейінгі күннен бастап есептегенде алты ай ішінде ешқандай рекламация бермесе;
2.8. егер әңгіме әскери тұтқындар және тұтқындалған азаматтық адамдар туралы болып отырса;
2.9. егер жіберушінің әрекетінде өтемақы алу мақсатында алаяқтық жасау элементі байқалса.
3. Пошта әкімшіліктері олар қандай нысанда жасалса да кедендік декларациялар үшін және кедендік бақылауға жататын жіберілімдерді тексеру кезінде кеден қызметтері қабылдаған шешімдер үшін ешқандай жауап бермейді.
23-бап
Жіберушінің жауапкершілігі
1. Жөнелтімді беруші жіберуге рұқсат етілмеген немесе рұқсат шарттарына жауап бермейтін олардың заттарды жіберуімен байланысты орын алған пошта қызметшілеріне келтірілген дене зақымы үшін және басқа пошта жіберілімдеріне, сондай-ақ пошта жабдығына келтірілген барлық бұзылымдар үшін жауапты болмайды.
2. Басқа пошта жөнелтімдері бұзылған жағдайда жіберуші әрбір бұзылған жөнелтім үшін пошта әкімшілігі жауап беретін шектерде жауапты болады.
3. Тіптен, егер беру мекемесі мұндай жіберілімді қабылдаса да жіберушіден жауапкершілік алынып тасталмайды.
4. Керісінше, егер жіберуші рұқсат шарттарын сақтаса, егер пошта әкімшіліктері немесе тасымалдаушылар тарапынан жөнелтімді өңдеу кезінде олар қабылдағаннан кейін қателіктер немесе салақтық орын алған болса, ол жауапты болмайды.
24-бап
Өтемді төлеу
1. Жауапты болатын әкімшіліктің талап-арыз ұсыну құқығы сақталу шарты кезінде өтемді төлеу және тарифтер мен алымдарды қайтару міндеттемесі жағдайға қарай беру әкімшілігіне немесе бару әкімшілігіне жүктеледі.
2. Жіберушінің өз құқықтарынан адресат пайдасына бас тарту құқығы болады. Және керісінше адресаттың өз құқықтарынан жіберушінің пайдасына бас тарту құқығы бар. Жіберуші немесе адресат үшінші тұлғаға, егер ішкі заңнама мүмкіндік берсе, өтемді алуға рұқсат ете алады.
25-бап
Жіберушіден немесе адресаттан өтемді ықтимал өндіріп алу
1. Егер өтем төленгеннен кейін бұрын жоғалды деп саналған тапсырыстық жөнелтім, сәлемдеме немесе құндылығы жарияланған жөнелтім немесе салымдардың бөлігі табылса, онда жіберушіге немесе адресатқа жіберілім төленген өтем сомасы одан алынған кезде оған үш ай ішінде берілетіні туралы хабарланады. Сонымен бірге, одан жөнелтім кімге тапсыру керек екендігі сұралады. Бас тартылған немесе белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда адресатқа немесе жағдаятқа қарай жіберушіге қатысты, бұл тұлғаға осындай уақыт кезеңі ішінде жауап беру құқығы ұсыныла отырып, осындай тәртіп қолданылады.
2. Егер жіберуші және адресат жөнелтімді алудан бас тартса немесе § 1 көзделген уақыт кезеңі ішінде жауап бермесе, онда ол әкімшіліктің меншігіне немесе тиісті жағдайда шығын шеккен әкімшіліктерге өтеді.
3. Салым құны өтем сомасынан төмен деп танылған, құны жарияланған жөнелтім кейіннен табылған жағдайда жіберуші немесе алушы жағдайға қарай құндылықты қасақана жариялаудан туындайтын салдарларға қарай жөнелтімді тапсырғаны үшін өтем сомасын қайтаруға тиіс.
26-бап
Жауапкершілікке қатысты ескертулерге қолданылатын өзара қағидат
1. 22-25-баптарда көзделген ережелерден ауытқи отырып, жауапкершілік қағидаты шеңберінде өтемді төлемеу құқығын сақтайтын кез келген мүше ел осы баптарға сәйкес өзіне жауапкершілік қабылдайтын басқа мүше елдерден өтемді алу құқығы болмайды.
27-бап
Шетелде жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін беру
1. Бір де бір мүше ел жіберушілері оның аумағында тұрып, ондағы мейілінше қолайлы тариф жағдайларды пайдалану мақсатында жөнелтімдерді басқа елде өткізетін немесе өткізуді тапсыратын жазбаша хат-хабар жөнелтімдерінің адресаттарына жіберуге, жеткізуге міндетті емес.
2. § 1 ережелері не жіберушінің тұратын елінде жасалған және одан соң шекара арқылы алып өтілген жазбаша хат-хабар жөнелтімдеріне не басқа елде жасалған жазбаша хат-хабар жөнелтімдеріне бірдей қолданылады.
3. Бару әкімшілігінің жіберушіден, ол жоқ болған жағдайда беру әкімшілігінен ішкі тарифтер төлемін талап ету құқығы бар. Егер жіберуші де, беру әкімшілігі де беру әкімшілігі белгілеген мерзімде бұл тарифтерді төлеуге келіспесе, бұл әкімшілік не қайтарғаны үшін шығыстарды өтем құқығы бола отырып, бұл жөнелтімді беру әкімшілігіне қайтаруы не оның ішкі заңнамасына сәйкес оларды өңдеуі мүмкін.
4. Ешбір мүше ел, егер алуға қажетті түпкілікті шығыстар сомасы, егер жөнелтім жіберуші тұратын елде берілсе алынуы тиіс сома сияқты жоғары болмаса, жіберуші өздері немесе қандай да біреу арқылы олар тұратын елден тыс үлкен көлемде берген жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін алушыға жіберуге де, жеткізуге де міндетті емес. Бару әкімшілігінің беру әкімшілігінен мына екі формуланың: не балама жіберілім жөнелтімдерге қолданылатын ішкі тарифтің 80 %-і, не жіберілім үшін 0,14 АҚҚ қосу кг үшін 1 АҚҚ ең үлкен сомасынан аспауы тиіс ол шеккен шығыстар өтемін талап ету құқығы бар. Егер беру әкімшілігі талап етілген соманы бару әкімшілігі белгілеген мерзімде төлеуден бас тартса, онда соңғысы қайтарғаны үшін шығыстарды өтеу құқығы бола отырып, жіберілімді беру әкімшілігіне қайтаруы не оның ішкі заңнамасына сәйкес оларды өңдеуі мүмкін.
Үшінші бөлік
Төлем
I-тарау
28-бап
Түпкілікті шығыстар. Жалпы ережелер
1. Регламенттерде көзделген төлемнен босату жағдайларын қоспағанда, басқа әкімшіліктен жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін алған әрбір әкімшіліктің жіберуші әкімшіліктен алынған халықаралық поштамен байланысты жасалған шығыстарды өндіріп алуға құқығы бар.
2. Түпкілікті шығыстарды төлеу туралы ережелерді қолдану үшін пошта әкімшіліктері елдерге және түпкілікті жүйе аумағына немесе Конгресс осы мақсатта өзінің 12/2004 қарарында жасаған тізімге сәйкес өтпелі жүйеге қатысуға құқығы бар елдер мен аумаққа бөлінеді. Түпкілікті шығыстар бойынша ережелерде елдер мен аумақтар «елдер» деп аталады.
3. Осы Түпкілікті шығыстарды төлеу туралы конвенцияның ережелері әрбір ел үшін ерекше элементтерді ескере отырып, төлем жүйесін қабылдауға әкелетін өтпелі шаралар болып табылады.
4. Ішкі қызметке қол жеткізу
4.1. Әрбір әкімшілік басқа әкімшіліктерге қатысты оның ұлттық клиенттері үшін қамтамасыз етілетіндерге ұқсас жағдайларда оның ішкі режимінде ұсынылатын барлық тарифтерді, мерзімдер мен шарттарды қолданады.
4.2. Осындай жағдайларда жіберуші әкімшілік бару әкімшілігінен оған түпкілікті жүйеде соңғысы балама жөнелтімдер жағдайында өзінің ұлттық клиенттері үшін қамтамасыз етілгендерге ұқсас сондай жағдайларда қамтамасыз етуді талап ете алады.
4.3. Өтпелі жүйе әкімшілігі олар 4.1 § аталған шарттарда енуге рұқсат ететіні туралы көрсетуге тиіс.
4.3.1. Егер өтпелі жүйеге қосылған қандай да бір әкімшілік оның ішкі режимінде ұсынылатын шарттарда енуге рұқсат ететіні туралы мәлімдесе, онда бұл рұқсат Одақтың барлық әкімшіліктеріне кемсітушіліксіз қолданылады.
4.4. Бару әкімшілігі беру әкімшілігінің оның ішкі режиміне ену шарттары орындалатындығын айқындауы керек.
5. Үлкен ауқымдағы пошта үшін түпкілікті шығыстар тарифі түпкілікті шығыстар туралы екі жақты немесе көп жақты келісімдерге сәйкес бару әкімшілігі қолданылатын мейілінше қолайлы тарифтерден аспауға тиіс. Бару әкімшілігі беру әкімшілігінің оның ішкі режиміне ену шарттары орындалатындығын айқындауы керек.
6. Түпкілікті шығыстар төлемі бару еліндегі қызметтің сапа көрсеткіштеріне қарай жүзеге асырылатын болады. Осының салдарынан Пошта пайдалану кеңесі бақылау жүйесіне қатысуды ынталандыру және сапа саласындағы өзінің бақылау көрсеткіштерін сақтайтын әкімшіліктерді көтермелеу үшін 29 және 30-баптарда көрсетілген төлемге сыйақы төлеуге рұқсат етуге өкілетті болады. Сапа деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда Пошта пайдалану кеңесі айыппұл белгілей алады, алайда төлем 29 және 30-баптарда көрсетілген ең аз төлемнен төмен болмауға тиіс.
7. Кез келген әкімшілік § 1 көзделген төлемнен толықтай немесе ішінара бас тарта алады.
8. Екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде мүдделі әкімшіліктер түпкілікті шығыстар бойынша есептер үшін төлемнің басқа да жүйелерін қолдана алады.
29-бап
Түпкілікті шығыстар. Түпкілікті жүйе елдері
арасындағы алмасуға қолданылатын ережелер
1. Үлкен ауқымдағы поштаны қоса алғанда, бірақ Қ қаптарын қоспағанда, жазбаша хат-хабар жөнелтімдері үшін төлем жөнелтім үшін және бару елінде өңдеуге арналған шығыстарды көрсететін килограмм үшін тарифтер қолдануды ескере отырып, белгіленеді; бұл шығыстар ішкі тарифтермен байланысты болуға тиіс. Тарифтерді есептеу Жазбаша хат-хабар регламентінде көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.
2. Жөнелтім үшін және килограмм үшін тарифтер ішкі режимнің салмағы 20 г. болатын басым хаты үшін тариф сомасы процентін ескере отырып, есептеледі, ол мыналарды құрайды:
2.1. 2006 жылға: 62%;
2.2. 2007 жылға: 64%;
2.3. 2008 жылға: 66%;
2.4. 2009 жылға: 68%.
3. Тарифтер мыналардан аспайды:
3.1. 2006 жылға: бір жөнелтім үшін 0,226 АҚҚ және бір килограмм үшін 1,768 АҚҚ
3.2. 2007 жылға: бір жөнелтім үшін 0,231 АҚҚ және бір килограмм үшін 1,812 АҚҚ
3.3. 2008 жылға: бір жөнелтім үшін 0,237 АҚҚ және бір килограмм үшін 1,858 АҚҚ
3.4. 2009 жылға: бір жөнелтім үшін 0,243 АҚҚ және бір килограмм үшін 1,904 АҚҚ
4. 2006 - 2009 жылдар кезеңінде қолданылатын тарифтер жөнелтім үшін 0,147 АҚҚ-дан және килограмм үшін 1,491 АҚҚ-дан төмен болмайды. Егер тарифтердің ұлғаюы ішкі қызметтің салмағы 20 г. болатын басым хаттары үшін тиісті ел тарифінен 100 % аспаса, онда ең аз тарифтер мыналарға тең болады:
4.1. 2006 жылға: бір жөнелтім үшін 0,151 АҚҚ және бір кг. үшін 1,536 АҚҚ;
4.2. 2007 жылға: бір жөнелтім үшін 0,154 АҚҚ және бір кг. үшін 1,566 АҚҚ;
4.3. 2008 жылға: бір жөнелтім үшін 0,158 АҚҚ және бір кг. үшін 1,598 АҚҚ;
4.4. 2009 жылға: бір жөнелтім үшін 0,161 АҚҚ және бір кг. үшін 1,630 АҚҚ.
5. Қ қаптары үшін кг үшін 0.793 АҚҚ мөлшеріндегі тариф қолдану қажет.
5.1. Түпкілікті шығыстарды төлеу мақсатында салмағы 5 кг. аз Қ қаптар салмағы 5 кг. қаптарға теңестіріледі.
6. Тапсырыстық жөнелтім үшін жөнелтімге 0,5 АҚҚ қосымша ақы, ал құндылығы жарияланған жөнелтім үшін жөнелтімге 1 АҚҚ қосымша ақы алынатын болады.
7. Түпкілікті жүйеге жататын елдер арасында алмасу үшін көзделген ереже өзінің түпкілікті жүйеге қосылу ниеті туралы мәлімдеген кез келген өтпелі жүйе еліне қолданылады. Пошта пайдалану кеңесі Жазбаша хат-хабар регламентінде өтпелі шараларды айқындай алады.
8. Екі жақты уағдаластық жағдайларын қоспағанда, ешқандай ескертпелер бұл бапқа қолданылмайды.
30-бап
Түпкілікті шығыстар. Поштаның өтпелі жүйеге қатысушы елдегі
ағынына, олардан және олардың арасында қолданылатын ережелер
1. Төлем
1.1. Қ қаптарды қоспағанда, жазбаша хат-хабар жөнелтімдері үшін төлем жіберілімге 0,147 АҚҚ-ны, кг. үшін 1,491 АҚҚ-ны құрайды.
1.1.1. Жылына 100 т аз ағындар үшін екі элемент те кг үшін 15,21 мөлшеріндегі орташа әлемдік сан көрсеткіш негізінде кг үшін 3,727 АҚҚ мөлшеріндегі жалпы тарифке қайта құрылады.
1.1.2. Жылына 100 т астам ағындар үшін, егер бару әкімшілігі де, беру әкімшілігі де бұл ағын кг арналған жөнелтімдердің нақты саны негізінде тарифті қайта қарауды талап етпесе, кг үшін 3,727 АҚҚ жалпы тариф қолданылады. Бұдан өзге ол, егер кг арналған жіберілімдердің нақты саны 13-тен 17-ге дейін болса қолданылады.
1.1.3. егер әкімшіліктердің бірі кг арналған жөнелтімдердің нақты санын қолдануды талап етсе, онда бұл ағын үшін орынын толтыру Жазбаша хат-хабар регламентінде көзделген қайта қарау тетігін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
1.1.4. § 1.1.2 көрсетілген жалпы тарифті төмендету үшін қайта қарауды, егер өтпелі жүйеге жататын ел қарама-қарсы бағытта қайта қарауды талап етпесе, түпкілікті жүйе елі алғашқы аталған елге қатысты жүзеге асыра алмайды.
1.2. Қ қаптарына кг үшін 0,793 АҚҚ мөлшеріндегі тариф қолданылады.
1.2.1. Түпкілікті шығыстарды төлеу мақсатында салмағы 5 кг аз қаптар салмағы 5 кг қаптарға теңестіріледі.
1.3. Тапсырыстық жөнелтім үшін жөнелтімге 0,5 АҚҚ қосымша ақы, ал құндылығы жарияланған жөнелтімдер үшін жөнелтімге 1 АҚҚ қосымша ақы алынатын болады.
2. Жүйелерді келісу тетігі
2.1. Егер жылына салмағы 50 тоннадан астам пошта ағынын алатын түпкілікті жүйенің қандай да бір әкімшілігі, бұл ағынның жылдық салмағы Жазбаша хат-хабар регламентінде көрсетілген шарттарға сәйкес есептелген шектен асатынын атап көрсетсе, онда ол бұл шектен асатын поштаға, ол қайта қарау тетігін қолданбаған жағдайда, 29-бапта көзделген төлем жүйесін қолдана алады.
2.2. Егер, басқа өтпелі жүйе елінен жылына салмағы 50 т астам пошта ағынын алатын өтпелі жүйенің қандай да бір әкімшілігі бұл ағынның жылдық көлемі Жазбаша хат-хабар регламентінде көрсетілген шарттарға сәйкес есептелген шектен асатынын анықтаса, онда бұл шектен асатын поштаға, ол қайта қарау тетігін қолданбаған жағдайда, 31-бапта көзделген қосымша төлемді қолдана алады.
3. Көп мөлшердегі пошта.
3.1. Түпкілікті жүйе елдеріне көп мөлшердегі пошта үшін орнын толтыру 29-бапта көзделген жіберілім үшін және килограмм үшін тарифтерді қолдануға сәйкес белгіленеді.
3.2. Өтпелі жүйенің әкімшіліктері көп мөлшерде алынған поштаға жіберілім үшін 0,147 АҚҚ және кг. үшін 1,491 АҚҚ мөлшерінде төлем талап ете алады.
4. Екі жақты уағдаластық жағдайларын қоспағанда, бұл бапқа ешқандай ескертпелер қолданылмайды.
31-бап
Қызмет сапасын жақсарту қоры
1. Қ қаптарын және көп мөлшердегі жөнелтімдерді қоспағанда, Экономикалық және Әлеуметтік кеңес мейлінше аз дамыған елдер санатына енгізген барлық елдер мен ел аумақтары төлейтін аяқталған шығыстар аз дамыған елдердегі қызмет сапасын арттыру үшін қызмет сапасын жақсарту қорын толықтыруға 30-бапта көрсетілген килограмм үшін 3,727 АҚҚ тарифінен 16,5 % есебімен ұлғайтылуға жатады. Осыған ұқсас ешқандай да төлемдер аз дамыған елдер арасында жүзеге асырылмайды.
2. ДПО-ға мүше елдер мен Одақ құрамына кіретін аумақтар жақсы негізделген олардың елі немесе аумағы қосымша ресурстарды қажет етеді деп санау туралы өтінішпен Әкімшілік кеңеске жүгіне алады. НҚБК 1 (бұрынғы БЕ) берілген елдер Әкімшілік кеңеске ФУКС-тен мейілінше аз дамыған елдерге берілетін шарттармен қаржы бөлуді сұрап өтініш бере алады. Бұдан өзге, БҰҰДБ таза донорлар ретінде жіктеген елдер Әкімшілік кеңеске ФУКС-тен НҚБК 1 елдеріне берілетін шарттармен қаржы бөлінуін сұрап өтініш береді. Осы бапқа сәйкес қаржы бөлу туралы шешім күнтізбелік жылдың Әкімшілік кеңестің осындай шешім қабылдаған күнінен кейінгі бірінші күні күшіне енеді. Әкімшілік кеңес өтініштерді қарастырады және қатаң өлшемдер негізінде қандай да бір ел ФУКС-тен қаржы бөліну жағдайына қарай мейілінше аз дамыған ел немесе НҚБК 1 елі болып саналуы туралы мәселені шешеді. Әкімшілік кеңес жыл сайын ДПО-ға мүше елдер мен Одақ құрамына кіретін елдердің тізімін қайта қарайды және жаңалайды.
3. Қ қаптары мен көп мөлшердегі жөнелтімдерді қоспағанда, мейілінше аз дамыған елдерден басқа, НҚБК 1 (негізгі қордан ресурстар бөлудің мақсатты көрсеткіші) шеңберінде қаржы алуға құқығы бар елдер қатарына БҰҰДБ енгізген елдер мен аумақтардың соңғы шығындарын төлеу үшін Конгресс өнеркәсіптік дамыған елдер санатына жатқызған елдер мен аумақтар төлейтін аяқталған шығыстар осы соңғы санат елдеріндегі қызмет сапасын жақсарту үшін осы қорды толықтыру мақсатында 30-бапта көрсетілген килограмм үшін 3,727 АҚҚ тарифінен 8 %-ке ұлғайтылуға жатады.
4. Қ қаптары мен көп мөлшердегі жөнелтімдерді қоспағанда, осы Конгрестің § 1 және 3 көрсетілген елдерден басқа, дамыған елдер қатарына енгізген елдер мен аумақтардың аяқталған шығыстарын өтеу үшін өнеркәсіпті дамыған елдер санатына Конгресс енгізген елдер мен аумақтар төлейтін соңғы шығындар қызмет сапасын жақсарту үшін осы Қорды толықтыру мақсатында 30-бапта көрсетілген килограмм үшін 3,727 АҚҚ тарифінен 1 % көбейтілуге жатады.
5. НҚБК 1 (негізгі қордан ресурстар бөлудің мақсатты көрсеткіші) шеңберінде қаржы алу құқығын иеленген елдер мен аумақтардың аз дамыған елдер үшін немесе табысы аз елдер үшін өңірлік немесе көпұлтты жобалардың арқасында өздерінің қызмет сапасын жақсарту мүмкіндігі бар. Бұл жобалар Қызмет сапасын жақсарту қоры арқылы олардың қаржылануына септігін тигізетін барлық тараптар үшін тікелей пайдалы болады.
6. Өңірлік жобалар, атап айтқанда дамушы елдерде қызмет сапасын арттыру және талдамалық есепке алу жүйесін енгізу жөніндегі ДПО бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесуі тиіс. 2006 жылдан кешіктірмей Поштаны пайдалану кеңесі осы жобаларды қаржыландыру жөніндегі тиісті рәсімдерді бекітуге тиіс.
32-бап
Транзиттік шығыстар
1. Осы және сол елдің екі әкімшілігі немесе екі мекемесі бір немесе бірнеше әкімшілік қызметтері (делдалдық қызметтер) арқылы алмасатын жабық хабарламалар және ашық транзитпен жіберілетін жөнелтімдерді жібергені үшін транзиттік шығыстар төлеуге тиіс. Ол құрлық, теңіз және әуе транзиті бойынша қызмет көрсеткені үшін сыйақыны білдіреді.
2-тарау
Басқа да ережелер
33-бап
Әуе тасымалының шығыстарына жататын негізгі тарифтер мен ережелер
1. Әуе тасымалы үшін әкімшіліктер арасындағы есептесу кезінде Поштаны пайдалану кеңесі бекітетін негізгі тариф қолданылуы тиіс. Оны Халықаралық бюро Жазбаша хат-хабар регламентінде келтірілген формулаға сәйкес есептейді.
2. Жабық хабарламалар, басымды жөнелтімдер, ашық транзитпен жіберілетін авиажөнелтімдер мен авиасәлемдемелер тасымалы үшін шығыстарды есептеу, сондай-ақ тиісті есепке алу әдістері Жазбаша хат-хабар мен пошта сәлемдемелері регламенттерінде сипатталады.
3. Тасымал шығыстары барлық әуе жолы бойына мыналар:
3.1. егер әңгіме жабық хабарламалар туралы болса, оның ішінде, егер бұл хабарламалар бір немесе бірнеше аралық әкімшіліктер арқылы өтетін болса беру елінің әкімшілігі есебінен;
3.2. егер жіберілген хат-хабарды қоса алғанда, әңгіме ашық транзитпен жіберілетін басым және авиажөнелтімдер туралы болса бұл жөнелтімдерді басқа әкімшілікке беретін әкімшілік есебінен жабылады.
4. Осы ережелер, егер олар әуе жолымен жіберілсе, құрлық және теңіз транзиті үшін алымдардан босатылған жіберілімдерге қолданылады.
5. Өз елі ішінде халықаралық поштаны әуе тасымалын қамтамасыз ететін бағыттағы әрбір әкімшілік, осы тасымалға қатысты қосымша шығыстарды, егер тек жүрілген учаскелердің орташа өлшенген ара қашықтығы 300 шақырымнан асатын болса ғана, өтеуге құқығы бар. Поштаны пайдалану кеңесі орташа өлшенген ара қашықтықты басқа оңтайлы өлшеммен алмастыра алады. Егер тегін тасымалды көздейтін уағдаластық болмаса, шетелден келіп түсетін барлық басым және авиахабарламалар, осы поштаның әуе жолымен немесе басқаша жеткізілетіне қарамастан бірдей болуға тиіс.
6. Бірақ, егер бағыттау әкімшілігі алатын түпкілікті шығындар бойынша өтеу нақты пайдалану шығындары немесе ішкі тарифтерге негізделетін болса, ішкі әуе тасымалы үшін ешқандай қосымша шығындарды өтеу жүргізілмейді.
7. Бару әкімшілігі орташа есептелген ара қашықтықты есептеу кезінде барлық хабарламалардың салмағын алып тастайды, олар бойынша түпкілікті шығыстарды өтеуді есептеу нақты пайдалану шығындарына немесе бару әкімшілігінің ішкі тарифтеріне негізделеді.
34-бап
Пошта сәлемдемелері үшін тарифтің құрлық және теңіз үлестері
1. Екі пошта әкімшілігі арасында алмасатын сәлемдемелер үшін Регламентте белгіленген посылка үшін негізгі тариф пен килограмм үшін негізгі тариф комбинациясы арқылы есептелген тарифтің құрлықтағы кіріс үлесі алынады.
1.1. Жоғарыда келтірілген негізгі тарифтерді ескере отырып, пошта әкімшіліктері Регламентте белгіленген ережелерге сәйкес сәлемдеме үшін және килограмм үшін қосымша тарифтер ала алады, оған қоса, талап етуге құқығы бар.
1.2. § 1 және 1.1 көрсетілген тариф үлестерін беру елінің әкімшілігі, егер Пошта посылкалары регламентінде осы қағидат ерекшелігі көзделмеген болса ғана, төлейді.
1.3. Кіріс алмасуы үшін тарифтің құрлықтағы үлестері әрбір елдің барлық аумақтары үшін бірдей болуға тиіс.
2. Осы және сол елдің екі әкімшілігі немесе екі мекемесі арасында бір немесе бірнеше басқа әкімшіліктердің жер үсті қызметтері арқылы алмасатын сәлемдемелер үшін жер үсті тасымалына қатынасатын қызметтері бар елдің пайдасына ара қашықтық сатысына сәйкес Регламентте белгіленген транзит үшін тарифтің құрлықтағы үлесі есептеледі.
2.1. Ашық транзитпен жіберілетін сәлемдемелерге келсек, аралық әкімшілікке Регламентте белгіленген жөнелтім үшін тарифтің тіркелген үлесін өндіріп алуға рұқсат етіледі.
2.2. Транзит үшін тарифтің құрлықтағы үлесін беру елінің әкімшілігі, егер тек Пошта сәлемдемелері регламентінде осы қағидаттан ауытқу көзделмеген болса ғана, төлейді.
3. Сәлемдемелерді теңіз тасымалына қатысатын қызметтері бар әрбір елге тарифтің теңіздік үлестерін өндіріп алуға рұқсат етіледі. Бұл үлестерді беру елінің әкімшіліктері, егер тек Пошта сәлемдемелері регламентінде осы қағидаттан ауытқу көзделмеген болса ғана, төлейді.
3.1. Әрбір жүргізілген теңіз тасымалы үшін тарифтің теңіздік үлесі ара қашықтықтың қолданылатын сатысына сәйкес Пошта сәлемдемелері регламентінде белгіленеді.
3.2. Пошта әкімшіліктерінің 3.1-тармаққа сәйкес есептелген тарифтің теңіздік үлесінің ең көп дегенде 50 % көтеруге құқығы бар. Керісінше, олар өздерінің қалауы бойынша оны төмендете де алады.
35-бап
ППК-ның шығыстар сомасы мен тарифтердің үлестерін белгілеу құқығы
1. Пошта пайдалану кеңесі Регламентте мазмұндалған шарттарға сәйкес пошта әкімшіліктері төлеуге тиіс төмендегі тариф үлестері мен шығыстарын белгілеуге уәкілетті:
1.1. ең азы бір аралық елдің жазбаша хат-хабары бар хабарламаларын өңдеу мен тасымалдау үшін транзиттік шығыстар;
1.2. авиапоштада қолданылатын авиа тасымалы үшін негізгі тариф пен шығыстар;
1.3. кіріс сәлемдемелері өңдегені үшін тарифтің құрлықтағы кіріс үлесі;
1.4. аралық елдің посылкаларды өңдегені және тасымалдағаны үшін тарифтің транзиттік құрлықтағы үлесі;
1.5. сәлемдемелерді теңіз тасымалы үшін тарифтің теңіздік үлесі.
2. Қызметтерді қамтамасыз ететін әкімшіліктерге әділ сыйақы төлеуге кепілдік беретін әдіснаманы пайдалана отырып, ықтимал қайта қару кезінде сенімді және көрсеткіш қаржы-экономикалық деректер қолданылуға тиіс. Ықтимал өзгерістерді енгізу туралы шешім Пошта пайдалану кеңесі белгілеген күннен бастап күшіне енеді.
Төртінші бөлік
Қорытынды ережелер
36-бап
Конвенция мен Регламент бойынша ұсыныстарды бекіту шарттары
1. Конгреске ұсынылған және осы конвенцияға қатысты ұсыныстар күшіне енуі үшін дауыс беруге құқығы бар қатысушы және дауыс беруші мүше елдердің басымдығымен мақұлдануға тиіс. Ең аз дегенде, Конгресте ұсынылған және дауыс беруге құқығы бар елдердің жартысы дауыс беруге қатысуға тиіс.
2. Жазбаша хат-хабар мен пошта сәлемдемелері регламенттеріне қатысты ұсыныстар күшіне енуі үшін Пошта пайдалану кеңесінің дауыс беруге құқығы бар мүшелерінің басым мүшелері мақұлдауға тиіс.
3. Екі Конгресс арасында енгізілген және осы Конвенция мен оның Қорытынды хаттамасына қатысты ұсыныстар, егер олар:
3.1. дауыстардың үштен екісі арқылы, егер Одақтың дауыс беруге құқығы бар мүше елдерінің ең аз дегенде жартысы дауыс беруге қатысса, әңгіме егер түзетулер туралы болса;
3.2. егер әңгіме ережелерді түсіндіру туралы болса, басым дауыспен қабылданса күшіне енеді.
4. § 3.1 көзделген ережелерге қарамастан, әзірге ұлттық заңнамасы ұсынылған өзгерістерге сыйымды болып табылмайтын кез келген мүше ел Халықаралық бюроның бас директорына жазбаша өтініш беруге құқығы бар, онда бұл өзгерісті қабылдаудың мүмкін еместігі туралы көрсетіледі және ол бұл өзгеріс туралы хабарланған сәтінен бастап тоқсан күн ішінде ұсынылуға тиіс.
37-бап
Конгресс барысында ұсынылған ескертпелер
1. Одақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін кез келген ескертпеге рұқсат етілмейді.
2. Әдетте, басқа мүше елдердің көзқарасын қолдамайтын кез келген мүше ел барлық күш-жігерін біріктіріп, көпшіліктің пікіріне қосылуға тиіс. Ескертпелер сөзсіз қажеттілік жағдайында және тиісті дәлелдер ұсыну арқылы жасалуға тиіс.
3. Қолданыстағы Конвенцияның баптарына ескертпелер Конгреске ұсыныстар түрінде Халықаралық бюроның жұмыс тілдерінің бірінде жазбаша нысанда және Конгрестердің Ішкі регламентінің тиісті ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.
4. Конгреске ұсынылған ескертпелер күшіне енуі үшін ескертпе айтылатын бапқа түзетулер енгізу үшін қажетті дауыстардың басымдығымен бекітілуге тиіс.
5. Жалпы, ескертпелер ескертпе жасайтын мүше елдердің және басқа мүше елдердің арасында өзара келісім негізінде қолданылады.
6. Осы Конгреске ескертпелер Конгресс бекіткен ұсыныстар негізінде осы Конвенцияның Қорытынды хаттамасына енгізілетін болады.
38-бап
Конвенцияның күшіне енуі және қолданылу мерзімі
1. Осы Конвенция 2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және келесі Конгресс Актілері күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
Куәландыру үшін мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері бір данада осы Конвенцияға қол қойды, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін болады. Көшірмесін Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы әрбір тарапқа беретін болады.
2004 жылы 5 қазанда Бухарестте жасалды.
Қолдар: 33-64 беттердегідей
Конвенция, қорытынды хаттамасы
Дүниежүзілік пошта конвенциясының
қорытынды хаттамасы
Сол күні жасалған Дүниежүзілік пошта конвенциясына қол қою кезінде төменде қол қойған өкілетті өкілдер төмендегілер туралы уағдаласты:
I бап
Пошта жөнелтімдерінің тиістілігі. Жөнелтімдерді поштадан
кері шақырып алу. Мекенжайды өзгерту немесе түзету.
1. 5.1 және 2-баптардың ережелері Антигуа мен Барбудаға, Бахрейнге (Корольдік), Барбадосқа, Белизге, Ботсванаға, Бруней-Даруссаламға, Канадаға, Гонконгқа (Қытай), Доминикаға, Египетке, Фиджиге, Гамбияға, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Біріккен Корольдікке тәуелді Теңіз арғы жағы аумақтарына, Гренадаға, Гайанаға, Ирландияға, Ямайкаға, Кенияға, Кирибатиге, Кувейтке, Лесотоға, Малайзияға, Малавиге, Маврикияға, Науруға, Нигерияға, Жаңа Зеландияға, Угандаға, Папуа-Жаңа Гвинеяға, Сент-Кристофер мен Невиске, Сент-Люсиге, Сент-Винсент пен Гренадинаға, Соломон Аралдарына, Самоаға, Сейшель аралдарына, Сьерра-Леонаға, Сингапурге, Свазилендке, Танзанияға (Біріккен Республика), Тринидад және Тобагоға, Вануату мен Замбияға қолданылмайды.
2. 5.1 және 2-баптардың ережелері заңнамасы алушыға оның мекенжайына жіберілімнің түскені туралы хабарланған сәттен бастап жіберушінің өтініші бойынша жазбаша хат-хабар жіберілімінің қайтарылуына немесе мекенжайды өзгертуге рұқсат бермейтін Австрияға, Дания мен Иранға (Ислам Республикасы) да қолданылмайды.
3. 5.1-бап Австралияға, Гана мен Зимбабвеге қолданылмайды.
4. 5.2-бап заңнамасы жөнелтімдерді поштадан кері шақырып алуға немесе жіберушінің өтініші бойынша жазбаша хат-хабарлар жіберілімдерінің мекенжайын өзгертуге рұқсат бермейтін Корей Халықтың Демократиялық Республикасына, Иракқа, Мьянма мен Багам аралдарына қолданылмайды.
5. 5.2-бап АҚШ-қа қолданылмайды.
6. 5.2-бап, егер ол Австралияның ішкі заңнамасына қайшы болмаса осы елге қолданылады.
7. 5.2-баптан ауытқи отырып, Сальвадорға, Панамаға (Республика), Филиппинге, Конго Демократиялық Республикасы мен Венесуэлаға адресат бұл сәлемдемелерге кедендік тексеру жүргізуді өтінгеннен кейін сәлемдемелерді қайтармауға рұқсат етіледі, өйткені олардың кеден заңнамасы бұған мүмкіндік бермейді.
ІІ бап
Тарифтер
1. 6-баптан ауытқи отырып, Австралияның, Канаданың және Жаңа Зеландияның әкімшіліктеріне, егер бұл тарифтерге олардың елдерінің заңнамасы рұқсат берсе, Регламенттерде көзделген тарифтерден ерекшеленетін пошта тарифтерін алуға рұқсат етіледі.
III бап
Зағиптарға арналған жөнелтімдер (секограммалар) үшін
пошталық тарифтер төлемінен босатудағы ерекшелік
1. 7-баптан ауытқи отырып, өздерінің ішкі қызметінде зағиптер үшін жіберілімдерді тегін жөнелту ұсынбайтын Индонезия, Сент-Винсент және Гренада мен Түркияның пошта әкімшіліктерінің алымдар мен арнайы тарифтер алуға құқығы бар, алайда бұлар олардың ішкі қызметтерінде қолданылатын тарифтерден жоғары болмайды.
2. 7-баптан ауытқи отырып, Германияның, Америка Құрама Штаттарының, Австралияның, Австрияның, Канаданың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің, Жапония мен Швейцарияның пошта әкімшіліктерінің олардың ішкі қызметінде зағиптар үшін жөнелтімдерге (секограммаларға) қолданылатын арнайы тарифтер алуға құқығы бар.
IV бап
Негізгі қызметтер
1. 12-баптың ережелеріне қарамастан Австралия пошта сәлемдемелеріне арналған негізгі қызметтердің таралуын мақұлдамайды.
2. 12.2.4-баптың ережелері ұлттық заңнамасы салмақтың барынша төмен шегін пайдалануды ұйғаратын Ұлыбританияға қолданылмайды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау мен қауіпсіздік жөніндегі заңнамасында пошта қапшықтарының салмағы 20 килограмммен шектеу көзделеді.
V бап
Ұсақ пакеттер
1. Конвенцияның 12-бабынан ауытқи отырып, Ауғанстанның пошта әкімшілігіне шығыс және кіріс ұсақ пакеттерінің барынша жоғары салмағын 1 кг дейін шектеуге рұқсат беріледі.
VІ бап
Алғаны туралы хабарлама
1. Канаданың пошта әкімшілігіне сәлемдемелерге қатысты 13.1.1-бапты қолданбауға рұқсат етіледі, өйткені ол өзінің ішкі режимінде сәлемдемелерді алғаны туралы хабарлау қызметін қамтамасыз етпейді.
VII бап
Жауабы бар халықаралық коммерциялық хат-хабар (ХКХХ) қызметі
1. 13.4.1-баптан ауытқи отырып, Болгарияның (Республика) пошта әкімшілігі мүдделі пошта әкімшіліктерімен келіссөздерден кейін жауабы бар халықаралық коммерциялық хат-хабар (ХКХХ) қызметін ұсынатын болады.
VIII бап
Тыйым салу (Жазбаша хат-хабар)
1. Айрықша тәртіп ретінде Ливан мен Корей Халықтық Демократиялық Республикасының пошта әкімшілігі монеталар немесе ақша купюралары немесе ұсынушыға арналған кез келген құндылықтары, немесе жол чектерін, немесе платина, алтын немесе өңделген немесе өңделмеген күміс, қымбат бағалы тастар, құндылықтар мен басқа да бағалы заттар бар тапсырыстық жөнелтімдерді қабылдамайды.
2. Айрықша тәртіп ретінде Гонконгтың арнайы әкімшілік ауданынан, Ирактан, Непалдан, Пәкістаннан, Судан мен Вьетнамнан басқа, Сауд Арабиясының, Боливияның, Қытай Халық Республикасының пошта әкімшіліктері монеталар, банк билеттері, кредиттік билеттер немесе ұсынушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, платина, бұйымдардағы немесе өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, қымбат бағалы тастар, зергерлік бұйымдар мен басқа да бағалы заттар салынған тапсырыстық жөнелтімдерге рұқсат етпейді.
3. Мьянма пошта әкімшілігі 15.5-бабында көрсетілген бағалы заттары бар бағалылығы жарияланған жөнелтімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады, өйткені оның ішкі заңнамасы мұндай жөнелтімдерге жол бермейді.
4. Непалдың пошта әкімшілігі бұл бойынша жасалған арнайы келісімді қоспағанда, ақша банкноттары немесе монеталар бар тапсырыстық немесе құндылығы жарияланған жіберілімдерді қабылдамайды.
5. Өзбекстанның пошта әкімшілігі монеталар, банк билеттері, чектер, пошта маркалары немесе шетел валютасы бар тапсырыстық жөнелтімдерді немесе құндылығы жарияланған жөнелтімдерді қабылдамайды және мұндай жөнелтілімдер жоғалған немесе бүлінген жағдайда мойнына жауапкершілік алмайды.
6. Иранның (Ислам Республикасы) пошта әкімшілігі ислам дінінің қағидаттарына қайшы заттар бар жөнелтімдерді қабылдамайды.
7. Филиппин пошта әкімшілігі монеталар, ақша купюралары немесе ұсынушыға арналған бағалы қағаздар, жол чектері, платина, бұйымдарда немесе өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, қымбат бағалы тастар мен басқа да бағалы заттар бар жазбаша хат-хабарлар (жай, тапсырыстық немесе бағалылығы жарияланған) жөнелтімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
8. Австралияның пошта әкімшілігі кесек бағалы заттар немесе банк билеттері бар ешқандай пошта жөнелтімдерін қабылдамайды. Бұдан басқа, ол Австралияға бағытталған тапсырысты жөнелтімдерді, қымбат заттар, қымбат тастар, қымбат немесе жартылай қымбат тастар, бағалы қағаздар, монеталар немесе басқа да сатылатын заттар сияқты бағалы заттардан тұратын ашық транзитпен жіберілетін жөнелтімдерді де қабылдамайды. Ол өзінен осы уағдаластықты бұзу арқылы поштамен жөнелтімдерге қатысты барлық жауапкершілікті алып тастайды.
9. Қытайдың пошта әкімшілігі (Халық Республикасы), Гонконгтің арнайы әкімшілік ауданын қоспағанда, монеталар, банкноттар, ақша купюралары немесе ұсынушыға арналған кез келген құнды қағаздар, өзінің ішкі регламентіне сәйкес жол чектері бар бағалылығы жарияланған жөнелтімдерді қабылдамайды.
10. Латвия мен Моңғолияның пошта әкімшіліктері өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қарапайым, тапсырысты немесе монеталар, банкноттар, ұсынушыға арналған құнды қағаздар мен жол чектері бар бағалылығы жарияланған жөнелтімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады, себебі бұл ұлттық заңнамаға қайшы келеді.
11. Бразилияның пошта әкімшілігі қарапайым, тапсырысты поштаны немесе монеталар, айналымда жүрген банк билеттері мен ұсынушыға арналған кез келген құндылықтары бар құндылығы жарияланған поштаны қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
12. Вьетнамның пошта әкімшілігі заттар мен тауарлары бар хаттарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
IX бап
Тыйым салу (пошта сәлемдемелері)
1. Канада, Мьянма мен Замбияның пошта әкімшіліктері 15.6.1.3.1-бапта көрсетілген бағалы заттары бар бағалылығы жарияланған посылкаларды жібермеуге құқығы бар себебі бұл олардың ішкі заңнамасына қайшы келеді.
2. Айрықша тәртіп ретінде, Ливан мен Суданның пошта әкімшіліктері монеталар, ақша купюралары немесе ұсынушыға арналған кез келген құндылықтар, жол чектері, өңделген немесе өңделмеген платина, алтын немесе күміс, бағалы тастар мен басқа да құнды заттар немесе сұйық заттардан тұратын және тез сұйыққа айналатын элементтері бар заттар немесе шыныдан жасалған заттар немесе оларға теңестірілген заттар, сондай-ақ сынғыш заттары бар сәлемдемелерді қабылдамайды. Олар Пошта сәлемдемелерінің тиісті ережелерін орындауға міндетті емес.
3. Бразилияның пошта әкімшілігі айналымда жүрген монеталар мен банкноттар, сондай-ақ ұсынушыға арналған кез келген құнды қағаздарды бұны олардың ішкі регламентациясы тыйым салатынын ескере отырып, бағалылығы жарияланған посылкаларды қабылдамайды.
4. Гананың пошта әкімшілігінің айналымдағы монеталар мен банкноттарды құндылығы жарияланған сәлемдемелерді, бұны олардың ішкі регламентациясы тыйым салатынын ескере отырып, қабылдамауға құқығы бар.
5. 15-бапта аталған заттардан басқа, Сауд Арабиясының пошта әкімшілігі монеталар, банк билеттері немесе ұсынушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, платина, бұйымдарда немесе өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, бағалы тастар мен басқа да бағалы заттары бар сәлемдемелерді қабылдамайды. Ол сондай-ақ, егер құзыретті ресми орган берген медициналық нұсқауы болмаса, кез келген медикаменттерді, азық-түліктерді, отты сөндіруге арналған химия сұйықтықтар немесе ислам дінінің қағидаттарына қайшы келетін заттары бар сәлемдемелерді қабылдамайды.
6. 15-бапта аталған заттардан басқа, Оманның пошта әкімшілігі мынадай сәлемдемелерді қабылдамайды:
6.1. егер құзыретті ресми орган берген медициналық рецепті жоқ болса, кез келген түрдегі медикаменттер;
6.2. отты сөндіруге арналған заттар, және химиялық сұйықтар;
6.3. ислам дінінің қағидаттарына қайшы келетін заттар.
7. 15-бапта аталған заттарға қосымша, Иранның (Ислам Республикасы) пошта әкімшілігі ислам дінінің қағидаттарына қайшы келетін заттары бар сәлемдемелерді жібермеуге құқығы бар.
8. Филиппин пошта әкімшілігі монеталар, ақша купюралары немесе ұсынушыға арналған кез келген құндылықтар, жол чектері, платина, бұйымдарда немесе өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, бағалы тастар мен басқа да құнды заттар немесе сұйық заттардан тұратын және тез сұйыққа айналатын элементтері бар заттар немесе шыныдан жасалған заттар немесе оларға теңестірілген заттар, сондай-ақ сынғыш заттары бар сәлемдемелерді жібермеуге құқығы бар.
9. Австралияның пошта әкімшілігі құйма немесе банк билеттері бар ешқандай пошта жөнелтімдерін қабылдамайды.
10. Қытайдың (Халық Республикасы) пошта әкімшілігі монеталар, ақша банкноттары немесе ұсынушыға арналған кез келген құнды қағаздар, жол чектері, платина, бұйымдарда және өңделмеген түрдегі алтын немесе күміс, бағалы тастар немесе басқа да бағалы заттары бар сәлемдемелерді қабылдамайды. Бұдан өзге, арнайы әкімшілік өңір Гонконгті қоспағанда, сонымен бірге, монеталар, ақша банкноттары немесе ұсынушыға арналған кез келген құнды қағаздар мен жол чектері бар құндылығы жарияланған сәлемдемелер қабылданбайды.
11. Моңғолияның пошта әкімшілігі өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес, монеталар, банк билеттері, ұсынушыға арналған құнды қағаздар мен жол чектері бар сәлемдемелерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
12. Латвияның пошта әкімшілігі қарапайым сәлемдемелерді және монеталар, банк билеттері, ұсынушыға арналған құнды қағаздар (чектер) немесе шетел валютасы бар бағалылығы жарияланған сәлемдемелерді қабылдамайды және бұндай жөнелтімдер жоғалған немесе зақымданған жағдайда өзінен жауапкершілікті алып тастайды.
Х бап.
Кедендік баждар салынуға жататын заттар
1. 15-бапқа сілтеме жасай отырып, мына елдердің пошта әкімшіліктері кедендік баждар салынуға жататын заттары бар құндылығы жарияланған жөнелтімдерді басқа жерге жіберуге жол бермейді: Бангладеш мен Сальвадор.
2. 12-бапқа сілтеме жасай отырып, мына елдердің пошта әкімшіліктері кедендік баждар салынуға жататын заттар салынған қарапайым және тапсырысты хаттарды басқа жерге жіберуге жол бермейді: Ауғанстан, Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Камбоджа, Чили, Колумбия, Куба, Сальвадор, Эстония, Италия, Латвия, Непал, Өзбекстан, Перу, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Сан-Марино, Түркіменстан, Украина мен Венесуэла.
3. 15-бапқа сілтеме жасай отырып, мына елдердің пошта әкімшіліктері кедендік баждар салынуға жататын заттары бар қарапайым хаттарды басқа елдерге жіберуге жол бермейді: Бенин, Буркина-Фасо, Кот-д`Ивуар, (Республика), Джибути, Мали және Мавритания.
4. § 1-3 ережелеріне қарамастан, сарысу, вакциналар салынған жөнелтімдер, сондай-ақ шұғыл қажет болған жағдайда дефицит медикаменттер салынған жөнелтімдер барлық жағдайларда рұқсат етіледі.
XI бап.
Рекламациялар
1. 17.3-бабына ауытқи отырып, Сауд Арабиясы, Болгария (Республика), Кабо-Верде, Египет, Габон, Біріккен Корольдіктің теңіздің ар жағындағы аумақтары, Грекия, Иран (Ислам Республикасы), Қырғызстан, Моңғолия, Мьянма, Өзбекстан, Филиппин, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Судан, Сирия (Араб Республикасы), Чад, Түркіменстан, Украина мен Замбияның пошта әкімшіліктерінің жіберілген жазбаша хат-хабарға қатысты рекламация үшін клиенттерден тариф алуға құқығы бар.
2. 17.3-бабына ауытқи отырып, Аргентина, Австрия, Әзірбайжан, Словакия мен Чехия Республикасының пошта әкімшіліктерінің рекламацияға қатысты қолданылған шаралардың нәтижесінде, ол ақталмаған болып шықса, арнайы тариф алуға құқығы бар.
3. Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Болгария (Республика), Кабо-Верде, Конго (Республика), Габон, Египет, Иран (Ислам Республикасы), Қырғызстан, Моңғолия, Мьянма, Өзбекстан, Судан, Суринам, Сирия (Араб Республикасы), Түркіменстан, Украина мен Замбияның пошта әкімшіліктері сәлемдемелер үшін рекламация үшін өз клиенттерінен тариф алуға құқығын өзіне қалдырады.
4. 17.3-бабына кейін шегінгенде, АҚШ, Бразилия мен Панама (Республикасы) пошта әкімшіліктері осы баптың § 1-3 сәйкес ақы алатын елдерде берілген, жазбаша хат-хабар жіберілімдерін және посылкаларға қатысты берілген рекламациялар үшін клиенттерден ақы алу құқығын өздеріне қалдырады.
XII бап
Кеденге ұсынғаны үшін тариф
1. Габонның пошта әкімшілігі кеденге көрсеткені үшін өз клиенттерінен тариф алу құқығын өзіне қалдырады.
2. Конго (Республика) мен Замбияның пошта әкімшілігі сәлемдемелерді кеденге көрсеткені үшін өз клиенттерінен тариф алу құқығын өзіне қалдырады.
XIII бап
Жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін шетелге жіберу
1. АҚШ, Австралия, Австрия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Грекия мен Жаңа Зеландия пошта әкімшіліктері орындалған жұмыстың құнына сәйкес, олардың пошта қызметтерінің пошта жіберілімдері ретінде жіберілмеген жіберілімдерді 27.4-бабына сәйкес қайтарған кез келген пошта әкімшілігінен тариф алу құқығын өзіне қалдырады.
2. 27.4-бабына ауытқи отырып, Канаданың пошта әкімшілігі жіберу әкімшілігінен осындай жіберілімдерді өңдеуге қатысты шығындарды мейлінше аз жабуға мүмкіндік беретін өтемақы төлету құқығын өзіне қалдырады.
3. 27.4-бап бағытталған пошта әкімшілігінің жіберу әкімшілігінен шетелге көп мөлшерде берілген жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін жеткізгені үшін өтемақы талап етуге рұқсат береді. Австралия мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі бұл соманы елдің осындай жөнелтімдерге қолданылатын ішкі тарифімен төлеуге шектеу қою құқығын өзіне қалдырады.
4. 27.4-бап бағытталған пошта әкімшілігінің жіберу әкімшілігінен шетелге көп мөлшерде берілген жазбаша хат-хабар жіберілімдерін жеткізгені үшін өтемақы талап етуге рұқсат береді. Мына елдер бұл соманы поштаға арналған Регламентпен көп мөлшерде рұқсат етілген шекте төлеуге шектеу қою құқығын өзіне қалдырады: АҚШ, Багам, Барбадос, Бруней-Даруссалам, Қытай (Халық Республикасы), Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Біріккен Корольдікке тәуелді теңіздің ар жағындағы аумақтар, Гренада, Гайана, Үндістан, Малайзия, Непал, Жаңа Зеландия, Нидерланд, Нидерланд Антил және Аруба, Сент-Люсия, Сент-Винсент пен Гренадина, Сингапур, Шри-Ланка, Суринам, Тайланд.
5. § 4 келтірілген ескертуге қарамастан, мына елдер Одаққа мүше елдерден алынған поштаға арналған Конвенцияның 27-бабының ережелерін толығымен қолдану құқығын өзіне қалдырады: Германия, Сауд Арабиясы, Аргентина, Австрия, Бенин, Бразилия, Буркина-Фасо, Камерун, Кипр, Кот-д`Ивуар (Республика), Дания, Египет, Франция, Грекия, Гвинея, Израиль, Италия, Жапония, Иордания, Ливан, Люксембург, Мали, Марокко, Мавритания, Монако, Норвегия, Португалия, Сенегал, Сирия (Араб Республикасы), Того.
6. 27.4-бабын қолдануға қатысты Германияның пошта әкімшілігі жіберуші елдің пошта әкімшілігінен жіберуші тұратын елдің пошта әкімшілігінен алатын сомада өтемақы төлеуді талап ету құқығын өзіне қалдырады.
7. XIII бапқа енгізілген ескертулерге қарамастан, Қытай Халық Республикасы ДПО Конвенциясымен және үлкен көлемде жіберілетін пошта үшін жазбаша хат-хабар Регламентінің ережелерінде рұқсат етілген шектерде шетелде үлкен көлемде берілген жазбаша хат-хабар жөнелтімдерін жеткізгені үшін төлемді шектеу құқығын сақтайды.
XIV бап
Тарифтің ерекше кіріс құрлықтық үлестері
1. 34-баптан ауытқи отырып, Ауғанстанның пошта әкімшілігі кіріс айырбасы үшін сәлемдемеге 7,50 АҚҚ мөлшерінде тарифтің қосымша ерекше құрылықтық үлесін алу құқығын сақтайды.
XV бап.
Арнайы тарифтер
1. АҚШ-тың, Бельгия мен Норвегияның пошта әкімшіліктері авиапосылкалар үшін тарифтің жер үсті сәлемдемелерінен гөрі мейілінше жоғары құрлықтық үлесін алу құқығы бар.
2. Ливанның пошта әкімшілігіне салмағы 1 кг. дейінгі посылкалар үшін 1 кг. астам бірақ 3 кг. аспайтын сәлемдемелер үшін қолданылатын тариф алуға рұқсат етіледі.
3. Панама (Республика) пошта әкімшілігіне әуе жолымен тасымалданатын (S.A.L) транзиттік жер үсті сәлемдемелері үшін килограммына 0,20 АҚҚ алуға рұқсат етіледі.
Осыны куәландыру үшін төменде көрсетілген өкілетті өкілдер осы хаттаманы жасады, егер оның ережелері Конвенцияның мәтініне енген жағдайда, сол күшке және сол мағынаға ие болатын болады және оған бір данада қол қойылды, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін болады. Көшірмесін Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы әрбір тарапқа беретін болады.
2004 жылы 5 қазанда Бухарестте жасалды.
Қолдар: 33-64 беттердегідей