2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 415-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының
ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне
өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 4-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «рұқсат пен» деген сөздер «рұқсаттың және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі кеден одағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін, сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына өткізілетін бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдарға бірлескен тексерістер (инспекциялар) жүргізе алады.».
      3. 7-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Уәкілетті органдар беретін» деген сөздер алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер Тараптардың бірінің басқа Тараптарға консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы жолдаған жазбаша ресми өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.

3-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайды.

      Беларусь                Қазақстан                Ресей
   Республикасының        Республикасының         Федерациясының
    Үкіметі үшін            Үкіметі үшін           Үкіметі үшін

      Осымен 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол  қойылған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                             Б. Пискорский

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года

Закон Республики Казахстан от 3 марта 2011 года № 415-IV

      Примечание РЦПИ!
      Протокол прекращает действие в связи с вступлением в силу Договора о Евразийском экономическом союзе, ратифицированного Законом РК от 14.10.2014 № 240-V (порядок введения в действие см. ст. 113).

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года, совершенный в Санкт-Петербурге 21 мая 2010 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Соглашение таможенного союза
по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года

      Правительства государств-членов таможенного союза в рамках Евразийского экономического сообщества, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      в соответствии со статьей 10 Соглашения таможенного союза по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года (далее - Соглашение),
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в Соглашение следующие изменения:
      1. Абзац первый пункта 1 статьи 4 после слов «контроля, и» дополнить словом «(или)».
      2. Абзац первый пункта 1 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      «Уполномоченные органы, при необходимости и по взаимной договоренности, в целях обеспечения соблюдения законодательства таможенного союза по охране таможенной территории таможенного союза от ввоза и распространения возбудителей заразных болезней животных, в том числе общих для человека и животных, и товаров (продукции), не соответствующих ветеринарным (ветеринарно-санитарным) требованиям, могут проводить совместные проверки (инспекции) организаций и лиц, осуществляющих производство, переработку и (или) хранение подконтрольных товаров, ввозимых на таможенную территорию таможенного союза, а также перемещаемых с территории государства одной Стороны на территорию государства другой Стороны.».
      3. В абзаце первом пункта 2 статьи 7 слова «выдаваемых уполномоченными органами» исключить.

Статья 2

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Протокола, разрешаются путем проведения консультаций и переговоров.
      Если спор не будет урегулирован Сторонами в течение шести месяцев с даты поступления официальной письменной просьбы о проведении консультаций и переговоров, направленной одной из Сторон другим Сторонам, любая из Сторон передает этот спор для рассмотрения в Суд Евразийского экономического сообщества.

Статья 3

      Порядок вступления настоящего Протокола в силу, присоединения к нему и выхода из него определяется Протоколом о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним от 6 октября 2007 года.

      Совершено в городе Санкт-Петербурге 21 мая 2010 года в одном подлинном экземпляре на русском языке.
      Подлинный экземпляр настоящего Протокола хранится в Комиссии таможенного союза, которая, являясь депозитарием настоящего Протокола, направит каждой Стороне его заверенную копию.

      За                       За                       За
Правительство             Правительство           Правительство
Республики                Республики               Российской
  Беларусь                  Казахстан               Федерации

      Настоящим удостоверяю, что данный текст является полной и аутентичной копией Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года, подписанного 21 мая 2010 года в г. Санкт-Петербурге:
      за Правительства Республики Беларусь - Премьер-министром Республики Беларусь С.С. Сидорским,
      за Правительства Республики Казахстан - Премьер-министром Республики Казахстан - К.К. Масимовым,
      за Правительства Российской Федерации - Председателем Правительства Российской Федерации - В.В. Путиным.
      Подлинный экземпляр хранится в Комиссии таможенного союза.

      Директор Правового
   департамента Секретариата
 Комиссии таможенного союза                      Н.Б. Слюсарь