2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама
Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының
тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға
Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық
теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс
енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
Астана қаласында 2010 жылғы 20 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес,
осы Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:
1-бап
Келісімнің 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылады:
а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;
b) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан.».
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтон қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтон қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Н. Сәкенов