2011 жылғы 7 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
____________________________________________________________________
ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2735 - KАZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі]
[Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]
Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба)
Күні 2011 ЖЫЛҒЫ 7 маусым
____________________________________________________________________
LАL:KАZ 41121
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (АДБ) арасындағы 2011 жылғы 7 маусымдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
(А) Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында 2009 жылғы 13 қаңтарда жасалған «ҚАЗ қаржыландырудың көп траншты тетігі: ОАӨЭЫ 1 Көлік Дәлізі Инвестициялық Бағдарламасы (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]» қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге (ҚНК) сәйкес ОАӨЭЫ 1 Көлік Дәлізі (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық Бағдарламасы (Инвестициялық Бағдарлама) шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көмек көрсету мақсатында АДБ көп траншты қаржыландыруды ұсынады;
(В) Қарыз алушының 2011 жылғы 17 қаңтардағы қаржыландыру туралы мерзімді сұрау салуы арқылы Қарыз алушы ҚНК-ге сәйкес АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаны («Жоба») қаржыландыру мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінеді; және
(С) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзімде және шарттарда АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан қарыз береді.
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісім тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:
І БАП
Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі капитал ресурстарынан бөлінетін қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы (Қарыз беру қағидалары) осы арқылы Қарыз туралы келісімге осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
(а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
Резервтегені үшін комиссия; Кредит.
(а) Қарыз алушы Қарыз туралы келісімде көзделген ставка мен
шарттар бойынша Қарыздың талап етілмеген сомасы бойынша резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
(b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставка бойынша кредит беруге міндеттенеді, әрі мұндай кредит Қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздарға кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
(b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздарға өтем сомасын қолдануға міндеттенеді».
(с) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің өсетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Осы қосымша соманың мөлшері (і) жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) айырмасын (іі) талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейін кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Осы қосымша соманың мөлшері (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.
1.02-бөлім. Егер осы құжатқа өзгерістер енгізілмесе немесе түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда Қарыз беру қағидасында анықтама берілген мына терминдер оларда баяндалған тиісті мағынаға ие болады. Мынадай терминдердің төмендегідей мағыналары бар:
(а) ОАӨЭЫ Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастықты білдіреді;
(b) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» - Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Қорғастан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық транзит дәлізін білдіреді;
(с) «Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау» консультанттардың қызметтерін Азия Даму Банкінің және оның Қарыз алушыларының пайдалануы жөніндегі нұсқауын (мерзімді түзетулері бар 2010 жылғы) білдіреді;
(d) «Консультациялық қызметтер» Жоба шеңберінде көрсетілген және Қарыз туралы осы келісімге 1-қосымшаның 2(b) тармағына сәйкес Инвестициялық Бағдарламаның 1-жобасы бойынша қарыздан түсетін табыс есебінен қаржыландырылатын қызметтерді білдіреді, алайда келісімшарттық жұмыстарды орындау бөлігінде ұсынылатын кез келген қызмет көрсетулер алып тасталады.
(е) «ЭБШНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ның 5-қосымшасының сілтемесі арқылы енгізілген экологиялық бағалау мен шолудың негіздемелік құжатын білдіреді;
(f) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсерді бағалауға (АЭБ) енгізілген Қоршаған ортаны басқару жоспарын білдіреді;
(g) ҚНК Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(h) «АЭБ» Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Алдын ала экологиялық бағалауды білдіреді;
(і) «Инвестициялық Бағдарлама» Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(j) «км» осы белгі және жобалық жолда километрдің белгілі бір саны көрсетілген жерді білдіреді және төменде километрді білдіретін «км» деп келтірілген;
(k) «ЖСҚНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ның 5-қосымшасының сілтемесі арқылы енгізілген жерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжатты білдіреді;
(l) «ЖСҚЖ» Жоба үшін жерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
(m) «Қарыз қаражатының төлемдері бойынша анықтамалық» Қарыз қаражатының төлемдері бойынша АДБ-ның анықтамалығын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
(n) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
(o) «облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкімшілік бірлігін білдіреді;
(р) «ҚМС» Қарыз алушы Инвестициялық Бағдарлама шеңберінде әрбір траншты алу үшін жіберген немесе жіберетін қаржыландыруға арналған мерзімді сұрау салуды білдіреді, Қарыз туралы осы келісім бойынша қаржыландыруға арналған мерзімді сұрау салу 2011 жылғы 17 қаңтарда ұсынылған;
(q) «ЖБК-АДБ» Инвестициялық бағдарламаның 1-жобасы шеңберінде құрылатын жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобын білдіреді;
(r) «Сатып алу жөніндегі нұсқау» АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауын (Мерзімді түзетулері бар 2010 жылғы) білдіреді;
(s) «Сатып алу жоспары» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес мерзімді жаңартулары бар 2011 жылғы 9 ақпандағы жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
(t) «Жоба» Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (В) бөлігінде берілген анықтамаға ие болады;
(u) «Жоба бойынша атқарушы агенттік» Қарыз беру қағидаларының мақсаттары үшін және оның айқындамасы шеңберінде ККМ-ді және жобаны орындауға жауапты оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
(v) «Жоба жолы» жолдың Қарыз туралы осы келісімнің 1-қосымшасының 2 (а) тармағында толық көрсетілген, Жобаға сәйкес салынатын, жақсартылатын немесе қалпына келтірілетін жол учаскелерін білдіреді;
(w) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және жобаға қатысты, бірыңғай міндеттемелердің не «пайдалануға берілген» құрылысқа келісімшарттың бір бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе азаматтық-құрылыс жұмыстарын білдіреді.
ІІ БАП
Қарыз
2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан бір жүз он екі миллион АҚШ доллары ($ 112,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы Қарыз туралы осы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең-кезеңімен айырбастауға болады.
(b) Қарыз негізгі өтеу кезеңін 20 жыл деп және осы Бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті кезеңді болжамдайды.
(с) Осы Бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын «жеңілдікті кезең» деген анықтама Қарыз туралы осы келісімнің 2-қосымшасында баяндалған өтеу кестесіне сәйкес қарыздың негізгі сомасын өтеу Төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің ставкасы бойынша кезең-кезеңімен және Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес жылына 0.30% кредитті шегере отырып, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес жылына 0.60% пайыз төлеуге міндеттенеді.
2.03-бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15% сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия Қарыз туралы осы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен күннен бастап қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
2.04-бөлім. Пайыздар мен қарыз жөніндегі өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 ақпанында және 15 тамызында төленуге тиіс.
2.05-бөлім. Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етілген қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта қарызды төмендегідей айырбастаудың кез келгенін сұратуға құқылы:
(і) Төленген және талап етілмеген немесе төленбеген қарыздың толық немесе ішінара сомасының қарыз валютасын бекітілген валютаға өзгерту;
(іі) Талап етілген және талап етілмеген қарыздың толық немесе ішінара негізгі сомасына қолданылатын базалық пайыздық ставканы, өзгермелі пайыздық ставкадан тіркелген ставкаға және керісінше өзгерту; және
(ііі) Пайыздық ставканың тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген өзгермелі пайыздық ставканың ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі пайыздық ставкаға лимиттерді бекіту.
(b) Осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған айырбастау туралы кез келген сауалды Қарыз беру қағидаларының 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру қағидаларының V Бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеу керек.
III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын Қарыз туралы осы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.02-бөлім. Барлық қарыз қаражаты Қарыз туралы осы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес бөлінуге және алынуға тиіс, бұл ретте Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша осы Қосымшаға кезең-кезеңмен өзгерістер жасауға жол беріледі.
3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы барлық шығыс баптарын Қарыз туралы осы келісімнің 4-қосымшасының қолданылатын ережелеріне сәйкес жүргізеді немесе жүргізуді ұйымдастырады. Қарыз алушы мен АДБ келіскен рәсімдер шеңберінде барлық мұндай баптар елеулі дәрежеде сатып алынбаған не егер келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда, АДБ келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық шығыс баптарын жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3.05-бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражат алу үшін жабу күні болып 2014 жылғы 31 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілуі мүмкін осындай басқа бір күн есептеледі.
IV БАП
Ерекше жағдайлар
4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен әрі тиімділікпен және практиканың ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік талаптарына сәйкес орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.02-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жобалық объектілерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды қарыз қаражатына қосымша түрде қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.03-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру процесінде АДБ үшін қолайлы, құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына сай болатындай дәрежеде, мерзімде және шарттарда жалдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен кестелерін дайындағаннан кейін дереу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін толық дәрежеде жасалған кез келген елеулі өзгерістерді беруге не олардың АДБ-ға берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттері ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілуіне және үйлестірілуіне көз жеткізуге міндеттенеді.
4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген есептілікті жүргізуге не оның жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ-ның талаптарына сай келетін тәуелсіз аудиторларға аудиттің тиісті стандарттарын қолдана отырып, осы шоттарға және тиісті қаржылық есептерге аудит жыл сайын жүргізуіне; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискалды жыл аяқталған кезден бастап алты (6) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және аудиттен өткен қаржылық есептердің расталған көшірмелерін және аудиторлардың тиісті есебін (қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың Қарыз туралы осы келісімге сәйкес келуіне қатысты аудиторлардың пікірлерін қоса алғанда) ағылшын тілінде АДБ-ға беруге; сондай-ақ (іv) АДБ-ның мерзімді негізді талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша, Қарыз алушының жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін жоғарыда көрсетілген 4.05 (а) бөлімге сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен бірге талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгеше келісім бермесе, кез келген осындай талқылауды Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізу шартымен, АДБ-ның сұрауы бойынша, аудиторлардың кез келген өкіліне осындай талқылауға қатысуға өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.
4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ кез-келген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілерінің ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылуын, күтіп ұсталуын және жөнделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
V БАП
Күшіне енуі
5.01-бөлім. Қарыз туралы осы келісімге қол қойылған күннен соң 60 күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидаларының 10.04-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні болып есептеледі.
VI БАП
Өзге де ережелер
6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:
Қарыз алушы үшін
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Факс
+7(7172)71 77 85
АДБ үшін
Аsіаn Dеvеlорmеnt Ваnк
6 АDВ Аvеnuе
Маndaluyong Сіty
1550 Меtrо Маnіlа
Рhіlірріnеs
Факс
(632) 636-2444
(632) 636-2448.
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы Келісімнің тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері Қарыз туралы осы келісімге тиісті қолдармен қол қойылуын және оның АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізілуін қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
______________________
Уәкілетті өкіл
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
_______________________
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты - Жамбыл облысындағы тиімді көлік жүйесін дамыту жолымен Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
2. ҚМС-дағы егжей-тегжейлі сипаттауға сәйкес Жоба мынадай Бөліктерден тұратын болады:
(а) Жамбыл облысында Тараз бен Қордай арасында орналасқан Аспара-Благовещенка учаскесінің (261.5 км және 310.5 км арасы) II санаттағы 2 жолақты 49 километр жолды реконструкциялау және оны ІВ санаттағы 4 жолақты жол етіп кеңейту; және
(b) Құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтер көрсету;
3. Жобаның 2014 жылғы 1 шілдеге аяқталуы күтілуде.
2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
[Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]
Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні және Қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінде толық көлемде алынған болса, онда қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиіс қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне қарай түрлендіріледі.
Төлем күні |
Кезекті жарна |
2015 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2016 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2016 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2017 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2017 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2018 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2018 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2019 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2019 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2020 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2020 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2021 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2021 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2022 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2022 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2023 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2023 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2024 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2024 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2025 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2025 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2026 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2026 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2027 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2027 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2028 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2028 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2029 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2029 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2030 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2030 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2031 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2031 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2032 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2032 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2033 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2033 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2034 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
2034 жылғы 15 тамыз |
2.500000 |
2035 жылғы 15 ақпан |
2.500000 |
Жиыны |
100.000000 |
2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күніне толық көлемде талап етілмесе, Қарыз алушы төлеуге тиісті қарыздың негізгі сомасы негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күніне мынадай түрде айқындалады:
(а) негізгі қарызды өтеуге төлемінің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті кез келген қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнге талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
(b) негізгі қарызды өтеуге төлем жүргізілген бірінші күннен кейін қаражатты кез келген алу әрбір алу сомасын негізгі қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгі кезден кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күнгі кезге немесе кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы Кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
3. Негізгі өтеудің кез келген күні төленуге тиісті негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу төлемінің екінші күнгі кезіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеу төлемінің екінші күнінен бастап негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде төленуге тиіс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, қарыздың негізгі сомасының талап етілген қаражатының валютасы толық көлемде немесе ішінара бекітілген валютаға Айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы өтеу күндерінің кез келгенінде өтеуге жататын жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы осы соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қосарлы айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, негізгі соманы көрсетілген бекітілген валютада көрсететін валюталардың айырбас бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқауға сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша валюталардың айырбас бағамының белгіленген ставкадағы құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы қарыздың біреуден артық валютасында кезең-кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы сомалардың әрқайсысы үшін бөлек өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға бөлек-бөлек қолданылуға тиіс.
3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу
Жалпы ережелер
1. Осы Қосымшадағы (осы Қосымшаға Толықтыруда көрсетілгендей) кесте (Кесте) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Шығыстар баптарының санаттарын, сондай-ақ әрбір осындай Санат үшін қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы Қосымшада «Санат» немесе «Санаттар» деген ұғымдар кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).
АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері
2. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмеген болса, шығыс баптарының әрқайсысы Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.
Қайта бөлу
3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын бөлуге және қаражат алу пайызына қарамастан,
(а) егер кез келген санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген шығыстарының барлығын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен (і) басқа санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат жетіспеуінің орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толық көлемде толтыра алмаса, осы Санат үшін бұдан кейінгі алуды барлық шығыстар жабылмайынша жүргізу үшін осы шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайтуға; және
(b) егер қандай да бір Санатқа бөлінген қарыз сомасы осы Санаттағы келісілген шығыстардың барлығынан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен мұндай артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.
Қарыз төлеу рәсімі
4. Егер АДБ өзгеше келіспесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз қаражатын төлеу жөніндегі анықтамалығына сәйкес төленуге тиіс.
3-қосымшаға толықтыру
КЕСТЕ
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі |
||||
САНАТ |
АДБ-ның |
|||
Нөмір |
Атау |
АДБ-ның Санат |
Қарыз шотынан |
|
1 |
Жұмыстар |
97,600,000 |
Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 85 пайызы |
|
2 |
Консалтингтік қызметтер |
4,800,000 |
Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 100 пайызы* |
|
3 |
Бөлінбеген қаражат |
10,500,000 |
||
Жиыны |
112,000,000 |
|||
* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда
4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консультациялық қызметтерді сатып алу
Жалпы ережелер
1. Барлық жұмыстар мен консультациялық қызметтер тиісінше Сатып алу жөніндегі нұсқауға және Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес орындалуға және бақылауға жатады.
2. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқауда және/немесе Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауда жазылған мағынаға ие болады.
Жұмыстарды сатып алу
3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімдерінің негізінде сатып алынуға тиіс:
Халықаралық конкурстық сауда-саттық
4. Өзге шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
Келісімшартты беру жөніндегі шарттар
5. Қарыз алушы:
(і) аяқталған АЭН мен ҚОБЖ-ны АДБ мақұлдамайынша; және
(іі) ЖСҚЖ шарттарға сәйкес орындалмайынша жұмыстар бойынша келісімшарттарды бермеуге тиіс.
Консультациялық қызметтерді таңдау
6. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы іріктеудің сапалық және бағалық параметрлерін ескере отырып, консультанттарды іріктеу әдісін немесе олар көрсететін қызметтердің көлемін қолдануға құқылы.
Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық
7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстар (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын немесе талабын бұзбауын немесе қысым жасамауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе өнім беруші тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуге міндеттенеді.
8. Қарыз алушы ұсынылып отырған көрсетілетін консультациялық қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқығын немесе талабын бұзбайтынына немесе қысым жасалмайтынына көз жеткізу үшін АДБ қаржыландыратын консультанттармен жасалатын барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, консультанттар тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуге міндеттенеді.
АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы
9. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше келісілмесе және Сатып алу жоспарында көрсетілмесе, халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері шеңберінде сатып алынған барлық келісімшарттар және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.
10. Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтауға белгіленген кезеңнің уақытын ұзартудан бұрын, осы келісімшарттың мерзімі мен шарттары бойынша кез келген өзгеріске келісуден, оның ішінде осы келісімшарт шеңберіндегі өзгертуге өтінім немесе өтінімдер жазудан бұрын Қарыз алушы ұсынылатын ұзартуға, өзгеріске АДБ тарабынан мақұлдау алуға тиіс. Егер АДБ ұсыныстарды Қарыз туралы келісімнің шарттарына және/немесе Сатып алу жоспарына сай емес деп анықтаса, онда Қарыз алушыға осы шешімнің себептерін дереу хабарлауға және түсіндіруге тиіс. Келісімшартқа енгізілетін барлық түзетулердің көшірмелері есепке алу үшін АДБ-ға табыс етілуге тиіс.
5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау және жобалық объектілерді пайдалану;
қаржылық мәселелер
Іске асыру тәртібі
1. ККМ Жоба бойынша атқарушы агенттік ретінде Жобаны іске асыру үшін жалпы жауапкершілікте болады. (а) ЖБК-АДБ және (b) осы жоба бойынша тартылған консультанттар қызмет көрсететін ККМ және ККМ Автожол комитеті іске асырушы агенттік ретінде жауапкершілікте болады.
2. Қарыз алушы (а) кез келген жұмысты бастағанға дейін ККМ-нің құрылысты қадағалауға жауапты консультанттарды жұмылдырғанына; (b) жоба іске асырылатын бүкіл кезең ішінде қолдау көрсету үшін ККМ мен Жол комитетінің құзырлы персоналы тағайындағанына; және (с) ККМ-нің жобаны АДБ-мен келісім бойынша енгізу кестесіне сәйкес және оны пайдалана отырып орындағанына көз жеткізуге міндетті.
Мониторинг, Жобаны Шолу және Бағалау
3. Қарыз алушы ККМ-нің жобаны іске асыру тиімділігін мониторингілеу жүйесі арқылы аталған жобаның орындалуын мониторингілеуін және бағалау жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті. Күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылатын түйінді көрсеткіштер мен болжанған нәтижелер және мониторинг пен дизайн құрылымындағы жобаның әсері талдау үшін қажетті бастапқы деректер болып саналады.
4. Қарыз Күшіне енген күннен кейінгі 1 жыл ішінде жобаға бірлескен аралық шолу жүргізіледі. Аталған бірлескен аралық шолу жоба қауіпсіздігінің инженерлік, экологиялық және әлеуметтік шараларына, ҚНК-де баяндалған қарыз алу шарттары мен міндеттемелеріне сәйкестігіне бағытталатын болады. Бағалау жобаның және Инвестициялық бағдарламаның табысты іске асырылуын және олардың мақсаттарына көз жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті аралық өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржылық басқару жүйесі, аудит және есептілік
5. Қарыз алушы (а) АДБ талаптарына сәйкес қаржылық басқару жүйесі құрылатынына және жұмыс істейтіндігіне; (b) АДБ әзірлеген техникалық тапсырмаға сәйкес жыл сайынғы негізде жоба бойынша қаржылық аудит жүргізілетініне көз жеткізуге міндетті.
6. Осы Қарыз туралы келісімнің (а) 4.05-бөлімінің және (b) Қарыз беру қағидасының VII бабының ережелерін қате ұғынбай, Қарыз алушы жобаны орындауға қатысушылардың барлығы Қарыздың тиісті қаражатын; сондай-ақ осы мақсат үшін қолданылатын Қарыз алушының қаражатын пайдалану үшін жеке жазбалар мен шоттарды жүргізетініне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыздар беру қағидасының 7.04-бөлімінде көрсетілген талаптарға қосымша Қарыз алушы АДБ-ға: (а) жобаны іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралардың және оған байланысты мәселелердің мәртебесі туралы ақпаратты жаңарту үшін қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде айлық есептерді; (b) қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есептерді және (с) орындау процесі мен мониторинг туралы басқа да есептерді жарты жылда бір рет ұсынуды ККМ-ге тапсырады.
Бірлесіп қаржыландыру
7. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті бірлесіп қаржыландырудың барлық қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстар уақтылы ұсынылатынына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-нің жобаны іске асыру үшін қаржыландырудағы барлық өзгертілген қажеттіліктерді өзінің жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізетініне көз жеткізуге міндеттенеді.
Құрылыстың сапасы
8. Қарыз алушы жобаның қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылып жүрген стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді ККМ-ге тапсырады.
Жұмыстарға арналған келісімшарттар
9. Осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасының 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарының ережелерін қате ұғынбай, Қарыз алушы жоба, ҚОӘБ және жаңартылған ҚОҚЖ бойынша жолдың тиісті бөлігіне қатысты ЖСҚЖ-ның (атап айтқанда, зардап шеккен адамдарға өтемақыны уақтылы төлеуді қоса алғанда) барлық қолданылатын ережелері сақталғанға дейін тиісті мердігерлерге жұмыстардың басталғаны туралы хабарламалардың біреуінің де берілмеуін қамтамасыз етуді тапсырады. Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісімшарттарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды мердігердің орындау міндеттілігін қамтитынына көз жеткізуін; және (b) жобаланған жолдарды пайдалану кезінде қозғалыстың авариялық және қарқындылық деңгейінің мониторингін жүзеге асыруын да тапсыруға тиіс.
Заңсыз саудаға жол бермеу
10. Қарыз алушы жобалық жолда адамдарды, жабайы жануарларды, сирек кездесетін жануарларды және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшін сенімді әрі қатаң шаралардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта
11. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жоба шешімдері, Жобалық объектілердің құрылысы мен оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету АДБ-ның Қауіпсіздік шаралары туралы саясатына (2009), Қарыз алушының, ЭБШНҚ-ның табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтік талаптарына, Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған және АДБ-мен келісілген қоршаған ортаға әсер етудің жалпы бағасына және ҚОӘБ-ға сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер етуі ҚОҚЖ-да көрсетілгендей азайтудың барлық шараларын және мониторинг қолдану есебінен төмендегеніне көз жеткізуді тапсырады.
12. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жұмыстардың басталуы туралы кез келген хабарлама берілгенге дейін ҚОҚЖ жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының іске асырылуы, мониторингі мен есептілігі үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (с) жарты жылдық экологиялық есептердің, ол бойынша есеп жасалатын әрбір кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде дайындалғанына және АДБ-ға ұсынылғанына; (d) есептер, өзгелерінен басқа, ҚОҚЖ орындауындағы жетістіктерге шолуды, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) Жоба шеңберіндегі егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен құрылыс жұмыстарының келісімшарттары ҚОӘБ мен ҚОҚЖ-да көрсетілген қолданылатын экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) ҚОӘБ және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мердігерлердің бақыланатынына қосымша көз жеткізуді тапсырады.
Жер сатып алу және қоныс аудару
13. Қарыз алушы ККМ-ге өзгелерінен басқа, мынадай: (а) ЖСҚНҚ ережелеріне сәйкес ЖСҚЖ жоба шеңберінде қатысы бар тұрғындардың назарына жеткізілуге тиіс; (b) ЖСҚЖ-ны құрылыс жұмыстарына арналған қандай да бір келісімшарттарды алғанға дейін АДБ-ның қарауына және мақұлдауына ұсыну қажет; (с) жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлінетін белдеулер дер кезінде сатып алынуға және берілуге тиіс; (d) мыналар: (і) қоныс аударған адамдарға көмек көрсету мақсатында табысын және өмір сүру деңгейін қалпына келтіру үшін жағдай жасайтын жоспарды қамтитын ЖСҚЖ түпкілікті әзірленбейінше; (іі) жобаның тиісті құрауыштары немесе құрылысқа дайын учаскелері үшін әрбір қоныс аударған адамға орнын ауыстырудың толық құнының өтемақысы төленбейінше; (ііі) қоныс аударудың тиісті жоспарында көрсетілген көмектің басқа да түрлері қоныс аударған адамдарға көрсетілмейінше ешқандай күштеп немесе экономикалық қоныс аудару жүргізілмеуге және мердігерлерге жұмыстардың басталуы туралы ешқандай да нұсқау жасалмауға тиіс; (е) мәселелер мен шағымдар туындаған кезде оларды уақтылы шешу үшін мүдделеріне жоба әсер ететін адамдарға көмек көрсету үшін шағымдарды қараудың тиімді тетіктері белгіленуге тиіс; (f) ЖСҚЖ-ның іске асырылуын бақылауды және оған мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті персонал мен ресурстар; (g) АДБ үшін қолайлы, мониторинг жүргізу жөніндегі тәуелсіз ұйым ЖСҚЖ-ның сыртқы мониторингін және оны бағалауды жүргізетін және ЖСҚЖ-ның іске асырылу процесінің басында және оның аяқталуы бойынша нәтижелерді АДБ-ға ұсынатын болады; және (h) егер ЖСҚЖ-ны орындау кезеңінде жергілікті жерде, жол айырымдарында кез келген өзгерістер не қоршаған ортаға қосымша әсер және/немесе қоныс аудару анықталса, онда ЖСҚЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСҚЖ-ны одан әрі іске асырғанға дейін АДБ-ның және тиісті үкіметтік органдардың алдын ала мақұлдауын алу қажет деген ережелерді қоса алғанда, Жоба Қарыз алушының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік талаптарына, АДБ-ның Қауіпсіздік шаралары туралы саясатына (2009) және ЖСҚНҚ мен ЖСҚЖ-ға сәйкес орындалуына көз жеткізуді тапсырады.
14. Қарыз алушы жобаға қатысты жерді жалға алушыларға беру үшін жер учаскелеріне талдау жүргізуді және тең жер іздеуді, немесе қолданылатын құқықтарға және Қарыз алушының заңнамасына, Қауіпсіздік шаралары туралы АДБ саясатына (2009), ЖСҚНҚ және ЖСҚЖ-ға сәйкес олардың тыныс-тіршілік деңгейін қалпына келтіруге көмек көрсету үшін осындай жалға алушыларға басқа да қолдау түрлерін көрсетуге міндеттенеді. Жоғарыда көрсетілгендердің нәтижелері ЖСҚЖ түпкі нұсқасына қоса берілетін болады. Мемлекеттік резервтік жер учаскелерінің жоқ екендігі анықталған жағдайда Қарыз алушы жобаға қатысты жалға алушыларға (жалдау шарты кемінде 5 жыл болатын фермерлерге - жобаға қатысты жалға алушылар) оларда қалған жер учаскесінде (учаскелерінде) өндірісті ұлғайту немесе кеңейту үшін жеткілікті қаржылық немесе техникалық көмек беру жөніндегі шараларды қабылдайды. Жоғарыда ескерілгенге жататын ақпарат, оның ішінде жобаға қатысты жалға алушылардың тізімі, шығындар, кестелер мен осындай өтемақылар бойынша қабылданатын шаралар ЖСҚЖ түпкі нұсқасында жазылатын болады.
Еңбекті қорғау
15. Қарыз алушы ККМ-ге:
(а) құрылыс мердігерлерінің (і) қолданылатын негізгі еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды, (іі) еркектер мен әйелдерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; (iv) жұмысқа қойылатын талаптарды баламалы орындау және тиімділік шартымен жобаның құрылыстық мақсаттары үшін жергілікті аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты ықтимал көлемде барынша жұмысқа орналастыруды және (v) тәжірибесі бар және тәжірибесі жоқ жұмыс істейтін әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді, және
(b) АИТВ/ЖҚТБ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулар тәуекелдері туралы ақпаратты жоба шеңберінде тартылған мердігер ұйымдардың қызметкерлері мен жобалық жолға тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында таратуды жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
16. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтық қағидаттарын қолдану міндеттемесіне сәйкес АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендігімен және Қарыз алушы кез келген мұндай тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін қажеттігіне қарай тиісті есептер мен жазбаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, көмек көрсетудің қажетті деңгейінде кез келген мұндай тексеруге толыққанды ынтымақтасатынына және көмектесетініне келіседі. Бұдан басқа, Қарыз алушы ККМ-ге (а) мердігерлердің қарыз қаражатын алуға және олар бойынша төлемдерге қатысты іс-әрекеттеріне кезеңдік тексерулер жүргізуді; (b) жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісімшарттар АДБ-ның аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, өнім берушілердің, консультанттардың, сондай-ақ жобаға қатысы бар қызметтердің өнім берушілерінің жазбалары мен шоттарына тексеру жүргізу құқығын белгілейтін ережелерді қамтитынына көз жеткізуді; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттың мердігерлердің төлем сертификаттарын келісімшарттың жұмыс сызбалары мен ерекшеліктеріне сәйкес тексеретініне көз жеткізуді; және (d) Инвестициялық бағдарлама үшін әзірленген және АДБ-мен келісілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының орындалуына көз жеткізуді тапсырады.
Осымен 2011 жылғы 7 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова