1-бап. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеңес:
1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсұғылмаушылығы кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады;
конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды;
жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі аяқталған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісімін бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешіміне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;
медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы бойынша, іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне, соттың айыптау үкімінің күшіне енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;
Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымдарынан босатуды ұсынады;
Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын лауазымдарынан босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;
судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты оның судья лауазымында болуы мерзімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұзартуына келісім беру туралы мәселені қарайды;
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;
8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;
9) судьяны тұтқынға алуға келісім беру, оны күштеп алып келу, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жазаны қолдану, судьяны қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне қорытынды ұсынады;
10) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;
12) Кеңес регламентін бекітеді;
13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізеді;
14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды;
15) осы Заңнан, заңнамалық актілерден және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 12-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап бес жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.»;
5-тармақтағы «алты» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Судья лауазымына конкурс
1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа соттың судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
2. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды.
3. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судьяның бос лауазымының ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады.
4. Кеңестің жергілікті және басқа соттың судьясы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
5. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
15-бап. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына
конкурсқа қатысушылар
1. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.
2. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.
Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.
Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.
Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады.»;
4) 16-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы «бойынша басымдық беріледі.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға басымдық беріледі.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Кеңес облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы болған кезде қарайды.
Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.»;
5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен
судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағалары
мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына
кандидатураларды қарау тәртібі
1. Облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
2. Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос лауазымына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының лауазымына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі.
4. Кеңес осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бос лауазымдарға ұсынылған барлық кандидатураларды отырыста міндетті түрде қарайды.»;
6) 18-бапта:
1-тармақта:
«оң» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.»;
7) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы материалдарды қарау тәртібі»;
8) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны
лауазымынан босату туралы не босатудан бас тарту
туралы мәселені қарау үшін негіздер
1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы Кеңестің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін лауазымынан босату жөніндегі ұсынуды Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңеске Сот жюриі шешімінің негізінде енгізеді.
2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін, регламентте белгіленген тәртіппен ондағы мәліметтерді сот төрағасынан, сот алқасының төрағасынан, судьядан және басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алу, тиісті құжаттарды талап етіп алдыру және олармен танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпараттарды алу арқылы тексереді.
3. Тексерудің нәтижелері бойынша анықтама әзірленеді. Анықтамада анықталған мән-жайлар, тексерушілердің қорытындысы мен ұсыныстары қамтылып, олардың қолдары қойылуға тиіс.»;
9) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны
лауазымынан босату туралы мәселені қарау
1. Кеңес сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қараған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы алынған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның, Кеңес хатшысының өтініші бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.
2. Кеңестің шешімі нақты материалдарға сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне сот төрағасы, сот алқасының төрағасы және судья лауазымынан босату туралы қабылданған ұсынымға не оны қабылдаудан бас тартуға негіз болған мән-жайларды қамтуға тиіс.
3. Кеңестің сот төрағасы, сот алқасының төрағасы және судья лауазымынан босатуға ұсыным беруден бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімінің күшін жою және оларды қайта қарау үшін негіз болып табылады.».
2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақ КСР соттары судьяларының біліктілік алқалары туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1990 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 13-құжат);
2) «Қазақ КСР соттары судьяларының және халық заседательдерінің тәртіптік жауапкершілігі, кері шақыру және мерзімінен бұрын босату туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1990 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 14-құжат);
3) «Қазақ КСР соттары судьяларының және халық заседательдерінің анты туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1990 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 15-құжат);
4) «Қазақстан Республикасының аудандық (қалалық) халықтық соттарында әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі судьялардың саны туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 2 қаңтардағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 3, 53-құжат);
5) «Қазақстан Республикасының төрелік соты судьяларының тәртіптік жауапкершілігі, кері шақыру және мерзімінен бұрын босату туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 5 наурыздағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 7, 168-құжат);
6) «Қазақстан Республикасы судьяларының біліктілік сыныптары, сыныбы және еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақылары туралы уақытша ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 1 ақпандағы қаулысы;
7) «Қазақстан Республикасы төрелік соттарының штат санын және оларды қаржыландыруға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және қызмет көрсетуге қаржы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 4 маусымдағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 405-құжат);
8) «Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, прокурор-тергеу қызметкерлеріне лауазымдық жалақы белгілеу және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғары Төрелік Сотының, төмен тұрған және әскери соттардың, прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 150-құжат).
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ