Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 166-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау»;
      2) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
      «177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау
      1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, сол сияқты оның қызметіне басшылық жасау –
      бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттерді:
      а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
      б) бірнеше рет;
      в) өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
      г) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса –
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Нақ сол әрекеттерді:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса;
      в) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса –
      мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі, ал б) тармағында көзделген жағдайларда – жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескертулер.
      1. Осы бапта қаржылық (инвестициялық) пирамида деп тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін, не оған құқығын тартудан табыс алу (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызмет түсініледі.
      2. Қаржылық (инвестициялық) пирамидаға қатысқаны туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ қылмысты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен тұлға, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      Осы тармақтың ережелері қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған тұлғаға қолданылмайды.»;
      3) 307-баптың ескертулерінің 5-тармағы «177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында,» деген сөздерден кейін «177-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар):
      1) 192-бапта:
      үшінші бөлік «177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында),» деген сөздерден кейін «177-1-бабында (үшінші бөліктің б) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік «177 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «177-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 285-баптың 8-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде), 177-1 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 136-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау»;
      2) мынадай мазмұндағы 136-3-баппен толықтырылсын:
      «136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау
      Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату және орналастыру – бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елуден бір жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «136 - 136-2» деген цифрлар
«136 - 136-3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      екінші абзац «136-2,» деген цифрлардан кейін «136-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      отыз төртінші абзац «қаржы полициясы органдарының (» деген сөздерден кейін «136-3,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат):
      14-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
      «3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.».
      5. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «нысанында жарнамалауға тыйым салынады.» деген сөздер «нысанында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия деятельности финансовых (инвестиционных) пирамид

Закон Республики Казахстан от 17 января 2014 года № 166-V ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 15-16, ст. 211; 1998 г., № 16, ст. 219; № 17-18, ст. 225; 1999 г., № 20, ст. 721; № 21, ст. 774; 2000 г., № 6, ст. 141; 2001 г., № 8, ст. 53, 54; 2002 г., № 4, ст. 32, 33; № 10, ст. 106; № 17, ст. 155; № 23-24, ст. 192; 2003 г., № 15, ст. 137; № 18, ст. 142; 2004 г., № 5, ст. 22; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139; 2005 г., № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 21-22, ст. 87; 2006 г., № 2, ст. 19; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 12, ст. 72; № 15, ст. 92; 2007 г., № 1, ст. 2; № 4, ст. 33;  № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 17, ст. 140; 2008 г., № 12, ст. 48; № 13-14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126; 2009 г., № 6-7, ст. 32; № 13-14, ст. 63; № 15-16, ст. 71, 73, 75; № 17, ст. 82, 83; № 24, ст. 121, 122, 125, 127, 128, 130; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 7, ст. 28, 32; № 11, ст. 59; № 15, ст. 71; № 20-21, ст. 119; № 22, ст. 130; № 24, ст. 149; 2011 г., № 1, ст. 9; № 2, ст. 19, 28; № 19, ст. 145; № 20, ст. 158; № 21, ст. 161; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 13; № 3, ст. 26, 27; № 4, ст. 30; № 5, ст. 35, 36; № 10, ст. 77; № 12, ст. 84; 2013 г., № 1, ст. 2; № 4, ст. 21; № 7, ст. 36; № 10-11, ст. 54, 56; № 14, ст. 72; № 15, ст.  78):
      1) оглавление дополнить заголовком статьи 177-1 следующего содержания:
      «Статья 177-1. Создание и (или) руководство деятельностью финансовой (инвестиционной) пирамиды»;
      2) дополнить статьей 177-1 следующего содержания:
      «Статья 177-1. Создание и (или) руководство деятельностью
                     финансовой (инвестиционной) пирамиды
      1. Создание, а равно руководство деятельностью финансовой (инвестиционной) пирамиды или ее структурного подразделения –
      наказываются штрафом в размере от одной тысячи до трех тысяч месячных расчетных показателей либо ограничением свободы на срок до трех лет, либо лишением свободы на тот же срок с конфискацией имущества.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) группой лиц по предварительному сговору;
      б) неоднократно;
      в) с использованием своего служебного положения;
      г) с привлечением денег или иного имущества в крупном размере,  –
      наказываются ограничением свободы на срок от трех до семи лет либо лишением свободы на тот же срок с конфискацией имущества и с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет.
      3. Те же деяния, совершенные:
      а) организованной группой;
      б) лицом, уполномоченным на выполнение государственных функций, либо приравненным к нему лицом, если они сопряжены с использованием им своего служебного положения;
      в) с привлечением денег или иного имущества в особо крупном размере, –
      наказываются лишением свободы на срок от пяти до двенадцати лет с конфискацией имущества и с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет, а в случаях, предусмотренных пунктом б), – до семи лет.
      Примечания.
      1. Под финансовой (инвестиционной) пирамидой в настоящей статье понимается деятельность по извлечению дохода (имущественной выгоды) от привлечения денег или иного имущества либо права на него физических и (или) юридических лиц без использования привлеченных средств на предпринимательскую деятельность, обеспечивающую принятые обязательства, путем перераспределения данных активов и обогащения одних участников за счет взносов других.
      2. Лицо, добровольно заявившее об участии в финансовой (инвестиционной) пирамиде, а также активно способствовавшее раскрытию или пресечению преступления, освобождается от уголовной ответственности, если в его действиях не содержится состава иного преступления.
      Положения настоящего пункта не распространяются на лицо, создавшее финансовую (инвестиционную) пирамиду.»;
      3) пункт 5 примечаний статьи 307 после цифр «177,» дополнить словами «пунктом б) части третьей статьи 177-1,».

      2. В Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 23, ст. 335; 1998 г., № 23, ст. 416; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 141; 2001 г., № 8, ст. 53; № 15-16, ст. 239; № 17-18, ст. 245;  № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 32, 33; № 17, ст. 155; № 23-24, ст. 192; 2003 г., № 18, ст. 142; 2004 г., № 5, ст. 22; № 23, ст. 139;  № 24, ст. 153, 154, 156; 2005 г., № 13, ст. 53; № 21-22, ст. 87; № 24, ст. 123; 2006 г., № 2, ст. 19; № 5-6, ст. 31; № 12, ст. 72; 2007 г., № 1, ст. 2; № 5-6, ст. 40; № 10, ст. 69; № 13, ст. 99; 2008 г., № 12, ст. 48; № 15-16, ст. 62, 63; № 23, ст. 114; 2009 г., № 6-7, ст. 32; № 15-16, ст. 71, 73; № 17, ст. 81, 83; № 23, ст. 113, 115; № 24, ст. 121, 122, 125, 127, 128, 130; 2010 г., № 1-2, ст. 4; № 11, ст. 59; № 17-18, ст. 111; № 20-21, ст. 119; № 22, ст. 130; № 24, ст. 149; 2011 г., № 1, ст. 9; № 2, ст. 19, 28; № 19, ст. 145; № 20, ст. 158; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 3, ст. 26; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35; № 6, ст. 44; № 10, ст. 77; № 14, ст. 93; 2013 г., № 2, ст. 10, 13; № 7, ст. 36; № 13, ст. 62, 64; № 14, ст. 72, 74; № 15, ст. 76, 78):
      1) в статье 192:
      часть третью после слов «177 (пунктом г) части третьей),» дополнить словами «177-1 (пунктом б) части третьей),»;
      часть четвертую после слов «177 (частями второй, третьей и четвертой),» дополнить словами «177-1 (частями второй и третьей),»;
      2) часть 8-1 статьи 285 изложить в следующей редакции:
      «8-1. Дознание по делам о преступлениях, предусмотренных статьями 176 (частью первой), 177 (частью первой), 177-1 (частью первой), 182 (частью первой) Уголовного кодекса Республики Казахстан, производится органом внутренних дел или финансовой полиции, возбудившим уголовное дело.».

      3. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109;  № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22;  № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст. 84, 86; № 19, ст. 88; № 23, ст. 97, 115, 117; № 24, ст. 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134; 2010 г., № 1-2, ст. 1, 4, 5; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 32; № 8, ст. 41; № 9, ст. 44; № 11, ст. 58; № 13, ст. 67; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112, 114; № 20-21, ст. 119; № 22, ст. 128, 130; № 24, ст. 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7, 9; № 2, ст. 19, 25, 26, 28; № 3, ст. 32; № 6, ст. 50; № 8, ст. 64; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 115, 116; № 14, ст. 117; № 16, ст. 128, 129; № 17, ст. 136; № 19, ст. 145; № 21, ст. 161; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 9, 11, 13, 14, 16; № 3, ст. 21, 22, 25, 26, 27; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35, 36; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 12, ст. 84, 85; № 13, ст. 91; № 14, ст. 92, 93, 94; № 15, ст. 97; № 20, ст. 121; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 1, ст. 2, 3; № 2, ст. 10, 11, 13; № 4, ст. 21; № 7, ст. 36; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 10-11, ст. 54, 56; № 13, ст. 62, 63, 64; № 14, ст. 72, 74, 75; № 15, ст. 77, 78, 79, 81, 82; № 16, ст. 83; Закон Республики Казахстан от 5 декабря 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам трудовой миграции», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 14 декабря 2013 г.):
      1) оглавление дополнить заголовком статьи 136-3 следующего содержания:
      «Статья 136-3. Рекламирование деятельности финансовой
                     (инвестиционной) пирамиды»;
      2) дополнить статьей 136-3 следующего содержания:
      «Статья 136-3. Рекламирование деятельности финансовой
                     (инвестиционной) пирамиды
      Производство, распространение и размещение рекламы деятельности финансовой (инвестиционной) пирамиды –
      влекут штраф на физических лиц в размере от ста до ста пятидесяти, на должностных лиц, индивидуальных предпринимателей – в размере от ста пятидесяти до ста семидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства или некоммерческими организациями, – в размере от двухсот до трехсот, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, – в размере от четырехсот до шестисот месячных расчетных показателей с приостановлением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации на срок до трех месяцев.»;
      3) в части первой статьи 541 цифры «136–136-2» заменить цифрами «136–136-3»;
      4) в подпункте 1) части первой статьи 636:
      абзац второй после цифр «136-2,» дополнить цифрами «136-3,»;
      абзац тридцать четвертый после слова «статьи» дополнить цифрами «136-3,».

      4. В Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О средствах массовой информации» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 21, ст. 771; 2001 г., № 10, ст. 122; 2003 г., № 24, ст. 175; 2005 г. № 13, ст. 53; 2006 г., № 1, ст. 5; № 3, ст. 22; № 12, ст. 77; 2007 г., № 12, ст. 88; 2009 г., № 2-3, ст. 7; № 15-16, ст. 74; 2010 г., № 5, ст. 23; № 22, ст. 130; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; 2012 г., № 2, ст. 13; № 3, ст. 25; № 15, ст. 97; 2013 г., № 1, ст. 2; № 10-11, ст. 56; № 14, ст. 75):
      статью 14 дополнить пунктом 3-3 следующего содержания:
      «3-3. Запрещается реклама деятельности финансовой (инвестиционной) пирамиды.».

      5. В Закон Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года «О рекламе» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 24, ст. 174; 2006 г., № 15, ст. 92; № 16, ст. 102; 2007 г., № 12, ст. 88; 2009 г., № 17, ст. 79, 82; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 11, ст. 102; 2012 г., № 3, ст. 25; № 14, ст. 92; 2013 г., № 8, ст. 50; Закон Республики Казахстан от 5 декабря 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 11 декабря 2013 г.):
      пункт 1 статьи 13 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      «6) деятельности финансовой (инвестиционной) пирамиды.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                  Н. НАЗАРБАЕВ