РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын және олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу;»;
«10-1) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар – карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерді айқындау және олар бойынша тиісті карантиндік шараларды және өсімдіктер карантині жөнінде іс-шараларды қолдану мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді зерделеу, зерттеу және бағалау процесі;»;
2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
уәкілетті ұйым; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;»;
3) 7-баптың 1-тармағының 3), 10), 13) және 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер карантині саласындағы қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
«10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«13) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;»;
«31) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;»;
4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Уәкілетті ұйым:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы өсімдіктер зиянкестерімен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен және арамшөптермен, оның ішінде карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтайды;
3) тұрақты негізде фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүзеге асырады;
4) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі анықталған карантиндi объектiлер мен бөтен текті түрлер туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;
5) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлеуде уәкілетті органға әдістемелік көмек көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.»;
5) 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм;»;
6) 13-баптың 5-тармағының үшінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.»;
«Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады.»;
7) 13-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.»;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен:
1) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шаралар;
2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару;
3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту орындалады.».
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев