Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 422-V ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 44-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшасымен жауап береді.";

      2) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аралық тарату балансын жасау кезінде таратылатын мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мүлкінің құрамына мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сатқан мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлікті тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының меншігіне береді.";

      3) 59-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салымдар енгізуге жол берілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, серіктестікке қатысушылардың талаптарын есепке жатқызу жолымен салымдар енгізуге жол берілмейді.";

      4) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құжаттық нысанда шығарылған атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) басқаға беру үшiн белгiленген тәртiппен берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес тиісті талаптың орындалмағаны үшiн емес, оның жарамсыздығы үшiн жауаптылықта болады.";

      5) 282-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келісімi болмаған жағдайда, ең алдымен негізгі борыш және сыйақы (мүдде) бойынша берешекті, ағымдағы кезеңдегі негізгі борышты және сыйақыны (мүддені), ал қалған бөлігінде – кредитордың орындауды алу бойынша тұрақсыздық айыбы мен шығасыларын өтейдi.";

      Банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша төлемдерді өтеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленеді.";

      6) 292-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, негізгі міндеттеменің тоқтатылуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтатылуына алып келеді.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 728-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "728-бап. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшеліктері";

      2) 728-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"728-бап. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшелiктерi

      Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың мынадай ерекшелiктерi бар:

      1) банктік қарыз шарты бойынша банк немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді;

      2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымы қарыз беруші ретінде әрекет етеді;

      3) алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың нысанасы болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шарттарда өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт олар жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;

      4) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың жарамсыздығына алып келеді;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шартында, микрокредит беру туралы шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның, микроқаржы ұйымының шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;

      6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 2-тармағының ережелері қолданылмайды;

      7) қарыз алушы қарыз, микрокредит нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күннен асырып бұзған кезде, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қолданылады.

      Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген қарыздар не осы акцияларды иеленуге арналған қарыздар беруге тыйым салынады.";

      3) 830-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру агенттерінің қызметкерлері, сақтандыру агенттері және өзге де адамдар оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингіне – сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сондай-ақ сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін;".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "магистральдық теміржол желiлерi;";

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары салынған жер учаскелерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;";

      2) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Кепіл мүлкін өндіріп алу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктің меншігіне қабылданған жер учаскесін екінші деңгейдегі банктен мәжбүрлеп алып қоюды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес онда жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асыруға болмайды.

      Жер учаскесін иеліктен шығару осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылмаған жағдайда, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Екінші деңгейдегі банк жер учаскесін иеліктен шығарған жағдайда, жаңа құқық иеленуші үшін игеру мерзімі осы баптың нормаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдерi, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың басқару органы айқындайтын бастапқы мерзім ретінде белгіленеді.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 1-тармағының 57) және 58) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "57) мемлекеттік қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарыз қатынастары. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы шығаратын мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру арқылы исламдық қаржыландыруды тарту мемлекеттік қарыз ретінде қаралады және осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жүзеге асырылады;

      58) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;";

      2) 21-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша қаржылық есептілік жасауды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.";

      3) 206-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құрған мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.

      3. Бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ал мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде – мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы эмитент болып табылады. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      3-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік ислам бағалы қағазы болып табылады.".

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 99-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;";

      2) 141-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жылдық жиынтық табысты айқындау кезінде осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері ескерілмейді.";

      3) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым төлейтін, еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (тенге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша біржолғы өтемақы түріндегі кіріс;

      29-2) еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы түріндегі табыс;";

      4) 248-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;

      4-2) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;";

      5) 375-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.";

      6) 396-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды." деген сөздер "құрылыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар;";

      7) 456-баптың кестесі мынадай мазмұндағы 3.14-1., 3.15-1-жолдармен толықтырылсын:

      "

3.14-1.

осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқық ауыртпалығын (ауыртпалықты тоқтатуды) тіркегені үшін

0


      ";

      "

3.15-1.

осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқықты тіркегені үшін

0


      ".

      6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):

      1) мазмұнында 243-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "243-бап. Банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ақшасын заңсыз пайдалану";

      2) 3-баптың 38) тармақшасында:

      "238, 239," деген цифрлар "238 (бірінші бөлігі), 239 (бірінші және екінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "240, 242 және 243-баптарда" деген сөздер "240, 242, 243 және 250 (екінші бөлігі)-баптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "236-бапта – төленбеген кедендік төлемдердің бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны;" деген сөздерден кейін "238 (екінші бөлігі) және 239 (үшінші бөлігі)-баптарда – орта кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомада не ірі кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен қырық мың есе асатын сомада келтiрiлген нұқсан;" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 50-бапта:

      бірінші бөлік "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында" деген сөздерден кейін ", қаржы ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 238-бабының екінші бөлігінде, 239-бабының үшінші бөлігінде, 250-бабының екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, оның ішінде осы Кодекстің 239-бабының үшінші бөлігінде көзделген қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғалар жасаған, азаматқа, заңды тұлғаға, қаржы ұйымына немесе мемлекетке ірі нұқсан келтіруге алып келген, экономикалық қызмет саласындағы және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге белгіленеді.";

      4) 238-бапта:

      бірінші абзацтағы "Әдейі банкроттық" деген сөздер "1. Әдейі банкроттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері жасаған, қаржы ұйымына, банк және (немесе) сақтандыру холдингіне ірі нұқсан келтірген дәл сол іс-әрекеттер -

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 239-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не өкiлеттiк бойынша орындайтын адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабiлетсiздiгiне алып келген қасақана әрекетi (әрекетсiздiгi), – ";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша орындайтын адамдардың жасаған, қаржы ұйымына ірі нұқсан келтірген іс-әрекеттері –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      6) 242-баптың бірінші абзацы:

      "Банк" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "осы банктің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "243-бап. Банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ақшасын заңсыз пайдалану

      1. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерiнiң банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының меншікті қаражатын және (немесе) банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тартылған қаражатын көрiнеу қайтарымсыз кредиттер беру немесе банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы үшін көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының клиенттерiне не басқа да адамдарға банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының негiзсiз кепiлдіктерiн немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi нұқсан келтiрсе, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерiнiң клиенттердiң банктік шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көрiнеу уақтылы аудармауы, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi нұқсан келтiрсе, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      8) 250-бапта:

      бірінші абзацтағы "Коммерциялық немесе" деген сөздер "1. Коммерциялық немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері жасаған, азаматқа, заңды тұлғаға, мемлекетке, қаржы ұйымына ірі нұқсан келтірген дәл сол іс-әрекеттер, –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      187-баптың 3-1-бөлігіндегі "239 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "239 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      229, 231 және 259-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы";

      "231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу;";

      "259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу";

      2) 212-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "Қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 213-бапта:

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      тоғызыншы бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      оныншы бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он бірінші бөліктің бірінші абзацы "Банктiң" деген сөзден кейін
", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      он екінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он төртінші бөліктің бірінші абзацы "Банктiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 220-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац:

      "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац:

      "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац "банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац:

      "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-бөлікте:

      бірінші абзац "банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац:

      "заңды тұлғаларға" деген сөзден кейін , "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ірі кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердiң," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 227-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердің," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 228-бапта:

      бесінші бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      тоғызыншы бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      оныншы бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он екінші бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он жетінші бөлікте:

      бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі нормативтік-құқықтық актісін бұзуы –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың он сегізінші бөлігінің мақсаты үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы айқындаған зиян мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған зиян мөлшерінен төмен болса және айырмасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгіленетін елу айлық есептік көрсеткіштен аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      19. Сақтандыру ұйымының мемлекет қатысатын сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттарды жасасу және осы ұйымда тіркелу міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы –

      бір жүз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      20. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның сақтандыру бойынша дерекқорды жүргізу мен қалыптастыру және оны мемлекет қатысатын кредиттік бюроға беру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды құрайтын ақпаратты олардың берілу мерзімдері өткенге дейін ішінара немесе толық жоғалту және (немесе) жою –

      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      7) 229-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы";

      бірінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 231-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац:

      "Қаржы ұйымының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мерзiмдерiн қаржы ұйымының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 252-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (немесе) "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      10) 256-баптың ескертпесіндегі ", акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 259-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауы –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы –

      жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      12) 724-баптың 1-тармағы:

      "және он жетінші" деген сөздер ", он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "252 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2,186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылғандарды қоспағанда), кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.".

      10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 2-баптың бірінші бөлігіндегі ", Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді" деген сөздер алып тасталсын;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) 8-бапта:"

      7) тармақша "жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-1) тармақшадағы "заңды тұлғалар" деген сөздер "өзге де тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;";

      22) тармақша алып тасталсын;

      24) тармақшада:

      ", инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің" деген сөздер алып тасталсын;

      34) тармақша ", қаржы ұйымдары" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығының жекелеген органдарының қызметін қаржыландырады, оның ішінде олардың акцияларын және (немесе) олардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену арқылы қаржыландырады;";

      4) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)";

      бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.";

      5) 15-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

      1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;

      3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;

      6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;

      7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;

      9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;

      10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;

      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;

      13) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын;

      14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;

      15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      18) Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

      21) Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      22) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты;

      23) клиент және оған қызмет көрсететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру қағидаларын;

      24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;

      25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алуы қағидаларын;

      27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;

      29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      30) банк шотын тікелей дебетке алу арқылы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;

      31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;

      32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;

      33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;

      34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;

      35) вексельдер эмитенттерінің қаржылық жай-күйін талдау және бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алуға қабылдау лимиттерін белгілеу жөніндегі нұсқаулықты;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын;

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;

      39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;

      40) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтер ұсынуы қағидаларын;

      41) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;

      42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

      43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;

      44) Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

      45) Қазақстан Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

      46) электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын;

      47) экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын;

      48) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру және өтеу қағидаларын;

      49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;

      52) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;

      53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын;

      54) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;

      55) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      56) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      57) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерiн белгiлеу қағидаларын;

      58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;

      59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;

      61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын;

      62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;

      63) барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;

      64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;

      65) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;

      66) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және жариялау мерзімдерін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі айқындалады;

      67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есепке алу саясатын;

      68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;

      69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;

      70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;

      71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;

      72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;

      73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;

      74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;

      75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;

      76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;

      77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;

      78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;

      79) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      81) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);

      82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;

      83) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өз тұтынушыларына микрокредиттер ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын;

      84) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін;

      85) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;

      86) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды;

      87) Қазақстан Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының қызметін қаржыландыру шарттары мен тәртібін;

      88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.";

      үшінші бөлікте 4) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;";

      "16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;";

      6) 15-бапта:

      екінші бөліктің 1), 10), 11), 12), 26), 27), 49), 50), 62), 63), 65), 68), 69), 77) және 85) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымы айқындалатын, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;";

      "10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек ғана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың
үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

      12) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;";

      "26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын;

      27) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;";

      "49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      50) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;";

      "62) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;

      63) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;";

      "65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiкті ұсыну және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын;

      "68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;

      69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;";

      "77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;";

      "85) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;";

      7) 19-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.";

      8) 20-2-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      9) 20-4-бапта:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелеріне қатысушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:

      1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;

      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;

      3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.";

      10) 20-4-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына баруға;";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде аталған тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;";

      11) 20-5-баптың 6-тармағындағы "Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда" деген сөздер "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 30-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      13) 31-бап алып тасталсын;

      14) 32-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтiк талаптарды есептеу, ең төмен резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.";

      15) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"34-бап. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері

      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.";

      16) 36-3-бап алып тасталсын;

      17) 42-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      18) 43-баптың бірінші бөлігіндегі "олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады" деген сөздер "оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 43-баптың бірінші бөлігіндегі "оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды" деген сөздер "оларды Қазақстан Республикасының барлық банктерi, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      20) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару туралы шешімді, оларды ауыстыру және айналыстан алып қою тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      21) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар

      Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды.

      Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.";

      22) 46-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды.

      Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.";

      23) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды жасағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауаптылық

      Жалған банкноттар мен монеталарды өткізу мақсатында жасауға, сақтауға, жалған банкноттар мен монеталарды өткізуге, сондай-ақ қолма-қол ақшаның санкциясыз эмиссиясын жүзеге асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      24) 48-бапта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.";

      екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің және ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды.";

      "Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:

      1) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;

      2) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеруге;

      3) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;

      4) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.";

      25) 51-1-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері (салымдары) бойынша біржолғы өтемақы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік порфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым арқылы төлеуді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жұмыс істемейтін қарыздар үлесін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді.";

      26) 51-2-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;";

      27) 52-бап "банктер" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 52-1-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша "қаржы ұйымдарында" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 56-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) уәкілетті банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.";

      30) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысандарында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратпен алмасуға құқылы.

      Осы тармақта өзге де ұйымдар деп банк секторының, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.";

      31) 62-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"62-2-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі";

      32) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      33) 70-бапта:

      бірінші бөлік "заңды тұлғалардан," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "сондай-ақ жеке тұлғалар" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 70-1-баптың үшінші бөлігі "және заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):

      1) 4-баптағы "(тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "(тіркеуші орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      бесінші бөліктегі "Ұлттық Банктің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "тіркеуші органдарға" деген сөздер "тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

      Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс.".

      4) 17-баптағы "тiркеуші органдар" деген сөздер "тіркеуші орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бапта:

      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) банктің субординарлық борышы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, банктің шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;

      3-2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      2) 5-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тиесілі уәкілетті орган құрады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:

      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;

      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;

      3) күмәнді және үмітсіз активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;

      4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;

      5) күмәнді және үмітсіз активтері иеленген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;

      7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;

      8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;

      9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;

      10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);

      11) бұрын күмәнді және үмітсіз активтер болып табылған активтерді иеленген, бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан және стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымдардан, екінші деңгейдегі банктерден осы активтерді иеленуге және оларды өткізуге;

      12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;

      13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;

      15) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге, сондай-ақ осы активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен басқаруға байланысты өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.";

      3) 8-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын;";

      9-тармақ 12) тармақшасындағы "жасасумен айналысуға құқылы." деген сөздер "жасасумен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) мүліктік жалдау (жалға беру) шартына сәйкес еншілес ұйымдарға өз мүлкін жалға берумен айналысуға құқылы.";

      4) 11-1-бапта:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе оны құру туралы шешім – оны құрған жағдайда, еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) – оны иеленген жағдайда;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:

      1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;

      2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге;

      3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Егер банк холдингі еншілес қаржы ұйымын құрған немесе иеленген не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай уәкілетті орган береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады.";

      5) 11-2-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген банктің күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым:

      1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге;

      2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге;

      3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге;

      4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;

      5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабының 4) тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.

      Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.";

      8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      6) 14-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;";

      7) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.";

      8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

"16-1-бап. Субординарлық борыш

      Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты туындаған кезінен бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері - акционерлері талап еткенге дейін осы Заңның 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте қанағаттандырылады.";

      9) 17-1-бапта:

      1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.";

      3-тармақтағы "4," деген цифр "4-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналар:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.

      Банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларын иеленген жеке тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:

      1) жеке тұлғаға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны (банк бұрын иеленген акциялардың құны шегеріле отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол бұрын иеленген банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;

      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжаттамалық расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған, сыйға тартылған банк акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.";

      9-тармақтың екінші абзацындағы "20-бабы 2-тармағының 3), – 5) тармақшалары" деген сөздер "20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды;

      2) егер өтініш берушінің банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын қалыптастыруға алып келетін болса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде, бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иеленуіне) рұқсат береді.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.";

      10) 20 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылары банктің басшы қызметкерлері болып танылады.

      Банктің бас бухгалтерін қоспағанда, банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.

      2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

      Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласында еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның талаптары көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;

      5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

      4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;

      2) банктің басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Банктің тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлердің осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) банктің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе банктің уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап банк, банк холдингі кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;

      6) кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы уәкілетті органда мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті органның бұзушылықты анықтаған күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.

      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы банктегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;

      3) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;

      4) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттеткенге дейін банк, банк холдингі оларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайларда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.

      Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      12. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялауды жүргізу немесе оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайларда, банк басқарушы органның басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті. Еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың талаптарына атқарушы органның басшысы сай келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.

      14. Банк холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес (ұйымның) ұйымдардың және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын (ұйымның) ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

      15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді.";

"26-бап. Банк операцияларын лицензиялау

      1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.

      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

      Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

      2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

      4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;

      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;

      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);

      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;

      9) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс.

      3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:

      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.

      4. Лицензиат банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi.

      5. Уәкiлеттi орган банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

      6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

      7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.

      8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

      9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкiлеттi органның ресми баспасөз басылымдарында жарияланады, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.";

      11) 27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;";

      12) 29-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде филиал туралы ережеге толықтырулар туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б), в), г), д), е) және з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының үшінші, алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде, 239-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының міндетті шарттары болып табылады.";

      8-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бейрезидент банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін мынадай шарттарды орындаған кезде уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің жиынтық активтерінің сомасы жиырма миллиард АҚШ доллары баламасынан төмен болмауға тиіс;

      2) бейрезидент банктің филиалы жеке тұлғалардан қабылдайтын салымның мөлшері бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмауға тиіс;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі топпен (FATF) ынтымақтаса отырып жұмыс жасайды;

      4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпараттар алмасуды көздейтін келісімнің болуы;

      5) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;

      6) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің банктік қызметке қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растау құжатының болуы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, салымшыларды және Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жауапкершілік алған тұлғаларды қорғау мақсатында осы филиалға қатысты уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкілетті орган, осы баптың 6, 7, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент банкінің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және бейрезидент банкінің өкілдігін жабуды талап етеді.

      Уәкілетті орган осы баптың 2, 8, 8-1, 9 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, банкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.";

      13) 30-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасындағы "банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру" деген сөздер "банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беруі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы – жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.";

      14) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы;";

      15) 34-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

      Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп:

      банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

      тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

      банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

      банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) ұзарту түсініледі.

      Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.

      Банк жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені туралы хабардар етіледі.

      Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банк ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 7-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде шетел валютасында кірістері жоқ жеке тұлғаларға осы валютада ипотекалық қарыз беруге тыйым салынады.";

      "7-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

      1) негізгі борыш бойынша берешек;

      2) сыйақы бойынша берешек;

      3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

      5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

      6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.

      Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

      1) негізгі борыш бойынша берешек;

      2) сыйақы бойынша берешек;

      3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

      5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.";

      16) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.";

      17) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"36-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

      1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, бірақ міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):

      1) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны, оның ішінде төлемдік талап-тапсырма ұсыну арқылы даусыз (акцептісіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.

      Төлем талабын ұсыну арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банк шотына түсімдері күтілместен жүзеге асырылады. Көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды;

      2) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгертуге, банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке сот тәртібінен тыс (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.

      Банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгерту банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жасалады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы – дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.

      3. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есептелген сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуді талап етуге құқылы емес.

      4. Жеке тұлғаға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын орындау талаптары өзгерген немесе жеке тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтауға) жол берілмейді.";

      18) 39-бапта:

      2-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде көзделген жағдайларда банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарызды өтеу әдісін таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын жеке тұлғаға беруге міндетті. Қарыз алушыға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға беретін қарыз бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай қарыздар бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес банктік қарыз шартында белгіленген кезектілікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:

      сараланған төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;

      аннуитеттік төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын банктік қарыздың бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері басқаларынан ерекшеленуі мүмкін.";

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі, осы Заңның 34-бабында белгіленген тәртіппен жасалған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оны азаю жағына қарай өзгертуі немесе азаю жағына қарай уақытша өзгертуі жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.

      Сыйақы мөлшерлемесін азаю жағына қарай уақытша өзгерту деп банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгілі бір мерзімге төмендетуі түсініледі, ол мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгеріске дейін қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі тараптардың келісуі бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде сыйақының құбылмалы мөлшерлемесіне өзгеруі мүмкін.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шартын жасасу күніне белгіленген қарызға қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен тарифтердің мөлшерін және оларды есептеу тәртібін біржақты тәртіппен ұлғаю жағына өзгертуге құқылы емес.";

      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көзделетін кредиттеу шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.

      Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.";

      "5. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға құқылы емес.";

      19) 40-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына банк қомақты қатысатын ұйымдарға субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін, банк шығарған облигацияларды иеленуге және (немесе) банкке қарыздар беруге тыйым салынады.";

      20) 42-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың талаптары осы Заңның 29-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.";

      21) 45-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банктердің қызметін талдауды жүзеге асырады. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады.

      Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.";

      22) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"46-бап. Шектеулi ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды байқаған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң өздерінің қаржылық қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ өздерінің депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бірiн қолдануға:

      1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;

      2) жазбаша ескерту шығаруға;

      3) жазбаша келісім жасасуға құқылы.

      2. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не банктің басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

      7. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларының кез келген шарасын қолдануға құқылы.

      8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін орнықсыз қаржылық жай-күйінің белгілері туындаған, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайларда қолданылуы мүмкін.

      9. Банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау жөніндегі мерзімді уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.";

      23) 47-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.";

      2-тармақтың е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "е) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды аталған басшы қызметкердің (қызметкерлердің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткiлiктi деректер негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн атқарудан шеттетуге құқылы. Осы Заңның 20-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін банк немесе банк холдингі осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды банктің немесе банк холдингінің басшы қызметкері тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.";

      24) 48-баптың 1-тармағында:

      "а) тармақшасындағы "және 6" деген сөздер "және 7" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы а-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "a-2) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банкінің не банк холдингінің не ірі қатысушы – жеке тұлғаның болмауы;";

      м-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "м-1) банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі уәкілетті органның талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамауы;";

      25) 48-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.

      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      26) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау шарттарының біріне сәйкес келетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ашуы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің мәліметтер ұсынуы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты берілетін, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның "Көшірмесі дұрыс" деген белгісі бар осы кредит бойынша ұйымның талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беруі – банк құпиясын ашу болып табылады.

      "Көшірмесі дұрыс" деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының қолымен, оның лауазымы, тегі, аты-жөні және куәландыру күні көрсетіле отырып, куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен (болған кезде) бекемделеді.";

      8) тармақшада:

      "екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға," және ", сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым иеленетін активтерді тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаға" деген сөздер алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      10. Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына өзіне осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.";

      27) 52-5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша" деген сөздер "банктік қарыз операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) мынадай мазмұндағы 4-2-тараумен толықтырылсын:

"4-2-тарау. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру

52-13-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру ұғымы

      Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында (бұдан әрі - банкті ислам банкіне айналдыру) ерікті түрде қайта ұйымдастыру деп ислам банкінің мәртебесін алу және қызметті осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асыру мақсатында банктің қызметін қайта ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.

52-14-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсаты

      1. Банкті ислам банкіне айналдыру банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.

      2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатын беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      2) осы Заңның 52-15-бабының талаптарына сәйкес келетін, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      3) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы (болжамдық бухгалтерлік баланс және банктің пайдасы мен залалдары туралы есеп, банкті ислам банкіне айналдыру аяқталғаннан кейін банктің пруденциялық нормативтерін, оның ішінде шоғырландырылғаннан негізде есептеу);

      4) банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған соң кейінгі үш жылға бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      банктің мақсаты мен міндеттерінің сипаттамасы және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларының түрлері;

      банктің қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банк қызметін дамыту стратегиясы мен оның ауқымы;

      банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банктің тәптіштелген жылдық қаржылық жоспары;

      тәуекелдерді басқару жоспары (ислам банкінің қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде және банкті айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері).

      3. Уәкілетті орган өтінішті осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынған күннен бастап екі ай ішінде қарайды.

      Банк осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      4. Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі қабылдағанға дейін уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруі туралы өтінішті еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.

      5. Банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін өзі белгілеген мерзімде жоймауы;

      2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) бизнес-жоспардың осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжауы;

      5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және банкке қатысты банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде санкциялардың болуы;

      6) банкті ислам банкіне болжамды айналдыру нәтижесінде банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы.

      6. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруге немесе осы рұқсатты беруден дәлелді бас тарту беруге міндетті.

      7. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:

      1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) банктің өз қызметін өзге нысандарда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы не банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қабылдануы;

      3) банктің осы Заңның 52-17-бабында көзделген талаптарды орындамауы не талаптарды орындау мерзімін бұзуы;

      4) банкке ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия беруден бас тарту.

      Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтаруға құқылы.

      Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсат кері қайтарып алынған кезде немесе банк осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде, уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болған факті анықталған немесе банк рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

52-15-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      1. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын банктің директорлар кеңесі бекітеді.

      2. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында төмендегі іс-шараларды іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, олардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:

      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құру;

      2) осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгі талаптарын әзірлеу;

      3) мынадай:

      осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларына айырбастауға жататын;

      осы Заңның 52-5-бабының 3-тармағына сәйкес ислам банкіне жүзеге асыру рұқсат етілген айырбастауды талап етпейтін;

      банкті ислам банкіне айырбастау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген айырбастау мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өтуі негіздері бойынша айырбастауды талап етпейтін;

      осы Заңның 52-1-бабының талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша айырбастауға жатпайтын банктік және өзге де операцияларды айқындау;

      4) банктің осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген банктік және өзге де операциялар бойынша активтері мен міндеттемелерінің әлеуетті көлемін айқындау;

      5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында айналдыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялау және банктің интернет-ресурсында орналастыру;

      6) банк клиенттерін осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген банктік және өзге де операциялардың тізбесін, осы Заңның 52-16-бабының 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуды не келісуді ұсыну мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабардар ету;

      7) жаңа қызмет түрлерін ескере отырып, банктің корпоративтік басқару және ішкі саясаты мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;

      8) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты банктің басшы қызметкерлерін айқындау;

      9) клиенттермен банктік және өзге де операцияларды жүргізу туралы шарттар бойынша жұмыс жүргізу;

      10) ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізу үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау;

      11) уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсыну;

      12) әділет органдарына банкті ислам банкі ретінде мемлекеттік қайта тіркеу үшін өтініш жасау;

      13) уәкілетті органға ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтініш жасау;

      14) осы Заңның 52-16-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиіс банк жоспарлаған банкті ислам банкіне айналдыру мерзімі;

      15) банкті ислам банкіне айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.

52-16-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіндегі оның қызметі

      1. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде банк айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

      2. Банкті ислам банкіне айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысында директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тағайындалады.

      3. Банкті ислам банкіне айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде:

      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында айналдыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және банктің интернет-ресурсында орналастырады;

      2) банк клиенттеріне осы Заңның 52-15-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген банктік және өзге де операциялардың тізбесін, осы баптың 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуды не келісуді ұсыну мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      4. Банк клиенттері осы баптың 3-тармағында көрсетілген жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке:

      1) осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағында көзделген ислам банкінің банк операцияларына айырбастауға жататын банктік және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын өзгертуге;

      2) банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгерту бөлігінде ислам банкіне осы Заңның 52-5-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асыру рұқсат етілген айырбастауды талап етпейтін банктік және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын өзгертуге;

      3) уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатында көрсетілген айырбастау мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өту негіздері бойынша айырбастауды талап етпейтін немесе осы Заңның 52-1-бабының талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша айырбастауға жатпайтын банктік және өзге де операциялар жөніндегі шарттар бойынша құқықты (талапты) басқаға беруге немесе борышты аударуға жазбаша бас тартуды не келісуді беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрсетілген мерзімде жауапты ұсынбау клиенттің бас тартуы ретінде қаралады, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес клиенттің келісімі ретінде қаралады.

      Клиент осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша жазбаша бас тартуды ұсынған кезде, осы шарттардың қолданылуы осы Заңның 52-17-бабының 1-тармағында көрсетілген есепті банк уәкілетті органға ұсынғанға дейін тоқтатылуға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру ислам банкінің банк операцияларын жүргізу талаптары қамтылған не банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгертуді көздейтін, банк ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны алғаннан кейін оның күшіне енуі талаптарымен шартқа қосымша келісімді жасау арқылы жүргізіледі.

      Банк клиенттерінің банк шоттарына орындалмаған талаптар (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) болған және ақша жеткіліксіз болған немесе болмаған (оның ішінде бір жылдан аз уақыт ақша қозғалысы болмаған) кезде, банк мұндай талаптарды кері қайтаруды жүзеге асыруға және банк шоттарын жабуға құқылы.

      5. Банкке ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берілген кезде немесе банктің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімі қабылданған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты банк уәкілетті органға қайтаруға тиіс.

      6. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде оған шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған жаңа шарттар жасауға, сондай-ақ осы Заңның 30-бабының 2, 11 және 12-тармақтарында көзделген, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

      7. Банкті ислам банкіне айналдыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. Уәкілетті орган осы мерзімді банктің өтінішхаты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      8. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілелерден айналдыру кезеңінде банктің алатын кірісін пайдалану туралы шешімді банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі қабылдайды.

52-17-бап. Банкті әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу және ислам банкінің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензия беру

      1. Банк уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде, уәкілетті орган банктен қосымша іс-шаралар орындауды және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімде растау құжаттарын қоса бере отырып қайтадан ұсынуға міндетті.

      3. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.

      4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін әділет органдарына күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш жасауға міндетті.

      Ислам банкінің жарғысында осы Заңның 14-бабының 3-тармағында және 52-4-бабында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.

      5. Банк әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:

      1) мына құжаттарды:

      ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

      банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі туралы ережені;

      ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларды;

      ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларды қоса бере отырып, ислам банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бар болса) қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

      6. Уәкiлеттi орган ислам банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларын жүргiзуге лицензия беру және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтiнiшті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарайды.

      Ислам банкінің банктік және өзге операцияларын лицензиялау тәртібі осы Заңның 26-бабында айқындалады.

      7. Банкке ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берілген кезден бастап:

      1) банктік және өзге де операцияларды жүргізуге бұдан бұрын берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылады;

      2) банкті ислам банкіне айналдыру аяқталды деп есептеледі.

      Банк ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұдан бұрын берілген лицензияның тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.";

      29) 60-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктерді (банк холдингтерін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту, айналдыру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

      Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру тәртібі осы Заңның 4-2-тарауында белгіленеді.";

      30) 7-1-тарау мынадай мазмұндағы 61-5-баппен толықтырылсын:

"61-5-бап. Банктік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету

      1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінің резервтік орталығының, резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.

      2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа да құралдарға енгізілетін және банктік көрсетілетін қызметтердің клиентке қолжетімділігіне әсер ететін, қолданысқа енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер (жаңартулар) туралы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында немесе шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде клиенттерді хабардар етеді.

      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерге көрсетілетін қызметтерді ұсынудың кепілді үздіксіз деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында белгіленеді және банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.

      4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.";

      31) 63-баптың 1-тармағындағы "20-бабының 2-тармағында" деген сөздер "20-бабының 3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 74-4-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде, тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;

      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;";

      33) 75-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның талаптары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.

      Осы Заңның 1, 2, 3, 4, 5, 5-1, 11, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 17-2, 18, 21, 52-4, 54-1, 60, 60-1, 61-4, 67-1, 76-1, 77, 78-баптарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.".

      13. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат):

      1) 5-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.";

      2) 5-4-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған кезде, оған осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі.

      2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде ипотекалық ұйымға мынадай шектеулі шараларды қолдануға құқылы:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;

      2) жазбаша ескерту жасау;

      3) жазбаша келісім жасау.

      Ипотекалық ұйымға анықталған бұзушылықтарды (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне арналған нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.

      Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның ипотекалық ұйымға, осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін ипотекалық ұйым өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы уәкілетті орган мен ипотекалық ұйым арасында жасалған жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге ипотекалық ұйым тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      Ипотекалық ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Ипотекалық ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау бойынша мерзімді уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.";

      3) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары борышкер – жеке тұлғада өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге де мүлік немесе кіріс болмаған кезде, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде және сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану күніне жеке тұлғаға тиесілі немесе негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.".

      14. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 15-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын.

      15. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) 23-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнге бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.".

      3-тармақтың бірінші бөлігі "қаржы компанияларын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асыру осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымдық міндеттеріне кірсе, онда осындай қызметкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында еңбек қатынастары туындамайды және олардың арасында еңбек шарты жасалмайды.".

      16. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):

      13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде төлемдік талап-тапсырманы орындау, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, банк шотына ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылады.

      Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін, ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның ағымдағы шотына берілген төлемдік талап-тапсырма төлемдік талап-тапсырмада көрсетілген барлық соманың банк шотына түскені күтілместен, ақша жөнелтушінің ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) ақша жөнелтушінің ағымдағы шотына кейіннен түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде орындалады.".

      17. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Заңның күші мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының қызметіне қолданылмайды.".

      18. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      Осы Заңның 1, 3, 5, 10-1, 16-2, 16-3, 183, 18-1, 18-2, 19, 21, 24, 25, 26, 26-1, 32, 35, 40, 41, 49, 50, 51, 52, 53-4, 59, 60, 61, 62, 63, 74-1-баптарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылмайды.";

      2) 3-бапта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлығын, адалдығын растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      мынадай мазмұндағы 18-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының субординарлық борышы – осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі";

      23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.

      Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;";

      3) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымы ғана жүзеге асыра алады.";

      4) 5-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды.";

      5) 10-бап:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;";

      6) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысатын ұйымдарға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығарған, субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін облигацияларды иеленуге және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қарыздар ұсынуға тыйым салынады.";

      7) 16-1-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын құруға рұқсат етіледі.

      7. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.";

      8) 18-1-баптың 5-тармағында:

      бірінші бөлік 3) тармақшадағы "анықтауы негіз болып табылады." деген сөздер "анықтауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату негіз болып табылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, осы тұлғаға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырыс шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырыс шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.";

      9) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі филиалды әділет органдарында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ретінде мемлекеттік тіркеумен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың болуымен айқындалады.";

      10) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.";

      11) 6-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

"25-1-бап. Субординарлық борыш

      Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты ол туындаған кезден бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келмейтін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме тоғызыншы кезекте, ал қайта сақтандыру ұйымы таратылған кезде жай акциялардың меншік иелері – акционерлер талап еткенге дейін осы Заңның 72-бабында айқындалған жетінші кезекте қанағаттандырылады.";

      12) 26-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтағы "6," деген цифрдан кейін "6-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларын шегере отырып) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде мынадай:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      2) осы баптың 6-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;

      3) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      Сыйға тарту шарты нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленген жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:

      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларының құнын шегере отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;

      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кем дегенде жетпіс бес пайызын құрайды.";

      "9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа мыналарды:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;

      2) егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын құруға алып келген жағдайда, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсатты бір мезгілде береді.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға, өзіне тиесілі акциялар саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы иеленгендерін шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.";

      13) 26-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "34-бабының 2-тармағы 3) – 5) тармақшаларының" деген сөздер "34-бабының 3-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 27-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Осы баптың талаптары осы Заңның 33-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      15) 32-бапта:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еншілес ұйымды құрған жағдайда – жарғыны (бар болса) және құрылтай шартын немесе оны құру туралы шешімді, оны иеленген жағдайда – еншілес ұйымның жарғысын (бар болса);";

      6-тармақта:

      3) тармақшадағы "2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының" деген сөздер "3-тармағының 3), 4) 5) және 6) тармақшаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "4) тармақшасында" деген сөздер "3) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банк холдингтері немесе банктер болып табылатын және уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құратын немесе иеленетін не қаржы ұйымының капиталында қомақты қатысуды иеленетін жағдайда, уәкілетті орган осы бапта көзделген тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иеленуге, пайдалануға және (немесе) иелік етуге құқық беретін тиісті құжатты бере отырып, бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсат береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.";

      16) 33-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 228-бабының бірінші, екінші, он бірінші бөліктерінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай шарттар орындалған кезде жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына тең баламадан төмен болмауы тиіс;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру секторлары мен сыныптарында сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы тиіс;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі топпен (FATF) ынтымақтаса жұмыс жасайды;

      4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болуы;

      5) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;

      6) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растау құжатының болуы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, полис ұстаушыларды және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жауапкершілік алған тұлғаларды қорғау мақсатында осы филиалға қатысты уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы баптың 5, 6, 10 және 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын немесе өкілдігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етеді.

      Осы баптың 2, 7, 8 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.";

      17) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      3. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы – жеке тұлға, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:

      1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      уәкілетті органның кандидатты келісуі мерзімі өткенге дейін белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң ұсынуы;

      4) осы баптың 6-тармағында белгіленген, басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткен соң құжаттарды ұсынуы;

      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін бір жыл бойы қолданылады;

      6) уәкілетті органда кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндеттерін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылыққа алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің көрсетілген қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе уәкілетті орган осы тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуіне дейін жұмыстан шығарған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің болуы;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары мен бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шараларды қабылдауға міндетті.

      13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының және 12-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      14. Сақтандыру холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

      15. Осы баптың талаптары:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.";

      18) 37-баптың 11-тармағы "басылымдарында" деген сөзден кейін ", уәкілетті органның интернет-ресурсында" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 40-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Актуарий лицензиясының қолданысы оның алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырмауы нәтижесінде тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханын өткізу кезінде актуарий лицензиясының қолданысының тоқтатыла тұруы актуарийлердің біліктілік емтиханын қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.";

      20) 43-баптың 3-2) тармақшасы алып тасталсын;

      21) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

"44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы

      Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.";

      22) 46-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Осы баптың талаптары осы Заңның 33-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      23) 48-баптың 5-тармағында:

      1) тармақша "акциялардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген облигациялардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "банктерден" деген сөздің алдынан "осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 53-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруді;

      2) жазбаша ескерту шығаруды;

      3) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.

      Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде беру қажеттігіне бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.

      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

      6. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туындаған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға қатысты қолданылуы мүмкін.

      7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      10. Шектеулі ықпал ету шараларының қолданылу тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      25) 53-3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы. Осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.";

      26) 54-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ірі қатысушы – жеке тұлға не сақтандыру холдингі болмаған;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";

      27) 55-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.";

      28) 56-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.";

      29) 73-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық анықталған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;

      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;";

      30) 79-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының үлестес тұлғаларымен бірлесіп қатысуы ұйым капиталының бес пайызынан аспауға тиіс.

      1-2. Ұйымның жылдық бюджетін бекітуге, ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалануға, ұйымға төленуге жататын жарналар мөлшерлемесін бекітуге байланысты мәселелер ұйымның жоғары органының қарауына жатады.

      1-3. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келіседі.

      Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келісуден бас тартуына ұйымдарға қойылатын осы Заңда белгіленген талаптарды орындау үшін оның жеткіліксіз болуы негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда, оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған" деген сөздер алып тасталсын;

      31) 79-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.".

      19. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын.

      20. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 2-3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылуы мүмкін.";

      2) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған жерлерді қоспағанда) мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.";

      3) 11-бап мынадай мазмұндағы 8-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-5) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімдерді қабылдау, олардың негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының меншігіне сату жүзеге асырылады;";

      4) 12-баптың 2-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес, жалға алушы ретінде жалдау шарттарын, сондай-ақ сервистік агент ретінде сервистік агенттің қызмет көрсетуі шартын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарына немесе олардың учаскелерiне қатысты өзге де шарттарды жасасу;".

      21. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;".

      22. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-1-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тартуды мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:

      1) қоғамның осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      6. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы құжаттарды уәкілетті органға ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.";

      2) 13-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 22-бабының 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.";

      3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды уәкілетті орган белгілейді.";

      4) 21-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамның орналастырылатын акцияларына қор биржасында айналыста болатын бағалы қағаздармен ақы төлеу қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға ақы төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы жүргізеді.";

      5) 22-бапта:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын".

      "6. Акционер, осы баптың 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.";

      6) 55-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттіктері акционерлердің жалпы жиналысы оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.";

      7) 67-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      8) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.

      Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттарымен қоса) беріледі.

      Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.";

      9) 79-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) директорлар кеңесі мәселелер тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, бұл мәселелер туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;";

      2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі "аудиторлық есептерді," деген сөздерден кейін "акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қоғам директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесін белгілейтін ішкі құжатты әзірлеуге және қоғамның басқару органы оны бекітуге міндетті, бұлар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлар назарына жеткізілуге тиіс.".

      23. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      2) 3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3-1. Шектеулі ықпал ету шаралары

      Уәкілетті орган Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымдарының, Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын бұзушылықтарын, құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолданады.";

      3) 3-2-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 4-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;";

      5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

"4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:

      1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;

      2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;

      3) Қордың бас бухгалтері.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      3. Қордың басшы қызметкері оны тағайындаған (сайлаған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде атқаруға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, Қор осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қор құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді.

      4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

      5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың болуы.

      Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады;

      6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат қаржы ұйымының, Қордың, банк, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, Қорға, осы банкке немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      5. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымынан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалу (сайлануы) мүмкін.

      6. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган оны осы Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) басшы қызметкерге оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияларды қолдану;

      3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;

      4) Қордың аталған басшы қызметкерін (қызметкерлерін) Қор қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе осы адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайларда, осы адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткілікті деректердің болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Қор осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.".

      24. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 1-баптың 1) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағалау ұйымы – мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;

      "19) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.";

      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";

      3) 17-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы жазбаша талаппен өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянды өтеуге;";

      4) 18-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтетуге;";

      5) 18-1-бап алып тасталсын;

      6) 19-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.";

      14-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

      СС = ЖСС * K, мұнда:

      СС – Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);

      К – осы баптың 14-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңіне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:

Р/с

Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі

Коэффициент

1

15 күнге дейін (қоса алғанда)

0,2

2

16 күннен 1 айға дейін

0,3

3

2 ай

0,4

4

3 ай

0,5

5

4 ай

0,6

6

5 ай

0,65

7

6 ай

0,7

8

7 ай

0,8

9

8 ай

0,9

10

9 ай

0,95

11

10 ай және одан да көп

1


      ";

      7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.

      3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды сақтандырушы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, зиян мөлшерін айқындау туралы өтініштің негізінде жүргізеді.

      Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

      Мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.

      4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      5. Жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушы айқындаған зиян мөлшерімен келіспеген кезде, жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушы айқындаған зиян мөлшеріне сотта дау айтуға құқылы.

      Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.

      Сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының) сұрау салуы бойынша мүлікке келтірілген зиянның айқындалған мөлшеріне қатысты дауды қарауға және шешуге қатысты кез келген құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

      6. Сақтандыру оқиғасын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.";

      8) 24-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері";

      1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес;";

      9) 25-баптың 2-тармағында:

      4-2) тармақшадағы "7" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын;

      5) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      10) 26-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"26-1-бап. Тікелей реттеу

      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде, жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адам кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамда сақтандыру полисі болған жағдайда, келтірілген зиянның өтемін алу үшін жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға өтiнiш жасауға құқылы.

      Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына өтініш жасайды.

      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді.

      Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу ол үшін жәбірленушімен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы болып табылмайды.

      3. Кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төлеген сомасын өтеп береді.".

      11) 29-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "7" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын.

      25. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ашық сауда-саттық әдісі – сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;";

      10), 22) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау – қаржы нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына орныққан бағадан (бағамнан) жоғары немесе төмен баға (бағам) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға, инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған әрекеттерi;".

      "22) депозитарийлiк қызмет – басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;";

      "40) ислам арнайы қаржы компаниясы – ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы;";

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры – клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;";

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі – қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;";

      мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "61-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын ислам арнайы қаржы компаниясы;";

      62), 63), 71) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

      63) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      "71) оригинатор – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;";

      "90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, онда бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, оның ішінде шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;";

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-2) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындайды;";

      3) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар

      1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

      2) жазбаша ескерту шығаруға;

      3) жазбаша келісім жасауға;

      4) инвестициялық комитеттің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қатысты қолданылуы мүмкін.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) беру қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      4. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне не оның басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.

      5. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығы субъектісі өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасындағы жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге бағалы қағаздар нарығының субъектісі тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқама мен жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

      8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісіне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.

      9. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      10. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіріп алуға;

      2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

      3) лицензиядан айыруға;

      4) орталық депозитарийдің, тіркеуші мен лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін кері қайтарып алуға құқылы.";

      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi органның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен енгiзедi.";

      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:

      1) эмитенттің атауы, оның орналасқан жері және қызмет түрлерi туралы;

      2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестерінің он және одан да көп пайызына иелік ететін ірі акционерлер және (немесе) қатысушылар туралы;

      3) лауазымды адамдар, олардың соңғы үш жылдағы лауазымдары туралы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталдағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитенттің органдары туралы;

      4) эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылар және берушiлер туралы;

      5) активтердің жалпы көлемінің кемінде он пайызын құрайтын эмитент активтерінің сипаттамасы және олардың көлемі, оның ішінде:

      эмитенттің сенімгерлік басқаруға берілген, сондай-ақ актив бағалануының сомасын, бағалаушының атауын, әрбір активті бағалау күнін және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күндер көрсетіле отырып, эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын активтері туралы;

      эмитент активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын дебиторлық берешек, дебиторлардың тізбесі көрсетіле отырып, оларды өтеу мерзімдері туралы;

      6) осы шығарылымның облигацияларын қамтамасыз ету туралы (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда), оның ішінде банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, кепілгер және банктің кепілдігі туралы;

      7) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған кезде);

      8) эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын кредиторлық берешек, кредиторлардың тiзбесi көрсетiле отырып, оның ішінде эмитент шығарған бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша берешек сомасы көрсетіле отырып, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;

      9) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң үлестес тұлғалары туралы;

      10) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, төлем тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың номиналды құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;

      11) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылған кезде) айырбастау тәртібі туралы;

      12) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы;

      13) облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты туралы;

      14) төлем агентi туралы;

      15) эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым туралы (мұндай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда) мәліметтер қамтылуға тиіс.

      2. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығаратын облигацияларды шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында белгіленеді.

      3. Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілуге жатады.

      Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым келтірілетін жағдайларда, шығару проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа енгізудің және өтеудің талаптарын өзгертуге құқылы емес.

      4. Мыналар эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады:

      1) эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептiлiгінің аудиторлық есептермен расталған көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) аудиторлық есептерінің және есепке алу саясатының көшірмелері;

      2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін берген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептiлiгінің көшірмелері.

      Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi болмаған жағдайда, эмитент ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығындағы кезеңде уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептiлiгiн және көрсетілген кезеңдегi қаржылық есептiлiктiң аудиторлық есебiн ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

      1) қоғамның ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды иеленуі кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады;

      2) Мыналар облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:

      облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттар көшірмелері;

      облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін – эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін, ұйымдармен (мұндай ұйымдармен шарт жасасу міндеті осы Заң талаптарында көзделген жағдайда) жасасқан шарттардың көшірмелері;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оған қатысушылар арасында бөлу тәртібі.

      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.

      7. Осы баптың 1-тармағының 1), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде, уәкілетті орган жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      Эмитент уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 4), 5), 15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.

      Эмитент осы баптың 1-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы Заңның 31-бабының 7-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      8. Осы баптың 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) эмитент иеленген облигацияларды қоспағанда, орналастырылған облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленген ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген;

      2) эмитент иеленген облигацияларды қоспағанда, облигацияларды ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын иеленген екі және одан да көп адам болған, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигацияларды ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан да көп пайызы дауыс берген жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде эмитент жүзеге асырады.

      Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.

      9. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығару проспектiлерiне және ислам бағалы қағаздар шығару проспектілеріне қолданылмайды.

      Агенттiк облигациялар, облигациялық бағдарламалар, сондай-ақ облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiлерi мазмұнының ерекшеліктері нормативтік-құқықтық актіде көзделген.

      10. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.";

      6) 11-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қоғам құрылтайшыларының орналастырылған акцияларға толық ақы төлеуді және қоғам құрылтайшыларының акцияларға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде мәмілені тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      7) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығаруды мемлекеттік тiркеу";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:";

      8) 13-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылымын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң қалауы бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн, бұл ретте уәкілетті орган осы құжаттарды ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарауға тиіс.";

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:" ";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар ұсынылған күнге эмитентте сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінде өзі шығарған борыштық бағалы қағаздар болмаса және осы Заңның 15-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шығаруды және (немесе) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.";

      9) 15-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнге эмитентте айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды және облигацияларды ұстаушылар келіскен жағдайда облигациялардың ерікті делистингін қоспағанда) делистинг жағдайлары болмаса ғана және инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, эмитент мынадай талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапты сақтай отырып облигациялар шығаруды жүзеге асырған жағдайда, осы эмитенттің левередж шамасына қойылатын талаптар облигациялар айналысының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.";

      10) 18-2-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдау мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.

      2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін тіркеуші облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күннен үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде жасайды.

      Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі облигацияларды иеліктен шығарған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы облигациялардың жаңа ұстаушысына ауысады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу үшін аталған тұлға облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды эмитентке ұсынады.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабының 8-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген облигацияларды шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған шешім жарияланғаннан күнінен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.

      Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыру және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.";

      11) 18-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөліпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылу шарттары қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттарына сай келетін, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары шығарған (шығаратын) облигацияларға қатысты оларға қолданылмайды.";

      12) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.";

      13) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.";

      14) 22-1-бапта:

      1-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген.

      Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне меншігінде осы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар, Қазақстан Республикасының ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздарының бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары енгізілуге тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарған облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде олар Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы, осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынылуға тиіс. Осы облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығы арқылы иеленуге инвесторлардың өтінімдерін (бұдан әрі – инвесторлардың өтінімдері) тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Инвесторлардың өтінімдері облигацияларды осылай орналастыру шеңберіндегі барлық өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша эмитент айқындаған, облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы көлемінде өтеуге кіріс мөлшерлемесі бойынша қанағаттандырылады. Егер инвесторлардың өтінімдерінің жиынтық номиналды көлемі облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің жиырма пайызынан кем болса, онда инвесторлардың өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады.";

      "5) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларын, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарын бастапқы орналастырған кезде:

      Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акцияларын не шығарылымын уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акцияларын не шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар бойынша оларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынуға тиіс;

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акциялар эмитенті уәкілетті органының не осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруды жүзеге асыратын осындай эмитенттің тиісті сатушы акционерінің акцияларды немесе осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімінде осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс деген шарт қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс акциялардың немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарының саны, егер осындай сан осы акцияларды басымдықпен иелену құқығын іске асырудың нәтижесі болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкін.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынған;";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:";

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай кез келген негіздер:

      1) Заңның осы бабының 4-тармағында көзделген шарттарды орындамау;

      2) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жүргізеді.

      8. Осы баптың талаптары мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға, сондай-ақ мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар тізіміне енгізуге қолданылмайды.";

      15) 24-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмитент уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, сондай-ақ олар толық орналастырылған күннен бастап бір ай ішінде ұсынуға міндетті.

      Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру қорытындысы туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай өткен соң қоғам бірде-бір акцияны орналастырмаса, ол уәкілетті органға:

      1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;

      2) орналастырудың алты айлық мерзімі аяқталған күннен кейінгі күнге тіркеуші берген орналастырылған акциялардың жалпы санының он және одан да көп пайызын (қоғам иеленген акцияларды шегергенде) иеленген акционерлер туралы анықтаманың көшірмесін тапсырады.

      Эмитент бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тіркеушіден алған жарияланған акцияларды орналастыруды растайтын құжатты акционерлік қоғамның құрылтайшыларына ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы бап мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде қолданылмайды.";

      16) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісінде белгiленедi.

      Уәкілетті орган жарияланған акциялардың шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.";

      17) 30-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облигациялар шығарылымын жою шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган облигациялар шығарылымын, егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.";

      18) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкілетті орган, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.";

      19) 32-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын, сыйақы мен номиналдық құнын төлеу күнін көрсете отырып ұсынады.";

      20) 32-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары

      1. Ислам арнайы қаржы компаниясы шығарылу кезiнде айналыс мерзiмiн алдын ала белгiлей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу құқығына ие болатын ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады.

      2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:

      1) жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша кірістер алу;

      2) егер мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға кері сатудан түсетін кірісті алу;

      3) бөлiнген активтердi құрайтын мүлiк үлесiне сәйкес келетiн, ұстаушыға тиесiлi исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына пропорционалды мөлшерде ақша сомасын алу;

      4) эмитенттiң (оригинатордың) қызметi туралы ақпарат алу, оның iшiнде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде айқындалған тәртiппен эмитенттiң (оригинатордың) қаржылық есептiлiгiмен танысу;

      5) ұстаушылардың исламдық жалдау сертификаттарына қоғам тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан меншiк құқығын растайтын үзiндi көшірмелерді алу құқықтарын;

      6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарында көзделген өзге де құқықтарды бередi.

      3. Ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастырудың нәтижесiнде алынған ақшаға мүлiкті иелену, сондай-ақ осы мүлiктi жалға беру (қаржы лизингi) шарты бойынша түскен төлемдердi исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылар арасында бөлу үшiн құрылады.

      Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын (исламдық жалдау сертификаттарын) шығару және онымен байланысты мемлекеттік мүлікті иелену және осы мүлікті тиісті саланың уәкілетті органына жалға беру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын өтеу үшін ғана құрылады.

      Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен бөлінген активтерді сатып алу-сату шартын және тиісті саланың уәкілетті органымен осы бөлінген активтерді жалдау шартын жасайды.

      Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құрамына мүлікті сатуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінің негізінде жүзеге асырады.

      Бөлінген активтерді мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясынан кері сатып алуды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін құрайтын мүлікті басқа мүлікке ауыстыруға мұндай ауыстыру мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.

      4. Исламдық жалдау сертификаттарының айналысы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерiне кiретiн мүлiктi жалдау (қаржы лизингi) шартын жасасқаннан кейiн мүмкін болады.

      5. Оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясынан мүлiктi иеленген жағдайда, исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде исламдық жалдау сертификаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу шарты көзделуi мүмкiн.

      6. Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының және өтеудiң өзге де шарттары уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.";

      21) 32-5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "мемлекеттік мекеменің" деген сөздер "мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 32-6-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлікті және (немесе) бөлінген активтерді беретін оригинатор құрады.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 7-1 және 10-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының атауында "Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс.";

      "7-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      "10-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының басқа меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі, не мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару бойынша кез келген өзге мәмілеге жататын кез келген өзге активтерден бөлек есепке алынады.";

      11-1 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған активтер исламдық жалдау сертификаттары бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды.";

      "14. 1, 3, 4-1, 7-1, 9, 10-1 және 11-1-тармақтарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының қызметіне қолданылмайды.";

      23) 32-7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы бап мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде қолданылмайды.";

      24) 41-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды." деген сөздер "олардың ұстаушылары туралы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыруы мақсатында, оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар және (немесе) олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрамайды.";

      25) 43-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лицензиаттың бас ұйымына пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін берілуі мүмкін;";

      26) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Клиенттердің (клирингтік қатысушылардың, орталық депозитарий депоненттерінің, қор биржасы мүшелерінің) қаржы құралдарын лицензиат, бірыңғай тіркеуші, орталық депозитарий меншікті активтерінен бөлек есепке алады және лицензиат, бірыңғай тіркеуші, орталық депозитарий банкрот болған жағдайда мүліктік массаға және (немесе) таратылатын лицензиаттың, бірыңғай тіркеушінің, орталық депозитарийдің мүлкінің құрамына енгізілмейді.";

      27) 47-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қаржы ұйымының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционер) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы өзіне қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар жеке тұлға өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларына дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы мөлшерінде тікелей немесе жанама түрде иелік ете алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) билік ете алмайды.";

      28) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Мыналар:

      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы мен мүшелері;

      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;

      3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;

      4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасасқан шарттарда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі қабылданғанға дейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агент тіркеушісінің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);

      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

      3. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;

      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;

      3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Өтініш берушінің (лицензиаттың) тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның осы бабында, 63-бабының 5-тармағында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өзінің лауазымын атқарып жүрген, осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;

      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап өтініш берушінің (лицензиаттың) кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін бір жыл бойы қолданылады;

      6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдер қабылдауы фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      10. Өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті орган осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

      11. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті қызметті атқаратын (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде атқарған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;

      3) өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

      4) өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін өтініш берушінің (лицензиаттың) оларды шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайларда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.";

      29) 56-бапта:

      2-тармақтағы "бағалы қағаздармен мәмiлелердi" деген сөздер "бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ "жасалған" деген сөзден кейін "бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:

      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орындалуы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері тараптарындағы осындай бағалы қағаздардың және (немесе) ақшаның мөлшерінің елеулі өзгеруіне алып келмеген осындай мәмілелері;";

      "3) бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар баға бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәміле;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзге қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жататын шарттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      6-тармақ "жасалған" деген сөзден кейін "бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногы" деген сөздер "бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ "жасалған" деген сөзден кейін "бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 56-1-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қор биржасы директорлар кеңесінің, қор биржасы листинг комиссиясының және сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасалатын, бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айлы-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы сараптама комитетінің мүшелері;

      6) өздеріне берілген функциялар мен өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер;";

      31) 61-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің клиенті кастодианға өтініш жасауға және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары туралы үзінді көшірмені алуға құқылы.

      Үзінді көшірмені берудің шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде, кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      32) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттар бойынша өзінің клиенттеріне электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.";

      33) 64-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірыңғай тіркеушінің қағидалар жинағын директорлар кеңесі бекітеді.";

      34) 66-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) инвесторларға нақты уақыт режимінде басқа инвесторлардың бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға өтінімдері туралы, сондай-ақ биржадан тыс нарықта эмитенттердің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының ақпараттық жүйесін құру және қолдау;";

      35) 69-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.";

      36) 72-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу бойынша талаптар мемлекетке, сондай-ақ мыналардың:

      көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының;

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 5-1-тармағына сәйкес ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейтін басқа заңды тұлғаның акцияларды иеленуі (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары – жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының құнын шегергенде) инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде мыналарды:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тартудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      2) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды;

      3) бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындаған, сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      Бұл ретте инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленген жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті беру күніне мына шарттарды орындайды:

      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының құнын шегергенде) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;

      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақша жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды табыс етеді.

      Осы баптың 6-тармақтың 3) тармақшасының және осы баптың 7-тармақтың 5) және 7) тармақшаларының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті ұсыну бөлігіндегі талаптары, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған "А"-дан төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына қолданылмайды;";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді және құжаттар топтамасын қарамастан өтініш берушіге қайтарады.

      Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін ұсынылған өтінішті және құжаттарды қарау мерзімін, егер оларды қарау процесінде осы құжаттарда өтініш беруші немесе оның қызметі туралы анық емес мәліметтер қамтылғаны, ұсынылған құжаттар мазмұнының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі анықталған болса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің анықтығын тексеру қажет болған кезде, тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі қайта басталады. Уәкілетті органның құжаттарды әрі қарай қарауы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін адамға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған адам жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленген деңгейден төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылықты және инвестициялық портфельді басқарушы иеленгендерді шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша және мерзімдерде таяу бес жылға арналған, қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін бизнес-жоспарды ұсынады.";

      37) 72-2-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 54-бабының 2-тармағы 3) – 6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алудың тәртібін және (немесе) шарттарын бұзуы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы не ұсынылған құжаттардың осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;";

      38) 72-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "4)" деген цифр "3)" деген цифрмен ауыстырылсын;

      39) мынадай мазмұндағы 72-4 және 72-5-баптармен толықтырылсын:

"72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті ұсынуға тиіс.

      2. Инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:

      1) басқа тұлғалармен бірлесіп инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;

      2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды иелену көздері туралы;

      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы адамдардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;

      5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларациясы болған кезде, оның көшірмесін беруге тиіс.

      3. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға:

      1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

      3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға тиіс.

      5. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:

      1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;

      2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.

      Инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс.

      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы – заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.

      6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы – заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынуға тиіс.

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.

      7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті – қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын болса, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады. Бұл ретте, егер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға талап етілген кезең үшін қаржылық есептілікті ұсынған жағдайда, осы қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба ұсынылмайды.

72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары үшін қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу міндетті.

      Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжатты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс.

      2. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының бейрезиденті ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының осы бейрезиденті ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.

      3. Инвестициялық портфелді басқарушының Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынады.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне әсер ететін бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган аталған тұлғалардың аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жойғанға дейін:

      1) инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты тиісті лицензияның қолданысын тоқтата тұруға;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

      5. Осы есеп алынған күннен бастап бір жыл бойы бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) инвестициялық портфельді басқарушыны лицензиядан айыруға;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      40) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыға талап етуі бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы есептілікті ұсынуға;";

      41) 77-1 және 77-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі

      1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиясы бар ұйымдар, орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін (бұдан әрі осы тарауда – клиринг ұйымдары) жүзеге асыруға құқылы.

      2. Орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және аударым операцияларына лицензиясы бар өзге де ұйым есеп айырысу ұйымы болып табылуы мүмкін.

      3. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының бұйрықтары негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.

      4. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалмауы тәуекелдерін төмендету үшін клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қамтамасыз етуге міндетті.

      Клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын немесе мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудың қандай да бір кепілдіктерін ұсынатын тәуекелдерді басқару жүйесі арнайы (кепілді және резервтік) қорларды қалыптастыруды қамтиды.

      5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      6. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс.

      7. Клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушылары арасындағы тиісті қосылу шарттарында белгіленген талаптармен және тәртіппен есеп айырысу ұйымына клиринг қатысушыларының есеп айырысу ұйымында ашылған шоттары бойынша қаржы құралдарын аударуға (есептен шығаруға, есепке жазуға), оларға ауыртпалық салуға бұйрықтар береді.

      8. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      9. Клиринг ұйымының клиенті (клиринг қатысушысы) таратылған жағдайда, оның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нысанасы болып табылатын міндеттемелері өзі жасасқан мәмілелер орындалған жағдайда, оның ішінде клиринг ұйымының оның мәмілелер бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналары, клиринг ұйымдарына жарналары (кепілді және резервтік) болып табылатын қаржы құралдарын толық пайдалануы есебінен және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және осы клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.

77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары

      1. Мыналар клиринг ұйымының функциялары болып табылады:

      1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қабылдау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және түзету;

      2) жасалған мәмілелердің өлшемдерін, оларды растау, толық немесе ішінара орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты есепке алу;

      3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде қаржы құралдарымен мәмілелер қатысушыларының, есеп айырысуларға қатысатын субъектілердің (қаржы құралдарының төленуін және аударылуын жүзеге асыратын мәміле тараптарының) талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;

      4) есеп айырысу ұйымының клиринг қызметінің нәтижелері бойынша бұйрықтарды дайындау және беру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.

      2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген қосылу шартының нормалары қолданылады.";

      42) 15-1-тарау мынадай мазмұндағы 77-3-баппен толықтырылсын:

"77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары

      1. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, оны клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.

      2. Клиринг ұйымының қағидалары клиринг ұйымы көрсететін қызметтерді пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін айқындайды және мыналарды:

      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптарды, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі міндетті;

      2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін берудің (қолданысын тоқтата тұрудың, айырудың) тәртібі мен шарттарын;

      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымына сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін беретін олардың қызметі туралы ақпарат тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін;

      4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа билік ету тәртібін;

      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйінің мониторингі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келу тәртібін;

      6) арнайы клиринг (кепілді) қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;

      7) клиринг ұйымының резервтік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын;

      8) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған кезде, оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібін;

      9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алуы мен растауы тәртібін;

      10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;

      11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, шарттарын және тәсілдерін;

      12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі есептерді ұсыну тәртібін;

      13) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;

      14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;

      15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      16) клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын орындауы тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді;

      17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген, клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажет ережелерді қамтиды.

      3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.

      43) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мыналар орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады:

      1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;

      5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

      6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

      7) депоненттердің клиенттері.";

      44) 80-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) клиенттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;

      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмiлелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр жағынан депонент және екiншi жағынан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарында есеп айырысуларды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады немесе клиринг ұйымдарына және (немесе) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттарда және тәртіппен қызметтер көрсетеді.";

      2-тармақта:

      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық депозитарийдің клиенттері арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;";

      "3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.";

      45) 81-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) депоненттерге және депоненттердің клиенттеріне есептілікті ұсыну тәртібі;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) есеп айырысуды клиринг ұйымының және (немесе) орталық контрагенттің көрсететін қызметтерін қолдана отырып жүзеге асыру кезіндегі клиринг ұйымымен және (немесе) орталық контрагентпен өзара іс-қимыл қағидалары;";

      46) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның екі өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.";

      47) 85-баптың 5-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сарапшылық комитеті қызметінің тәртібін;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп анықтау үшін, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі ақпаратты алу тәртібін;";

      48) 88-бапта:

      2-тармақта:

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;

      9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы комитетінің қызметін ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) дефолтты реттеуі және орталық контрагенттің функцияларын

      орындауы кезінде бағалы қағаздар және қор биржасында айналысқа жіберілген өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қор биржасы дефолтты реттеуі, орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысады.";

      49) 17-тарау мынадай мазмұндағы 90-1 және 90-2-баптармен толықтырылсын:

"90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі

      1. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.

      2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін азайту үшін:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

      2) орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорды және өзі қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері болып табылатын брокерлердің және (немесе) дилерлердің активтері есебінен қалыптастырылған кепілдік берілген қорды ең төмен деңгейде ұстап тұруға;

      3) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

      3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары

      1. Орталық контрагент жаңалау немесе өзге тәсіл арқылы мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша оның жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының секторы үшін) оның арнайы резервтік қорын құрайтын, орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.

      2. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген іске асыру шарттарымен және тәртібімен орталық контрагенттің:

      1) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемені орындауға қабілетсіздігін анықтау;

      2) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жол берген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерді қолдану (пайдалану);

      3) дефолттың залалдарын жабу үшін маржа жарналарын, арнайы кепілдік және (немесе) резервтік қорлардың активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;

      4) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, брокер өз клиентінің мүдделері үшін жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагент пен осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен осы брокердің (орталық депозитарийдің және (немесе) клиринг ұйымына қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымының шоттарындағы) меншікті активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.

      3. Орталық контрагенттің осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды іске асырудың және рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

      4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданатын және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      50) 102-бапта:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешiмдер;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) директорлар кеңесі мәселелердің тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, олар туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;";

      4-тармақ "назарына" деген сөзден кейін "уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      51) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.".

      26. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):

      1) 1-баптың 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;";

      "7) қаржы өнімі – қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет.";

      2) 3-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.";

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;

      3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі болып табылады.";

      3-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;

      2) қаржы жүйесіндегі орнықтылықты сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының мониторингi;";

      "4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және халық үшін қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.";

      3) 5-баптың бірінші бөлігіндегі "қаржылық ұйымдар" деген сөздер "қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "қаржылық ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақшадағы "қаржылық ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "қаржылық ұйымдар" деген сөздер "қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "қаржылық ұйымдар" деген сөздер "қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-1) тармақша "сақтандыру холдингтерінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақшадағы "қаржылық ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "қаржылық ұйымдар" деген сөздер "қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының" деген сөздер "қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының" деген сөздер "қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақ "қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-2-тармақ "банктерде," деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "қаржы ұйымдарын," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "қаржылық ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) 10-бапта:

      7) тармақша "банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақшасындағы "банктің аффилиирленген тұлғаларына" деген сөздер "банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-бапта:

      2) тармақша "ұйымдарының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша "ұйымдарының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақша "ұйымының", деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";

      бірінші абзац "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін "мен өзге де қаржы құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;"

      10) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.".

      27. "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мәтін бойынша "туроператордың және турагенттiң", "Туроператордың және турагенттiң", "Туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагенттiң", "туроператор мен турагент" деген сөздер тиісінше "туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "Туроператордың немесе турагенттiң", "туроператордың немесе турагенттiң", "туроператор немесе турагент" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 2) тармақшасы "турагент – " деген сөзден кейін "туроператор қалыптастырған" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың объектiсi

      1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – туроператордың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

      2. Турагенттiң туроператор қалыптастырған туристiк өнiмдi ілгерілету және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.";

      4) 8-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi";

      1-тармақтың екінші бөлігі алып тастылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру арқылы жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес беріледі.

      Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сақтанушының өтiнiшi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, бұл дау сақтанушының пайдасына шешiледi.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.";

      5) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туроператордың немесе турагенттің туристке туриске операторлық немесе туристiк агенттік қызметті жүзеге асыру кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.";

      6) 20-баптың 2-тармағы 4) тармақшадағы "бepмeуi негiздеме бола алады." деген сөздер "бермеуі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;

      6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.".

      28. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат;

      № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      5) жазбаша нұсқама – уәкілетті органның кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына қолданатын ықпал ету шарасы;";

      2) 8-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтардың дерекқорын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын құру үшін пайдаланылатын көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды кредиттік бюроның орындамауы кредиттік тарихтардың дерекқорын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады.";

      3) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.

      Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. Уәкiлеттi органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      1-3. Кредиттік бюро, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.".

      29. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 5-баптың 5-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде әділет органдарында қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылады.";

      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды қағаз түрінде не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.

      Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар өтініштің электрондық нысанына құжаттардың электрондық көшірмелері және электрондық құжат түрінде қоса тіркеліп беріледі.";

      3) 28-бапта:

      3, 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мыналарды:

      1) басқарушы компания атауының және (немесе) орналасқан жерінің;

      2) кастодианның атауының және (немесе) орналасқан жерінің;

      3) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның аудиторлық ұйымдарының, сондай-ақ олардың атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруін;

      4) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және иелену жөніндегі делдалдар тізбесінің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоспағанда, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған өзгерістер және (немесе) толықтырулар инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

      4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың қағидаларына осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ғана енгізілуі мүмкін.";

      "7. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы бапта көзделген жағдайларда олардың уәкiлеттi органмен келісілгенi туралы көрсетіле отырып, осы өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтiнi инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе пайлардың барлық ұстаушылары оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

      Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсыну күніне бұл қордың бірде-бір пайы орналастырылмаған жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкілетті органмен келісілген күннен бастап не осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.";

      4) 36-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тарту туралы шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

      Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тартылған жағдайда, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған құжаттарды уәкілетті органға қайтадан ұсынады.";

      5) 37-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде осы түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.";

      9-тармақта:

      2) тармақшадағы "пайызынан;" деген сөз "пайызынан аспауға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақта белгіленген шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты қолданылмайды.";

      6) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Акционерлік инвестициялық қордың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      7) 41-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) егер бағалы қағаздар актив болып табылған жағдайда, қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға ("қысқа сауда-саттық") немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн не инвестициялық қордың кастодиандағы шотына есепке жатқызылмаған активтерді беру жөнiндегі мiндеттемелерді қабылдауға;";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) және 11) тармақшаларының талаптары орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, ашық сауда-саттық әдісімен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерге қолданылмайды.";

      8) 44-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) басқарушы компания инвестициялық қор активтерiмен жасасқан мәмiлелердi олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды жүзеге асыруға және анықталған сәйкессіздіктер туралы:

      уәкілетті органға;

      басқарушы компанияға;

      егер бұл акционерлік инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына;

      егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, қор биржасына дереу хабарлауға;".

      30. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      6-1-баптың 1-тармағындағы "және облыстық маңызы бар қалаларда" деген сөздер "маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) 13-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын операциялар;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер, егер осындай міндеттемелер бойынша валюталық операциялар рұқсат етілсе, шетелдік валютада көрсетілуі мүмкін.";

      3) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердің шоттары арқылы жүзеге асырылатын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жасалатын резиденттермен операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;".

      32. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      6-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кастодиан-банк уәкiлеттi органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.".

      33. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;";

      2) 10-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      3) 13-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) қосылу шартының талаптарын сақтауға міндетті.";

      4) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң депозиторы кепiлдiк берiлген өтемдi төлеудің басталғаны туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай iшiнде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы агент банкке жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк кепiлдiк берiлген өтемдi депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана төлейдi.".

      34. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат;

      № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) еншілес ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауындағы ұйым деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;";

      10) тармақша "аудиторлық есептер," деген сөздерден кейін "ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) негізгі ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес бір және одан да көп еншілес ұйымды бақылайды деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын ұйым;";

      2) 2-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      3) 8-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді және қаржылық есептілігін жасауды бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұйым қаржылық есептілікті ұсынатын кезең есепті кезең болып табылады.

      Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.";

      5) 19-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады." деген сөздер "құзыреттеріне сәйкес;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдануы, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу, еншілес ұйымдардың активтерінің құнсыздануы тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен анықтығына байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      6) 20-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік-құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.";

      6-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";

      3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) Қазақстанның Даму Банкі үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;".

      35. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      31-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы "сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады." деген сөздер "сәйкес келмеген кезде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірген кезде жүзеге асырылады.".

      36. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат;

      № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9 құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 32-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналарды:

      бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелеріндегі орталық депазитарийдің жеке шоттарындағы және клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарға;

      сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша нысанасы болып табылатын мүлiкке;

      клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуды қоспағанда, борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның iшiнде банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу;";

      2) 65-бапта:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалы қағаздарға тыйым салу:

      1) эмитенттiң (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кiрiстердi төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау немесе алмастыру жөнiндегi әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (инвестициялық пай қордың қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергi келтiрмейдi. Көрсетілген әрекеттердiң жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды;

      2) бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада және осы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген шарттарда және тәртіппен есеп айырысу кезеңі ішінде мүлікке тыйым салу туралы соттың тиісті ұйғарымын алған кезге дейін қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелерді орындауға (немесе барлық есеп айырысуларды, аударымдарды аяқтауға) кедергi келтiрмейдi.

      6. Айырбастау, алмастыру немесе қор биржасында жасалған мәмілелерді орындау нәтижесiнде алынған өзге де қаржы құралдары, егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салу туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар секiлдi дәл сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледi. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған берешектiң мөлшерiн ескере отырып, айырбастау, алмастыру немесе қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау нәтижесiнде алынған қаржы құралдарына тыйым салу туралы қаулы шығаруға мiндеттi.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тiркеушiге, орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға);";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген операцияларды жасауды және мәмілелерді орындауды қоспағанда, сот орындаушысының қаулысында көрсетілген берешектің мөлшерiн ескере отырып, орталық депозитарийдің немесе бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының шоттарында есепке алынатын немесе сонда болатын борышкердiң қаржы құралдарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға мiндеттi.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) клиенттерiне тиесiлi қаржы құралдарын есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) банктiк, жеке және өзге де шоттарына номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) мiндеттемелерi бойынша тыйым салына алмайды.";

      3) 98-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының, өзі шығарған исламдық жалдау сертификаттары бойынша бөлінген активтерді жалға беруден және сатудан алған ақшасынан (осы исламдық жалдау сертификаттарынан туындайтын талаптар бойынша болатын реттерден басқа);".

      37. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын құру туралы, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды оны кері сатып алу міндеттемесімен жүзеге асыруға негіз болған мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын иелену және (немесе) өтеу туралы шешім қабылдайды;";

      2) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;";

      3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;";

      "8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;";

      "11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;";

      3) 13-бапта:

      4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;

      4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;";

      4) 102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 105-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінде айқындалған мемлекеттік мүлік объектілері жатады.";

      6) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:

"105-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сату

      1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімі негізінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті кепілге салуға және оған өндіріп алуды қолдануға, сондай-ақ осындай мүлікке тыйым салуға жол берілмейді.";

      7) 140-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті кірісі есебінен қаржыландырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.";

      8) 185-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды.".

      38. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      36-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      39. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) 3-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Микрокредит берумен байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микроқаржы ұйымы микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алады.

      Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.

      Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.";

      2) 4-бапта:

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) берiлген микрокредит сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс;";

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;

      5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;";

      "8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері;";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Микрокредит беру туралы шарттарда осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетіледі.

      Егер микрокредит беру туралы шартта оның жекелеген талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабына сәйкес сілтемесі бар үлгілік талаптармен айқындалатыны көзделсе, микрокредит беру туралы шарттың тараптардың қолдарын қамтитын бір бөлігі осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған міндетті талаптарды қамтуға тиіс.

      6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді.";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

      1) негізгі борыш бойынша берешек;

      2) сыйақы бойынша берешек;

      3) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

      5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

      6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.

      Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

      1) негізгі борыш бойынша берешек;

      2) сыйақы бойынша берешек;

      3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

      5) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.

      Микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жасалады.";

      4) 7-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:

      сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;

      аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

      Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болдырмау мақсатында микроқаржы ұйымы негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары, тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша кез келген төлемді өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін сыйақы төлемін, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабардар етуге;";

      5) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "бас бухгалтер" деген сөздерден кейін "(болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 21-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "3. Микрокредит беру құпиясы берілген микрокредиттер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушыға, микроқаржы ұйымында жеке өзінің қатысуымен берілген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға ғана, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.";

      4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы бойынша нотариат куәландырған сенімхат негізінде;";

      7) 28-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына мынадай шектеулі шараларды қолдануға:

      1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;

      2) жазбаша ескерту шығаруға;

      3) жазбаша келісім жасауға құқығы бар.

      Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      Жазбаша келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымының арасында анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін микроқаржы ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жасалады.

      Жазбаша келісім микроқаржы ұйымының қызметінде қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Жазбаша келісімде микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша қолданатын іс-қимылдар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның шарттарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      Жазбаша келісімге микроқаржы ұйымы тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.".

      40. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және уәкiлеттi органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.";

      2) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:

"48-1-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту

      Уәкілетті органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) осы Заңның 48-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

      2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болуы;

      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражатының жеткіліксіздігі.";

      3) 55 және 58-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:

      1) басқарушы орган – директорлар кеңесі;

      2) атқарушы орган – басқарма.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, басқарушы органның басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтер саласында және (немесе) экономика мен қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      Мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала алмайды (сайлана алмайды);

      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жағдайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      4. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күнінен бастап өзінің лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер:

      1) басшы қызметкерлердің осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, пысықталған құжаттарды осы Заңның осы бабының 4-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) құжаттардың осы баптың 4-тармағында белгіленген, басшы қызметкер уәкілетті органның келісуінсіз өз лауазымын атқаратын мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;

      5) уәкілетті органның кандидатқа қолданған санкцияларының және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры кандидатты келісу туралы өтінішхат берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады;

      6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидат қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған, кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін қаржы ұйымына қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алынғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен көп емес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      8. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.

      9. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер бойынша қайтарып алуға құқылы:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оларды шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

      6) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алу үшін негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";

"58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

      2) жазбаша ескерту шығаруға;

      3) жазбаша келісім жасауға құқылы.

      2. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне арналған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабарлауға міндетті.

      6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.

      8. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және оларды өндіріп алуға;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға не одан айыруға;

      3) осы Заңның 55-бабында аталған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері (қызметкерлері) лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында тиісті басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуды жүргізеді.

      9. Уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай негіздердің кез келгені бойынша тоқтата тұруға құқылы:

      1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі анықталуы;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі басталуының лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідіруі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

      4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;

      6) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талаптарының орындалмауы;

      7) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;

      8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде жоймауы;

      9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;

      10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.

      10. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға алып келеді.

      11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры күнтізбелік он күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді.

      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймауы уәкілетті органның лицензиядан айыруына негіз болып табылады.

      13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.";

      5) 60-баптың 8-тармағындағы ", облыстық маңызы бар қалаларда" деген сөздер "маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы баптың талаптары жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру мәмiлелерiне және қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге қолданылмайды.";

      2) 96-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 7) тармақшасындағы "құқығы енгізілмейді." деген сөздер "құқығы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;";

      "8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары енгізілмейді.".

      42. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін рұқсаттарға;";

      2) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде:

      банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады;

      лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді.";

      4) 2-қосымшадағы 67, 191 және 192-жолдар алып тасталсын.

      43. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      2-бапта:

      1-тармақ тоғызыншы абзацтағы "бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздер "бесінші абзацтарын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 25-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға 2017 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру дерекқорын (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға 2017 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей өтеусіз негізде беруге міндетті.";

      екінші бөліктегі "Дерекқорды" деген сөз "2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды" деген сөздермен, "жүзеге асыратын" деген сөздер "жүзеге асырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекет қатысатын кредиттік бюро "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін 2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей алуға міндетті.";

      4-тармақта:

      "мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметін жүзеге асырған күннен бастап үш ай ішінде" деген сөздер "2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақпарат беру және мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру есептерін алу туралы" деген сөздер "мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Заңдарымен.

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2014 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 18-тармағы 12) тармақшасының екінші абзацын;

      2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 25) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;

      3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларын, 8-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының екінші абзацынан бастап он алтыншы абзацын қоса алғанда, 7) және 8) тармақшаларын, 10-тармағы 3) тармақшасының үшінші және он екінші абзацтарын, 6), 10), 19), 22) және 27) тармақшаларын, 28) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 33) және 34) тармақшаларын, 12-тармағы 12) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он сегізінші абзацын қоса алғанда, 20) және 33) тармақшаларын, 18-тармағының 1), 4), 5), 7), 9), 14) тармақшаларын, 16) тармақшасының алтыншы абзацынан бастап он жетінші абзацын қоса алғанда және 22) тармақшасын, 26-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларын, 42-тармағының 1) тармақшасын;

      4) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 5) тармақшасының сексен жетінші, сексен тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағы 18) тармақшасының үшінші абзацынан бастап алтыншы абзацын қоса алғанда, он бесінші абзацын, 39-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасының үшінші абзацынан бастап жетінші абзацын қоса алғанда;

      5) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағы 15) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, он төртінші абзацынан бастап жиырма жетінші абзацын қоса алғанда, 18) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, 39-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бесінші абзацын қоса алғанда;

      6) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды;

      7) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының он жетінші абзацын;

      8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацын және 16-тармағын;

      9) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 18-тармағының 31) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы және 10-тармағы 25) тармақшасының екінші абзацы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      3. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      4. Осы Заңның 1-бабының 18-тармағы 30) тармақшасының екінші абзацынан бастап тоғызыншы абзацын қоса алғанда 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

      5. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының он бірінші абзацының, 39-тармағы 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптары бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген, жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды. Бұл ретте осы мерзім өткеннен кейін осындай шарттар бойынша банктің, микроқаржы ұйымының сыйақыларды, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап ету құқығы болмайтын мерзімді есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.

      6. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының талаптары орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      7. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының он екінші абзацы және 39-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы абзацы олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.

      8. Осы Заңның 1-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады