Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 маусымдағы № 5-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат):

      1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

      2) 24-баптың 2, 3 және 4-тармақтарының, 97-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының;

      3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргізу және оқыту мақсаттары, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;";

      4) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.12.2016 № 32-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (30.12.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құжат) қолданысқа енгізілуі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.12.2016 № 32-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (30.12.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

О приостановлении действия отдельных норм Земельного кодекса Республики Казахстан и введения в действие Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 5-VI ЗРК.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Статья 1. Приостановить до 31 декабря 2026 года в Земельном кодексе Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 13, ст. 99; 2005 г., № 9, ст. 26; 2006 г., № 1, ст. 5; № 3, ст. 22; № 11, ст. 55; № 12, ст. 79, 83; № 16, ст. 97; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 18; № 14, ст. 105; № 15, ст. 106, 109; № 16, ст. 129; № 17, ст. 139; № 18, ст. 143; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 15-16, ст. 64; № 21, ст. 95; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 18; № 13-14, ст. 62; № 15-16, ст. 76; № 17, ст. 79; № 18, ст. 84, 86; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2; № 5, ст. 43; № 6, ст. 49, 50; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 114; № 15, ст. 120; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 9, 11; № 3, ст. 27; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35; № 8, ст. 64; № 11, ст. 80; № 14, ст. 95; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 1, ст. 3; № 9, ст. 51; № 14, ст. 72, 75; № 15, ст. 77, 79, 81; 2014 г., № 2, ст. 10; № 8, ст. 44; № 11, ст. 63, 64; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 118, 122; № 23, ст. 143; № 24, ст. 145; 2015 г., № 8, ст. 42; № 11, ст. 57; № 19-I, ст. 99, 101; № 19-II, ст. 103; № 20-IV, ст. 113; № 20-VII, ст. 115, 117; № 21-I, ст. 124, 126; № 22-II, ст. 145; № 22-VI, ст. 159; 2016 г., № 6, ст. 45; № 7-II, ст. 53, 56; № 8-II, ст. 72) действие:

      1) части первой пункта 1 статьи 24, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "1. Земельные участки сельскохозяйственного назначения, находящиеся в государственной собственности, могут предоставляться гражданам и юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия на праве землепользования в порядке и на условиях, установленных настоящим Кодексом.";

      2) пунктов 2, 3 и 4 статьи 24, подпункта 1) пункта 6 статьи 97;

      3) части первой подпункта 2) пункта 6 статьи 97, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "2) в землепользование гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства, лесоразведения, научно-исследовательских, опытных и учебных целей, ведения подсобного сельского хозяйства, огородничества и животноводства.";

      4) части первой пункта 1 статьи 101, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "1. Для ведения крестьянского или фермерского хозяйства земельные участки предоставляются гражданам Республики Казахстан на праве временного возмездного землепользования (аренды) сроком от 10 до 49 лет, а для ведения отгонного животноводства (сезонные пастбища) - на праве временного безвозмездного землепользования в соответствии с настоящим Кодексом.".

      Сноска. Статья 1 с изменениями, внесенными законами РК от 23.12.2016 № 32-VІ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 04.05.2018 № 151-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 13.05.2021 № 39-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30.06.2021 № 59-VII (вводится в действие с 30.12.2021).

      Статья 2. Приостановить до 31 декабря 2026 года введение в действие Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2015 г., № 21-I, ст. 126).

      Сноска. Статья 2 с изменениями, внесенными законами РК от 23.12.2016 № 32-VІ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 30.06.2021 № 59-VII (вводится в действие с 30.12.2021).

Статья 3. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н. НАЗАРБАЕВ