Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 505-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
      1) мазмұнында 55-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) гидрологиялық мониторинг – су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі;
      11-2) диспергенттер – табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы;»;
      34) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;»;
      «43) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;»;
      мынадай мазмұндағы 56-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «56-1) нормативтен тыс эмиссиялар – қоршаған ортаға экологиялық рұқсатпен белгiленгеннен артық эмиссиялар;»;
      «61-1) өз бетінше эмиссиялар – жылжымалы көздерден болатын эмиссияларды қоспағанда, экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссиялар;»;
      3) 17-бапта:
      мынадай мазмұндағы 8-2) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-2) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
      «24-2) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;»;
      29) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;»;
      мынадай мазмұндағы қырық төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын;»;
      4) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесіндегі эмиссиялар нормалануға жатпайды.»;
      5) 25-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы және жақын орналасқан қоныстану аумақтарындағы қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу мақсаттарын негізге ала отырып, есептеу және (немесе) аспаптық жолмен айқындалады.»;
      7) 40-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «IV санатқа өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық жіктеуішіне сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.»;
      8) 47-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің жіктеуішіне сәйкес жіктелмейтін, қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы IV санатқа жатады.»;
      9) 51-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болып табылатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын іске асыруды банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз қаржыландыруына тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының күшiн жою сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.»;
      10) 52-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      11) 53-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды осы Кодекстің 50-бабында белгіленген мерзім шегінде ұсынуды талап етуге;»;
      12) 55-бап алып тасталсын;
      13) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың персоналдық құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының басшылары бекiтедi.»;
      14) 79-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Табиғат пайдаланушылар Қоршаған ортаның ластануын кешенді бақылау және болдырмау жөніндегі Еуропа бюросының анықтамалықтарына енгізілген, ұсынылатын технологиялардың кез келгенін де таңдай алады.»;
      15) 99-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      16) 114-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;»;
      17) 130-баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;»;
      «6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;»;
      18) 144-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн байқау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеше байқау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдауды аккредиттелген талдамалық зертханалар және (немесе) автоматтық байқау пункттері жүзеге асырады.»;
      19) 145-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.
      Жаңадан ашылатын байқау пункттерінің орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі. Көрсетілген байқау пункттерінің қызметін тоқтату Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүзеге асырылады.»;
      20) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейiн жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштерде берiледi.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қайта ұсынылады.»;
      21) 199-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қолданылуын негіздейтін жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.»;
      22) 219-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды:
      1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды;
      2) қосымша ілесіп шыққан карьер суын арнайы жинақтағыштарға төгуді қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына төгуге тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды.»;
      23) 262-баптың 8 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде, ластанбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйелерінің сулары мен қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша төгілетін балласт суларды қоспағанда, сарқынды суларды төгуге және қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Судың бақылау жақтауы шегінен тыс төгілуі нәтижесіндегі температурасы соңғы үш жыл ішіндегі төгу кезеңіндегі орташа айлық су температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары көтерілмеуге тиіс.»;
      «11. Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілер және оларға қызмет көрсететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғымен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану кезінде және жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар болғанда медициналық және тамақ қалдықтарын инсинерациялауға жол беріледі.»;
      24) 264-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.»;
      25) 293-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған орындарға, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу болған кезде шахталардың, кеніштердің және көліктік еңістердің суланбаған жерасты тау-кен қазбаларында орналастыруға рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      26) 296-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      27) 303-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;»;
      28) 321-бапта:
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өз бетінше эмиссиялардың;
      4) нормативтен тыс эмиссиялардың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған және шекті жол берілетін эмиссиялар нормативтерінен асып кетуіне әкелмейтін, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларынан, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларынан ауытқу жағдайлары, оның ішінде газды жағу сценарийлерінің және (немесе) кестелерiнің өзгеруі өз бетінше және нормативтен тыс эмиссиялар ретінде қаралмайды.».
      2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу – технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің технологиялық процестері кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;»;
      2) 25-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады. Мұндай учаскелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрылықтық қайраңының учаскелері осы Заңда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін беріледі.»;
      4) 85-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Технологиялық жабдықтың жұмысында технологиялық іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы тергеп-тексеру жүргізуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдарға технологиялық іркілістердің, істен шығулар мен ауытқулардың себептерін көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.»;
      5) 86-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның бекітуіне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жататын, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге міндетті, олар ілеспе газды жағу немесе қатқа кері айдау (кәдеге жарату) көлемдерін қысқарту арқылы ілеспе газды ұтымды пайдалану және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында әр үш жыл сайын жаңартылып отырылуға тиіс.
      Жер қойнауын пайдаланушы бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді мұнай және газ саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға жыл сайын жіберуге тиіс.».
      3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      «16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өту құқығы
      1. Құрылықтық қайраңда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындау, құрылықтық қайраңның табиғи ресурстарын барлау және өндіру, қалқымалы бұрғылау қондырғыларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, оның ішінде құрылықтық қайраңда стационарлық теңіз платформаларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында, кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылыстарына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылыстарынан құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігіне шығатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге құқығы бар қазақстандық және шетелдік кемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi рұқсатының негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өте алады.».
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
      1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
      2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды шетелдік және қазақстандық кемелерден түсіруге (оларға отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (оларға тиеуге) тыйым салынады.
      3. Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсатты қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      2) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдайларына қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, көрсетілген жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттілігінен не басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып кіруге, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды тиеуге (түсіруге) тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының аумағы мен құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, қалқымалы қонақүйлер арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан жүргізілуі мүмкін.»;
      3) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      4) 55-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
      5) 62-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам экологии и недропользования

Закон Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 505-V ЗРК.


Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 1, ст. 1; № 20, ст. 152; 2008 г., № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; 2009 г., № 11-12, ст. 55; № 18, ст. 84; № 23, ст. 100; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7; № 5, ст. 43; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 16, ст. 129; № 21, ст. 161; 2012 г., № 3, ст. 27; № 8, ст. 64; № 14, ст. 92, 95; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 9, ст. 51; № 12, ст. 57; № 14, ст. 72, 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 10; № 7, ст. 37; № 10, ст. 52; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143; № 24, ст. 145; 2015 г., № 8, ст. 42; № 11, ст. 57; № 20-ІV, ст. 113; № 20-VII, ст. 115; № 22-І, ст. 141; № 22-ІІ, ст. 144; № 22-V, ст. 156; 2016 г., № 1, ст. 2):

      1) в оглавлении заголовок статьи 55 исключить;

      2) в статье 1:

      дополнить подпунктами 11-1) и 11-2) следующего содержания:

      "11-1) гидрологический мониторинг – система регулярных и (или) периодических наблюдений за состоянием водных объектов и составной частью системы государственного мониторинга водных объектов с целью получения оперативной и прогнозной информации о состоянии водных объектов;

      11-2) диспергенты – смесь поверхностно-активных веществ и растворителей, позволяющих нефтяному пятну разбиваться на мелкие капли, которые могут более эффективно смешиваться с водой, оставаясь в ее толще до разрушения под воздействием естественных процессов;";

      подпункты 34) и 43) изложить в следующей редакции:

      "34) опасные отходы – отходы, которые содержат вредные вещества, обладающие одним или несколькими опасными свойствами (токсичностью, взрывоопасностью, радиоактивностью, пожароопасностью, высокой реакционной способностью) и могут представлять непосредственную или потенциальную опасность для окружающей среды и здоровья человека самостоятельно или при вступлении в контакт с другими веществами;";

      "43) эмиссии в окружающую среду – выбросы, сбросы загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающей среде, размещение и хранение серы в окружающей среде в открытом виде;";

      дополнить подпунктами 56-1) и 61-1) следующего содержания:

      "56-1) сверхнормативные эмиссии – эмиссии в окружающую среду свыше установленных экологическим разрешением;";

      "61-1) самовольные эмиссии – эмиссии в окружающую среду, осуществляемые без экологического разрешения, за исключением эмиссии от передвижных источников;";

      3) в статье 17:

      дополнить подпунктами 8-2) и 24-2) следующего содержания:

      "8-2) осуществляет контроль за деятельностью местных исполнительных органов по оказанию государственных услуг в области охраны окружающей среды;";

      "24-2) утверждает перечень диспергентов для ликвидации аварийных разливов нефти в море и внутренних водоемах Республики Казахстан;";

      в подпункте 29):

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "методику по определению диспергентов для включения их в перечень диспергентов для ликвидации аварийных разливов нефти в море и внутренних водоемах Республики Казахстан;";

      дополнить абзацем сорок четвертым следующего содержания:

      "правила применения методов ликвидации аварийных разливов нефти на море и внутренних водоемах Республики Казахстан;";

      4) статью 22 дополнить пунктом 3 следующего содержания:

      "3. Эмиссии в результате применения методов ликвидации аварийных разливов нефти не подлежат нормированию.";

      5) подпункт 4) пункта 1 статьи 25 исключить;

      6) пункт 3 статьи 28 изложить в следующей редакции:

      "3. Нормативы эмиссий по отдельным источникам устанавливаются равными техническим удельным нормативам эмиссий либо определяются расчетным и (или) инструментальным путем, исходя из целей достижения нормативов качества окружающей среды на границе санитарно-защитной зоны и в близрасположенных селитебных территориях.";

      7) часть пятую пункта 1 статьи 40 изложить в следующей редакции:

      "К IV категории относятся виды деятельности, относящиеся к 5 классу опасности согласно санитарной классификации производственных объектов.";

      8) часть пятую пункта 3 статьи 47 изложить в следующей редакции:

      "Предпроектная и проектная документация намечаемой деятельности, оказывающей воздействие на окружающую среду, указанная в подпункте 1) пункта 1 настоящей статьи и неклассифицируемая согласно классификации объектов, приведенной в статье 40 настоящего Кодекса, относится к IV категории.";

      9) в статье 51:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Запрещается финансирование реализации проектов хозяйственной и иной деятельности, по которым обязательно проведение государственной экологической экспертизы, банками и иными финансовыми организациями без положительного заключения государственной экологической экспертизы.";

      дополнить пунктом 7 следующего содержания:

      "7. Отмена заключения государственной экологической экспертизы осуществляется в судебном порядке.";

      10) подпункт 8) пункта 1 статьи 52 исключить;

      11) подпункт 1) пункта 6 статьи 53 изложить в следующей редакции:

      "1) требовать представления дополнительных материалов, имеющих значение для всесторонней и объективной оценки объекта государственной экологической экспертизы, в пределах срока, установленного в статье 50 настоящего Кодекса;";

      12) статью 55 исключить;

      13) пункт 2 статьи 56 изложить в следующей редакции:

      "2. Положения об экспертных советах государственной экологической экспертизы уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, их персональные составы утверждаются руководителями уполномоченного органа в области охраны окружающей среды и его территориальных органов.";

      14) пункт 2 статьи 79 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Природопользователи также могут выбрать любую из рекомендуемых технологий, включенных в справочники Европейского бюро по комплексному контролю и предотвращению загрязнений окружающей среды.";

      15) пункт 2 статьи 99 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Форма плана мероприятий по охране окружающей среды и отчета о выполнении данного плана утверждается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.";

      16) подпункт 20) статьи 114 изложить в следующей редакции:

      "20) соблюдением требований по охране атмосферного воздуха при складировании и сжигании отходов;";

      17) подпункты 1) и 6) пункта 2 статьи 130 изложить в следующей редакции:

      "1) разрабатывать программу производственного экологического контроля;";

      "6) в течение трех рабочих дней сообщать в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды о фактах нарушений экологического законодательства Республики Казахстан, установленных в процессе производственного экологического контроля;";

      18) пункт 2 статьи 144 изложить в следующей редакции:

      "2. Наблюдение за состоянием окружающей среды, а также отбор проб для анализа в рамках Единой государственной системы мониторинга окружающей среды и природных ресурсов осуществляются на специально созданных пунктах государственной, территориальной и частной сетей наблюдений. Анализ содержания загрязняющих веществ в отобранных пробах осуществляется аккредитованными аналитическими лабораториями и (или) автоматическими пунктами наблюдений.";

      19) пункт 2 статьи 145-1 изложить в следующей редакции:

      "2. Организация деятельности стационарных и передвижных пунктов наблюдений осуществляется Национальной гидрометеорологической службой.

      Определение местоположения (дислокации) вновь открываемых пунктов наблюдения производится решением Национальной гидрометеорологической службы по согласованию с местными исполнительными органами. Прекращение деятельности указанных пунктов наблюдений осуществляется решением Национальной гидрометеорологической службы.";

      20) пункт 2 статьи 154 изложить в следующей редакции:

      "2. Документация, указанная в подпункте 3) пункта 1 настоящей статьи, представляется ежегодно по состоянию на 1 января до 1 марта года, следующего за отчетным, на электронном и бумажном носителях.

      Документация, указанная в подпунктах 1), 2) и 4) пункта 1 настоящей статьи, представляется повторно в случае ее изменения.";

      21) часть первую пункта 1 статьи 199-1 изложить в следующей редакции:

      "1. Применение в Республике Казахстан технологий, техники, за исключением транспортных средств, и оборудования осуществляется при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы на проектную документацию, обосновывающую применение таких технологий, техники и оборудования, с материалами оценки воздействия на окружающую среду.";

      22) пункт 2 статьи 219 изложить в следующей редакции:

      "2. Запрещается сброс в недра сточных вод, не очищенных до нормативных показателей, за исключением следующих сточных вод, для которых не требуется установление нормативов качества веществ:

      1) закачки сточных вод в подземные водоносные горизонты, подземные воды которых высокоминерализованы, не используются или не могут быть использованы для питьевых, бальнеологических, технических нужд, а также в целях ирригации и животноводства;

      2) сбросов попутно добываемых карьерных вод в специальные накопители.

      Сбросом сточных вод не являются обратная закачка вод, добытых попутно с полезным ископаемым, а также закачка в недра технологических растворов для добычи полезных ископаемых, предусмотренных проектами и технологическими регламентами, получившими положительное заключение государственной экологической экспертизы и других экспертиз, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан.";

      23) пункты 8 и 11 статьи 262 изложить в следующей редакции:

      "8. В пределах государственной заповедной зоны в северной части Каспийского моря запрещается сброс сточных вод и отходов, за исключением ограниченного перечня незагрязненных или очищенных сточных вод, в том числе вод систем охлаждения и пожаротушения и балластовых вод, сбрасываемых по разрешению уполномоченных государственных органов в области охраны окружающей среды, использования и охраны водного фонда, а также государственного органа в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения. Температура воды в результате сброса за пределами контрольного створа не должна повышаться более чем на пять градусов по сравнению со среднемесячной температурой воды в период сброса за последние три года.";

      "11. Морские производственные объекты (бурения, добычи, эксплуатации) и обслуживающие их суда должны быть оборудованы установкой для очистки и обеззараживания сточных вод или для сбора, хранения и последующей передачи сточных вод на специализированные суда или береговые приемные устройства. Для сбора или обработки мусора (измельчения или прессования) должны быть предусмотрены соответствующие устройства. Допускается инсинерация медицинских и пищевых отходов при использовании наилучших доступных технологий и наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы к проектной документации.";

      24) пункт 6 статьи 264 изложить в следующей редакции:

      "6. При проведении нефтяных операций недропользователь должен обеспечить мероприятия по предупреждению, локализации и ликвидации аварийных разливов.";

      25) часть первую пункта 5 статьи 293 изложить в следующей редакции:

      "5. Размещение опасных отходов разрешается в специально оборудованных местах, в том числе в необводненных подземных горных выработках шахт, рудников и транспортных уклонов, при наличии заключения государственной экологической экспертизы и согласования с уполномоченным органом в области недропользования. Осуществление других видов деятельности, не связанных с обращением с опасными отходами, на территории, отведенной для их размещения, запрещается.";

      26) пункт 5 статьи 296 исключить;

      27) подпункт 2) пункта 1 статьи 303 изложить в следующей редакции:

      "2) наличия подземных, поверхностных вод и их водоохранных зон и полос или особо охраняемых природных территорий;";

      28) в статье 321:

      подпункты 3) и 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) самовольных эмиссий;

      4) сверхнормативных эмиссий.";

      дополнить пунктом 9 следующего содержания:

      "9. Не рассматриваются в качестве самовольных и сверхнормативных эмиссий случаи отклонения от программ развития переработки попутного газа, а также проектной документации и проектов нормативов эмиссий в окружающую среду, в том числе изменения сценариев и (или) графиков сжигания газа, представленных природопользователем на государственную экологическую экспертизу и не влекущих превышения нормативов предельно допустимых эмиссий.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 12, ст. 60; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 2, ст. 11, 14; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30; № 6, ст. 46; № 8, ст. 64; № 11, ст. 80; № 15, ст. 97; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 9, ст. 51; № 14, ст. 75; № 15, ст. 81; 2014 г., № 4-5, ст. 24; № 7, ст. 37; № 10, ст. 52; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 24, ст. 145; 2015 г., № 8, ст. 45; № 11, ст. 52, 57; № 19-II, ст. 102; № 20-IV, ст. 113; 2016 г., № 2, ст. 9):

      1) подпункт 7) статьи 1 изложить в следующей редакции:

      "7) технологически неизбежное сжигание газа – сжигание попутного и (или) природного газа при технологических процессах переработки газа в связи с отсутствием технической возможности его переработки и (или) утилизации при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонте технологического оборудования, а также при технологических сбоях, отказах и отклонениях в работе технологического оборудования;";

      2) подпункт 7) статьи 25 исключить;

      3) пункт 1 статьи 32 изложить в следующей редакции:

      "1. Участки недр в границах территории Республики Казахстан являются государственной собственностью. Такие участки, а также участки континентального шельфа Республики Казахстан предоставляются для проведения операций по недропользованию в порядке, установленном настоящим Законом.";

      4) в статье 85:

      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "3) при технологически неизбежном сжигании газа.";

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В случаях, предусмотренных подпунктом 1) пункта 1 настоящей статьи, допускается сжигание в факелах попутного и (или) природного газа без разрешения.";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. В случаях технологических сбоев, отказов и отклонений в работе технологического оборудования недропользователь обязан проводить расследование и предоставлять в уполномоченный орган в области нефти и газа ежеквартальные отчеты с указанием причин технологических сбоев, отказов и отклонений.";

      5) пункт 8 статьи 86 изложить в следующей редакции:

      "8. Недропользователи обязаны предусматривать программы развития переработки попутного газа, подлежащие утверждению уполномоченным органом в области нефти и газа и согласованию с уполномоченным органом по изучению и использованию недр, которые должны обновляться каждые три года, в целях рационального использования попутного газа и снижения вредного воздействия на окружающую среду путем сокращения объемов его сжигания или обратной закачки в пласт (утилизации).

      Отчеты о выполнении программ должны направляться недропользователем ежегодно в уполномоченные органы в области нефти и газа и по изучению и использованию недр.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2013 г., № 2, ст. 9; № 15, ст. 81; 2014 г., № 7, ст. 37; № 21, ст. 122, 123; № 22, ст. 131; 2015 г., № 1, ст. 2; № 20-IV, ст. 113):

      1) дополнить статьей 16-1 следующего содержания:

      "Статья 16-1. Право казахстанских и иностранных судов, задействованных в операциях по недропользованию, на неоднократное пересечение Государственной границы

      1. Казахстанские и иностранные суда, убывающие из портов, морских терминалов или причальных сооружений Республики Казахстан в водное пространство над континентальным шельфом, в целях выполнения работ по государственному геологическому изучению недр, разведке и разработке природных ресурсов континентального шельфа, обеспечения функционирования плавучих буровых установок, пользующиеся правом плавания под Государственным Флагом Республики Казахстан, а также в целях создания, эксплуатации и использования искусственных островов, установок и сооружений, в том числе морских стационарных платформ на континентальном шельфе, с последующим прибытием в порты, морские терминалы или причальные сооружения Республики Казахстан могут неоднократно пересекать Государственную границу без прохождения ими пограничного, таможенного (в части совершения таможенных операций, связанных с прибытием или убытием судов) и иных видов контроля на основании разрешения Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Казахстанским и иностранным судам, указанным в пункте 1 настоящей статьи, запрещается:

      1) заход в территориальные воды (море) иностранного государства, во внутренние воды иностранного государства, иностранные порты;

      2) высадка (посадка) людей, выгрузка (погрузка) любых грузов и товаров на иностранные и казахстанские суда, в отношении которых осуществлен пограничный контроль при убытии с территории Республики Казахстан, а также не прошедших пограничный контроль при прибытии на территорию Республики Казахстан, за исключением случаев, когда это вызвано необходимостью спасения людей и судов или другими чрезвычайными обстоятельствами, о которых капитан судна незамедлительно информирует Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Порядок выдачи разрешения на неоднократное пересечение Государственной границы казахстанскими и иностранными морскими судами, задействованными в операциях по недропользованию на контрактной территории, расположенной на континентальном шельфе, пространственные и временные пределы действия такого разрешения, а также порядок осуществления контроля за судами, указанными в пункте 1 настоящей статьи, устанавливаются Правительством Республики Казахстан.";

      2) в статье 17:

      пункт 2 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Действие подпункта 3) настоящего пункта не распространяется на случаи пересечения Государственной границы, указанные в пункте 4 настоящей статьи.";

      дополнить пунктом 4 следующего содержания:

      "4. Казахстанские воздушные суда, осуществляющие доставку людей, грузов и товаров с территории Республики Казахстан на искусственные острова, установки и сооружения, плавучие буровые установки, включая плавучие гостиницы, расположенные в водном пространстве над континентальным шельфом, либо с указанных искусственных островов, установок и сооружений, плавучих буровых установок, включая плавучие гостиницы, на территорию Республики Казахстан, могут неоднократно пересекать Государственную границу вне выделенных воздушных коридоров без прохождения пограничного, таможенного (в части совершения таможенных операций, связанных с прибытием (убытием) судов) и иных видов контроля в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан. Указанным казахстанским воздушным судам запрещается осуществлять влет в воздушное пространство иностранных государств, посадку (прием на борт) лиц, прошедших пограничный контроль при убытии с территории Республики Казахстан, а также лиц, не прошедших пограничный контроль при прибытии на территорию Республики Казахстан, погрузку (выгрузку) любых грузов, товаров, валюты, животных на суда (с судов), в отношении которых осуществлен пограничный и таможенный контроль при убытии с территории Республики Казахстан, а также на суда (с судов), в отношении которых не осуществлен пограничный и таможенный контроль при прибытии на территорию Республики Казахстан, за исключением случаев, когда это вызвано необходимостью спасания людей, судов либо другими чрезвычайными обстоятельствами, о которых командир казахстанского воздушного судна незамедлительно информирует Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, а также уполномоченные органы в сфере гражданской и государственной авиации.

      При выполнении полетов между территорией Республики Казахстан и искусственными островами, установками и сооружениями, плавучими буровыми установками, плавучими гостиницами, расположенными в водном пространстве над континентальным шельфом, вылет воздушных судов с территории Республики Казахстан и их посадка на территории Республики Казахстан могут производиться с аэродромов, вертодромов и посадочных площадок Республики Казахстан, в том числе не открытых для международных полетов.";

      3) пункт 3 статьи 53 исключить;

      4) статью 55 дополнить подпунктом 12-1) следующего содержания:

      "12-1) определяет порядок выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы казахстанскими и иностранными морскими судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию на контрактной территории, расположенной на континентальном шельфе, пространственные и временные пределы действия разрешений, а также порядок осуществления контроля за указанными судами;";

      5) статью 62 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Уполномоченный орган в области нефти и газа разрабатывает порядок выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы казахстанскими и иностранными морскими судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию на контрактной территории, расположенной на континентальном шельфе, пространственные и временные пределы действия разрешений, а также порядок осуществления контроля за указанными судами.".

Статья 2.Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ