1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):
71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері;".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I,18-II,92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152,156,158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) 83-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –";
2) 90-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты орналастыруы –";
3) 98-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы "түрінде жасаған бұзушылығы –" деген сөздермен толықтырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) 26-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.";
2) 53-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.";
3) 158-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең болмағанда біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін, бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылған болып саналады.
Ұжымдық шартта осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімді шектемей, оны жаңа ұжымдық шарт жасалатын күнге дейін ұзарту көзделуі мүмкін.";
4) 181-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;";
5) 182-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстырған не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге міндетті.".
6) 185-баптың 2-тармағындағы "және ауысымнан кейінгі" деген сөздер алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
1) 17-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "азаматтығынан айырылса" деген сөздер "азаматтығын жоғалтса" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың тақырыбындағы "Азаматтықтан айырылу" деген сөздер "Азаматтықты жоғалту" деген сөздермен, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы азаматтығынан" және "айырылады" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының азаматтығын" және "жоғалтады" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-баптың екінші бөлігіндегі "азаматтығынан айырылуына не шығуына" деген сөздер "азаматтығын жоғалтуына не одан шығуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "азаматтығынан айырылуын" деген сөздер "азаматтығын жоғалтуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 31-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 37-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы "одан айырылғанын" деген сөздер "оны жоғалтқанын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 41-баптың екінші бөлігіндегі "және азаматтығынан айырылу туралы мәселелер жөніндегі шешімге" деген сөздер "туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):
6-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.".
6. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):
1-баптың 8) тармақшасындағы "мемлекеттік мекеме" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1-баптың 13-3) тармақшасындағы "мемлекеттік мекеме" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) 134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
"5-3) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету;";
2) 146-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегін көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
9. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1) 1-бапта:
12-1), 13-2) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";
"13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";
"20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
20-1) тармақша алып тасталсын;
2) 8-1-бап алып тасталсын;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;";
4) 11-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";
2) тармақша алып тасталсын;
3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;";
"7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;";
8) тармақша алып тасталсын;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;";
"10) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;";
5) 15-баптың 1-тармағының 6-1) және 6-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;";
"6-3) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;";
6) 18-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше кірген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.";
7) 21-бапта:
тақырып "беру" деген сөзден кейін "немесе ұзарту" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ "беруге" деген сөзден кейін "немесе ұзартуға" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік "оралман мәртебесін" деген сөздер "оралман мәртебесін береді немесе ұзартады" деген сөздермен ауыстырылып, "беруден" деген сөзден кейін "немесе ұзартудан" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.
Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.";
8) 52-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушы жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".
10. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
8-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;".
11. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде" деген сөздер "халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;";
10), 18) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;";
"18) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;";
"34) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
"34-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі – халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені;";
2) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
15) тармақшадағы "ведомстволық есептіліктер," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлейді және бекітеді;";
17) тармақша алып тасталсын;
21) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"21) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";
"24) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
26-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-3) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсынады.";
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту;
10-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсыну;
10-3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;";
5) 10-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) осы Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді.";
6) 11-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:";
3), 6), 9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өтініш жасаған адамдарды осы Заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеушілер ретінде тіркейді;";
"6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі;";
"9) жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;";
"11) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;";
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы өтеусiз негiзде береді;
11-2) тіркелген жұмыссыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай, халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
11-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
7) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам
1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) еңбек қызметін растайтын (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болған кезде) бар екендігі туралы құжаттардың негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы, оны бос орындар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабардар ете отырып, өтеусіз негізде оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс.
14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген кезең өткен соң екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған мәлiметтер енгiзіле отырып жүзеге асырылады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркеу күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
4. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы өтеусiз негiзде анықтама береді, оның қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстар алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы жеке өзі жүгініп немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етуге тиіс.
6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.";
8) 15-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан:
лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жәрдемдесу бойынша;
консультациялық;
ақпараттық;
қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;";
3) тармақшадағы "берген жұмысқа жолдаманы алған" деген сөздер "хабардар еткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 16-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;";
2) тармақшада:
екінші абзацтағы "жолдама берген" деген сөздер "хабардар еткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;";
10) 18-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпарат беруді;";
11) 19-баптың 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кәсіптік оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының
білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында жұмыс берушілерді қоса қаржыландыру ескеріле отырып, бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.
6. Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіптік оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын адам арасында жасалады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген, оқуын өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін, бірақ ол бір реттен аспайды.";
12) 20-бапта:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.";
13) 21-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жастар практикасына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.";
5-тармақ алып тасталсын;
14) 22-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.";
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім ұсынған өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегiне ақы төлеу мөлшерiн және оларды қаржыландыру көздерiн бекiтедi.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.";
15) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
16) 24-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған кезде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға;
2) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.";
4-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді;";
17) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.";
18) 28-бапта:
1-тармақтың 5), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын беру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі жіберген адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бар бос орындарға қабылдау;";
"8) сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы беру;";
1), 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге;
2) жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, бiлiктiлiгiн және еңбегіне ақы төлеу мөлшерiн және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде беруге;";
"4) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы (жұмысқа орналастыру үшін жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы хабарлауға;";
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;";
3-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оған тікелей өтініш жасаған адамдарды халықты жұмыспен қамту орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдармен тең жағдайларда жұмысқа қабылдауға;";
"4) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;";
19) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға халықты жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері осы Заңның 11 және 31-баптарына сәйкес еңбек делдалдығын көрсетеді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасуға құқылы.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасу жөніндегі ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығы ол жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінде халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тиісті тәжірибесі, жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.";
20) 31-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасындағы "іс-қимыл жасауға құқығы бар." деген сөздер "іс-қимыл жасауға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға құқығы бар.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін өтініш жасаған және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы тоқсан сайын беруге;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шартты іске асыру туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына ай сайын беруге;";
21) 32-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;";
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
11) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесінде көзделген шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.";
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика салаларында" деген сөздер алып тасталсын;
22) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді және (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.";
23) 34-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтама берілген күннен бастап үш ай iшiнде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, ұзарту үшін өтініш жасайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда, анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын және шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.";
24) 37-баптың 2-тармағындағы "Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар" деген сөздер "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |