1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода жасалған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенция және 2014 жылғы 4 сәуірде Монреальда жасалған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ БОРТЫНДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ КЕЙБІР БАСҚА ДА АКТІЛЕР ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттер
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
I тарау. Конвенцияның қолданылу аясы
1-бап
1. Осы Конвенция:
a) қылмыстық әрекеттерге;
b) қылмыс болып табылатынына немесе болып табылмайтынына қарамастан, әуе кемесінің не оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін немесе қатер төндіретін актілерге не бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға қатер төндіретін актілерге қатысты қолданылады.
2. Осы Конвенция, III тарауда көзделгенді қоспағанда, қандай да бір Уағдаласушы мемлекетте тіркелген кез келген әуе кемесі ұшуда болған не кез келген мемлекет аумағының шегінен тыс жердегі ашық теңіз үстінде немесе кез келген аудан үстінде болғанда осындай әуе кемесінің бортында адам жасаған қылмыстарға немесе актілерге қатысты қолданылады.
3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
а) әуе кемесі тиелгеннен кейін оның барлық сыртқы есіктері жабылған кезден бастап осындай есіктердің кез келгені түсіру үшін ашылатын кезге дейін кез келген уақытта ұшып жүрген болып есептеледі. Мәжбүрлі түрде қонған жағдайда құзыретті органдар әуе кемесі үшін, сондай-ақ борттағы адамдар мен мүлік үшін жауаптылықты өз мойнына алғанша, ұшу жүргізіледі деп есептеледі;
b) егер пайдаланушының мемлекеті тіркеу мемлекеті болып табылмаса, осы Конвенцияның 4, 5 және 13-баптарында пайдаланылатын "тіркеу мемлекеті" деген термин пайдаланушының мемлекетін білдіреді деп есептеледі.
4. Осы Конвенция әскери, кеден немесе полиция қызметтерінде пайдаланылатын әуе кемелеріне қолданылмайды.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.2-бап
4-баптың ережелеріне нұқсан келтірместен және осыны әуе кемесінің немесе оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігі талап ететін жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияның ешқандай ережесі саяси сипаттағы қылмыстық әрекеттерге немесе нәсілдік, діни, ұлттық белгілері, этностық шығу тегі, саяси нанымдары немесе жынысы бойынша кемсітуге негізделген қылмыстық әрекеттерге қатысты кез келген шараларға рұқсат етуші немесе осы шараларды белгілеуші ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.II тарау. Юрисдикция
3-бап
1. Әуе кемесін тіркеу мемлекеті бортта жасалған қылмыстар мен актілерге қатысты юрисдикцияны жүзеге асыруға құқылы.
1 bis. Мемлекет бортта жасалған қылмыстар мен актілерге қатысты юрисдикцияны:
a) егер бортында қылмыс жасалған немесе акт жасалған әуе кемесі оның аумағына бортындағы болжамды қылмыскермен бірге қонса, қону мемлекеті ретінде;
b) егер негізгі қызмет орны немесе егер жалға алушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалға алушы экипажсыз жалға алған әуе кемесінің бортында қылмыс жасалса немесе акт жасалса, пайдаланушының мемлекеті ретінде жүзеге асыруға да құқылы.
2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет осындай мемлекетте тіркелген әуе кемелерінің бортында жасалған қылмыстарға қатысты тіркеу мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
2 bis. Әрбір Уағдаласушы мемлекет мынадай жағдайларда әуе кемелерінің бортында жасалған қылмыстарға қатысты:
a) егер:
i) өз аумағында бортында қылмыс жасалған әуе кемесінің соңғы ұшып шығу пункті немесе келесі межеленген қону пункті болса және әуе кемесі содан соң өзінің аумағына бортындағы болжамды қылмыскермен бірге қонса;
ii) әуе кемесінің не оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне не бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға қауіп тудырса, қону мемлекеті ретінде;
b) егер негізгі қызмет орны немесе егер жалдаушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалдаушы экипажсыз жалға алған әуе кемесінің бортында қылмыс жасалса немесе акт жасалса, пайдаланушының мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды да қолданады.
2 ter. Кез келген мемлекет қону мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын жүзеге асыру кезінде қаралып отырған қылмыстың пайдаланушының мемлекетінде қылмыс болып табылатынын не болып табылмайтынын назарға алады.
3. Осы Конвенция ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.3 bis-бап
Егер 3-бапқа сәйкес өз юрисдикциясын жүзеге асыратын Уағдаласушы мемлекет нақ сол қылмыстарға немесе актілерге қатысты бір немесе басқа да бірнеше Уағдаласушы мемлекет тергеу, сот қудалауын немесе сот талқылауын жүргізіп жатқаны туралы хабардар етілсе немесе өзге де жолмен хабарланса, осы Уағдаласушы мемлекет тиісті жағдайларда өз әрекеттерін үйлестіру мақсатында осындай басқа да Уағдаласушы мемлекеттермен консультациялар жүргізеді. Осы бапта көрсетілген міндеттемелер Уағдаласушы мемлекеттің 13-бап бойынша міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
Ескерту. Конвенция 3 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.4-бап
Тіркеу мемлекеті болып табылмайтын Уағдаласушы мемлекет мынадай:
a) қылмыстың осындай мемлекеттің аумағында салдары болған;
b) қылмысты осындай мемлекеттің азаматы жасаған немесе ол осындай мемлекеттің азаматына қатысты жасалған не осындай мемлекетте тұрақты тұратын адам жасаған немесе ол осындай адамға қатысты жасалған;
c) қылмыс осындай мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған;
d) қылмыс осындай мемлекетте қолданылатын, әуе кемелерінің ұшуына немесе маневр жасауына қатысты кез келген қағидаларды немесе регламенттерді бұзумен байланысты;
е) юрисдикцияны жүзеге асыру осындай мемлекеттің көпжақты халықаралық келісім бойынша кез келген міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, ұшудағы әуе кемесіне бортта жасалған қылмысқа қатысты өз қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыру мақсатында кедергі жасай алмайды.
III тарау. Әуе кемесі командирінің өкілеттіктері
5-бап
1. Осы Тараудың ережелері тіркеу мемлекетінің әуе кеңістігінде не кез келген мемлекет аумағының шегінен тыс ашық теңіздің немесе кез келген басқа ауданның үстінде ұшуда болған әуе кемесінің бортындағы адам жасаған немесе жасауға дайындалған қылмыстар мен актілерге қатысты, егер соңғы ұшып шығу пункті немесе келесі межеленген қону пункті тіркеу мемлекетінен өзге мемлекетте орналаспаса немесе егер әуе кемесі тіркеу мемлекетінен өзге мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуын жалғастырмаса және осындай адам әлі бортта болса, қолданылмайды.
2. Алып тасталды - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.
6-бап
1. Егер әуе кемесі командирінің адам әуе кемесінің бортында 1-баптың 1-тармағында көзделген қылмысты немесе актілерді жасады немесе жасауға дайындалуда деп ойлауға жеткілікті негізі болса, ол осындай адамға шектеу шараларын қоса алғанда:
a) әуе кемесінің не ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; немесе
b) бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға;
c) өзіне осындай адамды осы Тараудың ережелеріне сәйкес құзыретті органдарға беруге немесе оны түсіруге мүмкіндік беруге қажетті ақылға қонымды шараларды қолдана алады.
2. Әуе кемесінің командирі өзі шектеу шараларын қолдануға құқығы бар кез келген адамға осындай шаралар қолдану үшін экипаждың басқа да мүшелерінің көмегін талап ете алады немесе оған рұқсат ете алады және борттағы қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің немесе жолаушылардың көмегін өтіне алады немесе оған рұқсат ете алады, бірақ талап ете алмайды. Егер кез келген экипаж мүшесінің немесе жолаушының әуе кемесінің не ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды алдын алу шараларын дереу қолдану қажет деп ойлауға жеткілікті негізі болса, олар мұндай шараларды осындай рұқсатсыз қолдана алады.
3. Егер қауіпсіздік қызметінің қызметкері әуе кемесін не ондағы адамдарды заңсыз араласу актісінен және егер келісім немесе уағдаластық бұған жол беретін болса, ауыр қылмыстар жасалуынан қорғауды қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды алдын алу шараларын дереу қолдану қажет деп ойлауға жеткілікті негізі болса, тиісті Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы екіжақты немесе көпжақты келісімге немесе уағдаластыққа сәйкес пайдаланылатын борттағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері мұндай шараларды осындай рұқсатсыз қолдана алады.
4. Осы Конвенциядағы ешнәрсе Уағдаласушы мемлекет үшін ұшып жүрген кездегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын құру немесе өзінің аумағында борттағы шетелдік қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің әрекет етуіне мүмкіндік беретін екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасуға келісу міндеттемесін тудырушы болып есептелмейді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.7-бап
1. 6-бапқа сәйкес адамға қолданылған шектеу шаралары мынадай:
a) әуе кемесі қонатын кез келген пункт осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің аумағында болған және оның өкілетті органдары осындай адамды түсіруге рұқсат беруден бас тартқан немесе осындай шаралар оның осы адамды құзыретті органдарға беруін қамтамасыз ету мақсатында 6-баптың 1 с)-тармағына сәйкес қолданылған;
b) әуе кемесі мәжбүрлі қонған және әуе кемесінің командирі осындай адамды құзыретті органдарға беретіндей жағдайда болмаған; немесе
c) осы адам өзіне шектеу шараларын қолдана отырып, ұшуды жалғастыруға келіскен жағдайларды қоспағанда, әуе кемесі қонатын кез келген пункттің шегінен тыс жерде қолданылмайды.
2. Бортында өзіне қатысты 6-баптың ережелеріне сәйкес шектеу шаралары қолданылған адам бар әуе кемесінің командирі мүмкіндігінше қысқа мерзімде және мүмкіндігінше қандай да бір мемлекеттің аумағына қонғанға дейін осы мемлекеттің өкілетті органдарын бортында өзіне шектеу шаралары қолданылған адамның бар екені туралы және оған осындай шаралардың қолданылу себептері туралы хабардар етеді.
8-бап
1. Әуе кемесінің командирі оның 6-баптың 1-тармағының а) немесе b) тармақшаларының мақсаттары үшін қаншалықты қажет болуына қарай, өзіне қатысты әуе кемесінің бортында 1-баптың 1 b)-тармағында көзделген актіні жасады немесе жасауға дайындауда деп ойлауға жеткілікті негізі бар кез келген адамды әуе кемесі қонатын кез келген мемлекеттің аумағына түсіріп кете алады.
2. Әуе кемесінің командирі осы бапқа сәйкес өзі кез келген адамды түсіріп кететін мемлекеттің өкілетті органдарын осындай түсіру фактісі мен оның себептері туралы хабардар етеді.
9-бап
1. Әуе кемесінің командирі, өзінің пікірінше оған қатысты әуе кемесінің бортында ауыр қылмыс болып табылатын акт жасады деп ойлауға жеткілікті негізі бар кез келген адамды аумағына әуе кемесі қонатын кез келген Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдарына бере алады.
2. Әуе кемесінің командирі мүмкіндігінше қысқа мерзімде және мүмкіндігінше бортында әуе кемесінің командирі алдыңғы тармаққа сәйкес беруге ниеттеніп отырған адаммен бірге Уағдаласушы мемлекеттің аумағына қонғанға дейін осы мемлекеттің өкілетті органдарын өзінің осындай адамды беру ниеті туралы және беру себептері туралы хабардар етеді.
3. Әуе кемесінің командирі осы Баптың ережелеріне сәйкес кез келген болжамды қылмыскер берілетін өкілетті органдарға заңды негізде өзінің қолында бар дәлелдемелер мен мәліметтерді береді.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.10-бап
Әуе кемесінің командирі, экипаждың кез келген басқа мүшесі, жолаушы, борттағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері, әуе кемесі иеленуші немесе пайдаланушы, өзінің атынан ұшу жасалған тұлға осы Конвенцияға сәйкес өзіне қатысты осындай әрекеттер қолданған адамға қолданылған әрекеттер үшін ешқандай сот талқылауында жауаптылықта болмайды.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.IV тарау. Әуе кемесін заңсыз басып алу
11-бап
1. Егер борттағы адам күш қолдану немесе күш қолданумен қорқыту арқылы ұшып жүрген әуе кемесіне араласу, оны басып алу немесе оны бақылауды басқа да заңсыз жүзеге асыру актісін заңсыз жасаса немесе егер ол осындай акт жасауға дайындалып жатса, Уағдаласушы мемлекеттер заңды командирдің әуе кемесін бақылауын қалпына келтіру үшін немесе оның әуе кемесін бақылауын сақтап қалу үшін барлық тиісті шараларды қолданады.
2. Алдыңғы тармақта көзделген жағдайларда әуе кемесі қонатын Уағдаласушы мемлекет мүмкіндігінше қысқа мерзімде оның жолаушылары мен экипажының ұшуды жалғастыруына рұқсат етеді және әуе кемесі мен оның жүгін заңды иелеріне қайтарып береді.
V тарау. Мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері
12-бап
Кез келген Уағдаласушы мемлекет басқа Уағдаласушы мемлекетте тіркелген әуе кемесі командирінің 8-баптың 1-тармағына сәйкес кез келген адамды түсіріп тастауына рұқсат етеді.
13-бап
1. Кез келген Уағдаласушы мемлекет әуе кемесінің командирі 9-баптың 1-тармағына сәйкес беретін кез келген адамды қабылдайды.
2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет мән-жайдың осыны талап етіп отырғанына көз жеткізіп, 11-баптың 1-тармағында көзделген актіні жасауда күдікті деп саналатын кез келген адамды және өзі қабылдап алған кез келген адамды күзетпен қамауға алады немесе оның болуын қамтамасыз ететін басқа шараларды қолданады. Күзетпен қамауға алу және басқа шаралар осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ олар қылмыстық іс жүргізуді немесе ұстап беру туралы іс жүргізуді бастау үшін қажетті уақыт ішінде ғана жалғасуы мүмкін.
3. Алдыңғы тармаққа сәйкес күзетпен қамауда ұсталып отырған кез келген адамға ол азаматы болып табылатын мемлекеттің жақын жердегі тиісті өкілімен дереу байланыс орнатуға жәрдем көрсетіледі.
4. Адам 9-баптың 1-тармағына сәйкес берілген немесе 11-баптың 1-тармағында көзделген акт жасалғаннан кейін әуе кемесі аумағына қонған кез келген Уағдаласушы мемлекет фактілерді алдын ала тергеп-тексеруді дереу жүргізеді.
5. Мемлекет осы баптың ережелеріне сәйкес адамды күзетпен қамауға алған кезде ол әуе кемесін тіркеу мемлекетін және ұстап алынған адам азаматы болып табылатын мемлекетті және, егер ол орынды деп санаса, кез келген басқа мүдделі мемлекетті осындай адамды күзетпен ұстау фактісі туралы және оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар туралы дереу хабардар етеді. Осы баптың 4-тармағында көзделген алдын ала тергеп-тексеруді жүргізетін мемлекет өзі алған деректер туралы жоғарыда айтылған мемлекеттерге дереу хабарлайды және өз юрисдикциясын жүзеге асыру ниетінің бар-жоғын көрсетеді.
14-бап
1. Егер кез келген адам 8-баптың 1-тармағына сәйкес түсірілген немесе 9-баптың 1-тармағына сәйкес берілген немесе 11-баптың 1-тармағында көзделген актіні жасағаннан кейін түсірілген болса және егер мұндай адам өзінің ұшуын жалғастыра алмаса немесе жалғастырғысы келмесе және қону мемлекеті оны қабылдаудан бас тартса, мұндай мемлекет, егер өзі туралы сөз болып отырған адам оның азаматы немесе осы мемлекетте тұрақты тұратын адам болып табылмаса, оны өзі азаматы болып табылатын немесе тұрақты тұратын мемлекеттің аумағына немесе ол өз ұшуын бастаған мемлекеттің аумағына қайтара алады.
2. Түсіру, беру, күзетпен қамауға алу немесе 13-баптың 2-тармағында көзделген басқа да шаралар, сондай-ақ көрсетілген адамды қайтару тиісті мемлекеттің адамдардың кіруіне немесе жіберілуіне қатысты заңнамасы бойынша оның аумағына жіберу ретінде қаралмайды және осы Конвенциядағы ешнәрсе Уағдаласушы мемлекеттің адамдарды аумағынан шығарып жіберуге қатысты заңнамасына әсер етпейді.
15-бап
1. 8-баптың 1-тармағына сәйкес түсірілген немесе 9-баптың 1-тармағына сәйкес берілген немесе 11-баптың 1-тармағында көзделген актіні жасағаннан кейін түсірілген және өз ұшуын жалғастырғысы келетін кез келген адам, егер ұстап беру туралы іс жүргізу немесе қылмыстық іс жүргізу мақсаттары үшін қону мемлекетінің заңнамасы бойынша оның болуы талап етілмегенде ғана, 14-бапқа нұқсан келтірместен, мүмкін болған қысқа мерзімде өзінің таңдауы бойынша кез келген пунктке ұшуын жалғастыра алады.
2. Аумағына адам 8-баптың 1-тармағына сәйкес түсірілген немесе адам 9-баптың 1-тармағына сәйкес берілген немесе түсірілген, және 11-баптың 1-тармағында көзделген актіні жасауда күдікті деп саналатын Уағдаласушы мемлекет өзінің аумағына кіруге және жіберуге, ұстап беруге немесе аумағынан шығарып жіберуге қатысты өз заңнамасына нұқсан келтірместен, осындай адамға оны қорғау және оның қауіпсіздігі мақсатында осыған ұқсас мән-жайларда осындай Уағдаласушы мемлекеттің азаматтарына жасағаннан қолайлылығы кем емес қарым-қатынас жасайды.
15 bis-бап
1. Әрбір Уағдаласушы мемлекет әуе кемесінің бортында 1-баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты немесе актіні жасаған, атап айтқанда:
a) экипаж мүшесіне күш көрсету арқылы шабуыл жасаған немесе осындай шабуыл жасау қаупін төндірген; немесе
b) әуе кемесінің, оның бортындағы жолаушылардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі берген немесе оның атынан берілген заңды нұсқауларды орындаудан бас тартқан кез келген адамға қарсы тиісті қылмыстық, әкімшілік іс жүргізуді немесе сот ісін жүргізудің кез келген басқа түрін қозғау үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолдануға ынталандырылады.
2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе әрбір Уағдаласушы мемлекеттің бортта жасалатын тәртіпсіз немесе мінез-құлық тәртібін бұзатын актілер үшін тиісті жазалау шараларын өзінің ұлттық заңнамасына енгізу немесе онда сақтау құқығына нұқсан келтірмейді.
Ескерту. Конвенция 15 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.VI тарау. Өзге де ережелер
16-бап
1. Әуе кемесінің бортында жасалған қылмыстар, егер олар олардың жасалу орнында ғана емес, сонымен бірге 3-баптың 2 және 2 bis-тармақтарына сәйкес өз юрисдикциясын орнатуы талап етілетін Уағдаласушы мемлекеттердің аумақтарында да жасалған болса, Уағдаласушы мемлекеттер арасында ұстап беру мақсаттары үшін қаралады.
2. Алдыңғы тармақтың ережелеріне нұқсан келтірместен, осы Конвенциядағы ешнәрсе ұстап беруді жүзеге асыруға міндеттеуші болып есептелмейді.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.17-бап
1. Әуе кемесінің бортында жасалған кез келген қылмысқа байланысты тергеп-тексеру немесе қамаққа алу жөніндегі кез келген шараларды жүзеге асыру не юрисдикцияны өзге де жолмен жүзеге асыру кезінде Уағдаласушы мемлекеттер аэронавигацияның қауіпсіздігі мен басқа да мүдделеріне тиісті назар аударады және әуе кемесінің, жолаушылардың, экипаждың немесе жүктің негізсіз кідіртілуін болғызбау үшін әрекет етеді.
2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес өз міндеттемелерін орындай отырып немесе жол берілетін іс-қимыл еркіндігін пайдалана отырып, мемлекеттердің халықаралық құқықта көзделген міндеттемелеріне және міндеттеріне сәйкес әрекет етеді. Бұл тұрғыда әрбір Уағдаласушы мемлекет тиісті құқықтық рәсім және әділ қарым-қатынас қағидаттарының сақталуына назар аударады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.18-бап
Егер Уағдаласушы мемлекеттер ешбір мемлекетте тіркелмеген әуе кемелерін пайдаланатын бірлескен авиакөлікті пайдалану ұйымдарын немесе халықаралық пайдалану агенттіктерін құратын болса, бұл мемлекеттер істің мән-жайларына сәйкес өздерінің арасынан осы Конвенцияның мақсаттары үшін тіркеу мемлекеті ретінде қаралатын мемлекетті тағайындайды және бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын хабардар етеді, ол мұндай хабарламаны осы Конвенцияның барлық қатысушы мемлекеттеріне жібереді.
18 bis-бап
Осы Конвенцияда ешнәрсе тиісінше 8 немесе 9-баптарға сәйкес борттан түсірілген немесе ұстап берілген адамнан келтірілген залалдың өтелуін ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген талап ету құқығын жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.
Ескерту. Конвенция 18 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 198-VI Заңымен.VII тарау. Қорытынды ережелер
19-бап
Осы Конвенция күшіне енген күнге дейін ол 21-баптың ережелеріне сәйкес осы күнге Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылатын кез келген мемлекеттің не оның мамандандырылған мекемелерінің кез келгенінің атынан қол қою үшін ашық болады.
20-бап
1. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердің өз конституциялық рәсімдеріне сәйкес ратификациялануға жатады.
2. Ратификациялау грамоталары Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылады.
21-бап
1. Осы Конвенцияға қол қойған он екі мемлекет өздерінің ратификациялау грамоталарын сақтауға тапсырғаннан кейін Конвенция олар үшін он екінші ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді. Оны кешірек ратификациялайтын әрбір мемлекет үшін ол осы мемлекеттің ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оны Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысында тіркейді.
22-бап
1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше кез келген мемлекеттің немесе оның мамандандырылған мекемелерінің кез келгенінің қосылуы үшін ашық болады.
2. Мемлекеттің қосылуы қосылу туралы құжатты Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсыру арқылы жүргізіледі және осындай сақтауға тапсыру күнінен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
23-бап
1. Кез келген Уағдаласушы мемлекет бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын хабардар ету арқылы осы Конвенцияға қатысудан бас тарта алады.
2. Конвенцияға қатысудан бас тарту Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қатысудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.
24-бап
1. Екі немесе одан көп Уағдаласушы мемлекет арасындағы осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты, келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмайтын кез келген дау олардың біреуінің өтініші бойынша төрелікке беріледі. Егер Тараптар төрелік туралы өтініш жасалған күннен бастап алты ай ішінде төрелікті ұйымдастыру туралы мәселе бойынша келісімге келе алмаса, дау осы Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша Сот Статутына сәйкес Халықаралық Сотқа берілуі мүмкін.
2. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою немесе оны ратификациялау немесе оған қосылу кезінде өзін алдыңғы тармақтың ережелерімен байланысты деп санамайтыны туралы мәлімдеме жасай алады. Басқа Уағдаласушы мемлекеттер осындай ескертпе жасаған кез келген Уағдаласушы мемлекетпен өзара қарым-қатынаста алдыңғы тармақтың ережелерімен байланысты болмайды.
3. Алдыңғы тармаққа сәйкес ескертпе жасаған кез келген Уағдаласушы мемлекет кез келген уақытта Халықаралық азаматтық авиация ұйымын хабардар ету арқылы осы ескертпені алып тастай алады.
25-бап
24-бапта көзделгенді қоспағанда, осы Конвенцияға ешқандай ескертпелер жасауға болмайды.
26-бап
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылатын барлық мемлекеттерді немесе оның мамандандырылған мекемелерінің кез келгенін:
a) осы Конвенцияға әрбір қол қою туралы және қол қою күні туралы;
b) әрбір ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру туралы және осындай сақтауға тапсыру күні туралы;
c) 21-баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы;
d) қатысудан бас тарту туралы әрбір хабарламаны алу және оның алыну күні туралы; және
e) 24-бапқа сәйкес жасалған кез келген мәлімдемені немесе хабарламаны алу және оның алыну күні туралы хабардар етеді.
Тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшы өкілдер ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ осы Конвенцияға қол қойды.
Бір мың тоғыз жүз алпыс үшінші жылы он төртінші қыркүйекте Токиода ағылшын, испан және француз тілдерінде үш данада жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Конвенция Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылады, ол 19-бапқа сәйкес қол қою үшін ашық болады және аталған Ұйым Конвенцияның расталған даналарын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылатын барлық мемлекеттерге немесе оның мамандандырылған мекемелерінің кез келгеніне жібереді.
1-ҚОСЫМША | |
____________ | |
2-ҚОСЫМША | |
____________ | |
3-ҚОСЫМША | |
____________ |
Дәл және толық көшірмесі
Құқықтық мәселелер жөніндегі және сыртқы байланыстар басқарма директоры
ХААҰ
Doc 10034
Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы Конвенцияны өзгертетін
ХАТТАМА
2014 жылғы 4 сәуірде Монреалда жасалған
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ
Doc 10034
ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ БОРТЫНДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ КЕЙБІР БАСҚА ДА АКТІЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ ӨЗГЕРТЕТІН
ХАТТАМА
2014 жылғы 4 сәуірде Монреалда жасалған
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ
Дәл және толық көшірмесі
Құқықтық мәселелер жөніндегі және сыртқы байланыстар басқарма директоры
ХААҰ
Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да
актілер туралы Конвенцияны өзгертетін
Хаттама
2014 жылғы 4 сәуірде Монреалда жасалған
ХААҰ-ның Бас хатшысының мақұлдауымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жариялаған 999 University Street, Montreal, Quebec, Canada H3C 5Н7
Тапсырыстарды ресімдеу туралы ақпарат және сату агенттер мен кітап саудагерлері толық тізбесі ИКАО веб-сайтында www.icao.int орналастырылған
Doc 10034, Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы Конвенцияны өзгертетін Хаттама
Тапсырыс нөмірі: 10034
ISBN 978-92-9249-565-7
© ХААҰ 2014
Барлық құқықтар қорғалған. Осы жарияланымның ешбір бөлігі қайта шығарылмайды, іздеу жүйесінде сақталуы немесе кез келген нысанда немесе кез келген құралдармен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз берілуі мүмкін емес
ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ БОРТЫНДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ КЕЙБІР БАСҚА ДА АКТІЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ ӨЗГЕРТЕТІН
ХАТТАМА
ОСЫ ХАТТАМАНЫҢ УАҒДАЛАСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
әуе кемелерінің бортында әуе кемесінің не оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі не бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға қауіп тудыруы мүмкін тәртіпсіз мінез-құлық жағдайлары санының өсуіне және олардың маңыздылық дәрежесінің артуына мемлекеттердің алаңдаушылық білдіретінін АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП,
әуе кемелерінің бортында тәртіпсіз мінез-құлықтың жолын кесу және тиісті реттілік пен тәртіпті қалпына келтіру мақсатында көптеген мемлекеттің бір-біріне көмек көрсету ниетін ТАНИ ОТЫРЫП,
мұндай алаңдаушылықты жою үшін 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияның ережелерін толықтыратын ережелер қабылдау қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
I бап
Осы Хаттама 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны (бұдан әрі "Конвенция" деп аталады) өзгертеді.
II бап
Конвенцияның 1-бабының 3-тармағы мыналармен ауыстырылады:
"1-бап
3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
а) әуе кемесі тиелгеннен кейін оның барлық сыртқы есіктері жабылған кезден бастап осындай есіктердің кез келгені түсіру үшін ашылатын кезге дейін кез келген уақытта ұшып жүрген болып есептеледі. Мәжбүрлі түрде қонған жағдайда құзыретті органдар әуе кемесі үшін, сондай-ақ борттағы адамдар мен мүлік үшін жауаптылықты өз мойнына алғанша, ұшу жүргізіледі деп есептеледі;
b) егер пайдаланушының мемлекеті тіркеу мемлекеті болып табылмаса, осы Конвенцияның 4, 5 және 13-баптарында пайдаланылатын "тіркеу мемлекеті" деген термин пайдаланушының мемлекетін білдіреді деп есептеледі."
III бап
Конвенцияның 2-бабы мынадай мәтінмен ауыстырылады:
"2-бап
4-баптың ережелеріне нұқсан келтірместен және осыны әуе кемесінің немесе оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігі талап ететін жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияның ешқандай ережесі саяси сипаттағы қылмыстық әрекеттерге немесе нәсілдік, діни, ұлттық белгілері, этностық шығу тегі, саяси нанымдары немесе жынысы бойынша кемсітуге негізделген қылмыстық әрекеттерге қатысты кез келген шараларға рұқсат етуші немесе осы шараларды белгілеуші ретінде түсіндірілмеуге тиіс."
IV бап
Конвенцияның 3-бабы мынадай мәтінмен ауыстырылады:
"3-бап
1. Әуе кемесін тіркеу мемлекеті бортта жасалған қылмыстар мен актілерге қатысты юрисдикцияны жүзеге асыруға құқылы.
1 bis. Мемлекет бортта жасалған қылмыстар мен актілерге қатысты юрисдикцияны:
a) егер бортында қылмыс жасалған немесе акт жасалған әуе кемесі оның аумағына бортындағы болжамды қылмыскермен бірге қонса, қону мемлекеті ретінде;
b) егер негізгі қызмет орны немесе егер жалға алушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалға алушы экипажсыз жалға алған әуе кемесінің бортында қылмыс жасалса немесе акт жасалса, пайдаланушының мемлекеті ретінде жүзеге асыруға да құқылы.
2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет осындай мемлекетте тіркелген әуе кемелерінің бортында жасалған қылмыстарға қатысты тіркеу мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
2 bis. Әрбір Уағдаласушы мемлекет мынадай жағдайларда әуе кемелерінің бортында жасалған қылмыстарға қатысты:
a) егер:
i) өз аумағында бортында қылмыс жасалған әуе кемесінің соңғы ұшып шығу пункті немесе келесі межеленген қону пункті болса және әуе кемесі содан соң өзінің аумағына бортындағы болжамды қылмыскермен бірге қонса;
ii) әуе кемесінің не оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне не бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға қауіп тудырса, қону мемлекеті ретінде;
b) егер негізгі қызмет орны немесе егер жалдаушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалдаушы экипажсыз жалға алған әуе кемесінің бортында қылмыс жасалса немесе акт жасалса, пайдаланушының мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды да қолданады.
2 ter. Кез келген мемлекет қону мемлекеті ретінде өз юрисдикциясын жүзеге асыру кезінде қаралып отырған қылмыстың пайдаланушының мемлекетінде қылмыс болып табылатынын не болып табылмайтынын назарға алады.
3. Осы Конвенция ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды."
V бап
Мына мәтін Конвенцияның 3 bis-бабы ретінде қосылады:
"3 bis-бап
Егер 3-бапқа сәйкес өз юрисдикциясын жүзеге асыратын Уағдаласушы мемлекет нақ сол қылмыстарға немесе актілерге қатысты бір немесе басқа да бірнеше Уағдаласушы мемлекет тергеу, сот қудалауын немесе сот талқылауын жүргізіп жатқаны туралы хабардар етілсе немесе өзге де жолмен хабарланса, осы Уағдаласушы мемлекет тиісті жағдайларда өз әрекеттерін үйлестіру мақсатында осындай басқа да Уағдаласушы мемлекеттермен консультациялар жүргізеді. Осы бапта көрсетілген міндеттемелер Уағдаласушы мемлекеттің 13-бап бойынша міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді."
VI бап
Конвенцияның 5-бабының 2-тармағы алып тасталады.
VII бап
Конвенцияның 6-бабы мыналармен ауыстырылады:
"6-бап
1. Егер әуе кемесі командирінің адам әуе кемесінің бортында 1-баптың 1-тармағында көзделген қылмысты немесе актілерді жасады немесе жасауға дайындалуда деп ойлауға жеткілікті негізі болса, ол осындай адамға шектеу шараларын қоса алғанда:
a) әуе кемесінің не ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; немесе
b) бортта тиісті реттілік пен тәртіпті сақтауға;
c) өзіне осындай адамды осы Тараудың ережелеріне сәйкес құзыретті органдарға беруге немесе оны түсіруге мүмкіндік беруге қажетті ақылға қонымды шараларды қолдана алады.
2. Әуе кемесінің командирі өзі шектеу шараларын қолдануға құқығы бар кез келген адамға осындай шаралар қолдану үшін экипаждың басқа да мүшелерінің көмегін талап ете алады немесе оған рұқсат ете алады және борттағы қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің немесе жолаушылардың көмегін өтіне алады немесе оған рұқсат ете алады, бірақ талап ете алмайды. Егер кез келген экипаж мүшесінің немесе жолаушының әуе кемесінің не ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды алдын алу шараларын дереу қолдану қажет деп ойлауға жеткілікті негізі болса, олар мұндай шараларды осындай рұқсатсыз қолдана алады.
3. Егер қауіпсіздік қызметінің қызметкері әуе кемесін не ондағы адамдарды заңсыз араласу актісінен және егер келісім немесе уағдаластық бұған жол беретін болса, ауыр қылмыстар жасалуынан қорғауды қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды алдын алу шараларын дереу қолдану қажет деп ойлауға жеткілікті негізі болса, тиісті Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы екіжақты немесе көпжақты келісімге немесе уағдаластыққа сәйкес пайдаланылатын борттағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері мұндай шараларды осындай рұқсатсыз қолдана алады.
4. Осы Конвенциядағы ешнәрсе Уағдаласушы мемлекет үшін ұшып жүрген кездегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын құру немесе өзінің аумағында борттағы шетелдік қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің әрекет етуіне мүмкіндік беретін екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасуға келісу міндеттемесін тудырушы болып есептелмейді."
VIII бап
Конвенцияның 9-бабы мына мәтінмен ауыстырылады:
"9-бап
1. Әуе кемесінің командирі, өзінің пікірінше оған қатысты әуе кемесінің бортында ауыр қылмыс болып табылатын акт жасады деп ойлауға жеткілікті негізі бар кез келген адамды аумағына әуе кемесі қонатын кез келген Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдарына бере алады.
2. Әуе кемесінің командирі мүмкіндігінше қысқа мерзімде және мүмкіндігінше бортында әуе кемесінің командирі алдыңғы тармаққа сәйкес беруге ниеттеніп отырған адаммен бірге Уағдаласушы мемлекеттің аумағына қонғанға дейін осы мемлекеттің өкілетті органдарын өзінің осындай адамды беру ниеті туралы және беру себептері туралы хабардар етеді.
3. Әуе кемесінің командирі осы Баптың ережелеріне сәйкес кез келген болжамды қылмыскер берілетін өкілетті органдарға заңды негізде өзінің қолында бар дәлелдемелер мен мәліметтерді береді."
ІХ бап
Конвенцияның 10-бабы мыналармен ауыстырылады:
"10-бап
Әуе кемесінің командирі, экипаждың кез келген басқа мүшесі, жолаушы, борттағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері, әуе кемесі иеленуші немесе пайдаланушы, өзінің атынан ұшу жасалған тұлға осы Конвенцияға сәйкес өзіне қатысты осындай әрекеттер қолданған адамға қолданылған әрекеттер үшін ешқандай сот талқылауында жауаптылықта болмайды."
Х бап
Мына мәтін Конвенцияның 15 bis-бабы ретінде қосылады:
"15 bis-бап
1. Әрбір Уағдаласушы мемлекет әуе кемесінің бортында 1-баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты немесе актіні жасаған, атап айтқанда:
a) экипаж мүшесіне күш көрсету арқылы шабуыл жасаған немесе осындай шабуыл жасау қаупін төндірген; немесе
b) әуе кемесінің, оның бортындағы жолаушылардың немесе мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі берген немесе оның атынан берілген заңды нұсқауларды орындаудан бас тартқан кез келген адамға қарсы тиісті қылмыстық, әкімшілік іс жүргізуді немесе сот ісін жүргізудің кез келген басқа түрін қозғау үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолдануға ынталандырылады.
2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе әрбір Уағдаласушы мемлекеттің бортта жасалатын тәртіпсіз немесе мінез-құлық тәртібін бұзатын актілер үшін тиісті жазалау шараларын өзінің ұлттық заңнамасына енгізу немесе онда сақтау құқығына нұқсан келтірмейді."
XI бап
Конвенцияның 16-бабының 1-тармағы мыналармен ауыстырылады:
"16-бап
1. Әуе кемесінің бортында жасалған қылмыстар, егер олар олардың жасалу орнында ғана емес, сонымен бірге 3-баптың 2 және 2 bis-тармақтарына сәйкес өз юрисдикциясын орнатуы талап етілетін Уағдаласушы мемлекеттердің аумақтарында да жасалған болса, Уағдаласушы мемлекеттер арасында ұстап беру мақсаттары үшін қаралады."
XII бап
Конвенцияның 17-бабы мыналармен ауыстырылады:
"17-бап
1. Әуе кемесінің бортында жасалған кез келген қылмысқа байланысты тергеп-тексеру немесе қамаққа алу жөніндегі кез келген шараларды жүзеге асыру не юрисдикцияны өзге де жолмен жүзеге асыру кезінде Уағдаласушы мемлекеттер аэронавигацияның қауіпсіздігі мен басқа да мүдделеріне тиісті назар аударады және әуе кемесінің, жолаушылардың, экипаждың немесе жүктің негізсіз кідіртілуін болғызбау үшін әрекет етеді.
2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес өз міндеттемелерін орындай отырып немесе жол берілетін іс-қимыл еркіндігін пайдалана отырып, мемлекеттердің халықаралық құқықта көзделген міндеттемелеріне және міндеттеріне сәйкес әрекет етеді. Бұл тұрғыда әрбір Уағдаласушы мемлекет тиісті құқықтық рәсім және әділ қарым-қатынас қағидаттарының сақталуына назар аударады."
XIII бап
Мына мәтін Конвенцияның 18 bis-бабы ретінде қосылады:
"18 bis-бап
Осы Конвенцияда ешнәрсе тиісінше 8 немесе 9-баптарға сәйкес борттан түсірілген немесе ұстап берілген адамнан келтірілген залалдың өтелуін ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген талап ету құқығын жүзеге асыруға кедергі келтірмейді."
XIV бап
Осы Хаттамаға қоса берілетін осы Конвенцияның араб, қытай және орыс тілдеріндегі мәтіндері Конвенцияның ағылшын, испан және француз тілдеріндегі мәтіндерімен бірге осы алты тілде бірдей теңтүпнұсқалы болатын мәтіндерді құрайды.
XV бап
Осы Хаттаманың Уағдаласушы мемлекеттерінің арасында Конвенция мен осы Хаттама 2014 жылғы Монреал хаттамасымен өзгертілген Токио конвенциясы деп аталатын біртұтас құжат ретінде қарастырылатын және түсіндірілетін болады.
XVI бап
Осы Хаттама 2014 жылғы 26 наурыз бен 4 сәуір аралығында Монреалдағы Әуе құқығы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысқан мемлекеттердің 2014 жылғы 4 сәуірде Монреалда қол қоюы үшін ашық болады. 2014 жылғы 4 сәуірден кейін Хаттама XVIII бапқа сәйкес күшіне енгенге дейін ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Монреалдағы Штаб-пәтерінде барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық болады.
XVII бап
1. Осы Хаттаманы оған қол қойған мемлекеттер ратификациялауы, қабылдауы немесе бекітуі тиіс. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар осы арқылы депозитарий болып тағайындалатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
2. Осы Хаттаманы осы Баптың 1-тармағына сәйкес ратификацияламаған, қабылдамаған немесе бекітпеген кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
3. Конвенцияның Уағдаласушы мемлекеті болып табылмайтын кез келген мемлекеттің осы Хаттаманы ратификациялауы, қабылдауы, бекітуі немесе оған қосылуы 2014 жылғы Монреал хаттамасымен өзгертілген Токио конвенциясын ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу болып есептеледі.
XVIII бап
1. Осы Хаттама ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы жиырма екінші құжат депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен кейін екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
2. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы жиырма екінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін осы Хаттаманы ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған әрбір мемлекет үшін осы Хаттама осы мемлекет ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
3. Осы Хаттама күшіне енген сәттен бастап оны депозитарий Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркейді.
XIX бап
1. Кез келген Уағдаласушы мемлекет депозитарийді жазбаша түрде хабардар ету арқылы осы Хаттаманың күшін жоя алады.
2. Күшін жою депозитарий хабарламаны алған күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
ХХ бап
Депозитарий осы Хаттаманың барлық Уағдаласушы мемлекеттеріне және осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге әрбір қол қою күні туралы, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы әрбір құжатты сақтауға тапсыру күні және осы Хаттаманың күшіне ену күні туралы дереу ақпарат береді және оларға басқа тиісті ақпаратты хабарлайды.
Тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшы өкілетті өкілдер ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ осы Хаттамаға қол қойды.
Екі мың он төртінші жылғы сәуір айының төртінші күні Монреалда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндер осы жерде көрсетілген күннен бастап тоқсан күн ішінде Конференция Төрағасының өкілеттіктері шеңберінде Конференция хатшылығы оларды бір-біріне сәйкес келтіру тұрғысынан тексергеннен кейін осындай теңтүпнұсқалылыққа ие бола отырып, бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттама Халықаралық азаматтық авиация ұйымының архивтерінде сақтауға қалдырылады, ал оның расталған көшірмелерін депозитарий осы Хаттаманың барлық Уағдаласушы мемлекеттеріне жібереді.
Мемлекеттік тілдегі мәтінінің орыс тіліндегі мәтінімен түпнұсқалық дәлме-дәлдігі сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төраға орынбасары |
А. Альжанов |
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Конвенция және Хаттаманың ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.