2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 15 наурызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Бейресми аударма
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-бабының 2-тармағы "басшылары" деген сөзден кейін "не, егер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес оларға Жоғары кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілсе, мүше мемлекеттердің үкіметтері басшылары" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Аталған мәтін 2018 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында:
Армения Республикасы үшін Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсян;
Беларусь Республикасы үшін Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев;
Қырғыз Республикасы үшін Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш.Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин қол қойған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың толық және тең түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Хаттаманың түпнұсқасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
Хаттаманың орыс тіліндегі мәтінімен қазақ тіліндегі аудармасының тең түпнұсқалығын куәландырамын.
ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасының басшысы |
Д. Дүйсебаев |