Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 296-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат; № 24, 92-құжат):

      133-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:".

      2. "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 24, 175-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 21, 103-құжат):

      1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;";

      2) 4-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын:

      1) азаматтық-құқықтық қатынастарды;

      2) азаматтық-процестік қатынастарды;

      3) қаржылық қатынастарды;

      4) әкімшілік рәсімдерді;

      5) Орталық органдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.";

      3) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, капитал қозғалысы операциялары солардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін жүргізілетін валюталық шарттарды есептік тіркеу, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру талаптары, сондай-ақ жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жөніндегі талаптар Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.

      Мәліметтер тізбесіне және Орталық қатысушыларының тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актілерінде айқындалады.";

      4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті

      1. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған, сондай-ақ мынадай шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылады:

      Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін алғаш өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды;

      Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайды.

      2. Инвестициялар тартуға бағытталған, инвестициялау көлемі мен құралдарын белгілейтін Орталық актісі Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы болып табылады. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қабылданады.";

      5) 6-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі Салық кодексінде айқындалады.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.";

      7-тармақтың 4) тармақшасындағы "түрінде түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады." деген сөздер "түрінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) егер жеке тұлғалар Орталықтың инвестициялық резиденттері болып табылса және Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті деп танылса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында Орталықтың инвестициялық резиденті Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке міндетті төлем төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Мыналар:

      1) Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы;

      2) Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы қосылған құн салығы салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

      8-2. Орталық қатысушыларының осы баптың 3-тармағында көзделген көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады.

      8-3. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер жұмыстар мен қызметтер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына орындалса және көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.";

      6) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Орталықтың инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Орталықтың инвестициялық резиденттеріне визаларды беру, жою, қайта қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімін қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық әкімшілігінің өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.";

      7) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орталықтың қатысушылары және органдары Орталық актілеріне сәйкес Орталық әкімшілігіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер ұсынады.";

      8) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын, Орталық органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі, сондай-ақ олардың жұмыскерлері үшін жағдайды қамтамасыз ететін және өз құзыреті шегінде олардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.";

      9) 13-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасында Орталық сотының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталық актілерінде айқындалған тәртіппен Орталық соты шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 5) тармақшасының алтыншы – сегізінші абзацтарын, 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін Орталық актілерінде айқындалған қаржылық қызметтер көрсетуден алынған кірістерге, егер Орталықтың қатысушылары осындай қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лизензияны Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісі қолданысқа енгізілгенге дейін алса, 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін корпоративтік табыс салығын төлеуден босату қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан

Конституционный закон Республики Казахстан от 30 декабря 2019 года № 296-VІ ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие конституционные законы Республики Казахстан:

      1. В Конституционный закон Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 17-18, ст.114; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 12, ст.192; 1998 г., № 7-8, ст.71; № 22, ст.290; 1999 г., № 10, ст.340; № 15, ст.593; 2004 г., № 7, ст.45; 2005 г., № 7-8, ст.17; 2006 г., № 23, ст.138; 2007 г., № 12, ст.85; 2009 г., № 2-3, ст.5; 2010 г., № 11, ст.55; 2011 г., № 3, ст.30; 2013 г., № 17, ст.84; 2014 г., № 16, ст.89; 2015 г., № 14, ст.75; № 22-III, ст.150; 2017 г., № 6, ст.10; № 12, ст.33; 2018 г., № 12, ст.38; № 24, ст.92):

      абзац первый части третьей статьи 133 изложить в следующей редакции:

      "Приостановить до 1 января 2021 года действие:".

      2. В Конституционный закон Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года "О Международном финансовом центре "Астана" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2015 г., № 24, ст.175; 2017 г., № 6, ст.10; № 21, ст.103):

      1) подпункт 1) статьи 1 изложить в следующей редакции:

      "1) Международный финансовый центр "Астана" (далее – Центр) – территория в пределах города Нур-Султана с точно обозначенными границами, определяемыми Президентом Республики Казахстан, в которой действует особый правовой режим в финансовой сфере;";

      2) часть первую пункта 3 статьи 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Органы Центра вправе принимать акты, которые регулируют возникающие между участниками Центра и (или) органами Центра, и (или) их работниками:

      1) гражданско-правовые отношения;

      2) гражданско-процессуальные отношения;

      3) финансовые отношения;

      4) административные процедуры;

      5) процедуры закупок органами Центра товаров, работ и услуг.";

      3) пункт 4 статьи 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Требования учетной регистрации валютных договоров, на основании и (или) во исполнение которых проводятся операции движения капитала, присвоения учетного номера счету в иностранном банке, а также требования по уведомлению о проведенных валютных операциях, установленные Законом Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле", не распространяются на валютные операции, проводимые участниками Центра на его территории.

      Требования к перечню сведений и порядку их представления банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций на территории Республики Казахстан, осуществляющими валютные операции по поручению участников Центра, определяются актами Центра по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан.";

      4) дополнить статьей 5-1 следующего содержания:

      "Статья 5-1. Инвестиционный резидент Центра

      1. Инвестиционным резидентом Центра является иностранец или лицо без гражданства, осуществившие инвестиции в соответствии с программой инвестиционного налогового резидентства Центра, а также соответствующие следующим условиям:

      не является резидентом Республики Казахстан в целях Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) в течение последних двадцати лет, предшествующих первичному обращению для участия в программе инвестиционного налогового резидентства Центра;

      не является лицом, гражданство Республики Казахстан которого прекращено в течение последних двадцати лет, предшествующих обращению для участия в программе инвестиционного налогового резидентства Центра.

      2. Программой инвестиционного налогового резидентства Центра является акт Центра, направленный на привлечение инвестиций, устанавливающий объем и инструменты инвестирования. Программа инвестиционного налогового резидентства Центра принимается по согласованию с органами национальной безопасности, внутренних дел, центральным уполномоченным органом по государственному планированию, государственным органом, осуществляющим руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет, и государственным органом, осуществляющим руководство в сфере реализации государственной политики по привлечению инвестиций.";

      5) в статье 6:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Налоговый режим на территории Центра определяется Налоговым кодексом, за исключением изъятий, установленных настоящей статьей.";

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) другие финансовые услуги, определяемые совместным актом Центра, центрального уполномоченного органа по государственному планированию и государственного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет.";

      пункт 7 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) из источников за пределами Республики Казахстан, если физические лица являются инвестиционными резидентами Центра и признаются резидентом Республики Казахстан в целях Налогового кодекса.

      Для целей применения настоящего подпункта инвестиционный резидент Центра уплачивает обязательный платеж в бюджет за выдачу документа, подтверждающего резидентство Республики Казахстан в целях Налогового кодекса, в порядке и размере, установленных Налоговым кодексом.";

      дополнить пунктами 8-1, 8-2 и 8-3 следующего содержания:

      "8-1. Не является оборотом по реализации, облагаемым налогом на добавленную стоимость:

      1) получение администрацией Центра бюджетных средств в виде целевого перечисления в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      2) получение органами Центра от администрации Центра денег, полученных в виде целевого перечисления из бюджета.

      8-2. Услуги участников Центра, предусмотренные пунктом 3 настоящей статьи, освобождаются от налога на добавленную стоимость.

      8-3. Выполненные работы, оказанные услуги нерезидентом на возмездной основе, местом реализации которых признается Республика Казахстан, не являются оборотом по приобретению работ и услуг от нерезидента, если работы выполнены и услуги оказаны органам Центра и (или) их организациям.";

      6) в статье 7:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Иностранцы и лица без гражданства, являющиеся работниками участников или органов Центра, инвестиционные резиденты Центра и члены их семей получают въездную визу сроком действия до пяти лет.";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Выдача, аннулирование, восстановление, сокращение срока действия визы инвестиционным резидентам Центра осуществляются на основании ходатайства администрации Центра в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      7) пункт 3 статьи 8 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Участники и органы Центра представляют сведения о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства в администрацию Центра в соответствии с актами Центра.";

      8) пункт 1 статьи 11 изложить в следующей редакции:

      "1. Администрацией Центра является некоммерческая организация, создаваемая Национальным Банком Республики Казахстан, обеспечивающая условия для деятельности органов, их организаций и участников Центра, также их работников и представляющая их интересы в пределах своей компетенции.";

      9) пункт 8 статьи 13 изложить в следующей редакции:

      "8. Исполнение решений суда Центра в Республике Казахстан осуществляется в том же порядке и на тех же условиях, что и исполнение судебных актов судов Республики Казахстан. При этом должен быть обеспечен перевод решений суда Центра на казахский или русский язык в порядке, определенном актами Центра.".

      Статья 2. Настоящий Конституционный закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1 статьи 1, который вводится в действие с 1 января 2020 года, подпункта 3) пункта 2 статьи 1, который вводится в действие с 1 июля 2019 года, подпункта 4), абзацев шестого – восьмого подпункта 5), подпункта 6) пункта 2 статьи 1, которые вводятся в действие после дня введения в действие соответствующих изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).

      К доходам, полученным от оказания финансовых услуг, определенных актами Центра до введения в действие настоящего Конституционного закона в целях реализации подпункта 5) пункта 3 статьи 6 Конституционного закона Республики Казахстан "О Международном финансовом центре "Астана", применяется освобождение от уплаты корпоративного подоходного налога до 1 января 2066 года в случае, если участники Центра получили лицензии на осуществление таких финансовых услуг до введения в действие совместного акта Центра, центрального уполномоченного органа по государственному планированию и государственного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ