Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 14 мамырдағы № 329-VІ ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат):

      15-бап "заңнамасына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90, 91-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнайы қарыз алу құқықтары – Халықаралық валюта қоры айқындаған және ол операциялар мен мәмілелер үшін пайдаланатын есептік бірлік;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, санамаланған қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы;";

      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы – бір алаң шегінде орналастырылған ядролық қондырғылардың басқа операторларының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей және (немесе) жанама түрде иеленетін ядролық қондырғы операторы;

      33-2) ядролық қондырғы операторы – Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше ядролық қондырғыны пайдаланатын заңды тұлғасы;";

      "34-1) ядролық нұқсан – ядролық қондырғымен немесе ядролық қондырғыдан келіп түсетін, онда шығарылған немесе ядролық қондырғыға бағытталған ядролық материалмен жұмыс істеу нәтижесінде иондандырушы сәулеленудің әсері салдарынан келтірілген, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың залалдарын, сондай-ақ алдын алу шараларына арналған шығындарды қоса алғандағы нұқсан;

      34-2) ядролық оқыс оқиға – ядролық нұқсан келтіретін немесе ядролық нұқсан келтіру қаупін туғызатын оқиға не оқиғалар сериясы;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) келтірілген ядролық нұқсан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінен асып түсетін бөлігінде, келтірілген ядролық нұқсан толық өтелгенге дейінгі қажетті соманы беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келтірілген ядролық нұқсанды өтеу үшін ақша төлеуді қамтамасыз етеді;

      8-2) осы Заңның 26-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегін айқындайды;";

      3) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы және оны қаржылық қамтамасыз ету

      26-1-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы

      1. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы кінәсіна қарамастан, келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.

      2. Ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы келтірілген ядролық нұқсан оператордың ядролық қондырғысы беретін және (немесе) онда шығарылған ядролық материалмен байланысты және өзге ядролық қондырғы операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) олардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес ядролық материал үшін жауаптылықты өзіне қабылдаған кезге дейін болған ядролық оқыс оқиғадан туындады деген дәлелдемелер негізінде осындай нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.

      Ядролық оқыс оқиға ядролық нұқсан үшін жауаптылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың тарапы болып табылмайтын мемлекет аумағының шегіндегі шетелдік заңды тұлғаға берілетін ядролық материалмен байланысты болған жағдайда, ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы ядролық материал оны болатын мемлекеттің аумағына жеткізген көлік құралынан түсірілгенге дейін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.

      Ядролық оқыс оқиға ядролық нұқсан үшін жауаптылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың тарапы болып табылмайтын мемлекет аумағының шегіндегі шетелдік заңды тұлғадан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының келісуі бойынша берілетін ядролық материалмен байланысты болған жағдайда, ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы ядролық материал әкетілетін мемлекеттің аумағынан көлік құралына тиелгеннен кейін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.

      3. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы келтірілген ядролық нұқсанға оның келтірілген жеріне қарамастан қолданылады.

      4. Егер келтірілген ядролық нұқсанмен қатар, ядролық оқыс оқиғамен келтірілген залалдардан ажырату мүмкін болмайтын өзге де залалдар болса, онда мұндай залалдар ядролық нұқсан деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының өтеуіне жатады.

      26-2-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегі

      1. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының бір ядролық оқыс оқиғаға азаматтық-құқықтық жауаптылық шегі:

      1) радиациялық қауіптіліктің бірінші санатына жатқызылатын ядролық қондырғылар үшін бір жүз елу миллион арнайы қарыз алу құқықтарын;

      2) радиациялық қауіптіліктің екінші және үшінші санаттарына жатқызылатын ядролық қондырғылар үшін бес миллион арнайы қарыз алу құқықтарын құрайды.

      2. Ядролық қондырғылардың, ядролық материалдардың, радиоактивті қалдықтардың типін, құрамын, қуатын және басқа да техникалық өлшемдерін, сондай-ақ олардың санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғының операторына келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтың өзгеше шегін, бірақ бес миллион арнайы қарыз алу құқықтарына балама шектен төмен емес шекті айқындауға құқылы.

      26-3-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету

      1. Уәкілетті органның қарамағындағы ядролық қондырғыларды қоспағанда, ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінде қаржылық қамтамасыз етуі болуға міндетті.

      Бір алаң шегінде орналастырылған бірнеше ядролық қондырғыларға қатысты ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы ядролық қондырғылардың радиациялық қауіптілігінің неғұрлым жоғары санаты негізге алына отырып, мөлшері бір ядролық қондырғы үшін айқындалатын қаржылық қамтамасыз етумен ұсынылуы мүмкін.

      2. Келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерін ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы айқындайды.

      Келтірілген ядролық нұқсанды өтеген жағдайда ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырудан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеше қамтамасыз етуден тұрады.

      3. Сақтандырушыны қоса алғанда, ядролық қондырғы операторына немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторына осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінде қаржылық қамтамасыз ету берген заңды тұлға оны және уәкілетті органды қаржылық қамтамасыз ету тоқтатыла тұратын немесе тоқтатылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік бір жүз елу күн бұрын жазбаша нысанда хабардар етпей, біржақты тәртіппен қаржылық қамтамасыз етуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы емес.

      4. Ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылықты қаржылық қамтамасыз етуінің болуын тексеру осы Заңның 7 және 7-1-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты

      1. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының бір немесе бірнеше ядролық қондырғыға қатысты келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыруды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шартында мынадай талаптар қамтылуға тиіс:

      1) ядролық нұқсан қарулы қақтығыс, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс немесе көтеріліс салдарынан туындаған, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаның пиғылы немесе өрескел абайсыздығы салдарынан толық немесе ішінара келтірілгенде осындай тұлғаға келтірілген ядролық нұқсанды өтеуді төлеу бөлігіндегі жағдайларды қоспағанда, ядролық оқыс оқиға болған жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізу міндеті;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті не жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының залалдарды (суброгацияны) өтеу құқықтарының өтуінен бас тарту;

      3) пайда алушының, сақтандырылушының, сондай-ақ сақтанушының орнына уәкілетті органның сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету құқығы;

      4) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы оның басталған кезінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету міндеті.

      4. Бір алаң шегінде орналастырылған ядролық қондырғылардың барлығына немесе бірнешеуіне қатысты ядролық қондырғы операторымен немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторымен жасалған, келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы ядролық қондырғылардың радиациялық қауіптілігінің неғұрлым жоғары санаты негізге алына отырып, бір ядролық қондырғы үшін айқындалады.

      5. Егер ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты жеке немесе заңды тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартса немесе бұл құқықты жүзеге асыру ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының кінәсінан мүмкін болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылмайды.

      26-5-бап. Талап қоюдың ескіруі

      1. Адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген ядролық нұқсанды өтеумен байланысты талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ядролық оқыс оқиға басталған күннен бастап отыз жыл деп белгіленеді. Ядролық оқыс оқиға басталған күннен бастап отыз жыл өткен соң қойылған талаптар өткен уақыт үшін, бірақ талап қоюдың алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қанағаттандырылады.

      2. Қоршаған ортаға зиян мен жеке және заңды тұлғалардың залалдарын, сондай-ақ алдын алу шараларына арналған шығындарды қоса алғандағы, келтірілген ядролық нұқсанды өтеумен байланысты талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ядролық оқыс оқиға басталған күннен бастап он жыл деп белгіленеді.

      26-6-бап. Регрестік талаптар

      Келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болатын ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының немесе осы Заңда көзделген оны қаржылық қамтамасыз ету тәртібімен мұндай нұқсанды өтеген кез келген басқа заңды тұлғаның:

      1) азаматтық-құқықтық шартта көзделген;

      2) ядролық нұқсанның келтірілуіне кінәлі жеке тұлғаға регресс құқығын қоспағанда, кері талап ету (регресс) құқығы жоқ.

      26-7-бап. Ядролық қондырғы операторын немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторын келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босату тәртібі және негіздері

      1. Ядролық қондырғы операторын немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторын келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босату сот тәртібімен жүргізіледі.

      2. Ядролық нұқсан қарулы қақтығыс, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс немесе көтеріліс салдарынан туындады, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаның пиғылы немесе өрескел абайсыздығы салдарынан толық немесе ішінара келтірілді деген дәлелдемелер болғанда осындай тұлғаға келтірілген ядролық нұқсанды өтеуді төлеу бөлігіндегі жағдайда ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам гражданско-правовой ответственности в сфере использования атомной энергии

Закон Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 329-VІ ЗРК.

      Статья 1. Внести изменение и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 23 апреля 1998 года "О радиационной безопасности населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 5-6, ст.48; 2004 г., № 23, ст.142; 2006 г., № 24, ст.148; 2011 г., № 1, ст.2, 7; № 11, ст.102; 2013 г., № 14, ст.75; 2014 г., № 1, ст.4; № 19-І, 19-II, ст.96; 2016 г., № 1, ст.2; 2018 г., № 19, ст.62; № 23, ст.91; № 24, ст.93):

      статью 15 дополнить словами "и законодательством Республики Казахстан в области использования атомной энергии".

      2. В Закон Республики Казахстан от 12 января 2016 года "Об использовании атомной энергии" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2016 г., № 1, ст.1; 2018 г., № 10, ст.32; 2019 г., № 21-22, ст.90, 91):

      1) в статье 1:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) специальные права заимствования – расчетная единица, определенная Международным валютным фондом и используемая им для операций и сделок;";

      подпункт 33) изложить в следующей редакции:

      "33) ядерная установка – установка, включающая помещения, сооружения и оборудование, на которой осуществляется один или несколько из перечисленных видов деятельности: производство, переработка, использование, транспортировка, хранение, захоронение ядерного материала, за исключением установок для добычи и (или) переработки природного урана или тория;";

      дополнить подпунктами 33-1), 33-2), 34-1) и 34-2) следующего содержания:

      "33-1) единый оператор ядерных установок – оператор ядерной установки, владеющий прямо и (или) косвенно более пятьюдесятью процентами голосующих акций (долей участия в уставном капитале) других операторов ядерных установок, находящихся в пределах одной площадки их размещения;

      33-2) оператор ядерной установки – юридическое лицо Республики Казахстан, эксплуатирующее одну или несколько ядерных установок;";

      "34-1) ядерный ущерб – ущерб, включающий вред жизни или здоровью человека, окружающей среде, а также убытки физических и юридических лиц, причиненный вследствие воздействия ионизирующего излучения в результате обращения с ядерной установкой или ядерным материалом, поступающим с ядерной установки, произведенным в ней или направленным на ядерную установку, а также затраты на превентивные меры;

      34-2) ядерный инцидент – происшествие либо серия происшествий, которые причиняют ядерный ущерб или создают опасность причинения ядерного ущерба;";

      2) статью 5 дополнить подпунктами 8-1) и 8-2) следующего содержания:

      "8-1) обеспечивает выплату денег для возмещения причиненного ядерного ущерба в той части, в которой причиненный ядерный ущерб превышает предел гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок, установленный статьей 26-2 настоящего Закона, посредством предоставления необходимой суммы до полного возмещения причиненного ядерного ущерба, а также в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      8-2) определяет предел гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки первой категории радиационной опасности в случаях и порядке, предусмотренных пунктом 2 статьи 26-2 настоящего Закона;";

      3) дополнить главой 4-1 следующего содержания:

      "Глава 4-1. Гражданско-правовая ответственность оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб и ее финансовое обеспечение

      Статья 26-1. Гражданско-правовая ответственность оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб

      1. Независимо от вины оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок несет гражданско-правовую ответственность за причиненный ядерный ущерб, за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом.

      2. Оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок несет гражданско-правовую ответственность за причиненный ядерный ущерб на основании доказательств, что такой ущерб вызван ядерным инцидентом, связанным с ядерным материалом, поставляемым и (или) произведенным на ядерной установке оператора, и случившимся до того момента, когда иной оператор ядерной установки принял на себя ответственность за ядерный материал в соответствии с законодательством Республики Казахстан и (или) условиями заключенного между ними договора.

      В случае, если ядерный инцидент связан с ядерным материалом, поставляемым иностранному юридическому лицу, находящемуся в пределах территории государства, которое не является стороной международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, по вопросам ответственности за ядерный ущерб, оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок несет гражданско-правовую ответственность до выгрузки ядерного материала с транспортного средства, на котором он был доставлен на территорию государства прибытия.

      В случае, если ядерный инцидент связан с ядерным материалом, поставляемым по согласию оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок от иностранного юридического лица, находящегося в пределах территории государства, которое не является стороной международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, по вопросам ответственности за ядерный ущерб, оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок несет гражданско-правовую ответственность после погрузки ядерного материала на транспортное средство с территории государства его вывоза.

      3. Гражданско-правовая ответственность оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок распространяется на причиненный ядерный ущерб независимо от места его причинения, за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом.

      4. Если наряду с причиненным ядерным ущербом имеются иные убытки, которые не могут быть отделены от убытков, причиненных ядерным инцидентом, то такие убытки признаются ядерным ущербом и подлежат возмещению оператором ядерной установки или единым оператором ядерных установок в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Статья 26-2. Предел гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб

      1. Предел гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб на один ядерный инцидент составляет:

      1) сто пятьдесят миллионов специальных прав заимствования для ядерных установок, относящихся к первой категории радиационной опасности;

      2) пять миллионов специальных прав заимствования для ядерных установок, относящихся ко второй и третьей категориям радиационной опасности.

      2. Учитывая тип, состав, мощность и другие технические параметры ядерных установок, ядерных материалов, радиоактивных отходов, а также их количество, Правительство Республики Казахстан вправе определить иной предел гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб для оператора ядерной установки первой категории радиационной опасности, но не ниже предела, эквивалентного пяти миллионам специальных прав заимствования.

      Статья 26-3. Финансовое обеспечение гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб

      1. Оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок обязан иметь финансовое обеспечение в пределах гражданско-правовой ответственности, установленных статьей 26-2 настоящего Закона, за исключением ядерных установок, находящихся в ведении уполномоченного органа.

      Гражданско-правовая ответственность оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок в отношении нескольких ядерных установок, находящихся в пределах одной площадки их размещения, может быть представлена финансовым обеспечением, размер которого определяется как для одной ядерной установки, исходя из наиболее высокой категории радиационной опасности ядерных установок.

      2. Способы финансового обеспечения гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб определяются оператором ядерной установки или единым оператором ядерных установок.

      Финансовое обеспечение гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок в случае возмещения причиненного ядерного ущерба состоит из страхования гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб или иного обеспечения, предусмотренного законодательством Республики Казахстан.

      3. Юридическое лицо, включая страховщика, предоставившее оператору ядерной установки или единому оператору ядерных установок финансовое обеспечение в пределах гражданско-правовой ответственности, установленных статьей 26-2 настоящего Закона, не вправе в одностороннем порядке приостановить или прекратить финансовое обеспечение, не уведомив его и уполномоченный орган об этом в письменной форме не менее чем за сто пятьдесят календарных дней до даты приостановления или прекращения финансового обеспечения.

      4. Проверка наличия финансового обеспечения гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок осуществляется в соответствии со статьями 7 и 7-1 настоящего Закона.

      Статья 26-4. Договор страхования гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб

      1. Страхование гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан с учетом особенностей, установленных настоящим Законом.

      2. Единый оператор ядерных установок вправе осуществлять страхование гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб в отношении одной или нескольких ядерных установок.

      3. Договор страхования гражданско-правовой ответственности оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок за причиненный ядерный ущерб должен содержать следующие условия:

      1) обязанность страховщика произвести страховую выплату в случае ядерного инцидента, за исключением случаев, когда ядерный ущерб возник вследствие вооруженного конфликта, военных действий, гражданской войны или восстания, а также причинен полностью или частично в результате умысла или грубой неосторожности физического и (или) юридического лица в части выплаты возмещения причиненного ядерного ущерба такому лицу;

      2) отказ от перехода к страховщику, обязанному осуществить либо осуществившему страховую выплату, прав страхователя на возмещение убытков (суброгацию), за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом;

      3) право выгодоприобретателя, застрахованного, а также уполномоченного органа вместо страхователя уведомлять страховщика о наступлении страхового случая;

      4) обязанность уведомлять страховщика о наступлении страхового случая не позднее десяти рабочих дней с момента его наступления.

      4. Страховая сумма по договору страхования гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб, заключенному с оператором ядерной установки или единым оператором ядерных установок в отношении всех или нескольких ядерных установок, находящихся в пределах одной площадки их размещения, определяется как для одной ядерной установки, исходя из наиболее высокой категории радиационной опасности ядерных установок.

      5. Страховщик не освобождается от осуществления страховой выплаты, если оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок отказался от своего права требования к физическому или юридическому лицу, ответственному за убытки, возмещенные страховщиком, или осуществление этого права стало невозможным по вине оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок.

      Статья 26-5. Исковая давность

      1. Срок исковой давности по требованиям, связанным с возмещением ядерного ущерба, причиненного жизни или здоровью человека, устанавливается в тридцать лет со дня наступления ядерного инцидента. Требования, предъявленные по истечении тридцати лет со дня наступления ядерного инцидента, удовлетворяются за прошлое время, но не более чем за три года, предшествовавшие предъявлению иска.

      2. Срок исковой давности по требованиям, связанным с возмещением причиненного ядерного ущерба, включающего вред окружающей среде и убытки физических и юридических лиц, а также затраты на превентивные меры, устанавливается в десять лет со дня наступления ядерного инцидента.

      Статья 26-6. Регрессные требования

      Оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок, несущий гражданско-правовую ответственность за причиненный ядерный ущерб, или любое другое юридическое лицо, возместившее такой ущерб в порядке его финансового обеспечения, предусмотренного настоящим Законом, не имеет права обратного требования (регресса), за исключением права регресса:

      1) предусмотренного гражданско-правовым договором;

      2) к физическому лицу, виновному в причинении ядерного ущерба.

      Статья 26-7. Порядок и основания освобождения оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок от гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб

      1. Освобождение оператора ядерной установки или единого оператора ядерных установок от гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб производится в судебном порядке.

      2. Оператор ядерной установки или единый оператор ядерных установок освобождается от гражданско-правовой ответственности за причиненный ядерный ущерб в случае наличия доказательств того, что ядерный ущерб возник вследствие вооруженного конфликта, военных действий, гражданской войны или восстания, а также причинен полностью или частично в результате умысла или грубой неосторожности физического и (или) юридического лица в части выплаты возмещения причиненного ядерного ущерба такому лицу.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ