1947 жылғы 21 қарашада Нью-Йоркте қабылданған Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция Конвенцияға мынадай ескертпемен және мәлімдемемен ратификациялансын:
1. Конвенцияның VI бабы 19-бөлімінің с), d) және е) тармақшаларында белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттер Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты қолданылмайтын болады.
2. Қазақстан Республикасы Конвенцияның ІІІ бабы 9-бөлімінің b) және с) тармақшаларына сәйкес "кедендік алымдар" деген термин Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес босату берілетін кедендік төлемдердің барлық түрлері деп түсінілетіндігін мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1947 жылғы 21 қарашада бекіткен
Қосымшалардың түпкілікті мәтіндері және қайта қаралған мәтіндері (Мамандандырылған мекемелер 2003 жылғы 1 сәуірге дейін бекіткен)
Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1947 жылғы 21 қарашада бекіткен
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1946 жылғы 13 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымы және әртүрлі мамандандырылған мекемелер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттердің біркелкілігін мүмкін болғандықтан, белгілеуді көздейтін қарар қабылдағанын назарға ала отырып,
жоғарыда көрсетілген қарарды өмірге енгізу туралы мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы мен мамандандырылған мекемелер арасында консультациялар өткенін назарға ала отырып,
Бас Ассамблея 1947 жылғы 21 қарашада қабылдаған 179 (II) қарарымен төмендегі Конвенцияны бекітті, онда мамандандырылған мекемелерге оны қабылдау және Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне және бір немесе бірнеше мамандандырылған мекеменің барлық басқа мүше мемлекеттеріне оған қосылу үшін ұсынылады.
I бап Анықтамалар және қолданылу саласы
Осы Конвенцияда:
i) "стандартты баптар" деген сөз тіркесі ІІ-ІХ баптардың ережелеріне жатады.
ii) "мамандандырылған мекемелер" деген сөз тіркесі мыналарға:
a) Халықаралық еңбек ұйымына;
b) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымына;
c) Біріккен Ұлттар Ұйымының Ағартушылық, ғылым және мәдениет ұйымына;
d) Халықаралық азаматтық авиация ұйымына;
е) Халықаралық валюта қорына;
f) Халықаралық қайта құру және даму банкіне;
g) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына;
һ) Дүниежүзілік пошта одағына;
і) Халықаралық электр байланысы одағына; және
j) Жарғының 57 және 63-баптарына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланыстағы барлық басқа мекемелерге қатысты қолданылады.
ііі) "Конвенция" деген термин кез келген мамандандырылған мекемеге қатысты қолданылғанда 36 және 38-бөлімдерге сәйкес осы мекемелерге ұсынылған қосымшаның түпкілікті (немесе қайта қаралған) мәтініне сәйкес өзгертілген стандартты баптарды білдіреді.
іv) III баптағы "мүлкі мен активтері" деген сөздер мамандандырылған мекемелер өздерінің жарғыларында көзделген функцияларды орындаған кезде олар басқаратын мүлік пен қорларды да қамтиды.
v) V және VII баптардағы "мүшелерінің өкілдері" деген сөз тіркесі өкілдерді, орынбасарларды, кеңесшілерді, техникалық сарапшыларды және делегациялардың хатшыларын қамтиды.
vі) 13, 14, 15 және 25-бөлімдердегі "мамандандырылған мекемелер шақырған отырыстар" деген сөздер мыналарды: 1) олардың жалпы жиналыстарының және атқарушы органдарының (атауына қарамастан), 2) өздерінің жарғыларында көзделген комиссиялардың, 3) өздері шақырған конференциялардың және 4) осы органдардың басқа да комитеттерінің отырыстарын білдіреді.
vіі) "Бас әкімші" деген термин оның "бас директор" деп немесе қандай да бір басқаша аталатынына қарамастан, осы мамандандырылған мекеменің бас әкімшісі дегенді білдіреді.
Осы Конвенция 37-бөлімге сәйкес қолданылатын қандай да бір мамандандырылған мекемеге қатысты осы Конвенцияға қосылған әрбір мемлекет осы мекемеге немесе осы мекемемен байланысты стандартты баптарда жазылған, соларда көзделген шарттарда, осы мекемеге қатысты және 36 және 38-бөлімдерге сәйкес ұсынылған түпкілікті (немесе қайта қаралған) қосымшаның ережелерінде қамтылған өзгерістерге жататын артықшылықтар мен иммунитеттерді ұсынады.
II бап Құқықтық мәртебе
Мамандандырылған мекеменің заңды тұлға мәртебесі болады. Олар а) келісімшарт жасасу, b) жылжымайтын және жылжымалы мүлікті сатып алу және оларды иелену және с) сотпен қудалау ісін қозғайтын құқық қабілеттілігіне ие.
III бап Мүлік, қорлар және активтер
Мүлкі мен активтері бар мамандандырылған мекемелер олар қай жерде және кімнің иелігінде болмасын, олардың қандай да бір жекелеген жағдайда иммунитеттен анық бас тартатын жағдайлардан басқа, соттық араласудың кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады. Алайда иммунитеттен ешқандай бас тарту сот шешімдерін орындау шараларына қолданылмайды деп болжанады.
Мамандандырылған мекемелердің үй-жайларына қол сұғылмайды. Мамандандырылған мекемелердің мүлкі мен активтері қай жерде және кімнің иелігінде болмасын, тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге, экспроприациялауға жатпайды немесе атқарушылық, әкімшілік және сот әрекеттері арқылы да, заңнамалық әрекеттер арқылы да араласудың қандай да бір басқа нысанына жатпайды.
Мамандандырылған мекемелердің архивтері және жалпы оларға тиесілі немесе оларда сақтаулы барлық құжаттар қай жерде болмасын, оларға қол сұғылмайды.
Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе қандай да бір түрдегі мораториймен шектелмеген,
a) мамандандырылған мекемелер кез келген түрдегі қорларға, алтынға немесе валютаға иелік ете алады және кез келген валютамен операциялар жүргізе алады;
b) мамандандырылған мекемелер өздерінің қорларын, алтынын немесе валютасын бір елден екінші елге еркін аудара алады немесе кез келген елдің шегінде және өзінің билігіндегі кез келген валютаны кез келген басқа валютаға айырбастай алады.
Алдыңғы 7-бөлімге сәйкес өз құқықтарын пайдаланғанда әрбір мамандандырылған мекеме осы Конвенцияға қосылған кез келген мемлекеттің үкіметі тарапының ұсынуларымен санасуға тиіс, өйткені ол мұндай ұсыныстардың осы мекеменің мүдделеріне нұқсан келтірмей қанағаттандырылуы мүмкін деп таниды.
Мамандандырылған мекемелер, олардың активтері, кірістері және басқа да меншігі:
a) барлық тікелей салықтардан босатылады; алайда мамандандырылған мекемелер іс жүзінде коммуналдық қызмет көрсету төлемі ғана болып табылатын салық салудан босатуды талап етпейді;
b) мамандандырылған мекемелер қызметтік пайдалануға арналған заттарды әкелу немесе әкету кезінде кедендік алымдардан, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. Алайда осындай алып қоюларға сәйкес әкелінген заттарды олар әкелінген елдің үкіметі әзірлеген шарттардан өзге жағдайларда әкелінген елде сатылмайды деп болжанады;
c) меншікті басылымдарды әкелу және әкету кезінде кедендік алымдардан және импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады.
Мамандандырылған мекемелер жалпы қағидадағыдай, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатқан кезде сату бағасына қосылатын акциздік алымдар мен салықтардан босатуды талап етпесе де, мамандандырылған мекемелер ресми мақсаттар үшін осындай салықтар мен баждар салынған немесе салуға жататын елеулі мөлшердегі мүліктерді сатып алған жағдайда, осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер, мүмкін болған жағдайда, баждарды немесе салықтарды төлеуден босатуға немесе төленген соманы қайтаруға тиісті әкімшілік шаралар қолданатын болады.
IV бап Байланыс құралдары
Өзінің ресми байланысы үшін әрбір мамандандырылған мекеме Конвенцияға қосылған әрбір мемлекеттің аумағында осы мемлекеттің үкіметі кез келген басқа үкіметтің дипломатиялық өкілдігін қоса алғанда, пошта жөнелтілімдеріне, каблограммаларға, жеделхаттарға, радиограммаларға, телефото, телефон және басқа да байланыс құралдарына қатысты, сондай-ақ баспасөз бен радиодан берілетін ақпарат үшін төмендетілген мөлшерлемелерге қатысты соңғысына ұсынатын басымдықтан, тарифтер мен мөлшерлемелерден қолайлылығы кем емес жағдайларды пайдаланады.
Мамандандырылған мекемелердің ресми хат-хабары және басқа да ресми хабарламалары цензураға жатпайды.
Мамандандырылған мекемелердің шифрларды пайдалануға және дипломатиялық курьерлер мен вализалар сияқты иммунитеттер мен артықшылықтарды қолданатын курьерлер немесе вализа арқылы хат-хабарлар алуға және жөнелтуге құқығы бар.
Осы бөлімде ешнәрсе де Конвенцияға қосылған мемлекеттер мен мамандандырылған мекемелер арасындағы келісімдерде айқындалатын тиісті сақтық шараларын қолдануды болғызбайтын ереже ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
V бап Мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдері
Мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдері алғашқы аталғандар шақырған отырыстарда өздерінің міндеттерін орындау кезінде және отырыс орнына бару және кері қайту кезінде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын қамақтан немесе ұстаудан және жеке багажға тыйым салудан иммунитетті, сондай-ақ лауазымды адамдар ретінде өздерінің барлық айтқандарына, жазғандарына немесе жасағандарына қатысты сот-процестік иммунитеттің түрін;
b) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
c) шифр пайдалану және курьерлер немесе вализа арқылы қағаздар немесе хат-хабарлар алу құқығын;
d) өздері уақытша келген немесе өз міндеттерін орындау кезінде олар жүріп өтетін елде өздері мен олардың әйелдерінің көшіп келуі, шетелдіктерді тіркеу және мемлекеттік қызметтік міндеткерлік жөніндегі шектеулерін алып тастауды;
е) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты шетелдік үкіметтердің уақытша қызметтік іссапарлардағы өкілдеріне берілетін жеңілдіктерді;
f) өздерінің жеке багажына қатысты тиісті дәрежедегі дипломатиялық өкілдерге берілетін иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Мамандандырылған мекемелер шақырған отырыстарға қатысатын олардың мүшелерінің өкілдеріне өздерінің міндеттерін орындау кезінде толық сөз бостандығын және толық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, өздерінің барлық айтқандарына немесе жазғандарына қатысты, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде, тіпті белгіленген адамдар осы міндеттерді орындауды тоқтатқаннан кейін де, өздері жасаған барлық әрекеттерге қатысты сот-процестік иммунитетінің берілуі жалғасады.
Қандай да бір нысандағы салық салу осы елде тұруға байланысты болса, осы мекемелер шақырған отырыстарға қатысушы мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдері сол кезең ішінде өз міндеттерін орындау үшін мүше мемлекеттің шегінде болатын кезең, ол осы елде тұру кезеңдері ретінде қаралмайды.
Артықшылықтар мен иммунитеттер мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдеріне жекелеген адамдардың жеке пайдасы үшін емес, мамандандырылған мекемелердің жұмысына байланысты өз функцияларын тәуелсіз орындауын қамтамасыз ету үшін беріледі. Сондықтан мамандандырылған мекеменің мүшелігіндегі мемлекеттің пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту мақсаттары үшін берілген иммунитетке нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның өз өкілдерінің иммунитетінен бас тарту құқығына ие болып қана қалмай, одан бас тартуға құқығы бар және міндетті.
13, 14 және 15-бөлімдердің ережелері осы адам азаматы болып тұрған немесе өкілі болған немесе болып табылатын мемлекет билігіне қатысты қолданылмайды.
VI бап Лауазымды адамдар
Әрбір мамандандырылған мекеме осы баптың және VIII баптың ережелері қолданылуға тиіс лауазымды адамдардың санаттарын айқындайды. Ол бұл ақпаратты осы мекеменің мүшелері ретінде осы Конвенцияға қосылған барлық мемлекеттердің үкіметтеріне және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына ұсынады. Осы санатқа енгізілген лауазымды адамдардың тегі жоғарыда көрсетілген үкіметтердің назарына мезгіл-мезгіл жеткізіліп тұрады.
Мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдары:
a) лауазымды адамдар ретінде өздері айтқан немесе жазған және жасаған барлық әрекеттері үшін соттық жауаптылыққа жатпайды;
b) мамандандырылған мекемелер өздеріне төлейтін жалақы мен сыйақыға салық салудан алып қоюларды Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдары сияқты пайдаланатын шарттардағыдай пайдаланады;
c) өздерінің әйелдерімен және асырауындағы туыстарымен бірге көшіп келу жөніндегі шектеулерден және шетелдіктерді тіркеуден босатылады;
d) дипломатиялық миссиялардың құрамына кіретін тиісті дәрежедегі лауазымды адамдарға валюта айырбастауға қатысты берілетіндей артықшылықтарды пайдаланады;
е) өздерінің әйелдерімен және асырауындағы туыстарымен бірге халықаралық дағдарыстар кезінде дипломатиялық миссиялардың құрамына кіретін тиісті дәрежедегі лауазымды адамдар репатриация бойынша пайдаланатын жеңілдіктерді пайдаланады;
f) тиісті елде лауазымға бастапқы кірісу кезінде өзінің жиһазы мен мүлкін бажсыз әкелуге құқығы бар.
Мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдары олардың өздері азаматы болып табылатын мемлекеттерге қатысты осындай алып қоюларды, өздерінің міндеттеріне қарай тектері тиісті мамандандырылған мекемелердің бас әкімшілері жасаған және тиісті үкіметтер бекіткен тізімдерге енгізілген мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдары ғана пайдаланатын жағдайларда мемлекеттік міндеттерден босатылады.
Мамандандырылған мекемелердің басқа лауазымды адамдары мемлекеттік міндеткерлікті орындау үшін шақырылған жағдайда, тиісті мамандандырылған мекеменің өтініші бойынша тиісті үкімет осы лауазымды адамдарды шақыруға қатысты мекеменің негізгі жұмысын жалғастыруда үзілісті болғызбау үшін қажет болатын уақытша кейінге қалдыруды ұсынады.
19 және 20-бөлімдерде көрсетілген иммунитеттер мен артықшылықтардан басқа, бас әкімші және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын лауазымды адамдар өздеріне, өздерінің әйелдеріне және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына да қатысты халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық өкілдерге берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді, алып қоюлар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Артықшылықтар мен иммунитеттер лауазымды адамдарға олардың жеке басының пайдасы үшін емес, мамандандырылған мекемелердің мүдделері үшін ғана беріледі. Әрбір мамандандырылған мекеменің пікірі бойынша, иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және иммунитеттен бас тарту мамандандырылған мекеменің мүдделеріне нұқсан келтірмей жүргізілуі мүмкін жағдайларда, оның кез келген лауазымды адамға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
Әрбір мамандандырылған мекеме сот төрелігін тиісінше іске асыруды жеңілдету, полицияның нұсқамаларын орындауды қамтамасыз ету және осы бапта айтылған артықшылықтарға, иммунитеттерге және жеңілдіктерге байланысты қандай да бір теріс пайдаланулардың алдын алу мақсатында мүше мемлекеттердің тиісті биліктерімен тұрақты түрде ынтымақтасады.
VII бап Артықшылықтарды теріс пайдалану
Егер осы Конвенцияға қосылған қандай да бір мемлекет осы Конвенцияда көзделетін қандай да бір артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдалануы орын алды деп тапса, осындай теріс пайдаланудың орын алғанын не орын алмағанын анықтау үшін және осындай теріс пайдаланудың қайталануын болғызбаудың әдістерін табуға ұмтылу үшін осы мемлекет пен тиісті мамандандырылған мекеменің арасында консультациялар өткізіледі. Егер осындай консультациялардың нәтижелері осы мемлекетті және тиісті мамандандырылған мекемені қанағаттандырмаса, артықшылықтарды немесе иммунитеттерді теріс пайдаланудың орын алғанын не орын алмағанын анықтау жөніндегі мәселе 32-бөлімге сәйкес Халықаралық Сотқа жіберіледі. Егер Халықаралық Сот осындай теріс пайдалану орын алды деп тапса, көрсетілген теріс пайдалану туралы мәлімдеген, Конвенцияға қосылған мемлекет тиісті мамандандырылған мекемені хабардар ете отырып, осы мамандандырылған мекемеге теріс пайдалану нысанасы болған артықшылықтарды немесе иммунитеттерді бермеуге құқығы бар.
1. Мамандандырылған мекемелер шақыратын отырыстарда мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдері өз міндеттерін орындаған кезде және отырыс орнына барған және өз елдеріне қайтқан уақытта, сондай-ақ 18-бөлімде көзделген лауазымды адамдар өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жүргізген қандай да бір қызмет себебімен өз міндеттерін орындайтын елдердің аумақтық биліктерінің талап етуі бойынша елден шығарылмайды. Алайда, осындай адамдардың тарапынан өздерінің осы елдегі қызметтік міндеттеріне кірмейтін әрекеттері арқылы, осы елде тұруға байланысты артықшылықтар теріс пайдаланылған жағдайда, үкімет осы адамдардың мынадай шартпен өз елінен кетуін талап ете алады:
2. і) мамандандырылған мекемелер мүшелерінің өкілдері немесе 21-бөлімге сәйкес дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар осы елдің шегінен тек осы елде аккредиттелген дипломатиялық өкілдерге қолданылатын дипломатиялық рәсімге сәйкес қана шығарылады;
іі) 21-бөлімнің ережелері қолданылмайтын лауазымды адамдарды шығарып жіберу туралы бұйрық осы елдің сыртқы істер министрінің растауымен ғана беріледі және бұл растау тиісті мамандандырылған мекеменің бас әкімшісімен жасалатын консультация арқылы ғана жүзеге асырылады және қандай да бір лауазымды адамды шығарып жіберу туралы істің қозғалуы бойынша мамандандырылған мекеменің бас әкімшісінің осы адамның өкілі ретінде әрекет етуге құқығы бар.
VIII бап Рұқсаттамалар
Мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдарына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы мен уәкілеттік берілген мамандандырылған мекемелердің рұқсаттамаларды беру құқығына сенім білдіруі мүмкін биліктері арасында жасалатын әкімшілік келісімдерге сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсаттамаларын пайдалану құқығы беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерге осы мақсатта жасалған әрбір келісім туралы хабарлайды.
Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдарына берілетін Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсаттамасын олардың аумақтары бойынша сапарлар жасау үшін заңды құжаттар ретінде таниды және қабылдайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсаттамасы бар мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдарынан талап етілетін визаларды беру туралы өтініштер, бұл өтініштер осы адамдардың мамандандырылған мекемелердің істері бойынша бара жатқанын білдіретін куәліктермен бірге жүргенде, шұғыл тәртіппен қаралады. Бұдан басқа, мұндай адамдарға тез жүріп-тұруы үшін жеңілдіктер беріледі.
28-бөлімде көзделген жеңілдіктер сияқты жеңілдіктер Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсаттамасы жоқ, бірақ олардың мамандандырылған мекемелердің істері бойынша жүретінін білдіретін куәліктермен қамтылған сарапшыларға және басқа да адамдарға беріледі.
Мамандандырылған мекемелердің істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсаттамаларымен бара жатқан мамандандырылған мекемелердің бас әкімшілері, бас әкімшілердің көмекшілері, департаменттердің бастықтары және дәрежесі департамент бастығынан төмен емес басқа да лауазымды адамдар сапарлары кезінде тиісті дәрежедегі дипломатиялық өкілдерге берілетін жеңілдіктерді пайдаланады.
ІХ бап Дауларды шешу
Әрбір мамандандырылған мекеме:
a) мамандандырылған мекеме тарапы болып табылатын келісімшарттарға байланысты туындайтын дауларды немесе жекеше сипаттағы басқа да дауларды;
b) 22-бөлімнің ережелеріне сәйкес, егер осы иммунитеттен бас тартылмаған болса, өзінің ресми жағдайына орай иммунитетті пайдаланатын мамандандырылған мекемелердің қандай да бір лауазымды адамына қатысты дауларды шешудің тиісті тәсілдеріне арналған ережелерді белгілейді.
Тараптар келіспеушіліктерді өзге жолмен шешуге келіскен жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияны түсіндіруден немесе қолданудан туындайтын барлық келіспеушіліктер Халықаралық Сотқа беріледі. Бір тараптан қандай да бір мамандандырылған мекеме мен екінші тараптан мүше мемлекеттің арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Жарғының 96-бабына және Сот статутының 65-бабына және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен тиісті мамандандырылған мекемелердің арасында жасалған келісімдердің тиісті ережелеріне сәйкес осы келіспеушіліктерге байланысты кез келген заңдық мәселе бойынша консультациялық қорытынды сұралады. Соттың қорытындысын тараптар шешуші деп таниды.
X бап Қосымшалар және Конвенцияның жекелеген мамандандырылған мекемелерге қолданылуы
Әрбір мамандандырылған мекемеге қатысты стандартты баптар 36 және 38-бөлімдерде көзделгендей, осы Конвенцияға қосымшаның осы мекемеге қатысты түпкілікті (немесе қайта қаралған) мәтініндегі көрсетілген өзгерістерімен қолданылуға жатады.
Конвенцияның кез келген мамандандырылған мекемеге қатысты ережесі осы мекемеге оның құрылтай актісімен жүктелген функциялары аясында түсіндірілуге тиіс.
І-ІХ1 қосымшалардың жобалары оларда көрсетілген мамандандырылған мекемелер үшін ұсынылады. Қандай да бір мамандандырылған мекеме 1-бөлімде көрсетілмеген жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы мекемеге Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынған қосымшаның жобасын жібереді.
Осы мамандандырылған мекеме өзінің жарғысында белгіленген рәсімге сәйкес бекіткен әрбір қосымша түпкілікті мәтін болып табылады. Әрбір мамандандырылған мекеме бекіткен қосымшаның көшірмесін осы мекеме Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына береді және одан кейін 35-бөлімде көрсетілген жоба онымен алмастырады.
Осы Конвенцияны әрбір мамандандырылған мекемеге қолдану соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тиісті қосымшаның түпкілікті мәтінін беруінен және оған өздерінің қосымшада көрсетілген өзгерістері бар стандартты баптарды қабылдайтынын хабарлаудан және 8, 18, 22, 23, 24, 31, 32, 42 және 45-бөлімдердің (осы мекеменің құрылтай актісімен бірге қосымшаның түпкілікті мәтінін келісу үшін ескерілуі мүмкін 32-бөлімнің өзгерістерімен бірге) ережелерін және осы мекемеге міндеттеме жүктейтін қосымшаның барлық ережелерін өмірге енгізуге міндеттенуден басталады. Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне және мамандандырылған мекемелердің мүшелері болып табылатын басқа мемлекеттерге оған осы бөлімге сәйкес берілген және қайта қаралып, 38-бөлімге сәйкес берілген барлық қосымшалардың куәландырылған көшірмелерін жібереді.
__________________
1Бұл қосымшалардың жобалары Бас Ассамблеяның Ресми есептерінде, екінші сессия, қарарлар, 69-шы және келесі бетте орналастырылған.
Егер қандай да бір мамандандырылған мекеме 36-бөлімге сәйкес түпкілікті қосымшаны бергеннен кейін өзінің жарғысында белгіленген рәсімге сәйкес осы қосымшаға қандай да бір түзетулерді бекітсе, осы мекеме қайта қаралған қосымшаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына береді.
Осы Конвенцияның ережелері қандай да бір мемлекет қандай да бір мамандандырылған мекемеге осы мемлекеттің аумағы шегінде тұруына орай осы мекеменің бас басқармасына немесе өңірлік бөлімшесіне ұсынған немесе кейінірек ұсынуы мүмкін артықшылықтар мен иммунитеттерді ешқандай түрде шектемейді және бұзбайды. Конвенцияға қосылған мемлекет пен мамандандырылған мекеменің арасында осы Конвенцияның ережелерін реттейтін, оған берілетін иммунитеттермен артықшылықтарды кеңейтетін немесе шектейтін қосымша келісімдер жасасуға осы Конвенция кедергі келтірмейді деп болжанады.
Мамандандырылған мекеме Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына берген қосымшаның түпкілікті мәтінінде жазылған өзгерістерімен стандартты баптардың 36-бөліміне сәйкес (немесе 38-бөлімге сәйкес берілген, қайта қаралған кез келген қосымшамен) осы уақытта қолданыста болатын осы мекеменің құрылтай актісін келісілетіні және көрсетілген құрылтай актісін келісу мақсатында осы актіге қандай да бір түзету енгізу қажет болған жағдайда түзетудің қосымшаның түпкілікті (немесе қайта қаралған) мәтіні берілгенге дейін осы мекеменің жарғысында белгіленген тәртіпке сәйкес енгізілетіні болжанады.
Конвенцияның өзі мамандандырылған мекемелердің құрылтай актілерінің қандай да бір ережелерін немесе осы мамандандырылған мекеме өздерінде бар, иеленуі мүмкін немесе өзіне қабылдай алатын қандай да бір басқа құқықтары мен міндеттемелерін жоймайтындай және кемітпейтіндей түрде қолданылады.
XI бап Қорытынды ережелер
Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің және мамандандырылған мекемелердің мүшесі болып табылатын мемлекеттердің осы Конвенцияға қосылуы (42-бөлімнің ережелері сақталған жағдайда) сақтауға тапсырылған күні күшіне енетін қосылу туралы актіні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсыру арқылы жүргізіледі.
Әрбір мүдделі мамандандырылған мекеме осы Конвенцияның мәтінін тиісті қосымшаларымен бірге өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері болып табылмайтын мүшелеріне хабарлайды және оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына немесе мамандандырылған мекеменің бас әкімшісіне осы мекеменің мүшесі ретінде осы Конвенцияға қосылу туралы актіні сақтауға тапсыру арқылы көрсетілген мекеменің мүшесі ретінде Конвенцияға қосылуға шақырады.
Осы Конвенцияға қосылған әрбір мемлекет қосылу туралы өз актісінде осы Конвенцияның ережелерін қолдануға міндеттенетін мамандандырылған мекемені немесе мекемелерді көрсетеді. Осы Конвенцияға қосылған әрбір мемлекет, кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама ұсыну бойынша осы Конвенцияның ережелерін тағы бір немесе бірнеше мамандандырылған мекемеге қолдануға міндеттене алады. Көрсетілген жазбаша хабарлама оны Бас хатшы алған күні күшіне енеді.
Осы Конвенция қандай да бір мамандандырылған мекеменің мүшесі ретінде қосылған әрбір жекелеген мемлекетке қатысты, ол 37-бөлімге сәйкес қолдануға болатын және көрсетілген мемлекет Конвенцияның ережелерін 43-бөлімге сәйкес осы мекемеге қолдану міндеттемесін өзіне қабылдағанда күшіне енеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне, сондай-ақ мамандандырылған мекемелердің барлық мүшелеріне және мамандандырылған мекемелердің бас әкімшілеріне 41-бөлімге сәйкес алынған қосылу туралы әрбір актіні және 43-бөлімнің негізінде кейінгі хабарламаларды сақтауға тапсыру туралы хабарлайды. Мамандандырылған мекеменің бас әкімшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына және тиісті мекеменің мүшелеріне 42-бөлімге сәйкес өзіне сақтауға тапсырылған қосылу туралы әрбір актіні сақтауға алғаны туралы хабарлайды.
Қосылу туралы акт немесе кейінгі хабарлама қандай да бір мемлекеттің атынан сақтауға тапсырылса, ол мемлекет өзінің заңына сәйкес қосылу туралы осы актілерде немесе хабарламаларда айтылған мекемелерге қатысты түпкілікті мәтінде немесе қандай да бір басқа қосымшаларда көзделген өзгерістерімен осы Конвенцияның шарттарын орындайтын жағдайда екені болжанады.
1. Осы бөлімнің 2 және 3-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда Конвенцияға қосылған әрбір мемлекет қосылу туралы өзінің актісінде немесе кейінгі хабарламада көзделген әрбір мамандандырылған мекемеге қатысты қайта қаралған Конвенция немесе қосымша күшіне енгенге дейін және көрсетілген мемлекет қайта қаралған осы Конвенцияны немесе қосымшаны қабылдағанға дейін осы Конвенцияны қолдануға міндеттенеді. Қайта қаралған қосымшаларды мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберілетін, оны Бас хатшы алған күні күшіне енетін хабарлама арқылы қабылдайды.
2. Алайда қандай да бір мамандандырылған мекеменің мүшесі болып табылмайтын немесе мүшесі болуды тоқтатқан Конвенцияға қосылған әрбір мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына және тиісті мекеменің бас әкімшісіне өзінің осы мамандандырылған мекемені осы Конвенциядан туындайтын басымдықтардан белгілі бір мерзімге, бірақ осы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін айыру ниеті туралы жазбаша хабарлама бере алады.
3. Осы Конвенцияға қосылған әрбір мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысын жоғалтқан мамандандырылған мекемелерге осы Конвенциядан туындайтын басымдықтарды бермеуі мүмкін.
4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Ұйымның мүшелері болып табылатын, Конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерге алдыңғы тармақтың ережелеріне сәйкес оған берілген барлық хабарламалар туралы хабарлайды.
Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттердің үштен бірінің талап етуі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияны қайта қарау үшін конференция шақырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның көшірмесін барлық мамандандырылған мекемелерге және Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттердің үкіметтеріне жібереді.
Қосымшалардың түпкілікті мәтіндері және қайта қаралған мәтіндері (Мамандандырылған мекемелер 2003 жылғы 1 сәуірге дейін бекіткен)
I қосымша1 Халықаралық еңбек ұйымы [Аударма]
Халықаралық еңбек ұйымына қатысты стандартты баптар төмендегідей ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың (13-бөлімнің (с) тармағын қоспағанда) және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өкілдері болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының Басшы органының мүшелері мен мүшелерінің орынбасарларына және оларды алмастыратын адамдарға қолданылады, алайда белгіленген адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Басшы орган жүзеге асырады.
2. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер Халықаралық еңбек бюросы бас директорының орынбасарларына және Халықаралық еңбек бюросы бас директорының көмекшілеріне де беріледі.
3. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан имунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
с) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) 3 (і) тармағының (d) тармақшасына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде жазылған қағидат қолданылады.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
___________________
1Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1948 жылғы 14 қыркүйекте алды.
II қосымша1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы [Аударма]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегідей ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Кеңесінің төрағасына қолданылады, алайда Төрағаға қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Ұйым Кеңесі жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) 2 (і) тармағының (d) тармақшасына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар. иммунитеттер, алып қоюлар және жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының орынбасарларына да беріледі.
___________________________
1 Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1948 жылғы 13 желтоқсанда алды.
II қосымша1 (Қайта қаралған мәтін) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы [Аударма]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегідей ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Кеңесінің төрағасына және қауымдасқан мүшелердің өкілдеріне қолданылады, алайда Төрағаға қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Ұйым Кеңесі жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты және Ұйыммен қатынаста шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) 2 (і) тармағының (d) тармақшасына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, иммунитеттер, алып қоюлар және жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының орынбасарларына да беріледі.
___________________
1Бас хатшы ағылшын, француз және испан тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1960 жылғы 26 мамырда алды.
II қосымша1 (Екінші кайта қаралған мәтін) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы [Аударма]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегідей ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Кеңесінің төрағасына және қауымдасқан мүшелердің өкілдеріне қолданылады, алайда Төрағаға қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Ұйым Кеңесі жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
а) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
с) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты және Ұйыммен қатынаста шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) 2 (і) тармағының (d) тармақшасына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, иммунитеттер, алып қоюлар және жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының орынбасарына және директорының көмекшісіне беріледі.
_________________
1Бас хатшы ағылшын, француз және испан тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1965 жылғы 28 желтоқсанда алды.
III ҚОСЫМША1 Халықаралық азаматтық авиация ұйымы [Аударма]
Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, иммунитеттер, алып қоюлар және жеңілдіктер Ұйым Кеңесінің төрағасына да беріледі.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
іі) 2 (і) тармағының (d) тармақшасына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
ііі) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
_____________
1 Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1948 жылғы 11 тамызда алды.
IV ҚОСЫМША1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы [Аударма]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Конференция төрағасына және Ұйымның Басқарма мүшелеріне, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен кеңесшілеріне қолданылады, алайда аталған адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Басқарма жүзеге асырады.
2. Ұйымның Бас директорының орынбасары, оның әйелі мен кәмелетке толмаған балалары да VI баптың 21-бөлімімен әрбір мамандандырылған мекеменің бас әкімшісіне берілетін халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық өкілдерге берілген артықшылықтарды, иммунитеттерді, алып қоюлар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
3. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
с) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетелдік үкіметтердің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
іі) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
______________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1949 жылғы 7 ақпанда алды.
V ҚОСЫМША1 Халықаралық валюта қоры [Аударма]
Конвенция (осы толықтыруды қоса алғанда) Халықаралық валюта қорына (бұдан әрі "Қор" деп аталады) қатысты төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. Стандартты баптардың 32-бөлімі Қордың өзінің жарғысына орай немесе қандай да бір басқа негізде талап ету құқығы болатындарға емес, осы Конвенциямен Қорға берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын дауларға қатысты ғана қолданылады.
2. Конвенцияның ережелері (осы толықтыруды қоса алғанда) Қор жарғысының ережелерін өзгертпейді және өзгертуді талап етпейді және Қорға, оның мүшелеріне, директорларына, билік етуші-директорларына, орынбасарларына, лауазымды адамдарына және қызметшілеріне Қор жарғысы немесе Қордың кез келген мүше мемлекетінің немесе осындай мемлекеттің кез келген саяси бөлімшесінің статуттарында, заңдарында және ережелерінде берілетін немесе қандай да бір өзгеше түрде берілген құқықтарды, иммунитеттерді, артықшылықтар мен алып қоюларды бұзбайды және шектемейді.
________________
1Бас хатшы ағылшын тіліндегі теңтүпнұсқалы мәтінді 1949 жылғы 9 мамырда алды.
VI ҚОСЫМША1 Халықаралық қайта құру және даму банкі [Аударма]
Конвенция (осы толықтыруды қоса алғанда) Халықаралық қайта құру және даму банкіне (бұдан әрі "Банк" деп аталады) қатысты төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. 4-бөлім мынадай мәтінмен ауыстырылады:
"Банкке талап қоюлар оның кеңсесі бар немесе ол сот-процестік құжаттарды алуға уәкілеттік берілген өкілін тағайындаған немесе ол бағалы қағаздар шығарған немесе кепілдік берген Банктің мүше мемлекетінің аумағындағы тиісті юрисдикциясы бар соттарда ғана қойылуы мүмкін. Алайда Банк мүшелері немесе оның мүшелері атынан әрекет ететін немесе оның мүшелерінің құқықтарын алған адамдар талап қоюлар жасай алмайды. Банктің мүлкі мен активтері қай жерде орналасқанына және кімнің иелігінде болғанына қарамастан, Банкке қарсы түпкілікті сот шешімі шыққанға дейін қамаққа алудың, тыйым салудың немесе мәжбүрлеп орындатудың нысанасы болмайды".
2. Стандартты баптардың 32-бөлімі Банктің өзінің жарғысына орай немесе қандай да бір басқа негізде талап ету құқығы болатындарға емес, осы Конвенциямен Банкке берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын дауларға қатысты ғана қолданылады.
3. Конвенцияның ережелері (осы толықтыруды қоса алғанда) Банк жарғысының ережелерін өзгертпейді және өзгертуді талап етпейді және Банкке, оның мүшелеріне, директорларына, билік етуші-директорларына, орынбасарларына, лауазымды адамдарына және қызметшілеріне Банк жарғысымен немесе Банкке мүше кез келген мемлекетінің немесе осындай мемлекеттің кез келген саяси бөлімшесінің статуттарында, заңдарында және ережелерімен берілген немесе қандай да бір өзгеше түрде берілген құқықтарды, иммунитеттерді, артықшылықтар мен алып қоюларды бұзбайды және шектемейді.
___________________
1 Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1949 жылғы 29 сәуірде алды.
VII ҚОСЫМША1 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы [Аударма]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Басқармасының құрамына тағайындалатын адамдарға, олардың орынбасарлары мен кеңесшілеріне қолданылады, алайда аталған адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Басқарма жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
с) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
е) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қатынастарда шифрды пайдаланады және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
іі) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
___________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1948 жылғы 2 тамызда алды.
VII ҚОСЫМША1 (қайта қаралған мәтін) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы [Аударма]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Басқармасының құрамына тағайындалған адамдарға, олардың орынбасарлары мен кеңесшілеріне қолданылады, алайда аталған адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Басқарма жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
а) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
е) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қатынастарда шифрды пайдаланады және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) Ұйымның сарапшы консультанттар алқасына қабылданған адамдарға, олар өз міндеттерін орындауы кезінде көрсетілген (b) және (е) тармақтарындағы артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері жарғының 8 және 37-баптары негізінде Ұйым жұмысына қатысатын мүше қызметкерлердің өкілдеріне қолданылады.
__________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1950 жылғы 1 маусымда алды.
VII ҚОСЫМША1 (Екінші қайта қаралған мәтін) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы [Аударма]2
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйым Басқармасының құрамына тағайындалған адамдарға, олардың орынбасарлары мен кеңесшілеріне қолданылады, алайда аталған адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Басқарма жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
е) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қатынастарда шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) Ұйымның сарапшы консультанттар алқасына қабылданған адамдарға, олар өз міндеттерін орындауы кезінде көрсетілген (b) және (е) тармақтарындағы артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. Ұйым жұмысына қатысатын мүше қызметкерлердің өкілдеріне V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері жарғының 8 және 47-баптары негізінде қолданылады.
4. Стандартты ережелердің 21-бөлімінде аталған артықшылықтар мен иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының әрбір орынбасарына тең түрде беріледі.
__________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1957 жылғы 1 шілдеде алды.
2 Аударманы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берді.
VII ҚОСЫМША1 (Үшінші қайта қаралған мәтін) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы [Аударма]2
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты стандартты баптар төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері Ұйымның Атқарушы комитетінің құрамына тағайындалған адамдарға, олардың орынбасарлары мен кеңесшілеріне қолданылады, алайда аталған адамдардың кез келгеніне қатысты иммунитеттен бас тартуды 16-бөлімнің негізінде Атқарушы комитеті жүзеге асырады.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
c) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
е) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қатынастарда шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) Көрсетілген (b) және (е) тармақтарындағы артықшылықтар мен иммунитеттер Ұйымның сарапшы консультанттар алқасына қабылданған адамдарға олар өз міндеттерін орындауы кезінде беріледі.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
3. V баптың және VII баптың 25-бөлімінің 1 және 2 (і) тармақтарының ережелері жарғының 8 және 47-баптары негізінде Ұйым жұмысына қатысатын қауымдасқан мүше қызметкерлердің өкілдеріне қолданылады.
4. Стандартты ережелердің 21-бөлімінде аталған артықшылықтар мен иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының әрбір орынбасарына, Бас директордың көмекшісіне және өңірлік директорларға да беріледі.
____________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1958 жылғы 25 шілдеде алды.
2 Аударманы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берді.
VIII ҚОСЫМША1 Дүниежүзілік пошта одағы [Аударма]
Стандартты баптар өзгеріссіз қолданылады.
IX ҚОСЫМША2 Халықаралық электр байланысы одағы [Аударма]
Халықаралық электр байланысы одағы өзі үшін IV баптың 11-бөлімінде көзделген "байланыс құралдарына" қатысты жеңілдіктерді талап етпейтін жағдайды қоспағанда, стандартты баптар өзгеріссіз қолданылады.
X ҚОСЫМША3 Босқындар істері бойынша халықаралық ұйым [Аударма]
Стандартты баптар өзгеріссіз қолданылады.
XI ҚОСЫМША4 Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым [Аударма]
Стандартты баптар өзгеріссіз қолданылады.
_____________________
1 Бас хатшы француз тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1949 жылғы 11 шілдеде алды.
2 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1951 жылғы 16 қаңтарда алды.
3 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1949 жылғы 4 сәуірде алды. Босқындар істері бойынша халықаралық ұйымның Бас кеңесі 1952 жылғы 15 ақпанда қабылдаған 108-қарармен Ұйым таратылды.
4 Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1951 жылғы 29 желтоқсанда алды.
XII ҚОСЫМША1 Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымы [Аударма]
1. Стандартты баптардың VI бабының 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер, бұл бөлімнің ережелері, аумағында Ұйымның басты мекемелері орналасқан мүше мемлекеттен оның азаматы болып табылатын кез келген адамға VI баптың 21-бөлімін қолдануды талап етпейтін жағдайда Ұйымның Бас хатшысы мен Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің хатшысына беріледі.
2. а) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
i) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
ii) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
ііі) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетелдік үкіметтердің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
іv) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
v) Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымымен қатынастарында шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
2 (а) (іv) және (v) тармақшаларына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
b) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
____________________
1 Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1959 жылғы 12 ақпанда алды.
XII ҚОСЫМША1 (Қайта қаралған мәтін) Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымы [Аударма]
1. Стандартты баптардың VI бабының 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер, бұл бөлімнің ережелері, аумағында Ұйымның басты мекемелері орналасқан мүше мемлекеттен оның азаматы болып табылатын кез келген адамға VI баптың 21-бөлімін қолдану талап етпейтін жағдайда Ұйымның Бас хатшысына, Бас хатшының орынбасарына және Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің хатшысына беріледі.
2. а) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
i) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
ii) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады және бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
iii) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
іv) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
v) Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымымен қатынастарында шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
2 (а) (іv) және (v) тармақшаларына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
b) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
______________________
1Бас хатшы ағылшын және француз тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 1968 жылғы 9 шілдеде алды.
XII ҚОСЫМША1 (Екінші қайта қаралған мәтін) Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымы [Аударма]
1. Стандартты баптардың VI бабының 21-бөлімінде аталған артықшылықтар мен иммунитеттер, жеңілдіктер мен мүмкіндіктер осы тармақтың ережелері, аумағында Ұйымның басты мекемелері орналасқан мүше мемлекеттен оның азаматы болып табылатын кез келген адамға 21-бөлімнің VI бабын қолдануды талап етпейтін жағдайда, Ұйымның Бас хатшысына, Бас хатшының орынбасарына, Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің хатшысына және Әкімшілік бөлімінің [Техникалық ынтымақтастық бөлімінің], Құқықтық мәселелер және сыртқы қатынастар бөлімінің, Конференциялық бөлімнің және [Теңіз ортасы жөніндегі бөлімнің] директорларына беріледі. Егер Ұйым кез келген уақытта кез келген директорлық лауазымдардың атауын өзгертсе, бұл кезде осындай лауазымдарды атқарып жүрген адамдарға осы тармақта аталған артықшылықтар мен иммунитеттерді, жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беруді жалғастырады.
2. а) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
i) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
ii) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
iii) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
іv) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
v) Үкіметаралық теңіз консультациялық ұйымымен қатынастарында шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
2 (а) (іv) және (v) тармақшаларына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
b) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
__________________
1Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 2002 жылғы 8 сәуірде алды.
XIII ҚОСЫМША1 Халықаралық қаржы корпорациясы [Аударма]
Конвенция (осы қосымшаны қоса алғанда) Халықаралық қаржы корпорациясына (бұдан әрі "Корпорация" деп аталады) қатысты төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. 4-бөлім төменде көрсетілгенмен ауыстырылады:
"Корпорацияға талап қоюлар Корпорацияның өз бөлімшелері бар, сот шақыруын немесе хабарламасын қабылдау құқығы болатын Корпорация тағайындаған өкілдері бар немесе Корпорация бағалы қағаздар шығарған немесе кепілдік берген мүше мемлекеттердің аумағындағы тиісті юрисдикциясы болатын соттар арқылы ғана қойылуы мүмкін. Алайда Корпорация мүшелері немесе оның мүшелері атынан әрекет ететін немесе оның мүшелерінің құқықтарын алған адамдар талап қоюлар қоя алмайды. Корпорацияның мүлкі мен активтері қай жерде орналаспасын және кімнің иелігінде болмасын, Корпорацияға қарсы түпкілікті сот шешімі шыққанға дейін ешқандай түрде тәркіленуге, тыйым салуға немесе жоюға жатпайды".
2. Стандартты баптардың 7-бөлімінің (b) тармағы Корпорация туралы келісім баптарының III бабы 5-бөлімінің негізінде Корпорацияға қатысты қолданылады.
3. Корпорация өз қалауы бойынша Корпорация туралы келісім баптарының VI бабына сәйкес берілетін кез келген артықшылықтар мен иммунитеттерден өзі белгілеуі мүмкін дәрежеде және жағдайларда бас тарта алады.
4. Стандартты баптардың 32-бөлімі Корпорация туралы келісім баптарына сәйкес немесе өзге де негіздерде Корпорация талап қоя алатын артықшылықтар мен иммунитеттерге емес, осы Конвенция бойынша Корпорацияға берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын дауларға ғана қолданылады.
5. Конвенцияның ережелері (осы қосымшаны қоса алғанда) Корпорация туралы келісім баптарын өзгертпейді, түзетпейді және өзгертуді немесе түзетуді талап етпейді, сондай-ақ Корпорацияға немесе оның кез келген мүшесіне, басшыларына, атқарушы директорларына, олардың орынбасарларына, лауазымды адамдарына және қызметшілеріне Корпорация туралы келісім баптарының немесе Корпорацияның кез келген мүшесінің немесе осындай мүше құрамындағы кез келген саяси бірліктің кез келген статутымен, заңымен немесе ережесімен немесе өзге де негіздерде берілген кез келген құқықтарды, иммунитеттерді, артықшылықтар мен жеңілдіктерді әлсіретпейді және шектемейді.
__________________
1Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1959 жылғы 22 сәуірде алды.
XIV ҚОСЫМША1 Халықаралық даму қауымдастығы [Аударма]
Халықаралық даму қауымдастығына (бұдан әрі "Қауымдастық" деп аталады) қатысты Конвенция осы қосымшаны қоса алғанда, төмендегі ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. 4-бөлім төменде көрсетілгенмен ауыстырылады:
"Қауымдастыққа талап қоюлар Қауымдастықтың өз бөлімшелері бар, сот шақыруын немесе хабарламасын қабылдау құқығы болатын Қауымдастық тағайындаған өкілдері бар немесе Қауымдастық бағалы қағаздар шығарған немесе кепілдік берген мүше мемлекеттердің аумағындағы тиісті юрисдикциясы болатын соттар арқылы ғана қойылуы мүмкін. Алайда Қауымдастық мүшелері немесе оның мүшелері атынан әрекет ететін немесе оның мүшелерінің құқықтарын алған адамдар талап қоюлар жасай алмайды. Қауымдастықтың мүлкі мен активтері қай жерде орналасқанына және кімнің иелігінде болғанына қарамастан, Қауымдастыққа қарсы түпкілікті сот шешімі шыққанға дейін ешқандай түрде тәркіленуге, тыйым салуға немесе жоюға жатпайды".
2. Стандартты баптардың 32-бөлімі Қауымдастық туралы келісім баптарына немесе өзге де негіздерге сәйкес Қауымдастық талап қоя алатын артықшылықтар мен иммунитеттерге емес, осы Конвенция бойынша Қауымдастыққа берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын дауларға ғана қолданылады.
3. Конвенцияның ережелері (осы қосымшаны қоса алғанда) Қауымдастық туралы келісім баптарын өзгертпейді, түзетпейді және өзгертуді немесе түзетуді талап етпейді, сондай-ақ Қауымдастыққа немесе оның кез келген мүшесіне, басшыларына, атқарушы директорларына, олардың орынбасарларына, лауазымды адамдарына және қызметшілеріне Қауымдастық туралы келісім баптарының немесе Қауымдастықтың кез келген мүшесінің немесе осындай мүше құрамындағы кез келген саяси бірліктің кез келген статутымен, заңымен немесе ережесімен не өзге де негіздерде берілген кез келген құқықтарды, иммунитеттерді, артықшылықтар мен жеңілдіктерді әлсіретпейді және шектемейді.
________________
1Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1962 жылғы 15 ақпанда алды.
XV ҚОСЫМША1 Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты осы стандартты баптар төмендегі өзгерістер ескеріле отырып қолданылады:
1. VI баптың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, имммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер Ұйымның Бас директорының орынбасарларына да беріледі.
2. а) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегі артықшылықтар мен иммунитеттерді:
i) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
ii) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
iii) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
іv) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
v) Ұйыммен олардың қатынастарында шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
2 (а) (іv) және (v) тармақшаларына байланысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
b) Жоғарыдағы а) тармағында аталған сарапшыларға артықшылықтар мен иммунитеттер жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
___________________
1 Бас хатшы тең түпнұсқалы мәтінді 1977 жылғы 19 қазанда алды.
XVI ҚОСЫМША1 Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры
Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорына (бұдан әрі "Қор" деп аталады) қатысты осы стандартты баптар төмендегі өзгерістер ескеріле отырып қолданылады:
1. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, имммунитеттер, алып қоюлар мен жеңілдіктер Қор Төрағасының орынбасарларына да беріледі.
2. і) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
b) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады, әрі бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
с) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
d) Ұйымның жұмысы үшін өздері орындайтын құжаттарға қатысты оларға тиесілі қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты және Ұйыммен қатынаста шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
ii) Жоғарыдағы 2 (і) тармақтың (d) тармақшасына сәйкес стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
iii) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
_________________
1 Бас хатшы тең түпнұсқалы мәтінді 1977 жылғы 16 желтоқсанда алды.
XVII ҚОСЫМША1
Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіпті дамыту ұйымына (бұдан әрі "Ұйым" деп аталады) қатысты осы стандартты баптар төмендегі өзгерістер ескеріле отырып қолданылады:
1. а) Комитеттерде жұмыс істейтін немесе Ұйымның тапсырмасын орындайтын сарапшылар (VI баптың ережелері қолданылатын лауазымды адамдардан басқа) төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
і) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитетті;
ii) қызметтік міндеттерін орындаған кезде өздері айтқанға немесе жазғанға және жасағанға қатысты сот-процестік иммунитеттің кез келген түрін пайдаланады және бұл иммунитет белгіленген адамдар Ұйымның комитеттерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де жалғасады;
iii) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын лауазымды адамдарына берілетіндей жеңілдіктерді;
іv) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
v) Ұйыммен өздерінің қатынастарында шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығын пайдаланады, өйткені бұл олардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет, әрі олар оны көрсетілген комитеттердің жұмысына немесе тапсырмаларына байланысты сапарлар кезінде де пайдаланады.
b) 1 (і) тармағының (іv) және (v) тармақшаларына қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы сөйлемінде баяндалған қағидат қолданылады.
c) Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, оның кез келген сарапшыға берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
2. Стандартты баптардың 21-бөлімінде көзделген артықшылықтар, имммунитеттер, жеңілдіктер мен көрсетілетін қызметтер Ұйымның Бас директорының әрбір орынбасарына беріледі.
_________________
1Бас хатшы ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтінді 1987 жылғы 15 қыркүйекте алды.
XVIII ҚОСЫМША1 Дүниежүзілік туристік ұйым
Дүниежүзілік туристік ұйымға (бұдан әрі - "Ұйым") қатысты стандартты баптар мына ережелер ескеріле отырып қолданылады:
1. Конвенцияның V бабы мен 25-бөлімі, VII бабының 1 және 2 (і) тармақтары Дүниежүзілік туристік ұйымның Жарғысына (бұдан әрі - "Жарғы") сәйкес Ұйымның жұмысына қатысатын Қауымдасқан мүшелердің өкілдеріне қатысты қолданылады.
2. Жарғыға сәйкес Ұйымның қызметіне қатысатын Қосылған мүшелердің өкілдері:
a) өздерінің ресми міндеттерін тәуелсіз атқаруды қамтамасыз ету үшін барлық жеңілдіктерді пайдаланады;
b) осы адамдардың Ұйымның істері бойынша баратынын растайтын куәліктері бар болған кезде олардың виза беру туралы өтініштері шұғыл тәртіппен қаралады. Бұдан басқа, мұндай адамдарға тез жүріп-тұру үшін жеңілдіктер беріледі;
c) жоғарыда келтірілген (b) тармақшаға қатысты стандартты баптардың 12-бөлімінің соңғы абзацында баяндалған ереже қолданылады.
3. Конвенцияның VI бабы қолданылатын, Ұйымның органдарында немесе құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін немесе оның тапсырмаларын орындайтын сарапшылар мен басқа да лауазымды адамдарға олардың өз міндеттерін тәуелсіз әрі тиімді атқаруы үшін, соның ішінде олардың осы органдардағы немесе құрылымдық бөлімшелердегі жұмысымен байланысты немесе Ұйымның тапсырмалары бойынша сапарлары кезінде де қажетті артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. Атап айтқанда, оларға:
a) жеке басын ұстаудан және олардың жеке багажына тыйым салудан иммунитет;
b) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттеріне қатысты (оның ішінде олардың барлық айтқандарына немесе жазғандарына қатысты) сот-процестік иммунитет беріледі; мүдделі адамдар белгіленген иммунитетті Ұйымның органдарында немесе құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеуді немесе Ұйымның тапсырмаларын орындауды тоқтатқаннан кейін де пайдаланады;
c) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық;
d) Ұйыммен байланыс үшін шифрды пайдалану және курьерлер немесе мөрленген вализа арқылы құжаттар мен хат-хабарларды алу құқығы;
е) валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне және олардың жеке багажына қатысты шетел үкіметтерінің уақытша қызметтік іссапарларда болатын өкілдеріне берілетіндей жеңілдіктер беріледі.
4. Артықшылықтар мен иммунитеттер сарапшыларға жеке пайдасы үшін емес, Ұйымның мүдделері үшін беріледі. Ұйымның Бас хатшысының пікірі бойынша иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан бас тарту Ұйымның мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әрбір жағдайда, осы сарапшылардың кез келгеніне берілген иммунитеттен бас тартуға құқығы бар және міндетті.
5. Жоғарыдағы 2-тармаққа қарамастан, 3 және 4-тармақтар Ұйымның тапсырмаларын сарапшылар ретінде орындайтын Қосылған мүшелердің өкілдеріне қолданылады.
6. Стандартты баптардың 21-бөлімінде аталған артықшылықтар, иммунитеттер алып қоюлар мен жеңілдіктер Ұйымның Бас хатшысының орынбасарына, оның зайыбына/жұбайына және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына да беріледі.
_________________
1 Бас хатшы ағылшын, француз және испан тілдеріндегі тең түпнұсқалы мәтіндерді 2008 жылғы 30 шілдеде алды.
Конвенцияның орыс тіліндегі мәтінімен қазақ тіліндегі аудармасының тең түпнұсқалығын куәландырамын.
ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасының басшысы |
Е. Ахметов |