Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 6-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат; № 14, 72-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнының 33-тарауы мынадай мазмұндағы 687-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт";
2) 683-баптың 2-тармағындағы "байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге" деген сөздер "персонал беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, байланыс қызметтерiн, медициналық, ветеринариялық, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызметтерді, оқыту мен туристiк қызмет көрсету бойынша қызметтерді және өзге де қызметтерді көрсету шарттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-тарау мынадай мазмұндағы 687-1-баппен толықтырылсын:
"687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт
Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша бір тарап (жіберуші тарап) өз жұмыскерін басқа тараптың (қабылдаушы тарап) мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен жұмысты орындау үшін жібереді.".
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалады.";
2) 48-бапта:
3-тармақ "еңбек шарты" деген сөздерден кейін "және (немесе) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт" деген сөздермен толықтырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шартты, сондай-ақ персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамасында айқындалады.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi және қожалықта еңбек шарты бойынша, сондай-ақ персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.".
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат):
1) мазмұнында:
105-баптың тақырыбы "жұмыскерлердің" деген сөзден кейін ", жіберуші тарап жұмыскерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тараудың тақырыбы "тараптарының" деген сөзден кейін ", жіберуші тарап жұмыскерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
123-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"123-бап. Жұмыс берушіге немесе қабылдаушы тарапқа нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің материалдық жауаптылығы";
мынадай мазмұндағы 137-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі";
18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-тарау. Жұмыскерлердің, жіберуші тарап жұмыскерлерінің, жұмыс берушінің және қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері";
мынадай мазмұндағы 181-1, 182-1, 187-1 және 188-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері";
"182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері";
"187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері";
"188-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы";
2) 1-баптың 1-тармағында:
"жұмыс берушінің", "жұмыскердің", "жұмыскерге" деген сөздерден кейін тиісінше "не қабылдаушы тараптың", ", жіберуші тарап жұмыскерінің", ", жіберуші тараптың жұмыскеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
"оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
28) тармақша "жұмыс берушінің актісінде," деген сөздерден кейін "қабылдаушы тараптың актісінде," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2), 52-1), 52-2) және 69-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"48-1) жіберуші тарап – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы;
48-2) жіберуші тараптың жұмыскерлері – персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тараппен жасалған еңбек шарты негізінде тартылатын жұмыскерлер;";
"52-1) қабылдаушы тарап – персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыс істеу үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы;
52-2) қабылдаушы тараптың актілері – персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес қабылдаушы тарап шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдылық графиктері, вахта графиктері;";
"69-1) персонал беру – жіберуші тараптың жұмыскерді қабылдаушы тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен еңбек функцияларын орындауы үшін оны персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша қабылдаушы тарапқа жіберуі;";
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге, жіберуші тараптың жұмыскерлеріне, жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.";
4) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың мақсаттары үшін қабылдаушы тарап деп осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалар түсініледі.";
5) 48-бапта:
1, 2, 3 және 4-тармақтарда:
"жұмыс беруші", "Жұмыс беруші", "жұмыс берушінің" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе қабылдаушы тарап", "немесе қабылдаушы тарап", "немесе қабылдаушы тараптың" деген сөздермен толықтырылсын;
"жұмыскерді", "жұмыскерге", "жұмыскердің" деген сөздерден кейін тиісінше ", жіберуші тараптың жұмыскерін", ", жіберуші тараптың жұмыскеріне", ", жіберуші тарап жұмыскерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "Жұмыскерді", "жұмыс берушінің актісімен" деген сөздерден кейін тиісінше ", жіберуші тараптың жұмыскерін", "немесе қабылдаушы тараптың актісімен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жұмыс беруші", "жұмыскерді", "жұмыс берушінің актілерінде" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе қабылдаушы тарап", ", жіберуші тараптың жұмыскерін", "немесе қабылдаушы тараптың актісінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"жұмыскердің" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 69-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде беріледі.";
7) 89-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде беріледі.";
8) 103-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшері персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес ұқсас лауазымы, тиісті біліктілігі, мамандығы немесе кәсібі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасы, сондай-ақ өндірістік-тұрмыстық жағдайлар бойынша қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жалақы қабылдаушы тараптың жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында есепке алынған олардың нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.";
9) 105-бапта:
тақырып "жұмыскерлердің" деген сөзден кейін ", жіберуші тарап жұмыскерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе қосымша ақылар белгіленеді.";
10) 10-тараудың тақырыбы "тараптарының" деген сөзден кейін ", жіберуші тарап жұмыскерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 123-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"123-бап. Жұмыс берушіге немесе қабылдаушы тарапқа нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің материалдық жауаптылығы";
1-тармақ "Жұмыс берушіге", "жұмыскердің", "жұмыс берушінің актілерінде" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе қабылдаушы тарапқа", ", жіберуші тарап жұмыскерінің", "немесе қабылдаушы тараптың актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарда:
"жұмыскерге", "жұмыскердің", "Жұмыскер", "Жұмыскерге", "жұмыскерлерге" деген сөздерден кейін тиісінше ", жіберуші тараптың жұмыскеріне", ", жіберуші тарап жұмыскерінің", ", жіберуші тараптың жұмыскері", ", жіберуші тараптың жұмыскеріне", ", жіберуші тараптың жұмыскерлеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
"жұмыс берушінің", "жұмыс берушіге", "жұмыс беруші", "жұмыс берушідегі", "Жұмыс беруші" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе қабылдаушы тараптың", "немесе қабылдаушы тарапқа", "немесе қабылдаушы тарап", "немесе қабылдаушы тараптағы", "немесе қабылдаушы тарап" деген сөздермен толықтырылсын;
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1), 2), 4) және 5) тармақшалар:
"жұмыс беруші" деген сөздерден кейін "немесе қабылдаушы тарап" деген сөздермен толықтырылсын;
"жұмыскерге", "жұмыскер" деген сөздерден кейін тиісінше ", жіберуші тараптың жұмыскеріне", ", жіберуші тараптың жұмыскері" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "шарттарда", "жұмыс берушіге", "жұмыскерге" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе қабылдаушы тараптың актілерінде", "немесе қабылдаушы тарапқа", ", жіберуші тараптың жұмыскеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 137-1-баппен толықтырылсын:
"137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Жіберуші тарап еңбек шартын не еңбек шартына қосымша келісімді жасасады және жіберуші тарап жұмыскерлерінің өз еңбек шарттарында айқындалған еңбек функцияларын қабылдаушы тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен орындауы үшін жұмыскерлерді қабылдаушы тарапқа жібереді. Жіберуші тараптың жұмыскерлері үшін жіберуші тарап жұмыс беруші болып табылады және осы Кодексте көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады.
2. Жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа жіберуге қабылдаушы тараптағы жұмыстың орындалатын орны көрсетіле отырып, жұмыскер мен жіберуші тарап еңбек шартына не еңбек шартына қосымша келісімге қол қойғаннан кейін жол беріледі.
Жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарды орындау үшін жіберуге қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері болған, сондай-ақ жіберуші тараптың жұмыскері оның жұмыс орны бойынша осындай нәтижелермен таныстырылған жағдайда жол беріледі.
Жіберуші тарап персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде қызметті жүзеге асырған жағдайда, жіберілетін жұмыскердің кәсіптік тәуекел сыныбы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жіберуші тарап жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылмаған жіберуші тараптың жұмыскерін жіберуге құқылы емес, ал қабылдаушы тарап жұмыс орнына кіргізуге құқылы емес.
3. Жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тарапқа мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмысты орындау үшін;
2) белгілі бір жұмысты орындау уақытына;
3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
4) маусымдық жұмысты орындау уақытына жіберуге жол беріледі.
4. Қабылдаушы тарап жіберуші тарапқа жіберетін, жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың тарту мерзімінің аяқталғаны туралы хабарламада көрсетілген күн жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тараптағы жұмысының аяқталған күні болып табылады.
5. Жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмысты орындау үшін қабылдаушы тарапқа жіберуге мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес ереуілге қатысатын жұмыскерлерді ауыстыру;
2) жұмыскердің денсаулық жағдайының нашарлауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан жұмыскерлерді ауыстыру;
3) жұмыскерлерді жұмыстан шығару қаупі төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында бос тұрып қалу, банкроттық рәсімін жүзеге асыру, толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу жағдайларында жол берілмейді.
6. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің жұмысты орындау шарттары мен тәртібі персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта айқындалады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жіберуші және қабылдаушы тараптар арасында жасалады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жіберуші тарап жұмыскерлерінің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылуға жатпайды.
7. Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген еңбек және демалыс режимін реттеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауға міндетті.
8. Қабылдаушы тараптың персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қатысты еңбекке ақы төлеу саласында кемсітушілікке жол беруіне тыйым салынады.
9. Жіберуші тарап жұмыскерінің өз денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы қабылдаушы тараптың өкіліне және жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуына құқығы бар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және міндеттерді атқарады.
10. Қабылдаушы тараптың:
1) жіберуші тараптың жұмыскерлерінен қабылдаушы тараптың еңбек шартының талаптарын, еңбек тәртіптемесінің қағидаларын және басқа да актілерін орындауын талап етуге;
2) жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың актісінде көзделген тәртіппен көтермелеуге;
3) жіберуші тараптың жұмыскері еңбек міндеттерін атқарған кезде келтірген залалды өтетуге құқығы бар.
11. Қабылдаушы тарап:
1) жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тараптың жұмысқа (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, өзге де актілерімен таныстыруға;
2) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге;
3) жіберуші тараптың жұмыскерлерін еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
4) егер жұмысты жалғастыру жіберуші тарап жұмыскерінің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;
5) жіберуші тараптың жұмыскерін зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы хабардар етуге;
6) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау бойынша шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
7) жіберуші тараптың әрбір жұмыскерінің жұмыс уақытының, оның ішінде ол орындайтын үстеме жұмыстардың, демалыс және мереке күндеріндегі, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті.
12. Жіберуші тараптың жұмыскері еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап осы факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін жіберуші тарапты хабардар етеді.
13. Жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тарапқа келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығы осы Кодекстің 123-бабында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында көзделген жағдайларда басталады.
14. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қатынастары осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.";
13) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-тарау. Жұмыскерлердің, жіберуші тарап жұмыскерлерінің, жұмыс берушінің және қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері";
14) мынадай мазмұндағы 181-1 және 182-1-баптармен толықтырылсын:
"181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жіберуші тарап жұмыскерінің:
1) қабылдаушы тарапта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарына сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етілуге;
3) қабылдаушы тараптан жұмыс орнының сипаттамасы және ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өзінің өмірі мен денсаулығы үшін бар кәсіптік тәуекел туралы, сондай-ақ өзін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алуға құқығы бар.
2. Жіберуші тараптың жұмыскері:
1) қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларының, қағидалары мен нұсқаулықтарының талаптарын сақтауға;
2) жұмыс берушіге немесе қабылдаушы тараптың өкіліне әрбір өндірістік жарақат және жұмыскерлер денсаулығының өзге де зақымданулары, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туралы дереу хабарлауға;
3) қабылдаушы тараптың талап етуі бойынша қабылдаушы тараптың актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуге міндетті.";
"182-1-бап. Қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Қабылдаушы тараптың:
1) жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін көтермелеуге;
2) жіберуші тараптың жұмыскерлерінен өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптардың мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
3) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың талаптарына сәйкес жіберуші тараптың жұмыскерлерін өз қаражаты есебінен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жіберуге құқығы бар.
2. Қабылдаушы тарап:
1) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тарапқа өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ұсынуға міндетті. Қабылдаушы тарап өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ұсынбаған жағдайда, жіберуші тараптың персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуына тыйым салынады;
2) профилактика жүргізу, өндірістік жабдық пен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіздеріне ауыстыру арқылы жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қатысты жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
3) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқама жүргізуге;
4) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға;
5) жіберуші тараптың он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерінің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге;
6) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды қолмен көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
7) авариялық жағдайдың дамуын және жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жарақаттайтын факторлардың әсер етуін болғызбау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға;
8) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалары мен кәсіптік ауруларын талдауды жүзеге асыруға;
9) жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды жіберуші тараппен бірлесіп тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
10) осы Кодексте көзделген жағдайларда, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген тәртіппен жіберуші тарапты дереу хабардар ете отырып, жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыстан шеттетуге міндетті.";
15) 186-бапта:
2 және 3-тармақтар "жұмыскерлер", "жұмыскер", "жұмыс берушінің", "жұмыс беруші", "жұмыскердің" деген сөздерден кейін тиісінше ", жіберуші тараптың жұмыскерлері", ", жіберуші тараптың жұмыскері", "немесе қабылдаушы тараптың", "немесе қабылдаушы тарап", ", жіберуші тарап жұмыскерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін, сондай-ақ жіберуші тараптың өкілін объектіге не жұмыс орнына жіберу үшін қабылдаушы тарап жауапты болады.";
16) мынадай мазмұндағы 187-1 және 188-1-баптармен толықтырылсын:
"187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері
1. Қабылдаушы тарап:
1) жіберуші тараптың зардап шеккен жұмыскеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) тергеп-тексеру басталғанға дейін еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орнындағы жағдайды (жабдық пен механизмдердің, еңбек құралының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксіздігін бұзу аварияға алып келмесе, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға орнын фотосуретке түсіруге;
3) жіберуші тарапқа жазатайым оқиға туралы дереу хабарлауға;
4) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға орнына жіберуге міндетті.";
"188-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы
1. Арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларды қоспағанда, жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылдаушы тараптың актісімен құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
1) төраға – қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде – қабылдаушы тараптың уәкілетті өкілі;
2) төрағаның орынбасары – жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде – жіберуші тараптың уәкілетті өкілі;
3) мүшелері – ұйымның (қабылдаушы тарап) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және жіберуші тарап жұмыскерлерінің өкілі.
2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін қабылдаушы тараптың лауазымды адамы тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
3. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде құратын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
2) мүшелері – қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары және жіберуші тарап жұмыскерінің өкілі.
Еңбек қызметіне байланысты, екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Еңбек қызметіне байланысты, үштен бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құратын, ал бестен көп адам қайтыс болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді.".
4. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) ақпаратты экономикалық қызмет түрлерін штаттық кестеге немесе сақтанушы беретін және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге де ақпаратқа сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігі тұрғысынан тексеруге;";
2) 11-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.";
3) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтанушы қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.".
5. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат):
1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағында көзделген квоталар белгіленген кезде жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды.";
2) 33-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |