2019 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТ
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы (бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын),
сотталған адамдарды беруде толығымен ынтымақтасуға ниет білдіре отырып, осындай адамдарға бас бостандығынан айыру, күзетпен қамауға алу түріндегі немесе бас бостандығынан айырудың кез келген басқа нысандарындағы жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте етеу мүмкіндігін беріп, осылайша олардың қоғамға сәтті қайта интеграциялануына ықпал ете отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1-БАП АНЫҚТАМАЛАР
Осы Шарттың мақсаттары үшін:
a) "беруші Тарап" сотталған адам аумағынан берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;
b) "қабылдаушы Тарап" сотталған адам аумағына берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;
c) "үкім" беруші Тараптың соты тағайындаған, жасаған қылмыс үшін белгілі бір уақыт кезеңіне немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін кез келген жазаны немесе шараны білдіреді.
2-БАП ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне сәйкес сотталған адамдарды беруде бір-бірімен ынтымақтасады.
2. Беруші Тараптың аумағындағы сотталған адам оған тағайындалған жазаны одан әрі өтеу мақсатында осы Шарттың ережелеріне сәйкес қабылдаушы Тарапқа берілуі мүмкін.
3. Сотталған адамдарды беруге беруші Тарап та, қабылдаушы Тарап та сұрау салады.
3-БАП ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР
1. Әрбір Тарап осы Шарттың ережелерін іске асыру мақсатында орталық органды тағайындайды.
2. Қазақстан Республикасының орталық органы Бас прокуратура болып табылады. Корея Республикасының орталық органы Әділет министрлігі болып табылады. Кез келген Тарап өзінің орталық органын өзгерте алады және мұндай жағдайларда ол өзгеріс туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.
3. Тараптар, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды немесе өзге де төтенше жағдайларды қоспағанда, бір-бірімен қатынасу үшін дипломатиялық арналарды пайдаланады.
4-БАП БЕРУ ШАРТТАРЫ
1. Сотталған адамды беру мынадай:
a) жаза тағайындалған әрекеттер немесе әрекетсіздік қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес қылмысты құраған; алайда бұл шарт екі Тараптың заңнамасында сипатталған қылмыс оның сипатына елеулі түрде әсер етпейтін мәселелерге қатысты бірдей болуға тиіс дегенді білдірмейді;
b) сотталған адам қабылдаушы Тараптың азаматы болып табылған;
c) беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамның жазаны өтеу мерзімі кемінде бір жыл болуға тиіс немесе ол жазасының белгіленбеген мерзімін немесе өмір бойына өтеп жатқан;
d) үкім түпкілікті болып табылған және беруші Тараптың юрисдикциясы шеңберінде қылмысқа қатысты бұдан әрі аяқталмаған процестер болмаған;
e) беруші және қабылдаушы Тараптар беруге келіскен; және
f) егер Тараптардың бірі сотталған адамның жасына, физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты мұны қажет деп пайымдаса, сотталған адам өзін беруге жазбаша келісім берген немесе келісімді оның заңды өкілі берген жағдайларда ғана жүргізіледі.
2. Айрықша жағдайларда Тараптар, егер сотталған адамның өтеуі тиіс мерзімі осы баптың 1-тармағының с) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аз болса да, беру туралы келісуі мүмкін.
5-БАП КЕЛІСІМДІ РАСТАУ
1. Тараптардың әрқайсысы осы Шарттың 4-бабы 1–тармағының f) тармақшасына сәйкес өзін беруге келісім беретін сотталған адамның мұны ерікті түрде және оның салдарын толық түсіне отырып жасағанына көз жеткізеді.
2. Беруші Тарал қабылдаушы Тарап тағайындаған лауазымды адамға беруге дейін осы Шарттың 4-бабы 1-тармағының f) тармақшасында көзделген сотталған адамның келісімі ерікті түрде және оның салдарын толық түсіне отырып берілгендігіне жеке көз жеткізуіне рұқсат етеді.
6-БАП БЕРУШІ ТАРАП ҮШІН БЕРУДІҢ САЛДАРЛАРЫ
1. Сотталған адамның беруші Тарапта жазасын орындауы оны қабылдаушы Тарапқа бергеннен кейін тоқтатыла тирады.
2. Егер қабылдаушы Тарап жазаны орындау аяқталды деп пайымдаса және бұл туралы беруші Тарапқа хабарласа, беруші Тарап жазаны одан әрі қарай орындамайды.
7-БАП БЕРУ РӘСІМДЕРІ
1. Әрбір Тарап осы Шарттың бар екендігі және оның мазмұны туралы осы Шарт қолданылуы мүмкін сотталған адамдарға хабарлайды.
2. Сотталған адам кез келген Тарапқа беру туралы өз ниетін білдіре алады, осы Тарап бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Сұрау салынатын Тарап беру туралы сұрау салу бойынша өз шешімі жөнінде екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
4. Беру туралы сұрау салулар жазбаша нысанда жіберіледі және мынадай ақпаратты қамтиды:
a) сотталған адамның аты, тегі, туған жылы, айы, күні және туған жері;
b) сотталған адамның азаматтығын растайтын ресми құжат; және
c) егер бұл мүмкін болса, сотталған адамньщ тұрған жері мен тұрақты тұрғылықты жері.
5. Беру туралы сұрау салу келіп түскен кезде беруші Тарап, мұның қаншалықты іс жүзінде мүмкін болғанынша, қабылдаушы Тарапқа жазбаша түрде мынадай ақпаратты жібереді:
a) айыптауға және үкімге негіз болған фактілерге қатысты ресми құжат;
b) беруші Тарапта жаза тағайьшдалған әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмысты құрайтындығын куәландыратын тиісті заңның көшірмесі;
c) сотқа дейінгі қамаққа алудың, жазаның сипаты және ұзақтығы, жазаны өтеудің аяқталған күні және мүмкіндігінше, сотталған адамның жазасын өтеген мерзімінің кезеңі туралы және оның жұмыстарды тиісінше орындауына, жақсы тәртібіне немесе басқа да себептерге байланысты жазаның кез келген жеңілдетілуі туралы; және
d) күзетпен ұстау туралы сот шешімінің немесе үкімнің көшірмесі.
6. Тараптардың кез келгені мүмкіндігінше екінші Тарапты соңғысының өтініші бойынша беру туралы сұрау салуды қарау немесе беру туралы шешім қабылдар алдында кез келген қосымша ақпаратпен, құжаттармен немесе мәлімдемелермен қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, қабылдаушы Тарап беруші Тараппен оның үкімді осы Шарттың 8-бабының 3-тармағына сәйкес бейімдеуте ниеті туралы консультация алмасады.
7. Беруші Тарап органдарының сотталған адамды қабылдаушы Тараптың органдарына беруі беруші Тараптың аумағында екі Тарап келіскен күні және орнында жүргізіледі.
8. Тараптар осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес беруші Тараптың немесе қабылдаушы Тараптың жасаған әрбір әрекеті туралы сотталған адамға жазбаша нысанда хабарлайды.
8-БАП ҮКІМДІ ОДАН ӘРІ ОРЫНДАУ
1. Қабылдаушы Тарап үкімді қабылдаушы Тарапта тағайындалғандай етіп орындайды немесе үкімді осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттарда бейімдейді.
2. Беруден кейін үкімді одан әрі орындау түрмеде жазаны өтеу. күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрінің шарттарын және қамаудың немеее бас бостандығынан айырудың басқа да түрінің мерзімін шартты түрде босату немесе басқа да қосымша шаралар арқылы қысқартуды көздейтін шарттарды қоса алғанда, қабылдаушы Тараптың заңнамасына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер жаза сипаты мен ұзақтығы бойынша қабылдаушы Тараптың заңнамасымен үйлеспесе, бұл Тарап оны ұқсас қылмыс үшін озінің заңнамасында көзделген жазаға бейімдей алады. Бейімделген жаза сипаты мен ұзақтығы бойынша беруші Тарап тағайындаған жазадан қатал бола алмайды.
4. Қабылдаушы Тарап өзіне беруші Тараптың сотталған адамға рақымшылық ету жөніндегі кез келген шешімі туралы немесе беруші Тараптың жазаның күшін жоюға немесе оны азайтуға алып келетін кез келген басқа шешімі немесе шарасы туралы хабарланғаннан кейін үкімді өзгертеді немесе оның күшін жояды.
5. Беруші Тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы Тарал үкімді орындау туралы кез келген ақпаратты беруге тиіс. Тараптардың кез кедгені кез келген уақытта нақты үкімнің орындалу жағдайы туралы арнайы есепті сұрата алады.
9-БАП ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ САҚТАЛУЫ
Беруші Тарап өзінің соттары тағайындаған үкімдер мен жазаларды қайта қарау бойынша айрықша юрисдикцияны өзінде сақтайды.
10-БАП СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ТРАНЗИТТЕУ
1. Егер Тараптардың бірі сотталған адамды екінші Тараптың аумағы арқылы басқа юрисдикциядан немесе басқа юрисдикцияға тасымалдаса, онда біріншісі соңғысына осындай транзитке рұқсат ету туралы сұрау салу жібереді.
2. Әуемен тасымалдаған жағдайда, екінші Тараптың аумағында қону жоспарланбаған болса, мұндай рұқсат қажет етілмейді.
3. Сұрау салынатын Тарап өзінің ішкі заңнамасына сәйкес сұрау салушы Тараптың транзитке сұрау салуын қанағаттандырады.
11-БАП ТІЛ
Тараптар арасындағы беру туралы сұрау салулар және сотталған адамды беру туралы сұрау салуды растау кезінде ұсынылған жазбаша хабарламалар куәландырылуға және Сұрау салынатын Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасымен бірге берілуге тиіс.
Сұрау салуға жауаптар сұрау салушы Тараптың тілінде немесе ағылшын тілінде жасалуға тиіс.
12-БАП ШЫҒЫСТАР
Беруші Тараптың юрисдикциясы шеңберінде ғана беруші Тарапта туындаған шығыстардан басқа, сотталған адамды беруге немесе бергеннен кейін үкімді одан әрі орындауға байланысты туындаған барлық шығыстарды қабылдаушы Тарап көтереді. Алайда қабылдаушы Тарап беру бойынша шығыстардың барлығын немесе бір бөлігін сотталған адамнан өндіріп алу мүмкіндігін көздеуі мүмкін.
13-БАП ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Осы Шартты түсіндіру, қолдану немесе іске асыру кезінде туындайтын кез келген даулы мәселелер, егер орталық органдар өз бетінше шешім қабылдай алмаса, дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
14-БАП ҚОЛДАНУ
Осы Шарт күшіне енгенге дейін немесе одан кейін сотталған адамдарды беруге қатысты осы Шарт қолданылады.
15-БАП ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Тараптардың әрқайсысы өз заңнамасына сәйкес осы Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда екінші Тарапты хабардар етеді. Осы Шарт соңғы хабарлама алынған күннен кейінгі отызыншы (30) күні күшіне енеді.
2. Осы Шарт Тараптардың кез келгені дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша нысанда өзінің осы Шарттың қолданысын тоқтату ниеті туралы хабардар етпегенше күшінде қалады. Бір Тарап екінші Тараптың қолданысты тоқтату туралы хабарламасын алған күннен кейін бір жүз сексенінші (180) күні осы Шарттың қолданысы тоқтатылады.
3. Осы Шарттың қолданысының тоқтатылуы оның қолданысы тоқтатылғанға дейін басталған беру процестеріне әсер етпейді.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН, бұған тиісті түрде өз мемлекеттері уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Шартқа қол қойды.
2019 жылғы 22 сәуірде Нүр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, корей және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Шартты түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ |
ҮШІН | ҮШІН |