Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 24 мамырдағы № 42-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 19-баптың 3-тармағының 6-1) тармақшасындағы "24-бабына" деген сөздер "24-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар:

      1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.";

      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) алдыңғы әкімнің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндетін басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктейді.";

      4) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі

      1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды.

      2. Сол бір адам сол бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

      3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттеледі.

      4. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

      5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері:

      1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;

      3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;

      6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылданады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды.";

      5) 36-1-бап алып тасталсын;

      6) 39-3-бапта:

      3-тармақтың 4-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін осы баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі.".

      2. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы "депутаттыққа" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "мәслихаттарының депутаттығына" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "кандидаттардың" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы "депутаттары" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 10) тармақшасы "тұрақты" деген сөзден кейін "немесе сайланған" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет.

      Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды.

      Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімнің мемлекеттік әкімшілік лауазымына кіретін азаматтарға қолданылмайды.";

      3) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндеттерін басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктеу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.";

      5) 41-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.";

      6) 44-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;";

      7) 61-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;";

      8) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам выборов

Закон Республики Казахстан от 24 мая 2021 года № 42-VII ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      1) в подпункте 6-1) пункта 3 статьи 19 слова "со статьей 24" заменить словами "с пунктом 1 статьи 24";

      2) пункт 2 статьи 24 изложить в следующей редакции:

      "2. Основаниями для рассмотрения маслихатом вопроса о выражении недоверия акиму являются:

      1) двукратное неутверждение маслихатом представленных акимом отчетов об исполнении планов, экономических и социальных программ развития территории, местного бюджета;

      2) инициирование собранием местного сообщества вопроса об освобождении от должности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.";

      3) пункт 1 статьи 33 дополнить подпунктом 16) следующего содержания:

      "16) временно возлагает обязанности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа на другого административного государственного служащего без освобождения от занимаемой государственной должности в случае прекращения полномочий предыдущего акима.";

      4) статью 36 изложить в следующей редакции:

      "Статья 36. Порядок избрания на должность, прекращения полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа

      1. Аким города районного значения, села, поселка, сельского округа избирается на должность сроком на четыре года из числа граждан Республики Казахстан в возрасте не моложе двадцати пяти лет населением соответствующей административно-территориальной единицы на основе всеобщего, равного, прямого избирательного права при тайном голосовании.

      2. Одно и то же лицо не может быть избрано акимом одного и того же города районного значения, села, поселка, сельского округа более двух раз подряд.

      3. Порядок проведения выборов акима города районного значения, села, поселка, сельского округа регламентируется Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан".

      4. Полномочия избранного акима города районного значения, села, поселка, сельского округа начинаются с момента его регистрации территориальной избирательной комиссией района (города областного значения) в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан".

      5. Полномочия акима города районного значения, села, поселка, сельского округа прекращаются в случаях:

      1) смерти акима, вступления в законную силу решения суда о признании акима недееспособным, ограниченно дееспособным, безвестно отсутствующим либо решения суда об объявлении его умершим;

      2) прекращения членства в политической партии, за исключением случаев реорганизации и ликвидации политической партии, от которой он был выдвинут;

      3) принятия вышестоящим акимом вотума недоверия, выраженного в отношении акима депутатами маслихата района (города областного значения);

      4) прекращения гражданства Республики Казахстан;

      5) регистрации территориальной избирательной комиссией района (города областного значения) вновь избранного акима;

      6) в иных случаях, предусмотренных настоящим Законом и законами Республики Казахстан.

      6. При прекращении полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа по основаниям, предусмотренным пунктом 5 настоящей статьи, территориальная избирательная комиссия района (города областного значения) принимает решение, в котором констатируется факт наступления оснований, влекущих прекращение полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа, и принимается решение о внесении соответствующему акиму района (города областного значения) представления о досрочном прекращении полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      На основании представления территориальной избирательной комиссии района (города областного значения) аким района (города областного значения) прекращает полномочия соответствующего акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      При прекращении полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа на основании решения Президента Республики Казахстан территориальная избирательная комиссия района (города областного значения) принимает решение, констатирующее факт утраты соответствующим лицом полномочий акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.";

      5) статью 36-1 исключить;

      6) в статье 39-3:

      подпункт 4-3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "4-3) согласование представленных акимом района (города областного значения) кандидатур на должность акима города районного значения, села, поселка, сельского округа для дальнейшего выдвижения в случае, предусмотренном пунктом 6 статьи 113-3 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан";";

      часть вторую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "О времени, месте созыва схода местного сообщества, собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 настоящей статьи, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 15 июля 2002 года "О политических партиях":

      1) подпункт 8) пункта 1 статьи 9 после слов "кандидатов (списков кандидатов) в депутаты" дополнить словами ", в акимы городов районного значения, сел, поселков, сельских округов";

      2) подпункт 3) пункта 1 статьи 15 после слов "маслихатов Республики" дополнить словами ", акимы городов районного значения, сел, поселков, сельских округов";

      3) подпункт 2) пункта 4 статьи 16 дополнить словами ", кандидатов в акимы городов районного значения, сел, поселков, сельских округов".

      3. В Закон Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих":

      подпункт 10) пункта 2 статьи 36 дополнить словами ", акимами городов районного значения, сел, поселков, сельских округов".

      4. В Закон Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан":

      1) подпункт 10) статьи 1 после слова "постоянной" дополнить словами "или избранной";

      2) в статье 19:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Гражданам, впервые поступающим на государственную службу или вновь поступающим на государственную службу после ее прекращения, необходимо получение положительных результатов специальной проверки, проводимой органами национальной безопасности, на предмет соответствия условиям поступления на государственную службу в соответствии с настоящим Законом и законодательством Республики Казахстан о противодействии коррупции.

      Срок проведения специальной проверки составляет до трех месяцев, за исключением специальной проверки кандидатов в акимы, избираемые путем прямого избирательного права.

      Специальная проверка кандидатов в акимы, избираемые путем прямого избирательного права, проводится в течение тридцати календарных дней со дня поступления необходимых документов в органы национальной безопасности.";

      пункт 2 дополнить частью пятой следующего содержания:

      "Положения настоящего пункта не распространяются на граждан, поступающих на административную государственную должность акима, избираемого путем прямого избирательного права.";

      3) в части третьей пункта 1 статьи 20 слова ", назначенных по итогам выборов," исключить;

      4) пункт 1 статьи 38 дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Временное возложение обязанностей акима города районного значения, села, поселка, сельского округа на другого административного государственного служащего без освобождения от занимаемой государственной должности осуществляется распоряжением соответствующего акима района (города областного значения).";

      5) статью 41 дополнить пунктом 3 следующего содержания:

      "3. Положения настоящей статьи не распространяются на государственных служащих, избираемых в соответствии с законами Республики Казахстан.";

      6) в части первой пункта 3 статьи 44:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) предупреждение о неполном служебном соответствии;";

      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:

      "4-1) понижение в государственной должности, за исключением административных государственных служащих, осуществляющих свою деятельность на избранной основе;";

      7) подпункт 17) пункта 1 статьи 61 изложить в следующей редакции:

      "17) несоответствие требованиям, установленным настоящим Законом, при назначении или избрании на государственную должность;";

      8) пункт 1 статьи 63 изложить в следующей редакции:

      "1. Аттестация административных государственных служащих, за исключением административных государственных служащих, осуществляющих свою деятельность на избранной основе, проводится по решению Президента Республики Казахстан, определяющего ее порядок, сроки и категории аттестуемых государственных служащих.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ