Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 61-VII ҚРЗ.

      1-бап. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 1-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 55-1) және 55-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-1) қашықтан аралас жұмыс істеу – еңбек міндеттерін орындау кезеңдерін жұмыс беруші, қабылдаушы тарап және олардың объектілері тұрған жерде де, қашықтан жұмыс істеу арқылы да кезектестіру жолымен еңбек процесін жүзеге асыру;

      55-2) қашықтан жұмыс істеу –жұмыс беруші, қабылдаушы тарап және олардың объектілері тұрған жерден тыс жерде еңбек қызметі процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып еңбек процесін жүзеге асыру;";

      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші;";

      3) 10-баптың 3-тармағындағы "Келісімдердің" деген сөз "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналысында (конференциясында) оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланады және оларға уәкілеттік беріледі. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін сайлау бойынша ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналысын (конференциясын) қашықтан дауыс беру арқылы өткізуге жол беріледі. Жұмыскердің жалпы жиналысқа (конференцияға) қатысуы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, өзге де электрондық тәсілмен расталады.";

      5) 23-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жұмыскерді ұжымдық шартпен, еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыс берушінің басқа да актілерімен жеке-дара немесе оларды курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстыруға;";

      6) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыстың орындалатын орны болуға тиіс.

      Қашықтан жұмыс істеу кезінде, қашықтан аралас жұмыс істеуді қоспағанда, жұмыстың орындалатын орны көрсетілмейді;";

      7) 30-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші бөлігіндегі "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      8) 33-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Еңбек" деген сөз "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 37-баптың 1-тармағындағы "оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетіп" деген сөздер "оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 39-баптың 1-тармағындағы "жұмыскерге кемінде бір ай бұрын жазбаша" деген сөздер "жұмыскерді кемінде бір ай бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 46-баптың 2-тармағындағы "жазбаша түрде" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 53-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктің 3) тармақшасындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      13) 56-бапта:

      1-тармақтағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтағы "жазбаша" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) не жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде түсініктеме талап етуге міндетті.

      Жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талап жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) ресімделеді және жұмыс берушінің талабын алғаны растала отырып, жұмыскерге жеке өзіне немесе курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тапсырылады.

      Жұмыскер талапты алудан жалтарған немесе бас тартқан жағдайда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт жасайды.

      Егер жұмыскер талапты алған немесе талапты алудан жалтару немесе бас тарту туралы акт жасалған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейін түсініктеме бермесе, онда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт жасайды.

      Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.";

      15) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін олардың әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.";

      16) 111-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "жазбаша нысанда" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 115-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      18) 123-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап жұмыскерлерге, жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қалыпты жұмыс істеу және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

      Осы тармақтың ережесі, қашықтан аралас жұмыс істеуді қоспағанда, қашықтан жұмыс істеуге қолданылмайды.";

      19) 127-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерді іссапарға жіберу, егер еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде өзгеше көзделмесе, еңбек міндеттерін нақты орындаған жерден жүзеге асырылады.";

      20) 134-баптың 5 және 6-тармақтарындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      21) 136-баптың 3-тармағындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      22) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "138-бап. Қашықтан жұмыс істеу

      1. Қашықтан жұмыс істеу еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де белгіленеді.

      Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін еңбек шартын жасаспай жүзеге асыратын, еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттелетін, оның ішінде әскери қызметте тұрған жұмыскерлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері, еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен, көрсетілетін байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету, шығыстарды өтеу жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

      2. Жұмыскердің немесе жұмыс берушінің бастамасымен тараптардың келісуі бойынша қашықтан жұмыс істеу немесе қашықтан аралас жұмыс істеу белгіленуі мүмкін.

      3. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін қашықтан жұмыс істеуді немесе қашықтан аралас жұмыс істеуді себептерін көрсете отырып, жұмыс берушінің актісімен уақытша белгілеуге құқылы. Бұл ретте жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен, көрсетілетін байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ шығыстарды өтеу жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

      Жұмыс берушінің актісінде міндетті түрде:

      1) қашықтан жұмыс істеуді және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеуді уақытша белгілеу негізі;

      2) өздеріне қатысты қашықтан жұмыс істеу және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеу уақытша белгіленген жұмыскерлердің тізімі;

      3) қашықтан жұмыс істеуді және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеуді уақытша белгілеуге негіз болған жағдай жойылатын күннен аспайтын, қашықтан жұмыс істеу және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеу мерзімі қамтылуға тиіс.

      4. Жұмыс беруші, қабылдаушы тарап жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен, көрсетілетін байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді. Жұмыс беруші оларды орнату мен оларға қызмет көрсету шығыстарын көтереді.

      Жұмыскер еңбек міндеттерін орындау процесінде жұмыс беруші, қабылдаушы тарап қамтамасыз еткен жабдықты, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін және өзге де құралдарды пайдалануға міндетті.

      Жұмыскер еңбек міндеттерін орындау үшін өз жабдығын, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерін және өзге де құралдарды пайдаланған, сондай-ақ көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын көтерген жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі жұмыскермен келісу бойынша белгіленеді.

      Тараптардың келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші, қабылдаушы тарап үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де негізделген шығыстар да, оның ішінде электр энергиясының құны өтелуі мүмкін.

      5. Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулері сақтала отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

      Жұмыскер жұмыс уақытының шегінде жұмыс берушімен, қабылдаушы тараппен байланыс үшін қолжетімділік режимінде болуға тиіс.

      Жұмыс беруші, қабылдаушы тарап, осы Кодекстің 77-бабының 2-тармағында және 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің жұмыс уақытынан тыс кезде қолжетімділік режимінде болуын талап етуге құқылы емес.

      Қашықтан жұмысты белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс орындау қажет болған жағдайда, жұмыскерді жұмысқа тартуға осы Кодекстің 108, 109 және 110-баптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде ақы төлене отырып, оның жазбаша келісуімен ғана жол беріледі.

      Қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс беруші, қабылдаушы тарап жұмыстың орындалуын нақты уақытпен тіркей алмаса, жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжатта жұмыс уақыты еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде белгіленген жұмыс көлемінің орындалуы ретінде белгіленеді.

      Еңбек шарты тараптарының келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін осы Кодекстің 74-бабына сәйкес икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

      6. Қашықтан жұмыс істеген кезде жалақы жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде негізделген жұмыс көлемін орындаған кезде толық мөлшерде төленеді.

      7. Жұмыскерлер жұмысты қашықтан орындаған кезеңде олардың еңбек қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші осы Кодекстің 182-бабы 2-тармағының 2), 3), 8), 10), 11), 14), 16) және 17) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындайды, қабылдаушы тарап осы Кодекстің 182-1-бабы 2-тармағының 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындайды, сондай-ақ жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен және өзге де құралдармен жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар бар жұмыс берушінің актісін, қабылдаушы тараптың актісін әзірлейді және шығарады.

      Жұмыс берушінің, қабылдаушы тараптың осы Кодексте белгіленген еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да міндеттері, егер еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде, қабылдаушы тараптың актісінде өзгеше көзделмесе, жұмысты қашықтан орындау кезеңінде жұмыскерлерге қолданылмайды.

      8. Қашықтан жұмыс істеу процесінде жұмыскерге белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мақсатында еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде, қабылдаушы тараптың актісінде жұмыс берушінің осы ақпаратын, қабылдаушы тараптың ақпаратын сақтау және жария етпеу туралы шарт көзделеді.

      9. Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек қатынастары осы бапта, еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";

      23) 163-баптың 1-тармағындағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Трудовой кодекс Республики Казахстан по вопросам совершенствования правового регулирования дистанционной работы

Закон Республики Казахстан от 1 июля 2021 года № 61-VII ЗРК

      Статья 1. Внести в Трудовой кодекс Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года следующие изменения и дополнения:

      1) оглавление исключить;

      2) в пункте 1 статьи 1:

      дополнить подпунктами 55-1) и 55-2) следующего содержания:

      "55-1) комбинированная дистанционная работа – осуществление трудового процесса путем чередования периодов выполнения трудовых обязанностей как по месту нахождения работодателя, принимающей стороны и их объектов, так и посредством дистанционной работы;

      55-2) дистанционная работа – осуществление трудового процесса вне места нахождения работодателя, принимающей стороны и их объектов с применением в процессе трудовой деятельности информационно-коммуникационных технологий;";

      подпункт 81) изложить в следующей редакции:

      "81) уведомление – заявление работника или работодателя в письменной форме (на бумажном носителе или в форме электронного документа, удостоверенного посредством электронной цифровой подписи), представленное нарочно либо посредством курьерской почтовой связи, почтовой связи, факсимильной связи, электронной почты и иных информационно-коммуникационных технологий, или в электронном виде с обеспечением авторизации, идентификации работника или работодателя;";

      3) пункт 3 статьи 10 дополнить словами ", за исключением случаев, предусмотренных настоящим Кодексом";

      4) пункт 1 статьи 20 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Выборные представители работников избираются и уполномочиваются на общем собрании (конференции) работников организации большинством голосов участников при присутствии на нем (ней) не менее двух третей от общего числа работников организации. Допускается проведение общего собрания (конференции) работников организации по избранию выборных представителей работников путем дистанционного голосования. Участие на общем собрании (конференции) работника подтверждается электронной цифровой подписью или иным электронным способом с обеспечением авторизации, идентификации работника.";

      5) подпункт 6) пункта 2 статьи 23 изложить в следующей редакции:

      "6) знакомить работника с коллективным договором, правилами трудового распорядка, иными актами работодателя, имеющими непосредственное отношение к работе (трудовой функции) работника, и в случаях, предусмотренных настоящим Кодексом, другими актами работодателя лично или путем направления их посредством курьерской почтовой связи, почтовой связи, факсимильной связи, электронной почты и иных информационно-коммуникационных технологий;";

      6) подпункт 3) пункта 1 статьи 28 изложить в следующей редакции:

      "3) место выполнения работы.

      При дистанционной работе место выполнения работы не указывается, за исключением комбинированной дистанционной работы;";

      7) в части третьей подпункта 2) пункта 1 статьи 30 слово "письменно" исключить;

      8) часть первую пункта 2 статьи 33 дополнить словами ", за исключением случаев, предусмотренных настоящим Кодексом";

      9) в пункте 1 статьи 37 слова "уведомив его в письменной форме," заменить словами "представив ему уведомление";

      10) в пункте 1 статьи 39 слово "письменно" исключить;

      11) в пункте 2 статьи 46 слово "письменно" исключить;

      12) в статье 53:

      в части первой пункта 1 слово "письменно" исключить;

      в пункте 2:

      в части первой слово "письменно" исключить;

      в подпункте 3) части второй слово "письменное" исключить;

      13) в статье 56:

      в пункте 1 слово "письменно" исключить;

      в пункте 3 слова "письменно", "письменного" исключить;

      14) пункт 2 статьи 65 изложить в следующей редакции:

      "2. До применения дисциплинарного взыскания работодатель обязан затребовать от работника объяснение в письменной форме (на бумажном носителе или в форме электронного документа, удостоверенного посредством электронной цифровой подписи) либо в электронном виде с обеспечением авторизации, идентификации работника.

      Требование о представлении объяснения по факту совершенного дисциплинарного проступка оформляется в письменной форме (на бумажном носителе или в форме электронного документа, удостоверенного посредством электронной цифровой подписи) и вручается работнику лично или посредством курьерской почтовой связи, почтовой связи, факсимильной связи, электронной почты и иных информационно-коммуникационных технологий с подтверждением получения требования работодателя.

      В случае уклонения или отказа работника от получения требования представителем работодателя составляется соответствующий акт.

      Если работником не представлено объяснение по истечении двух рабочих дней с даты получения требования или составления акта об уклонении или отказе от получения требования, то представителем работодателя составляется соответствующий акт.

      Непредставление работником объяснения не является препятствием для применения дисциплинарного взыскания.";

      15) пункт 1 статьи 74 изложить в следующей редакции:

      "1. Для работников, в том числе занятых на дистанционной работе, может устанавливаться режим гибкого рабочего времени в целях сочетания их социально-бытовых и иных личных потребностей с интересами производства.";

      16) в части первой пункта 4 статьи 111 слова "в письменной форме" исключить;

      17) в абзаце первом пункта 2 статьи 115 слово "письменным" исключить;

      18) пункт 6 статьи 123 изложить в следующей редакции:

      "6. Работодатель или принимающая сторона обязаны создать работникам, работникам направляющей стороны условия, необходимые для нормальной работы и обеспечения полной сохранности вверенного им имущества.

      Положение настоящего пункта не распространяется на дистанционную работу, за исключением комбинированной дистанционной работы.";

      19) пункт 3 статьи 127 дополнить частью второй следующего содержания:

      "При дистанционной работе направление работника в командировку осуществляется с места фактического выполнения трудовых обязанностей, если иное не предусмотрено трудовым, коллективным договорами или актом работодателя.";

      20) в пунктах 5 и 6 статьи 134 слово "письменно" исключить;

      21) в пункте 3 статьи 136 слово "письменного" исключить;

      22) статью 138 изложить в следующей редакции:

      "Статья 138. Дистанционная работа

      1. Дистанционная работа устанавливается как при заключении трудового договора, так и в течение срока действия трудового договора с внесением соответствующих изменений и дополнений в трудовой договор.

      Для работников, осуществляющих служебные (должностные) обязанности без заключения трудового договора, труд которых регулируется настоящим Кодексом с особенностями, предусмотренными специальными законами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, в том числе состоящих на воинской службе, сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, государственных служащих, порядок и сроки дистанционной работы, обеспечение необходимыми для выполнения трудовых обязанностей оборудованием, объектами информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации, услугами связи и иными средствами, возмещение расходов определяются актом работодателя.

      2. По инициативе работника или работодателя по соглашению сторон может устанавливаться дистанционная работа или комбинированная дистанционная работа.

      3. В период введения чрезвычайного или военного положения, объявления чрезвычайной ситуации либо при введении иных ограничительных мероприятий, в том числе карантина, по решению государственных органов или их должностных лиц, а также в других исключительных случаях, ставящих под угрозу жизнь или здоровье работников, работодатель вправе актом работодателя временно устанавливать с указанием причин дистанционную работу или комбинированную дистанционную работу до устранения вышеуказанных случаев. При этом обеспечение работников необходимыми для выполнения трудовых обязанностей оборудованием, объектами информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации, услугами связи и иными средствами, а также возмещение расходов определяются актом работодателя.

      Акт работодателя в обязательном порядке должен содержать:

      1) основание временного установления дистанционной работы и (или) комбинированной дистанционной работы;

      2) список работников, в отношении которых временно установлена дистанционная работа и (или) комбинированная дистанционная работа;

      3) срок дистанционной работы и (или) комбинированной дистанционной работы, не превышающий даты устранения случая, послужившего основанием для временного установления дистанционной работы и (или) комбинированной дистанционной работы.

      4. Работодатель, принимающая сторона обеспечивают работника необходимыми для выполнения трудовых обязанностей оборудованием, объектами информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации, услугами связи и иными средствами. Работодатель несет расходы по их установке и обслуживанию.

      Работник обязан использовать в процессе выполнения трудовых обязанностей оборудование, объекты информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации, услуги связи и иные средства, обеспеченные работодателем, принимающей стороной.

      В случае, когда работник для выполнения трудовых обязанностей использует собственные оборудование, объекты информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации и иные средства, а также несет расходы по оплате услуг связи, работодателем выплачивается компенсация, размер, порядок и срок выплаты которой устанавливаются по соглашению с работником.

      По соглашению сторон работнику, занятому на дистанционной работе, могут возмещаться и иные обоснованные расходы, в том числе стоимость электроэнергии, связанные с выполнением работы для работодателя, принимающей стороны.

      5. Для работников, занятых на дистанционной работе, устанавливается фиксированный учет рабочего времени с соблюдением ограничений ежедневной продолжительности рабочего времени, особенности контроля за которым определяются в трудовом договоре или в акте работодателя.

      Работник в пределах рабочего времени должен находиться в режиме доступности для связи с работодателем, принимающей стороной.

      Работодатель, принимающая сторона не вправе требовать нахождения работника в режиме доступности вне рабочего времени, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 2 статьи 77 и статьей 86 настоящего Кодекса.

      В случае необходимости выполнения дистанционной работы вне установленной продолжительности рабочего времени привлечение работника к работе допускается только с его письменного согласия с оплатой в повышенном размере в соответствии со статьями 108, 109 и 110 настоящего Кодекса.

      При дистанционной работе, когда выполнение работы не может быть зафиксировано работодателем, принимающей стороной конкретным временем, рабочее время отмечается в документе по учету рабочего времени как выполнение объема работ, установленного трудовым договором, актом работодателя.

      По соглашению сторон трудового договора для работников, занятых на дистанционной работе, может устанавливаться режим гибкого рабочего времени в соответствии со статьей 74 настоящего Кодекса.

      6. Заработная плата при дистанционной работе выплачивается в полном размере при выполнении объема работ, обусловленного трудовым договором и актом работодателя, в зависимости от квалификации работника, сложности и качества выполняемой работы.

      7. В целях обеспечения безопасности и охраны труда работников в период выполнения ими дистанционной работы работодатель исполняет обязанности, предусмотренные подпунктами 2), 3), 8), 10), 11), 14), 16) и 17) пункта 2 статьи 182 настоящего Кодекса, принимающая сторона исполняет обязанности, предусмотренные подпунктами 3), 8), 9) и 10) пункта 2 статьи 182-1 настоящего Кодекса, а также работодатель или принимающая сторона разрабатывает и издает акт работодателя, акт принимающей стороны с требованиями по безопасности и охране труда при работе с оборудованием, объектами информатизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации и иными средствами.

      Другие обязанности работодателя, принимающей стороны по обеспечению безопасности и охраны труда, установленные настоящим Кодексом, на работников в период выполнения дистанционной работы не распространяются, если иное не предусмотрено в трудовом, коллективном договорах, акте работодателя, акте принимающей стороны.

      8. В целях защиты служебной, коммерческой или иной охраняемой законом тайны, ставшей известной работнику в процессе дистанционной работы, в трудовом договоре или акте работодателя, акте принимающей стороны предусматривается условие о сохранении и неразглашении данной информации работодателя, информации принимающей стороны.

      9. Трудовые отношения работников, занятых на дистанционной работе, осуществляются в соответствии с настоящим Кодексом с учетом особенностей, установленных настоящей статьей, трудовым договором, актом работодателя.";

      23) в пункте 1 статьи 163 слово "письменного" исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ