Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 411-VI ҚРЗ.

      1-бап. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 37-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      2) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 8-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-9) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";

      3) 38-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Облыстардың жергілікті өкілді органдары тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекітеді.";

      4) 39-бапта:

      10) тармақшадағы "және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      2) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және облыстардың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;

      3) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

      4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде бекіту туралы ақпарат береді.";

      5) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша" деген сөздер "тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Водный кодекс Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между местными представительными, центральными и местными исполнительными органами по субсидированию питьевого водоснабжения

Закон Республики Казахстан от 25 января 2021 года № 411-VI ЗРК.

      Статья 1. Внести в Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 17, ст.141; 2004 г., № 23, ст.142; 2006 г., № 1, ст.5; № 3, ст.22; № 15, ст.95; 2007 г., № 1, ст.4; № 2, ст.18; № 19, ст.147; № 24, ст.180; 2008 г., № 6-7, ст.27; № 23, ст.114; № 24, ст.129; 2009 г., № 2-3, ст.15; № 15-16, ст.76; № 18, ст.84; 2010 г., № 1-2, ст.5; № 5, ст.23; № 24, ст.146; 2011 г., № 1, ст.2, 7; № 5, ст.43; № 6, ст.50; № 11, ст.102; № 16, ст.129; 2012 г., № 3, ст.27; № 14, ст.92; № 15, ст.97; № 21-22, ст.124; 2013 г., № 9, ст.51; № 14, ст.72, 75; № 15, ст.79, 82; № 16, ст.83; 2014 г., № 1, ст.4; № 2, ст.10; № 7, ст.37; № 10, ст.52; № 19-I, 19-II, ст.96; № 21, ст.122; № 23, ст.143; 2015 г., № 11, ст.57; № 19-II, ст.103; № 20-IV, ст.113; 2016 г., № 6, ст.45; № 7-II, ст.56; № 8-II, ст.72; 2017 г., № 3, ст.6; № 12, ст.34; № 14, ст.51, 54; № 23-V, ст.113; 2018 г., № 10, ст.32; № 19, ст.62; № 24, ст.93; 2019 г., № 8, ст.45; № 19-20, ст.86; № 21-22, ст.91; 2020 г., № 13, ст.67; Закон Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам технического регулирования, предпринимательства, совершенствования системы государственного управления и платежей", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 31 декабря 2020 г.; Закон Республики Казахстан от 2 января 2021 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам восстановления экономического роста", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 января 2021 г.; Закон Республики Казахстан от 2 января 2021 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам экологии", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 января 2021 г.) следующие изменения и дополнения:

      1) подпункт 7-9) части первой пункта 1 статьи 37 изложить в следующей редакции:

      "7-9) разрабатывает и утверждает перечень особо важных групповых систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения;";

      2) статью 37-1 дополнить подпунктом 8-9) следующего содержания:

      "8-9) разрабатывает и утверждает методику расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий;";

      3) статью 38 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Местные представительные органы областей утверждают размер платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей.";

      4) в статье 39:

      в подпункте 10) слова "и подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечню, утвержденному уполномоченным органом" исключить;

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Местные исполнительные органы областей:

      1) разрабатывают и утверждают перечень особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения;

      2) разрабатывают и представляют на утверждение в местные представительные органы областей размер платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей;

      3) реализуют мероприятия по субсидированию стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей;

      4) предоставляют в уполномоченный орган в области коммунального хозяйства информацию об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, в том числе при внесении в него изменений и (или) дополнений.";

      5) в подпункте 5) пункта 1 статьи 135 слова "по перечню, утверждаемому уполномоченным органом" заменить словами "по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ