2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 28-VIII ҚРЗ.

      2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде жасалған 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бітімгершілік қызметінің құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,

      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін;

      1.1. 1-бапта:

      а) мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "үйлестіруші мемлекет" - ұйымдастыру мәселелерін және БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясында ҰБК-ны қолдануды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін ҰҚК айқындайтын мүше мемлекеттердің бірі;";

      б) тоғызыншы - он бірінші абзацтар тиісінше оныншы - он екінші абзацтар болып есептелсін;

      1.2. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап

      Бітімгершілік күштер БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларында қолданылуы мүмкін.

      БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясында қолдану үшін ҰБК үйлестіруші мемлекет аясында құрылады. БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясына ҰБК-ның қатысу шарттары үйлестіруші мемлекет БҰҰ-ның уәкілетті бөлімшесімен жасайтын келісімде айқындалады. БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларында қолдануға арналған бітімгершілік контингенттерді ҰБК-ға қосуға байланысты жекелеген мәселелер үйлестіруші мемлекет пен басқа да мүше мемлекеттер арасындағы екі және көпжақты келісімдермен регламенттеледі.

      Әрбір мүше мемлекет өзінің қатысуы туралы ҰҚК-ға хабарлай отырып, БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің әзірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өзінің бітімгершілік контингентін БҰҰ-ның мандаты бойынша бітімгершілік операцияларға қатысу үшін жіберуге құқылы.".

      2. Осы Хаттама Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбе қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін

      Көшірме дұрыс:

      ҰҚШҰ Хатшылығы

      Құқықтық бөлімінің бастығы

      ________________К. Голуб


      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес аударылғанын растаймын.

      ҚР ҚМ Халықаралық
ынтымақтастық департаментінің
бастығы
полковник
О. Хұсайынов

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о миротворческой деятельности Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года

Закон Республики Казахстан от 26 сентября 2023 года № 28-VIII ЗРК

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений в Соглашение о миротворческой деятельности Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года, совершенный в Душанбе 16 сентября 2021 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

ПРОТОКОЛ
о внесении изменении в Соглашение о миротворческой деятельности Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года

      Государства - члены Организации Договора о коллективной безопасности, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      стремясь к дальнейшему совершенствованию правовых основ миротворческой деятельности Организации Договора о коллективной безопасности,

      руководствуясь статьей 15 Соглашения о миротворческой деятельности Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года (далее - Соглашение),

      договорились о нижеследующем:

      1. Внести в Соглашение следующие изменения:

      1.1. В статье 1:

      а) дополнить абзацем девятым следующего содержания:

      "координирующее государство" - одно из государств - членов, определяемое СКБ для решения организационных вопросов и вопросов всестороннего обеспечения применения КМС в операции ООН по поддержанию мира;";

      б) абзацы девятый - одиннадцатый считать абзацами десятым - двенадцатым соответственно;

      1.2. Статью 8 изложить в следующей редакции:

"Статья 8

      Миротворческие силы могут применяться в операциях ООН по поддержанию мира.

      Для применения в операции ООН по поддержанию мира КМС создаются под эгидой координирующего государства. Условия участия КМС в операции ООН по поддержанию мира определяются в соглашении, заключаемом координирующим государством с уполномоченным подразделением ООН. Отдельные вопросы, связанные с включением миротворческих контингентов в КМС, предназначенные к применению в операциях ООН по поддержанию мира, регламентируются двух- и многосторонними соглашениями между координирующим государством и другими государствами - членами.

      Каждое государство - член вправе направлять свои миротворческие контингенты, зарегистрированные в Системе обеспечения готовности миротворческого потенциала ООН, для участия в миротворческих операциях по мандату ООН, информируя о своем участии СКБ.".

      2. Настоящий Протокол вступает в силу в порядке, предусмотренном статьей 12 Соглашения.

      Совершено в городе Душанбе 16 сентября 2021 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр настоящего Протокола хранится в Секретариате Организации Договора о коллективной безопасности, который направит каждому государству, подписавшему настоящий Протокол, его заверенную копию.

     

За Республику Армения

За Кыргызскую Республику

За Республику Беларусь

За Российскую Федерацию

За Республику Казахстан

За Республику Таджикистан

     
      Копия верна:
Начальник Правового отдела
Секретариата ОДКБ
      _______________________ К. Голуб