Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 16 қазандағы № 33-VIII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның халық жазушысы".";

      2) 25-бап бесінші абзацындағы "азаматтарға беріледі." деген сөздер "азаматтарға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "– "Қазақстанның халық жазушысы" – Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" ("Заслуженный деятель Казахстана") құрметті атағына ие болған адамдарға және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарына беріледі.".

      2. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      "23-1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті түрде бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      23-2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиация персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;".

      3. "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3) тармақшадағы "қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды беруге, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге," деген сөздер "қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) тармақшадағы "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын" деген сөздер "мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы – қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың жарақтандыруда тұрған үлгілерін жаңғырту саласындағы қолда бар білімді кеңейту және жаңа білімді алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты болатын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс;

      26-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – қару-жарақ пен әскери техниканы, техникалық және арнаулы құралдарды жасау (жаңғырту) кезінде орындалатын жұмыстар кешені, қару-жарақ пен әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне арналған конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша пысықтау немесе түзету, оларды дайындау және сынау;

      26-3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі;";

      36) тармақшадағы "және радиоэлектрондық күрес" деген сөздер ", радиоэлектрондық күрес, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;";

      3) 7-баптың 9) тармақшасындағы "19-бабы 2-тармағының" деген сөздер "19-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 19-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Осы" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшадағы ", оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қару-жараққа, әскери техникаға, автомобиль техникасына және арнаулы техникаға, арнаулы құралдарға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, жасау (құрастыру), жаңғырту және беру;";

      екінші бөлік "тармақтың" деген сөзден кейін "1-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алады.";

      5) 20-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігінде "мерзімдері мен" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі алып тасталсын;

      6-тармақ "немесе бұл іс-шараға бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлінуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 21-бапта:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ғылыми зерттеулер жүргізу мерзімі ғылыми зерттеулерге арналған тактикалық-техникалық тапсырма негізге алынып айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Сыналуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып табылады.";

      7) 22-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, орындалу ұзақтығына байланысты оларды беру (орындау, көрсету) мерзімі келесі қаржы жылында (кейінгі қаржы жылдарында) көзделсе, бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы мүмкін.";

      7-тармақтың 3) тармақшасындағы "осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көрсетілген, оның негізінде шарттың бағасы қалыптастырылған" деген сөздер "мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаудың жүзеге асырылуына негіз болған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 23-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "ұсынған жағдайларда жол беріледі." деген сөздер "ұсынған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы жағдайында тараптардың өзара келісуі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың орындалу мерзімі өзгертілген жағдайларда жол беріледі.";

      9) 27-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "республикалық бюджет қаражаты есебінен" деген сөздер "мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 28-бап алып тасталсын;

      11) 29-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы, уәкілетті орган өкілдерінің және әскери өкілдердің" деген сөздер "мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өкілдерінің және әскери өкілдердің (болған кезде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственных наград, государственной авиации, оборонной промышленности и государственного оборонного заказа

Закон Республики Казахстан от 16 октября 2023 года № 33-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года "О государственных наградах Республики Казахстан":

      1) часть первую статьи 24 дополнить абзацем шестым следующего содержания:

      "Қазақстанның халық жазушысы".";

      2) статью 25 дополнить абзацем шестым следующего содержания:

      "– "Қазақстанның халық жазушысы" – лицам, внесшим особый вклад в развитие литературы Республики Казахстан, удостоенным ранее почетного звания "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" ("Заслуженный деятель Казахстана"), и (или) лауреатам государственных премий Республики Казахстан в области литературы.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации":

      статью 15 дополнить подпунктами 11-1), 23-1) и 23-2) следующего содержания:

      "11-1) разрабатывает и утверждает Инструкцию по организации летной работы в государственной авиации Республики Казахстан;";

      "23-1) разрабатывает и утверждает Инструкцию по организации объективного контроля полетов государственной авиации Республики Казахстан;

      23-2) разрабатывает и утверждает Инструкцию о присвоении (подтверждении и снижении) классной квалификации авиационного персонала государственной авиации Республики Казахстан;".

      3. В Закон Республики Казахстан от 18 марта 2019 года "Об оборонной промышленности и государственном оборонном заказе":

      1) в статье 1:

      в подпункте 3) слово "поставкой," исключить;

      в подпункте 26) слова ", осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности надлежащими научными методами и средствами, в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности в рамках государственного оборонного заказа" исключить;

      дополнить подпунктами 26-1), 26-2) и 26-3) следующего содержания:

      "26-1) научно-исследовательская работа в рамках государственного оборонного заказа – работа, связанная с научным поиском, проведением исследований, экспериментов в целях расширения имеющихся и получения новых знаний в области создания новых образцов вооружения, военной техники, технических и специальных средств, модернизации состоящих на оснащении образцов вооружения и военной техники, направленная на повышение обороноспособности и обеспечение национальной безопасности государства;

      26-2) опытно-конструкторские работы в рамках государственного оборонного заказа – комплекс работ, выполняемых при создании (модернизации) вооружения и военной техники, технических и специальных средств, разработка или по согласованию с получателем государственного оборонного заказа доработка или корректировка конструкторско-технологической документации на опытные образцы вооружения и военной техники, технических и специальных средств, их изготовление и испытание;

      26-3) опытный образец в рамках государственного оборонного заказа – образец товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), изготовленный в ходе выполнения опытно-конструкторских работ по вновь разработанной, доработанной или скорректированной (в целях модернизации) конструкторско-технологической документации для проверки путем проведения испытаний соответствия такого образца тактико-техническому заданию (технической спецификации, тактико-техническим характеристикам) на выполнение опытно-конструкторских работ в рамках государственного оборонного заказа, правильности принятых технических решений, а также определения возможности принятия на вооружение и последующей передачи в серийное производство;";

      в подпункте 36) слова "и радиоэлектронной борьбы" заменить словами ", радиоэлектронной борьбы, радиотехнической и радиоэлектронной разведки";

      2) в статье 6:

      дополнить подпунктом 16-1) следующего содержания:

      "16-1) разрабатывает и утверждает правила по организации производственной деятельности объектов утилизации боеприпасов и взрывчатых веществ, обеспечению безопасности при проведении данных работ и охраны объектов утилизации боеприпасов и взрывчатых веществ;";

      подпункт 28) изложить в следующей редакции:

      "28) обеспечивает соответствие товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), работ военного назначения и услуг военного назначения, приобретаемых в рамках государственного оборонного заказа, тактико-техническому заданию (технической спецификации, тактико-технической характеристике), когда бюджетные средства в рамках государственного оборонного заказа предусмотрены в бюджете уполномоченного органа, в соответствии с правилами формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа;";

      3) в подпункте 9) статьи 7 слова "подпунктами 2), 3), 7) и 12) пункта 2" заменить словами "подпунктами 1-1), 2), 3), 7) и 12) части первой пункта 2";

      4) в статье 19:

      часть первую пункта 1 дополнить словами ", если иное не предусмотрено настоящей статьей";

      в пункте 2:

      в части первой:

      в подпункте 1) слова ", запасных частей и комплектующих к ним" исключить;

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) разработка, производство (сборка), модернизация и поставка запасных частей и комплектующих к вооружению, военной, автомобильной и специальной технике, специальным средствам;";

      часть вторую после слова "подпунктами" дополнить цифрами "1-1),";

      дополнить частью третьей следующего содержания:

      "Товары (продукция) военного назначения, товары (продукция) двойного назначения (применения), работы военного назначения и услуги военного назначения, не включенные в перечень, указанный в части второй настоящего пункта, по согласованию с уполномоченным органом приобретаются получателями государственного оборонного заказа в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.";

      5) в статье 20:

      в части третьей пункта 2 слова "сроков и" исключить;

      предложение первое части второй пункта 4 исключить;

      пункт 6 дополнить словами "или бюджетные средства, выделенные на данное мероприятие, могут быть перераспределены на иные мероприятия в рамках государственного оборонного заказа";

      6) в статье 21:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Срок проведения научных исследований определяется исходя из тактико-технического задания на научные исследования.";

      дополнить пунктом 8 следующего содержания:

      "8. Результатом опытно-конструкторских работ является опытный образец в рамках государственного оборонного заказа, испытания которого проводятся в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      7) в статье 22:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Договор на выполнение государственного оборонного заказа может заключаться на срок более одного финансового года в случае приобретения товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), работ военного назначения и услуг военного назначения, срок поставки (выполнения, оказания) которых в связи с длительностью исполнения обусловлен в следующем финансовом году (последующих финансовых годах).";

      в подпункте 3) пункта 7 слова "указанному в пункте 2 статьи 20 настоящего Закона, на основании которого сформирована цена договора" заменить словами "на основании которого осуществлен выбор исполнителя государственного оборонного заказа";

      8) пункт 2 статьи 23 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) изменения срока исполнения договора на выполнение государственного оборонного заказа по взаимному согласию сторон в случае возникновения обстоятельств непреодолимой силы.";

      9) в подпункте 5) пункта 3 статьи 27 слова "за счет средств республиканского бюджета" заменить словами "за счет бюджетных средств в рамках исполнения государственного оборонного заказа";

      10) статью 28 исключить;

      11) в пункте 2 статьи 29 слова "получателя государственного оборонного заказа и исполнителя государственного оборонного заказа, уполномоченного органа и военных представителей" заменить словами "получателя государственного оборонного заказа, исполнителя государственного оборонного заказа и военных представителей (при наличии)".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением:

      пункта 1 статьи 1, который вводится в действие со дня его первого официального опубликования;

      абзацев второго и третьего подпункта 2) пункта 3 статьи 1, которые вводятся в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ