Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 18 шілдедегі № 126-VIII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "сервис объектiлерiн)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ электрқуаттау станцияларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 122-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "көлік тұрақтарымен" деген сөздер "көлікке арналған тұрақтармен, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтармен," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-7) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;";

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-4) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;".

      3. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-1-баптың 9-тармағы жетінші абзацындағы "өткелдерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс." деген сөздер "өткелдерімен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "электрқуаттау станцияларымен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.";

      2) 47-1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы "объектілерін" деген сөзден кейін ", электрқуаттау станцияларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "ашық тұрақтарын," деген сөздерден кейін "электрқуаттау станцияларын," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 50-баптың 1-тармағы "ашық көлік тұрақтарын" деген сөздерден кейін "және электрқуаттау станцияларын" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 14-1) тармақшасы "автожанармай құю станциялары," деген сөздерден кейін "электрқуаттау станциялары," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 2-1-тармағында:

      "жиырма бес" деген сөздер "жиырма үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бес жыл" деген сөздер "үш жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 26-баптың 5-тармағы "жабдықтауды" деген сөзден кейін ", электрқуаттау станцияларына арналған инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) электрқуаттау станциясы – электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын қуаттауға арналған электрқондырғы;";

      2) 2-1-тарау мынадай мазмұндағы 9-5-баппен толықтырылсын:

      "9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар

      1. Электрқуаттау станцияларын электр желілеріне қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Электрқуаттау станцияларын, оның ішінде жабық үй-жайларда орнатылған электрқуаттау станцияларын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Электрқуаттау станциялары пайдаланатын электр энергиясын тұтыну тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4. Электрқуаттау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.";

      3) 22-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.".

      7. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы "көлікке арналған тұрақтарды," деген сөздерден кейін ", оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы "көлік тұрақтарын" деген сөздер "көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды," деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "56-1) электрмобиль – аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;";

      2) 41-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;";

      3) 42-1-баптың 4-тармағы:

      "орынтұраққа қоюға," деген сөздерден кейін "осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тиісті растаушы құжаттың негізінде:

      1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің;

      2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдерінің;

      3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналардың;

      4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың;

      5) электрмобильдер иелерінің көлік құралдары осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.

      Жедел және арнаулы қызметтердің көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдары да осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 42-2-баппен толықтырылсын:

      "42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру

      1. Электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын жүргізушілер электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұруды электрқуаттау станцияларының көмегімен оларды қуаттау үшін жүзеге асырады.

      2. Көлік құралдарын жүргізушілердің электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруды жүзеге асыруына тыйым салынады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін арнайы бөлінген орындарды ұйымдастыруға міндетті.";

      5) 54-баптың 4-тармағы 33) тармақшасының бесінші абзацындағы "қозғалтқышы" деген сөз "қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электрмобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 74-баптың 2-тармағының алтыншы абзацында:

      "жиырма бес" деген сөздер "жиырма үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бес жыл" деген сөздер "үш жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам транспорта и развития инфраструктуры для электромобилей

Закон Республики Казахстан от 18 июля 2024 года № 126-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года:

      1) часть первую пункта 2 статьи 109 после слов "объекты сервиса)" дополнить словами ", а также электрозарядных станций";

      2) часть третью пункта 3 статьи 122 после слов "стоянками для транспорта," дополнить словами "в том числе с электрозарядными станциями в местах, имеющих доступ к электрическим сетям,".

      2. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      1) пункт 1 статьи 27 дополнить подпунктом 4-7) следующего содержания:

      "4-7) принимает решение о размещении электрозарядных станций;";

      2) пункт 1 статьи 31 дополнить подпунктом 4-4) следующего содержания:

      "4-4) принимает решение о размещении электрозарядных станций;".

      3. В Закон Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан":

      1) пункт 9 статьи 9-1 дополнить абзацем восьмым следующего содержания:

      "электрозарядными станциями.";

      2) подпункт 3) пункта 3 статьи 47-1 после слова "населения," дополнить словами "электрозарядных станций,";

      3) часть первую пункта 3 статьи 49 после слов "автомобильного транспорта," дополнить словами "электрозарядных станций,";

      4) пункт 1 статьи 50 после слов "открытых стоянок транспорта" дополнить словами "и электрозарядных станций".

      4. В Закон Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах":

      подпункт 14-1) статьи 1 после слов "автозаправочные станции," дополнить словами "электрозарядные станции,".

      5. В Закон Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте":

      1) в пункте 2-1 статьи 7:

      слово "двадцатипятилетнего" заменить словом "двадцатитрехлетнего";

      слово "пяти" заменить словом "трех";

      слова "трех лет" заменить словами "одного года";

      2) пункт 5 статьи 26 после слов "стоянок такси" дополнить словами ", организацию инженерной инфраструктуры для электрозарядных станций".

      6. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике":

      1) статью 1 дополнить подпунктом 30-1) следующего содержания:

      "30-1) электрозарядная станция – электроустановка, предназначенная для зарядки механических транспортных средств, оснащенных электрическими двигателями;";

      2) главу 2-1 дополнить статьей 9-5 следующего содержания:

      "Статья 9-5. Требования по безопасному функционированию электрозарядных станций при подключении, эксплуатации и потреблении электрической энергии

      1. Подключение электрозарядных станций к электрическим сетям осуществляется в соответствии с правилами пользования электрической энергией.

      2. Эксплуатация электрозарядных станций, в том числе установленных в закрытых помещениях, осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      3. Порядок потребления электрической энергии, используемой электрозарядными станциями, определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан об электроэнергетике.

      4. Потребление электрической энергии электрозарядными станциями не относится к бытовому потреблению.";

      3) статью 22 дополнить пунктом 5 следующего содержания:

      "5. Самовольное подключение к электрическим сетям в нарушение порядка, предусмотренного законодательством Республики Казахстан об электроэнергетике, запрещается.".

      7. В Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях":

      1) подпункт 5) пункта 3 статьи 20 после слов "стоянок для транспорта," дополнить словами "в том числе с электрозарядными станциями в местах, имеющих доступ к электрическим сетям,";

      2) абзац второй подпункта 1) пункта 1 статьи 38 после слов "стоянок для транспорта," дополнить словами "в том числе с электрозарядными станциями в местах, имеющих доступ к электрическим сетям,".

      8. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении":

      1) статью 1 дополнить подпунктом 56-1) следующего содержания:

      "56-1) электромобиль – механическое транспортное средство, оснащенное и приводимое в движение электрическим двигателем, получающим энергию от аккумуляторных батарей, емкостных накопителей и (или) топливных элементов, и заряжаемое исключительно с помощью внешнего источника электрической энергии;";

      2) пункт 2 статьи 41 дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:

      "4-1) наличие специально отведенных мест для стоянки механических транспортных средств, оснащенных электрическими двигателями, предназначенных для оборудования электрозарядными станциями, обозначаемых дорожными знаками и дорожной разметкой, в том числе на автозаправочных станциях;";

      3) пункт 4 статьи 42-1:

      после слова "предусмотренных" дополнить словами "частями второй и третьей настоящего пункта и";

      дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "От платы за пользование парковкой в местах, предусмотренных пунктом 1 настоящей статьи, на основании соответствующего подтверждающего документа освобождаются транспортные средства:

      1) ветеранов Великой Отечественной войны, ветеранов боевых действий на территории других государств, ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранов труда;

      2) лиц с инвалидностью первой или второй группы, законных представителей ребенка с инвалидностью;

      3) многодетных матерей, награжденных подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получивших ранее звание "Мать-героиня", а также награжденных орденами "Материнская слава" I или II степени;

      4) граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне;

      5) владельцев электромобилей.

      От платы за пользование парковкой в местах, предусмотренных пунктом 1 настоящей статьи, также освобождаются транспортные средства оперативных и специальных служб с включенными проблесковыми маячками синего и (или) красного цвета.";

      4) дополнить статьей 42-2 следующего содержания:

      "Статья 42-2. Стоянка в местах, оборудованных электрозарядными станциями

      1. Стоянка в местах, оборудованных электрозарядными станциями, осуществляется водителями механических транспортных средств, оснащенных электрическими двигателями, для их зарядки с помощью электрозарядных станций.

      2. Запрещается водителям транспортных средств осуществлять стоянку в местах, оборудованных электрозарядными станциями, без их зарядки.

      3. Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы и районов (городов областного значения) по согласованию с территориальными подразделениями уполномоченного органа обязаны организовать специально отведенные места для стоянки механических транспортных средств, оснащенных электрическими двигателями, предназначенные для оборудования электрозарядными станциями, обозначаемые дорожными знаками и дорожной разметкой.";

      5) абзац пятый подпункта 33) пункта 4 статьи 54 дополнить словами ", за исключением стоянки электромобиля с работающим двигателем";

      6) в абзаце шестом пункта 2 статьи 74:

      слово "двадцатипятилетнего" заменить словом "двадцатитрехлетнего";

      слово "пяти" заменить словом "трех";

      слова "трех лет" заменить словами "одного года".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ